Қуқық
Парламент Алатау қаласына арнайы мәртебе беру туралы заң жобасын бірінші оқылымда қарады 21.03.2026
2026 жылы 20 наурызда Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының бірлескен отырысында «Алатау қаласының арнайы мәртебесі туралы» конституциялық заң жобасы бірінші оқылымда қаралды.Құжат Мемлекет басшысының 2025 жылғы Жолдауында берілген тапсырмаларына сәйкес әзірленіп, Алатауды заманауи, экологиялық таза әрі технологиялық тұрғыда дамыған қала ретінде қалыптастыруға бағытталған. Заң жобасы қаланы өзіндік қаржы моделі, арнайы салық режимі және жаңартылған басқару жүйесі бар дербес экожүйе ретінде дамытуды көздейді.Жаңа басқару моделінің негізгі тетігі – қаланың даму бағыттарын айқындайтын және мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіретін арнайы қала кеңесі болмақ. Оның құрамы Мемлекет басшысы тарапынан бекітіліп, төрағасы ретінде Премьер-Министр белгіленген.Премьер-Министрдің орынбасары Қанат Бозымбаевтың айтуынша, бұл құжат Алатау қаласының жедел әрі тұрақты дамуына жағдай жасау мақсатында әзірленген.Заң жобасын әзірлеу барысында халықаралық тәжірибе, соның ішінде Сингапур мен Дубайдың озық үлгілері ескерілген. Бұл қалаға басқару, салық және инвестиция тарту мәселелерін өз бетінше шешуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар халықаралық стандарттар мен техникалық регламенттерді енгізуге жол ашады.Заң жобасы келесі бағыттарды қамтиды:* жергілікті мемлекеттік басқару органдарының құрылымы мен өкілеттігін жетілдіру;* цифрлық активтердің айналымын реттеу;* төмен биіктіктегі әуе кеңістігін пайдалану және ұшу аппараттарын дамыту;* инвестициялардың қорғалуы мен тұрақтылығын қамтамасыз ету;* арнайы салық режимін және ерекше бюджет қатынастарын қолдану.Қазіргі таңда жалпы құны 1,8 трлн теңге болатын 44 инвестициялық жоба бар. Оларды іске асыру шамамен 30 мың жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді. Ұзақ мерзімді перспективада, 2050 жылға дейін, қала инфрақұрылымын дамытуға шамамен 10 трлн теңге қажет болады. Сонымен қатар 50 млрд АҚШ долларына дейін шетелдік инвестиция тарту жоспарланып отыр.Инновациялық көліктерді енгізуге ерекше көңіл бөлінген. Олардың қатарында аэротакси мен жүк дрондарын іске қосу, Алатауды Алматы, Қонаев қалаларымен және туристік аймақтармен байланыстыратын вертопорттар салу, сондай-ақ әуе көлігін пайдалану арқылы туристік бағыттарды дамыту бар. Болашақта туристер Алматы халықаралық әуежайы арқылы «Медеу» спорт кешеніне жедел жету мүмкіндігіне ие болады.Заң жобасының екінші оқылымы 2026 жылдың 27 наурызында өтеді. Ай соңына дейін құжатты Мемлекет басшысының қарауына беру жоспарланған.Бұл бастама Алатауды инвестициялар мен инновациялар тартатын жаңа орталыққа айналдырып, оны тұрақты даму мен тиімді мемлекеттік басқарудың заманауи талаптарына сай қала ретінде қалыптастыруға мүмкіндік береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1186504?lang=kk
Наурыз Ұлттық экономика министрлігінде: дәстүрлер, құрметтеу және жаңа міндеттер 20.03.2026
Бүгін ҚР Ұлттық экономика министрлігінде орталық аппарат, комитеттер және ведомстволық бағынысты ұйымдар қызметкерлерінің қатысуымен салтанатты жиын өткізілді. Бірлікке ұйыстырып, жаңа бастамаларға үндейтін жаңару мерекесі ведомство ұжымын одан әрі біріктіре түсті.ҚР Премьер-Министрінің орынбасары-Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин жиналғандарға арнап, құттықтау сөз сөйледі. Ұжымға арнаған жылы лебізді сөзінде ол наурыздың жаңа кезеңнің бастауы ретінде халқымыздың салт-санасындағы маңыздылығын айрықша атап көрсетті."Жаңа жыл қашанда жаңа міндеттер мен жаңа мүмкіндіктердің кезеңі. Біздің алдымызда тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыз ету бойынша ауқымды мақсаттар тұр. Мемлекеттік қызметшілер осы міндеттерді іске асыруда шешуші рөл атқарып, Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосады. Сіздердің кәсіби, жауапкершілік пен адал ниеттеріңіз барлық бастамаларды сәтті жүзеге асыруға мүмкіндік беретініне сенімдімін",-деп атап өтті вице-премьер.Салтанатты жиын аясында марапаттау рәсімі өткізілді. "Экономика саласына қосқан үлесі үшін" медалімен Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау және қорғау департаментінің бас сарапшысы Ләззат Керейтбаева, Салық және кеден саясаты департаментінің бас сарапшысы Бақыткүл Сәдуақас, Табиғи монополияларды реттеу комитетінің бас сарапшысы Алма Жүсіпова, "Экономикалық зерттеулер институты" АҚ Ғылым жөніндегі кеңесшісі Азамат Нұрсейітов, "Қазақстандық мемлекеттік-жекешелік әріптестік орталығы" АҚ департаментінің директоры Айгүл Садықова, "Микрография ғылыми-зерттеу институты" РММ экономисі Ақжарқын Қойшегулова, "Заң саласының үздігі" төсбелгісімен Заң департаментінің бас сарапшысы Мұрат Рахметолдин марапатталды.Министрлікте "Наурызнама"онкүндігі аясында бірқатар шаралар өткізілді. Мәдени-танымдық және спорттық жарыстарға 12 құрылымдық бөлімше мен комитеттер қатысты.Кабинеттерді ұлттық нақышта безендіру бойынша "Наурыз шуағы – кабинетімізде" байқауы жарқын оқиғаға айналды. Министрліктің барлық қызметкерлері ұлттық дәстүр мен мәдени құндылықты құрметтеуді паш етіп, белсенділік танытты.Салтанатты жиында байқау нәтижесі атап айтылды: бірінші орынды Кәсіпкерлікті дамыту саясаты департаменті, екінші орынды Стратегиялық талдау және даму департаменті, үшінші орынды Халықаралық экономикалық ынтымақтастық департаменті иеленді. Сондай-ақ арнайы номинациялар бойынша жеңімпаздар анықталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1186478?lang=kk
Әскери институт курсанттары алғаш рет парашютпен секірді 20.03.2026
Құрлық әскерлерінің әскери институтында жоспарлы жауынгерлік дайындық жалғасуда. Бірінші курс курсанттары паршютпен алғашқы секіруді орындап, әскери қызметке дайындығы мен мамандықтың күрделі элементтерін меңгеруге қабілеттерін көрсетті.Бұған дейін олар кешенді дайындықтан өтті. Теорияны зерделеп, арнайы тренажерлерде жаттығып, қауіпсіздік шараларын сақтауды үйренді.Алғашқы секіру әрбір курсант үшін маңызды сынаққа айналды. Биіктіктен секіру және толқынысты жеңу арқылы олар төзімділігін, өзін-өзі ұстауын және өз күштеріне сенімділігін көрсетті. Бұл тәжірибе тек дене дайындығын тексеріп қана қоймай, мінезді шыңдау жолында да маңызды қадам болғанын айта кету керек.Нұсқаушылар курсанттардың тәртібі мен тапсырмаларды орындаудағы бірізді іс-қимылын атап өтті.– Алғашқы секіру – десантшы офицердің мінезін қалыптастыратын маңызды кезең. Мұнда шешім қабылдау қабілеті, төзімділік және кез келген жағдайға қарсы әрекет ету дайындығы қалыптасады, – деді институт бастығы полковник Ербол Нұржанов.Құрлық әскерлерінің әскери институтында теориялық оқытуды тәжірибемен ұштастыра отырып, болашақ командирлердің моральдық-психологиялық төзімділігін дамытуға ерекше көңіл бөлінеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1186159?lang=kk
Жыл басынан бері әскери спортшылар халықаралық жарыстарда жүзден астам медаль жеңіп алды 20.03.2026
Наурызнама аясындағы Ұлттық спорт күнін Қарулы күштердің әскери қызметшілері де ұйымдасқан түрде атап өтіп жатыр.Барлық әскери бөлімдер мен оқу орындарында жауынгерлер қазақ күресі, арқан тарту, аударыспақ, қыз қуу, қол күресі және садақ ату сияқты дәстүрлі спорт түрлерінен жарыс өткізіп, мерекелік көңіл-күй қалыптастырды.«Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығына қарасты тау қорықшысы полкінің жеке құрамы үшін ат спорты – жауынгерлік дайындықтың маңызды бөлігі. Өйткені олар қызмет барысында тау асуларынан өту, күзет қою, барлау жасау, торуылдау және шабуылдау сынды күрделі тапсырмаларды орындайды. Таулы жерде жүк тасымалдауда олардың сенімді серігі – қылқұйрықтар.Ұлттық спорт күні жігіттер «Теріс Ащыбұлақ» полигонын ипподромға айналдырып жіберді. Келісімшарт бойынша әскери қызметші ефрейтор Еркебұлан Уәлихан, мерзімді қызметтің сарбаздары Ерасыл Мейірманов, Азан Мырзакерім және Бекзат Аманжол «Аударыспақ», «Теңге алу», «Жамбы ату» секілді сайыстарда ат құлағында ойнап, ептілік көрсетті. Ал жиналған жұрттың делебесін қоздырған «Қыз қууда» байланысшы офицер аға лейтенант Ақнұр Исмаилованы қуып жетіп, бетінен сүйетін жігіт табылмады.Бөлім командирінің тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары майор Қыдырәлі Әшірбаев Наурыздың әскери ұжым арасындағы достық пен бауырмалдықты, ынтымақ пен берекені арттыратын маңызын атап өтті.– Ұлттық ат спорты ойындары – көшпелі мәдениеттің ажырамас бөлігі, ерлік пен ептілікті дамытатын өнер. Осы арқылы атты әскер өз дағдыларын шыңдап, қару қолдану қабілетін жетілдіре алады. Сол себепті ат спорты тау қорықшысы бөлімшесінің жауынгерлік дайындық процесіне сәйкес келеді, – деді ол.Шымкентте Қорғаныс министрлігінің Сабыр Рақымов атындағы әскери колледжінде ұландар қазақша күрес, қол күресі, арқан тарту, асық ату, ләңгі тебу және кір тасын көтеруден бақ сынады. 24 келілік кір тасын 210-рет көтерген 1 курс ұланы Азамат Амандық жеңімпаз атанды.Гвардейск гарнизонындағы 22326 әскери бөлімінде өткен «Теңге алу», «Садақ ату», «Асық ату», «Арқан тарту» жарыстарына әскери қызметшілердің отбасы мүшелері белсенді қатысты. Бөлім командирі подполковник Бақтияр Заитов жеке құрамды Наурызбен құттықтап, мұндай шаралар балаларды спортқа баулып, ұлттық дәстүрлерді құрметтеуге тәрбиелейтінін атап өтті.Қонаев гарнизонындағы 58012 әскери бөлімінде де әскери қызметшілердің отбасылары мүшелерінің қатысуымен спорттық-отбасылық эстафета ұйымдастырылды.Ақтөбе облысының қорғаныс істері жөнідегі департаментінде өткен қол күресінен І-орынды сержант Айболат Қабылдин, 2-орынды 3-сыныпты сержант Марат Ахметқалиев, 3-орынды ефрейтор Парасат Нағымұрат иеленді. Ал қыздар арасында Анар Қалдығұлова жеңімпаз атанды.Алматыда Қорғаныс министрлігінің Бітімгерлік операциялар орталығында да Ұлттық спорт күніне арналған мерекелік іс-шаралар өтті. Әскери қызметшілер садақ ату, қой көтеру, ләңгі тебу, асық ойнау, гир көтеру, арқан тарту, қол күресі секілді спорт түрлерінен бақ сынасты.Жарыс қорытындысы бойынша барлық қатысушыларға дипломдар мен бағалы сыйлықтар табысталды.Жыл басынан бері Қарулы күштердің спортшылары әлем және Азия чемпионаттарында Қазақстан қоржынына жалпы саны 110 медаль салғанын айта кету керек. Оның ішінде 49 алтын, 32 күміс және 29 қола медаль бар.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1186100?lang=kk
Қазақстан мен Моңғолия сауда кеңселерін ашпақ 20.03.2026
Екі ел бір-бірінің нарығында өз өнімдерін тікелей ілгерілетуге ниетті. Қазақстан Улан-Баторда, ал Моңғолия Алматыда сауда алаңдарын іске қосуды жоспарлайды. Бұл бизнеске делдалсыз жұмыс істеуге және жаңа серіктестер табуға мүмкіндік береді.Бұл бастама Улан-Баторда өткен Қазақстан-Моңғолия сауда және инвестициялар күні аясында қаралды. Іс-шараға ҚР Сауда және интеграция бірінші вице-министрі Айжан Бижанова, Моңғолияның экономика және даму вице-министрі С. Даваасурэн, Қазақстанның Моңғолиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Алмас Сейтақынов, сондай-ақ екі елдің кәсіпкерлері қатысты.Тараптар ауыл шаруашылығы мен тамақ өнеркәсібі бойынша ынтымақтастықты күшейтуге келісті. Әсіресе астық пен өңделген өнімдерге назар аударылды. Қазақстан Моңғолияға арпа, ұн, май өнімдері, күріш және кондитерлік өнімдер жеткізуді арттыруды қарастырып жатыр.«Қазақстан азық-түлік жеткізуді ұлғайтуға дайын. Сонымен қатар мал шаруашылығы мен ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу бойынша бірлескен жобаларға қатысуға ниеттіміз. Біз үшін тек шикізат жеткізу емес, толық өңдеу тізбегін құру маңызды. Яғни еттен бастап, жүн мен былғары өнімдеріне дейін. Бұл жоғары қосылған құны бар өнім көлемін арттырып, экспортты кеңейтуге мүмкіндік береді. Келісімнің барлығы сәуір айында Астанада өтетін үкіметаралық комиссия отырысында қаралады»,-деді Айжан Бижанова.2025 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан мен Моңғолия арасындағы сауда көлемі 133 млн доллардан асты. Тараптардың айтуынша, бұл толық әлеуетті көрсетпейді. Алдағы уақытта көрсеткіш 500 млн долларға дейін жетуі мүмкін.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1185973?lang=kk
Ақмола облысында Аймақтық инвестициялық штабтың отырысы өтті 20.03.2026
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Қуантыров Ақмола облысының аймақтық инвестициялық штабының отырысына қатысты. Отырысты облыстық әкімдік ұйымдастырды, оған Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов, мемлекеттік органдар мен бизнес қауымдастығының қатысты.Өңірлік инвестициялық штаб үкімет пен бизнестің тиімді өзара әрекеттесуіне арналған алаң ретінде қызмет етеді, онда инвесторлардың сенімі қалыптасады және жобалар жүзеге асырылады.Сыртқы істер министрінің орынбасары кездесуде сөз сөйлеп, аймақтың берік экономикалық негізін атап өтті, оны жаңа инвестициялық ұсыныстарды қалыптастыру үшін пайдалануға болады.«2025 жылдың соңына қарай Ақмола облысында негізгі капиталға салынған инвестициялар 926,9 млрд теңгені құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,5 есе көп. Ақмола облысы өңірлер арасында инвестициялардың өсуі бойынша бірінші орында, бұл аймақтың одан әрі әлеуметтік-экономикалық дамуының негізін қалайды», – деп мәлімдеді Ә.Қуантыров.Кездесуден кейін ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеуге, азық-түлік өндірісін дамытуға, логистикаға және құрылыс индустриясына баса назар аудара отырып, аймақта инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мүмкіндіктері талқыланды. Аймақтың туристік әлеуетін дамытуға ерекше назар аударылды, бұл жаңа инвестицияларды тарту жолдарын тудырады.Сапар барысында министрінің орынбасары Ақмола облысының әкімі М.Ахметжановпен кездесті.Сұхбат барысында қатысушылар аймақтың инвестициялық әлеуетін, сондай-ақ облыс экономикасының өсуі мен дамуын қамтамасыз ету жобаларын іске асыру және қолдау артықшылықтарын талқылады.Сондай-ақ Сыртқы істер министрінің орынбасары Ақмола облысындағы «Kazrost Engineering», «Qazaq Kaolin» және «КирЗавод» өнеркәсіптік кәсіпорындарына барды. «Kazrost Engineering» ауыл шаруашылығы техникасын шығаратын негізгі компания. Компания меншікті әзірленген дестелегіштер (ЖВУ-9) сериясын шығару үшін металл өңдеу жабдықтарын сатып алуды және тракторлар мен комбайндар желісін кеңейтуді жоспарлап отыр. Сондай-ақ, компания қосалқы бөлшектер мен компоненттерді сатумен айналысатын «Механика KZ» филиалын ашты. «Qazaq Kaolin» компаниясы «Ақмола облысындағы Алексеев кен орнынан каолин негізінде кен-байыту комбинатын салу» инвестициялық жобасы жылына 80-100 мың тонна өнім өндіру қуатына ие. Жобаның жалпы құны шамамен 12 500 млн теңгені құрайды. Кәсіпорын қағаз және шыны өндірісі, керамика өнімдері, бояу және лак толтырғыштары, резеңке-техникалық бұйымдар, мұнай-газ өнеркәсібі және басқа да салалар үшін қам каолинді шығарып, өңдейді. Жоба ішкі және халықаралық нарықтардың каолинге деген қажеттіліктерін қанағаттандыра алатын кәсіпорын құрады. «КирЗавод» компаниясы «Көкшетау қаласында кірпіш зауытының құрылысы» жобасын да аралап көрді. Зауыттың жоспарланған қуаты жылына 60 млн кірпіш, ал қажетті инвестиция шамамен 13,7 млрд теңгені құрайды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1185946?lang=kk
Қорғаныс министрінің орынбасары Алматы облысындағы әскери гарнизондарды тексерді 20.03.2026
Қорғаныс ведомствосының ақпараттық-түсіндіру тобы министрдің тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары генерал-майор Асқар Мұстабековтің жетекшілігімен әскери ұжымдардағы моральдық-психологиялық ахуалды зерделеді. Сонымен қатар басшылықтың әскери қызметшілердің әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз ету жұмысы бағалады.Қорғаныс ведомствосының өкілдері Жаркент, Сарыөзек гарнизондарында әскери бөлімдердің инфрақұрылымымен, казармалардың, асханалардың, тұрмыстық нысандардың жай-күйімен, сондай-ақ әскери қалашықтарда тұратын әскери қызметшілердің тұрмысымен танысты.Қорғаныс министрінің орынбасары мерзімді әскери қызметшілерге арнайы уақыт бөлді. Жеке әңгімелесу барысында сарбаздардың денсаулығын, рухани-психологиялық ахуалын, қызметі мен тұрмыс жағдайын сұрап білді. Жауынгерлерге өз құқықтары мен міндеттері жан-жақты түсіндірілді. Сондай-ақ, олардың барлық өтініштері мен ұсыныстары қаралып, тиісті тапсырмалар беріліп, шешімдер қабылданды.Офицерлер және сержанттар құрамымен өткен кеңесте тәртіпті нығайту мәселелері талқыланып, жоғары патриоттық рухты қалыптастырудың және Отанды қорғауға дайындықтың маңыздылығы атап өтілді.Жеке құраммен өткен кездесулерде генерал-майор Асқар Мұстабеков мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарына, оның ішінде конституциялық реформаның маңыздылығына кеңінен тоқталды. Ол әскери қызметшілер мен олардың отбасыларына қамқорлық жасау Қорғаныс министрлігі қызметінің басым бағыты болып қала беретінін атап өтті.Бұл ақшалай үлес деңгейін арттыру, демалыс кезінде теміржол көлігімен барып-қайтуға тегін жол жүру мүмкіндігі, сондай-ақ «Әскери баспана» тұрғын үй бағдарламасына қатысу секілді әлеуметтік қолдаудың нақты шаралары арқылы жүзеге асырылады.– Әрбір әскери қызметші мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдауды сезінуі тиіс. Әскердің әлеуеті лайықты қызмет жағдайын қамтамасыз етуге және жеке құрамның рухани-психологиялық ахуалын сақтауға негізделеді. Отан қорғаушы өз отбасына алаңдамай, ертеңгі күніне сенімді болуы керек Сонда ғана ол қойылған міндеттерді толыққанды орындай алады, – деп атап өтті генерал-майор А. Мұстабеков.Кездесу соңында Қорғаныс министрінің орынбасары жеке құрамды Наурыз мерекесімен құттықтап, әскери қызметшілерге мықты денсаулық, отбасыларына амандық және Отан игілігі жолындағы қызметтеріне табыс тіледі.Жұмыс сапарының қорытындысы бойынша генерал-майор Асқар Мұстабеков жеке құрамды әлеуметтік қолдау шараларын одан әрі дамыту, тәрбие және идеологиялық жұмысты жетілдіру жөнінде нақты тапсырмалар берді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1185852?lang=kk
«Құрмет» ордені 20.03.2026
Наурыз мейрамы қарсаңында Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов Қазақстан Республикасы Президенті атынан ел өміріндегі қоғамдық жұмыстарға елеулі үлес қосқан азаматтарға мемлекеттік наградалар тапсырды. Бұл – жерлестеріміздің еңбегіне берілген жоғары баға әрі қоғам алдындағы жауапкершіліктің айқын көрінісі.Қазақстан Республикасы Президентінің 2026 жылғы 16 наурыздағы Жарлығына сәйкес «Құрмет» орденімен марапатталғандар: Важничая Ирина Михайловна −Денисов ауданы аумақтық сайлау комиссиясының төрайымы; Қожабеков Ержан Иманжанұлы −«Өңірлік коммуникациялар қызметі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы;Мамедов Рихсибай Абдурахманович −«М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университеті» жеке мекемесінің президенті; Темірбеков Нұрлыхан Мұқанұлы −«Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамның проректоры; Өтебаева Динара Қайырбекқызы − «Қостанай облысының «ГрИн» Азаматтық Альянсы» қоғамдық қорының басшысы.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1185794?lang=kk
Бас штаб комиссиясы Қазақстанның батысындағы әскери бөлімдерді тексерді 20.03.2026
Жұмыс сапары барысында Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Бас штаб бастығы генерал-лейтенант Қаныш Әбубәкіров Атырау және Ақтау гарнизондарының әскери бөлімдерін аралады.Батыс өңірде ол әскери инфрақұрылым нысандары мен әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйесінің жағдайын тексерді.Атырау облысында Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары қауіпсіздік шараларына, күзетті күшейтуге және төтенше жағдайларға ден қоюды жетілдіруге жіті назарға алып, аса маңызды объектілерді инспекциялады.Бөлімшелердің даярлығын бағалау оқу-жаттығу сабақтары түрінде іске асырылды. Әскерлер орналасқан жерлерде генерал-лейтенант Қаныш Әбубәкіров кезекші күштердің жай-күйін, радиолокациялық станциялардың техникалық жарамдылығын, сондай-ақ әуе нысандарын анықтау және оларды зақымдау құралдарын тексерді.Бас штаб бастығы одан бөлек, бөлімшелердің үйлесімді әрекет ету деңгейін және олардың бірыңғай басқару жүйесі шеңберінде іс-қимыл қабілетін зерделеді. Атап айтқанда, іс-қимылды нақты үйлестіруді, шұғыл шешім қабылдауды және тез өзгеретін жағдайда әскерді ұдайы басқаруды қамтамасыз ететін алдын ала әзірленген және жан-жақты тексерілген алгоритмдер негізінде міндеттер пысықталды.Ақтау гарнизонының Әскери-теңіз базасына барғанда генерал-лейтенант Қаныш Әбубәкіров зымыранды-артиллериялық кемелердің жауынгерлік даярлығын, кезекшілік атқаруын және навигациялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуді ұйымдастыруды бағалады. Сол жерде зениттік зымыранды кешендерінің есептоптары берілген алгоритмдер бойынша практикалық іс-қимылдарды пысықтады және Әскери-теңіз күштері теңіз жаяу әскерлері шабуылдау батальонының десанттық мүмкіндіктері тексерілді.Дене шынықтыру дайындығындағы жоғары көрсеткіштері үшін генерал-лейтенант Қаныш Әбубәкіров 51809 әскери бөлімінің мерзімді қызмет жауынгерлері – ефрейторлар Яссин Бостан мен Әлимұса Әбілбекұлын 10 күндік демалыспен марапаттады.Комиссияның гарнизондардағы жұмысының қорытындысы бойынша Қорғаныс министріне әскери инфрақұрылымның әлеуетін арттыру, бөлімшелердің әзірлігін одан әрі нығайту және жеке құрамның жауынгерлік даярлық жүйесін жетілдіру жөніндегі ұсыныстармен баяндама жасалатын болады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1185757?lang=kk
Қостанай облысында AI-mektep мультисервистік платформасы іске қосылмақ 20.03.2026
AI-Mektep — жасанды интеллект негізінде құрылған жаңа буындағы білім беру платформасы. Ол мектеп оқушыларын емтихандарға (ҰБТ) дайындауға және заманауи оқу дағдыларын дамытуға арналған. Жоба цифрлық AI-платформаны және білім беру кеңістігін біріктіреді, мұнда оқушылар виртуалды AI-тәлімгердің көмегімен пәндерді өз қарқынымен меңгере алады.Платформа интерактивті сабақтарды, бейне және аудио түсіндірмелерді, тесттердің автоматты түрде жасалуын және оқу үлгерімін талдауды ұсынады. Жобаның негізгі мақсаты — сапалы білімге қолжетімділікті арттыру, оқушылардың ынтасын күшейту және өңірдің білім беру ортасына жасанды интеллекттің заманауи технологияларын енгізу.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1185647?lang=kk
Абай облысында әскери қызметші әйелдер «Көктем аруы – 2026» байқауында жеңіске жетті 19.03.2026
Наурыз мейрамы қарсаңында Семей қаласында дәстүрлі мәдени және отбасылық құндылықтарды насихаттауға бағытталған «Көктем аруы – 2026» байқауы өтті. Оған отбасын, жұмысын, қызметі мен шығармашылығын қатар алып жүрген нәзік жандылар қатысты. Олардың арасында екі әскери қызметші болды. «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысының басқармасы медициналық қамтамасыз ету бөлімінің офицері медицина қызметінің майоры Назерке Нысан және Ұлттық әскери-патриоттық орталық филиалының аға маманы ефрейтор Гүлдана Әріпова өңірлік әскер атынан өнер көрсетті.Байқауға қатысушылар көрермендерді көрнекі ұлттық киімдерімен, шығармашылық өнерімен, өзіндік ерекшеліктерімен және импровизациялық қабілетімен баурап алды.Қазылар алқасы олардың таланттарын жоғары бағалады. Байқау қорытындысы бойынша Гүлдана Әріпова Бас жүлде иегері атанса, ал Назерке Нысан бірінші орын еншіледі.Іс-шара әскери қызметтің отбасына деген қамқорлықпен және мәдени дәстүрлерді қастерлеумен қатар үйлесетінін айқын көрсетті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1185542?lang=kk
Қазақстан Моңғолиямен бір күнде $62,6 млн көлемінде экспорттық келісімшарттарға қол қойды 19.03.2026
Қазақстандық компаниялар Улан-Батордағы бизнес-миссия барысында Моңғолиямен жалпы сомасы $62,6 млн болатын экспорттық келісімшарттарға қол қойды. Қазақстан делегациясын ҚР Сауда және интеграция бірінші вице-министрі Айжан Бижанова бастап барды. «Біз Моңғолияны экспорт үшін өте перспективалы нарық деп санаймыз. Қазірдің өзінде дайын өнімдердің үлесі жоғары, бизнес тарапынан нақты қызығушылық бар»,-деді Айжан Бижанова Улан-Батордағы бизнес-форумда. 2025 жылдың қорытындысы бойынша екі ел арасындағы тауар айналымы үш есеге өскен. Моңғолияға экспорттың 90%-дан астамы дайын өнімдер, яғни шикізат емес тауарлар. Оның ішінде азық-түлік пен өнеркәсіп тауарлары басым. Бұл Қазақстан экспортының жоғары қосылған құны бар өнімдерге ауысып жатқанын көрсетеді. Вице-министрдің айтуынша, ЕАЭО мен Моңғолия арасындағы уақытша сауда келісімі де жаңа мүмкіндіктер ашады. Құжат 367-ге жуық тауарға қатысты. Ол күшіне енгеннен кейін бұл өнімдерді жеткізу жеңілдейді. Соның арқасында қазақстандық экспорттаушыларға Моңғолия нарығына шығу оңай болады. «Қазір келісімді күшіне енгізу бойынша жұмыс жүріп жатыр. Жақын уақытта іске асады деп күтеміз. Бұл отандық компаниялар үшін экспортты ұлғайтып, Моңғолиямын бірлескен жобаларды іске қосуға жол ашады»,- дейді Айжан Бижанова. Келесі қадам - Қазақстанның транзит мүмкіндіктерін пайдалану. Бұл Моңғолияға жүк жеткізуді жылдамдатып, жаңа бағыттарға шығуға жол ашады. Соның ішінде ЕАЭО, Кавказ, Түркия және Еуропа нарықтары бар. Сауда миссиясы Моңғолия Президенті Ухнаагийн Хурэлсухтың Қазақстанға сапары қарсаңында өтіп жатыр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1185502?lang=kk
CycleLab: Болашақ экологиясы - студенттік байқаудың финалистері экологиялық жобаларын ұсынды 19.03.2026
Астанада Қазақстанның қайталама шикізатты қайта өңдеушілер қауымдастығы мен «Жасыл даму» АҚ ұйымдастыруымен, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің бірлескен ұйымдастыруымен және бас демеуші - ЦентрКредит Банкі қолдауымен «CYCLELAB: Болашақ экологиясы» атты студенттік жобалар байқауының финалдық кезеңі өтуде. Бірінші кезеңнің қорытындысы бойынша 31 өтінімнің ішінен сарапшылар комиссиясы таңдаған 10 үздік жоба финалға шықты.Байқауға Астана қаласының, Ақмола және Қарағанды облыстарының колледждері мен жоғары оқу орындарының 16 мен 30 жас аралығындағы студенттері қатысты. Қатысушылар тұрақты даму бағыттары бойынша жобаларын ұсынды: қалдықтарды қайта өңдеу технологиялары, бөлек жинау шешімдері, ақылды сұрыптау жүйелері, экологиялық қаптама дизайны, логистикаға арналған цифрлық құралдар және экологиялық ағарту.Сарапшылар алқасының бағалау нәтижесі бойынша 10 финалистің ішінен ең перспективалы әрі жан-жақты әзірленген үш жоба жеңімпаз атанады. Финалда қатысушылар жүлде қоры үшін өз бастамаларын қорғайды.Байқау жұмыстарын бағалауды қайта өңдеу саласының, мемлекеттік сектордың, бизнестің және экологиялық қауымдастықтың өкілдерінен құралған кәсіби қазылар алқасы жүргізеді: Қазақстанның қайталама шикізатты қайта өңдеушілер қауымдастығының басқарма төрағасы Батырбек Аубакиров, ЦентрКредит Банкі корпоративтік бизнес филиалы директорының орынбасары Асет Құсайынбеков, «Жасыл даму» АҚ қалдықтармен жұмыс істеуді ұйымдастыру департаментінің бас менеджері Рустем Ускенбаев, эколог және эко-белсенді Айдана Қыдырова, ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Коммуналдық қалдықтар басқармасының сарапшысы Дамигуль Рахманбердиева, сондай-ақ тұрақты даму саласының сарапшысы Асыл Оқапова.«Біз жастардың жоғары деңгейдегі белсенділігін және ұсынылған идеялардың сапасын көріп отырмыз. Әсіресе жобалардың практикалық қолданысқа бағытталғаны және Қазақстандағы қалдықтарды басқару жүйесін дамытуға нақты үлес қоса алатыны маңызды», — деп атап өтті Қазақстанның қайталама шикізатты қайта өңдеушілер қауымдастығының басқарма төрағасы Батырбек Аубакиров.CYCLELAB байқауы экологиялық мәдениетті қалыптастыруда және жас жаңашылдарды қолдауда маңызды рөл атқарады. Ол қалдықтарды қайта өңдеу саласындағы инновациялық шешімдерді дамытуға, тұрақты даму қағидаттарын насихаттауға және мемлекет, бизнес пен қоғам арасындағы өзара іс-қимылды нығайтуға ықпал етеді.Жалпы жүлде қоры 3 700 000 теңгені құрайтын марапаттау рәсімі 2026 жылдың сәуір айында өтеді. Ұйымдастырушылар бұл бастаманы кеңейтіп, CYCLELAB платформасын экологиялық жобаларды қолдаудың және Қазақстанның «жасыл» экономикасы үшін мамандар даярлаудың тиімді құралы ретінде дамытуды жоспарлап отыр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/1185445?lang=kk
Сенат Қазақстанның орнықты дамуы мен өркендеуін қамтамасыз ету жөніндегі Дүниежүзілік банкпен келісімді ратификациялады 19.03.2026
Сенаторлар «Бір тараптан ҚР Үкіметі және екінші тараптан ХҚДБ, Халықаралық Қаржы Корпорациясы мен Инвестициялар кепілдігі көпжақты агенттігі арасындағы ҚР орнықты дамуы мен өркендеуіне жәрдемдесу мақсатында ынтымақтастықты кеңейту жөніндегі әріптестік туралы негіздемелік келісімді ратификациялау туралы» ҚР заңын қарастырып, мақұлдады. Әңгіме шығындарды неғұрлым шұғыл және әлеуметтік бағдарланған жобаларға қайта бөлу арқылы мемлекеттік бюджетке түсетін жүктемені азайту туралы.Құжат қарыздар мен гранттық жобаларды мемлекеттік кепілдікпен іске асыру кезінде ұлттық заңнамадан өзгеше нормаларды қолдануды көздейді. Атап айтқанда, тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алу ережелерін, сыбайлас жемқорлыққа қарсы, экологиялық, әлеуметтік, еңбек, гендерлік стандарттарды және Дүниежүзілік банк тобының ақпаратты ашу нормаларын пайдалану ұсынылады.Келісім жобаларды қаржыландыру құралын кеңейтуге және оларды іске асыру кезіндегі рәсімді оңтайландыруға, сондай-ақ мемлекеттің шығыстарын басым жобаларға қайта бөлу есебінен бюджетке түсетін жүктемені азайтуға мүмкіндік береді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1185447?lang=kk
Қазақстан мен Грузия инвестициялық ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады 19.03.2026
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Инвестиция комитетінің төрағасы Ғабидулла Оспанқұлов Грузияның Елшісі Леван Диасамидземен кездесті.Келіссөздер барысында агроөнеркәсіптік кешен, логистика және туризм салаларындағы екіжақты ынтымақтастықты дамыту перспективалары талқыланды.Тараптар сауда-экономикалық және инвестициялық қатынастарды одан әрі дамыту мүмкіндіктерін, әсіресе өзара қатысу арқылы ынтымақтастықты кеңейту мәселелерін талқылады.Қатысушылар Транскаспий халықаралық көлік бағытының (Орта дәліз) логистикалық инфрақұрылым жобаларын, сондай-ақ агроөнеркәсіптік кооперация жобаларын талқылауға ерекше назар аударды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1185376?lang=kk
Ағымдағы жылдың 19 наурызында облыстың мемлекеттік органдары басшыларының, қалалар мен аудандар әкімдерінің қатысуымен Қостанай облысы әкімдігінің жанындағы терроризмге қарсы комиссияның отырысы өтті 19.03.2026
Күн тәртібінде ұлттық экстремизмнің алдын алу бойынша қабылданып жатқан шаралар және кәмелетке толмағандар арасында және дене шынықтыру және спорт саласында 2024 – 2026 жылдарға арналған экстремизм мен терроризмнің алдын алу жөніндегі жол карталарын іске асырудың аралық нәтижелері туралы мәселелер талқыланды.Өткізілген іс-шаралар бойынша облыс әкімдігінің мемлекеттік органдары мен басқармаларының басшылары тыңдалды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1185300?lang=kk
Қазақстанның Әскери-теңіз күштері Каспий теңізінде міндеттерді пысықтады 19.03.2026
Қазақстанның Каспий теңізіндегі секторында Қарулы күштердің Әскери-теңіз күштері кемелерінің қатысуымен оқу-жаттығу өтті.Әскери-теңіз күштерінің күш-құралдары жедел режимді қамтамасыз ету шараларын орындау аудандарына жіберілді.– Теңіздегі экономикалық қызмет нысандарын қорғау және бөлімшелердің өзара іс-қимыл мәселелеріне жіті назар аударылды, – деді оқу-жаттығу жетекшісі – Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы 1-ші дәрежелі капитаны Қанат Ниязбеков.Теңіз жаяу әскерінің десанттық-шабуылдау батальоны мен суасты диверсиялық күштеріне қарсы күрес ротасының жеке құрамы шартты түрде террористер басып алған азаматтық кемені босату тапсырмасын орындады.Аталмыш оқу-жаттығу командирлердің күш-құралдарды басқарудағы тәжірибелік дағдыларын жетілдіруге ықпал етті. Маневрлер барысында бөлімшелердің жеке құрамы жауынгерлік даярлықтың жоғары деңгейін көрсетіп, қойылған міндеттерді орындауға толық әзір екенін дәлелдеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1185199?lang=kk
Көктемгі шақыру: Астанада және өңірлерде мерзімді әскери қызметке алынғандардың алғашқы лектері жіберілді 19.03.2026
Республикалық маңызы бар қалалардың және елдің облыс орталықтарының жинау пункттерінен әскерге шақырылушылардың бірінші легі ҰҚК Шекара қызметінің бөлімшелеріне жөнелтілді.Астана қаласының қорғаныс істері жөнініндегі департаментінде өткен салтанатты шығарып салу рәсіміне жергілікті әскери басқару органдарының өкілдері, Қарулы күштердің ардагерлері, «Жас сарбаз» әскери-патриоттық қозғалысының тәрбиеленушілері, әскер қатарына алынғандардың туған-туыстары қатысты.Елордалық қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы полковник Руслан Балтеміров маусым айының соңына дейін елорда 1 400-ден астам астаналықты мерзімді әскери қызметке жіберуді жоспарлап отырғанын атап өтті.Алматыда Шекара қызметі бөлімшелеріне 46 азаматты салтанатты түрде шығарып салды. Аталмыш рәсімге тоғыз баланың анасы, «Алтын алқа» иегері Айжан Шанашова қатысты.– Әскерде ұлым шыңдалып, Отан алдындағы азаматтық борышын абыроймен орындап келеріне күмәнім жоқ. Ол саналы түрде және еш ойланбастан әскерге баратынын айтты, – деді көп балалы ана.Шығыс Қазақстан облысында да әскерге шақыру науқаны қарқын алуда. Биыл өңір мерзімді әскери қызметке 650-ге жуық азаматты жібермек. Армияда олар әскери істің негіздерін үйреніп, әскери-есептік мамандық меңгереді. Тәртіп пен жауапкершілікке қалыптасады.Маңғыстау облысында бірінші болып 22 әскерге шақырылушы әскерге аттанды. Алдымен олар Алматы облысындағы шекара қызметінің оқу-жаттығу орталығында алғашқы әскери дайындықтан өтеді. Көктемгі науқан аясында облыстан барлығы 800-ге жуық азаматты әскер сапына алу жоспарланып отыр.– Әскердегі қызмет – мен үшін шымыр, тәртіпті болуға және Отанды қорғауға өз үлесімді қосуға берілген мүмкіндік. Бұл қызметті мақтанышпен әрі абыроймен атқаруға тырысамын, – деп атап өтті Маңғыстау облысынан әскерге шақырылушы Бекзат Әбілханұлы.Ақтөбе облысында да Алматы облысына қарайтын Шекара қызметінің әскери бөлімшелеріне алғашқы 23 әскерге шақырылушыны жөнелту рәсімі өтті. Алдағы уақытта бұл өңір 1000-нан аса адамды әскерге шақырады.Мерзімді әскери қызмет өткеру кезеңінде, сондай-ақ запасқа шығарылғаннан кейін екі ай ішінде әскери қызметшілер үшін кредиттік демалыс қолданылады. Бұдан өзге жауынгерлік даярлықтан үздік сарбаздар мемлекеттік грант бойынша ҰБТ тапсырусыз еліміздің жоғары оқу орындарына түсу мүмкіндігіне ие болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1185057?lang=kk
Еуразиялық экономикалық комиссияда қызметкерлер лауазымдарына орналасуға кандидаттармен әңгімелесу өткізу кестесі жарияланды 19.03.2026
ҚР Сауда және интеграция министрлігі ағымдағы аптадан бастап бейнеконференцбайланыс режимінде Еуразиялық экономикалық комиссияда қызметкерлер лауазымдарына қатысуға ниет білдірген кандидаттармен әңгімелесу өткізілетінін хабарлайды.Әңгімелесуді өткізу уақыты мен күні кандидаттарға қосымша хабарланатын болады.Әңгімелесу барысында кандидаттардың кәсіби деңгейі және олардың Қазақстан Республикасының Премьер - Министрі – Сауда және интеграция министрі 2022 жылғы 4 шілдедегі № 280-НҚ бұйрығымен бекітілген «Еуразиялық экономикалық комиссия қызметкерлерінің бос лауазымдарына орналасуға кандидаттарды біліктілік іріктеу қағидаларының» 10-тармағында көрсетілген өлшемшарттарға сәйкестігі бағаланатын боладыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1185029?lang=kk
“Мемлекеттік тілде құжат әзірлеудің ерекшеліктері” семинары өтті 19.03.2026
Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету департаментінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Қазақстан Республикасында тіл саясатын дамытудың 2023–2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі 2026 жылға арналған іс-шаралар жоспары аясында ағымдағы жылғы 17 наурызда «Мемлекеттік тілде құжат әзірлеудің ерекшеліктері» тақырыбында семинар өтті.Аталған семинарға Министрлікке жаңадан қабылданған мемлекеттік қызметшілер қатысты. Сонымен қатар аумақтық бөлімшелердің қызметкерлері онлайн форматта қатысу мүмкіндігіне ие болды.Семинар барысында қатысушыларға мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту, ресми құжаттарды мемлекеттік тілде дұрыс және сауатты ресімдеу қағидаттары түсіндірілді. Сондай-ақ құжаттарды әзірлеу кезінде жиі кездесетін қателіктерге тоқталып, оларды болдырмау жолдары бойынша нақты мысалдар келтірілді.Іс-шара барысында қатысушыларға әдістемелік көмек көрсетіліп, практикалық тапсырмалар берілді. Қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, тиісті жауаптар алды.Аталған семинар мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыруға, оны іс жүргізуде кеңінен қолдануға және қызметкерлердің тілдік құзыреттілігін жетілдіруге бағытталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1185037?lang=kk