Enbekshi QazaQ

Қуқық

Сенатта бюджетаралық қатынастардың жаңа тәсілдері талқыланды 14.10.2025
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатында 2026-2028 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттерді қалыптастыру мәселесі бойынша мемлекеттік органдардың өкілдерімен кездесу өткізілді. Қаржы және бюджет комитетінің басшысы Сұлтанбек Мәкежанов төрағалық еткен талқылауға Сенат депутаттары мен мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты. Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Азамат Әмрин жаңа Бюджет кодексінің тәсілдерін ескере отырып, "Республикалық және облыстық бюджеттердің, республикалық маңызы бар қалалар мен Астананың 2026-2028 жылдарға арналған бюджеттері арасындағы жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі туралы"заң жобасы әзірленгенін атап өтті."Құжат жаңа Бюджет кодексінің нормаларына сәйкес әзірленді. Жалпы сипаттағы жаңа үшжылдық трансферттер Үкімет алдына қойылған негізгі міндеттерді шешуге, оның ішінде өңірлердің қаржылық дербестігін арттыруға, тұрғындардың әлеуметтік игілік пен мемлекеттік қызметке қол жеткізуін теңестіруге арналған", - деді бірінші вице-министр.Бұл ретте ол жергілікті бюджет кірісі болжамы жаңа Салық және Бюджет кодекстері шеңберінде көзделген өзгерістерді ескере отырып жүзеге асырылғанын атап өтті."Кірістің ұлғаюы акциздер мөлшерлемесінің артуы, белгілі бір деңгейден асатын кіріске жеке табыс салығының 15% прогрессивті мөлшерлемесін енгізу, жекелеген салық, алым мен баждарды республикалық бюджеттен жергілікті бюджетке беру, "Арнайы түсімдер"нысаналы кірістердің қосымша санатын енгізу сияқты нормаларды қамтамасыз етеді. Бұдан басқа, бұрын республикалық бюджетке түскен барлық айыппұл да жергілікті деңгейге берілді", - деді Азамат Әмрин.Оның айтуынша, бюджеттің кіріс бөлігін төмендететін, бірақ халық табысының нақты өсуін қамтамасыз ететін нормалар да ескерілген. Бұл стандартты шегерім мөлшерін 14 АЕК-тен 30 АЕК-ке дейін көбейту, түзету коэффициентін қолдану арқылы көлік салығының мөлшерлемесін төмендету, төлем мен мемлекеттік баждың кейбір түрін алып тастау."Кірістер өңірлердің салық әлеуетін ескере отырып есептелді. Жергілікті бюджеттердің кіріс бөлігінің түсімін талдау жыл сайынғы тұрақты өсуді көрсетеді. Соңғы үш жылда салық түсімінің өсу қарқыны орта есеппен 127,2%. Өңірлердің кірісі 2026 жылғы 10,7 трлн теңгеден 2028 жылы 13,3 трлн теңгеге дейін немесе 124,3%-ға өседі деп болжануда", - деді Азамат Әмрин.Сенатор Сұлтанбек Мәкежанов жаңа тәсілдер ең төменгі инфрақұрылымдық нормативтер мен өңірлік стандартты ескеруі тиіс екеніне назар аударды. Оның айтуынша, оларды енгізу жергілікті бюджеттің қаржылық тұрақтылығын арттыруға және азаматтар үшін мемлекеттік қызмет сапасын жақсартуға мүмкіндік береді."Ең маңызды міндет - қаржы ресурсын әділ және ашық бөлуді қамтамасыз ету. Депутаттардың бүгінгі ұсынысын Үкімет 2026-2028 жылдарға арналған трансферттер туралы заңды дайындау кезінде егжей - тегжейлі пысықтауы тиіс", - деді Сұлтанбек Мәкежанов.Кездесу соңында Үкіметтің заң жобасын дайындау кезінде бірлескен жұмысты жалғастыру және Сенаттың ұсыныстарын есепке алу қажеттігі атап өтілді. Бұл бюджетаралық қатынастар жүйесін неғұрлым орнықты және теңгерімді етуге мүмкіндік береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1078600?lang=kk
Алматыда күштік құрылымдар арасында «Әскер барысы» турнирінің үздік балуандары анықталды 14.10.2025
Қорғаныс министрлігінің Армия орталық спорт клубында Қазақстан әскери қызметшілері мен күштік құрылым өкілдері арасында «Әскер барысы» турнирі өтті.Бұл жарыстар елдің ең мықты балуандарын жинайтын республикалық турнирге дайындықтың маңызды кезеңіне айналды.Бозкілемге шыққан 90 келіден жоғары салмақ дәрежесіндегі балуандар өздерінің күшін, төзімділігі мен техникалық шеберлігін паш етті. Тартысты белдесулердің нәтижесінде Қорғаныс министрлігінің Армия орталық спорт клубының балуаны аға лейтенант Марат Байқамұров чемпион атанды. Оның әріптесі сержант Әділ Оразбаев екінші орынды иеленді. Ал жүлделі үшінші орынды Ұлттық ұланның қатардағы жауынгері Жандос Сейтенов жеңіп алды.«Әскер барысы» турнирі күштік құрылымдар қатарындағы ең мықты балуандарды анықтап қана қоймай, әскери қызметшілер арасында ұлттық спорт түрлерін дамытуға бағытталған маңызды кезеңге айналды.– Әскери адамдар үшін күрес жай ғана спорт емес, бұл – мінез мектебі. Кілемге әр шыққанымыыз – ерік-жігерді сынау. «Әскер барысы» турнирінде жеңіске жету – үлкен абырой. Мен «Қазақстан барысында» Қорғаныс министрлігінің намысын қорғауға тырысамын, – деді аға лейтенант Марат Байқамұров.Турнир армия спортшыларына тән дене дайындығы мен спорттық рухтың жарқын көрінісі болды. Алтын, күміс медаль иеленген спортшылар «Қазақстан барысы» турнирінің финалдық кезеңінде Қорғаныс министрлігінің намысын қорғайтын болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1078213?lang=kk
Астанада әскери колледждің курсанттары қарттарға қамқорлық жасап, мерекемен құттықтады 14.10.2025
Халықаралық қарттар күні қарсаңында Сағадат Нұрмағамбетов атындағы әскери колледждің тәрбиеленушілері «Шарапат» әлеуметтік қызмет көрсету орталығына барды.Көп жылдан бері Қарулы күштердің әскери қызметшілері игі дәстүрді сақтай отырып, соғыс және еңбек ардагерлерін, зейнеткерлер мен қарт адамдарға қолдау көрсетіп келеді.– Бұл мереке – жасты еске салу емес, аға буынның даналығы, борышқа адалдығы мен өмірлік төзімділігі үшін шынайы құрмет пен ризашылық білдіру мүмкіндігі, – деп атап өтті колледждің тәрбиеші офицері майор Азамат Үсенбаев.Колледж тәрбиеленушілері орталық қызметкерлеріне аумақты тазалауға көмектесіп, шағын мерекелік концерт ұйымдастырып, тәтті тағамдар алып келді. Ең бастысы – мекеме тұрғындарына шынайы көңіл мен жылы қарым-қатынас сыйлады.Қарттар қонақтарды қуана қарсы алып, жастық шағындағы естеліктерімен бөлісіп, өмірлік оқиғаларын айтып, жастармен жылы лебіздер алмасты.– Жастық жүректе өмір сүреді. Бүгінгі балалардың келуі бізге нағыз мерекелік көңіл-күй сыйлады, – деп бөлісті бұл жерде сегіз жылдан астам уақыт тұрып жатқан Игорь Толкачев. – Курсанттарға мейірімділігі мен құрметі үшін алғысымды білдіремін. Барша қарттарға денсаулық пен жан тыныштығын тілеймін.Орталық басшылығы Қорғаныс министрлігіне және колледж тәрбиеленушілеріне көрсеткен қамқорлықтары мен қолдаулары үшін алғыс білдірді.Айта кетейік, «Шарапат» әлеуметтік қызмет көрсету орталығы 1989 жылы Астана қаласы әкімдігінің бастамасымен құрылған және көп жылдан бері қарттар мен мүмкіндігі шектеулі жандарға толыққанды күтім көрсету қызметін ұсынып келеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1078280?lang=kk
Қарулы күштердің әскери қызметшісі 600 шақырымдық супермарафонды еңсерді 14.10.2025
Астана қаласы аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімше командирі 3-сыныпты сержант Рауан Әбілханов Астана – Көкшетау – Астана бағыты бойынша жаңа рекорд орнатып, кезекті 600 шақырымдық супермарафондық қашықтықты бағындырды.5 күн бұрын елорданың «Көктал» саябағынан марафонды бастаған әскери қызметші Қорғаныс министрлігінің ғимараты алдында мәреге жетті. Мұнда оны салтанатты жағдайда қарсы алды. Әскери оркестр өнер көрсетіп, марафоншымен және онымен күн сайын бірге еріп жүрген команданы бауырсақпен сыйлап, сап алаңында қуаныш пен мақтаныш сезімге толы ерекше атмосфера орнады.Жеңімпазды Қорғаныс министрлігінің басшылығы мен жеке құрамы, қызметтестері мен туған-туыстары қарсы алды. Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-лейтенант Қаныш Әбубәкіров 3-сыныпты сержант Рауан Әбілхановтың бұл жетістігі әскери қызметшілердің рухын көтеріп, табандылығы мен патриотизмінің жарқын үлгісі болғанын атап өтті.– Спорт пен армия – егіз ұғым, – деді ол. – 3-сыныпты сержант Рауан Әбілхановтың жеңістері спортты насихаттап, Қарулы күштердің әскери қызметшілерін жаңа жетістіктерге жетелейді.Марафоншының өзі бұл рекордқа жету оңай болмағанын мойындады. Дегенмен, Қорғаныс министрлігі басшылығының, командирлерінің, жақындары мен жерлестерінің, сондай-ақ көптеген қазақстандықтардың қолдауы оған үлкен күш берген. Ауа райының күрт нашарлауына қарамастан, ол күніне 120 шақырым жүгіріп, өте ауыр қашықтықты еңсере алды. Мақсатына жетуге деген табандылығы мен тұрақты жаттығулары 3-сыныпты сержант Рауан Әбілхановқа қажетті қарқынды сақтап, жүгіруді жалғастыруға мүмкіндік берді.Әскери марафоншының айтуынша, бөлім басшылығы оған дайындық үшін екі ай уақыт берген. Ол күн сайын 40 шақырымнан астам қашықтықты жүгіріп отырған. Бұл рекорд Қазақстан Республикасының ұлттық мерекесі – Республика күні қарсаңында бұрынғы қазақстандық ультрамарафон рекордтарын жаңартты.9 баланың әкесі армияда 20 жылдан астам уақыт қызмет етіп келеді. 2022 жылы ол Алматы облысындағы «Әли» оқу орталығы мен Шелек ауылы арасындағы 350 шақырымдық қашықтықты 48 сағатта жүгіріп өтіп, Қазақстан рекордтар кітабына енген болатын. 42 жастағы Рауан Әбілхановтың отбасында 8 қыз бен бір ұл тәрбиеленуде. Ол 15 жылдан астам уақыттан бері жеңіл атлетикамен айналысып келеді және Алматы қаласы мен Қарулы күштер ұйымдастырған марафондардың бірнеше дүркін жеңімпазы.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1078095?lang=kk
Қарттар күні қарсаңында ардагерлер қаладағы нысандармен танысты 14.10.2025
1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай облыс ардагерлері өндірістік және инфрақұрылымдық жобалармен, іске қосылған нысандар жұмысымен танысты.Алдымен «Сыр жұлдыздары» шығармашылық-инновациялық академиясына барды. Заманауи орталық бір мезетте 500, тәулігіне 3 мыңға дейін оқушы қабылдай алады. Мұнда бассейн, фитнес және гимнастика залдары, үстел теннисі, жекпе-жек және үстел ойындарына арналған бөлмелер бар. Сонымен қатар, кескіндеме, сурет, сәндік-қолданбалы өнер, робототехника, жасанды интеллект, биотехнология, 3D модельдеу, киберспорт және математика кабинеттері жұмыс істейді.Келесі нысан – «Қызылорда-Нан» ЖШС-ның нан-тоқаш, кондитерлік және макарон өнімдерін өндіру кешені. Қазіргі таңда үш өндірістік цех іске қосылған, алдағы уақытта печенье цехы жұмысын бастайды. Өнімнің 30%-ы кәсіпорынның жеке сауда желісі арқылы сатылады, қалғаны қала мен ауылдарға жеткізіледі. Жобаға 5 гектар жер беріліп, инфрақұрылым тартылды. «Қазақстан Халық банкінен» алынған 1,2 млрд теңге жеңілдетілген несиенің пайыздық мөлшерлемесі мемлекет тарапынан субсидиялануда. Бүгінде мұнда 120 адам еңбек етсе, болашақта олардың саны 150-ге жетпек.Одан кейін ардагерлер жаңа жылу-электр орталығының құрылыс барысымен танысты. «Aksa Energy» түрік компаниясымен бірлескен жоба аясында қуаттылығы 240 МВт болатын нысан салынуда. Орталыққа General Electric (АҚШ), Doosan Skoda (Чехия), AC BOILERS (Италия), Mimsan (Түркия) компанияларының қондырғылары жеткізілген. Құрылыс жұмыстарының 80%-ы аяқталып, газ тарату станциясы мен 45 шақырым газ құбыры салынды. Биыл алғашқы газ турбиналық қондырғы мен екі жылу қазандығы іске қосылса, қалғаны 2026 жылы пайдалануға беріледі.Ардагерлер қалалық мәдениет және демалыс паркін, Президент саябағын қайта жаңғырту жұмыстарында көрді. Жаңа коммуналдық базарды, «Қызылорда САЗ-М» кірпіш зауытын, музыкалық колледждің жаңа ғимаратын, физика-математика мектеп-интернатын және 11 мың орындық жаңа стадионды аралап шықты.Мерекеге орай қала мен аудандардан келген ардагерлердің басын қосқан салтанатты шара ұйымдастырылды. Аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаев ел ағалары мен ақ жаулықты аналарды мерейлі мерекемен құттықтап, ізгі лебізін білдірді.«Мемлекет басшымыз Қасым-Жомарт Кемелұлы «Азаматтардың әл-ауқатын арттырудың басым міндеті – зейнетақы жүйесін жетілдіру. Қажырлы ардагерлердің қоғамға үлесін ынталандыру маңызды. Халықтың орташа өмір сүру жасы 75-тен асты, бұл – әлеуметтік саясаттың жетістігі» – деген болатын.Өңірімізде қазыналы қарияларды жан-жақты әлеуметтік қолдау, медициналық қызмет көрсету сапасын арттыру бағытында ауқымды жұмыс атқарылуда. Соңғы үш жылда жылына бір рет төленетін әлеуметтік көмектің көлемі Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне 1,5 млн. теңгеден 5 млн. теңгеге, оларға теңестірілгендер мен тыл ардагерлеріне 90 мыңнан 196 мың теңгеге ұлғайды. Биыл 1 700-ге жуық ардагерге 322 млн. теңге көлемінде бір реттік әлеуметтік көмек көрсетілді. Облыста бірнеше жылдан бері «Сыр мейірімі» жобасы жүзеге асуда. Жоба аясында көмекке мұқтаж 225 жалғызбасты қарт мен мүгедектер, аз қамтылған отбасылар түскі аспен қамтамасыз етіліп келеді.Қазақ халқы «Қарты бар үйдің – қазынасы бар» деген. Бұл – халықтың ғасырлар бойғы құрметінің айқын көрінісі. Сіздердің даналықтарыңыз, өмірлік тәжірибелеріңіз бізге – кейінгі буынға жол көрсетер бағдаршам. Ел ішінің татулығы мен бірлігін сақтауда, ұлттың рухын биік ұстауда ардақты ардагерлеріміздің рөлі ерекше.Мерейлі мерекеде баршаңыздың дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, бақ-береке тілеймін», – деді Нұрлыбек Машбекұлы.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/1078158?lang=kk
Қазақстан Елшісі Сауд Арабиясы Корольдігінің тақ мұрагеріне сенім грамоталарын табыстады 14.10.2025
Рияд, 2025 жылғы 30 қыркүйек – Қазақстан Республикасының Сауд Арабиясы Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі Мадияр Меңілбеков Сауд Арабиясы Корольдігінің тақ мұрагері, Премьер-министрі ханзада Мұхаммед бен Салман Әл Саудқа сенім грамоталарын табыс етті.Салтанатты рәсім барысында Елші Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың сәлемі мен ізгі тілектерін жеткізіп, Қазақстанның Сауд Арабиясымен жан-жақты әрі өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға дайын екендігін атап өтті.Өз кезегінде Корольдіктің тақ мұрагері Қазақстанға және Мемлекет басшысына деген құрметі ерекше екенін атап өтіп, екіжақты байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге мүдделілік танытты және Қазақстан Президентіне өз сәлемін жеткізді. Сондай-ақ ханзада Мұхаммед бен Салман сауда-экономикалық, инвестициялық, энергетикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы өзара іс-қимылды кеңейтуге мүдделілігін атап өтті. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1078587?lang=kk
Елдегі ауылшаруашылық жәрмеңкелері: бағалар, эмоциялар, статистика 14.10.2025
Елдегі ауылшаруашылық жәрмеңкелері: бағалар, эмоциялар, статистика Өткен демалыс күндері өңірлерде 92 ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Оған мыңнан астам фермер мен тауар жеткізуші қатысты. Жәрмеңкелердің негізгі мақсаты – сиыр етін нарықтағы бағадан төмендетілген бағада сату, сондай-ақ көкөніс, сүт өнімдері және өзге де маусымдық ауыл шаруашылығы өнімдерінің ассортиментін кеңейту. Сиыр еті Қарағанды облысында ең көп сатылған. 52 тоннадан астам ет өткізілді. Астана мен Алматыда да көрсеткіш жақсы. Елордада 45,5 тонна, Алматыда 35 тонна сиыр еті сатылды. Астанада еттің бағасы килограмына 3200-3500 теңге аралығында болса, Алматыда орташа баға 3150 теңгені құрады, бұл нарықтағы бағадан 5%-ға төмен. Екі қаладағы жәрмеңкелерге сұраныс жоғары болып, Астанада шамамен 40 мың, Алматыда 30 мыңнан астам тұрғын келді. Ақтөбе облысында 25 тонна сиыр еті тұрақты 2700 теңгеден сатылды, бұл нарықтағы орташа көрсеткіштен 8%-ға төмен. Қостанай облысында 11 тоннаға жуық ет өткізіліп, килограмына орташа баға 2925 теңгені құрады. Шымкентте 6,2 тонна сиыр еті сатылып, орташа бағасы 3400 теңге болды. Бірқатар өңірлерде сиыр етінің бағасы нарықтан едәуір төмен деңгейде белгіленді. Мәселен, Павлодар облысында орташа баға 2400 теңгені құрап, ресми көрсеткіштен 24%-ға төмен болды. Қызылорда және Түркістан облыстарында баға 2500 теңге деңгейінде сақталып, тиісінше нарықтан 18% және 13%-ға төмен болды. Ақмола облысында да 13%-дан астам төмендеу тіркеліп, 1,1 тонна ет өткізілді. Еліміздің шығысында сатылым көлемі салыстырмалы түрде төмен болды. Шығыс Қазақстан облысында шамамен 1 тонна, Солтүстік Қазақстанда 0,6 тонна сиыр еті сатылды. Екі өңірде де бағалар нарықтан 10–14%-ға төмен болды. Маңғыстау және Атырау облыстарында сатылым көлемі 1 тоннадан аз болса да, жәрмеңкелердегі халықтың белсенділігі жоғары болды. Мәселен, Ақтаудағы жәрмеңкеге 30 мыңнан астам адам келді. Жәрмеңкелер Жамбыл, Абай, Жетісу, Ұлытау және Алматы өңірлерінің облыс орталықтары мен ауылдық аудандарында да ұйымдастырылды. Бұл өңірлерде сиыр етінен бөлек көкөністер, сүт өнімдері, бал және өзге де жергілікті тауарлар ұсынылды. Жамбыл облысында қосымша 30 тоннадан астам бақша дақылдары, картоп және мал азығы сатылды. Жалпы республика бойынша бір апта ішінде 203 тоннадан астам сиыр еті өткізілді. Орташа баға килограмына 3085 теңгені құрап, Ұлттық статистика бюросы тіркеген деңгейден 3,9%-ға төмен болды. Алдын ала есеп бойынша жәрмеңкелерге жалпы саны 190 мыңнан астам тұрғын қатысты. Жәрмеңкелерді ұйымдастыру және өткізу күзгі маусымда да жалғасады. ҚР Сауда және интеграция министрлігі әкімдіктермен бірлесіп, жәрмеңкелердің географиясын кеңейтуді және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақты деңгейде ұстап тұруды көздеп отыр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1077738?lang=kk
Инвестициядан – жұмыс орындарына 14.10.2025
Алматы облысы ағымдағы жылдың сегіз айын экономиканың негізгі бағыттарының басым бөлігінде тұрақты оң серпінмен аяқтады.Негізгі жетекші рөл өнеркәсіпке тиесілі: өнім көлемі 1,6 трлн теңгеден асып, өткен жылмен салыстырғанда 8,2%-ға өсті. Бұл өңірдің ірі индустриалды орталық ретіндегі мәртебесін растап, дамудың жүйелі сипатқа ие екенін көрсетеді. Кәсіпорындар өндірісті тұрақты ұлғайтып, жаңа қуаттарды іске қосуда, индустриалды аймақтар қарқынды игерілуде.Ауыл шаруашылығы да өсім көрсетуде. Жалпы өнім көлемі 385,4 млрд теңгені құрап, нақты көлем индексі 102%-ға жетті. Өсу қарқыны бірқалыпты болғанымен, аграрлық сектор өңір үшін маңызды сала болып қалып, ауылдық аумақтардың тұрақтылығын қамтамасыз етуде.Құрылыста айтарлықтай серпіліс байқалды. Орындаған жұмыстардың көлемі 219 млрд теңгеден асып, өсім 22,3%-ды құрады. 820 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 20%-ға артық. Бұл тұрғын үй қорын жаңартуға қосылған қомақты үлес әрі демографиялық өсім мен урбанизацияға дер кезінде берілген жауап.Инвестициялар саласында да айтарлықтай нәтижелер бар. Қаңтар–тамыз айларында 620 млрд теңгеге жуық негізгі капиталға инвестиция тартылып, өсім 17%-ды көрсетті. Бұл инвесторлардың сенімін және өңірдің, соның ішінде нақты сектордың дамуына деген қызығушылығын айқындайды.Сауда да жоғары өсімге қол жеткізді — нақты көлем индексі 120%. Бұған логистикалық инфрақұрылымның кеңеюі және әсіресе Ресей мен Қытаймен сыртқы экономикалық байланыстардың жандана түсуі ықпал етті. Көлік қызметтері көлемі 9%-ға өсіп, 328 млрд теңгеге жетті, ал байланыс қызметтері 11,8%-ға артты. Бұл цифрлық технологияларға деген сұраныстың арта түскенін көрсетеді.Сонымен қатар инфляцияға бақылау сақталуда. Тұтыну бағаларының индексі 108,4%-ды құрап, орташа республикалық деңгейден (108,8%) сәл төмен болды. Ең жоғары өсім ақылы қызметтерде байқалды (+11%), алайда азық-түлікке жатпайтын тауарлар бағасының бірқалыпты көтерілуі жалпы жағдайды бақылауда ұстауға мүмкіндік берді.Қаржылық тәртіп жоғары деңгейде қалуда. Мемлекеттік бюджет кірістері 743,4 млрд теңге жоспарында 99,1%-ға орындалып, 736,6 млрд теңгені құрады. Жергілікті бюджет кірістері жоспардан асыра орындалды (103%), шығыстар 587 млрд теңгеге жетіп, 94%-дан астамы игерілді.Ерекше назарға еңбек нарығы лайық. Сегіз айда 44,3 мың жаңа жұмыс орны ашылды, оның 32 мыңнан астамы — тұрақты. Экономикалық өсім өңір тұрғындарының әл-ауқатына тікелей әсер етіп, тұрақты табыс пен әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз етуде.Сегіз айдың қорытындылары көрсеткендей: Алматы облысы теңгерімді әрі қарқынды дамып келеді. Өнеркәсіп пен құрылыс өсімнің негізін қаласа, ауыл шаруашылығы тұрақтылықты қамтамасыз етуде, сауда мен қызмет көрсету саласы жедел қарқын алуда, ал инвестициялар өңірдің бизнес үшін тартымдылығын растап отыр. Ең бастысы — жаңа экономикалық жетістіктер жұмыс орындарына және халықтың лайықты өмір сүру деңгейіне айналуда. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1077860?lang=kk
QazTrade және Халықаралық сауда орталығы өнеркәсіптік экспорттаушыларға арналған көміртегі салығы бойынша вебинар өткізді 14.10.2025
«QazTrade» АҚ ҚР Сауда және интеграция министрлігі және Халықаралық сауда орталығымен бірлесіп «ЕО Шекаралық көміртегі шығарындыларын түзету механизмі (CBAM): алюминий саласы мен Қазақстанның басым секторлары үшін сәйкестікке қойылатын талаптар және сауда салдары» тақырыбында вебинар өткізді. Іс-шара ЕО қаржыландыратын Ready4Trade Central Asia жобасы аясында өтті.Еуропалық комиссияның (2024 ж.) деректері бойынша Қазақстаннан ЕО-на импортталатын тауарларда CBAM механизміне ерекше сезімтал болуы мүмкін 6 тауар санаты ерекшеленеді.Отын және минералды өнімдер. 2024 жылы олардың ЕО-на импорты 31,8 миллиард еуроны құрады, бұл жеткізілім көлемінің 95%-дан астамын құрайды. Өткен жылмен салыстырғанда өсім 11,6%-ға жетті. Қазақстан энергоресурстардың маңызды жеткізушісі болып қала береді және дәл осы санат ЕО-ның климаттық саясатының ықпалына ең көп ұшырайды.Түсті металдар, соның ішінде алюминий. 2024 жылы жеткізілім 410 миллион еуроны немесе импорттың 1,2%-ын құрады, алайда көлем шамамен 40%-ға төмендеді. Алюминий ең осал позициялардың бірі болып табылады және бүгінде CBAM талаптарына сезімтал.Темір және болат. 2024 жылы ЕО-на экспорт 204 миллион еуроны немесе импорттың 0,6%-ын құрап, 27,1%-ға қысқарды. Бұл сектор CBAM реттеуіне тікелей түседі және жаңа ережелердің салдарын алғашқылардың бірі болып сезінеді.Химиялық өнімдер. ЕО-қа импорт 667 млн еуроға жетті, бұл жалпы көлемнің 2%-ын құрайды, өсім 26,5%-ын құрады. Сектор оң динамиканы көрсетеді, бірақ сонымен бірге реттеу аймағында болуы мүмкін.Басқа жартылай фабрикаттар. 2024 жылы олардың жеткізілімдері 95 миллион еуроны құрады, бұл импорттың 0,3%-ын құрайды. Бұл ретте көлемнің төмендеуі 38,5%-ды құрады. Бұл сегменттің сауда ережелерінің өзгеруіне сезімталдығын көрсетеді.Машиналар мен көлік жабдықтары. Бұл санаттағы импорт 60 миллион еуроны немесе импорттың 0,2%-ын құрады. Төмендеу 11,5%-ға жетті. Шағын үлеске қарамастан, сектор көміртегі сыйымдылығын ескере отырып, CBAM-ға жанама әсер етуі мүмкін.«QazTrade» АҚ Басқарушы директоры Нұрлан Құлбатыров вебинарды аша отырып, CBAM талаптарына бейімделу шұғыл шешімді қажет ететін міндет екенін атап өтті. Оның айтуынша, жаңа ережелер өндірістерді жаңғыртуға және Қазақстанның еуропалық нарықтағы сенімді жеткізуші ретіндегі ұстанымын нығайтуға түрткі бола алады.Еуропалық Одақ Қазақстанның ең ірі сауда серіктесі болып қала береді. 2024 жылы ол елдің барлық экспортының 37%-ын құрады. CBAM талаптарына әсіресе алюминий, тыңайтқыш және темір салалары сезімтал. 2024 жылы алюминий экспорты 662 млн. АҚШ долларын құрады, оның 225 млн. АҚШ долларынан астамы ЕО нарығына жөнелтілді. Бұл деректер Еуропалық Одақтың қазақстандық экспорт үшін стратегиялық бағыт болып табылатынын растайды.Тыңайтқыштардың 17%-ы, яғни шамамен 40 млн. АҚШ доллары, ЕО елдеріне экспортталады, бұл да Еуропалық Одақ нарығының маңыздылығын көрсетеді. Темір экспортының тек 6,2%-ы ғана ЕО-на жеткізіледі.Өз кезегінде Халықаралық сауда орталығының өкілі Фабиана Фонг ЕО-ның сауда және климаттық саясатына шолу жасап, CBAM-ның реттеу жүйесіне қалай енгенін түсіндірді.Вебинардың ерекше құндылығы жекеленген сессиялардың практикалық сипатта өткенінде болды. Қатысушылар жаңа механизммен жұмыс істеу үшін экспорттаушыларға қандай қадамдар жасау керектігі туралы нақты түсініктемелер алды. Сондықтан бұл іс-шара алдағы уақытта CBAM әрекетінің тікелей әсеріне ұшырайтын өнеркәсіптік кәсіпорындар үшін аса маңызды болды.Атап айтқанда, Ey Consulting компаниясының аға менеджері Войцех Залевски алюминий және болат өнеркәсібінде CBAM талаптарын сақтау бойынша практикалық нұсқаулық ұсынып, шығарындыларды есепке алу мен есеп беру, деректерді верификациялау және экспорттаушылар мен импорттаушылар арасындағы өзара іс-қимыл тәртібі бойынша жан-жақты тоқталып өтті.Сессия барысында өткен пікірталастар үлкен қызығушылық тудырды. Кәсіпорын өкілдері шығарындыларды бақылаудың практикалық аспектілері, CBAM тізіліміне тіркелу, есеп беру процедуралары және көміртегі сертификаттарын сатып алу бойынша сұрақтар қойды. Бұл тақырыптың өзектілігі жоғары екенін және бизнесті сауданың жаңа талаптарына дайындау бойынша одан әрі жұмыс істеу қажеттілігін растайды.Сондай-ақ, Женева халықаралық қатынастар институтының профессоры Жуст Пауйлен CBAM Қазақстанда өзінің жасыл стандарттарын дамыту үшін катализатор бола алатынын атап өтті. Копенгаген университетінің зерттеушісі Мариос Токас CBAM-ның ЕО-ның басқа экологиялық бастамаларымен байланысы туралы айтып, реттеуші тәсілдерді жақындастырудың маңыздылығын атап өтті.Вебинарға еліміздің жетекші өнеркәсіптік компаниялары, соның ішінде «Qarmet» АҚ және Eurasian Resources Group (ERG) белсенді қатысты. Мемлекеттік органдардан климаттық және өнеркәсіптік саясатты қалыптастыратын: Экология және табиғи ресурстар министрлігі, Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі, сондай-ақ Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті негізгі құрылымдар ұсынылды.Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін «QazTrade» АҚ ЭЫДҰ-мен бірлесіп, CBAM-ға бейімделу, төмен көміртекті технологияларды енгізу және өндірістің энергия сыйымдылығын төмендету бойынша Үкімет пен бизнеске арналған ұсынымдар ұсынылған Күрделі декарбонизацияланатын салалардағы Қазақстанның өнеркәсіптік экспорттаушылары үшін нұсқаулық дайындаған болатын. Құжат халықаралық тәжірибенің мысалдарын қамтиды және өтпелі кезеңдегі кәсіпорындарға тірек құралы бола алады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1077893?lang=kk
Қазақстандық делегация Пудзянь инновациялық форумы – 2025 жұмысына қатысты 14.10.2025
Қазақстандық делегация Пудзянь инновациялық форумы – 2025 жұмысына қатыстыҚытайдың Шэньян қаласында өткен Пудзянь инновациялық форумы – 2025 аясындағы Ляонин подфорумына Қазақстан делегациясы қатысты. Форумның күн тәртібінде цифрлық трансформация, жасанды интеллект және интеллектуалды өндіріс тақырыптары талқыланды.Қазақстандық делегация құрамында Ұлттық инженерлік академия, жетекші университеттер мен ғылыми-зерттеу институттарының өкілдері болды. Олар қытайлық әріптестерімен ғылыми-технологиялық ынтымақтастықты кеңейту жолдарын қарастырды.Ляонин провинциясының губернаторы Ван Синьвэй ресми қабылдауында делегацияны жылы қарсы алып, ғылым мен инновациядағы серіктестіктің маңыздылығын атап өтті. Өз кезегінде Ұлттық инженерлік академияның вице-президенті, академик Амандық Төлешов:«Қазақстан мен Қытай арасындағы достық қатынастар университеттер мен ғылыми ұйымдардың ынтымақтастығын жүйелі әрі қарқынды дамытуға жол ашып отыр», – деді.Ол мысал ретінде Қытай ғылым академиясының Шэньян автоматтандыру институты мен Ө.А.Жолдасбеков атындағы Механика және машинатану институтының робототехникалық жүйелер мен жасанды интеллект әдістерін әзірлеу бойынша бірлескен жобаларын атап өтті.Подфорумның пленарлық сессиясында қазақстандық делегация Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2025 жылғы Жолдауында айқындалған цифрландыру мен жасанды интеллектті дамыту басымдықтарының өзектілігіне тоқталды.Дөңгелек үстел пікірталасында Рудный индустриалды университетінің ректоры Нұрбек Сапарходжаев Ғылым және жоғары білім министрлігінің AI Sana бастамасы мен университеттерді қолдауға арналған өзге де салалық бағдарламалардың өнеркәсіп үшін қолданбалы шешімдер әзірлей алатын «ЖИ буынын» қалыптастырудағы рөліне басымдық берді.Форум аясында Қазақстан мен Қытайдың ғылыми-білім беру ұйымдары арасында бірқатар стратегиялық құжаттарға қол қойылды. Атап айтқанда, академик Ө.А.Жолдасбеков атындағы Механика және машинатану институты мен Қытай ғылым академиясының Шэньян автоматтандыру институты (SIA CAS) соңғы үш жылда дамып келе жатқан әріптестікті жаңа деңгейге көтеріп, бірлескен зерттеулер мен кадрлар даярлау негізінде Алматыда Қазақстан-Қытай робототехника және зияткерлік жүйелер орталығын құрды. Сонымен қатар, делегация SiaSUN компаниясымен келіссөздер жүргізіп, институт базасында құрастыруды жергіліктендіру, сервистік қызмет көрсету және инженерлік орталық ашу жөнінде уағдаласты; бұл жоба Қазақстан мен Орталық Азия нарығына бағытталмақ. Бұған қоса, Рудный индустриалды университеті мен Халықаралық инженерлік-технологиялық университет Шэньяндағы SIA CAS-пен меморандумдарға қол қойып, жасанды интеллект пен робототехника бойынша бірлескен білім беру бағдарламаларын әзірлеу, қолданбалы ҒЗТКЖ-ны жүзеге асыру, жас ғалымдар мен студенттердің тағылымдамалары мен академиялық алмасуларын ұйымдастыру, сондай-ақ халықаралық гранттық жобаларға қатысу үшін консорциумдар құруды көздеді.Қазақстандық делегацияның қатысуы ғылым, білім және өндіріс интеграциясын нығайтып, жаңа технологияларды трансферлеу мен бірлескен әзірлемелерді жүзеге асыруға тың серпін берді. Форум Қазақстан-Қытай ынтымақтастығын жаңа деңгейге көтеріп, отандық инновациялардың халықаралық экожүйеге тереңірек енуіне мүмкіндік берді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sci/press/news/details/1077910?lang=kk
Қазақстан мен Германия "Partnering in Business with Germany" бағдарламасын іске асыру туралы келісімді 2026-2028 жылдарға ұзартты 14.10.2025
Астанада кооперациялық жобаларды іске асыру қорытындысына арналған Кеңейтілген конференция шеңберінде "Partneringin business with Germany" бағдарламасын 2026-2028 жылдарға ұзарту туралы бірлескен келісімге қол қойылды. Бұл оқиға шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау, әріптестік байланысты кеңейту, Қазақстан мен Германияның бизнес-қауымдастығы арасында тәжірибе алмасуда екіжақты ынтымақтастықты дамытудың маңызды кезеңі."Partnering in Business with Germany" бағдарламасы Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі мен Германияның Федералдық экономика және Энергетика министрлігі арасындағы бірлескен мәлімдеме негізінде он бес жылдан бері іске асырылып келеді. Осы уақыт ішінде 800-ден астам қазақстандық кәсіпкер Германияда тағылымдамадан өтіп, бизнес жүргізудің заманауи әдістерін игерді. Өндірісті жаңғыртып, келісімшарттар жасасты. Лицензиялар мен франчайзингтер сатып алды.Биыл да қазақстандық қатысушылар бағдарламаның мүмкіндігін белсенді пайдалануды жалғастыруда. Оқу GISMA бизнес дамыту орталықтарында (Берлин, Потсдам) Ганновер көрмесіне, COGNOS (Гамбург) аймақтық көрмелерге, EABW (Тюбинген) денсаулық сақтау саласына және мамандандырылған медициналық көрмелерге, сондай-ақ CDC (Кельн) ANUGA ең ірі азық-түлік көрмесіне қатысумен қатар жүргізілді. Оқытуды, сақтандыруды, тұрудв, жалпы барлық шығынды қабылдаушы тарап өтейді.Конференция барысында бағдарлама қорытындысына және мен алдағы кезеңдегі жаңа міндеттерге ерекше назар аударылды. ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Ерлан Сағнаев құттықтау сөз сөйлеп, ынтымақтастықты ұзартудың маңыздылығын атап өтті. Бағдарлама кәсіпкерлердің кәсіби өсуіне ғана емес, екі ел арасындағы экономикалық байланысты нығайтуға да ықпал етпек.Іс-шараға Германияның Қазақстандағы елшісінің тұрақты орынбасары Ульрих Кинне, экономика және энергетика федералдық министрлігінің V департаментінің басшысы Ральф Бёме, "Атамекен" ҰКП, халықаралық ынтымақтастық жөніндегі неміс қоғамының (GIZ) өкілдері, сондай-ақ бағдарлама түлектері қатысты.Еске салсақ, 2025 жылғы 31 желтоқсанға дейін ұзарту туралы алдыңғы меморандумға 2023 жылғы 20 маусымда қол қойылған болатын. Жаңа келісім бағдарламаның жұмысын 2028 жылдың соңына дейін жалғастыруды көздейді. Бұл тәжірибе алмасып, бірлескен бастамаларды іске асыру үшін қосымша мүмкіндік береді.Анықтама: "Partnering in Business with Germany" бағдарламасы қатысушыларға ұқсас кәсіпорындардағы тәжірибе мен шетелдік әріптестермен іскерлік байланыс орнатуды, шетелдегі тақырыптық бизнес-тағылымдамаларды көздейді. Қатысушылар технологияларға, заманауи жабдықтарға, технологиялар трансферті құралдарына, тауарлар мен қызметтерді өзара жеткізу мүмкіндігіне, сондай-ақ бірлескен кәсіпорындар құруға қол жеткізе алады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1077586?lang=kk
Қарағандылық спортшы батуттық гимнастикадан Әлем кубогының жүлдегері атанды 14.10.2025
Қарағандылық Ерлан Тасмағамбетов батуттық гимнастикадан Әлем кубогында қола медаль жеңіп алды. Жарыс Болгарияның Варна қаласында өтті.Ұлттық құраманың сапында барлығы үш қарағандылық спортшы бақ сынады – дуэт құрамында Данил Мұсабаев пен Никита Тумаков, сондай-ақ Ерлан Тасмағамбетов болды. Ол павлодарлық Виктория Бутолинамен жұптасып өнер көрсетті. Нәтижесінде Тасмағамбетов пен Бутолина үшінші орынға ие болды.– Бұл жолы Мұсабаев пен Тумаковқа сәл ғана сәттілік жетіспеді, жүлдесіз оралды. Бірақ жуырда ғана Германияда өткен Әлем кубогы кезеңінде олар алтын медаль алған болатын. Мұндай жеңістер жас спортшыларды жігерлендіреді, жаңа биіктерді бағындыруға жол ашады. Біздің межеміз бұрыннан биік: ірі әрі беделді жарыстардың бірнеше дүркін жүлдегерлері мен чемпиондары атандық. Қазақстан батуттық гимнастикада әлемдік деңгейде танылған және мойындалған. Ерлан Тасмағамбетовтың бұл жолғы қола медалі – соның тағы бір дәлелі, – дейді Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Сергей Вертянкин.Жыл соңына дейін қарағандылық спортшыларды қарқынды кезең күтіп тұр. Қазір батутшылар 29 қыркүйек пен 4 қазан аралығында өтіп жатқан ТМД ойындарында ел намысын қорғауда. Ал одан кейін Ерлан Тасмағамбетов, Данил Мұсабаев пен Никита Тумаков Испанияға аттанып, Әлем чемпионатына қатысады.– Әрине, біз медаль жеңеміз деген жігермен барамыз және жеңіске сенеміз. Біздің спортшыларда барлық мүмкіндік бар: сәтті комбинациялар, мықты дайындық, жақсы физикалық қалып. Сондықтан біз оларға жанкүйер боламыз! – дейді бапкер.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/1077432?lang=kk
Еуразия ұлттық университетінің әскери кафедрасы еліміздің әскери дайындалған резервін дайындайды 14.10.2025
Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде запастағы офицерлер мен сержанттар даярлаудағы әскери кафедраның рөліне арналған "Отанға қызмет – абыройлы міндет" атты іс-шара өтті.Кездесуге Қорғаныс министрлігінің, Астана қаласының қорғаныс істері жөніндегі департаментінің, Әскери-тарихи мұражайдың өкілдері, ардагерлер, кафедраның оқытушылары мен студенттері қатысты.Запастағы подполковник Әбубәкір Смайыловтың айтуынша, жиырма жылда кафедра 4000-нан астам офицер мен 1000-нан астам сержант дайындаған. Бүгінгі таңда 670-ке жуық студент жоғары білім базасында әскери-есептік мамандықтарды меңгеруде.Проректор Ардақ Бисембай, әскери кафедра бастығы генерал-майор Еділ Оразов пен запастағы полковник Ғани Артықов студенттерге өздерінің кәсіби жолдары туралы айтып, әскери қызметтің көшбасшылық қасиеттер мен азаматтық жауапкершілікті тәрбиелеудегі маңыздылығын атап өтті.Түлектердің қызмет жолындағы табыс тарихы да қатысушылардың ерекше назарын аударды. 2009 жылы кафедраны бітірген подполковник Мұрат Әбуов бүгінде мемлекеттік басқару академиясының докторанты, ал майор Дәулет Қадыров (2015 жылғы шығарылым) Әскери-тарихи музейді басқарады.Болашақ офицерлер де өз таңдауларын жеткізді. Екінші курс студенті Аружан Олжабаева офицер тек форма ғана емес, сонымен қатар ел қауіпсіздігі үшін үлкен жауапкершілік екенін атап өтті.- Өзім бұл жолды таңдағанымды мақтан тұтамын. Мен абыроймен қызмет етіп, құрбыларымды да  әскери мансапқа шақырғым келеді, - деді ол.Кездесу барысында әскери дайындық, жастарды қызметке ынталандыру және ұлттық қорғаныс жүйесіндегі мансаптық өсу перспективалары мәселелері талқыланды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1077517?lang=kk
Қонаевта жасанды интеллект технологияларына арналған ауқымды AI WEEK апталығы өтеді 14.10.2025
Қонаев қаласында, Alatau Hub-та 29 қыркүйек пен 2 қазан аралығында жасанды интеллект технологияларына арналған AI WEEK апталығы ұйымдастырылады. Іс-шара өңірдегі IT-мамандарды, кәсіпкерлерді, студенттерді және жаңа технологияларға қызығатын қауымды бір арнаға тоғыстырып, практикалық білім мен тәжірибе алмасуға жағдай жасайды.Апталықтың басты мақсаты - жасанды интеллект құралдарын жергілікті бизнеске, білім беру және креативті индустрияларға барынша жақындату, олардың цифрлық трансформациясын жеделдету, аймақтық технологиялық экожүйені нығайту.  AI Week бағдарламасы әр түрлі форматтағы, практикалық құндылығы жоғары іс-шаралардан тұрады:AI Workshop - жасанды интеллект фаундерлердің күнделікті жұмысын қалай жеңілдететінін көрсететін, нақты кейстерге негізделген тәжірибелік кездесу;AI Bootcamp - генеративті жасанды интеллектінің қыр-сырын ашатын үш күндік қарқынды оқу форматы. Қатысушылар ЖИ негіздерін меңгеріп, нейрондық желілерді өз жұмыстарында (мәтін жазу, сурет жасау, процестерді автоматтандыру) тиімді қолдануды үйренеді;AI Pizza Pitch - еркін форматтағы стартап идеялардың таныстырылымы, пайдалы пікірлер мен жаңа байланыстарға жол ашатын кездесу;AI Speaker Talk - жетекші сарапшылардың қатысуымен өтетін ашық әңгіме алаңы. Мұнда қатысушылар жасанды интеллекттің бүгінгі трендтерімен танысып, нақты кейстерді талқылап, тікелей сұрақ қоя алады.AI Week- бұл өңірлік технологиялық экожүйені дамытуға бағытталған маңызды стратегиялық қадам.Іс-шара жасанды интеллектке қызығатын жастар мен кәсіпкерлер үшін бірегей мүмкіндік береді. Олар тек терең білім алып қана қоймай, саланың үздік мамандарымен тікелей байланыс орнатып, инновациялық қауымдастықтың белсенді бөлігі болуға мүмкіндік алады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1077317?lang=kk
Өңірдегі шағын және орта бизнестің дамуы 14.10.2025
2025 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша облыста 69 222 шағын және орта кәсіпкерлік (бұдан әрі - ШОК) субъектілері әрекет етеді, бұл 2024 жылдың деңгейіне 105,9% құрайды (2024 ж. 1 қыркүйек – 65 379 бір.), оның ішінде 9 568 – шағын кәсіпкерліктегі заңды тұлғалар, 148 – орта кәсіпкерліктегі заңды тұлғалар, 53 211 жеке кәсіпкерлер және 6 295 – шаруа қожалықтары.2025 жылдың 1-тоқсанның қорытындысы бойынша ШОК-та жұмыспен қамтылғандар саны 164 277 адамды құрайды (2024 ж. 1-тоқсанның қорытындысы – 159 195 адам), оның ішінде шағын кәсіпкерліктегі заңды тұлғаларда 50 082 адам, орта кәсіпкерліктегі заңды тұлғаларда – 25 341 адам, жеке кәсіпкерлікте – 77 089 адам, шаруа қожалықтарында – 11 765 адам жұмыспен қамтылған (статистикалық деректер есепті кезеңнен кейінгі тоқсанға кешіктіріліп, тоқсандық негізде қалыптастырылады).ШОБ субъектілерінің өнім шығаруы номиналды түрде 15,5%-ға ұлғайып, 515 962 млн. теңгені құрады (2024 жылғы 1-тоқсанның қорытындысы бойынша- 446 680 млн. теңге), оның ішінде шағын кәсіпкерліктің заңды тұлғалары 182 230 млн. теңге сомасына өнім шығарды, орта кәсіпкерліктің заңды тұлғалары – 133 525 млн. теңге, жеке кәсіпкерлер – 199 174 млн. теңге, шаруа қожалықтары – 1 033 млн. теңге. Бұл ретте өнім шығарудың НКИ 16,2% пайыздық тармаққа ұлғайып 106,4% құрады (2024 жылдың 1-тоқсанның қорытындысы бойынша – 94,7%), өнім шығарудың жалпы қосылған құны 11,1% ұлғайып 321 322,4 млн. теңгені құрады (2024 жылдың 1-тоқсанның қорытындысы бойынша – 289 308,3 млн.теңге). ЖӨӨ-дегі шағын және орта бизнестің үлесі 30,2% құрайды (2024 жылдың 1-тоқсанның қорытындысы бойынша– 29,7%, төмендеу-0,5%) (статистикалық деректер есепті тоқсаннан кейінгі тоқсанға кешігіп тоқсандық негізде қалыптастырылады).Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1077321?lang=kk
Қарағанды облысы – онлайн-саудадағы отандық көшбасшылардың бірі 14.10.2025
Қарағанды облысы Қазақстанда электронды сауданы дамытуда алдыңғы қатарлы өңір саналады. Бұл – жергілікті бизнестің белсенділігінің және отандық Teez маркетплейсінің серпінді дамуының нәтижесі. Қазірдің өзінде еліміздегі әр бесінші онлайн-тапсырыс Қарағанды үлесіне тиіп отыр.Teez – жеткізу мерзімі бар болғаны бір күнді құрайтын, қазақстандық қарқынды дамып келе жатқан онлайн-сауда алаңы. 2024 жылдың қыркүйегінде іске қосылған жоба қысқа уақыт ішінде зор нәтижеге қол жеткізді. 2025 жылдың қаңтарында қарағандылықтар берген тапсырыстар көлемі 2,3 миллионнан асып, бұл Қазақстандағы барлық онлайн-сатылымдардың 17,8 пайызын құрады.Арада бір жыл өткенде, 2025 жылдың қыркүйегінде Teez тәулігіне 10 мыңнан астам тапсырысты қабылдап, еліміздің 30 қаласына жеткізіп отыр.Қарағанды мен өзге өңір кәсіпкерлері үшін Teez – өнімдерін сату және нарыққа шығарудың тиімді құралы. Бүгінде алаңда 37 мың отандық кәсіпкердің тауарлары ұсынылған.— Біздің мақсатымыз – әрбір қазақстандық брендтің халықаралық деңгейде бәсекеге түсуіне мүмкіндік беру. Осы үшін біз қолайлы экожүйе қалыптастырып жатырмыз: төмен комиссия, тегін сақтау, жарнамалық қолдау және жедел жеткізу, — дейді Teez компаниясының бас директоры Линар Хуснуллин.Маркетплейстің өңірде дамуы жаңа жұмыс орындарының ашылуына да ықпал етуде. Бүгінде Қарағандыда 350-ден астам адам Teez компаниясында еңбек етсе, алдағы жылдары бұл сан бүкіл Қазақстан бойынша 8 мыңға жетуі жоспарланып отыр.Электронды сауданың өркендеуі логистика, курьерлік қызмет және қоғамдық тамақтану секілді салалардың дамуына да серпін беруде.Өткен жылдың қарашасында Қарағандыға жұмыс сапарымен келген ҚР Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев атап өткендей, өзінің географиялық орналасуы мен инфрақұрылымдық әлеуетін ескере отырып, Қарағанды облысы Қазақстанның ғана емес, бүкіл Орталық Азияның да ірі сауда-логистикалық хабына айнала алады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/1077274?lang=kk
«Айбалта-2025»: тыл қызметі далалық жағдайда әскерді толық қамтамасыз етті 14.10.2025
Маңғыстау облысында өтіп жатқан «Айбалта-2025» жедел-стратегиялық оқу-жаттығуы аясында материалдық-техникалық қамтамасыз ету бөлімшелерінің дайындығы тексерілді.Тыл қызметтері үйлесімді әрекет етіп, уақтылы далалық тамақтандыру пункттерін, медициналық бекеттер мен лагерьлерді орналастырып, әскерді сумен, азық-түлікпен, мүлікпен және жанар-жағармаймен қамтамасыз етуді жолға қойды. Әскери техниканың дайын күйде болуын қамтамасыз ету үшін жөндеу-қалпына келтіру бөлімшелері жұмыс істеді.Логистика мәселелеріне және қызметтер арасындағы өзара іс-қимылға ерекше назар аударылды. Оқу-жаттығудың нәтижелері материалдық-техникалық қамтамасыз ету күштері кез келген жағдайда жедел әрі тиімді әрекет етуге қабілетті екенін көрсетті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1077308?lang=kk
Биыл 100 базарды жаңғырту жоспарланған 14.10.2025
Жалпы, соңғы 4 жылда 156 базар жаңғыртылды. Жол картасына сәйкес биыл 100 базарды жаңғырту жоспарланған. Бұл туралы ОКҚ алаңында ҚР СИМ Сауда комитеті төрағасының орынбасары Ернұр Жәутікбаев хабарлады.«Қазіргі таңда осы 100 базардың 57-сінде құрылыс жұмыстарын толық аяқталған, ал қалғандарында жұмыстар жартылай орындалған немесе аяқталу кезеңінде», - деді спикер.Оның айтуынша, Сауда министрлігі 2029 жылға қарау заманауи сауда форматының үлесін 70%-ға жеткізуді көздеп отыр. Қазір бұл көрсеткіш 41%-ды құрайды. Сондай-ақ қолма-қол ақшасыз төлем жүйелерін енгізу, санитарлық нормаларды және өртке қарсы қауіпсіздік шараларын күшейту бойынша жүйелі жұмыс жүргізіліп жатыр. Заңнама талаптарына сәйкес, 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап жаңғырту жұмыстарын аяқтамаған базарлардың иелеріне қатысты әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1076953?lang=kk
Аймақ басшысы ел ағасы Оразғали Бекпановты 85 жас мерейтойымен құттықтады 14.10.2025
Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Қазалы аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы, «Құрмет» орденінің иегері Оразғали Бекпановты 85 жас мерейтойымен құттықтады. Жиынға облыстық мәслихаттың төрағасы, ардагерлер, құқық қорғау органдарының басшылары, зиялы қауым өкілдері қатысты.Аймақ басшысы еңбекті елеу, азаматқа лайықты құрмет көрсету, халық болып ризашылық таныту елдіктің белгісі екенін атап өтіп, мерейтой иесіне құттықтауын жеткізді.«Сыр өңірі – құт-береке дарыған, бабалар дәстүрі ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, сабақтастығы үзілмеген қасиетті мекен. Еңбегімен елге сыйлы, өмір жолы жас ұрпаққа өнеге болған еңбек адамдарынан кенде емес. Туған жер алдындағы азаматтық парызын адал атқарған жандардың ерен еңбегі, қалтқысыз адал қызметі бізге қашанда үлгі.Биыл ел ағасы, Қазалы аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Бекпанов Оразғали Достанұлы 85 жасқа толды. Ол еңбек жолын 1959 жылы вагон депосында қарапайым слесарь болып бастаған. Теміржол училищесінде шебер, директордың орынбасары, директоры, Жаңақазалы поселкелік кеңес атқару комитетінің төрағасы, Әйтеке би кентінің әкімі лауазымдарында болды. Кент әкімі кезінде аудан орталығының әлеуметтік-экономикалық өсіп-өркендеуіне өз үлесін қосты.Оразғали Достанұлы зейнетке шықса да, қоғамдық өмірге белсене араласып, Қазалы аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы қызметінде елді бірлікке үндеп, жас ұрпаққа тәлім-тәрбие көрсетіп келеді.Сыр жұртшылығы аймақтың дамуына үлес қосқан, елдің ыстық ықыласына бөленген өздеріңіздей жерлестерімен мақтанады. Тілеулес азаматтардың атынан мерейтойыңызбен шын жүректен тағы да құттықтаймыз! Жастарға жол көрсетіп, әрқашан игі істердің басында жүргейсіз. Мерейлі сәтте Өзіңізге мықты денсаулық, жақындарыңызға амандық, отбасыңызға бақ-береке тілеймін,» – деді Нұрлыбек Машбекұлы.Жиында облыс әкімі мерейтой иесіне Қызылорда облысының Құрмет грамотасын табыстап, дәстүрге сай құрмет көрсетті. Облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Дүйсенбаев, Қазалы ауданының құрметті азаматы, «Құрмет» орденінің иегері Әлімбай Қасқырбай құттықтау сөз сөйлеп, ақжарма тілектерін білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/1077000?lang=kk
Қарағандыда мемлекеттік қаржы саласының цифрлы трансформациясы жөнінде талқыланды 14.10.2025
ҚР Қаржы министрлігі өкілдерінің халықпен кездесулері мемлекет пен азаматтар арасындағы сенімді нығайтуда маңызды рөл атқарады. Ашық диалог қаржы саясатындағы аспектілерді, оның ішінде салық заңнамасы мен бюджет бағдарламаларындағы өзгерістерді түсіндірумен қатар кері байланыс орнатуға мүмкіндік береді. Бұл азаматтар мен бизнестің өзекті мәселелері мен қажеттіліктерін анықтауға көмектеседі.Айталық, Қаржы вице-министрі Әсет Тұрысов Қарағанды облысының кәсіпкерлері және тұрғындарымен кездесті. Аталған кездесу ашық диалог форматында өтіп, онда салық саясатындағы өзекті мәселелер, бизнеске арналған мемлекеттік қолдау шаралары, сондай-ақ жергілікті кәсіпкерлер мен өңірдегі халықтың алдында тұрған проблемалар талқыланды.Әсет Нұрланұлы айтқандай, Қарағанды облысы бойынша 2024 жылға арналған мемлекеттік бюджетке салық түсімдері бойынша жоспар 97,6% орындалды. Сондай-ақ Қаржы министрінің орынбасары биылғы бірінші жартыжылдықта өңірдің 67,6 мың тұрғыны көлік пен мүлікке қатысты салық жеңілдіктерін пайдаланып, сол арқылы салықтан босатылған соманың мөлшері 741,5 млн теңгеден асқанын жеткізді.Сонымен қоса кездесуде мемлекеттік қаржы жүйесінің цифрлы трансформациясына ерекше назар аударылды.Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауында Үкіметтің алдына экономиканың барлық саласын жаңғырту үшін жасанды интеллектіні енгізуді тапсырды.Қазір министрлік ЖИ элементтерін қолдана отырып, цифрлы шешімдерді белсенді түрде енгізуді қолға алды. Бұл қажетті процестерді автоматтандыруға, бюрократияны азайтуға және салық органдарымен өзара байланыс кезінде адами факторды тежеуге мүмкіндік береді.Бұдан бөлек вице-министр ведомствоның цифрлы жобаларын, оның ішінде «СӘИЖ», SDF ақпарат жүйесін, Кәсіпкердің бірыңғай жеке кабинетін, сондай-ақ e-Salyq Azamat және e-salyq Business мобильді қосымшаларын таныстырды. Аталған өнімдері салық рәсімдерін жеңілдетуге, әкімшілік жүктемені азайтуға және ашықтықты арттыруға бағытталған.Мұндай жобалар «Цифрлық мемлекет» қағидаттарына сәйкес келетін заманауи, клиентке бағдарланған әкімшілендіру жүйесін қалыптастыруға септеседі.Кездесу соңында вице-министр қарағандылықтардың өзекті сұрақтарына жауап берді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/minfin/press/news/details/1076780?lang=kk