Қуқық
Алматы облысында цифрлық даму қарқыны артып келеді 10.11.2025
Бұл туралы облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев Цифрландыру және ақпараттық технологиялар қызметкерлері күніне арналған салтанатты жиында айтты. Шара барысында сала үздіктері мен байланыс операторларының озық мамандары марапатталды.Облыс басшысы өз сөзінде Мемлекет басшысының «Қазақстан алдағы үш жылда толыққанды цифрлық мемлекет болуы тиіс» деген тапсырмасына тоқталып, өңірдің бұл бағыттағы жетістіктерін атап өтті.«Цифрлық трансформация – бүгінгі күннің басты талабы. Бұл бағытта атқарылып жатқан жұмыстар өңірдің даму деңгейін айқындайды. Сондықтан сапа мен тұрақты өсім – басты назарда», – деді Марат Сұлтанғазиев.Әкімнің айтуынша, биылғы тоғыз айдың қорытындысы бойынша ақпарат және байланыс секторы 12 пайызға өсіп, өндіріс көлемі 13,7 млрд теңгеге жетті. Smart City индексі 70 баллды құрап, өткен жылмен салыстырғанда екі есеге артқан.Қазір облыстағы 368 елді мекеннің 349-ы кең жолақты интернетпен қамтамасыз етілген. 261 ауылға талшықты-оптикалық байланыс желісі тартылып, 311 елді мекенде 4G желісі тұрақты жұмыс істеп тұр.Алатау қаласының Жетіген ықшам ауданында 5G форматындағы байланыс іске қосылды.«Алматы облысы әкімінің құрмет грамотасын алу – еңбегімізге берілген жоғары баға. Бұл марапат бізге салада жаңа жобаларды жүзеге асыруға зор ынталандыру береді», – деді Алатау қаласы әкімдігінің аппарат басшысы Жәнібек Қаратаев.Сонымен қатар, «Алматы облысының цифрлық көшірмесі» жобасы аясында 33 елді мекеннің цифрлық картасы жасалып, 2000 шақырымнан астам инженерлік желі тартылған. Өңір аумағында 9 мыңнан астам интеллектуалды бейнебақылау жүйесі орнатылды. Ал облыс орталығы Қонаев қаласында жасанды интеллект технологиясына негізделген алғашқы Qonaev AI жүйесі іске қосылды.Цифрландыру саласындағы осындай бастамалар аймақтың әлеуметтік-экономикалық әлеуетін арттырып, тұрғындардың өмір сапасын жақсартуға бағытталған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1102359?lang=kk
ҚР Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев Италияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Антонелло Де Риомен кездесті 10.11.2025
Министр Әділет министрлігінің қызметі туралы айтып, жүргізіліп жатқан құқықтық реформалармен және көрсетілетін қызметтерді цифрландыру саласындағы негізгі жетістіктермен таныстырды.Кездесу барысында тараптар өзара қызығушылық тудыратын мәселелер бойынша пікір алмасты және екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамыту перспективаларын талқылады.Сондай-ақ тараптар өзара жемісті іс-қимылды нығайту жолында өзара серіктестікті жалғасатыратын болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet/press/news/details/1102317?lang=kk
Қазақстанның ЖІӨ өсімі 2025 жылдың 10 айында 6,4%-ды құрады 10.11.2025
Ұлттық статистика бюросының алдын ала деректері бойынша, 2025 жылдың қаңтар-қазан айларында Қазақстанның Жалпы ішкі өнімі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6,4%-ға өсті.Тауарлар өндірісі 8,2%-ға, қызмет көрсету 5,3%-ға артты.ЖІӨ-нің өсуіне анағұрлым ең көп үлесті өнеркәсіп (өсім 7,3%) саласы қосты, оның жапы өсімдегі мөлшері – 30%. Ал сауда және көлік салаларымен қосқанда 70%-дан асады.Өңдеу өнеркәсібінде өсім 5,8% болды. Бұл жекелеген бағыттар бойынша өнім шығарудың ұлғаюы есебінен қалыптасып отыр. Олардың ішінде:машина жасау – 11,5%-ға, соның ішінде автомобиль құрастыру - 13,3%-ға,химия өнеркәсібі – 10,9%-ға,азық-түлік – 9,1%-ға,мұнай өнімдері – 6,3%-ға,металл бұйымдары – 14,1%-ға,құрылыс материалдары – 5,3%-ға өсті.Құрылыс саласында өсім ірі инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асырумен байланысты болып отыр. Құрылыс жұмыстарының көлемінің артуы 2025 жылғы қаңтар-қыркүйектегі 14,9%-бен салыстырғанда 15,1%-ды құрады.Ауыл шаруашылығы саласы маусымдық өсу фазасына енді. Жалпы өнім көлемі қаңтар-қыркүйек айларымен салыстырғанда 1,0 п. т.-ға жеделдеп, 5,4%-ға артты. Өсімдік шаруашылығында өсім 6,7%-ға, мал шаруашылығында 3,4%-ға жетті. Жалпы өнімнің өсуі мемлекеттік қолдау шараларымен, агротехнологияларды сақтаумен және егін жинау кезіндегі қолайлы ауа-райымен байланысты болып отыр. Бірқатар өңірде дәнді дақылдардың өнімділігі артты, олардың ішінде Ақмола (+13,6%), Қостанай (+14,9%) және Павлодар (+7,4%) облыстары бар. Сүт өндірісі 5,2%-ға, ет өндірісі 2,8%-ға, жұмыртқа өндірісі 1,4%-ға өсті.Саудада өсім деңгейі 9%-ды құрады. Өсу қарқыны саладағы үлесі 66,5% болатын көтерме сауда кәсіпорындарында байқалып отыр. Айналым қаражатының ұлғаюы Павлодар, Атырау облыстары мен Астана қаласында тіркелген.Көлік саласында да өсімнің жоғарғы қарқыны сақталып отыр. Барлық көлік түрі бойынша тасымалдың өсуіне байланысты көлік қызметінің көлемі 20,7%-ға артты.Үкімет басым салаларды қолдауға, экономиканы әртараптандыруға және инвестициялар тартуға баса назар аудара отырып, сапалы экономикалық өсімді қамтамасыз етуге бағытталған Президент тапсырмаларын орындау үшін жұмыс істеуде.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1102258?lang=kk
Қорғаныс министрлігі мен психотерапевттер ассоциациясы әскери қызметшілердің психологиялық денсаулығын нығайту жолында күш біріктірмек 10.11.2025
Қорғаныс министрлігінде «Халықаралық әлеуметтік психотерапевтер, консультанттар және психотехнологтар ассоциациясы» заңды тұлғалар бірлестігімен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.Бірлескен жұмыс әскери ұжымдардағы суицид пен лудоманияның алдын алу жүйесін жетілдіруге, сондай-ақ әскери психологтардың біліктілігін арттыруға бағытталмақ.Іс-шараға Қорғаныс министрінің тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары вице-адмирал Серік Борамбаев, Халықаралық әлеуметтік психотерапевтер, консультанттар және психотехнологтар ассоциациясының президенті Владимир Савкин, Парламент Мәжілісі Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі Константин Авершин, Қорғаныс министрлігі профильді департаментінің бастығы әділет полковнигі Тілеухан Басқожаев және ведомствоның басқа да өкілдері қатысты.Кездесу барысында вице-адмирал Серік Борамбаев әскери қызметшілердің психологиялық жағдайына қамқорлық көрсету армияның басты міндеттерінің бірі екенін атап өтті.– Әскери қызметшілердің психологиялық әл-ауқаты олардың жауынгерлік әзірлігіне, моральдық тұрақтылығына және жалпы қауіпсіздігіне тікелей әсер етеді. Суицидтік көріністер мен лудоманияның алдын алу жүйелі және тұрақты түрде жүргізілуі керек, – деді ол.Константин Авершин де алдын алу жұмыстарының жүйелі түрде жүргізіліп, нақты нәтижелерге бағытталуы керек екенін айтты.Психотерапия мен суицидология саласындағы тәжірибесін бөліскен ассоциация президенті Владимир Савкин мамандар күш біріктіріп жұмыс істеген жағдайда әскери қызметшілерге психологиялық көмек көрсету және алдын алу шараларының тиімді әдістері әзірленетініне сенім білдірді.Ынтымақтастық туралы меморандум Қарулы күштерде психологиялық қолдау жүйесін қалыптастыру мен моральдық-психологиялық ахуалды нығайту жолында маңызды қадам болмақ.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1102217?lang=kk
10 қараша - Бухгалтерлік есеп және аудит саласы жұмыскерлері күні 10.11.2025
Қазақстанда алғаш рет бухгалтерлер мен аудиторлардың кәсіби мерекесі аталып өтуде!Сіздердің ерен еңбектеріңіз – экономиканың ашықтығы мен тұрақтылықтың кепілі. Сала мамандарының кәсіби қарым-қабілеті мен дағдылары қаржы жүйесінде тәртіп орнықтырып, ресурстардың тиімді басқарылуы мен еліміздің сенімді дамуына жол ашады.ҚР Қаржы министрлігі мәртебелі мамандық иелерінің жұмысын одан әрі жайлы және ашық етуге баса мән беруде. Біз бухгалтерлік есеп пен аудиттің заманауи стандарттарын белсенді түрде енгізіп, сертификаттау мен мамандардың біліктілігін арттыруға ден қойып келеміз, сондай-ақ есеп беру мен бақылаудың нақты ережелерін әзірлеуді қолға алдық.Сіздердің қызметтеріңіз сенімге, тұрақтылыққа және кемел келешекке үмітпен қарауға негізделген. Бұл Қазақстан экономикасына әсер ететін маңызды фактор.Төл мерекеге орай сіздерге толағай табыс мен амандық тілейміз! Жауапкершілігі мол қызметте абыройларыңыз биіктеп, мәртебелеріңіз өсе берсін.Мереке құтты болсын!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/minfin/press/news/details/1102057?lang=kk
Қазақстанның цифрландыру және ақпараттық технологиялар қызметкерлері күні құтты болсын! 10.11.2025
ҚР Қаржы министрлігі азаматтар мен бизнестің мемлекетпен өзара байланысын озық әрі жайлы ету үшін цифрлы сервистерді белсенді дамытып келеді. Ауқымды жобалардың арасында: Smart Data Finance, кеден қызметін цифрландыру, Электронды мемлекеттік сатыпалым жүйесі, Онлайн бюджеттік мониторинг, Мемлекеттік қаржының цифрлы картасы және «е-Қаржымині» жүйесінің орны бөлек.Кез келген цифрлы шешім мен енгізілген технология – ұлттық экономиканың тамырына қан жүгіртіп, азаматтардың өмірін жақсартуға қосқан қомақты үлес.Осы ретте мәртебелі мамандық иелеріне сарқылмас шабыт, тың жобалар мен жаңа кәсіби белестерді бағындыруды тілейміз!Абыройларыңыз биіктей берсін!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/minfin/press/news/details/1102044?lang=kk
Қазақстанда көміртек бейтараптылығына қол жеткізуді реттейтін ұлттық стандарттар қабылданды 10.11.2025
Қазақстан Республикасы тұрақты даму саласында маңызды қадам жасады. Ұлттық стандарттау жүйесі климаттың өзгеруін басқару және көміртектік бейтараптыққа қол жеткізу жөніндегі құжаттармен толықты. ҚР Сауда және интеграция министрлігіне қарасты «ҚазСтандарт» екі жаңа ұлттық стандарт әзірледі: • СТ РК ISO 14068-1 «Климаттың өзгеруін басқару. Таза нөлге көшу. 1-бөлім. Көміртектік бейтараптық»; • СТ РК IWA 42 «Көміртек бейтараптылығы жөніндегі нұсқаулық». Бұл екі стандарт халықаралық ISO 14068-1:2023 және IWA 42:2022 стандарттарымен бірдей. Олардың қабылдануы Қазақстанның 2060 жылға дейін көміртектік бейтараптыққа қол жеткізу стратегиясында көзделген міндеттерді іске асырудағы маңызды кезең болды. Сондай-ақ бұл стандарттарды қабылдау Қазақстанның жаһандық климаттық саясаттағы рөлін күшейтеді. Олар шығарындыларды жауапты басқаруға және ғылыми негізделген климаттық шешімдерді енгізуге негіз қалайды. Жаңа стандарттар экологиялық және талдамалық ұйымдар, қоршаған ортаны мониторингілеудің ұлттық және өңірлік орталықтары, экологиялық қауымдастықтар үшін бірыңғай тәсілдер мен қағидаттарды белгілейді. Олар парниктік газдар шығарындыларын басқарудың негізгі аспектілерін қамтиды: бағалау мен азайтудан бастап қалдық шығарындыларды өтеу және климаттық есептілікті жүргізуге дейін. Стандарттарды іске асыру келесілерге мүмкіндік береді: • ұлттық MRV (бақылау, есептілік және валидация) жүйесін халықаралық тәжірибелермен үйлестіруге; • климаттық деректердің ашықтығы мен анықтығын арттыруға; • қазақстандық компаниялардың халықаралық нарықтардағы бәсекеге қабілеттілігін нығайтуға; • өнеркәсіпте төмен көміртекті технологиялар мен инновацияларды енгізуге ықпал етуге.Стандарттарды әзірлеу мүдделі тараптардың, ғылыми ұйымдар мен сараптамалық қауымдастықтардың белсенді қатысуымен жүзеге асырылды. Олардың қатарында «ECOJER» өңірлік экологиялық бастамалар қауымдастығы», «KazWaste» қалдықтарды басқару қауымдастығы», Еуразиялық өнеркәсіп қауымдастығы, «Тұрақты даму үшін қазақстандық табиғат пайдаланушылар қауымдастығы», сондай-ақ «GREENORDA PROJECT» ЖШС базасындағы ТК 103 «Парниктік газдарды басқару» бойынша стандарттау техникалық комитеті және басқа ұйымдар бар. Қабылданған стандарттар Қазақстанның халықаралық климаттық реттеу жүйесіне интеграциялануына құрал болып, экологиялық тұрғыдан тұрақты экономикаға көшуге қолдау көрсетеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1101998?lang=kk
Алматы облысында азық-түлік бағалары бақылауда тұр 10.11.2025
Алматы облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы тұрақты деңгейде сақталуда. Мониторинг нәтижелеріне сәйкес, өткен аптада әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағаларының индексі 100% құрап, республикалық көрсеткішке сәйкес келді.Облыста сәбіз (–3,2%), пияз (–1,7%), сиыр еті (–1%) және күнбағыс майы (–0,1%) арзандады. Ал картоп (+5,4%), қарақұмық (+1,5%) және сары май (+0,9%) бойынша аздаған қымбаттау байқалды.Баға тұрақтылығын сақтау және бақылау жұмыстарын облыс әкімінің орынбасары Рустам Исатаевтың төрағалығымен құрылған ведомствоаралық комиссия жүзеге асыруда. Комиссия құрамына кәсіпкерлік басқармасы, тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті, монополияға қарсы орган және «Атамекен» өңірлік палатасы секілді 14 мемлекеттік орган кіреді.– Біз күн сайын мониторинг жүргізіп, белгіленген шектен тыс баға өсуіне жол бермейміз. Биылдың өзінде заң талаптарын бұзған 27 кәсіпкер әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – деді облыстық кәсіпкерлік басқармасының басшысы Қуаныш Бақытұлы.Тексерулер электронды форматта жүргізілуде. Сауда орындарының тізімдері Мемлекеттік кірістер департаментіне жолданып, электронды шот-фактуралар арқылы жеткізу тізбегі бақыланады. Бұл тәсіл негізсіз үстемеақыларды болдырмауға мүмкіндік береді.Нақты саудамен айналыспайтын компанияларға қатысты материалдар Экономикалық тергеулер департаментіне жіберілді. Тексеру қорытындысы бойынша 27 әкімшілік хаттама толтырылып, жалпы сомасы 98 мың теңге айыппұл салынды.– Біздің мақсатымыз – жазалау емес, алдын алу. Біз бизнес өкілдерімен бірлесе отырып, азық-түлік бағасының тұрақтылығы мен қолжетімділігін қамтамасыз етуге күш саламыз, – деп атап өтті Қуаныш Бақытұлы.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1101696?lang=kk
Қорғаныс министрлігінде цифрлық жобалардың ауқымды таныстырылымы өтті 10.11.2025
Қорғаныс министрлігінде Цифрландыру және ІТ қызметкерлері күні қарсаңында ведомствоның негізгі цифрлық жобалары таныстырылды. Шарада әскерді басқару, шақыру, даярлау және оқыту процесін өзгертетін шешімдер көрсетілді. Қорғаныс министрінің цифрландыру жөніндегі орынбасары Дархан Ахмедиевтің айтуынша, цифрлық трансформация – Президент айқындаған стратегиялық бағыттардың бірі.– Қазіргі армия – бұл тек күш пен қуат емес, ең алдымен интеллект, – деді ол. Көрме аймағында 16 интерактивті алаң жұмыс істеді. Қатысушылар цифрлық сервистердің жұмысын нақты уақыт режимінде көрді. Негізгі жобалар:«Smart әскери комиссариат» — шақыру туралы SMS-хабарламалар, автоматты тіркеу, кейінге қалдыруды онлайн рәсімдеу. Жақын уақытта медициналық тексеру де цифрланады.Келісімшарт бойынша қызметке онлайн қабылдау — Jauynger.gov.kz порталы арқылы. Әскери-техникалық мамандықтар бойынша оқуға кезекке қою және жолдау жүйесі автоматтандырылды.Sarbaz 2.0 — мерзімді әскери қызметшілердің жетістіктерін тіркейді, білім гранттарын әділ бөлуге көмектеседі.Бірыңғай білім беру платформасы Askeri Ziyat — Қорғаныс министрлігінің колледждері мен ЖОО-на онлайн өтінім беру мүмкіндігі.ARMIA.KZ — әскери қызмет мәселелері бойынша «цифрлық кеңесші». Ол заңнама өзгерген жағдайда мәліметтерді автоматты түрде жаңартады.«Бес қару» жобасы — жасанды интеллект әскери дайындық нәтижелерін талдап, атыс, дене даярлығы және арнайы пәндер бойынша жеке ұсыныстар береді. 2025 жылдың соңына дейін кадрлық есеп жүйесінде іс-сапар, демалыс билеттері, заттық аттестат және әскери атақ мерзімін көрсететін индикатор секілді сегіз жаңа модуль іске қосылады. Министрлікте цифрлық шешімдер уақытты үнемдеп, бюджет шығындарын қысқартып, адами факторды азайтатыны атап өтілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1101583?lang=kk
Қазақстан мен Ресей Үкіметаралық комиссия отырысында негізгі ынтымақтастық мәселелер талқыланды 09.11.2025
Астанада Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы ынтымақтастық жөніндегі Үкіметаралық комиссияның XXVI отырысы өтті. Қазақстандық делегацияны Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин, ресейлік делегацияны Үкімет төрағасының орынбасары Алексей Оверчук басқарды.Отырыс барысында тараптар көлікке қатысты өзара іс-қимыл мәселесін кеңінен талқылады. Атап айтқанда, қыркүйекте Достық – Мойынты учаскесінде екінші жолдардың іске қосылуына және Қытай – Еуропа – Қытай бағыты транзитіндегі жоспардағы өсуге байланысты теміржол тасымалы көлемін ұлғайту перспективасы қаралды. Қазақстан-Ресей өткізу пункті арқылы өтетін жүктердің перспективалық көлемін бірлесіп бағалау туралы, сондай-ақ екіжақты және транзиттік қатынастағы жүк ағынын ұлғайту үшін «Солтүстік-Оңтүстік» халықаралық көлік дәлізін дамытуға одан әрі жәрдемдесу туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.Қазақстандық тарап сондай-ақ 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енген Ресейдің көші-қон заңнамасындағы өзгерістерге байланысты қазақстандық автотасымалдаушылардың проблемалары туралы мәселені көтерді. Жаңа нормаларға сәйкес, шетелдік азаматтардың Ресейде тіркеусіз болу мерзімі бір жыл ішінде 180-ден 90 күнге дейін қысқарды. Ресей тарапы халықаралық тасымалды жүзеге асыратын қазақстандық жүргізушілердің бұрынғы болу мерзімін 180 күнге дейін қайтару жөніндегі мәселені тез арада шешуге жәрдемдесуге дайын екенін білдірді.Агроөнеркәсіптік кешен мәселесіне ерекше назар аударылды. Тараптар жоғары өнімділігі, сыртқы факторға төзімділігі және жақсартылған сапалық сипаттамалары бар ауыл шаруашылығы дақылының бәсекеге қабілетті жаңа сорттарын құру жөніндегі бірлескен жұмысты талқылады.Ауыл шаруашылығы өнімдерімен, азық-түлікпен өзара сауда көлемін кеңейту туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.Ресей тарапы Қазақстаннан зығыр мен жасымық тұқымын әкелуге фитосанитарлық шектеуді алып тастау мәселесін қарастыруға, сондай-ақ Ресей аумағында жинақталған астық пен бұршақ дақылының транзитін қамтамасыз етуге дайын екенін білдірді.Отырыс барысында отын-энергетика кешені, қаржы, мұнай және газ, өнеркәсіп, атом энергетикасы, стандарттау және метрология, туризм, білім беру, байланыс және ақпараттық технология саласындағы өзекті ынтымақтастық мәселесі талқыланды.Отырыс қорытындысы бойынша делегация басшылары Үкіметаралық комиссияның XXVI отырысының хаттамасына қол қойды. Комиссияның келесі отырысы 2026 жылы Омбыда (Ресей Федерациясы) өткізілмек.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1101558?lang=kk
«Ауыл Әйелі: Бірлік. Даму. Болашақ» атты өңірлік ауыл әйелдерінің форумы 08.11.2025
8 қараша күні Алматы облысының тарихи және ірі аудандарының бірі – Жамбыл ауданы, Ұзынағаш ауылында «Ауыл Әйелі: Бірлік. Даму. Болашақ» атты өңірлік ауыл әйелдерінің форумы өтті. Форумға 340-қа жуық белсенді ауыл әйелі қатысты. Іс-шара Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның, «Ауыл» партиясының және Алматы облысы Әкімдігінің бірлесе ұйымдастыруымен жүзеге асырылды.Форумның басты мақсаты – ауылдық жерлердегі әйелдердің көшбасшылық әлеуетін нығайту және олардың экономикалық мүмкіндіктерін кеңейту. Бұл бастама Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ауылдың тұрақты дамуына бағытталған саясатының аясында іске асырылды.Форумның ашылуында Алматы облысының Әкімі жанындағы Комиссия төрағасы – облыс әкімінің орынбасары Ғани Майлыбаев, Жамбыл ауданының әкімі Нұрлан Ертасұлы және Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия мүшесі Айгерім Сарсенбаева, «Ауыл» партиясы Төраға орынбасары Ғалымжан Құсманғали сөз сөйледі.«Ауылдық жерлердегі әйелдердің әлеуметтік-экономикалық мүмкіндіктерін кеңейту: өңірлік даму саясатының негізі» тақырыбында өткен пленарлық отырыста ауылдық кәсіпкерліктің қаржылық және әлеуметтік-құқықтық мүмкіндіктері мен мәселелері жан-жақты талқыланды.Талқылаудың Негізгі Бағыттары Мемлекеттік Басқармалардың жұмысын айқындады:Алматы облысының Кәсіпкерлік басқармасы шағын және орта бизнесті дамытудағы мемлекеттік гранттар мен жеңілдетілген кредиттердің қолжетімділік шарттарымен таныстырды. Жұмыспен қамтуды үйлестіру басқармасы әйелдерге арналған әлеуметтік қолдау тетіктері мен қайтарымсыз жәрдемақы бағдарламаларының жүзеге асыру көрсеткіштерін жан-жақты баяндады. Ауылдық кәсіпкерлер экспортқа бағытталған бизнестерді дамытудағы тәжірибелерімен бөлісіп, ауыл шаруашылығындағы кооперацияның маңыздылығын атап өтті. Облыстық әйелдер кәсіпкерлігін дамыту кеңесінің өкілдері әйел кәсіпкерлігін экономикалық өсімнің негізгі факторы ретінде қарастыруға шақырды.Форум аясында ауыл әйелдерінің қолынан шыққан ауылшаруашылық өнімдері мен қолөнер бұйымдарының көрмесі ұйымдастырылып, олардың еңбек әлеуеті мен дәстүрді сақтауға қосқан үлесі көрсетілді.Қорытынды сөздерде, форумда айтылған барлық ұсыныстар мен өңірлік проблемалар Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның сараптамалық-талдау жұмысының негізіне алынып, ауыл әйелдерінің мәселелерін заңнамалық және әкімшілік деңгейде шешу үшін Орталық мемлекеттік органдарға ұсынылатыны айтылды.Бұл форум – Қазақстанның әлеуметтік-саяси тұрақтылығы мен экономикалық дамуындағы ауылдық әйелдердің рөлін нығайтуға бағытталған Президент саясатының айқын көрінісі және оны аймақтарда жүзеге асырудың нақты тетігіне айналды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1101491?lang=kk
Алматы облысында сібір жарасы көмілімі табылған аумақта қауіп жоқ 08.11.2025
Алматы облысының Іле ауданына қарасты Байсерке ауылында орналасқан сібір жарасы көміліміне қатысты жағдайға облыс әкімдігі түсініктеме берді. Ресми ақпаратқа сәйкес, елді мекен тұрғындарына ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ.Көмілім Байсерке ауылдық округінің аумағында, «Транспетролеум» ЖШС-не тиесілі жер телімінде орналасқан. Архив деректеріне сай, мұнда 1958 жылы бір ірі қара, ал 1968 жылы екі жылқы көміліпті. Нысанның айналасында радиусы 1000 метр болатын санитарлық-қорғау аймағы белгіленген. Бұл аумақ Байсеркенің бір бөлігін және Талғар ауданына қарасты Кіші Байсерке ауылындағы кейбір жерлерді қамтиды.Әкімдік мәліметінше, тұрғын үйлерді көшіру немесе ғимараттарды бұзу мәселесі қарастырылмайды. Қазіргі уақытта жергілікті халық үшін эпидемиологиялық қауіп жоқ.Мәселені зерттеу және қауіпсіздік шараларын анықтау мақсатында Іле ауданы әкімінің 2025 жылғы 6 қазандағы өкімімен арнайы жұмыс тобы құрылған. Оған аудан әкімінің орынбасары жетекшілік етеді. Топ құрамында ветеринариялық қызмет, санитарлық-эпидемиологиялық бақылау, жер қатынастары және сәулет бөлімдерінің мамандары, сондай-ақ Қазақ ветеринариялық ғылыми-зерттеу институтының сарапшылары бар.Қазір жұмыс тобы ғылыми мамандармен бірлесіп зерттеу жүргізіп жатыр. Екі рет отырыс өткізіліп, көмілімнің нақты орнын айқындау мен санитарлық-қорғау аймағын нақтылау жөнінде ұсыныстар әзірленген.Архивтік материалдар мен жиналған деректер талданып жатыр. Алдағы бір ай ішінде жұмыс тобы қорытынды шешім қабылдап, қажетті шараларды бекітеді. Сонымен бірге, Іле ауданы әкімінің 2016 жылғы сібір жарасы көмілімдері туралы шешіміне өзгерістер енгізу жоспарланып отыр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1101490?lang=kk
Қостанайлық студенттер ERG Skills International-2025 халықаралық байқауында үздіктер қатарында 08.11.2025
ERG Skills International-2025 қорытындысы!2025 жылғы 3-7 қараша аралығында Павлодар облысында Жұмысшы мамандықтары жылы аясында ERG Skills International-2025 халықаралық кәсіби шеберлік конкурсы өтті. Чемпионатқа Қазақстан мен Қытай елінен 13 құзыреттілік бойынша 92 адам қатысты. ERG колледждер Альянсының 8 студенті 8 құзыреттілік бойынша Қостанай облысының намысын қорғап шықты. Жеңімпаздарымызды шын жүректен құттықтаймыз!Жітіқара политехникалық колледжі:• Алтын — «Дәнекерлеу технологиялары» құзыреттілігі — Александр Владимирович Гадлевский. Сарапшы: Самат Төлегенұлы Исркепов• Алтын — «Слесарлық іс» құзыреттілігі — Байтуов Руслан Азаматович. Сарапшы: Булат Құрманғалиұлы Адамбаев• Күміс — «Электромонтаждау» құзыреттілігі — Данил Сергеевич Ярошевич. Сарапшы: Тимур Серікұлы Исмурзинов• Күміс — «Маркшейдерлік іс және геодезия» құзыреттілігі — Роман Александрович Демиденко. Сарапшы: Ельдос Сагидукасович ЯбыковРудный политехникалық колледжі:• Қола — «Еңбекті қорғау» құзыреттілігі — Андрей Владимирович Ивахно. Сарапшы: Мария Михайловна Бабенко.Қостанай облысы — жалпы командалық 3 орынға ие болды! Біз сіздерді мақтан етеміз! Әрқайсыңыз шеберліктің, табандылық пен жоғары кәсібиліктің үлгісі болдыңыздар!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1101475?lang=kk
Астанада мектептер пен колледждер оқушылары арасында «Жас сарбаз барысының» жеңімпазы анықталды 08.11.2025
Елорданың «Өндіріс» спорт кешенінде «Жас сарбаз барысы» қалалық турнирі өтті. Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен оның бастамашысы болған – «Жас сарбаз» балалар-жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысының қалалық филиалы.Турнирдің ашылу салтанатына Қорғаныс министрлігінің, Астана қаласы әкімдігінің өкілдері, «Өркен» балалар мен жасөспірімдер дене тәрбиесі орталығының басшысы Ғинаят Хамитұлы, «Жас сарбаз» республикалық және қалалық балалар-жасөспірімдер қозғалысының төрағалары майор Мейірбек Меңдіғалиев пен Айдархан Шыңғысханұлы, жаттықтырушылар мен жас спортшылар қатысты.– Қазақ күресі – жай спорт емес, бұл біздің ұлттық мұрамыз. Жастардың осындай турнирлерге қатысуы адамгершілік рухты, өз қабілеттеріне деген сенімділікті нығайтады, Отанға деген сүйіспеншілікті оятады, – деп атап өтті майор М. Меңдіғалиев. Боз кілемге 2008–2009 жылы туған он екі мықты спортшы шығып, тартысты сайыста жоғары дайындық деңгейін және жеңіске деген ұмтылысын көрсетті.Бас қаламыздағы № 85 мектеп-лицейінің оқушысы Әлижан Ерсаев қазақ күресінің чемпионы атанды. Екінші орын № 28 мектептің оқушысы Ерзат Төстікке, үшінші орын № 110 мектептен Әлихан Толысбайға бұйырды.Бірінші және екінші орын алған жас балуандар «Жас сарбаз барысы» жарысының республикалық кезеңінде елорданың намысын қорғайтын болады.Турнир жеңімпазы Әлижан Ерсаев бұл жетістік ол үшін маңызды қадам болғанын айтады. – Жеңіс оңай болған жоқ, өйткені қарсыластар соған лайықты болды. Алайда өзіме деген сенім мен жаттықтырушылардың қолдауы нәтижеге қол жеткізуге көмектесті. Ендігі мақсатым – республикалық турнирде лайықты өнер көрсету, – деді чемпион. «Жас сарбаз барысы» турнирі жас патриоттарды ата-бабаларымыздың бай мұрасы мен заманауи құндылықтарын құрметтеуге тәрбиелейтін ұлттық дәстүрлермен ұштасқан жарқын спорттық шара болды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1101442?lang=kk
Қорғаныс министрлігінің «Жұлдызды жігіттер» командасы «Қазақстан CUP» лигасында үздік үштіктен көрінді 08.11.2025
Астанада өткен «Жайдарман» ойындарында «Қазақстан CUP» лигасында өнер көрсететін астаналық айрықша мақсаттағы бригаданың «Жұлдызды жігіттер» командасы жүлделі үшінші орынды иеленді.«Жайдарман» ойындарының «Қазақстан CUP» лигасы биыл ерекше тартысты өткенін айта кету керек. «Жұлдызды жігіттер» жайдарман тобы жоғарыда айтылған лигада 80 команданың ішінен суырылып шығып, 1/2 ширек финал ойындарына жолдама алған болатын. Ширек финал кезеңінде төрт үздік команда бақ сынады.Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданы Ақтау ауылының мектеп оқушыларынан құралған «Жұдырық» командасы ауыл өмірін шынайы әрі қарапайым әзілмен жеткізсе, Е. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің «Амазонка» қыздар командасы нәзік юмор арқылы залды күлкіге қарық қылды. С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің «Сейфуллин» командасы кәсіби дайындық пен тапқыр ойдың үлгісін көрсетті. Ал «Жұлдызды жігіттер» әскери тақырыпты сахнада шебер бейнелеп, көрерменге ерекше әсер қалдырды.Қазылар алқасының шешімімен бірінші орынды «Сейфуллин» командасы иеленді. Екінші орын қарағандылық «Амазонка» командасына бұйырды. Ал «Жұлдызды жігіттер» және «Жұдырық» командалары үшінші орынды еншіледі. – Бұл жетістік – біз үшін үлкен абырой. Себебі 80 команданың ішінен суырылып шығып, республикалық деңгейдегі үздіктер қатарына ендік. Қолдау көрсеткен әскери бөлім қолбасшылығы мен жанкүйерлерге алғысымыз шексіз, – дейді «Жұлдызды жігіттер» командасының капитаны капитан Бақберген БуратаевҰйымдастырушылар атап өткендей, «Жайдарман» ойыны тек әзіл емес, ол жастардың ойы мен өрісін кеңейтетін, бірлік пен достықты дәріптейтін мәдени алаң. «Жұлдызды жігіттер» осы рухты сахнада тамаша жеткізе білді. Әзіл арқылы патриотизм мен тәртіпті насихаттай білген команда көрерменнің де, қарсыластарының да құрметіне бөленді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1101440?lang=kk
Қазақстан Республикасының, Қырғыз Республикасының, Тәжікстан Республикасының, Түрікменстанның, Өзбекстан Республикасының және Америка Құрама Штаттарының үкіметтері арасындағы мәдени мұра саласындағы ниеттері туралы мәлімдеме 08.11.2025
С5+1 дипломатиялық платформасының құрылғанына он жыл толуына орай Қазақстан Республикасының, Қырғыз Республикасының, Тәжікстан Республикасының, Түрікменстанның, Өзбекстан Республикасының және Америка Құрама Штаттарының үкіметтері (жиынтығында «С5+1 елдері» деп аталады),C5+1 елдерінің әрқайсысының бірегей мәдени мұрасын және олардың адамзаттың дамуына қосқан ерекше үлесін мойындай отырып;С5+1 елдерінің бірегей мәдени мұраларын қорғау және сақтау саласындағы ынтымақтастықтың маңыздылығын растай отырып; жәнеМәдени мұра, оның ішінде мәдени алмасу, мәдени мұраны сақтау саласындағы тәжірибе алмасу және Ұлттық мұражайлар кеңесі арқылы ынтымақтастық саласында С5+1 елдері арасындағы байланыстардың тереңдеуін атап отырып,келесі өзара түсіністікке қол жеткізді:C5+1 елдері С5+1 елдерінің мәдени мұрасын сақтау, мәдени құндылықтарының заңсыз сауда жолын болдырмау және С5+1 елдері арасындағы мәдени өзара іс-қимылды нығайту мақсатында келесі шаралар арқылы ынтымақтастықты нығайтуға және кеңейтуге ниетті:Мәдени мұраны сақтау және мәдени құндылықтарды қорғау мақсатында құқық қорғау, кеден және шекара қауіпсіздігі салаларында ақпарат алмасуды нығайту;Мәдени құндылықтардың заңсыз айналымының алдын алу және өнер нарығының біртұтастығын қамтамасыз ету үшін өзара толықтыратын өңірлік желілерді құру;Мәдени мұраны жалпы экономикалық мақсаттарға кіріктіру мүмкіндігін зерделеу, оның ішінде туризм секторы мен креативті индустрияға пайда әкелетін ағылшын тілінде білім беруді дамыту;Консервация, кураторлық қызмет, тіркеу, цифрландыру, шығу тегін зерттеу, көрмелерді ұйымдастыру, мәдени мұра нысандарын басқару, жойылып кету қаупі бар антиквариаттарды қорғау салаларында озық тәжірибе алмасу мақсатында институционалдық серіктестікті кеңейту және сарапшылар арасындағы алмасуларды жүзеге асыру, сондай-ақ этнология, археология, сәулет және реставрация сияқты өзара қызығушылық тудыратын басқа да салаларда ынтымақтастық орнату;Ұлттық мұражайлар кеңесінің қызметіне барлық алты елдің толыққанды қолдау көрсетіп, белсенді қатысуын қамтамасыз ету;Мұражай ісі саласындағы ынтымақтастықты ілгерілету және алмасуды ұйымдастыру, оның ішінде С5+1 елдерінің жетекші мұражайлары мен мәдени мекемелерінде көрмелер мен экспозициялар өткізу үшін мәдени құндылықтарды ұсыну;C5+1 елдерінің мәдени мұрасын ілгерілету, қорғау және сақтау мәселелеріне қатысты халықаралық алаңдарда ұстанымдарды мәлімдеу;Ұлттық қолөнер дәстүрлері мен сәндік-қолданбалы өнер шеберлерін қолдауды, сондай-ақ дәстүрлі мәдениетті, музыка мен биді сақтауды қамтамасыз ету;Мәдени құндылықтарды қорғау және мәдени мұраны сақтау мақсатында білім беру, ғылым және инновациялар салаларындағы ынтымақтастықты дамытуға жәрдемдесу, оның ішінде академиялық және зерттеу байланыстарын нығайту, сондай-ақ С5+1 елдерінің жоғарғы оқу орындары мен зерттеу орталықтары арасындағы бірлескен бастамаларды қолдау; жәнеӘр елдің бай мәдени мұрасын дәріптейтін фестивальдер мен мәдени іс-шараларды ұйымдастыру бойынша ынтымақтастықты қолдау. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1101438?lang=kk
Қазақстан Республикасының, Қырғыз Республикасының, Тәжікстан Республикасының, Түрікменстанның, Өзбекстан Республикасының және Америка Құрама Штаттарының үкіметтері арасындағы экономикалық саладағы ынтымақтастық туралы ниеттері жөніндегі мәлімдеме 08.11.2025
Қазақстан Республикасының, Қырғыз Республикасының, Тәжікстан Республикасының, Түрікменстанның, Өзбекстан Республикасының және Америка Құрама Штаттарының үкіметтерімен бірлесіп (бұдан әрі - С5+1) С5+1 форматында дипломатиялық қатынастар орнатудың оныншы жылдығына орай,C5+1 дипломатиялық алаңы аясындағы экономикалық ынтымақтастықтың нығаюы соңғы жылдары ондаған миллиард доллар көлеміндегі сауда мен инвестицияны қамтамасыз еткенін мойындай отырып, жәнеелдеріміздің егемендігі, тәуелсіздігі мен аумақтық тұтастығын қамтамасыз ететін тұрақты әрі қуатты экономикалардың маңыздылығын қайта растай отырып,C5+1 елдері арасындағы сауда-экономикалық байланыстарды одан әрі нығайтуға бағытталған өңірлік тәсілді көздейтін B5+1 форматтың C5+1 дипломатиялық платформасын толықтыратын маңызды іскерлік әріптестік тетігі екендігін ескере отырып,келесі өзара түсіністікке қол жеткізді:C5+1 елдері өркендеуді, бейбітшілікті пен ілгерлеушілікті қамтамасыз ету мақсатында экономикалық қызмет пен өзара іс-қимылды жандандыру арқылы келесі шараларды қабылдауға ниетті: Коммерциялық ортаРеттеу реформаларын іске асыру арқылы бизнес жүргізу шарттарын жеңілдету және сауда мен инвестицияларды ынталандыру;Шағын және орта бизнесті дамытуға қолдау көрсету;Экспорттық әлеуетті арттыру мен инновацияны ынталандыру мақсатында өзара тиімді бірлескен кәсіпорындардың құрылуын қолдау;Коммерциялық дауларды шешуде уақытылы әрі ашық рәсімдерді қамтамасыз ету, келісімшарттардың міндеттілігін құрметтеу қағидатын қолдау;Өнім сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ететін стандарттарды жетілдіру бағытында C5+1 елдері мойындаған халықаралық нормаларға сәйкес ынтымақтастық орнату;IT-стартаптар мен инновациялық компаниялардың дамуы үшін қолайлы жағдайлар жасау, венчурлік капиталға, акселераторларға және халықаралық нарықтарға жеңілдетілген қолжетімділікті қамтамасыз ету;Коммерциялық қызметті дамытуға мүмкіндік беретін ашық, тұрақты және әділ нарықтық ортаны қолдау;Зияткерлік меншік және басқа да құқықтарды қорғау мен орындауды күшейту арқылы инвесторлардың сенімін арттыру;Орталық Азия мен Америка Құрама Штаттары арасындағы экономикалық ынтымақтастықты ілгерлететін 2026 жылғы 4-6 ақпан аралығында Бішкек қаласында (Қырғыз Республикасы) өтетін B5+1 Форумын қолдау, сондай-ақ 2024 жылғы наурызда Алматы қаласында (Қазақстан Республикасы) өткен алғашқы B5+1 Форумының табысты нәтижелерін мойындау; Сауда, инвестиция және маңызды минералдарҚауіпсіз, сенімді және әртараптандырылған энергетикалық жеткізілімдерді қамтамасыз ету, сондай-ақ энергетика және маңызды минералдар салаларындағы инвестициялар мен сауданы арттыруды көтермелеу;Бейбіт атом саласындағы ынтымақтастықты дамыту, оның ішінде әлеуетті арттыру, тиісті кадрлардың кәсібилігін нығайту және АЭХА кеңестеріне негізделген заманауи азаматтық ядролық технологияларды енгізу;Орталық Азия мемлекеттерінің маңызды минералдарын жаһандық жеткізу тізбегіне интеграциялау мақсатында геологиялық зерттеулерге, өндіру мен өңдеуге инвестициялар салуға жәрдемдесу, сондай-ақ қайта өңдеу салаларын қоса алғанда, қосылған құны жоғары өндірісті дамытуды ынталандыру үшін маңызды минералдар бойынша C5+1 диалогына қатысуды жалғастыру;Гидроэнергетика, туризм, ақпараттық технологиялар, электрондық коммерция және ауыл шаруашылығы сияқты жоғары өсім әлеуеті бар секторларда сауда мен инвестицияны ілгерілету;Сенімді интернет және коммуникациялық технологиялар мен инфрақұрылымды, оның ішінде талшықты-оптикалық желілер, 5G, 6G, суасты кабельдері, деректерді өңдеу орталықтарының жабдықтары, спутниктік байланыс сияқты цифрлық инфрақұрылымды дамыту мен енгізуді ілгерілету, сондай-ақ трансшекаралық деректер ағындарының қорғалуын қамтамасыз ететін халықаралық стандарттар мен озық тәжірибелермен үйлестіру, оның ішінде трансшекаралық деректердің құпиялылық ережелері жөніндегі Ғаламдық форум сияқты бастамалармен үндестікті қамтамасыз ету;Жасанды интеллект технологияларын дамыту арқылы инновациялық өсу мен халықаралық әріптестікке негізделген тұрақты цифрлық экономиканы қалыптастыруды ілгерілету;Жасанды интеллект пен цифрлық инновацияларды C5+1 жұмыс топтарының қызметіне біріктіру, үздік тәжірибелермен алмасу және ұлттық жасанды интеллект жүйелерін енгізуді ілгерілету;Жасанды интеллект саласындағы зерттеулер мен білім беру бойынша ынтымақтастықты ілгерілету, оның ішінде академиялық алмасуларды, оқыту бағдарламаларын және машиналық оқыту, робототехника мен деректерді талдау салаларындағы бірлескен ғылыми-зерттеу жобаларын дамыту;Ақылды қалалар мен Орталық Азия елдерінің цифрлық трансформациясын дамытуға жәрдемдесу;Цифрлық трансформация бастамаларын қолдау, оның ішінде электрондық үкіметті, бизнес пен азаматтарға арналған цифрлық қызметтерді, жасанды интеллект орталықтарын дамыту және кибертұрақтылықты арттыру;Киберқауіпсіздік саласындағы ынтымақтастықты нығайту, оның ішінде маңызды инфрақұрылымды қорғау, киберқауіптер туралы ақпарат алмасу, мамандарды даярлау және ортақ стандарттар мен сенімді цифрлық платформаларды көп тарапты тәсілмен әзірлеуді қолдау; Транскаспий сауда маршруты және байланыстылықТранскаспий сауда жолының әлеуетін толық ашу және оны Халықаралық бейбітшілік пен өркендеу үшін Трамп жолымен (TRIPP) интеграциялау арқылы, С5+1 елдерінің және әлемдік қоғамдастықтың мүдделері үшін жүктердің, ақпараттың және энергияның қауіпсіз әрі тиімді қозғалысын қамтамасыз ету мақсатында жеткізу тізбектерінің өзара байланыстылығын және тұрақтылығын нығайту;Үйлестірілген және ашық кедендік режимдерге ұмтылуды жалғастыру;C5+1 елдері арасындағы әуе қатынасын кеңейту арқылы сауда-экономикалық және мәдени байланыстарды нығайту;Іскерлік байланыстарды нығайту және жұмыс күшінің кәсіби әлеуетін арттыруды қолдау мақсатында технологиялық, кен өндіру және басқа да жоғары өсім қарқыны бар салаларда кадрлар даярлауға бағытталған білім беру алмасуларын дамыту. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1101437?lang=kk
ҚР Сыртқы істер министрлігінде Қостанай облысындағы инвестиция тарту және жобаларды дамыту мәселелері талқыланды 07.11.2025
2025 жылғы 7 қараша – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Қуантыров Қостанай облысының әкімі Кумар Ақсақаловпен кездесіп, Премьер-Министрдің арнайы инвестициялық кеңесте берген тапсырмаларын орындау барысы, сондай-ақ инвестиция тарту тетіктері, перспективалы жобаларды іске асыру және өңірлік инвестициялық экожүйені дамыту мәселелері талқыланды.Тараптар Ұлттық цифрлық инвестициялық платформа (ҰЦИП) аясында жүргізіліп жатқан жұмысты, соның ішінде инвестициялық жобаларды сүйемелдеу мен мониторинг жүргізу, инвесторлармен өзара іс-қимылдың ашықтығы мен тиімділігін арттыру мәселелерін талқылады. Сонымен қатар, тікелей шетелдік инвестициялар (ТШИ) және негізгі капиталға салынған инвестициялар (НКИ) көрсеткіштерін есептеу, олардың қалыптастыру және өңірлік деңгейде есепке алу әдістемесі бойынша мәселелер қаралды. Ерекше назар «инвестицияға тапсырыс» тетігін іске асыруға аударылды. Бұл құрал өңір экономикасының басым салаларында жаңа жобаларды қалыптастыру мен іске қосуға мүмкіндік береді.Бұдан бөлек, қолданыстағы және әлеуетті инвесторларды сүйемелдеу, орталық және жергілікті атқарушы органдар арасындағы өзара іс-қимылдың тиімділігін арттыру, сондай-ақ инвестициялық жобаларды мемлекеттік қолдау құралдарын кеңейту мәселелері қарастырылды.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар инвестиция тарту жүйесінің барлық деңгейлерінде үйлестіруді күшейтудің маңыздылығын атап өтіп, Қостанай облысының инвестициялық тартымдылығын арттыруға бағытталған бірлескен бастамаларды іске асыру жөніндегі келесі қадамдарды анықтады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1101378?lang=kk
Қазақстан мен Оңтүстік Корея арасындағы ынтымақтастық дамуын жалғастыруда 07.11.2025
Сеул, 2025 жылғы 4-5 қараша – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев Сеулге жұмыс сапары барысында Корея Республикасының Сыртқы істер министрінің саяси мәселелер жөніндегі орынбасары Чон Ый Хие және Сыртқы істер вице-министрі Ким Джин Амен кездесулер өткізді.Чон Ый Хиемен өткен келіссөздер барысында сұхбаттастар екі мемлекет арасындағы дәстүрлі достық және сенімділік негізінде қалыптасқан қатынастарды, сондай-ақ тараптардың екіжақты форматтағы ынтымақтастықты өзара күшейтуге талпыныстарын атап өтті.А.Бақаев екіжақты қатынастардың дәйекті дамып келе жатқанын атап өтіп, сенімділік негізінде қалыптасқан тұрақты саяси диалогтың, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың кеңейіп келе жатқанына назар аударды.Тараптар «Орталық Азия – Корея Республикасы» ынтымақтастық форматындағы өзара іс-қимылды одан әрі дамыту мәселесіне ерекше назар аударып, жоғары және аса жоғары деңгейдегі алдағы іс-шараларды табысты өткізу үшін келісілген күш-жігер жұмылдыруға уағдаласты.Сыртқы істер вице-министрі Ким Джин Амен өткен келіссөздер көпжақты күн тәртібі мәселелеріне арналды.Келіссөздер барысында Астана мен Сеулдің халықаралық алаңдардағы, соның ішінде Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік шеңберіндегі сындарлы өзара іс-қимылыды нығайту перспективалары талқыланды.Сонымен бірге министрдің орынбасары «Орталық Азия – Корея Республикасы» ынтымақтастық форумы Хатшылығының атқарушы директоры Ри Джонг Кукпен кездесті және Сеул киберуниверситетіне барып, оның қызметімен танысты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1101371?lang=kk
Төтенше жағдайлар саласындағы волонтерлер қысқы кезеңге дайындық үстінде 07.11.2025
«Төтенше жағдайлар саласындағы волонтерлікті дамыту» жобасы аясында Астанада қыс мезгіліндегі төтенше жағдайларға дайындықты тексеруге арналған «Қыс–2025» командалық-штабтық оқу-жаттығулары өтті.Іс-шараға «Волонтёры Астаны LIDER.KZ» қоғамдық бірлестігінің волонтерлері қатысты. Олар өз қызметін Ұлттық волонтерлік желі аясындағы шағын грант шеңберінде жүзеге асырады.Жаттығу барысында волонтерлер кәсіби құтқарушылармен бірлесіп, қыс мезгіліндегі төтенше жағдайлар кезіндегі іс-қимыл алгоритмдерін пысықтап, халыққа көмек көрсету және коммуналдық әрі жедел қызметтермен өзара байланыс тәсілдерін меңгерді. Іс-шараның практикалық бөлігі Индустриялық парк аумағында өтіп, қатысушылар алған білімдерін нақты жағдайларда қолданды.Волонтерлер мен сала мамандарының төтенше жағдайлардың алдын алу бағытындағы ынтымақтастығы қарқынды дамып келеді. Мұндай өзара байланыс азаматтық жауапкершілік мәдениетін нығайтып, қоғамның төзімін арттыруға және қоғамдық қауіпсіздіктің тиімді жүйесін қалыптастыруға ықпал етеді. Осы саладағы волонтерлер адал қызметі мен жауапкершілігі арқылы мемлекет үшін сенімді серіктеске айналды. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/1101360?lang=kk