Қуқық
Қостанай облысында су тасқыны жағдайы бойынша жедел штаб отырысы өтті 29.03.2025
Қостанай облысында су тасқыны кезеңінің қауіпсіз өтуі бойынша жұмыстар жалғасуда. Бүгін облыс әкімі Құмар Ақсақаловтың төрағалығымен жедел штабтың кезекті отырысы өтіп, онда өзекті мәселелер қаралып, қажетті шешімдер қабылданды.Қазіргі уақытта өңірде ауқымды іс-шаралар жүргізілуде: суды тәулік бойы сору жұмыстары жалғасуда, соңғы тәулікте 20 мың текше метр су сорылды. Елді мекендерді қорғау мақсатында 12 мың қап құм төселді, 8,7 км арық пен канал тазартылды, жағалауларды нығайту және айналасын қазу жұмыстары жүргізілуде.Облыстық автожолдарда төрт судың тасуы және екі жол жиегінің шайылу оқиғасы тіркелді. Көлік қозғалысын қалпына келтіру жұмыстары жедел түрде атқарылуда. Ерекше назар судың деңгейі жоғары учаскелерге, соның ішінде Новоселовка ауылындағы Құндызды өзеніне аударылуда. Мұнда жағдай тұрақты бақылауда, ал қажет болған жағдайда эвакуациялық шаралар қабылданатын болады.Облыс әкімі барлық қызметтердің үйлесімді жұмысын қамтамасыз ету қажеттігін атап өтіп, келесі негізгі міндеттерді белгіледі:• Елді мекендердегі өзендер мен еріген қар сулары деңгейін бақылау;• Жолдарды су шайып кеткен жағдайларда көлік қатынасын жедел қалпына келтіру;• Малдың қауіпсіз жерлерге айдалуын ұйымдастыру және ауыл шаруашылығы жануарларын сәйкестендіру;• Су ағатын арналар мен су өткізу құбырларын қар мен қоқыстан тазарту, аулаларды ретке келтіру;• Жанар-жағармай, азық-түлік, дәрі-дәрмек және басқа да қажетті заттардың қорын қамтамасыз ету.Сонымен қатар, Төтенше жағдайлар департаментіне су тасқыны жағдайлары орын алған кезде жедел әрекет ету, суды сору жұмыстарын жалғастыру және халықпен түсіндіру жұмыстарын жүргізу тапсырылды. Полиция департаментіне су басқан жол учаскелерінде тәулік бойы кезекшілік ұйымдастыру және тұрғындарға жан-жақты көмек көрсету міндеттелді.Құмар Ақсақалов барлық қажетті шаралардың уақтылы қабылданып жатқанын, жағдайдың бақылауда екенін және басты мақсат – су тасқынының салдарын барынша азайтып, халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету екенін атап өтті. Жұмыстар тәулік бойы жалғасуда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/961905?lang=kk
ӘМШ рәсімі аясында Қазақстан қабылдаған ұсыныстар Сыртқы істер министрлігінде талқыланды 29.03.2025
Астана, 2025 жылғы 19 наурыз – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінде «Адам өлшемі жөніндегі диалог алаңы» консультативтік-кеңесші органы (бұдан әрі – «АӨДА» ККО) кіші тобының кезекті отырысы өтті. Іс-шара Қазақстан Республикасының Төртінші мерзімдік Ұлттық баяндамасын Әмбебап мерзімдік шолу (бұдан әрі – ӘМШ) аясында қорғау қорытындысы бойынша алынған ұсынымдарды талқылауға арналды.«АӨДА» ККО отырысында ҚР СІМ Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі Алуа Надирқұлова мен ҚР Әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова тең төрағалық етті. Кездесу барысында 294 ұсыныс таныстырылды, оның 56-сы алғаш рет БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі кеңесінің мүше мемлекеттері тарапынан ұсынылды. Бұл ұсыныстар, атап айтқанда, отбасылық зорлық-зомбылық пен азаптауларға қарсы күресті жалғастыру, инклюзивтікті қамтамасыз ету, құқық қорғау институттарын және Ұлттық алдын алу механизмін нығайту, халықты, әсіресе осал топтарды әлеуметтік қорғау шараларын қамтиды.Қабылданған ұсыныстарды жүзеге асыру үшін төрт жылдық мерзімге арналған Ведомствоаралық жоспар әзірлеу жоспарлануда. Бұл жоспар қабылданған міндеттемелердің орындалу барысын қадағалауға және олардың іске асырылуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.Жиынға қатысушылар ӘМШ ұсыныстарын келесі бағыттар бойынша құрылымдау туралы келісті: халықаралық конвенциялар мен келісімдерді ратификациялау; құқық қорғау тетіктерін күшейту және БҰҰ-мен ынтымақтастық; азаптаулар мен қатыгездікке қарсы күрес; гендерлік зорлық-зомбылықпен күрес және әйелдерді қорғау; балалар құқықтары; сөз бостандығы, БАҚ және азаматтық қоғам; ЛГБТИ+ құқықтары және кемсітушілікке қарсы күрес; мигранттар, босқындар және азаматтығы жоқ адамдардың құқықтары; экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар; білім беру мен денсаулық сақтауға қолжетімділік; қоршаған ортаны қорғау және тұрақты даму; мүгедектігі бар адамдардың құқықтары; сыбайлас жемқорлықа қарсы күрес және сот реформасы; этникалық және діни азшылықтардың құқықтары.Жалпы, күн тәртібіндегі мәселелер ашық және сындарлы форматта талқыланды. Мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдар өкілдері адам құқықтарын қорғау тетіктерін одан әрі жетілдіру бойынша пікір алмасуға мүмкіндік алды.Қазақстан бойынша ӘМШ Жұмыс тобының баяндамасы мен БҰҰ-ға мүше мемлекеттердің ұсыныстары 2025 жылдың маусымында БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі кеңесінің 59-шы сессиясында бекітіледі.Анықтама: 2025 жылғы 23 қаңтарда БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі кеңесінің Әмбебап мерзімдік шолу жөніндегі Жұмыс тобының 48-ші сессиясында Қазақстан Республикасының адам құқықтары саласындағы міндеттемелерді орындауы және алдыңғы шолу бойынша ұсыныстарды жүзеге асыруы туралы кезекті баяндамасы ұсынылды. Бұл шолуға 100-ден астам мемлекеттің делегациялары қатысты. Олар жүргізіліп жатқан демократиялық реформаларға жан-жақты қолдау білдіріп, Қазақстанда іргелі құқықтар мен бостандықтарды нығайтуға бағытталған нақты қадамдарды қабылдауды құптады.«АӨДА» ККО 2013 жылы ҚР Сыртқы істер министрлігінің бастамасымен құрылған. Бұл алаң үкімет пен азаматтық сектор арасындағы диалогты дамытуға арналған тиімді құрал ретінде жұмыс істейді. Мұнда адам құқықтарын қорғау саласындағы өзекті мәселелер халықаралық ұйымдар мен дипломатиялық корпус өкілдерінің (БҰҰ ДБ, БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссарының басқармасы, ЕҚЫҰ және т.б.) байқаушылар ретінде қатысуымен талқыланады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/961746?lang=kk
Әскери оркестрдің үнімен: әуежайда шетелдіктерді Наурыз мерекесімен құттықтады 29.03.2025
Көктемгі күн мен түннің теңелу күніне орай ҚР Қарулы күштері Ұлттық әскери-патриоттық орталығының Орталық әскери оркестрі елорда әуежайында өнер көрсетті.Дирижер капитан Нұрлан Кучкаровтың жетекшілігімен Ұлттық әскери-патриоттық орталықтың музыкалық ұжымы халықтық, классикалық әуендерді, танымал хиттер мен әскери марштарды орындады.Ұлы Абайдың «Көзімнің қарасы» шығармасы мен «Дос-Мұқасан» ансамблінің репертуарындағы әндер көрерменді ерекше таң қалдырды.– Маған әскери оркестрдің қойылымы өте ұнады. Мен өз Отанымда мұндай концертті ешқашан көрген емеспін. Әдемі пішін және әйгілі хиттердің керемет орындалуы керемет, – деді АҚШ-тың Калифорния штатынан келген оқытушы Робин Пирс.Жолаушылар мен шығарып салушылар музыканттармен қосылып ән айтып, оларды суретке түсіріп алып жатты. Ұлттық киімдегі ақ жаулықтылар шашу шашып, мерекенің сәнін келтірді.– Мен Омбыға ұшып барамын. Әскери музыканттардың өнеріне тәнті болдым. Абайдың шығармалары әлемге танымал. Маған «Көзімнің қарасы» әні қатты әсер етті, - деді Светлана Сафонова.Әскери музыканттардың қойылымын құрмет қарауыл ротасы сарбаздарының дефилесі толықтырды. Сымдай түзелген жігіттер де саптық қимылдарымен көрермендерді бірден баурап алды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/961616?lang=kk
Наурызнама: Қарулы күштердің 5 мыңнан астам әскери қызметшісі алыс қашықтыққа марш жасады 29.03.2025
«Наурызнама» онкүндігі аясында Қарулы күштердің түрлері мен әскер тектерінде, әскери бөлімдер мен мекемелерде ұлттық спорт түрлерінен жарыстар, алыс қашықтыққа марш жасаулар мен спорттық ойындар өтті. Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов ауылындағы 03811 әскери бөлімінде әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелеріне ұйымдастырылды. Дәстүрлі киіз үйлер мен алтыбақан алыстан көз тартады. Сондай-ақ ұлттық спорт түрлеріне жарыс ұйымдастырылды. Қазақша күрестен өткен сайысқа әскери қызметшілер де, олардың балалары да қатысты.Абай гарнизонындағы 99280 әскери бөлімінің жеке құрамы Наурыз мейрамында ұлттық ойындар мен «Бата беру» байқауын өткізді. 27943 әскери бөлімінің жауынгерлері үшін қазақ күресінен, қол күресі мен арқан тартудан жарыс ұйымдастырылды.Кеңес Одағының Батыры Сабыр Рақымов атындағы Шымкент әскери колледжінде кадеттер гір көтеру, асық ату, бес асық, қол күресі және жеңіл атлетика эстафетасында бақ сынасты. – Біздің ата-бабаларымыз осы ойындардың көмегімен саналы әрі дені сау ұрпақ тәрбиелеп өсірді. Біз солардың дәстүрін жалғастырып келеміз. Бүгінде бәйге, көкпар, аударыспақ, жамбы ату, теңге ілу және сұңқар аулау (құсбегілік) сияқты ежелгі жарыстарға деген қызығушылық артуда. Тоғызқұмалақ, асық ойнау және садақ атудан өтетін турнирлеріміз көпке танымал, – деді Әскери колледж бастығы полковник Мақсат Ақшалов.Көптеген әскери бөлімдерде әскери қызметшілер мерекені алыс қашықтыққа марш жасау арқылы атап өтті. Бес шақырымдық жарысқа Гвардейск гарнизоны артиллериялық бригадасының 700-ге жуық әскери қызметшісі, оның ішінде офицерлер, сержанттар және мерзімді қызмет сарбаздары қатысты.Қарулы күштерде ұлттық спорт түрлерін дамытуға көп көңіл бөлінетінін атап өту керек. Биыл Қазақстанда әскери қызметшілер арасында қазақ күресінен CISM әлем чемпионаты өтетіні соның айқын дәлелі. Бұл халықаралық жарыс қазақ халқының ұлттық спорт түрлерін насихаттауда маңызды рөл атқармақ.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/961535?lang=kk
Наурызнама: Қарулы күштердің әскери қызметшілері көкпар тартып, теңге ілді 29.03.2025
Жамбыл облысында тау қорықшысы полкінің әскери қызметшілері ұлттық спорт күнін ат спорты жарыстарымен атап өтіп, жауынгерлік дайындық сабақтарын ұлттық спорт түрлерімен сәтті ұштастыра білді. "Теріс Ащыбұлақ" оқу полигоны бір сәт көкпар мен бәйге алаңына айналды. Теңге алу, аударыспақ ойындарында әскери қызметшілер ептілігімен ерекше көзге түсті.- Ұлттық спорт түрлері күнін әскери стильде, бірақ Наурыз мерекесі рухында өткіздік. Ұлттық дәстүрлі ойындар дене шынықтыруды ғана емес, сонымен қатар қазақ халқының салт-дәстүрлерін терең құрметтеуге мүмкіндік береді, - деп атап өтті "Оңтүстік" ӨңҚ тау қорықшысы полкінің командирі подполковник Алмас Отыншынов. - Осылайша біз жауынгерлік әрі халықтық дәстүрлерге құрмет көрсеттік.Қыз қуу жарысына, бауырсақ пен басқа да ұлттық тағамдарды дайындауға белсенді қатысқан қыздар да назардан тыс қалмады.Мерекелік іс-шараға белсенді қатысқан тау қорықшылары полкінің мерзімді қызмет сарбаздары осындай бірегей әскери бөлімшеде қызмет еткеніне қуанышты.- Әскерге дейін мен тек атқа мінуді білдім. Ал мұнда жауынгерлік техниканы игеріп, жорықтарға қатыстым. Менің қызметім негізінен ат спортына ұқсайды. Өзіме өте ұнайды, – деп бөлісті мерзімді қызмет сарбазы Диас Талғат. Ұлттық спорт күні жарысқа қатысушыларға ұмытылмас естелік сыйлады.Естеріңізге сала кетейік, тау қорықшысы полкі Қазақстан Қарулы күштеріндегі бірден-бір бөлімше. Олар елдің оңтүстік шекараларын қорғау жөніндегі міндеттерді орындайды. Әскери қызметшілерге жауынгерлік тапсырмаларды орындауға арнайы дайындалған жауынгерлік жылқылар көмектеседі. Ағымдағы жылдың ақпан айында бөлімшенің құрылғанына 25 жыл толды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/961417?lang=kk
Қазақстан Елшісі Мексика Президентіне сенім грамоталарын тапсырды 29.03.2025
Мехико, 2025 жылғы 19 наурыз – Қазақстан Республикасының Мексика Құрама Штаттарындағы Елшісі Алмұрат Тұрғанбеков Мексика Президенті Клаудия Шейнбаумға сенім грамоталарын табыс етті.Тапсыру рәсімі мексикалық мемлекет басшының ресми резиденциясы – Ұлттық сарайда өтті.Іс-шараның салтанатты рәсімі аясында Елші А. Тұрғанбеков Президент К. Шейнбауммен қысқа сұхбаттасып, мексикалық тарапқа Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қошеметі мен ізгі тілектерін жеткізді.Қазақ дипломаты еліміз Мексикамен Латын Америкасындағы негізгі серіктес ретінде жан-жақты өзара іс-қимылды ілгерілетуге ерекше мән беретінін атап өтті.Өз кезегінде Президент К. Шейнбаум Мексиканың Қазақстанмен ынтымақтастықты тереңдетуге деген ниетін растады.Сенім грамоталарын тапсыру рәсіміне Мексика Сыртқы істер министрі Хуан Рамон де ла Фуэнте де қатысты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/961344?lang=kk
Cardiff университеті 2025 жылы Қазақстанда жаңа кампус ашады 29.03.2025
Cardiff университеті 2025 жылы Қазақстанда жаңа кампус ашадыCardiff университеті Астана қаласында 2025 жылы жаңа кампусын ашатынын жариялады. Бұл маңызды қадам университеттің жаһандық дамуын жалғастырып, Орталық Азияда әлемдік деңгейдегі білім беруді қамтамасыз етуге деген ұмтылысын білдіреді.Үздік білім беру дәстүрі: Russell тобы ҚазақстандаҰлыбританияның жетекші зерттеу университеттерін біріктіретін беделді Russell тобының мүшесі ретінде Cardiff университеті Астана қаласындағы жаңа кампусына 140 жылдан астам академиялық тәжірибе, инновациялық зерттеулер мен әлеуметтік әсерін алып келеді.Cardiff университеті Қазақстанда 2025 жылы STEM (ғылым, технология, инженерия және математика) және бизнес бағыттары бойынша дайындық бағдарламаларын іске қосады, ал 2026 жылы бакалавр бағдарламалары ашылады. Студенттер Cardiff университетінің білікті оқытушылары мен зерттеу тәжірибесіне қол жеткізе отырып, жаңа салаларда және жаһандық еңбек нарығында қажет дағдыларды игереді.Астана кампусы коммерциялық емес ұйым болып табылатын «Qualified Centre of Education» (QCEF) Қоғамдық қорымен бірлесіп дамуда.Cardiff университеті сондай-ақ Қазақстан үкіметімен тығыз жұмыс істеп, алғашқы үш жылда 500-ге дейін толық қаржыландырылатын шәкіртақы бөлуді қамтамасыз етеді. Бұл бастама қазақстандық дарынды студенттердің жаңа кампуста жоғары сапалы білім алуына мүмкіндік береді.Жаһандық білім беру орталығыҚазақстанның қарқынды дамып келе жатқан экономикасы оны жоғары білім берудің маңызды орталығына айналдыруда. Қазақстанның білім беру жүйесін халықаралық деңгейге көтеру жөніндегі бастамалары Cardiff университетінің жаһандық әріптестікті дамыту және жоғары сапалы білім беру мүмкіндіктерін ұсыну миссиясымен үндеседі.Cardiff университеті Қазақстан үкіметінің әртүрлі білім беру мүмкіндіктерін кеңейту стратегиясына айтарлықтай үлес қосады, әлемдік деңгейдегі академиялық бағдарламаларды қазақстандық және халықаралық студенттерге ұсынбақ. Кампус толық іске қосылғаннан кейін жылына 2500-ден астам студентті қабылдайды, бұл аймақтың білікті кадрларын даярлауға және экономикалық дамуына ықпал етеді.Бұл туралы Cardiff университетінің президенті және вице-канцлері профессор Венди Ларнер:«Қазақстандағы Cardiff университетінің кампусы ашылатын мүмкіндіктерге қуаныштымыз. Қазақстан үкіметімен, инвесторлармен және басқа да мүдделі тараптармен кең көлемде жүргізілген талқылаулар негізінде бұл бастама екі жаққа да тиімді болатыны айқын көрініп отыр».Сондай-ақ «Qualified Centre of Education» (QCEF) Қоғамдық қорының директоры Қуаныш Күчекбаев бұл жобаның стратегиялық маңыздылығын атап өтті:«Cardiff университетінің Астанадағы филиалының ашылуы – жоғары білікті мамандарды даярлауға және өңір мен ел экономикасының тұрақты дамуына ықпал ететін стратегиялық маңызды жоба».Cardiff университетінің Қазақстандағы кампусы Ұлыбритания мен Қазақстан арасындағы білім беру, инновациялар мен зерттеулер саласындағы ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған жоғары білім беру саласындағы маңызды бастамаға айналады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sci/press/news/details/961236?lang=kk
Қазақстан Үкіметі мен Дүниежүзілік банк стратегиялық әріптестікті нығайтуда 29.03.2025
Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Дүниежүзілік банк өкілдерімен кездесу өткізді. Жиынға Орталық Азия бойынша өңірлік директор Татьяна Проскурякова, Шығыс Еуропа және Орталық Азия үшін инфрақұрылым жөніндегі өңірлік директор Чарльз Кормье, Қазақстандағы Дүниежүзілік банктің тұрақты өкілі Андрей Михнев, сондай-ақ Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстан бойынша ХҚК өңірлік менеджері Зафар Хашимов қатысты.Кездесудің басты тақырыбы – Қазақстанмен 2026-2030 жылдарға арналған әріптестіктің жаңа стратегиясы, Әріптестік туралы негіздемелік келісімді (ӘНК) ратификациялау, талдамалық қолдауды кеңейту және бірлескен жобаларды іске асыру. Серік Жұманғарин Қазақстан Дүниежүзілік банкпен ынтымақтастықтың стратегиялық сипатын жоғары бағалайтынын айтып, құрылымдық реформаларды іске асыруда және инклюзивті экономикалық өсуді қамтамасыз етуде әріптестіктің маңыздылығын атап өтті. Әріптестіктің 2020-2025 жылдарға арналған қолданыстағы стратегиясы шеңберінде елеулі нәтижелерге қол жеткізілді және Қазақстан 2026-2030 жылдарға арналған жаңа құжатты әзірлеуге дайын.«Еліміз үшін экономиканы әртараптандыру, инвестиция тарту, инфрақұрылымды дамыту және негізгі салаларды жаңғырту басым міндеттер болып қала береді. 2025 жылы ЖІӨ-нің өсуі – 5,6%-дан жоғары болуы тиіс. Банкпен бірлескен бастамалар орнықты экономикалық дамуға қол жеткізуге көмектеседі», — деп атап өтті вице-премьер.Жиын барысында Дүниежүзілік банкпен қазіргі және келешектегі жобалар талқыланды. Оның ішінде: Қамбарата ГЭС-1 құрылысы, «Жезқазған–Қарағанды» жобасын қосқанда, автожолдарды жаңғырту, өнімді инновацияларды ынталандыру және ғылым мен технологияны дамыту, Солтүстік Арал теңізі жобасы, энергетикалық және коммуналдық секторды жаңғыртуды қолдау және тағы да басқалары бар.Дүниежүзілік банктің Орталық Азия бойынша өңірлік директоры Татьяна Проскурякова ұйымның даму саласындағы ең ірі халықаралық құрылым болып саналатынын және ондаған мемлекетпен жұмыс істейтінін айтты. Ол Қазақстандағы жобалар портфелі $2,5 млрд екенін жеткізді. Дүниежүзілік банк инвестициялық қарыздан бастап нәтижеге негізделген бағдарламаға дейін қаржыландыру құралының кең ауқымын ұсына отырып, ынтымақтастықты кеңейту үшін айтарлықтай әлеуетті көріп отыр.Татьяна Проскурякова Арал теңізін қалпына келтіру жобасын қоса алғанда, басым міндеттер арасында экологиялық бастамаларды бөліп көрсете отырып, орнықты дамудың маңыздылығын атап өтті.«Әріптестік туралы негіздемелік келісімді ратификациялау процесін аяқтауды ұсынамыз. Осыған ұқсас уағдаластықты басқа да халықаралық институттар қолдануда. Бұл бірлескен жобаларды жүзеге асыру үшін жаңа мүмкіндік туғызады. Біз диалогқа ашықпыз әрі Қазақстанды оның стратегиялық мақсаттарына қол жеткізуде қолдауға дайынбыз», — деді ол.Дүниежүзілік банк Қазақстанның халықаралық негізгі әріптестерінің бірі болып қала береді. Оның сараптамалық және қаржылық қолдауы экономиканы жаңғыртуға және стратегиялық бастамаларды іске асыруға ықпал етеді.«Біз Дүниежүзілік банкке Қазақстанның дамуына қосқан үлесі үшін алғысымызды білдіреміз. Ынтымақтастығымыз жаңа стратегиялық шеңберде одан да нәтижелі болатынына сенімдіміз», — деп атап өтті Серік Жұманғарин.Вице-премьер Қазақстан Үкіметі бірлескен жобаларды іске асыруды жеңілдету үшін Дүниежүзілік банк ережелері мен рәсімдерін қолдануға мүмкіндік беретін ӘНК-ге қол қоюды және ратификациялауды қарастырып жатқанын айтты. Келісімге қол қойылғаннан кейін квазимемлекеттік компаниялар халықаралық стандарттар бойынша қаржыландыруды тарта алады.https://primeminister.kz/news/kazakstan-ukimeti-men-duniezhuzilik-bank-strategiyalyk-ariptestikti-nygaytuda-29831 Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/961228?lang=kk
Елімізде ЖІӨ құрылымының бестен бір бөлігі саудаға тиесілі 29.03.2025
ҚР Премьер-министрінің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен экономикалық өсуді қамтамасыз ету жөніндегі штабтың кезекті отырысында сауда көлемін арттыру мүмкіндіктері, Шымкент пен Жамбыл облысының экономикалық даму көрсеткіштері және инвестициялық жобаларды іске асыруды қиындататын мәселелер қаралды.Сауда Қазақстан экономикасында екінші орын алады. Оның ЖІӨ құрылымындағы үлесі 19,1%. 2025 жылдың алғашқы екі айында сауданың нақты көлем индексі жоспарланған 4,7%-дан 6%-ды құрады. Сауда НКИ-іне бес өңір ең көп үлес қосты, олардың үлесіне тауар айналымының жалпы көлемінің 73,6%-ы тиесілі (қаңтар-ақпанда – 3,5 трлн теңге). Бұл Алматы, Астана, Ақтөбе, Атырау және Қарағанды облыстары.Көтерме сауда мұнай өнімдері, автотехника, фармацевтика өнімдері, астық, қант және сусындар есебінен 6,6%-ға (6,1 трлн теңге), бөлшек сауда мұнай өнімдері, құрылыс материалдары, машиналар мен жабдықтар, кондитерлік, ет және балық өнімдерінің өсуі есебінен 4,7%-ға (2,8 трлн теңге) артты.Сауда және интеграция бірінші вице-министрі Айжан Бижанованың айтуынша, саудада негізінен микро және шағын бизнес жұмыс істейді (99%), олардың үлесіне жалпы тауар айналымының 66%-ы тиесілі. 2025 жылы сауданың нақты көлем индексін 113% деңгейінде қамтамасыз ету үшін тауар айналымын 87 трлн теңгеге жеткізу қажет (2024 жылы – 70 трлн теңге). Бұл негізінен саланың 67,5%-ын құрайтын көтерме сауданың есебінен жүзеге асырылады. Мұндай өсімге шикі мұнай өндіруді және оны қайта өңдеуді, газды ұлғайту, өңдеу өнеркәсібі мен АӨК дамыту, тұрмыстық техника желісін кеңейту, фармацевтика өндірісін ұлғайту есебінен қамтамасыз етіледі.Шикізаттық емес экспортты ұлғайту мақсатында Қытай, Ресей, Өзбекстан, БАӘ, Ауғанстан, Иран, Тәжікстан және Пәкістанға экспорттық жеткізілім географиясын кеңейту жұмысы жүргізілуде. Осы нарықтарда тұрақты болу үшін қосымша 10 сауда үйі мен серіктестік кеңселерін ашу жоспарлануда. Халықаралық маркетплейстер арқылы халықаралық электрондық саудаға интеграция жүргізілуде.Бөлшек сауда айналымның 32,5% құрайды. 2025 жылы бөлшек сауда көлемі 28 трлн теңге (2024 жылға қарай +5,5 трлн теңге) деңгейінде болжанып отыр. Бөлшек сауда нарығын ынталандыру үшін Халық Банкімен бірлесіп «Digital Bazar» жобалары енгізілуде, таңбаланатын тауарлардың тізбесі кеңейтілуде, тұтынушылық кредит беру дамуда.Сонымен қатар еліміздегі электрондық сауданың қарқынын арттыру шаралары талқыланды. Бұл сала тұрақты өсіп келеді. Алдын ала мәліметтер бойынша, 2024 жылы оның көлемі 3,2 трлн теңгені құрап, 14%-ға ұлғайды. 2025 жылы бұл көрсеткіштің 4,5 трлн теңгеге дейін өсуі күтілуде. Жедел мәліметтерге сәйкес, биылғы жылдың қаңтар-ақпан айларында нарықтың 85%-ын қамтитын ірі маркетплейстердегі тауар айналымы 0,7 трлн теңгеге жетті. Электрондық коммерция мүмкіндіктерін кеңейту мақсатында Instagram арқылы жасалатын сатылымдарды e-commerce санатына жатқызу мәселесі қарастырылуда. Сондай-ақ Kaspi.kz және Қазпоштамен бірлесіп, көтерме сауданы дамыту үшін қазақстандық және қытайлық кәсіпкерлерге арналған B2B платформасы тестілік режимде іске қосылды. Бұл платформада негізгі тауар санаттары тұрмыстық техника, үйге арналған тауарлар және жеңіл өнеркәсіп өнімдері болмақ. Аталған бастамаларды жүзеге асыру еліміздегі тауар айналымын жыл сайын қосымша 1 трлн теңгеге арттыруға мүмкіндік береді.Шымкентте биылғы жылдың алғашқы екі айында негізгі экономикалық көрсеткіштердің сенімді өсуі байқалады. Инвестиция көлемі 102,1 млрд теңгені құрады, бұл өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 68%-ға артық, өнеркәсіп – 195,5 млрд теңге (13,4%-ға өсу), ауыл шаруашылығы (7,4 млрд теңге, 2,7%-ға өсу). Қысқа мерзімді экономикалық өсу 15,7%-ға жетті, бұл қалаға елдегі көшбасшы үштік қатарына кіруге мүмкіндік берді. Өңірдің 2025-2029 жылдарға арналған инвестициялық портфелі жалпы сомасы 1,9 трлн теңгені құрайтын 190 инвестициялық жобадан тұрады, олардың аясында 25,9 мың жаңа жұмыс орны ашылады. 2025 жылы жалпы құны 181,9 млрд теңгені құрайтын 51 жобаны іске қосу жоспарланған.Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков 2024 жылы қаладағы 19 кәсіпорын 61,1 млрд теңге көлемінде фармацевтикалық өнім өндіргенін мәлімдеді. Бұл елдегі фармацевтика саласының жалпы өндірісінің 35,7%-ы. Алайда Dentafill Kazakhstan компаниясының өнімін нарыққа шығару үшін Денсаулық сақтау министрлігінде тіркеу қажет, бұл процесс 270 күнге дейін созылуы мүмкін. Осыған ұқсас қиындықтарға 2024 жылы дәрі-дәрмектерді тіркеуге 75 өтінім берген және 2025 жылы тағы 35 өтінім тапсыруды жоспарлап отырған тағы бір басқа кәсіпорын тап болған.Вице-премьер Денсаулық сақтау министрлігіне барлық ұсынылған дәрі-дәрмектер бойынша келісу рәсімдерін жеделдетуді тапсырды. Осылайша кәсіпорындар кіріс алуы тиіс және өңірдің ЖҚҚ-на үлес қоса алады.Жамбыл облысы әкімінің бірінші орынбасары Нұржан Календеровтың айтуынша, биылғы жылдың екі айында өңірдің экономикалық өсімі 12,5%-ды құрады. Өнеркәсіп көлемі 21,6%-ға (188 млрд теңге), инвестициялар жартысынан астам (54,4%-ға артып, 62 млрд теңге), ал сауда саласы 1,9%-ға (120,6 млрд теңге) өсті. Облыстың инвестициялық жобалар пулы жалпы құны 3,6 трлн теңгені құрайтын 82 жобаны қамтиды. Оның ішінде 2025 жылы 175,2 млрд теңгеге 30 жоба іске қосылып, 1,1 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылады деп жоспарлануда.Сондай-ақ спикер жекелеген ірі жобаларды іске асыруды қиындататын проблемалық мәселелерді айтты.Бірінші кезекте – өңдеу өнеркәсібін қосу үшін «Жібек Жолы» АЭА-да қызмет түрлерінің тізімін кеңейту мәселесі. 15-тен астам жоба осы тізімге енгізілуі тиіс. Кальций қосылған сода өндіруге арналған «Qazaq Soda» ЖШС-нің тағы бір ірі инвестициялық жобасы іске қосылуы үшін шикізат жеткізу және дайын өнімді тасымалдау мақсатында қосалқы аймаққа теміржол желісін тартуды күтіп отыр.Вице-премьер ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне сәуір айының соңына дейін арнайы экономикалық аймақтардағы басым қызмет түрлерінің тізіміне өзгерістер енгізуді, сондай-ақ кальций қосылған сода өндіретін кәсіпорын үшін қажетті инфрақұрылым құрылысына қаржылық қолдау көрсетуді тапсырды. https://primeminister.kz/news/elimizde-zhio-kurylymynyn-besten-bir-boligi-saudaga-tiesili-29829 Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/961013?lang=kk
Қазақстан мен Канада консулдық консультацияларды өткізді 29.03.2025
Астана, 2025 жылғы 17 наурыз – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінде Қазақстан мен Канада арасында консулдық консультациялар өтті.Кездесу барысында тараптар визалық мәселелер, көші-қон үдерісін жетілдіру және консулдық саладағы өзара ынтымақтастық перспективаларын қоса алғанда кең ауқымды мәселелерді талқылады.Қазақстандық азаматтар үшін канадалық визаларды беру рәсімдерін жеңілдетуге ерекше назар аударылды.Канадалық тарап өтініштерді өңдеуді едәуір жеңілдететін канадалық визаны ресімдеу кезіндегі жаңалықтар туралы хабардар етіп, қазіргі уақытта Қазақстан азаматтары үшін өтінімдерді қарастыру және виза беру уақыты қысқарғанын атап өтті. Сонымен бірге Канаданың өкілдері заңды көші-қон саласындағы ынтымақтастықты тереңдетуге дайындығын білдірді.Консультациялар нәтижесінде тараптар консулдық саладағы екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамытудың нақты қадамдарын белгілеп, негізгі және перспективалық бағыттар бойынша жұмысты жалғастыруға уағдаласты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/961006?lang=kk
Қазақстан көші-қон саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамытуда 29.03.2025
Астана, 2025 жылғы 19 наурыз – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Ақан Рахметуллин Халықаралық көші-қон ұйымының (ХКҚҰ) Өңірлік директоры Артур Еркенмен кездесу өткізді.Сұхбат барысында тараптар Қазақстанның ХКҚҰ-мен өзара іс-қимылына қатысты кең ауқымды мәселелерді, оның ішінде заңсыз көші-қонды алдын алу және адам саудасына қарсы күрес саласындағы ынтымақтастықты талқылады.А.Рахметуллин Орталық Азиядағы аралас көші-қон ағындарына байланысты сын-қатерлерді шешуге бағытталған Алматы процесіне қолдау көрсеткені үшін ризашылығын білдірді.Сондай-ақ тараптар 2025 жылғы 24 сәуірде Баку қаласында өтетін Алматы процесінің министрлік конференциясына дайындық мәселелері бойынша пікір алмасты. Осы конференция барысында Қазақстан аталған процесте ресми түрде төрағалықты қабылдайды.Қазақ дипломаты Алматыда құрылып жатқан БҰҰ-ның Орнықты даму жөніндегі өңірлік орталығы аясында ХКҚҰ-мен өңірлік ынтымақтастықты нығайтуға ниетті екенін мәлімдеді.Алматы процессі – Орталық Азияны қамтитын босқындарды қорғау және халықаралық көші-қон мәселелері бойынша өңірлік консультативтік платформа. 2013 жылы құрылған. Хатшылығы Алматы қаласында орналасқан.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/960901?lang=kk
Қостанай облысында ыстық брикеттелген темір өндіретін зауыт салынады 29.03.2025
Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов ERG S.a.r.l. директорлар кеңесінің төрағасы Шұхрат Ибрагимовпен кездесіп, Рудный қаласында ыстық брикеттелген темір (ЫБТ) өндіретін зауыт құрылысының мәселелерін талқылады.Бұл стратегиялық маңызды жоба өңірдегі қара металлургия саласын дамытудағы жаңа кезең болмақ. Ол 500 миллиард теңге инвестиция тартуға, 1100 жаңа жұмыс орнын ашуға және жылына 2 миллион тонна ЫБТ өндіруге мүмкіндік береді.Ыстық брикеттелген темір өндірісі шикізатты терең өңдеуді қамтамасыз етіп, өнімнің қосылған құнын арттырады.Жобаның қазіргі жағдайыҚазіргі уақытта жоба алды дайындық жұмыстары жүргізілуде, заманауи «Midrex» технологиясы таңдалды. Алдағы уақытта жабдықтарды дайындау және жеткізу бойынша келісімшарттар жасалады. 2025 жылдың жазында су, газ, электрмен жабдықтау және жол құрылысы сияқты инженерлік инфрақұрылым салу жұмыстары басталады.ERG-дің өңірлік дамуға қосымша инвестицияларыКездесу барысында Қостанай облысы әкімдігі мен ERG арасында 2,7 миллиард теңгеге ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Бұл қаражат Рудный, Лисаковск қалалары мен Қашар және Октябрьский кенттеріндегі қалалық инфрақұрылымды дамытуға бағытталады.Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов бұл жобаның өңірдегі өнеркәсіптің дамуы мен халықтың өмір сүру сапасын жақсартудағы маңызды қадам екенін атап өтті.Қостанай облысы ірі инвестицияларды тартып, жаңа жұмыс орындарын ашып, қара металлургия саласындағы орнын нығайта бермек.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/960829?lang=kk
Креативті индустрияны дамыту мәселесі талқыланды 29.03.2025
Бүгін ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен Үкімет отырысы өтті. Күн тәртібінде креативті индустрияны дамыту, мәдениет саласын цифрландыру мәселелері қаралды. Үкімет отырысынан кейін өткен мәжілісте аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаев Қызылорда қаласы, аудан әкімдері мен жауапты сала басшыларына креативті индустрия субъектілерінің қатысуымен өткізілетін ірі шаралар, жаңа жобалар бойынша нақты ұсыныстар әзірлеуді тапсырды. «Креативті индустрия субъектілеріне талдау жүргізіп, олардың санын арттыру, аудандардағы «Руханият орталықтарында» креативті хаб бұрыштарының жұмысын күшейту керек. Мемлекеттік архивтер мен мемлекеттік мекемелердің «Е-Архив» ақпараттық жүйесіндегі жұмысына ай сайын мониторинг жүргізіңіздер. Мекемелерге электрондық құжаттарды реттеп, архивке тапсыруға дайындау үшін әдістемелік, практикалық көмек көрсетіп, оқыту семинарларын өткізіңіздер», – деді аймақ басшысы. Сондай-ақ облыс әкімі жиында әскер қатарының толығуы еліміздің қауіпсіздігі мен тыныштығының кепілі екенін атап өтіп, әскерге шақырылушылардың шақыру пункттеріне уақытылы және толық келуін қамтамасыз етуді тапсырды. «Жоспардың орындалуы қатаң бақыланып, әскерге барудан жалтарып жүрген азаматтарды іздестіру, заңға сәйкес тиісті шара қабылдау керек»,-деді Нұрлыбек Нәлібаев.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/960826?lang=kk
ІІМ заңсыз қару мен оқ-дәрілерді тәркілеуді жалғастыруда 29.03.2025
Ішкі істер министрлігі заңсыз айналымнан қаруды, оның ішінде қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қару-жарақты табу және тәркілеу бойынша жұмысты жалғастыруда.- Жыл басынан бері полиция 664 қару, 54 граната және 8 мыңға жуық оқ-дәрі тәркіледі.Жалпы қабылданған шаралардың арқасында соңғы үш жылда 8 541 түрлі қару, сондай-ақ 870 граната мен 118 246 оқ-дәрі табылып, тәркіленді.Сонымен қатар жедел іс-шаралар барысында еліміздің әртүрлі өңірінде 2 316 қару сақталған 772 схрон табылды.Бүгінгі таңда 1 263 қарудың қаңтар оқиғасы кезінде ұрланғаны анықталды.Тәркіленген қалған 7 278 қарудың тіркеу нөмірлерін қаскөйлер қасақана жойған. Осыған байланысты олар бойынша қазіргі уақытта тиісті сараптамалар тағайындалды.Бұл бағыттағы жұмыс тұрақты негізде жүргізіледі, - деді ІІМ криминалдық полиция департаментінің бастығы Қанат Нұрмағамбетов.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/qriim/press/news/details/960701?lang=kk
Курсанттары «Жақсы істердің жаршысы бол!» акциясына қатысып 29.03.2025
110-оқу тобының курсанттары «Жақсы істердің жаршысы бол!» акциясына қатысып, Қайырымдылық күніне орай Ұлы Отан соғысының ардагері Виктор Андреевич Шелудяковтың ауласын қардан тазалап, көмек көрсетті. Кездесу барысында Виктор Андреевич курсанттарға соғыс жылдарындағы өмірі, майдандағы күндері мен сол кезеңнің ауыр сынақтары туралы әңгімелеп, бір-біріне қолдау көрсетудің маңыздылығын айтты. Оның әңгімелері жастар үшін нағыз ерлік сабағы болып, бейбіт өмірдің қандай қиындықпен келгенін еске салды.Мұндай шаралар ардагерлерге көмектесіп қана қоймай, болашақ полиция қызметкерлерінің бойында тарихқа деген құрметті, аға буынға қамқорлықты және кез келген жағдайда көмекке келуге дайын болуды қалыптастырады.Жақсылық жасай отырып, әлемді мейірімді етеміз!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/qriim/press/news/details/960671?lang=kk
Гвардейск гарнизонның әскери қалашығында мыңнан астам көшет отырғызылады 29.03.2025
«Наурызнама» онкүндігі аясындағы Жаңару күні Гвардейск гарнизоны әскери бөлімдерінің жеке құрамы ағаш егіп, қалашық аумағын абаттандыру акциясын өткізді.Тұңғыш Қорғаныс министрі армия генералы Сағадат Нұрмағамбетов атындағы аллеяға әскери қызметшілер 50 түп ағаш отырғызды.– Бүгін еліміз табиғаттың жаңару күнін атап өтуде. Біз әскери қалашықта бақ ашып, демалыс аймағын жасауды қолға алдық. Бұл акцияға қолдау көрсеткен қалашық тұрғындары да ағаш егуге құлшына кірісті, – деді Гвардейск гарнизонының штаб бастығы подполковник Дулат Серікбаев.Елімізді көгалдандыру – Мемлекет басшысы белгілеген маңызды міндеттердің бірі. Ағаш отырғызу арқылы әскери қызметшілер бұл жолы экологияны жақсартуға, табиғатқа ұқыпты қарау мәдениетін қалыптастыруға үлес қосты.Ауқымды акция мамыр айына дейін жалғасады. Тек «Мәтібұлақ» полигонының өзіне 500 түп ағаш отырғызылады. Әскери қызметшілердің күш-жігерінің арқасында әскери қалашықта шырша, қайың, қарағаш, өрік және шие ағаштары пайда болады. Олардың күтімін әскери қалашық тұрғындары жүзеге асыратын болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/960446?lang=kk
Астанада Бауыржан Момышұлы туралы деректі-тарихи көрме ашылды 29.03.2025
Елордадағы Қолжазбалар мен сирек кітаптар ұлттық орталығында Қарулы күштер Ұлттық әскери-патриоттық орталығының Әскери-тарихи мұражайымен бірлескен Кеңес Одағының Батыры, даңқты қолбасшы Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жыл толуына арналған деректі-тарихи көрме ашылды. Іс-шара Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орайластырып отыр. Көрмеге Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне байланысты фотосуреттер, жеке күнделіктер, қойын дәптерлер, карталар, портреттер және Ұлы Отан соғысы туралы тарихи кітаптар секілді бірегей экспонаттар қойылған. Іс-шараға Қорғаныс, Мәдениет және ақпарат министрліктерінің өкілдері, Ұлттық ұлан ардагерлер кеңесінің мүшелері, студенттер мен оқушылар қатысты.– Бауыржан Момышұлының жауынгерлік жолы қаһармандыққа толы. Батырдың өмірлік үлгісі мен шығармашылық мұрасы жас ұрпақ үшін патриотизмнің сарқылмас қайнар көзі болып табылады, – деді ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру бөлімінің жетекші-сарапшысы, тарих ғылымдарының кандидаты Гүлсім Бисенова.Бауыржан Момышұлы өз оқырмандарына Ұлы Отан соғысы туралы 30 томнан астам елеулі әдеби мұра қалдырды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/960431?lang=kk
Тобылда 91 отбасы жаңа баспанаға ие болды 29.03.2025
Наурыз мейрамы қарсаңында Қостанай ауданында жаңа пәтерлердің кілтін табыстау рәсімі өтті. Мемлекеттік тұрғын үй саясаты аясында 91 отбасы көптен күткен баспанасына қол жеткізді.Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов жаңа қоныстанушыларға кілттерді табыстап, халықты қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету – мемлекеттің басты басымдықтарының бірі екенін атап өтті.Өңірдегі тұрғын үй құрылысын дамытуМемлекет басшысының тапсырмасымен елімізде халықты тұрғын үймен қамтуға бағытталған бағдарламалар белсенді түрде жүзеге асырылуда. 2024 жылы Қостанай облысында 500 мың шаршы метрге жуық тұрғын үй пайдалануға берілді, нәтижесінде 5 мыңнан астам отбасы жаңа баспаналы болды.Сонымен қатар, өңірде жалдамалы тұрғын үйді сатып алу жұмыстары қарқынды жүргізілуде. 2024 жылы бұл мақсатқа 18 млрд теңгеден астам қаражат бөлініп, 940 пәтер сатып алынды. Бұл көрсеткіш 2023 жылмен салыстырғанда 5,7 есе көп.Аталған бағыттағы жұмыстар жалғасуда. Биыл кезекте тұрған азаматтар үшін 1 000 пәтер және 253 несиеге берілетін баспана сатып алу жоспарланған, оның ішінде Қостанай ауданының тұрғындарына 100 пәтер бөлінеді.Жаңа шағын аудандар – жаңа мүмкіндіктерӨңірдің дамуындағы маңызды қадам – «Астана» және «Бәйтерек» шағын аудандарының құрылысы. Мұнда 154 көпқабатты тұрғын үй салынып, 60 мыңға жуық адамды баспанамен қамтамасыз ету жоспарланған. Жалпы 1 миллион шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға беріледі.Жөндеуі толық аяқталған жайлы пәтерлерТобыл қаласында табысталған пәтерлер тұрғындардың жайлы өмір сүруіне толықтай дайын. Жаңа тұрғын үйде 40 шаршы метрден асатын бір бөлмелі пәтерлер мен 90 шаршы метрге дейінгі кең үш бөлмелі пәтерлер қарастырылған.Жаңа қоныс – жаңа бастамаҚоныс той иелері үшін бұл күн ерекше қуанышқа толы болды. Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов жаңа тұрғындарды құттықтап, олардың жаңа үйлерінде әрдайым бейбітшілік, жылулық және береке орнасын деп тіледі.«Наурыз – жаңару мен үміттің, жарқын болашақтың мерекесі. Ол әр шаңыраққа молшылық, бақыт және келісім әкелсін!» – деп атап өтті өңір басшысы.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/960373?lang=kk
Ынтымақтастық перспективалары: Қостанай облысында вагон жөндеу депосын салу мүмкіндігі талқыланды 29.03.2025
Қостанай облысында өңір әкімі Құмар Ақсақалов пен WEINENGDA IMPORT AND EXPORT (HUBEI) CO., LTD компаниясының өкілдері арасында кездесу өтті. Қытай тарапынан компанияның вице-президенті Ли Шан Фин ханым қатысты. Келіссөздер барысында Бейімбет Майлин ауданына қарасты Тобыл кентінде вагон жөндеу депосын салу мүмкіндігі талқыланды. Құмар Ақсақалов Қостанай облысының үш негізгі бағытта дамып келе жатқанын атап өтті:•автомобиль өнеркәсібі,•қара металлургия,•ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу. Бұл салаларды тиімді дамыту үшін заманауи көлік-логистикалық инфрақұрылым қажет. Егер жоба жүзеге асса, вагон жөндеу депосы өңірдің теміржол жүйесінде маңызды буынға айналып, жылжымалы құрамды техникалық жөндеумен қатар, теміржол көлігіне арналған қосалқы бөлшектерді өндіруді қамтамасыз ететін болады. Қостанай облысы өз индустриялық әлеуетін нығайтып, стратегиялық маңызы бар жобаларға инвесторларды белсенді түрде тартуды жалғастыруда. Қытайлық серіктестермен ынтымақтастық мәселелері талқылану үстінде, ықтимал әріптестіктің шарттарын егжей-тегжейлі пысықтау жұмыстары жүргізілуде. Өңір басшылығы жаңа жұмыс орындарын құратын, облыс экономикасын нығайтып, оның инвестициялық тартымдылығын арттыратын заманауи өнеркәсіптік және инфрақұрылымдық нысандарды дамытуға мүдделі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/960370?lang=kk
Алматы облысының оқушылары мектеп аулаларына 1000-нан аса құс ұясын орнатты 18.03.2025
Аталған шара “Халықаралық құстар күніне” орай, Қонаев қаласының көпсалалы колледжінің базасында ұйымдастырылды.Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасына қарасты Орман шаруашылықтарының қолдауымен колледж студенттері өз қолдарымен 1000 торғай ұясын жасап, оларды мектеп оқушыларына табыстап, ал мектеп оқушылары болса өздерінің білім беру мекемелерінің аумағына орналастырды.Бұл құстарға жаңа әрі қауіпсіз ұя салатын орындар қалыптастыруға мүмкіндік берумен ғана қоймай, өңірдің экожүйесін сақтауға да жастардың зор үлесін қосуы деп танысақ қателеспейміз.Ұйымдастырушылардың пікірінше, табиғатты қорғау балалық шақтан қалыптасады, ал табиғатқа қамқорлық – болашаққа жасалған инвестиция.Бұл эко-акция облыстың барлық аудандарында да өз жалғасын табатын болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/959903?lang=kk