Enbekshi QazaQ

Қуқық

1 қыркүйектен бастап алғашқы әскери дайындық пәні жаңартылған бағдарламамен өтеді 26.08.2026
Жаңа оқу жылынан бастап еліміздің мектептерінде алғашқы әскери дайындық (АӘД) пәні жаңартылған бағдарлама бойынша оқытылады. Астанада өткен республикалық секцияда пәннің жаңа мазмұны, оқытудың заманауи әдістері мен педагогтердің кәсіби даярлығына қойылатын талаптар таныстырылды.Қазақ ұлттық спорт университетінде «Алғашқы әскери дайындықтың заманауи моделі: мазмұны, технологиялары және педагогтің кәсіби дамуы» тақырыбында іс-шара ұйымдастырылды. Оған Қорғаныс және Оқу-ағарту министрліктерінің өкілдері, сондай-ақ еліміздің барлық өңірінен келген әдіскерлер мен АӘД пәнінің оқытушылары қатысты.Секция барысында қатысушыларға пән мазмұнына енгізілген негізгі өзгерістер, заңнамадағы жаңалықтар және педагогтерді даярлау жүйесіндегі жаңа талаптар таныстырылды. Мұндай жаңашылдықтар әскери-патриоттық тәрбиені жетілдіруге бағытталған. Олар 2025 жылғы шілдеде Мемлекет басшысы қол қойған «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына енгізілген өзгерістерге негізделген.– 1 қыркүйектен бастап пән «Алғашқы әскери дайындық» атауын қайта иеленіп, оқыту форматы түбегейлі өзгереді. Бұл өзгерістер пәннің мазмұнына және педагогтерді даярлау тәсілдеріне де қатысты. Енді оқытушылардың біліктілігін арттыру әскери оқу орындарында ұйымдастырылады. Бұл олардың практикалық даярлығын күшейтуге мүмкіндік береді. Бұдан бөлек заңнамада педагогтердің әскери өтілі болуы да қарастырылған, – деді Әскери білім және ғылым департаменті бастығының орынбасары майор Людмила Перякина.Іс-шара барысында әдіскерлер, PhD докторлары мен профессорлар алғашқы әскери дайындықты ұйымдастырудың және әскери-патриоттық тәрбиенің заманауи тәсілдерімен бөлісті. Жастарды әскери қызметке даярлау, педагогтердің жаңа кәсіби құзыреттерін қалыптастыру және олардың біліктілігін үздіксіз арттыру мәселелеріне ерекше назар аударылды. Оқу үдерісін цифрландыру басты бағыттардың бірі болды. Педагогтерге оқу материалдарын, бағалау құралдары мен ситуациялық тапсырмаларды әзірлеу кезінде жасанды интеллект мүмкіндіктерін пайдалану жолдары көрсетілді. «Заманауи АӘД сабағы: оқу міндетінен цифрлық сценарийге дейін» атты практикалық демонстрация барысында қатысушылар тактикалық симуляторлар мен цифрлық білім беру шешімдерін қолдану мүмкіндіктерімен танысты.Бұдан бөлек, АӘД сабақтарында ұшқышсыз басқарылатын құрылғылар технологияларын оқыту әдістері, қосымша білім беру жүйесіндегі жастардың әскери қызметке дейінгі даярлығын ұйымдастырудың заманауи тәсілдері, әскери-спорттық және әскери-қолданбалы жарыстарды білім беру үдерісінде тиімді пайдалану жолдары да айтылды.Секция соңында АӘД пәнінің үздік оқытушылары марапатталды. Әскери білім және ғылым департаментінің бастығы полковник Мұрат Олжабаев педагогтерге Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің атынан грамоталар табыс етті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1279978?lang=ru
Марат Сұлтанғазиев азаматтарды жеке қабылдады 25.08.2026
Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев кезекті азаматтарды жеке қабылдауын өткізді. Онда тұрғындар жарық, жер телімі, газ, кәріз жүйесі мен білім беру саласында туындаған мәселелеріне көмек беруді сұрады.Мәселен, Еңбекшіқазақ ауданы Өрікті ауылының тұрғыны егістік алқабында заңды түрде тіркелмеген зират орналасқанын, соның кесірінен 400 метр жерді өз мақсатына қолдана алмай отырғанын жеткізді. «Егер зиратты жапса, кемі 50 метр жерді пайдалануға мүмкіндік туар еді», – дейді тұрғын. Ол мұнда агротуризмді дамытып, қора-жай немесе басқа да қажетті нысандарды салуды көздеуде. Бүгінде аталған ауылда зират мәселесі өзекті болып тұр, сондықтан аудан әкімдігі оны жабу қиын міндет екенін айтты.«Зират мәселесі күрделі екені белгілі. Бірақ мұны өзгеріссіз қалдырсақ, жыл сайын кеңейе береді, кейін ауылдың тура жанына жақындайды. Сондықтан зираттың орнын ауыстыру керек. Адамдар тұра алатын немесе ауыл шаруашылығы, туризм бағытында кәдеге жаратуға болатын жерді бейіт басына айналдыру дұрыс емес», – деді Марат Елеусізұлы.Іле ауданы Н. Тілендиев ауылының тұрғындары елді мекен маңындағы кәсіпорындар мен «Алматы Су» мекемесінің кәріз жүйелерінен шығатын иістен арыла алмай отырғандарын айтады. Тексеріс нәтижесінде оларға 13,5 млн теңге айыппұл салынған. Дегенмен бұл жұмыс ешқандай нәтиже бермей отыр. «Бұл мәселені дұрыстап зерделеп, керек болған жағдайда айыппұл мөлшерін арттыру керек. Себебі оның зардабын күн сайын халық көріп отыр. Іс қозғап, прокуратурамен бірлесіп, тезірек шешімін табу қажет», – деді аймақ басшысы.Еңбекшіқазақ ауданы «Алтын адам» саяжайының төрағасы жарық тарифіне қатысты туындаған жайтты баяндады. Айтуынша, саяжай электр энергиясына Есік қаласындағы «Алатау Жарық» компаниясы арқылы қол жеткізіп отыр. Онда тұратын 130 отбасының 105-і электр энергиясын кооператив арқылы тұтынып, белгіленген тарифке сәйкес әр кВт-қа 42 теңге төлейді. Ал қалған 25 үйдің иелері жеке тұлғаның заңсыз әрекетіне еріп, бес жыл бойы 37 теңге көлеміндегі тарифті қолданып отыр. Нәтижесінде кооператив 1,96 млн теңге қарызға батқан. Саяжайда жер телімін рәсімдеу бойынша да қиындықтар бар. Тұрғындар соның кесірінен газ желісін тарта алмай отыр.«Заң бәріне ортақ. Мәселені бүге-шүгесіне дейін қайта қарап, талапқа бағынбағандарды жауапқа тарту керек. Тұрғындарға полиция қызметкерлерімен бірге түсіндіру жұмысын жүргізіп, тәртіпке келтіру қажет. Бірнеше адамның кесірінен тұтас саяжай зардап шекпеуі керек. Одан бөлек, егер жерге қатысты түйткіл шешілсе, газ желісін жүргізуге мүмкіндік туады. Сонда өзге мәселелер бірден шешіледі», – деді аймақ басшысы. Жауапты мамандардың сөзінше, қазіргі таңда саяжайды елді мекенге ауыстыру жөнінде жұмыстар атқарылып жатыр. Бұл екі ай уақытты алады. Нәтижесінде түйткілдердің түйіні тарқатылады.«Асыл арман» тұрғын үй кешенінің тұрғындары мектеп оқулығына қол жеткізе алмай жатқандарын жеткізді. Қарасай ауданындағы бұл аумақта осыған дейін мектептегі орын санының жетіспеушілігі туындаған еді. Оны шешу үшін 2000 оқушыны жеке меншік мектепке әкімдік тарапынан қаржы бөліп, тегін оқыту туралы шешім қабылданған. Бірақ ол жеке мектеп болғандықтан балаларға кітап берілмейді. Марат Елеусізұлы биыл оқулықпен қамтамасыз етуге 3 млрд-тан астам қаржы бөлінгенін, сол қаражатты тиімді қолдану керегін айтты. Сондай-ақ білім басқармасына өзге мектептердегі артық кітаптарды жаңа оқу жылына дейін оқушыларға жеткізіп беруді міндеттеді.Жеке қабылдау қорытындысында Марат Сұлтанғазиев аудан әкімдері мен басқарма басшыларына халықпен тығыз жұмыс істеп, мәселелерді аяқсыз қалдырмауды жүктеді. Оларға нақты тапсырмалар беріп, әрдайым бақылауда ұстауды тапсырды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1279944?lang=ru
Қазақстан мен Иордания саяси консультациялар барысында екіжақты ынтымақтастықтың перспективаларын талқылады 25.08.2026
Амман, 2026 жылғы 24 тамыз – Амман қаласында Қазақстан Республикасы мен Иордания Хашимиттік Корольдігі арасында саяси консультациялар өтті. Кездесу барысында тараптар екіжақты қатынастардың қазіргі жай-күйі мен даму перспективаларын, сондай-ақ халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылады.Қазақстандық делегацияны Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрінің орынбасары Арман Исағалиев басқарды. Иордания тарапынан консультацияларға Иордания Сыртқы істер және экспатрианттар істері жөніндегі министрлігінің Бас хатшысы Дайфалла Али Әл-Файез қатысты.Кездесудің басында Иордания тарапы Қазақстан Республикасының Құрылтайына алғашқы сайлаудың табысты өтуімен құттықтап, оның еліміздің одан әрі саяси дамуы үшін маңызды мәнін атап өтті.Тараптар Қазақстан-Иордания өзара іс-қимылының оң динамикасын атап өтіп, саяси диалогты одан әрі нығайту және екіжақты ынтымақтастықты кеңейту жөніндегі іс-жүзіндегі қадамдарды талқылады.Сауда-экономикалық және инвестициялық байланыстарды дамытуға, ауыл шаруашылығы, көлік, туризм және әуе қатынасы салаларындағы өзара іс-қимылға, сондай-ақ консулдық ынтымақтастық пен шарттық-құқықтық базаны жетілдіруге ерекше назар аударылды.Тараптар сондай-ақ БҰҰ, ИЫҰ, АӨСШК, АҚИҰ және басқа да халықаралық ұйымдар шеңберіндегі өзара іс-қимыл мәселелері бойынша пікір алмасты. Халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер, оның ішінде Таяу Шығыстағы ахуал жеке қаралды.Халықаралық гуманитарлық құқықты нығайту жөніндегі жаһандық күш-жігер аясында тараптар 2026 жылғы 7 желтоқсанда Иорданияда өтетін жоғары деңгейдегі «Соғыс кезіндегі адамгершілік» (Humanity in War) конференциясына дайындық мәселелерін талқылады. Қазақстан мен Иордания бірқатар басқа мемлекеттермен қатар Халықаралық гуманитарлық құқыққа саяси міндеттемені күшейту жөніндегі жаһандық бастаманың тең құрылтайшылары болып табылады.Сапар аясында Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары сондай-ақ Корольдік сарай өкілімен келіссөздер жүргізді. Тараптар Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2025 жылы Амманға және Иордания Королі Абдалла II-нің Астанаға жасаған өзара сапарларының қорытындыларын шығарды. Жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтардың іске асырылу барысын, сондай-ақ екі ел көшбасшылары арасындағы алдағы байланыстардың перспективаларын талқылады.Кездесулер қорытындысы бойынша тараптар Қазақстан-Иордания саяси диалогын одан әрі нығайтуға және екіжақты ынтымақтастыққа барынша практикалық әрі мазмұнды сипат беруге өзара мүдделіліктерін растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1279942?lang=ru
Қазақстан мен Италия екіжақты және көпжақты ынтымақтастықтың перспективаларын талқылады 25.08.2026
Астана, 2026 жылғы 25 тамыз – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Италия Республикасы Министрлер кеңесі Төрағасының орынбасары – Сыртқы істер және халықаралық ынтымақтастық министрі Антонио Таянимен телефон арқылы сөйлесті.Тараптар қазақ-итальян стратегиялық ынтымақтастығының қазіргі жай-күйі мен перспективаларын, сондай-ақ екі елдің көпжақты форматтардағы, оның ішінде «C5-Италия» және«B5-Италия» диалог алаңдары шеңберіндегі өзара іс-қимылын талқылады.Келіссөздердің негізгі тақырыптарының бірі энергетикалық қауіпсіздік және қазақстандық мұнайды халықаралық нарықтарға жеткізудің негізгі бағыты болып табылатын Каспий құбыр консорциумының (КҚК) тұрақты әрі қауіпсіз жұмысын қамтамасыз ету мәселесі болды. Тараптар оның үздіксіз жұмыс істеуінің Еуропаны тұрақты энергиямен қамтамасыз етудегі стратегиялық маңызын атап өтті.Әңгімені қорытындылай келе тараптар қазақ-итальян серіктестігін одан әрі нығайтуға және түрлі деңгейлердегі тұрақты байланыстарды жалғастыруға өзара бейілділігін растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1279915?lang=ru
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Швейцарияның Уақытша сенімді өкілімен кездесу өткізді 25.08.2026
Астана, 2026 жылғы 25 тамыз – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Арман Исетов Швейцария Конфедерациясының Қазақстан Республикасындағы Уақытша сенімді өкілі Джорджо Помпилиомен Астанадағы дипломатиялық миссиясының аяқталуына байланысты кездесті.Кездесу барысында тараптар қазақ-швейцар ынтымақтастығының өзекті мәселелерін, сондай-ақ оны одан әрі дамыту перспективаларын талқылады. «Blue Peace Central Asia» (BPCA) бастамасы аясындағы су және экология салаларындағы өзара іс-қимылға ерекше назар аударылды. Көлік, фармацевтика және экология салаларындағы практикалық әріптестікті тұрақты дамыту маңыздылығы аталып өтті.Кездесу соңында А. Исетов Д. Помпилиоға екіжақты байланыстарды нығайтуға қосқан үлесі үшін алғыс айтып, алдағы дипломатиялық қызметіне табыс тіледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1279880?lang=ru
Алматыда БҰҰ бітімгерлеріне арналған халықаралық курс өтіп жатыр 25.08.2026
Алматы қаласындағы Қорғаныс министрлігінің Бітімгерлік операциялар орталығында «БҰҰ-ның бітімгерлік операцияларындағы гендерлік аспектілер» атты бес күндік халықаралық курс өтіп жатыр.Курсқа қатысушылар қарулы қақтығыстар мен гуманитарлық дағдарыстар кезіндегі бейбіт тұрғындарды қорғау ерекшеліктерін, соның ішінде әйелдер, балалар мен қарттардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерін зерделеуде. БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің «Әйелдер, бейбітшілік және қауіпсіздік» жөніндегі 1325 қарарын іске асыруға, әйелдердің бітімгерлік қызметтегі рөліне ерекше назар аударылып отыр.Бітімгерлік операциялар орталығының бастығы полковник Уәлихан Байкенов халықаралық стандарттар мен практикалық тәжірибені ескере отырып бітімгерлерді даярлаудың маңыздылығын атап өтті.– Қазіргі заманғы бітімгерлік қызмет тек кәсіби даярлықты ғана емес, сонымен қатар миссия орындалып жатқан аймақтағы қоғамның ерекшеліктерін түсінуді талап етеді. Гендерлік аспект бейбіт тұрғындарды қорғауда, зорлық-зомбылықтың алдын алуда және жергілікті қауымдастықтармен қарым-қатынас жасауда маңызды рөл атқарады, – деді полковник Уәлихан Байкенов.Оқыту ағылшын тілінде Астанадағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар кеңсесімен бірлесіп, халықаралық және қазақстандық сарапшылардың қатысуымен жүргізіліп жатыр. Курсқа Қазақстан, Армения, Қытай, Франция, Жапония және Пәкістанның әскери қызметшілері мен бейінді ұйымдарының өкілдері қатысуда.Мұндай курстарды өткізу бітімгердің кәсіби даярлық деңгейін арттыруға және бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға ықпал етеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1279657?lang=ru
2027-2029 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы қаралды 25.08.2026
Бүгін ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында 2027-2029 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы және «2026-2028 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасы, сондай-ақ жылыту маусымына дайындық барысы қаралды. Оған облыс әкімі Мұрат Ергешбаев селекторлық режим арқылы қатысты. Үкімет отырысынан кейінгі мәжілісте күн тәртібіндегі мәселелер жан-жақты талқыланды. Аймақ басшысы 7 айдың қорытындысымен облыстың негізгі макроэкономикалық көрсеткіштері өскенін, барлық салада оң динамика қалыптасқанын атап өтті. «Дегенмен, тау-кен өнеркәсібінің 80 пайызға жуық үлесін құрайтын шикі мұнай өндіру жыл сайын төмендеуде. Өнеркәсіп саласындағы көрсеткіштерді орындаудың қосымша тетіктерін қарастыруымыз қажет. Бұл ретте жауапты басқарма қала, аудан әкімдіктерімен, жергілікті кәсіпкерлермен кездесіп, тиісті шара қабылдаңыздар. Құрылыс саласы бойынша Үкімет жеті айға бекіткен жоспар артығымен орындалды. Биыл мемлекеттік бюджеттен 106,5 млрд. теңге бөлініп, 140 жобаның құрылысы жүргізілуде. Бюджет есебінен және бюджеттен тыс салынып жатқан нысандардың айлық, тоқсандық, жылдық есебін толық ұсынуды тапсырамын. Бұдан бөлек, көлік және қоймалау көрсеткіші 16,4 пайызға артты.Үкімет бұл салаға 107 пайыз деңгейіндегі меже қойды. Жауапты басқарма көрсеткіштердің толық орындалуын қамтамасыз етуі қажет. Еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму болжамы негізінде 2027-2029 жылдарға арналған өңірдің даму болжамын бекітуіміз керек. Облыстық басқармалар, қала, аудан әкімдіктері, әлеуметтік-экономикалық даму болжамына арналған жоспарды 1 қазанға дейін әзірлеп, бекітуге ұсыныңыздар.Жобалар тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартуға, әлеуметтік-экономикалық әлеуетті арттыруға бағытталуы тиіс», – деді Мұрат Нәлқожаұлы. Биыл аймақтағы жылумен қамту нысандарын жаңғыртуға 5 млрд 500 млн теңге бөлінді. Бұл қаржыға 8,7 шақырым жылу желісі жаңғыртылып, №1 және 2 газтурбиналық қондырғыға күрделі жөндеу, 1,3 шақырым жылу желісі мен 1 қазандық, 1 турбина және 10 автономдық қазандыққа, негізгі және қосалқы қондырғыларға жөндеу жүргізілуде. Ал 7 млрд. 600 млн теңге 460 шақырым электр желілері мен 134 қосалқы станцияны жөндеуге бағытталды. Облыстағы 1 074 әлеуметтік нысанның дайындығы 98 пайыз. «Білім, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт, жұмыспен қамту басқармаларына қарасты ғимараттар жылу беру маусымына толық дайын болуы тиіс. Тұрғындарды көмірмен қамтамасыз ету мәселесі де өзекті. Қажетті көмірдің көлемі 80 мың тонна, тұрғындар үшін 68 мың тонна, ал әлеуметтік нысандар үшін 12 мың тонна керек. Жауапты басқарма, қала және аудан әкімдіктері, көмір қорын белгіленген мерзімде толық жасақтауды тапсырамын», – деді аймақ басшысы. Мәжілісте оқушылардың жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі де талқыланды. Облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары Ермахан Адрамановтың айтуынша, облыстағы 962 білім беру ұйымы жол желісіне жақын орналасқан. Осыған байланысты білім беру ұйымдарының маңына заманауи талаптарға сай жол белгілері мен жол таңбаларын орнату ұсынылды. Сонымен қатар жаңа оқу жылының басталуына байланысты көлік ағынының артуы ескеріліп, қала орталығындағы көшелерге қосымша жол қозғалысын реттейтін құрылғылар қою жоспарланып отыр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/1279620?lang=ru
2029 жылға қарай Ұлттық қордың валюталық активтері $70,6 млрд-қа дейін ұлғаяды 25.08.2026
Экономиканы дамытудың базалық сценарийіне сәйкес, ҚР Ұлттық қорының валюталық активтерінің көлемі 2027 жылы $65,2 млрд-тан 2029 жылы $70,6 млрд-қа дейін өседі. Мұндай есептерді Үкімет отырысында Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин айтты.«Базалық сценарий кезінде Ұлттық қорға түсетін түсімдердің жалпы көлемі 2027 жылы 5,1 трлн теңге, 2028 жылы 5,5 трлн теңге және 2029 жылы 5,7 трлн теңге деңгейінде болады деп болжанып отыр. Ұлттық қорға түсетін таза түсімдер 2027 жылы 0,5 трлн теңге, 2028 жылы 1,4 трлн теңге және 2029 жылы 2,0 трлн теңге мөлшерінде болжануда», – деді өз баяндамасында Серік Жұманғарин.Республикалық бюджетке аударылатын кепілдендірілген трансферттің мөлшері бюджеттік қағидаларға сәйкес айқындалды, ол 2027 және 2028 жылдары жыл сайын 2,4 трлн теңгені құрайды, кейіннен 2029 жылы 2 трлн теңгеге дейін төмендейді.Аса маңызды инфрақұрылымдық нысандар мен жалпыхалықтық маңызы бар жобаларды қаржыландыру үшін Ұлттық қордан нысаналы трансферт тарту көзделген, оның көлемі 2027 жылы 2 трлн теңге және 2028 және 2029 жылдары жыл сайын 1,5 трлн теңге болмақ.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1279482?lang=ru
Республикалық бюджет тапшылығы 2029 жылға қарай ЖІӨ-ге қатысты 0,4%-ға дейін төмендейді 25.08.2026
Республикалық бюджет тапшылығы 2027 жылғы ЖІӨ-ге қатысты 2,3%-дан 2029 жылы 0,4%-ға дейін қысқарады. Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин баяндады.«Мемлекеттік қаржының орнықтылығын қолдау үшін бюджет тапшылығы 2027 жылы ЖІӨ-ге қатысты 2,3% деңгейінде болады айқындалды, ал 2029 жылы 0,4%-ға дейін төмендейді. Мұнай емес тапшылық ЖІӨ-ге қатысты 5,3%-дан 2,5%-ға дейін төмендейді. Осыны ескере отырып, республикалық бюджеттің шығыстары 2027 жылы 30,2 трлн теңгені, 2028 жылы 29,4 трлн теңгені және 2029 жылы 29,6 трлн теңгені құрайды»,— деді Серік Жұманғарин.Ұлттық экономика министрлігінің есептеулері бойынша республикалық бюджеттің кірістері 2027 жылы 19,9 трлн теңгені құрап, 2028 жылы 21,7 трлн теңгеге жетеді, ал 2029 жылы 23,4 трлн теңгеге дейін өседі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1279478?lang=ru
2027-2029 жылдары Қазақстанның ЖІӨ-нің орташа жылдық нақты өсімі 5%-дан жоғары болады 25.08.2026
2027-2029 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамының базалық нұсқасында Қазақстанның ЖІӨ-нің орташа жылдық өсуі 5%-дан жоғары болады деп болжануда. Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин мәлімдеді.«Номиналды ЖІӨ 2027 жылы 199,3 трлн теңгеден 2029 жылы 245 трлн теңгеге дейін өседі. Экономиканың өсуі мұнай емес секторлардағы өндірістің ұлғаюымен байланысты. Өңдеу өнеркәсібінің өсу қарқыны тау-кен өнеркәсібінен озып кететін болады. Өңдеудің өсуіне негізінен металлургия, машина жасау, құрылыс материалдарын өндіру, химия өнеркәсібі, тамақ өнімдерін өндіру салалары үлес қосады»,— деді Серік Жұманғарин.Вице-премьер жыл сайынғы көрсеткіші кемінде 5% болатын ауыл шаруашылығы саласы да өсу драйверіне айналатынын атап өтті. Құрылыс секторында көлік-логистика, энергетика, су, тұрғын үй-коммуналдық және әлеуметтік инфрақұрылымдарды дамыту есебінен 2027 жылы 16%-дан 2029 жылы 17,3%-ға дейін өсім қарқыны артады деп күтілуде.Қызмет көрсету саласында сауданың орташа жылдық өсімі 5,7%-ға, көлік пен қоймаға жинау 10,4%-ға, ақпарат пен байланыс 9,2%-ға өседі деп болжануда.Сыртқы сауда балансы оң болып қала береді: тауарлар экспорты 2027 жылы $82,8 млрд-тан 2029 жылы $88,5 млрд-қа дейін өседі, импорт $80,5 млрд-тан $88,4 млрд-қа дейін артады.Инфляция дәлізі 2027 жылы 7,5-9,5% деңгейінде болады деп айқындалды, кейіннен 2028-2029 жылдары 6-8%-ға дейін төмендейді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1279431?lang=ru
Сапер бөлімшелерінің командирлері оқу-жаттығу жиынынан өтті 25.08.2026
Қонаев гарнизонының Миналарды залалсыздандыру орталығында минадан тазарту міндеттерін орындайтын инженерлік әскерлер бөлімшелерінің командирлерімен оқу-жаттығу жиыны өтті.Жиынға қатысушылар кәсіби даярлық деңгейін арттырып, жергілікті жер мен нысандарды жарылғыш заттардан тазарту жұмыстарын ұйымдастыру мәселелерін пысықтады.Әскери қызметшілер минадан тазартудың заманауи әдістері мен құралдарын, инженерлік барлау жүргізу, мина-жарылғыш бөгеттерден өту, өтпелер жабдықтау және жергілікті жердің әртүрлі учаскелерін тазарту тәртібін зерделеді. Әуе, артиллериялық және инженерлік оқ-дәрілердің құрылысына, қолдан жасалған жарылғыш құрылғыларды залалсыздандыруға және қауіпсіздік талаптарына ерекше назар аударылды.Практикалық сабақтар барысында инженерлік барлау жүргізу, өтпе жолдарды жабдықтау, жергілікті жерді, жолдарды, өзен учаскелерін және әскерлер орналасқан аудандарды минадан тазарту жұмыстары орындалды. Командирлер инженерлік әскерлердің заманауи құралдарын, оның ішінде роботтандырылған кешендерді, ұшқышсыз басқарылатын құралдар мен арнайы минадан тазарту жиынтықтарын қолдануды меңгерді.Даярлықтың жеке бағыты мина-жарылыс және жарықшақты-жарылыс жарақаттарын алған зардап шеккендерге медициналық көмек көрсету болды. Сондай-ақ курс барысында гуманитарлық минадан тазарту, жарылғыш заттарды тасымалдау және жою мәселелері қарастырылды.– Командирлердің даярлығы минадан тазарту міндеттерін орындау кезінде бөлімшелердің іс-қимыл үйлесімділігіне тікелей әсер етеді. Әрбір командирдің сауатты шешім қабылдауға және түрлі жағдайларда жеке құрамның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге дайын болуы маңызды, – деді оқу-жаттығу жиысының жетекшісі майор Асылбек Қуатбеков.Жиын соңында әскери қызметшілер өткен тақырыптар бойынша сынақ тапсырды. Оқу қорытындысы бойынша олардың кәсіби даярлық деңгейін арттырғанын растайтын сертификаттар табысталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1279390?lang=ru
Бизнеске арналған AI-навигатор пилоттық жобасы іске қосылды 24.08.2026
Мемлекет басшысының 2025 жылғы 8 қыркүйектегі «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан» Жолдауын орындау мақсатында ҚР Ұлттық экономика министрлігі ҚР жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігімен бірлесіп «кәсіпкерлік саласындағы міндетті талаптар тізілімі» пилоттық жобасын іске қосу туралы бірлескен бұйрыққа қол қойды.Жаңа цифрлық сервис кәсіпкерлердің заңнаманың өзекті талаптарына қол жеткізуін жеңілдету үшін әзірленген. Жобаның негізінде қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерді автоматты түрде талдайтын, ондағы бизнеске қойылатын талаптарды анықтайтын, ақпаратты жүйелейтін және жаңартатын жасанды интеллект алгоритмдері бар.Жобаның негізгі міндеті кәсіпкерлерге әкімшілік жүктемені азайту, реттеудің ашықтығын арттыру және неғұрлым болжамды бизнес ортаны қалыптастыру болып табылады.Заңнаманы автоматтандырылған талдау кәсіпкерлерге белгілі бір қызмет түріне қолданылатын талаптарды іздеуге және зерттеуге қажетті уақыт пен ресурстарды қысқартуға мүмкіндік береді.Міндетті талаптар туралы құрылымдық және қолжетімді ақпарат кәсіпкерлерге заңнаманы жақсырақ басқаруға көмектеседі және белгіленген нормаларды байқаусызда сақтамау қаупін азайтады.Жүйе сонымен қатар нормативтік құқықтық актілердегі өзгерістерді жедел бақылауға және оларды бизнес қызметінде уақтылы ескеруге мүмкіндік береді.Пилоттық жоба кәсіпкерлік қызметті реттеуді цифрландыру және мемлекеттің бизнеспен өзара іс-қимыл сапасын арттыру құралдарының бірі болып табылады.Жаңа функционалдылық бизнеске арналған сандық AI платформасында қол жетімді. Жақын арада сервис eGov business порталында да іске қосылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1279208?lang=ru
Құрлық әскерлерінің әскери ӘШҚҚ кәсіби мерекесін атап өтуде 24.08.2026
24 тамызда Қарулы күштердің Құрлық әскерлері құрамындағы әскери әуе шабуылына қарсы қорғаныс бөлімшелерінің әскери қызметшілері кәсіби мерекесін атап өтуде. Әскери ӘШҚҚ әскерлерінің құрылған күні Қорғаныс министрінің 2026 жылғы 25 ақпандағы бұйрығымен бекітілді.Әскери ӘШҚҚ – Құрлық әскерлерінің жауынгерлік әлеуетінің маңызды құрамдас бөлігі. Оның негізгі міндеті – әскерлер мен маңызды нысандарды әуеден төнетін қауіп-қатерден қорғау, бөлімшелердің ұдайы іс-әрекетін және қойылған міндеттерді орындауға әзірлігін қамтамасыз ету.Қазіргі заманғы әуе шабуылына қарсы құралдардың даму жағдайында әскери қызметшілердің кәсіби даярлығын ұдайы жетілдіру ерекше маңызды. Бөлімшелердің даярлығының негізін практикалық сабақтар мен жауынгерлік есептоптардың жаттығулары, әуе нысандарын анықтау және қолдау, сондай-ақ бөлімшелер арасындағы өзара іс-қимылды жетілдіру құрайды.Әскери әуе шабуылына қарсы қорғаныс құрамында әртүрлі бағыттағы мамандар – жауынгерлік машиналардың операторлары мен есептоптары, бөлімше командирлері, техникалық мамандар және басқа да әскери қызметшілер қызмет етеді. Оларды жоғары жауапкершілік, кәсіби шеберлік және кез келген жағдайда әрекет етуге дайындық біріктіреді.Жауынгерлік есептоптардың үйлесімді іс-қимылына ерекше көңіл бөлінеді. Әскери қызметшілер полигондарда тұрақты түрде жаттығулар өткізіп, түрлі сценарийлер кезіндегі іс-қимылдарды пысықтайды, қару-жарақ пен әскери техниканы тұрақты жауынгерлік әзірлікте ұстайды.Кәсіби мереке – адал қызмет еткен әскери қызметшілерге алғыс білдіріп, әскери әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің қалыптасуы мен дамуына үлес қосқан ардагерлерге ризашылық білдіруге және оның қалыптасуының бастауында тұрған азаматтарды құрметпен еске алуға арналған маңызды күн.Бүгінде әскери әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскери қызметшілері жауынгерлік дәстүрлерді жалғастырып, кәсіби шеберліктерін шыңдап, әскерлер мен елдің әуе кеңістігінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді абыроймен атқарып келеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1279086?lang=ru
Ұлытауда облысында делдалдық схемаларды тексеру бойынша 32 комиссия отырысы өтті 24.08.2026
2026 жылдың басынан бері Ұлытау облысы әкімінің өкіміне сәйкес құрылған комиссия аясында азық-түлік бағаларының қалыптасу тізбегіндегі делдалдық схемаларды тексеру бойынша 32 комиссия отырысы өткізілді.Комиссия отырыстарының қорытындылары, Сауда комитетінің электрондық шот-фактураларға жүргізген ай сайынғы талдауы және жергілікті атқарушы органдардың мониторинг нәтижелері бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына белгіленген 15 пайыздық шекті сауда үстемесін асыру фактілері анықталды.Анықталған заң бұзушылықтар бойынша Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 204-4-бабына сәйкес 94 кәсіпкерлік субъектісіне әкімшілік шаралар қолданылды.Оның ішінде 3 кәсіпкерге профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша заң бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді. Қалған 91 кәсіпкерге жалпы сомасы 2 млн 465 мың 250 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды. Оның ішінде қысқартылған іс жүргізу тәртібімен 1 млн 232 мың 625 теңге өндірілді.Баға жапсырмаларын рәсімдеу талаптары да бақылаудаЖергілікті атқарушы органдардың мониторингі барысында сауда нысандарында тауарларды баға жапсырмаларымен тиісті түрде рәсімдемеген 52 кәсіпкер анықталды.Аталған кәсіпкерлер Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 193-бабының 4-тармағына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Нәтижесінде жалпы сомасы 2 млн 971 мың 275 теңге көлемінде айыппұл салынып, қысқартылған тәртіппен 1 млн 485 мың 637,50 теңге өндірілді.Сауда және интеграция министрінің міндетін атқарушы С. Жұманғарин 2023 жылғы 30 наурызда бекіткен Сауда базарларын жаңғырту жөніндегі жол картасына Ұлытау облысынан «Мерей» және «Нарық» атты 2 сауда базары енгізілген.Аталған сауда базарларында жүргізіліп жатқан жаңғырту жұмыстары жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп тұрақты бақылауда.Кәсіпкерлермен түсіндіру жұмыстары жүргізілудеДепартамент тарапынан кәсіпкерлер арасында сауда саласындағы қолданыстағы заңнама талаптарын түсіндіру бойынша тұрақты ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.«Атамекен» ҰКП алаңында дөңгелек үстелдер мен кездесулер ұйымдастырылып, кәсіпкерлердің сұрақтары бойынша тиісті түсіндірулер беріледі.Сонымен қатар, отандық өнімді қолдау мақсатында жергілікті тауар өндірушілердің өнімдерін өткізуге және оларды сауда орындарында орналастыруға қатысты кәсіпкерлермен келіссөздер жүргізілуде.Ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінде баға мониторингі жүргізіледіӘлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мақсатында облыс аумағында апта сайын ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері өткізіледі.Жәрмеңкелерде «Ұлытау» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамының тауарлары және жергілікті ауыл шаруашылығы өндірушілерінің ет пен сүт өнімдері тікелей саудаланып, халыққа нарықтық бағадан төмен немесе қолжетімді бағамен ұсынылады.Департамент қызметкерлері жәрмеңкелер барысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағалары мен ассортиментіне тұрақты мониторинг жүргізіп, анықталған жағдайлар бойынша тиісті талдау жасайды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1278982?lang=ru
Ақтөбе облысында Ірі супермаркет желісі ретробонустың белгіленген шекті мөлшерін асырған 24.08.2026
Ақтөбе облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын қалыптастыруға және сауда саласындағы заңнама талаптарының сақталуына жүргізілген бақылау барысында ірі супермаркет желісінің ретробонус бойынша белгіленген шекті мөлшерді асырғаны анықталды.Анықталған заң бұзушылыққа байланысты аталған кәсіпкерлік субъектісі Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 204-3-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Нәтижесінде оған 300 АЕК мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды.Сауда үстемесін асыру фактілері анықталдыСонымен қатар, 2026 жылдың басынан бері Ақтөбе облысының сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына белгіленген сауда үстемелерінің сақталуына тұрақты мониторинг жүргізуде.Бақылау шаралары барысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына белгіленген сауда үстемесінің шекті мөлшерінен асып кетудің бірқатар фактісі анықталды. Нәтижесінде 137-ден астам кәсіпкерлік субъектісі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.Сауда үстемесінің белгіленген шекті мөлшерінен асып кету деңгейі 20%-дан 270,9%-ға дейін жеткенЗаң бұзушылықтар көбінесе картоп, пияз, сәбіз, күріш, күнбағыс майы және басқа да бірінші кезектегі қажетті тауарларды сату кезінде анықталды.Анықталған фактілер бойынша кәсіпкерлік субъектілеріне Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 204-4-бабының 1-бөлігіне сәйкес тиісті әкімшілік шаралар қабылданды.Бақылау және түсіндіру жұмыстары жалғасудаАқтөбе облысының сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын қалыптастыру кезінде заңнама талаптарының сақталуына мониторинг пен бақылауды жалғастырады.Сонымен қатар, кәсіпкерлік субъектілері арасында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына белгіленген сауда үстемесінің шекті мөлшерін сақтау, ретробонус бойынша талаптарды орындау және қолданыстағы заңнама нормаларын сақтау бойынша тұрақты түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.Сұрақтар туындаған жағдайда немесе консультация алу үшін азаматтар Ақтөбе облысының сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне 54-46-49, 54-81-20, 54-81-26 телефондары арқылы немесе Ақтөбе қаласы, Әбілқайыр хан даңғылы, 25 мекенжайы бойынша жүгіне алады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1278856?lang=ru
«Тіл – татулық тірегі»: әскери қызметшілер арасында өткен байқаудың жеңімпаздары анықталды 24.08.2026
Ұлттық әскери-патриоттық орталығында өткен қазақ тілі білгірлерінің сайысы Қарулы күштердің құрылымдық бөлімшелері арасындағы тіл айлығының шешуші кезеңі болды.Байқаудың мақсаты – мемлекеттік тілді насихаттау және оның қолдану аясын кеңейту, әскери қызметшілерді қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелеу, жеке құрам арасында әртүрлі ұлт өкілдерінің достығын нығайту, Қазақстан халқының салт-дәстүрлерін, өнерін, мәдениетін дәріптеу.Байқауға қатысушылар мемлекеттік тілді еркін меңгергендіктерін көрсете білді. Шығармашылық сайысқа Қарулы күштердің түрлері мен құрылымдық бөлімшелерінен алты команда қатысты. Олар – «Жебе» (Құрлық әскерлері), «Әуе қырандары» (Әуе қорғанысы күштері), «Теңіз тарландары» (Әскери-теңіз күштері), «Айбынды қырандар» (Десантты-шабуылдау әскерлері), «Семсер» (Қару-жарақ бастығының басқармасы) және «Тәртіп сақшылары» (Әскери полиция бас басқармасы).Байқау бес балдық шкала бойынша бағаланған үш кезеңнен тұрды. «Мәнерлеп оқу немесе монолог» деп аталатын бірінші кезеңде белгілі қазақ ақындарының шығармаларынан алты шумақ өлеңді жатқа оқу қажет болды.Келесі кезекте «үй тапсырмасы» тексерілді. Онда командалар көрермен назарына сахналық көріністер ұсынды. Үшінші кезеңде өнерпаздар әр ұлттың ұлттық киімдері мен мәдениетін көрсете отырып, ән мен би орындады.Командалардың бөлінген уақытты қатаң сақтауына, өзге ұлт өкілдерінің мемлекеттік тілде еркін және таза сөйлеуіне, өлеңді мәнерлеп оқи білуіне және мәтіннің көркем идеяларын аша білуіне, сондай-ақ сахна шеберлігі мен мәдениетіне ерекше назар аударылды.Байқау қорытындысы бойынша «Тәртіп сақшылары» командасы жеңіс тұғырынан көрініп, 1 миллион теңгелік сертификатпен марапатталды. Ал  екінші орынды иеленген «Айбынды қырандар» командасына 750 мың,  үшінші орын алған «Семсер» командасына 500 мың теңгелік сертификаттар табысталды. Басқа командалар да назардан тыс қалған жоқ. Барлығы Қорғаныс министрінің грамотасымен және алғыс хаттармен марапатталды.Сонмен бірге капитан-лейтенант Мугатдин Мамедов «Көрермен көзайымы», кіші сержант Лаура Ахметова «Үздік актерлік шеберлік», Давид Рамазанов «Көркем сөз оқу шебері» номинацияларына лайықты деп танылды. – Мемлекеттік тіл – ел бірлігін нығайтатын маңызды құндылықтардың бірі. Әскери ортада қазақ тілін дамыту – тек тіл мәртебесін көтеру ғана емес, ортақ Отанға деген құрмет пен патриоттық сезімді қалыптастырудың да маңызды тетігі, – деді Қорғаныс министрлігі Аппаратының басшысы полковник Төлеген Бөлежанов. «Тіл – татулық тірегі» байқауы мемлекеттік тілдің әскери ортадағы қолданыс аясын кеңейтіп қана қоймай, түрлі этнос өкілдерінің өзара сыйластығы мен достығын нығайтуға ықпал етті. Сонымен қатар, қатысушылардың шығармашылық қабілетін шыңдап, ел бірлігі мен ортақ құндылықтарды дәріптеуге мүмкіндік берді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1278799?lang=ru
Астанада Қорғаныс министрлігі Орталық мұрағатының жаңа ғимараты ашылды 24.08.2026
Қорғаныс министрі авиация генерал-лейтенанты Дәурен Қосанов Қорғаныс министрлігі Орталық мұрағатының жаңа ғимаратының ашылу рәсіміне қатысты. Орталық мұрағат 1997 жылы құрылған. Келер жылы оған 30 жыл толады. Бүгінде мұрағат қорында шамамен 27 миллион құжат сақтаулы, оның 128 мыңнан астамы цифрландырылған. Мұрағат материалдарында әскери құрылыс тарихы, Қарулы күштердің дамуы және Отан қорғаушылардың бірнеше буынының әскери қызметі сақталған.Мұрағат қорларында әскери бөлімдер мен құрамалардың қызметіне, әскери білім беру жүйесіне, әскерлерді басқаруға және әскери қызмет өткеруге қатысты құжаттар бар. Олар Қазақ КСР кезеңінен бастап қазіргі қазақ әскерінің қалыптасуына дейінгі Қарулы күштердің даму жолын зерделеуге мүмкіндік береді.– Әскери-тарихи мұраны сақтау – бүгінгі және болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілік. Әрбір құжат әскер мен ел тарихының бір бөлігі. Мұндай заманауи жағдайлар тарихи құжаттардың сақталуын қамтамасыз етіп, оларға болашақта да қолжетімді болуға мүмкіндік береді, – деді Қорғаныс министрі авиация генерал-лейтенанты Дәурен Қосанов.Жаңа ғимарат миллиондаған құжаттан тұратын мұрағат қорын жүйелеу және ұзақ мерзімді сақтау үшін қажетті инфрақұрылыммен жабдықталған. Мұрағат құжаттары әскери қызметшілер, тарихшылар, зерттеушілер, сарапшылар және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері үшін маңызды дереккөз болып табылады.Жаңа ғимараттың ашылуы Орталық мұрағаттың 30 жылдығы қарсаңындағы маңызды кезең болды. Бұл ел Қарулы күштерінің қалыптасуы мен дамуын көрсететін құжаттық мұраны сақтауға жаңа мүмкіндік берді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1278680?lang=ru
Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Құрылтай депутаттарын сайлауда дауыс берді 23.08.2026
Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Қонаев қаласындағы №949 сайлау учаскесінде дауыс берді. Өңір басшысы өз таңдауын жасаған соң, журналистерге сайлау барысы туралы айтып берді.«Бүгін – еліміз үшін маңызды саяси күн. Мен де Алматы облысының тұрғыны әрі Қазақстан азаматы ретінде тіркелген сайлау учаскеме келіп, өз таңдауымды жасадым. Жалпы біздің өңірде миллионнан астам азамат дауыс беруге құқылы. Бүгін облыста 683 сайлау учаскесі жұмыс істеуде. Сайлаушыларға қажетті жағдайдың бәрі жасалған», – деді Алматы облысының әкімі. Сондай-ақ ол бүгінгі сайлау нәтижелері еліміздің одан әрі дамуына оң әсер ететініне сенім білдірді. Бұл өзгерістер Қазақстан үшін жаңа әрі маңызды кезең екеніне тоқталды. «Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өз Жолдауында бұл сайлау ұлт тағдырына тікелей әсер ететін тарихи оқиға екенін атап өтті. Саяси шара қоғамдық диалогты жаңа деңгейге көтеріп, еліміздің болашағын бірге айқындауға мүмкіндік береді»,– деді өңір басшысы.Айта кетейік, бүгін сағат 07:00-ден бастап Алматы облысында 683 сайлау учаскесі жұмысын бастады. Сайлау барысын отандық және халықаралық байқаушылар бақылап отыр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1278542?lang=ru
Қорғаныс министрі Құрылтай сайлауында алғашқылардың бірі болып дауыс берді 23.08.2026
Қорғаныс министрі авиация генерал-лейтенанты Дәурен Қосанов Астанада сайлау учаскесінде алғашқылардың бірі болып дауыс берді.23 тамызда Қазақстанда жаңа бір палаталы Парламент – Құрылтай депутаттарының алғашқы сайлауы өтіп жатыр. Оның құрамына бес жыл мерзімге 145 депутат сайланады.Авиация генерал-лейтенанты Дәурен Қосанов әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелері елдің толыққанды азаматтары екенін және әрқайсысы мемлекеттің болашағын айқындауға өз үлесін қоса алатынын атап өтті.Дауыс беруге шамамен 130 мың әскери қызметші мен олардың отбасы мүшелері қатысуда. Әскери бөлімдер мен мекемелер аумағында 25 жабық сайлау учаскесі ұйымдастырылған.Әскери бөлімдерде дауыс беруді ұйымдастыру әскери қызметшілерге белгіленген тәртіп пен заң талаптарын сақтай отырып, сайлауға қатысуға мүмкіндік береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1278467?lang=ru
Астанада Таиландтың танымал спортшыларының қатысуымен муай-тайдан шеберлік сабағы аяқталды 22.08.2026
Қазақстанның Ұлттық спорт университетінде Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі мен Туризм және спорт министрлігінің қолдауымен Таиланд Корольдігінің Елшілігі ұйымдастырған екі күндік муай-тай шеберлік сабағы аяқталды.20 тамызда өткен ашылу рәсіміне Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрінің орынбасары А. Куантыров қатысты. Ол шеберлік сабағын өткізу Қазақстан мен Таиланд арасындағы қарым-қатынастарды нығайтуға, сондай-ақ спорт, мәдени және гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты дамытуға ықпал ететінін атап өтті.21 тамызда А. Куантыров Таиландтың Қазақстандағы Елшісі П. Нийомреркпен және Таиландтың атақты спортшыларымен кездесті. Кездесу барысында тараптар спорт саласындағы ынтымақтастықты кеңейту перспективаларын, оның ішінде бірлескен оқу-жаттығу жиындары мен шеберлік сабақтарын өткізу, сондай-ақ спортшылар мен жаттықтырушылар арасындағы тікелей байланыстарды дамыту мәселелерін талқылады.Іс-шараға танымал тай спортшылары, соның ішінде екі дүркін K-1 World MAX чемпионы және муай-тайдан бірнеше дүркін әлем чемпионы, аты аңызға айналған спортшы Буавак Банчамек (Buakaw Banchamek), сондай-ақ Нуенгланлек Джитмуангнон (Nuenglanlek Jitmuangnon) және Мари Румет (Marie Ruumet) қатысты.Практикалық сабақтар барысында екі елдің спортшылары мен жаттықтырушылары кәсіби тәжірибелері және спорттық шеберліктерімен алмасты. Шеберлік сабағын өткізу Қазақстан мен Таиланд арасындағы спорттық, мәдени және гуманитарлық байланыстарды нығайту жолындағы кезекті практикалық қадам болды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1278440?lang=ru