Enbekshi QazaQ

Қуқық

Қазақстан Нью-Йорктегі БҰҰ форумында Орнықты даму мақсаттары бойынша үшінші Ерікті ұлттық шолуды ұсынады 09.05.2025
2025 жылғы шілдеде Қазақстан 39 елдің қатарында БҰҰ-ның Нью-Йорктегі штаб-пәтерінде өтетін орнықты даму жөніндегі жоғары деңгейдегі Саяси форумда үшінші Ерікті ұлттық шолуды таныстырады. Форум - түрлі ел БҰҰ-ның 2030 жылға дейінгі Күн тәртібін іске асыру тәжірибесімен және жетістігімен бөлісетін басты халықаралық алаңның бірі.Шолу жұмысын Ұлттық экономика министрлігі мемлекеттік органдармен, азаматтық қоғаммен, бизнеспен және халықаралық әріптестермен бірлесіп жүргізуде. Орнықты даму мақсаттары жөніндегі үйлестіру кеңесі процестің дайындық жоспарын бекітті.Шолудың жобасы БҰҰДБ мен Экономикалық зерттеулер институтының қолдауымен өткізілген өңірлік семинарларда талқыланды. Диалогқа барлық негізгі топтар, соның ішінде жастар өкілдері қатысты.Сонымен қатар, елімізде Орнықты даму мақсаттарын мемлекеттік жоспарлау жүйесіне интеграциялау жалғасуда. 2024 жылғы қазанда Ұлттық индикаторлардың жаңартылған тізбесі бекітіліп, 200 көрсеткіштің 69-ы басым бағыт ретінде белгіленді. Бүгінгі таңда олардың 93%-ы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарында ескеріліп, ал өңірлерде облыстардың даму жоспарына толықтай енгізілген.Осылайша, Қазақстан тұрақты және инклюзивті өсуге қол жеткізуге, мемлекеттік басқару сапасын жақсартуға және халықаралық аренадағы өз ұстанымын нығайтуға дәйекті түрде көшуде.Бұл Қазақстанның БҰҰ шеңберінде ұсынатын үшінші шолуы. Осындай есептер 2019 және 2022 жылдары сәтті таныстырылып, халықаралық әріптестер тарапынан жоғары бағаланған еді. 2025 жылғы форумға қатысу еліміздің жаһандық күн тәртібіне ниеттестігін айқындап, халықаралық қоғамдастықпен ынтымақтастығын күшейтеді.Анықтама: Ерікті ұлттық шолу Күн тәртібі-2030 қабылданған сәттен бастап, еліміздің Орнықты даму мақсаттарына қол жеткізудегі ілгерілеуін көрсетеді. Бұл тәжірибе алмасуға, мемлекеттік институтты нығайтуға, жаһандық міндеттерді жүзеге асыруға әріптестерді кеңінен тартуға ықпал етеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/990136?lang=kk
Қазақстан мен Моңғолия СІМ басшыларының телефон арқылы сөйлесуі туралы 09.05.2025
Астана, 2025 жылғы 6 мамыр – Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Моңғолияның Сыртқы істер министрі Батмунхийн Батцэцэгпен телефон арқылы сөйлесті.Келіссөздер барысында тараптар сауда-экономикалық, инвестициялық және көлік-логистикалық байланыстарды жандандыру мәселелеріне ерекше назар аудара отырып, қазақ-моңғол ынтымақтастығының қазіргі жағдайы мен перспективаларын талқылады.Биік деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыру және Қазақстан мен Моңғолия арасындағы стратегиялық серіктестікті тереңдету үшін күш-жігерді үйлестірудің маңыздылығы аталып өтті.Сұхбат қорытындысы бойынша тараптар іс-қимылды одан әрі нығайту мақсатында екі елдің сыртқы саяси ведомстволары арасындағы байланыстарды жоғары деңгейде сақтауға келісті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/990118?lang=kk
Қорғаныс министрлігі қорғаныс саласындағы үздік IT-әзірлемелерді қолдады 09.05.2025
Елордадағы Astana Hub IT-стартаптар халықаралық технопаркінің алаңында Defense Tech хакатоны өтті.  Ұйымдастырушылар бұл шараны Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орайластырды. Оған ғалымдар, IT-мамандар, өнертапқыштар, студенттер, әскери қызметшілер, қорғаныс технологияларын дамытуға үлес қосуға және өзін республикалық деңгейде танытуға ұмтылатындардың барлығы қатысты.Хакатонда қазылар алқасы Sarbaz+ порталы, жасанды интеллекті бар дербес чат-бот, коммуналдық қызметтерді есепке алу жүйесі, интеллектуалды жарықтандыру жүйесі, объектілердің цифрлық егіздері және AI-клиенттік өзіне-өзі қызмет көрсету порталы бойынша инновациялық шешімдерді ұсынды.      – Қорғаныс министрлігі үшін бұл іс-шараның маңызы зор. Біз соңғы трендтерді зерделейміз, инноваторлар мен стартаперлердің немен жұмыс істейтінін анықтап білеміз. Сол арқылы оларға өз таланттарын қолдана алатын бағыттарды ұсынамыз. Өткен хакатондардың жеңімпаздары сынақтан өтуде, олардың жобалары Қарулы күштерде пайдаланылуда және өз тиімділігін көрсетуде, – деп атап өтті Қорғаныс министрінің орынбасары Дархан Ахмедиев.    30-дан аса жобаны зерделеген қазылар алқасы қорғаныс саласында неғұрлым пысықталған және сұранысқа ие жобаларды анықтады. MyArmy.kz. командасы бірінші орын мен 2,5 млн теңге ақшалай сыйлықтың иегері атанды. Екінші орынды ішкі нормативтік құжаттар мен нормативтік құқықтық актілерді талдау үшін жасанды интеллектпен автономды чат-бот әзірлеген «Жаңғыр» командасы иеленіп, 1,5 млн теңге ұтып алды. Үшінші орын және 1 млн теңге 2D нысандарының цифрлық егіздерін әзірлеуші Uazir Tech 3D–командасына берілді.– Біздің жеті адамнан тұратын команда мерзімді және келісімшарттық әскери қызметке өтініш беруді жеңілдету үшін қосымша жасап шығарды. Кез келген адам біздің пилоттық сайтқа кіріп, тіркеліп, қызметке өтініш беріп, қажетті ақпаратты таба алады. Біздің сайтта және телеграм-ботта әскери комиссариат өкілдерінен сұрақтарға жауап алуға болады, - деп бөлісті Myarmy.kz командасының өкілі 17 жастағы Сұлтанәлі Әбілмәжін.Қатысушылардың пікірінше, хакатон идеяларды көрсету алаңына ғана емес, сонымен қатар жемісті қарым-қатынас пен пікірлес адамдармен және кәсіпқойлармен байланыс орнатуға арналған орынға айналды.Қорғаныс министрлігі мұндай іс-шараларды жылына төрт рет өткізеді. Бұл компанияларға алдыңғы тәжірибеге сүйене отырып, өз өнімдерін дамытуға және жақсартуға мүмкіндік береді. Әзірлеушілердің ұсыныстарына кезекті байқауды осы жылдың жазында Алматыда өткізу жоспарланып отыр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/990121?lang=kk
Қорғаныс министрі әскери қызметшілерге мемлекеттік наградалар табыс етті 09.05.2025
Қорғаныс министрлігінде Отан қорғаушы күні мен Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған салтанатты жиналыс өтті.Бірқатар әскери қызметшілерге Президент Ақордада мемлекеттік наградалар табыстады. Әскерлерді басқару және елдің қорғаныс қабілетін қамтамасыз ету ісіндегі жетістіктері үшін ҚР Қарулы күштері Бас штабы бастығының орынбасары генерал-майор Сәкен Жүсіпов II дәрежелі «Даңқ» орденімен марапатталды. С. Нұрмағамбетов атындағы I дәрежелі «Айбын» орденіне Қорғаныс министрлігі Халықаралық ынтымақтастық департаментінің бастығы полковник Олжас Құсайынов, Б. Момышұлы атындағы II дәрежелі «Айбын» орденіне Қорғаныс министрлігінің режимі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі әскери полиция жасағының бастығы полковник Талғат Әмірхан ие болды.28738 әскери бөлімі зеңбірек артиллериялық дивизионының фельдшері аға сержант Руслан Мейірбаев пен 25744 әскери бөлімі танк батальонының танк командирі кіші сержант Шыңғыс Бақыт азаматтық және әскери борышын үлгілі орындағаны үшін «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен марапатталды.Жас ұрпақты әскери-патриоттық тәрбиелеуге қосқан көп жылғы қызметі мен елеулі үлесі үшін ҚР Қарулы күштері Ұлттық әскери-патриоттық орталығы бастығының орынбасары – «Жауынгерлік даңқ» мұражайының бастығы Алуа Байқадамова «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағына ие болды.Жеке құрамды кәсіби мерекемен құттықтаған қорғаныс ведомствосының басшысы генерал-полковник Руслан Жақсылықов қазақстандықтар биыл атап өтетін екі күннің тарихи маңыздылығына тоқталды. – Ата-бабаларымыздың өшпес ерлігі тарихымыздың шежіресіне алтын әріптермен жазылған. Майдангерлердің жауынгерлік дәстүрін абыроймен жалғастырушы – Қарулы күштердің әскери қызметшілеріне де құрмет бөлек. Жеңімпаз ұрпақтың бүгінгі ізбасарлары жанқиярлық қызметімен мемлекеттің қорғаныс қабілетін нығайтып, бейбітшілікті, қауіпсіздік пен тұрақтылықты нығайтуға өлшеусіз үлес қосып жүр, – деді ол.Кәсіби мерекеге орай 51 әскери қызметші мен азаматтық персонал мемлекеттік наградаға ие болды. Оның ішінде 17 адам орден, 33 адам медаль және бір адам «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағына ие болды.61 әскери қызметші ведомстволық наградалармен марапатталды. Оның ішінде 37 - «Ел қорғаны», 15 - «Халықаралық ынтымақтастықты дамытуға қосқан үлесі үшін» медалі және 9 - «Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің үздігі» төсбелгісімен атап өтілді.Отан қорғаушы күніне орай Қарулы күштердегі еңбек сіңірген жылдары үшін 2274 адам «Мінсіз қызметі үшін» және 153 ардагер «Қарулы күштердің ардагері» медалімен марапатталды.Сонымен қатар Қорғаныс министрінің бұйрығымен ҚР Қарулы күштерінің 54 әскери қызметшісіне мерзімінен бұрын кезекті әскери атақтар берілді.Марапаттау рәсімінен кейін ҚР Қарулы күштері Ұлттық әскери-патриоттық орталығының шығармашылық ұжымы дайындаған мерекелік концерт өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/989970?lang=kk
ҰОС ардагерлері мен тыл еңбеккерлері: Астанадағы парадқа кімдер қатысады? 09.05.2025
2025 жылғы 7 мамыр күні сағат 11:00-де Астанада Отан қорғаушы күні және Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған ауқымды әскери шеру өтеді. Ұлы Отан соғысына қатысушылар, тыл еңбеккерлері, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің, басқа да әскерлер мен әскери құрамалардың, күш құрылымдарының ардагерлері мен әскери қызметшілері салтанатты шараның басты көрермені болмақ.Шеруге Қарулы күштердің үздік бөлімшелері, құрмет қарауылы роталары, құқық қорғау органдарының, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың өкілдері қатысады. Мерекелік іс-шара күшейтілген қауіпсіздік және бақылау шараларымен өтеді.Салтанатты шеруге Қарулы күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың 24 парадтық есептобы, 200-ден астам әскери техника, майдандық, армиялық және әскери-көліктік авиацияның 60-тан астам әуе кемелері қатысады.Парадтың тікелей көрсетілімі сағат 11.00-ден бастап елорданың бірнеше негізгі алаңдарында:- елорда әкімдігі ғимаратының жанындағы қалалық алаң – тікелей эфир және концерттік бағдарлама; «Астана Арена» стадионы – тікелей эфир және мерекелік концерт;«Astana Music Hall» тұрағы (құмыра), Б.Момышұлы даңғылы, 1 – шерудің тікелей көрсетілімі ұйымдастырылады.Сонымен бірге, әскери парад республикалық телеарналардың тікелей эфирінде көрсетіледі.Бұдан бөлек, әскери парадты өткізуге байланысты іс-шара ауданында автокөлік қозғалысы уақытша шектелетінін хабарлаймыз.Елорда тұрғындары мен қонақтарына бағдарларды алдын ала жоспарлауды ұсынынамыз.Қауіпсіздік ережелерін сақтауды және құқық қорғау органдары қызметкерлерінің нұсқауларын орындауды сұраймыз.Уақытша жабылған учаскелер барлық іс-шаралар толық аяқталғаннан кейін қайта ашылады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/989881?lang=kk
Алматыда Қорғаныс министрлігі ашық аспан астындағы әскери техника мұражайының тұсаукесерін өткізді 09.05.2025
Қорғаныс министрінің тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасары генерал-майор Шайх-Хасан Жазықбаев пен Алматы қаласы әкімінің орынбасары Азамат Қалдыбеков әскери оркестрдің сүйемелдеуімен символдық лентаны салтанатты жағдайда кесті.Іс-шараға Алматы өңірлік гарнизонының, Ұлттық ұланның, ҰҚК Шекара қызметі академиясының басшылығы, Қарулы күштердің ардагерлері, әскери жоғары оқу орындарының курсанттары және «Жас сарбаз» әскери-патриоттық қозғалысының тәрбиеленушілері қатысты.Жиынды Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-майор Шайх-Хасан Жазықбаев ашты.– Біздің ата-бабаларымыз осы қару-жарақ пен әскери техникамен Мәскеу мен Ленинградты қорғады, Сталинград пен Ржев маңындағы қанды шайқастарға қатысып, Украина мен Беларусьті, Балтық жағалауы мен Польшаны азат етті, біраз Еуропа елдеріндегі шайқастарға қатысты. Бұл мұражай бүгінгі буынға қазақстандық жауынгерлер – Бауыржан Момышұлы, Сағадат Нұрмағамбетов, Талғат Бигелдинов, Сергей Луганский, Рахымжан Қошқарбаев, Қасым Қайсенов, Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова және тағы басқа батырлардың сұрапыл соғыс жылдарынан қалған жәдігерлерін көрсететін орын, – деді ол.28 панфиловшылар саябағына және Армия үйіне келушілер Ұлы Отан соғысы жылдарында кеңес әскерлері қаруланған әскери техниканы, яғни Т-34, Т-44, Т-55 танктерін, 1931 жылғы 230 мм гаубицаларын және «Катюша» реактивті артиллериясының әйгілі БМ-13 жауынгерлік машинасын көре алады.Биыл сондай-ақ, Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай Армия үйі қалпына келтірілді. Оның алдыңғы жағында жастарға әскери-патриоттық тәрбие беру үрдістерін көрсететін заманауи барельеф орнатылған.Армия үйінің ғимаратында Ұлттық әскери-патриоттық орталықтың филиалы бар.  Ашылғаннан кейін онда балалар әскери-патриоттық клубтары жұмыс істей бастайды. Концерттік және мәрмәр залдарда, Жауынгерлік даңқ мұражайында күрделі жөндеу жүргізілді. Балалардың әскери-патриоттық фильмдерін түсіру үшін үлкен заманауи кинопавильон құрылды.– Алматы үшін Армия үйінің мәдени маңызы зор. Ғимарат сәулет ескерткіші ретінде белгілі. Біз қаланың және бүкіл Қазақстанның ең қасиетті көрікті жерлерінің бірі ретінде оның таза келбетін қастерлеп, сақтауға міндеттіміз, – деп атап өтті Қорғаныс министрінің орынбасары.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/989848?lang=kk
ҚХР азаматы қазақстандық полицейлерге алғыс айтты 08.05.2025
амбыл облысы Мойынқұм ауданы маңында Қытайдан келген турист түскі ас ішу кезінде жеке құжаттарын жоғалтып алған. Аталған аумақта қызмет атқарып жүрген патрульдік полицейлер құжаттарды тауып алып, жедел түрде иесін іздеуге кіріскен.Тәртіп сақшылары шетелдік азаматты қуып жетіп, оның жеке құжаттарын толықтай өз қолына табыстады. Сонымен қатар шетелдік азаматтың көлігіне жанармай құйып беріп, сапарына сәттілік тілеп, шығарып салды. Шетелдік азамат көрсетілген шынайы көмек пен жанашырлық үшін алғысын білдіріп, Қазақстан полициясының кәсіби әрі адамгершілікке негізделген қызметіне жоғары баға берді. Кейінірек ол әлеуметтік желіде алғыс білдірген бейнежазба жариялап, мұндай ықыластың өзіне ерекше әсер қалдырғанын атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/qriim/press/news/details/989731?lang=kk
Дипломатия музыкасы: Қазақстан «Жібек жолы» турымен келген румындық «Мадригал» хорын қарсы алды 08.05.2025
Астана, 2025 жылғы 5 мамыр – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко Румынияның «Мадригал» ұлттық камералық хорының концерттік туры аясында Астанаға келген Румыния Сыртқы істер министрлігінің Мемлекеттік хатшысы Джанина Ситарумен кездесу өткізді.Р.Василенко «Жібек жолы» турнесі шеңберінде Қазақстанның түрлі қалаларында, соның ішінде Астана мен Түркістанда бірқатар концерттер өткізетін әлемге әйгілі хордың келуіне орай қошеметін білдірді. Ол осындай мәдени іс-шаралардың халықтарды жақындастырудағы және мәдени-гуманитарлық саладағы қазақ-румын байланыстарын нығайтудағы маңызды рөлін атап өтті.Министрдің орынбасары Қазақстан мен Румыния арасындағы бұрыннан келе жатқан берік әрі достық қарым-қатынастарды ерекше атап өтіп, олардың бүгінгі күні қарқынды дамып, жаңа мазмұнды жобалармен толықтырылып келе жатқанын айтты.«Біз «Мадригал» хорының концерттері арқылы Румынияның бай мәдени мұрасымен танысу мүмкіндігі үшін алғысымызды айтамыз. Бұл мәдени шара Қазақстанда алғаш рет өткізіліп отыр, осы тұста тарихи маңызға ие. Хордың орындауында тек Румынияның ғана емес, сонымен қатар Қазақстан және Орталық Азияның басқа да елдерінің әнұрандары бар. Сондай-ақ қазақтың сүйікті «Япырай» және «Әгугай» халық әндерінің ерекше аранжировкалары әсерлі», – деп атап өтті Р.Василенко.Тараптар саяси және сауда-экономикалық салалардағы екіжақты өзара іс-қимылдың өзекті мәселелерін талқылады. Ынтымақтастықтың жаңа бағыттары, атап айтқанда, өңіраралық байланыстарды дамыту туралы пікір алмасты.Анықтама: Румынияның «Мадригал» ұлттық камералық хорын 1963 жылы көрнекті румын музыканты және дирижері Марин Константин құрды. Ұжымның репертуарында Ренессанс заманының, классикалық музыка, романтизм, Византия музыкасы, сондай-ақ румын және әлемдік композиторлардың заманауи туындылары бар. Қазақстандағы тур барысында ұжым көрермендерді румын мәдениетінің жан-жақтылығымен таныстырады. Бұл екі халық арасындағы мәдени байланыстарды нығайтуға ықпал етеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/989709?lang=kk
Солтүстіктің тыл ардагерлеріне Жеңістің 80 жылдығына арналған мерейтойлық медальдар табысталды 08.05.2025
Бүгін СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов тыл ардагерлерімен жылы әрі мағыналы кездесу өткізді. Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай оларға мерейтойлық медальдар табыс етілді — бұл соғыс жылдарындағы жанқиярлық еңбегі мен Жеңіске қосқан үлесі үшін құрмет белгісі. Ардагерлер сол ауыр кезеңдер туралы естеліктерімен бөлісті."Сіздердің төзімділіктеріңізге, рух күшіңізге және Отанға деген шексіз сүйіспеншіліктеріңізге бас иеміз. Сіздердің арқаларыңызда біз бейбіт аспан астында өмір сүріп келеміз. Сіздерге мың тағзым және мәңгілік алғыс!",- деп атап өтті өңір басшысы.Тыл ардагерлерінің еңбегі — бұл майдандағы ерлікпен тең. Соғыста жауынгерлер шайқасып жатқанда, балалар, жас жігіттер мен қыздарғ әйелдер егістікте, колхоздарда, зауыттарда, теміржолда тынымсыз еңбек етті. Күн-түн демей, тер төгіп, алғы шепті азық-түлік және қажетті ресурстармен қамтамасыз етіп,  табандылықпен Жеңісті жақындатты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko/press/news/details/989625?lang=kk
Атырау облысында химия өнеркәсібі өнімдерінің көлемі үш айда 47,7 млрд теңгені құрап, 17,7%-ға өсті 08.05.2025
5 мамырда ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен химия және мұнай-химия саласын дамыту туралы Үкімет отырысы өтті. Жиында Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов саладағы негізгі жобалар мен жетістіктер туралы баяндады.Аймақ басшысының айтуынша, арнайы экономикалық аймақта төрт ірі жоба іске асырылып жатыр:• KPI зауыты үш айда 97,8 мың тонна полипропилен өндірді. Жыл аяғына дейін зауыт 500 мың тонна толық жылдық қуатқа шығады деп күтіліп отыр. Былтыр мұнда 249 мың тонна өнім шығарылды.• «Силлено» полиэтилен өндіру зауытының құрылысы басталды. Жоба құны — 3,6 трлн теңге, қуаты — 1,25 млн тонна. Зауыт 2029 жылы іске қосылып, 800 жұмыс орны ашылады. • Бутадиен және одан шығарылатын өнімдер зауыты — «Татнефть» компаниясымен бірлескен жоба. Құрылысы 2025 жылдың екінші жартысында басталады. Құны — 408,4 млрд теңге, қуаты — 388 мың тонна. Іске қосылу мерзімі — 2027 жыл, құрылатын жұмыс орны — 800.• Терефтал қышқылы мен полиэтилентерефталат өндіру зауыты — стратегиялық серіктес іздестірілуде. Жоба құны — 720 млрд теңге, қуаты — 620 мың тонна, іске қосу мерзімі — 2028 жыл, 800 жұмыс орны ашылады.Биылғы үш айда облыстың химия өнеркәсібіндегі өнім көлемі 47,7 млрд теңгені құрап, осы кезеңдегі былтырғы көрсеткіштен 17,7%-ға артты (2024 жыл — 5,9 млрд теңге).Полипропиленді қайта өңдеуге негізделген бірнеше өндіріс іске қосылып, 400-ден астам жұмыс орны ашылды. Олар:• экструзиялық геосинтетикалық пленкалар (Intago ЖШС);• медициналық шприцтер (MedStarExport ЖШС);• тұрмыстық ыдыс-аяқ (Turan Plast West ЖШС);• полипропилен және полиэтилен қаптар (Kazchem ЖШС, Grand Materik ЖШС).Бұдан бөлек, стрейч-худ пленкасы, штапельді талшық, геотекстиль, геомембрана, геотор, пластик паллеттер мен канистрлер шығаратын жобалар жүзеге асырылуда. Бұл 500-дей жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді.Серік Шәпкеновтің айтуынша, жыл сайын жаңа әріптестік байланыс орнатуға және өткізу нарығын кеңейтуге бағытталған мұнай-газ химия өнімдерін өндірушілер форумы ұйымдастырылып келеді.Отандық полипропиленді қайта өңдеуді дамыту мақсатында «Форсаж» бағдарламасы енгізілді. Ол шикізатты жеңілдетілген бағамен сатып алуға мүмкіндік береді. Бұл бағдарлама аясында KPI мен елдің 15 өңіріндегі 114 кәсіпорын арасында келісім жасалды. Олардың қатарында Шымкенттегі кілем шығару, Қызылорда облысындағы қорғаныс каскаларын жасау, Қостанай облысындағы өнеркәсіптік сүзгілер шығару, Ақмола облысындағы Big Bag қап шығару кәсіпорындары бар.Облыс әкімі сауда және интеграция министрлігімен бірлесіп, Атырау облысында жеке индустриялық аймақ құру мәселесі пысықталып жатқанын айтты. Қытайлық инвестор Eurasia Construction Capital үшін 200 гектар жер телімі бөлінген. Сонымен қатар, Татарстанның «Химград» технополисінің операторымен де келіссөздер жүріп жатыр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau/press/news/details/989556?lang=kk
Ермағанбет Бөлекпаев соғыс ардагерлерін келе жатқан Жеңістің мерейтойымен құттықтады 08.05.2025
Ұлы Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев Ұлы Отан соғысының ардагерлерін, тыл еңбеккерлерін, қоршаудағылар мен концлагерлер тұтқындарын мерекемен құттықтады.Жеңімпаздарды соғыс жылдарындағы әндерді орындаған үрмелі аспаптар оркестрі қарсы алды, ал Т. Бигелдинов атындағы республикалық әскери мектептің тәрбиеленушілерінен құралған дәліз қонақтарды жабық дастарханға шығарып салды.Мұражай экспонаттары мен әскери жабдықтардың көрмесі де ұйымдастырылды.Бүгінде Қарағанды облысында 8 соғыс ардагері, 2634 тыл еңбеккері, 116 ардагердің жесірлері мен әйелдері, 29 концлагердің тұтқындары және 10 Ленинград қоршауында қалған адамдар тұрады.— Құрметті ардагерлер! Бұл жыл ерекше — Жеңістің 80 жылдығы. Сіздер Отан алдындағы борыштарыңызды абыроймен атқардыңыздар. Сіздердің өмірлік жолдарыңыз - жастарға үлгі, өткенмен болашақ арасындағы көпір. Біз сіздерге қарыздарымыз. Зор денсаулық, ұзақ өмір және отбасыларыңызға бақыт тілеймін! — деді Ермағанбет Бөлекпаев.Ардагерлерге, қоршаудағыларға, концлагерлер тұтқындарына және тыл еңбеккерлеріне алғыс ретінде «Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығы» мерекелік медальдары табыс етілді.Кездесуге қатысушылар соғыс жылдарын жылы сезіммен еске алды.100 жасар Григорий Петрович Степенко он сегізге толмаған кезде майданға шақырылған. Ауыр шайқастар болып, биыл Астанаға өңірден келген делегация құрамында Жеңіс шеруіне аттанады.— Мен тек бір нәрсені ғана қалаймын: қазіргі балалар соғыстың не екенін ешқашан білмеуі керек, — дейді ол күлімсіреп. — Өздеріңізді сүйіп, жерімізді сақтаңыздар!Анна Никоноровна Котова майданға шығу үшін әскери комиссариатқа үш рет барған. Кішкентай және нәзік қызды тіпті медсанбатқа алғысы келмеген, бірақ бойжеткеннің табандылығы үстем болды. 65-ші эвакуациялық госпитальдің құрамында ол Венаға дейін жетті.— Бас дәрігеріміздің бізге соғыстың аяқталғанын, жеңгенімізді айтқаны есімде. Досым екеуміз айқайлап, қуанғанбыз. Тіпті 80 жылдан кейін де бұл естелік қуаныш ұялатады, — деп еске алады ардагер. — Ал үйге біз 1946 жылы ғана оралдық. Баршаңызға денсаулық, бейбіт аспан тілеймін. Енді біздің еліміздің бірде-бір буыны соғыстың не екенін білмесін!Қару-жарақ канонадасы тыйылғанына 80 жыл болды, ал Виктор Семенович Абраменков әлі күнге дейін бәрін кешегідей есінде сақтауда. Соғыс басталғанда ол алты жаста болды және ол Смоленск облысында тұрған, онда соғыс бойы партизандар белсенді әрекет етті. Үрейге толы төрт жылда кішкентай баланың көрмегені жоқ!— Мен әлі күнге дейін кейде жарылғыш бомбаның дыбысын түсімде естимін. Ол соншалық қорқынышты болғанда, бір жерге жасырынғым келеді, — деп еске алады тыл еңбеккері. — Ал жеңісті жариялаған кезде анам жылады: біздің отбасымыздың бәрі де майданнан оралмады.Ардагерлерді құттықтау концерттік бағдарламамен жалғасты. Жергілікті орындаушылар мен ансамбльдер өз өнерлерін ортаға салды. Қарағанды музыкалық комедия театры мен Қ. Байжанов атындағы Концерт бірлестігінің әртістері соғыс жылдарындағы әндер шырқалған «На привале» әдеби-музыкалық қойылымын көрсетті. Ал ардагерлер таныс әуендерін тыңдап, бірге ән айтты.Соғыс жылдары Қазақстаннан майданға 1,2 миллионнан астам адам аттанды. Тек Қарағанды облысынан – 60 мың, оның 25 мыңы қайтып оралмаған.Суретті түсірген: Жангелді Әбдіғалым Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/989455?lang=kk
Алматы облысындағы балық аулау, егіс, АЭА мен ядролық технология 08.05.2025
Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Алматы облысына жұмыс сапарындан өңірдің ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерімен кездесті. Арнайы экономикалық аймақтағы ғылыми-инновациялық нысандарды аралап, Ядролық физика институтының жұмысымен танысты.Алматы облысында егіс науқаны белсенді жүріп жатыр. Биыл ауыл шаруашылығы дақылы 436,8 мың гектарға дейін жеткізілді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 13 мың гектарға артық. «Кең дала» бағдарламасы бойынша биыл көктемгі егіс жұмысына облыс шаруаларына 15,7 млрд теңге жеңілдікпен қаржы бөлініп, 32 өндірушіге қаражат берілген.«Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша екі жылда жалпы құны 10,8 млрд теңге болатын 1 361 қарыз алушы жеңілдікпен несие алған. 2025 жылы 2,5 млрд теңге көлемінде тағы 211 қарыз берілмек.Биылғы бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша өңірдегі АӨК секторына салынған инвестиция көлемі 13,2 млрд теңгені құрады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 2 есеге көп. Биыл облыста жоспар бойынша 33,5 млрд теңге сомасына 17 инвестициялық жоба іске асырылмақ. Оның 11-і шаруаларға 2,5%-дық жеңілдікпен, СҚО тәжірибесін тарату бағдарламасы бойынша іске асырылады. Бұл күнде 103 жаңа жұмыс орны құрылған алты жоба орындалып үлгерген.«Байсерке Агро» ЖШС оқу орталығында өткізілген вице-премьермен кездесуге 20-дан астам фермер қатысты. Кездесу барысында Серік Жұманғарин Үкіметтің диқандарды қолдауға айрықша назар аударуының нәтижесінде 2025 жылғы бірінші тоқсанның қорытындысына сәйкес, ауыл шаруашылығы саласы 3,7% экономикалық өсуді көрсеткенін атап өтті.«Мемлекеттің шаруаларды қолдауын сезініп отырғандарыңыз даусыз. Егер 2022 жылы көктемгі егіс пен егін жинауға жеңілдікпен 70 млрд теңге берілсе, бүгінде 5%-бен 700 млрд теңге, соған ұқсас мөлшерлемемен техника лизингіне тағы 200 млрд теңге бөлінді», — деп атап өтті вице-премьер. «Qazaq Balyq» қауымдастығының Алматы филиалының төрағасы, «Балық мектебі» жастар арасында балық шаруашылығын танымал ету мектебінің негізін қалаушы Мәрлен Тұрсынәлі балық өсіру саласын дамыту бойынша өз ұсынысын айтты. Оның айтуынша, балық шаруашылығын дамытудың 2021-2030 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы саланың дамуына айтарлықтай серпін берген. Сонымен қатар, су тапшылығы жағдайында балық өсіруді одан әрі тиімді дамыту үшін жем-шөп құнын субсидиялауда, бассейндерге жер асты суын пайдалану үшін ұңғыманы бұрғылау шығынын жабу мақсатымен суға жеңілдікті тариф енгізуде, өнімге ветеринариялық құжат алу процесін оңайлатуда, цифрландыруда мемлекеттің қолдауы қажет. Серік Жұманғарин АШМ-ге барлық ұсынысты егжей-тегжейлі қарап, балық шаруашылығын қолдау мүмкіндігін пысықтауды тапсырды. Сондай-ақ кездесуде фермерлер субсидия төлеу кешіктірілетінін жеткізді. Вице-премьер қазіргі уақытта барлық өңірде субсидия алуға өтінім осы мақсатқа бюджеттен жыл сайын бөлінетін қаражат көлемінен едәуір асып түсіп жатқанын айтты. Фермерлерді АӨК саласындағы инвестициялық жобаларды 6% жеңілдікпен салалық қаржы институттары арқылы қаржыландыру мүмкіндігін пайдалануға шақырды. Сонымен қатар Серік Жұманғарин фермерлерді көп пайда әкелетін дақыл егу арқылы әдеттегі бидай алқабын қысқарта отырып, егінді әртараптандыруға, дәнді дақыл өңдеуді дамытуға шақырды.Премьер-министрдің орынбасары жұмыс сапары шеңберінде «Инновациялық технологиялар паркі» АЭА нысандарын аралады. Оның аумағында бүгінде АЭА құрылған сәттен бергі жалпы инвестиция көлемі 205 млрд теңге 182 компания орналасқан. Шамамен 7 мың жұмыс орны ашылып отыр. 820 жұмыс орны ашылатын 129,4 млрд теңге сомасындағы тағы 12 жоба салынуда.Сондай-ақ вице-премьер Қазақстандағы атом саласының іргелі технологиялары мен өнімдерін, оның ішінде өнеркәсіпке арналған радиоизотоптар мен радиофармпрепараттарды жасауға дейінгі зерттеу мен әзірлеменің толық циклін жүзеге асыратын жалғыз ғылыми ұйым – Ядролық физика институтының қызметімен танысты. Соңғысы, фтор-18, йод-131 және Мо-99 радиоизотопы негізінде жасалып, онкологиялық ауруларды диагностикалау мен емдеу үшін қолданылады. Өнеркәсіпке арналған радиоизотоп Еуропаға экспортталады. Еліміздің мұнай-газ өнеркәсібінде қолданылады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/989396?lang=kk
СҚО әкімі мен ТЖМ басшысы басқа өңірлерден келген құтқарушыларға алғыс білдірді 08.05.2025
Бүгін облыс халқы ерекше алғыспен басқа өңірлерден келген ТЖМ бөлімшелерін шығарып салды. Бұл рәсімге ТЖМ басшысы Шыңғыс Әрінов, СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов,  құқық қорғау органдарының, әскери құрылымдардың басшылары мен жұртшылық қатысты. "Құтқарушылар күрделі су тасқыны кезеңінде көмекке келіп, өңіріміз үшін сенімді тірек болды. Олар тәулік бойы, тізеден мұздай суда тұрып, дауыл мен суыққа қарамастан, бөгеттерді бекітіп, ауылдар мен адамдарды сақтап қалды. Солтүстікқазақстандықтардың атынан әрбір құтқарушыға ризашылығымды білдіремін",- деп атап өтті облыс әкімі.Сондай-ақ, өңір басшысы жігіттердің ата-аналары бен отбасыларына шын жүректен алғыс айтты. Олардың тәрбиесі арқасында елімізде осындай батыл, рухы мықты, нағыз қорғаушылар өсіп шықты. Облыс әкімі кәсібилік, төзімділік пен адамгершіліктері үшін рақмет айтып, ақ жол тіледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko/press/news/details/989027?lang=kk
Сарайшық қалашығына 100-ге жуық тал егілді 08.05.2025
“Таза Қазақстан” жалпыұлттық бағдарламасы аясында көне Сарайшық қалашығының аумағында кең көлемдегі сенбілік ұйымдастырылды. Шараға облыстағы мәдениет саласының 70-тен астам өкілі қатысты,- деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.«Сарайшық» сапар орталығының айналасына ондаған көшет екті. Игі іс-шара санитариялық тазалықпен шектеліп қоймай, ұлт тарихына тағзым, жас ұрпаққа қоршаған ортаны құрметтеудің жарқын үлгісін көрсетуге бағытталған.- Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы ұйытқы болған шараға басқармаға қарасты он шақты мекеменің басшылары мен қызметкерлері қатысып, өздері дайындап әкелген көшеттерін екті. Басты мақсатымыз – туған жерді көгалдандыру арқылы оның көркіне үлес қосу. Сарайшыққа келетін туристер үшін орталықтың көрікті және жайлы болуы біз үшін өте маңызды,- деді облыстық Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы басшысының орынбасары Арман Әділғалиев.Ал музей басшысы Әбілсейт Мұхтар алдағы уақытта бұл аймақтың толықтай көркейіп, туристерге жайлы жасыл орта ретінде қалыптасатынын айтты.- Қазірдің өзінде жайқалған жасыл желектің жағымды әсері сезіліп жатыр. Бұл бастама – айналамызды көгалдандырып, табиғатпен үйлесімді орта қалыптастыруға, сондай-ақ туристерге жайлы жағдай жасауға бағытталған маңызды қадам. Тал егу бір ерлік болса, оны күтіп-баптап өсіру – одан да үлкен жауапкершілік,- деді ол.Ұйымдастырушылардың сөзінше, “Таза Қазақстан” бағдарламасы аясындағы игі істер әрі қарай да жалғасын табады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau/press/news/details/988956?lang=kk
Алматы облысыденсаулық сақтау басқармасының басшысы тағайындалды 08.05.2025
Алматы облысы әкімінің өкімімен Ержан Абилхасимович Сулейменов 2025 жылғы  25 сәуірден бастап Алматы облысыденсаулық сақтау басқармасының басшысы лауазымына тағайындалды.Ержан Абилхасимович 1979 жылы туылған, білімі жоғары, 2002 жылы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік медициналық академиясын «дәрігер» мамандығы бойынша бітірген, 2015 жылы медицина ғылымдарының докторы ғылыми атағын алған.Еңбек жолын 2003 жылы «Республикалық ЖИТС орталығы» ШЖҚ КМК-ның ұйымдастыру-әдістемелік бөлімінің бас маманы болып бастағын. Әр жылдары медициналық ұйымдар мен осы бағыттағы білім беру орындарында бас маман, бөлімше басшысы, оқу бөлімшесінің меңгерушісі, директордың орынбасары лауазымдарын атқарған. 2015-2017 жылдары аралығында Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары болып еңбек еткен.2024 жылдың шілде айынан бастап бүгінгі күнге дейін «Global Health Solutions» (Глоубэл Хэлс Сэлюшнз) ЖШС-ның бас медициналық кеңесші лауазымында қызмет етті.Сондай-ақ, «Қазақстан Республикасы медицина саласының үздігі», «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 25 жыл» медальдарымен марапатталған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/988944?lang=kk
"Дипломмен ауылға" бағдарламасы 2025 жылы 2,8 мың жас маманды тұрғын үймен қамтамасыз етеді 08.05.2025
2025-2027 жылдары "Дипломмен ауылға" бағдарламасы ауылдық аумақтарды білікті кадрлармен қамтамасыз етуде шешуші рөл атқара отырып, Қазақстанда оны белсенді іске асыруды жалғастырады. "AMANAT" партиясының 2003-2007 жылдарға арналған “Халықпен бірге” сайлауалды бағдарламасының Жол картасын орындау шеңберінде ауылдық жерге жіберілетін мамандарға бюджеттік кредит беруге 2025 жылы 25 млрд теңге қарастырылған. Бұл шамамен 2,8 мың маманды тұрғын үймен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді."Дипломмен ауылға" мемлекеттік жобасы 2009 жылдан бері іске асырылуда. Ол ауылдағы кадр тапшылығы проблемасын шешуге арналған. Негізгі мақсат - денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қорғау, мәдениет, спорт, агроөнеркәсіптік кешен саласына, сондай-ақ жергілікті жерлердегі мемлекеттік басқару органдарына дипломды мамандарды тарту.Жобаға қатысушыларға мынадай әлеуметтік қолдау шарасы ұсынылады:• 100 АЕК мөлшерінде біржолғы көтерме жәрдемақы;* тұрғын үй сатып алуға немесе салуға аудан орталығында 2 500 АЕК, ауылдық елді мекенде 2 000 АЕК бюджеттік кредит бөлінеді.Кредит 15 жылға беріледі. Міндетті шарт - ауылдық жерде кемінде үш жыл жұмыс істеу.2023 жылғы 1 сәуірден бері жобаны іске асыру жөніндегі агент "Отбасы банк" АҚ. Цифрландыру мақсатында өтінім беру мен кредит алудың барлық процесі Baspana Market — otbasybank.kz/programm-bank платформасында толықтай автоматтандырылған.Жобаны іске асырудың 2009-2024 жылдардағы нәтижесі мынадай:• 114 мыңнан астам маман 23,6 млрд теңгеге көтерме жәрдемақы алды;• 52 мыңнан астам маман 189,5 млрд теңге сомасына бюджеттік кредитті пайдаланды.Біржолғы көтерме жәрдемақы алушылардың құрылымы:* Білім беру саласындағы мамандар-78 мың адам (68,3%);* Денсаулық сақтау қызметкерлері — 24,4 мың адам (21,4%);* Мәдениет, спорт және әлеуметтік қорғау қызметкерлері-6,9 мың адам (6%);* Ауыл шаруашылығы мамандары-4 мың адам (3,5%);* Ауылдық округ әкімі аппаратындағы мемлекеттік қызметшілер-900-ге жуық адам (0,8%).Тұрғын үй кредитін алушылардың құрылымы:* Білім беру саласындағы мамандар-35,1 мың адам (67,1%);* Денсаулық сақтау мамандары — 11,6 мың адам (22,2%);* Мәдениет, спорт және әлеуметтік қорғау қызметкерлері-3,4 мың адам (6,4%);* Ауыл шаруашылығы мамандары-1,9 мың адам (3,6%);* Ауылдық округ әкімі аппаратындағы мемлекеттік қызметшілер-360-тан астам адам (0,7%).Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/988860?lang=kk
Қазақстандық офицерлер 312-ші атқыштар дивизиясы ұрыс жүргізген орындарға барды 08.05.2025
Ресей Федерациясы Қарулы күштері Бас штабының Әскери академиясында оқитын қазақстандық тыңдаушылар, адъюнкттер мен докторанттар соғыс жылдарында Ақтөбеде жасақталған 312-ші атқыштар дивизиясы шайқасқан орындарға барды.Қазақстан Қарулы күштерінің әскери қызметшілері Калуга облысы Малоярославец ауданы Детчино ауылында болды. Александр Кусков басқаратын "Красная гвоздика" патриоттық клубының мүшелерімен бірге олар "Балалар мәдениет үйі" мұражай-көрме экспозициясына барды. Ауыл маңында 312-ші атқыштар дивизиясы жауынгерлерінің ерлікпен шайқасқан Детчинск секторы қорғаныс шебінің шегінде әскери жерлеу орындары бар.1941 жылдың қазан айында Можай қорғаныс шебінің Детчинск секторында Ақтөбеде құрылған көпұлтты 312-ші атқыштар дивизиясы Мәскеуді қорғауға қатысты. Қазақстандықтар Боровск, Малоярославецк және Детчинск бағыттарында шайқасқа кірді. Қазақстандық құрама үлкен шығынға ұшырай отырып, жаудың моторлы күштерінің алға жылжуын кешіктірді. Жоғары тұрған қолбасшылықтың бұйрығымен өзінің жауынгерлік позициясын сақтап қалды. 312 атқыштар дивизиясының 10867 жауынгерінен 147 ғана адам тірі қалды.– Тарихтың Ұлы Отан соғысы туралы баяндайтын беттері тым алыс және шынайы емес сияқты көрінеді, - деп бөлісті әскери академияның докторанты полковник Әсет Аққозинов. - Бірақ бостандық пен тәуелсіздікті қорғаған жерлестеріміздің ерлігі ешқашан өшпейді.312-ші атқыштар дивизиясының жауынгерлері мен Подольск жаяу әскер училищесінің курсанттары жерленген бауырластар зиратында қазақстандық әскери қызметшілерді "Д. Березовка" ауылдық елді мекенінің әкімшілік басшысы Елена Андреева қарсы алды. Мұнда салтанатты митинг өтіп, шайқаста қаза тапқан қазақстандықтарды еске алды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/988866?lang=kk
Қарағанды облысында Qaisar әскери-патриоттық ойындары өтіп жатыр 08.05.2025
Қарағанды облысындағы «Спасск» оқу-жаттығу орталығында ұйымдастырылған іс-шараға 300-ден аса жеткіншек қатысты. Олардың қатарында бастапқы әскери және технологиялық даярлық пәндерінің және әскери кафедралардың оқытушылары, «Жас сарбаз» балалар-жасөспірімдер қозғалысының тәрбиеленушілері, «Әлияшылар» қозғалысының қатысушылары және еліміздің барлық өңірлерінен келген жоғары сынып оқушылары бар. Ойынның ұйымдастырушысы – Amanat партиясының «Жастар рухы» жастар қанаты бұл шараны Отан қорғаушы күніне және Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орайластырды.     Ойынның ашылу салтанатына Мәжіліс спикері, Amanat партиясының төрағасы Ерлан Қошанов, Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев, Парламент депутаттары, Қорғаныс министрлігінің, «Астана» өңірлік қолбасшылығының басшылығы, Қарулы күштердің ардагерлері мен қоғам өкілдері қатысты.–  Qaisar ойыны пайда болғаннан бері бес мыңнан аса ұл-қызды бір арнаға тоғыстырған нағыз батылдықтың, отансүйгіштіктің, жауапкершілік пен тәртіптің ордасына айналды. Аталған қасиеттердің бәрі әр адамға өмірдің кез-келген саласында қажет. Бұндай шара адамның мінезін шыңдап, алға қойған мақсаттарға жетуге жөн сілтейді, борыштың не екенін ұқтырады, – деді партия төрағасы Еран Қошанов. Бұдан өзге ол мемлекет бүгінде қатысушыларға әскери қызметшілерді қолдауға және әскери қызметтің беделін көтеру мәселелеріне ерекше назар аударатынын да айта кетті. – Мерзімді әскери қызмет өткергеннен кейін жастар ақысыз жоғары білім ала алады. Қазірдің өзінде 4500-ден аса жас осы мүмкіндікті пайдаланды, – деп нақтылай түсті Е. Қошанов.Qaisar ойын бағдарламасында ату, автоматты бөлшектеп, құрастыру, әскерилендірілген эстафета, зерделі жарыс пен тактикалық тапсырмалар бар. Биыл бағдарламаға алғаш рет ұлттық спорт түрлері мен заманауи технологиялармен байланысты пәндер енгізілді. Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай оқу-жаттығу орталығының аумағында ұйымдастырылған көрмені тамашалаған жастар қазақстандық жауынгерлердің соғыстағы ерлігін еске алды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/988776?lang=kk
Ақтау гарнизонында сарбаздар Жауынгерлік тумен қоштасты 08.05.2025
Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің бригадасында мерзімді қызметін өтеген әскери қызметшілердің Жауынгерлік тумен қоштасу рәсімі өтті.  Іс-шараға өткен жылдың көктемінде еліміздің жеті өңірінен шақырылған 120-дан астам әскери қызметші қатысты. Қонақтардың қатарында Қарулы күштердің ардагері отставкадағы полковник Сабыр Нәжекенов, Ақтау қаласы мен Маңғыстау облысы бойынша "Аналар жүрегі" сарбаз аналары комитетінің өкілі Гүлмира Жанысбаева және әскери бөлімдердің командирлері бар.- Сіздер бригадада лайықты қызмет еттіңіздер. Бір жыл ішінде өмірлік тәжірибе жинап, нағыз ерлер мен патриоттарға тән қасиеттерді дамыта алдыңыздар. Болашақта өздеріңе пайдалы болатынына сенімдімін. Сіздерге сәттілік тілеймін, - деді бригада командирі полковник Марат Құдабаев.Әскери қызметке адалдығы және оқу-жауынгерлік тапсырмаларды сапалы орындағаны үшін сарбаздарға грамоталар, естелік сыйлықтар мен фотоальбомдар табыс етілді.Алғыс сөздер әскери қызметшілердің өздерінен де айтылды.- Әскери бөлім командирі полковник Марат Рашитұлы Құдабаевқа, бөлімше командирлері мен сержанттар құрамына біздің қалыптасу жолындағы білімі мен қолдауы үшін зор алғысымызды білдіреміз. Бүгін үйге оралғанда көпшілігіміз келісімшарт бойынша қызметін жалғастырып, тағдырымызды Қарулы күштермен байланыстыру туралы шешім қабылдадық, - деді Ержанат Болатбайұлы.Айта кетейік, көктемгі науқан қорытындысы бойынша Ақтау гарнизонынан 1500-ге жуық әскери қызметші запасқа шығарылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/988780?lang=kk
Арқалық стратегиялық рөлін қайта қайтарып жатыр: көлік, білім, инфрақұрылым 08.05.2025
Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов жұмыс сапары аясында Арқалық қаласына барып, көлік, білім, мәдениет, экология және кәсіпкерлікті қолдау салаларындағы негізгі жобалардың жүзеге асырылу барысымен танысты. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Арқалықта маңызды инфрақұрылымдық жобалардың бірі — әуежайды қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Жоба аясында терминал салынып, ұшу-қону жолағы, рулеж жолы мен перрон қайта жаңғыртылуда. Жалпы құны 8,3 млрд теңгені құрайды. Костанай – Арқалық – Қостанай, Астана – Арқалық – Астана, Алматы – Арқалық – Алматы бағыттарында әуе рейстерін ашу жоспарланған. Бұл өңірдің көлік байланысын едәуір арттырып, төтенше жағдайларда логистикалық дайындықты күшейтеді. Қостанай облысы аумағы арқылы өтетін Жезқазған – Петропавл стратегиялық автожолының жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын. Ақмола облысының шекарасынан Ұлытау облысының шекарасына дейінгі учаске биыл толықтай нормативтік жағдайға келтіріледі. Ұлттық маңызы бар бұл жоба еліміздің оңтүстік өңірлерінен Астанаға дейінгі жолды 600 км-ге, ал Қостанай мен Петропавлға дейінгі жолды 450 км-ге қысқартуға мүмкіндік береді. Бұл еліміздің негізгі экономикалық орталықтары арасындағы байланысты жылдам әрі қауіпсіз етеді. Бұдан бөлек, биыл Арқалық қаласында және жақын орналасқан елді мекендерде 42 шақырым автожол мен 51 көше жөнделеді. Бұл мақсатқа 2,4 млрд теңге бөлінді. «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында Арқалықта 300 оқушыға арналған заманауи мектеп салынып, пайдалануға берілді. Мектеп STEM-зертханамен, робототехника кабинетімен, спорт алаңымен және демалыс аймағымен жабдықталған. Жобаның жалпы құны — 2,6 млрд теңге. 61 жұмыс орны ашылды, оның 39-ы — педагогикалық. Мектеп қаладағы оқушы орындарының тапшылығын толық жапты. Биыл 540 адамға дейін күнделікті қызмет көрсетуге арналған Мәдениет үйінің күрделі жөндеу жұмыстары аяқталады. Жобаға 1,2 млрд теңге бөлінді. Нысанды мамыр айында пайдалануға беру жоспарланып отыр. Жаңартылған Мәдениет үйі қаланың қоғамдық және мәдени өмірінің маңызды орталығына айналады. Экологиялық тәрбие мен көгалдандыру мәселелеріне ерекше көңіл бөлінуде. «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында 2024 жылы Арқалықта 5000-нан астам ағаш пен 10 000 гүл көшеті отырғызу жоспарланған. Облыс әкімі Құмар Ақсақаловтың айтуынша, қаланың экологиясы мен тазалығы — баршаға ортақ жауапкершілік, бұл бағытта белсенді жастар маңызды рөл атқарады. Қоршаған ортаға деген қамқорлық олар үшін өмір салтына айналып келеді. Сапар аясында Арқалық педагогикалық институтына университет мәртебесінің берілуі де маңызды оқиға болды. Жаңа мәртебе магистратура, болашақта докторантура бағдарламаларын іске асыруға мүмкіндік береді. Журналистика, ақпараттық технологиялар, экономика, ауыл шаруашылығы сияқты жаңа білім беру бағыттарын ашу жоспарланған. Студенттер саны 5000 адамға дейін өседі деп күтілуде. Бұл қаланың ғылыми және білім беру әлеуетін айтарлықтай арттырады. Шағын және орта бизнесті қолдау мақсатында Арқалықта 1% жылдық мөлшерлемемен жеңілдетілген несиелер беретін «Бизнес-Көмек» өңірлік бағдарламасы табысты жұмыс істеуде. Бүгінге дейін жалпы сомасы 506 млн теңге болатын 11 жоба мақұлданды, оның ішінде 425 млн теңгеге 9 несие берілді. Жүзеге асырылып жатқан жобалардың қатарында асфальтбетон зауытының іске қосылуы және ұсақтау кешенінің орнатылуы бар. Бұл нысандар жол құрылысын арзандатып, инфрақұрылымдық жобаларды жеделдетуге мүмкіндік береді. Сапар барысында Құмар Ақсақалов: «Арқалық – бұл енді жай ғана картадағы нүкте емес, болашақ өсімнің, ғылымның, өндіріс пен мәдениеттің орталығы. Біз қаланың дамуына жаңа негіз қалыптастырып жатырмыз. Бұл – нақты әрі сезілетін жаңғыру», — деп атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/988753?lang=kk