Enbekshi QazaQ

Қуқық

Жергілікті бюджет кірістері 2026 жылы 10,7 трлн теңге болады деп болжануда 20.11.2025
Парламент Сенатының отырысында вице-премьер Серік Жұманғарин жалпы сипаттағы трансферттердің параметрлерін қарау барысында өңірлердің алдағы үш жылға арналған кірістерінің болжамды көлемін айтты.Жергілікті бюджет кірістері 2026 жылы 10,7 трлн теңге, 2027 жылы – 12,1 трлн теңге, 2028 жылы – 13,3 трлн теңге болады деп болжануда. Шығыстар 2026 жылы 14,9 трлн теңгені құраса, 2028 жылға қарай 18,7 трлн теңгеге дейін өседі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1109007?lang=kk
Қазақстан Сыртқы істер министрі Қатар СІМ Бас хатшысын қабылдады 20.11.2025
Астана, 2025 жылғы 20 қараша – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Қатар Мемлекеті Сыртқы істер министрлігінің Бас хатшысы Ахмед Хасан Әл-Хаммадиді қабылдады.Кездесу барысында сұхбаттастар елдер арасындағы саяси диалогтың жоғары деңгейін, сауда-экономикалық және инвестициялық байланыстардың қарқынды дамуын атап өтті, сондай-ақ екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін қарастырды.Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың өткен жылы Дохаға жасаған сапарлары кезінде қол жеткізілген уағдаластықтарды, оның ішінде ірі инвестициялық жобаларды тиімді жүзеге асыруға ерекше назар аударылды.Сұхбат қорытындысы бойынша тараптар екі ел арасындағы ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге мүдделілігін растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1108922?lang=kk
NFA Expo-2025: Орталық Азияның азық-түлік емес тауарларының басты көрмесі әлемдік өндірушілерді Алматыда жинайды 20.11.2025
26-28 қараша аралығында «Атакент» Қазақстандық іскерлік ынтымақтастық орталығында NFA EXPO-2025 4-ші халықаралық көрмесі өтеді. Орталық Азияның негізгі алаңында Қазақстанның, ТМД елдерінің, Еуропа мен Азияның өндірушілері, байерлері, сауда желілері мен маркетплейстерінің өкілдері жиналады. Қатысушыларды жаңа келісімшарттар, b2b-кездесулер және халықаралық нарықтарға шығу мүмкіндіктері күтеді. Биыл алғаш рет экспозиция бөлшек сауда технологиясының жаңа бағытымен кеңейтілді. Мұнда заманауи бөлшек саудаға арналған IT-шешімдер, сандық құралдар, маркетинг, дизайн, жабдықтар және қызметтер ұсынылады. Экспозицияның негізгі бөлімдері: «үй тауарлары, ыдыс-аяқ, үй шаруашылығына арналған тауарлар мен тұрмыстық техника», «тоқыма және интерьер», «косметика, парфюмерия және гигиена құралдары», «тұрмыстық химия», «сыйлықтар, кәдесыйлар, жылдық және мерекелік өнімдер», «саяжай мен демалыс тауарлары» және де «кеңсе және балалар тауарлары». Биылғы көрмеге Қазақстан, Италия, Қытай, Латвия, Түркия, Ресей, Өзбекстан, Украина және Беларусь компаниялары қатысады. Көрмеге қатысушылар арасында 2К, All-trade, Aprel Uz, Baraka, Joby Home, KLEESOFT KZ, Lafarfor, Liby, Royal Farfor, Satbayev University, TS Kitchen, Zeta, H.A. Brieger және басқалары бар. Қытайдың ұлттық экспозициясы Чжэцзян, Шаньдун, Сычуань, Гуандун және Цзянсу провинцияларының жетекші өндірушілерін, соның ішінде Guangzhou Fresh World Electrical Appliance, Ningbo Klinsmann Intelligent Technology, Guangdong Zoncenway Electric Technology, HUARUN Trade, Sunshine (Guangzhou) Ltd. және ондаған басқа компаниялардың басын қосады. Биылғы жылы меншікті сауда маркаларын (МСМ) дамытуға ерекше назар аударылды. Қатысушылардың жартысынан көбі бөлшек саудагерлерге private label өндіріс келісімшарттарын ұсынады. NielsenIQ мәліметтері бойынша, соңғы үш жылда Қазақстанда азық-түлік емес тауарлардағы МСМ үлесі екі есеге жуық өсті. Сатып алушылардың 60% - дан астамы айына кемінде бір рет болса да меншікті сауда маркаларын таңдайды. Кәсіби аудитория үшін келесі шаралар ұйымдастырылады: -Байер бағдарламасы мен b2b сессиялары, Magnum, Small, Анвар, Airba Fresh, Toimart, Korzinka, Wildberries, Flip.kz, Fix Price, bi1, Globus желілерінің қатысуымен «сатып алушы–жеткізуші» шарасы. -Бизнеске арналған кеңес беру орталығы. Өндірушілерге арналған шикізат, орау, сертификаттау, логистика және қаржылық шешімдер. Көрменің үш күні жүздеген брендтер мен келісімшарттарға және де эксклюзивті премьераларға толы болады. Қонақтарды көтерме сатып алу, жаңа өнімдерді ұсыну, технологияларды көрсету және жеңілдік бағдарламалары аясында арнайы шарттар күтуде. NFA Expo-2025 Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі мен «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының қолдауымен өткізіледі. Өтетін күндері: 2025 жылдың 26-28 қарашасы аралығында Орны: Қазақстан Республикасы, Алматы қ., «Атакент» КІЫО, № 11 павильонТолығырақ: www.non-food.asia БАҚ аккредиттеу: Ләззат Сағындықова, +77017776917 (WhatsApp, Telegram), press.service891@gmail.comАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1108836?lang=kk
«Жас сарбаз» балалар студиясының бишілері «Бірлігіміз жарасқан» конкурсында табысты өнер көрсетті 20.11.2025
Астанада Еркеғали Рахмадиев атындағы Мемлекеттік филармонияның сахнасында Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған «Бірлігіміз жарасқан» республикалық балалар және жастар шығармашылығы фестивалі өтті.Шығармашылық сайыс хореография, вокал, халықтық, классикалық аспаптар сияқты өнер түрлері және мобилография бойынша ұйымдастырылды.Іс-шараға 25 би ұжымы қатысты, олардың ішінде «Жас сарбаз» шығармашылық студиясының тәрбиеленушілері ерекшеленді. Студияның үлкен тобы «Заманауи би» номинациясында «Маэстро» композициясын орындап, бірінші орынды иеленді.– Біздің балалардың табандылығы мен еңбегі тамаша нәтиже бергеніне қуаныштымыз. Құзыретті қазылар алқасы нөмеріміздің көркемдік деңгейін және сахналық шешімін жоғары бағалады, – деді балалар студиясының жетекшісі, «Маэстро» композициясының қоюшысы лейтенант Альмира Асылбекова.Орта топтың бишілері де өздерінің эмоцияға толы әрі энергиялы өнерімен көрермендердің жүрегін жаулап алды. Олар хореограф Жанна Ерғалиева қойған «Мектептегі бүлік» биін орындады.Сондай-ақ хореограф Ержан Құдайбергенов дайындаған кіші топтың бүлдіршіндері де сенімді өнер көрсетті. Олардың әсерлі әрі көңілді «Қуанышты пингвиндер» композициясы көрермендер мен қазылар алқасының көңілін көтерді.Нәтижесінде «Жас сарбаз» шығармашылық студиясының орта және кіші топтарының тәрбиеленушілері екінші орынға ие болды.Жас бишілердің әрбір жетістігі оларды жаңа белестер мен жеңістерге шабыттандырады, ал олардың жан-жақты шығармашылық қабілетін ашу үшін тәжірибелі хореографтар аянбай еңбек етуде.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1108782?lang=kk
Алматы облысында әлеуметтік осал топтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету жұмысы жалғасуда 20.11.2025
Алматы облысында әлеуметтік осал санаттағы азаматтар мен тұрғын үй кезегінде тұрған жандарды баспанамен қамту бағытындағы жұмыстар кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда. Биыл өңірде шамамен 1700 тұрғын үй бірлігін сатып алу жоспарланған. Оның ішінде 200-і – несиелік, ал 1500-і – әлеуметтік осал топтарға арналған жалдамалы тұрғын үйлер.Республикалық бюджет есебінен 369 үй сатып алу көзделген. Қазіргі уақытта оның 200-і сатып алынып, 187-сіне төлемдер жүргізілді. Әлі сатып алынбаған 169 үй Балқаш, Іле, Қарасай, Кеген, Райымбек, Ұйғыр аудандарында, сондай-ақ Алатау және Қонаев қалаларында орналасқан.Мемлекеттік бағалы қағаздар есебінен қосымша 1331 үй алу жоспарланып отыр. Бүгінгі таңда 444 үй сатып алынып, олардың 366-сына төлем жасалды. Әлі сатып алынбаған 887 үйдің басым бөлігі Еңбекшіқазақ, Жамбыл, Іле, Талғар аудандарында және Қонаев қаласында шоғырланған. Жыл басынан бері облыста 644 үй сатып алынды. Соның ішінде:175-і – Еңбекшіқазақ ауданында,132-сі – Іле ауданында,92-сі – Жамбыл ауданында,75-і – Қарасай ауданында.Қараша айының соңына дейін қосымша 618 үй сатып алу жоспарланған. Қазіргі уақытта 345 нысан бойынша мемлекеттік сатып алу рәсімдері жүргізілуде. Желтоқсан айында тағы 438 үйдің сатып алынуы күтілуде.Бұған қоса, Қонаев қаласында 195 үйдің құрылысы толық аяқталып, инженерлік желілерді жүргізу жұмыстары атқарылып жатыр.Өңір әкімдігінің мәліметінше, жылдық жоспардың толық орындалуы жүздеген отбасының баспана мәселесін шешуге мүмкіндік береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1108614?lang=kk
Маңғыстау облысында 700-ден астам жас сарбаз әскери ант берді 20.11.2025
«Батыс» өңірлік қолбасшылығыныңАқтау гарнизонындағы теңіз жаяу әскерлері бригадасы мен Бейнеудегі барлау полкінің жас жауынгерлері Отанға адал қызмет етуге ант берді.Салтанатты іс-шараға әскери бөлімдердің командирлері, Қарулы күштердің ардагерлері, қоғамдық ұйым өкілдері, сарбаздардың ата-аналары мен жақындары қатысты.Ақтау гарнизонында әскер қатарына жаңадан қосылған жауынгерлерді құттықтаған «Батыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы генерал-майор Бауыржан Артықов жастарға жүрекжарды тілегін жеткізді.– Бүгін – тек сіздер үшін ғана емес, бүкіл еліміз үшін айрықша күн. Әскери ант – әр азаматтың ар-намысы мен өмірлік ұстанымы. Сіздердің әскердегі қызметтеріңіз мінез қалыптастырып, болашақ жетістіктеріңізге берік негіз қалайды деп сенемін, – деді ол.Ант қабылдау рәсімінен соң жас сарбаздар саптық даярлық, қарумен әрекет ету, қала жағдайындағы іс-қимылдар және шартты әуе қарсыласының шабуылын тойтару сияқты көрсетілімдер жасады.– Қызметтің алғашқы күндерінен бастап командирлердің қамқорлығын, әскери ұжымның қолдауын сезіндік. Ант беру мен үшін ерекше мақтаныш сәті болды. Елім үшін адал әрі жауапкершілікпен қызмет етуге дайынмын, – деді Батыс Қазақстан облысынан теңіз жаяу әскерлері бригадасына шақырылған қатардағы жауынгер Әділ Алхамов.Ақтау, Бейнеу гарнизондарындағы рәсім аяқталған соң қонақтар үшін арнайы экскурсия ұйымдастырылды. Ата-аналар казармалар мен асханаларды, оқу сыныптарын аралап, жаттығу кешендері мен алдағы уақытта сарбаздар пайдаланатын қару-жарақ пен техниканы көрді. Дәстүр бойынша салтанатты іс-шарадан кейін жауынгерлер алғаш рет туыстарымен бірге қалаға шығуға мүмкіндік алды.Алдағы айларда сарбаздар жас мамандар бағдарламасы бойынша оқытылып, артиллерист, танкист, байланысшы, атқыш, барлаушы және басқа да әскери-есептік мамандықтарды меңгеретін болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1108603?lang=kk
Түрген ауылында томат соустарын өндіру қарқын алуда 20.11.2025
Еңбекшіқазақ ауданы, Түрген ауылында бірнеше жыл бойы италиялық үлгіде дайындалған сапалы томат соустарын өндіру табысты дамып келеді. Бұл өнімдерді шығаратын Del Pomo компаниясы еуропалық сұрыптағы сүйкімді дәмі мен хош иісі бар қызанақтарды пайдаланады.Соус дайындаудың ерекше рецепті кәсіпорынның негізін қалаушы Андрей Неумывакин тарапынан әзірленген. Заилийский Алатауының баурайында Pelati, San Marzano және Appachi секілді италиялық қызанақ сорттары жерсініп, Del Pomo өнімдерінің негізгі шикізатына айналды. Компания жергілікті шаруа қожалықтарымен және фермерлермен тығыз ынтымақтастық орнатып, қызанақ жеткізуді жолға қойған.Del Pomo компаниясының құрылу тарихы да назар аударарлық. Шеф-повар, кулинария саласындағы халықаралық конкурстардың бірнеше дүркін жеңімпазы Андрей Неумывакин Қазақстан, Өзбекстан және Еуроодақтың үш бірдей шеф-поварлар қауымдастығының мүшесі саналады. Ол қоғамдық тамақтандыру саласына жаңа технологиялар мен санитарлық талаптарды енгізуге атсалысып келеді. Сонымен қатар ол Алматыдағы технологиялық, қаржылық және инновациялық колледждерде болашақ мамандарды оқытады.Өндіріс ашу идеясы бірнеше жыл бұрын пайда болды. Астанадағы мейрамхана кешенінде жұмыс істеп жүрген кезінде Андрей Александрович жаз айында екі тонна қызанақ сатып алып, авторлық рецепті бойынша соус дайындаған. Сол кезде ол жеке өндіріс ашу қажет екенін түсінеді. Осылайша, 2022 жылы Del Pomo атты томат соустарын шығаратын кәсіпорын өз жұмысын бастады. Бүгінде компания жылына 100 тоннадан астам өнім өндіріп, оны Алматы қаласы мен Алматы облысына жеткізеді. Негізгі тұтынушылар – мейрамханалар, кафе, қонақ үйлер, пиццериялар, көтерме ұйымдар, базарлар мен мектептер.Компанияның өнімдері табиғилығымен және жоғары сапасымен ерекшеленеді. Мысалы, Passata di pomodoro Arrabbiata соусы ащы дәмді ұнататындарға арналған: құрамында жіңішке ащылық беретін чили және паприка бар. Ал Passata di pomodoro per Pizza соусы піскен қызанақ, пияз, сарымсақ, жаңа піскен райхан, тимьян және розмарин қосындысынан дайындалып, қанық түсі мен хош иісімен ерекшеленеді. Барлық өнімдер химиялық қоспаларсыз, бояғыштарсыз, глютенсіз және дәм күшейткіштерсіз дайындалады.Жақында Del Pomo соустары Есік қаласы мен Түрген ауылындағы дүкендерге қойылып, жергілікті тұтынушылар арасында танымал бола бастады.Алдағы жылы кәсіпкер томат өнімдерін өндіретін жаңа желіні іске қосып, өндіріс көлемін бес есеге дейін ұлғайтуды жоспарлап отыр. Италиядан коммерциялық ұсыныс түсіп, кәсіпорын мемлекеттік қолдауға үміт артып отыр.Өңірдегі ауыл кәсіпкерлері жаңа тәсілдер мен заманауи технологияларды енгізу арқылы айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізіп келеді. Бұл ретте өңдеу кәсіпорындарының рөлі ерекше, өйткені олардың жұмысы өңір экономикасының дамуына тікелей ықпал етеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1108606?lang=kk
Қарасай ауданында білім беру инфрақұрылымы қарқынды дамуда 20.11.2025
Қарасай ауданында қазіргі таңда 80 мектеп жұмыс істейді. Оның 63-і – мемлекеттік, соның ішінде Әл-Фараби атындағы облыстық лицей бар. Қалған 17-сі – жеке меншік білім беру ұйымдары.2024 жылы «Келешек мектептер» ұлттық жобасы аясында Қаскелең қаласында, Қошмамбет, Елтай, Долан, Көкөзек және Кемертоған ауылдарында тұрғындар үшін жалпы 8100 орынға арналған жаңа форматтағы 6 мектеп пайдалануға берілді. Бұдан бөлек, жергілікті бюджет есебінен «Өмірұзақ» тұрғын үй кешенінде 900 орындық мектептің құрылысы аяқталып, оқу процесі басталды.2025 жылы Алмалыбақ ауылында 1500 оқушыға арналған жаңа мектептің құрылысы аяқталып, Білім күніне орай қолданысқа тапсырылды. Сонымен қатар «Асыл Арман» тұрғын үй кешені жанынан 2000 орындық Nomad International School ашылып, ұзақ жылдарға созылған үш ауысым мәселесін шешуге елеулі үлес қосты.Соңғы үш жылда ауданда барлығы 12 жаңа мектеп салынды. Соның нәтижесінде үш ауысымда білім беретін мектептер саны 12-ден 1-ге дейін қысқарды. Қазіргі таңда үш ауысымды оқу тек Бұлақты ауылындағы мектепте сақталған. Жыл соңына дейін бұл елді мекенде 900 орындық «Келешек мектеп» құрылысын аяқтау жоспарланған, осылайша ауданда үш ауысымды оқыту толық жойылады.Білім нысандарын күрделі жөндеу бағытында да жұмыстар атқарылуда. Абай ауылындағы М.Ғабдуллин орта мектебінің күрделі жөндеуі аяқталды. Шамалған ауылындағы Мұхтар Әуезов атындағы мектепте жөндеу жұмыстары қыркүйек айында басталды. Ал Қаскелең қаласындағы А.Пушкин атындағы мектептің жөндеу жұмыстарына қатысты жобалық-сметалық құжаттама әзірленуде.Ұмтыл ауылдық округіне қарасты Алмалыбақ ауылында орналасқан жаңа мектеп тек қазақ тілінде білім береді. 1500 орынға есептелген ғимаратта алғашқы жылы шамамен 1800 оқушы оқиды. 96 педагог еңбек ететін нысан заманауи жабдықтармен және отандық жиһаздармен толық қамтылған.Мектеп 10 блоктан тұрады. Үлкен және кіші сыныптарға арналған төрт спортзал, жас ерекшеліктеріне қарай бөлінген асханалар, кең акт залы, заманауи пән кабинеттері, химия және физика зертханалары, STEM кабинеті, VR көзілдірігі мен робототехникаға арналған құралдармен жабдықталған. Ғимаратқа Face ID жүйесі орнатылып, оқушылардың келіп-кетуі қауіпсіз бақылауға алынған.Жеке инвестиция есебінен салынғанымен, Nomad International School-да 2000-ға жуық бала мемлекеттік жан басына қаржыландыру аясында тегін оқиды. Барлығы 2500 бала қабылданған, оның ішінде 400-ге жуық оқушы ақылы түрде білім алады. Оқу ақысы – 50 мың теңге.Мектептің басты ерекшеліктері:– білім беру төрт тілде жүргізіледі (қазақ, орыс, ағылшын, қытай);– математика, физика, химия, биология пәндері тереңдетіліп оқытылады;– спорт инфрақұрылымы күшейтілген;– тәжірибелі жоғары оқу орындары оқытушыларының қатысуымен кәсіби дайындық ұйымдастырылады.Жаңадан пайдалануға берілген білім нысандары Қарасай ауданындағы демографиялық өсім мен мектеп жүктемесін айтарлықтай жеңілдетті. Мәселен, Алмалыбақ ауылында бұған дейін тек Әл-Фараби атындағы лицей мен мектеп-гимназия жұмыс істеген болса, бүгінде оқушылардың басым бөлігі жаңа орта мектепке бөлінді. Дәл осындай оң өзгерістер Кемертоған ауылында да байқалады, онда Л.Толстой атындағы мектептің жүктемесі Nomad International School есебінен төмендеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1108601?lang=kk
Ауыл әкімдері округтерді дамытуға арналған жаңа бастамаларын ұсынды 20.11.2025
Облыс басшылығы мен ауылдық округ әкімдері арасындағы диалог мазмұнды әрі нақты сипатқа ие болуда. Бүгінде ауыл әкімдері мәселелерді ғана емес, оларды шешудің тиянақты ұсыныстарын, есептері мен нақты тетіктерін ұсынады.Осы бағыттағы жүйелі жұмысқа Қонаев қаласында жүзеге асқан «Әкімдер мектебі» жобасы елеулі үлес қосты. Жоба ауыл әкімдеріне заманауи басқару құралдарын меңгеруге мүмкіндік беріп, пікір алмасудың және тиімді шешімдер іздеудің алаңына айналды. Соның нәтижесінде мұндай кездесулердің сапасы едәуір артты.Облыстық әкімдікте өңірдің тоғыз ауданының ауылдық округ әкімдері бас қосты. Олар – округтердің дамуына жауапты, тікелей дауыс беру арқылы сайланған басшылар.Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев атап өтті:«Ауыл – өңір экономикасының негізі. Мәселені облысқа жеткізбей, жергілікті жерде шешу маңызды. Егер ұсыныс ауыл тұрғындарының жағдайын жақсартуға бағытталған болса, біз оны қолдауға дайынбыз».Кездесуде жергілікті өзін-өзі басқару тетіктерін күшейту қажеттілігі айтылды. Оның ішінде әкімдердің сайлауалды бағдарламаларын орындау бойынша халық алдында тұрақты есеп беру практикасын заңмен бекіту ұсынылды.Бюджет мәселелері де кеңінен талқыланды. Ауыл әкімдеріне көлік иелері туралы ақпаратқа қол жеткізу, жылжымайтын мүлікті нарықтық құн бойынша бағалау және жеке табыс салығын жұмыс орны бойынша төлеу қағидатын енгізу жөнінде ұсыныстар жасалды. Бұл ауыл бюджеттерінің кіріс бөлігін нығайтуға мүмкіндік береді.Ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу инфрақұрылымының дамуы — бизнес өсімінің маңызды шарты. Әкімдер шағын цехтар, сою пункттері мен қоймаларды өңірлік стандарттардың міндетті элементі ретінде енгізуді ұсынды.«Ауыл аманаты» жобасын іске асыру кезінде кепіл мәселесінің өзекті болып отырғаны айтылды. Қатысушылар «Даму» қоры арқылы кепілдік беру және тауарлық несие жүйесін енгізу бастамаларын қолдады. Сондай-ақ ауылдар мен кооперативтердің мамандануын нақты есепке алу қажеттілігі көтерілді.Әкімдік аппараттары қызметкерлерінің еңбекақысын арттыру және жаңа KPI әзірлеу мәселелері талқыланды. Бәсекеге қабілетті жалақы мен нақты көрсеткіштердің болмауы кадрларды тартуды қиындататыны атап өтілді. Осыған байланысты округтердің жеке даму бағдарламаларын жасап, әкімдіктердің нақты мүмкіндіктеріне сай KPI белгілеу ұсынылды.Пікірталас барысында жайылым тапшылығы, жер учаскелеріне қатысты ақпараттың қолжетімсіздігі, ауылдық аппараттарда мамандардың жетіспеушілігі сияқты мәселелер көтерілді. Жер және ветеринария мамандарының штаттық бірліктерін енгізу, сондай-ақ қатты тұрмыстық қалдықтар полигондарына арналған үлгілік жобаларды әзірлеу ұсынылды.Цифрландыру саласындағы кедергілер де айтылды. Мемлекеттік деректер базаларына қол жеткізудің шектеулілігі әлеуметтік-экономикалық мониторинг жүргізуді қиындатады және шалғай ауылдарда жедел жәрдем шақыруы мен кезбелік жануарларды ұстау жұмыстарының үйлесімділігіне әсер етеді.Барлық ұсыныстар жүйеленіп, тиісті мемлекеттік органдарға жолданатын болады. Алдағы уақытта ауыл әкімдері Мемлекет басшысының қатысуымен өтетін республикалық диалог алаңында өз бастамаларын таныстырады.Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Алматы облысы бойынша филиалының директоры Қазыбек Дауталиев атап өтті: «Бүгінде ауыл басшылары кездесулерге шағыммен емес, идеямен келеді. Бұл – олардың кәсіби өсуінің және нәтижеге бағытталған жұмыстың көрсеткіші. Біздің міндет – осы қарқынға қолдау көрсетіп, тиімді жұмыс істеуге қажетті құралдармен қамтамасыз ету».Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1108596?lang=kk
Қазақстан Сыртқы істер министрі Армения Елшісін қабылдады 19.11.2025
Астана, 2025 жылғы 19 қараша – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Армения Республикасының Қазақстандағы Елшісі Армен Гевондянды қабылдады.Тараптар саяси, сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық салалардағы қазақ-армян ынтымақтастығының қазіргі жай-күйі мен оны дамыту келешегін талқылады.Кездесу барысында Армения Премьер-министрі Никол Пашинянның Астанаға жасайтын алдағы алғашқы ресми сапарына дайындық мәселелеріне айрықша назар аударылды. Армения Үкіметінің басшысын экономика, білім мен мәдениет салаларының мемлекеттік органдары өкілдерінен құралған делегациясы Ереванның Астанамен жан-жақты ынтымақтастықты кеңейтуге жаңа серпін беруге ниетті екенін айғақтайды.Министр Армения Үкімет басшысының алғашқы ресми сапары екіжақты қатынастардағы маңызды меже болып, көлік-логистика, цифрландыру мен жасанды интеллект, білім мен денсаулық сақтау салаларындағы бірлескен жобаларды жүзеге асыруға жаңа мүмкіндіктер ашатынына сенім білдірді.Сұхбаттастар Қазақстан мен Армения арасындағы достық қарым-қатынастардың жоғары деңгейін және түрлі бағыттардағы диалогты ілгерілетуге өзара қызығушылықты атап өтіп, сауда-экономикалық ынтымақтастықтың оң динамикасын қамтамасыз етуге бейілділігін растады.Кездесу соңында тараптар алдағы өзара сапарлар мен бірлескен іс-шаралар шеңберінде сындарлы өзара іс-қимылды жалғастыру жөнінде уағдаласты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1108573?lang=kk
Қазақстанда инвестиция тартудың жаңа тетігі іске қосылады 19.11.2025
Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында макроэкономикалық тұрақтандыру және халықтың әл-ауқатын арттыру жөніндегі 2026-2028 жылдарға арналған Үкіметтің, Ұлттық банктің, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің бірлескен іс-қимыл бағдарламасының жобасы қаралды. Жаңа құжаттың негізгі бағыттары туралы Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин баяндады.Бағдарламаның басымдығы экономиканың сапалы және орнықты өсуін қамтамасыз ету және инфляцияны төмендету есебінен халықтың нақты табысын арттыру. Ол үшін бағдарламада экономикалық саясаттың негізгі бағыттарының шаралары мен құралдарының жиынтығы қарастырылған. Биыл экономиканың сапалы өсуі жалғасуда. Осы жылдың 10 айының қорытындысы бойынша экономиканың өсуі 6,4%-ды құрады. Нақты сектордағы өсім 8,2%-ды құрады, қызметтер өндірісі 5,3%-ға өсті. Салалар арасында көлік қызметтері , құрылыс (15,1%-ға) және тау-кен өнеркәсібі (9,6%-ға) ең жоғары өсімді көрсетеді. Сауда – 9%-ға, өңдеу өнеркәсібі – 5,8%-ға, ауыл шаруашылығы – 5,4%-ға өсті. Өңдеу өнеркәсібінде машина жасауда өңдірістің 11,5%-ға, оның ішінде автомобиль жасауда – 13,3%-ға, тамақ өнімдерінде – 9,1%-ға, сусындарда – 8,7%-ға, химия өнеркәсібінде – 10,9%-ға, мұнай өңдеуде – 6,3%-ға, металл бұйымдарында – 14,1%-ға өсуі қамтамасыз етілді.2026-2028 жылдары экономика жылына орта есеппен 5%-дан төмен емес деңгейде өсетін болады.«Үкімет тек жалпы ішкі өнім құрылымы салаларындағы өсуді ғана мақсат етпейді. Өсуді қамтамасыз етуде адами капитал, негізгі капитал, табиғи ресурстар, еңбек өнімділігі және технологиялар сияқты маңызды факторлардың үлесі ескерілетін болады. Осыған байланысты әлеуетті жалпы ішкі өнім бойынша экономикалық өсудің декомпозициялануы өзекті болып отыр», — деп атап өтті Серік Жұманғарин.«Инвестицияларға тапсырыс» қағидатына негізделген жаңа тәсіл енгізілуде. Құны 29,5 млрд теңгеден асатын инвестициялық жобалар үшін басым салаларда 25 жыл ішінде заңнаманың тұрақтылығына кепілдік беретін инвестициялар туралы келісімдер жасалады.Экономикалық өсудің проактивті саясатын жүзеге асыру үшін «Бәйтерек» холдингінің рөлі күшейтілетін болады. Холдинг ұлттық экономика үшін барынша мультипликативтік әсерді қамтамасыз ететін 15-20 жүйе құраушы жобаны жүзеге асыруға шоғырланады. 2026 жылға арналған портфельде басымдықтар келесідей бөлінеді:42% химия және мұнай-газ химия өнеркәсібін, 19,6% – көлік және логистиканы, 12,1% – энергетиканы, 7,1% – тау-металлургиялық кешенді, 6,4% – агроөнеркәсіптік кешенді және тамақ өнеркәсібін қаржыландыруға тиесілі.Ол үшін Үкімет республикалық бюджет параметрлеріне сәйкес 2026 жылы «Бәйтерек» холдингіне 1 трлн теңгеге дейінгі бюджет қаражатын бөлуді жалғастырады.Бюджет тапшылығын 2028 жылы жалпы ішкі өнімге0,9%-ға дейін, ал мұнайға қатысты емес тапшылықты жалпы ішкі өнімге 2,7%-ға дейін қысқарту жоспарлануда.Мемлекеттік қарыз жалпы ішкі өнімге 26%-дан аспайтын тұрақты деңгейде сақталатын болады.Инфляцияға қарсы шаралар шеңберінде электрондық сауданы реттеуге ерекше назар аударылады. Тұтынушылардың құқықтарын қорғау мақсатында маркетплейстерде – бөліп төлеген және бөліп төлемеген кезде қосарланған (сараланған) бағалар практикасы енгізіледі.Серік Жұманғарин тарифтік саясат бойынша да ақпарат берді. Вице-премьер 2026 жылдың 1 тоқсанының соңына дейін барлық тұтынушылар топтары үшін коммуналдық тарифтердің өсуі тоқтатылғанын атап өтті.Тарифтерді көтеруге мораторий қолданылу кезеңінде табиғи монополия субъектілерінің инвестициялық міндеттемелерді орындауына кешенді тексеру жүргізіледі.2026-2028 жылдары тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық инфрақұрылымын жаңғырту бойынша 30 мың шақырым инженерлік желілерді жөндеу үшін шамамен 3 трлн теңге инвестиция тарту жоспарлануда.Үкімет квазимемлекеттік секторды оңтайландыру жөніндегі жұмысты жалғастырады. 2026 жылдың соңына дейін квазимемлекеттік сектор субъектілерін құруға мораторий қолданылады. Одан әрі оңтайландыруға ұсынылатын мемлекеттік объектілердің жаңа тізбесі қалыптастырылды. Оған баланстық құны 2 трлн теңгеден асатын 500-ге жуық компания кірді.Бұдан бөлек, «Қазақтелеком» акционерлік қоғамы мен «Qazaq Green Power PLC» акцияларын IPO/SPO-ға шығару жоспарлануда.Әлеуметтік төлемдердің ашықтығы мен атаулылық бағытын арттыру үшін цифрлық технологиялар қолдануды кеңейтуге баса назар аударылады.«2027-2028 жылдары ең төменгі жалақыны көтеру мәселесі қаралады. 2026-2028 жылдары халықтың нақты табысының өсуі жылына орта есеппен 2-3%-дан төмен емес болады», — деді вице-премьер.https://primeminister.kz/news/kazakstanda-investiciia-tartudyn-zana-tetigi-iske-kosylady-30734 Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1108437?lang=kk
Серік Жұманғарин ХВҚ-ның Қазақстан бойынша миссиясының басшысымен кездесті 19.11.2025
Вице-премьер – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Халықаралық валюта қорының Қазақстан бойынша миссиясының басшысы, Таяу Шығыс және Орталық Азия елдері департаменті Орталық Азия елдері басқармасының бастығы Әли әл-Эйдпен кездесті.Диалог барысында вице-премьер ХВҚ-ның Келісім баптары шеңберіндегі тұрақты талдамалық жұмысы үшін, Ұлттық Банк пен Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі сынды Қазақстанның тағы да мемлекеттік органдарында консультациялар өткізіп, техникалық көмектер көрсеткені үшін ризашылығын білдірді.«Біздің Халықаралық валюта қорымен ұзақ мерзімді әріптестігіміз макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етіп, экономикалық өсудің бірқалыпты архитектурасын қалыптастыруда маңызды рөл атқарады. Қордың ұсынымдары біздің байыпты шешім қабылдауымызға көмектессе, өзара ынтымақтастығымыз институционалдық реформаны ілгерілетіп, макроэкономикалық және макропруденциалдық саясатты жетілдіруге жәрдемдеседі», — деді Серік Жұманғарин.Ол ХВҚ миссиясы басшысын құрылымдық реформалардың барысымен, соның ішінде күшіне енген Бюджет және Салық кодекстерінің жүзеге асырылуы, қаржы нарығының дамуы, сондай-ақ Үкіметтің, Ұлттық банктің және ҚНРДА-ның 2026-2028 жылдарға арналған жаңа бірлескен іс-қимыл бағдарламасының негізгі бағыты туралы хабардар етті. Сонымен қатар жаңартылған макрокөрсеткіштермен таныстырды. 2024 жылдың қорытындысы бойынша ЖІӨ өсімі 4,8%, ал 2025 жылғы 10 айда – 6,4% болды.Әли әл-Эйд ХВҚ-ның Қазақстанмен ынтымақтастық деңгейін жоғары бағалап, салық реформасын жүргізу, фискалдық ұстанымды нығайту, экономикалық өсудің жоғары қарқынын қолдау мен ұзақ мерзімді стратегиялық пайымды қалыптастырудағы елдің елеулі ілгерілеуін атап өтті. Сонымен бірге ол инфляцияны одан әрі төмендету қажеттігіне, оның көп компонентті сипаты мен сыртқы факторлардың әсеріне назар аударды.Тараптар талдамалық және сараптамалық алмасуды нығайту, сондай-ақ орнықты экономикалық өсуді қолдау жөніндегі бірлескен жұмысты дамыту секілді алдағы өзара іс-қимыл перспективасын талқылады.Кездесу сындарлы, әріптестік райда өтті. Бұл Қазақстан мен Халықаралық Валюта Қоры арасындағы тығыз диалогты жалғастыруға және ынтымақтастықты тереңдетуге деген өзара көзқарасты айғақтайды.https://primeminister.kz/news/serik-zumangarin-xvk-nyn-kazakstan-boiynsa-missiiasynyn-bassysymen-kezdesti-30738 Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1108444?lang=kk
Алматы облысының шаруалары дизель отынын 250 теңгеден алып отыр 19.11.2025
Алматы облысында көктемгі дала жұмыстарына 3 650 тонна , күзгі егін басындағы еңбекке 201 ауыл шаруашылығы тауар өндірушісінен 1 366,7 тонна дизель отынына өтінім қабылданып, шаруашылықтарға уақтылы жеткізілді. Бұл туралы облыстық ауылшаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Димаш Сыдықов баспасөз мәслихатында айтты.Дизель отыны аудандар бойынша нақты бөлініп, Райымбек ауданына 313,8 тонна, Жамбыл ауданына 193,6 тонна, Еңбекшіқазақ ауданына 162,3 тонна, Іле ауданына 186,5 тонна, Ұйғыр ауданына 37,8 тонна, Кеген ауданына 56,3 тонна, Қарасай ауданына 111,4 тонна, Талғар ауданына 120,9 тонна, Қонаев қаласына 159,1 тонна және Балқаш ауданына 25 тонна жөнелтілді.«2025 жылға облысқа 5 016,7 мың тонна дизель отыны жоспарланған. Сонымен қатар қосымша 3,0 мың тонна көлемінде сұраныс беріліп, ауыл шаруашылығы өндірушілерінен өтінім қабылдау жалғасып жатыр. Қазіргі таңда қосымша бөлінген көлемнің 43,3 тоннасы шаруашылықтарға жеткізілді», - дейді спикер. Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне ұсынылатын дизель отынының бағасы нарықтық деңгейден 26 пайыз төмен – литрі 250 теңге. Көктемгі және күзгі дала жұмыстарына арналған өтінімдерді қабылдау 1–30 желтоқсан аралығында жүргізіледі.Облыста ауыл шаруашылығы саласында техника паркін жаңарту бағытында да ауқымды жұмыстар атқарылып келеді. Биыл 490 бірлік жаңа техника сатып алу көзделген болса, қазіргі таңда 6,3 млрд теңгеге 391 бірлік техника алынған. Жоспардың 79,7 пайызға орындалған. Оның ішінде «ҚазАгроҚаржы» арқылы 4,5 млрд теңгеге 258 техника, ал шаруалардың өз қаражаты есебінен 1,8 млрд теңгеге 133 техника сатып алынды.Аталған шаралар өңірдің ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін қолдауға, маусымдық дала жұмыстарын уақытылы ұйымдастыруға және өнімділікті арттыруға елеулі ықпал етеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1108414?lang=kk
Қазақстанның Қорғаныс министрі Түркияға ресми сапармен барды 19.11.2025
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі авиация генерал-лейтенанты Дәурен Қосанов Түркия Республикасына ресми сапармен барып, бірқатар кездесулер өткізді. Министр әскери объектілерді, оқу мекемелерін және қорғаныс-өнеркәсіп кешенінің кәсіпорындарын аралады.Сапар «Анытқабыр» мемориалдық кешеніндегі Мұстафа Кемал Ататүрік ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімінен басталды.Осыдан кейін Қазақстан қорғаныс ведомствосының басшысы мен Түркияның Ұлттық қорғаныс министрі Яшар Гүлер арасында келіссөздер өтті. Тараптар өзара мүдделі салалардағы екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі ахуалы мен даму перспективаларын талқылады.Бұдан өзге, Түркия Қарулы күштері Бас штабының бастығымен де кездесу өтті.Екі елдің қорғаныс ведомстволары арасындағы әскери ғылым, білім, жауынгерлік даярлық және әскери-техникалық саладағы өзара іс-қимыл әскери ынтымақтастық туралы екіжақты келісім негізінде жүзеге асырылып келеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1108238?lang=kk
Үкімет, Ұлттық банк және Қаржы нарығын реттеу агенттігінің бірлескен іс-қимыл бағдарламасы қабылданды 19.11.2025
Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Үкіметтің Ұлттық банкпен және Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен 2026-2028 жылдарға арналған макроэкономикалық тұрақтандыру және халықтың әл-ауқатын арттыру жөніндегі бірлескен іс-қимыл бағдарламасы бекітілді. Құжат Президенттің тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыз ету, инфляцияны төмендету, импортқа тәуелділікті азайту және азаматтардың табысын арттыру жөніндегі тапсырмаларын орындауға бағытталған.«Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында Үкіметке Ұлттық Банкпен, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен бірге Бірлескен іс-қимыл бағдарламасын әзірлеуді тапсырды. Үкіметтің, Ұлттық банктің және Қаржы нарығын реттеу агенттігінің бірлескен іс-қимыл бағдарламасы еліміздің алдағы үш жылға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі міндеттерін шешуге бағытталған», — деп атап өтті Олжас Бектенов.Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин бірқатар негізгі бағыт бойынша еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы жөніндегі шаралар кешенін қамтитын бағдарламаның негізгі тәсілдері туралы баяндады. Олардың қатарында халықтың табысын қолдау, сапалы өсуді қамтамасыз ету, шикізаттық емес экспортты ынталандыру, экономиканы цифрландыру және ЖИ дамыту, инвестициялық және тарифтік саясатты жетілдіру, инфляция мен экономикадағы мемлекеттің үлесін азайту шаралары бар. Сонымен қатар бағдарлама ақша-несие саясаты,қаржы секторын дамыту және бағаны реттеу бойынша блоктарды қамтиды.Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов баға тұрақтылығын қамтамасыз ету және қаржы секторын дамыту бойынша монетарлық, микро және макропруденциалды шаралар пакетін ұсынды. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова бизнеске несие беруді кеңейту, тұтынушылық несиелеу сегментіндегі тәуекелдерді төмендету, кәсіпкерлерді қолдау үшін реттеу тәсілдерін жетілдіру жөніндегі қадамдар туралы баяндады.Премьер-министр бағдарламаны экономиканың сапалы әрі орнықты өсуі мен инфляцияны төмендету есебінен жүзеге асыру азаматтардың тұрмыс деңгейі мен әл-ауқатын арттырудың негізгі құралы болатынын атап өтті. Негізгі мақсаттар – экономиканың жыл сайынғы өсімін кемінде 5%-ға және халықтың нақты табысын орта есеппен 2-3%-ға арттыру. Жаңа инвестициялық циклді іске қосу, бизнес жүргізу үшін кедергілерді жою және мемлекеттің экономикадағы үлесін барынша азайту, сондай-ақ жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және әлеуметтік қолдауды нақты иесіне жеткізуге мүмкіндік беретін жаңа шараларды жүзеге асыру көзделіп отыр. Инфляцияны төмендетуге, теңгерімді тарифтік саясатты жүргізуге, экспортты ұлғайтуға және импортқа тәуелділікті азайтуға баса назар аударылады.Премьер-министр Олжас Бектенов экономиканы орнықты дамыту үшін барлық жауапты мемлекеттік органдар үйлесімді жұмыс істегенде ғана мүмкін болатынын ескере отырып, жауапты ведомстволарға бірқатар тапсырма берді.Ұлттық экономика, Ауыл шаруашылығы және Сауда министрліктері инфляция деңгейін бақылау мен төмендету, сондай-ақ бағаның өсуіне сыртқы факторлардың әсерін барынша азайту жұмыстарын күшейту тапсырылды.Жанар-жағармай материалдарының бағасын көтеруге енгізілген мораторийді ескеретін болсақ, көршілес елдермен арадағы баға диспаритеті күшейіп келеді. Қарапайым тілмен айтқанда, біздің бензин мен дизель көршілерге қарағанда әлдеқайда арзан. Сондықтан Энергетика, Сауда, Қаржы, Ішкі істер министрліктері мен Қаржылық мониторинг агенттігі және Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі отын балансына және мұнай өнімдерінің басқа елдерге заңсыз өтіп кетуіне жол бермеу мәселесіне қатаң бақылауды қамтамасыз етуі қажет.Ауыл шаруашылығы, Сауда және Өнеркәсіп министрліктеріне ішкі нарықтың отандық өніммен қамтамасыз етілуін арттыруы тиіс. Тұрақтандыру қорларын, форвардтық шарттарды, өнім бағасын арзандатуға берілетін субсидияларды және сауда желілерімен келісімдерді белсенді пайдалану арқылы азық-түлік бағасын тұрақтандыру, әсіресе бүгінде импортқа тәуелділігі жоғары өнімдер өндірісін ұлғайтуға басымдық берілуі керек. Сауда министрлігі өңір әкімдерімен бірлесіп, делдалдық схемаларды анықтау жұмысын күшейтуі қажет.Инвестициялық жобаларды іске асыруға және АӨК-де терең өңделген өнімдерді өндіруге ерекше назар аударылуы тиіс.Сауда, Ауыл шаруашылығы, Өнеркәсіп министрліктеріне мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, шикізаттық емес өнімдерді экспорттаушыларды ынталандырудың кешенді шараларын әзірлеу тапсырылды.Сонымен қатар нақты секторын несиелендіруге тарту арқылы басым инвестициялық жобаларды жүзеге асыруды жеделдету, даму институттарының, оның ішінде «Бәйтерек» холдингі мен Kazakh Invest рөлін арттыру, іске асырылып жатқан шараларды ақпараттық қамтамасыз ету бойынша тапсырма берілді. Ұлттық экономика министрлігі Экономикалық саясат жөніндегі кеңестің отырыстарында қарап, жұртшылықты хабардар етіп отыруы керек. Бағдарламадағы іс-шаралардың орындалу барысына мониторинг жүргізу тапсырылды. Премьер-министр барлық бірінші басшыға бағдарламаны сапалы әрі уақтылы жүзеге асыруды қамтамасыз ету қажеттігін атап өтті.Премьер-министрдің орынбасарларына өз бағыттары бойынша Бағдарламадағы іс-шаралардың орындалуына бақылауды қамтамасыз ету тапсырылды.https://primeminister.kz/news/ukimet-ulttyk-bank-zane-karzy-narygyn-retteu-agenttiginin-birlesken-is-kimyl-bagdarlamasy-kabyldandy-30737 Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1108201?lang=kk
Ұйғыр ауданында жасөспірімдерге арналған ВИЧ мәселелері мен денсаулықты нығайтуға бағытталған форум өтті 19.11.2025
Ұйғыр ауданында жасөспірімдер арасында ВИЧ инфекциясы туралы ақпараттандыру деңгейін арттыру және салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында ауқымды форум ұйымдастырылды. Іс-шара «ВИЧ-пен күрестегі қиындықтардан – тиімді өзгерістерге!» республикалық кампаниясы аясында өткізіліп, мамандар мен жасөспірімдер арасындағы ашық диалог алаңына айналды.Форумның басты мақсаты – оқушыларға ВИЧ инфекциясының жұғу жолдары мен алдын алу әдістері туралы дұрыс түсінік қалыптастыру, зиянды әдеттердің алдын алу және өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау мәдениетін дамыту.Іс-шараны Ұйғыр аудандық орталық ауруханасының мамандары – білім беру саласы өкілдері, салауатты өмір салтын қалыптастыру бөлімінің қызметкерлері және жасөспірімдер денсаулық орталығының дәрігерлері ұйымдастырды. Сондай-ақ форумға Алматы облыстық ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес орталығының мамандары қатысып, жасөспірімдермен ашық әңгіме құрып, өзекті сұрақтарға жауап берді.Форум бағдарламасына медицинаның әртүрлі бағыттары бойынша мамандардың баяндама-түсіндірулері енді. Олар психобелсенді заттардың зияны, зорлық-зомбылықтың алдын алу, салауатты өмір салты қағидаттары, сондай-ақ адам папилломасы вирусы және оның алдын алу тәсілдері туралы өзекті ақпарат ұсынды. Барлық ақпарат жасөспірімдердің денсаулыққа қатысты қауіптерді түсініп, олардан қорғану жолдарын меңгеруіне бағытталды.Форумға бес мектептің оқушылары, «Аяжан» медициналық колледжінің және Шонжы ауылындағы политехникалық колледждің студенттері барлығы 90 жас қатысты. Қатысушылар мұндай шаралардың ақпараттандыруды арттыруға, өзіне деген сенімді нығайтуға және денсаулыққа жауапкершілікпен қарау көзқарасын қалыптастыруға ықпал ететінін атап өтті.Іс-шара ұйымдастырушылары ВИЧ-тің алдын алу және салауатты өмір салтын насихаттау бағытындағы жұмыстардың жалғасатынын жеткізді. Алдағы уақытта оқу орындарында тұрақты кездесулер өткізу жоспарланып отыр. Бұл жастардың қамтылу аясын кеңейтіп, қоғамда денсаулыққа қамқорлық мәдениетін қалыптастыруға мүмкіндік береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1108186?lang=kk
«Жас сарбаз» балалар студиясының тәрбиеленушісі Мәскеуде өтетін «Голос. Дети» байқауының финалында Қазақстан намысын қорғайды 19.11.2025
Таланты, жігері, табандылығы және жаңа белестерге деген ұмтылысының арқасында «Жас сарбаз» шығармашылық студиясының солисі Жасмина Түзелова ресейлік «Голос. Дети» шоуының 12-маусымының финалына өтті.Жобаға ол үлкен дайындықпен келді. Алғашқы әнін орындағаннан кейін-ақ үш бірдей тәлімгердің назарын өзіне аудартты.– Қазақстанды үлкен сахнада таныстыру – мен үшін үлкен мәртебе. Әр әнімді жүрегіммен орындаймын, адамдар менің Отанға деген сүйіспеншілігімді сезінсе деймін, – деді жас әнші.12 жастағы алматылық Жасмина Түзелова Ауған соғысының ардагері Мұратбек Өтеевтің отбасында дүниеге келген. Вокалмен бес жасынан бастап айналысады. Жасына қарамастан, Жасминаның жетістіктері әсерлі.Сегіз жасында ол ұлттық «Бала дауысы» байқауында бас жүлдені жеңіп алды. 2023 жылы Жасмина халықаралық «Балалардың Жаңа толқыны» фестивалінің финалында тамаша өнер көрсетті. Ал 2025 жылы Орталық әскери оркестр мен Орталық ансамбль ұжымымен бірге Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған «Спасск мұнарасы» XVII Халықаралық әскери-музыкалық фестиваліне қатысты. Қызыл алаңда ол аңызға айналған «Әлия» әнін орындап, өзінің энергиясы мен шынайылығымен көрермендерді тамсандырды.– Жасмина кішкентайынан шығармашылыққа жақын. Оның әрбір жеңісі – үлкен еңбектің нәтижесі. Қызымыздың басқа балаларға шабыт беріп, өзіне сенуге үйретіп жүргеніне қуаныштымыз, – деп анасы Гүлзия Өтеева жылы лебізін білдірді.Өткен жексенбі күні елорда халықаралық әуежайында «Жас сарбаз» жасөспірімдер қозғалысының басшылығы, ҚР Қарулы Күштері Ұлттық әскери-патриоттық орталығының Орталық оркестрінің музыканттары және туған-туыстары Жасмина Түзелованы Мәскеуде өтетін байқауға салтанатты түрде шығарып салды. Қатысушылар оған сәттілік пен шығармашылық шабыт тіледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1107803?lang=kk
Қазақстан СІМ басшысы Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымының Бас директорын қабылдады 18.11.2025
Астана, 2025 жылғы 18 қараша – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымының (АҚИҰ) Бас директоры Берік Арынмен кездесу өткізді.Сұхбат барысында тараптар Қазақстан мен АҚИҰ арасындағы ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін, сондай-ақ Ұйымның ағымдағы қызметі мен алдағы іс-шараларын талқылады.Кездесуді қорытындылай келе, сұхбаттастар Ислам ынтымақтастығы ұйымы өңіріндегі азық-түлік қауіпсіздігінің өзекті мәселелерін шешу үшін диалогты нығайтуға келісті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1107770?lang=kk
Алматы облысында тозығы жеткен су құбырларын жаңарту қарқын алады 18.11.2025
Алматы облысының Іле ауданына қарасты Ақши ауылында ауыз суға қатысты туындаған күрделі мәселені шешу үшін жедел шаралар қабылданып жатыр. Жағдай облыс әкімі Марат Сұлтанғазиевтің тікелей бақылауында.Апаттың негізгі себебі — 1976 жылдары салынған «Бозой» топтық су құбырының толық тозуы. Соңғы күндері магистраль бірнеше жерде жарылып, ауылға су беру жиі үзілген. Тексеру барысында құбырдың 2 шақырымнан астам бөлігі жарамсыз деп танылып, бұл учаскелерді қалпына келтіру уақытша тоқтатылды.Ауыз су беру тоқтаған кезеңде Іле ауданы әкімдігі арнайы су таситын көліктерді жұмылдырып, тұрғындарды тәулік бойы ауыз сумен қамтамасыз етіп отыр.Мәселеге қатысты бірқатар ауыл тұрғындары облыс әкіміне әлеуметтік желі арқылы да жүгінген.Аппараттық кеңесте Марат Сұлтанғазиев мәселені шұғыл шешуді тапсырды. Жауапты басқармалар мен аудан әкімдігіне нақты міндет жүктеліп, төмендегі шаралар қолға алынды:• 18 қарашада ТЖД мен аудан әкімдігі апат орнын тексереді.Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаменті мен Іле ауданының әкімдігі апат аймағын аралап, келтірілген шығынды нақтылайды.• 2,6 шақырымдық құбыр толық ауыстырылады.«Техногендік төтенше жағдай» режимі аясында шамамен 2,6 км су желісін қайта салу жоспарлануда. Қазіргі таңда жобалық-сметалық құжаттаманы жаңарту және жөндеу жұмыстарына қажетті қаржыны нақтылау жүріп жатыр. Құбырды толық ауыстыру Ақши ауылын ұзақ мерзім бойы тұрақты ауыз сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.18 қарашада Іле ауданының әкімі Қайыржан Жақсымбетов жағдай орнына барып, тұрғындармен кездесіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Әкімнің айтуынша, бір айдың ішінде барлық ақаулар қалпына келтіріліп, ауылға ауыз су қайта беріледі.Қазіргі уақытта елді мекенді сумен қамтамасыз ету үшін төрт су тасымалдау көлігі үздіксіз жұмыс істеп тұр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1107733?lang=kk
Алматы облысында жастар арасында зиянды әдеттерге қарсы «SAQTAN» жобасы іске асырылуда 18.11.2025
Алматы облысында жастардың қауіпсіздігі мен салауатты дамуын қамтамасыз ету мақсатында «SAQTAN» жобасы жүзеге асырылуда. Жобаны облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының тапсырысы бойынша «Paryz еріктілері» жастар қоғамдық бірлестігі іске қосқан.Биылғы мамыр айынан басталған жоба алты негізгі бағытты қамтиды: ақпараттық-түсіндіру семинарлары, заңсыз есірткі жарнамаларына қарсы акциялар, түнгі рейдтер, спорттық іс-шаралар, әлеуметтік бейнероликтер және ақпараттық насихат жұмысы.«Кез келген жағдайда ақпараттық жұмыс алдыңғы шепте тұруы тиіс. Сондықтан біздің жұмыс тобы мен еріктілер бұл бағытта барын салды. Жоба шеңберінде тиісті мағлұматты жастарға сіңіру үшін 15 семинар өткізіп, 1200 жасқа құнды ақпарат бердік», — деді облыстық Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарма басшысы Мади Ахметов.Жалпы, жоба алты бағыт бойынша жүзеге асырылуда.«Бірінші бағыт — ақпараттық-түсіндіру семинарлары. Проблемалық ахуалы бар елді мекендер мен колледждерде 11 семинар өткізіліп, 1100-ден астам жасқа тәуелділіктің түрлері, олардың психологиялық және әлеуметтік салдары, өмірлік дағдыларды дамыту және құқықтық сауаттылық жайлы нақты ақпарат берілді. Жастар мұндай кездесулердің қажеттілігін ерекше атап өтті», — дейді «Paryz еріктілері» жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы Әділет Айтқазы.Еріктілердің қатысуымен Қонаев қаласы мен бірнеше ауданда заңсыз есірткі жарнамаларына қарсы акциялар ұйымдастырылып, 1000-нан астам жарнама жойылды, 600 ақпараттық буклет таратылды. Бұл бастамаға жергілікті тұрғындар мен мектеп оқушылары да қатысып, қоғамның ортақ қауіпке біріге алатынын көрсетті.Облыстың 7 ауданы мен қаласында 10 түнгі рейд өткізіліп, жастардың құқық бұзушылыққа жол бермеуіне бағытталған түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, 8 ауданның колледж студенттері арасында спартакиада ұйымдастырылып, футбол мен волейбол бойынша 1700-ге жуық студент қатысты. Финалдық кезеңде 300-ден астам жас өнер көрсетті.Әділет Айтқазының айтуынша, жоба аясында әлеуметтік бейнероликтер түсіріліп, TikTok, Instagram және YouTube желілерінде жарияланды. «Paryz еріктілері» парақшасында жарияланған 40 бейнеролик 190 мың қаралым жинап, жалпы жанама қамтылуы 395 мың адамға жетті.Бір сөзбен айтқанда, «SAQTAN» жобасы жастардың салауатты өмір салтын қалыптастыруға, зиянды әдеттерден аулақ болуына және қоғамда жауапкершілікті арттыруға нақты үлес қосып отыр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1107736?lang=kk