Enbekshi QazaQ

Қуқық

Қарулы күштерде Қазақстан халқы тілдері күні аталып өтуде 05.09.2026
          Қазақстан әскерінде бір сапта әртүрлі этнос өкілдері қызмет етеді. Әрқайсының мәдениеті, тілі және отбасылық дәстүрлері бар. Оларды біріктіретін ортақ құндылықтар – әскери борышқа адалдық, жауапкершілік және Отанды қорғауға әзір болу.         Әскери ұжымдарда Қазақстан этностарының тілдерін, дәстүрлері мен мәдениетін зерделеуге бағытталған мәдени-ағартушылық іс-шаралар, түрлі байқаулар мен кездесулер өткізіліп тұрады.         Бұл бағыттағы жұмыстың маңызды бөлігі – әскери қызметшілердің тіл мәдениетін дамыту және мемлекеттік тілге деген қызығушылығын арттыру. Осы тұрғыда қазақ тілі өте маңызды. Қазақ тілі – азаматтық бірегейліктің маңызды бөлігі ғана емес, сонымен қатар әскери қызметшілер арасындағы өзара түсіністік пен бірлікті нығайтуға ықпал ететін ортақ қарым-қатынас.         Қорғаныс министрлігі Қазақстан халқы тілдері күні қарсаңында әскери қызметшілер арасында «Тіл – татулық тірегі» байқауын өткізді. Іс-шара түрлі ұлттардан құралған әскери қызметшілердің қазақ тілінде білімін жетілдіруге, шығармашылық қабілеттерін ашуға және еліміздің мәдени мұрасымен танысуға мүмкіндік берді.         Қазақстан халқы тілдері күні еліміздің мәдени және тілдік әралуандығы Қазақстанның ажырамас бөлігі екенін, ал бірлік – баршамызға ортақ екенін тағы бір мәрте еске салады. Әскери ұжымдарда бұл қағидат түрлі этнос өкілдерінің ортақ міндеттерді бірлесе орындап, бір Отанға қызмет етуінен айқын көрінеді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1286344?lang=ru
Швейцарияның жаңадан тағайындалған Елшісі сенім грамоталарының көшірмелерін табыс етті 04.09.2026
Астана, 2026 жылғы 4 қыркүйек – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Арман Исетов Швейцария Конфедерациясының Қазақстан Республикасындағы жаңадан тағайындалған Елшісі Кристин Хонеггер Золотухинді Астанадағы дипломатиялық миссиясын бастауына орай қабылдады.Кездесу барысында Швейцария Елшісі сенім грамоталарының көшірмелерін табыс етті. Тараптар екіжақты күн тәртібіндегі өзекті мәселелер, оның ішінде саяси диалогты одан әрі дамыту, сауда-экономикалық және инвестициялық өзара іс-қимылды кеңейту перспективалары жөнінде пікір алмасты Цифрландыру, экология, агроөнеркәсіптік кешен бастамасы аясында су ресурстарын басқару салаларындағы ынтымақтастықты тереңдету перспективаларына ерекше назар аударды.Кездесу қорытындысы бойынша А. Исетов Қазақстан-Швейцария ынтымақтастығын одан әрі нығайтудың маңыздылығын атап өтіп, Астана мен Берн арасындағы сындарлы өзара іс-қимылды жалғастыруға дайын екенін білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1286282?lang=ru
Қазақстан мен Түркия арасындағы ынтымақтастықтың басым бағыттары талқыланды 04.09.2026
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Арман Исағалиев Түркия Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшісі Мұстафа Капуджумен кездесті.Кездесу барысында Қазақстан мен Түркия арасындағы кеңейтілген стратегиялық әріптестіктің қазіргі жағдайы мен даму перспективалары талқыланды.Тараптар саяси-дипломатиялық, сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық және білім беру салаларындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайту мәселелері бойынша пікір алмасты.Тараптар екі елдің Мемлекет басшыларының сапарлары барысында қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру және екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамыту мақсатында өзара іс-қимылды жалғастыруға дайын екендерін растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1286207?lang=ru
«Ерлік сабақтары»: жас буынға әскери-патриоттық тәрбие берудің маңызды алаңы 04.09.2026
Жаңа оқу жылы басталысымен еліміздің барлық өңірлеріндегі білім беру ұйымдарында Қорғаныс министрлігінің бастамасымен «Ерлік сабақтары» өтеді. Әскери қызметшілер мен Қарулы күштердің ардагерлері оқушыларды әскери қызметтің ерекшеліктерімен таныстырып, ерлігі, табандылығы мен әскери борышына адалдығы бірнеше буынға үлгі болған батырлар жайында әңгімелеп береді. Әскердегі тәжірибелерін де айтып, мектеп оқушыларының сұрақтарына жауап береді.Астанадағы №107 жалпы білім беретін мектепте 9, 10 және 11-сынып оқушыларымен қорғаныс істері департаментінің өкілдері, Қарулы күштердің ардагерлері және «Жас сарбаз» әскери-патриоттық қозғалысының елордалық филиалының басшысы кездесті.Іс-шара барысында «Қарулы күштердің ардагерлері» РҚБ ұйымы төрағасының орынбасары генерал-майор Марат Нағұманов оқушыларға ел тарихын құрметтеудің, әскери борышты абыроймен атқарудың және Отанға адал қызмет етудің маңыздылығына тоқталды.Оқушыларға ел тарихындағы ерлікке толы оқиғалар, жауынгерлік дәстүрлер және Қарулы күштердің еліміздің егемендігі мен аумақтық тұтастығын қамтамасыз етудегі рөлі туралы бейнематериалдар көрсетілді. Мектеп оқушылары әскери қызметке, әскери оқу орындарына түсу талаптары мен шарттарына қатысты сұрақтар қойып, өздерін қызықтырған мәселелер бойынша жауап алды.– Оқушылардың бойына мектеп қабырғасынан бастап Отанға деген сүйіспеншілік, елге қызмет етуге ұмтылыс, жауапкершілік пен отансүйгіштік қасиеттерді қалыптастыру – ортақ міндетіміз. Бүгінгі «Ерлік сабағы» оқушыларға осы құндылықтарды тереңірек түсінуге мүмкіндік берді. Ел қорғаушылардың ерлік үлгілерін білу және олардың өмір жолынан тағылым алу жастардың бойында жақсы қасиеттердің қалыптасуына ықпал етеді, – деп мұндай кездесулердің оқушылардың бойында патриоттық құндылықтарды қалыптастырудағы маңызын атап өтті мектеп директоры Айгүл Бисенбина.Шара соңында XII Халықаралық «Айбын» әскери-патриоттық жастар жиынына белсенді қатысқан мектеп оқушылары Бейбарыс Ерғазыұлы мен Аяжан Тоқтарова Қорғаныс министрлігі Тәрбие және идеологиялық жұмыстар департаменті бастығының атынан алғыс хаттармен марапатталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1285719?lang=ru
Олжас Бектенов Алматы облысының активіне өңірдің жаңа әкімін таныстырды 04.09.2026
Мемлекет басшысының арнайы тапсырмасымен Премьер-министр Олжас Бектенов және Президент Әкімшілігінің басшысы Роман Скляр Алматы облысы мәслихаттары депутаттарының отырысына қатысты.Роман Скляр депутаттарға Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алматы облысының әкімі лауазымына екі кандидатты:  бұрынғы төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов пен Алматы облысы әкімінің орынбасары Ғани Майлыбаевты ұсыну туралы хатын оқыды. Жиынға 178 депутат қатысты. Ашық дауыс беру қорытындысы бойынша Шыңғыс Әріновтің кандидатурасын депутаттардың 83%-ы қолдады.Қазақстан Республикасы Президентінің тиісті Жарлығымен Шыңғыс Әрінов Алматы облысының әкімі болып тағайындалды.Өңір активімен өткен жиында Премьер-министр Олжас Бектенов Марат Сұлтанғазиевке облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі үшін алғыс білдірді. Үкімет жетекшісі Алматы облысының активіне өңірдің жаңа әкімі Шыңғыс Әріновті таныстырды. Жиында жаңа Конституцияның күшіне енуі елімізді одан әрі жаңғыртудағы маңызды жаңа тарихи кезеңнің бастауы болғаны атап өтілді. Үкімет алдында Мемлекет басшысы айқындаған мақсат экономиканың сапалы әрі орнықты өсуін қамтамасыз етуге қол жеткізу міндеті тұр.Олжас Бектенов Құрылтайдың бірінші сессиясында азаматтарымыз бен ел экономикасы үшін маңызды нысандардың құрылысын озық қарқынмен жүргізу туралы Президент тапсырмаларын орындауға баса назар аударды. Атап айтқанда, олар – халықтың өмір сүру сапасын одан әрі арттыруға аса қажетті әлеуметтік, инженерлік, энергетикалық және су инфрақұрылымы. Бүгінгі таңда Алматы облысының әкімдігіне денсаулық сақтау саласының бірқатар жаңа жобаларына қосымша қаражат бөлінді. Олардың ішінде Қарасай ауданында перинаталдық орталық пен емхана салу, Қаскелең қаласында жұқпалы аурулар ауруханасын, Іле ауданында перзентхана бөлімшесін жаңғырту жұмыстары бар. Нысандарды уақтылы пайдалануға беру қажет. Премьер-министр бөлінген қаражаттың мақсатты әрі тиімді жұмсалуын қатаң бақылауды тапсырды. Әрбір теңге өңір тұрғындары үшін нақты нәтиже әкелуі тиіс. Қадағалауды күшейту үшін «цифрлық теңге» тетігі қолданылатын болады. Сонымен қатар ауқымды құрылыс бағдарламаларын жүзеге асыру кезінде отандық тауар өндірушілерге басымдық берілуі тиіс. Бұл жергілікті құрылыс ұйымдарын жұмысқа тартуға, сондай-ақ қазақстандық құрылыс материалдары мен жабдықтарын қолдануға қатысты. Осы ретте Олжас Бектенов сатып алынатын қызметтер мен тауарларға бағаның алыпсатарлықпен өсуіне жол бермеуді тапсырды. Кәсіпкерлер үшін бұл – өндіріс көлемін ұлғайтуға берілген өте жақсы мүмкіндік, сол себепті отандық өндірушілер бағаны жасанды жолмен көтеруге емес, жұмыс көлемін ұлғайтуға баса мән беруі қажет. Аталған қадамдар кепілдендірілген пайда табуға, жаңа жұмыс орындарынашуға, жалақыны көтеруге мүмкіндік бередіі. Мұндай тәсіл ішкі өндіріс пен азаматтарды жұмыспен қамтудың барлық тізбегін ынталандыруды қамтамасыз етеді.Премьер-министр Алматы облысы әкімдігінің жұмысының негізгі басымдықтарын атап өтті. Ауылдық жерлерде әлеуметтік қызметтердің қолжетімділігін арттыру және қала мен ауыл арасындағы инфрақұрылымдық алшақтықты қысқарту бойынша міндеттер айқындалды. Елді мекендерді сапалы коммуналдық қызметтермен қамтуды арттырып, инфрақұрылымның авариялық жағдапйларын азайту қажет. Су, жылу, электрмен жабдықтау және су бұру жүйелерін кезең-кезеңімен жаңғыртуға, сондай-ақ жаңа электр қуатын өндіру көздерін салуға баса назар аударылды.АӨК саласында суармалы егіншілікті дамыту, су шығынын азайту, ауыл шаруашылығында су үнемдеу технологияларын кеңінен енгізу және өңір экономикасындағы агроөнеркәсіп кешенінің үлесін ұлғайту қажеттігі атап өтілді. Көлік қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін өңірдің автомобиль жолдарын жөндеу мен реконструкциялауды жандандыру тапсырылды. Өңірге инвестиция тартуды күшейту, өңдеу өнеркәсібін, агроөнеркәсіптік кешенді, туризмді және шағын және орта бизнесті дамытып, жаңа экономикалық өсу нүктелерін қалыптастыру, сонымен қатар Алатау қаласының әлеуетін тиімді пайдаланудың маңыздылығы атап өтілді.Олжас Бектенов Мемлекет басшысы қойған міндеттер барлық бағыттар мен салалар бойынша жүйелі әрі кешенді түрде жүзеге асырылуы тиіс екенін атап өтті. Өңірдің одан әрі әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету үшін жан-жақты шаралар қабылдау қажет. primeminister.kzАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1285701?lang=ru
Қорғаныс министрінің орынбасары бірқатар гарнизондағы әскери инфрақұрылымның жай-күйін тексерді 04.09.2026
Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-майор Алмаз Жұмакеев жұмыс сапарымен Жетісу, Үштөбе, Сарыөзек, Қонаев және Гвардейск гарнизондарына барып, әскери инфрақұрылым нысандарының жай-күйімен және әскери бөлімдердегі күнделікті қызметтің ұйымдастырылуымен танысты.Қорғаныс ведомствосы басшысының орынбасары салынып және қайта жаңғыртылып жатқан нысандарды, оның ішінде казарма, асханалар мен бірқатар кешендерді аралап көрді. Сондай-ақ әскери қалашықтардың абаттандырылу деңгейін тексерді.Тексеру барысында генерал-майор Алмаз Жұмакеев құрылыс нормалары мен белгіленген талаптардың сақталуына, пайдаланылатын материалдардың сапасына, сондай-ақ жұмыстың уақтылы орындалуына баса назар аударды.– Әскери инфрақұрылым – әскери қызметті ұйымдастырудың маңызды құрамдас бөлігі. Ол бөлімшелердің жауынгерлік әзірлігіне тікелей әсер етеді. Әрбір нысан сапа мен қауіпсіздік талаптарына сай болуы және белгіленген мерзімде пайдалануға берілуі тиіс, – деді Қорғаныс министрінің тыл және әскери инфрақұрылым жөніндегі орынбасары.Гарнизондарда генерал-майор А. Жұмакеев алдағы халықаралық оқу-жаттығуларға әскери полигондардың дайындығын тексерді. Ол полигондардың материалдық-техникалық қамтамасыз ету деңгейін, қажетті инфрақұрылымның болуын және оқу орындарының жай-күйін зерделеді.Жұмыс сапарының қорытындысы бойынша Қорғаныс министрінің орынбасары анықталған кемшіліктерді жоюды, жөндеу және құрылыс жұмыстарының сапасына бақылауды күшейтуді, сондай-ақ заманауи талаптарды ескере отырып, казармалар мен асханаларды жаңғырту жұмыстарын жалғастыруды тапсырды.Генерал-майор А. Жұмакеев әскери инфрақұрылым нысандарын қайта жаңғырту және жөндеу кезінде әскери қызметшілердің қауіпсіздігі, атқарылатын жұмыстардың сапасы және күнделікті қызметке қолайлы жағдай жасау басты назарда болуы керектігін атап өтті.Сондай-ақ ол әскери қызметшілердің әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларын одан әрі жақсартуға ерекше көңіл бөлуді тапсырды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1285641?lang=ru
6,8 триллион және ірі инвестициялық жобалар: М.Сұлтанғазиевтің Алматы облысын басқарған кезеңі немен есте қалды 04.09.2026
Бүгін Марат Сұлтанғазиев 2022 жылғы маусымнан бері басқарып келген Алматы облысының әкімі қызметінен кетті. Оның төрт жылдық басқару кезеңі әкімшілік бөліністен кейін өңірдің қалыптасуы және облыс орталығының Қонаев қаласына көшірілуімен тұспа-тұс келді. Осы уақыт ішінде облыс жалпы өңірлік өнім көлемі бойынша елдегі оныншы орыннан көшбасшы бестіктің қатарына көтеріліп, экономикасын екі есеге жуық ұлғайтты және инвестиция көлемін екі еседен астам арттырды, -  деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.2022 жылы облыстың жалпы өңірлік өнімі шамамен 3,4 триллион теңгені құраса, бүгінде бұл көрсеткіш шамамен 6,8 триллион теңгеге жетті. Өнеркәсіп өндірісінің көлемі 1,6 триллионнан 2,6 триллион теңгеге дейін өсті. Оның шамамен 90 пайызы өңдеу өнеркәсібіне тиесілі.Осы кезеңде негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 614 миллиард теңгеден 1,35 триллионға артты. Өңірде жалпы құны 724 миллиард теңгені құрайтын 98 жоба іске асырылып, шамамен 11 мың жұмыс орны құрылды.Облыстың қаржылық базасы да өзгерді. Бюджеттің меншікті кірістері 2,4 есе өсті, ал республикалық бюджеттен берілетін трансферттердің үлесі 33 пайыздан 13 пайызға дейін төмендеді. Бұған дейін донор-аумақтар қатарында Қарасай және Іле аудандары болса, бүгінде олардың қатарына Еңбекшіқазақ, Талғар, Жамбыл аудандары мен Қонаев қаласы қосылды.Негізгі әлеуметтік мәселелердің бірі халық санының жылдам өсуіне байланысты мектеп тапшылығы болды. 2022 жылы облыста үш ауысымды 52 мектеп болса, қазір олардың саны 23-ке қысқарды. Төрт жыл ішінде 75 мектеп ашылды. Оның ішінде биыл жаңа оқу жылының басталуына дейін жалпы 4200 орынды бес мектеп пайдалануға берілді.Сонымен қатар жаңа облыс орталығының инфрақұрылымы қалыптасты. Қонаевта инженерлік желілер мен әкімшілік нысандардың құрылысы басталды. Алдағы уақытта мұнда театр, «Қонаев Арена», Оқушылар сарайы және басқа да әлеуметтік нысандар салу жоспарлануда.Төрт жыл ішінде облыста 3,7 миллион шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. 6,6 мың азамат баспанамен қамтылды. Олардың қатарында әлеуметтік осал топ өкілдері де бар.Алматы облысы ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі бойынша Қазақстанда екінші орынды сақтап, республикадағы жалпы көлемнің 11,6 пайызын қамтамасыз етіп отыр. 2022-2025 жылдары мемлекетке пайдаланылмай жатқан 528 мың гектар ауыл шаруашылығы жері қайтарылды. Төрт жыл ішінде суару желілерін жаңғыртуға 16,3 миллиард теңге бағытталды, ал су үнемдеу технологиялары суармалы жердің 41,2 пайызына енгізілді.Туризм саласы да айтарлықтай дамыды. Биылғы жаздың өзінде Қапшағай су қоймасына екі миллионнан астам адам келді. Сонымен қатар Көлсай көлдері мен Қайыңдының, Көшпенділер қалашығының инфрақұрылымы дамып, танымал туристік нысандарға апаратын жолдар жөнделді. Алматы облысы ірі спорттық және мәдени-бұқаралық іс-шараларды өткізу алаңына да айналды.Сонымен бірге халық саны қарқынды өсіп келе жатқан облыс алдында жүйелі міндеттер сақталуда. Олардың қатарында агломерациядағы әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылым тапшылығы, ауыл шаруашылығын сумен қамтамасыз ету және ірі инвестициялық жобаларды толық аяқтау қажеттігі бар.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1285546?lang=ru
«Roca group» компаниясының өндірістік жобалары талқыланды 03.09.2026
Облыс әкімі Мұрат Ергешбаев «Roca Group» компаниясының басшысы Даниэль Эрнандеспен кездесті. Кездесуде санитарлық-техникалық бұйымдар зауытын салу және компанияның өндірістік жобаларын жүзеге асыру мәселелері талқыланды.Биыл тамыз айында Премьер-министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаевтың облысқа жұмыс сапары кезінде жыл соңына дейін смесительдер мен инсталляциялық жүйелерді құрастыру желісін іске қосу жоспарланғаны айтылған болатын. Қазіргі таңда құрастыру цехын орналастыру үшін «Панабек» және «Көлік құрылыс компаниясы» серіктестіктерінің өндірістік ғимараттары ұсынылды.Сонымен қатар «Панабек» серіктестігі санитарлық-техникалық бұйымдарды өндіруге қажетті металл инсталляцияларын әзірлеп, компания өкілдеріне таныстырды. Өнім сапасы «Roca Group» компаниясының талаптарына сәйкес келген жағдайда, жергілікті кәсіпкерлермен өзара тиімді әріптестік орнату мүмкіндігі қарастырылады. Жоба аясында жергілікті қамтуды арттыруға және компания өнімдерін өңірдегі құрылыс нысандарында пайдалануға басымдық беріледі.Атап айтқанда, әлеуметтік нысандарға, Президент саябағы аумағындағы бес және үш жұлдызды қонақүйлерге осы бұйымдар қолданылады.Облыс әкімдігі өңірдегі инвестициялық жобаларға және компанияға жан-жақты қолдау көрсетуге дайын.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/1285124?lang=ru
Биыл күзде Алматыдан мыңнан астам азамат әскерге аттанады 03.09.2026
Алматы қаласы Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің шақыру пунктінде 20 азаматты Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне мерзімді әскери қызметке салтанатты түрде шығарып салу рәсімі өтті.Салтанатты шараға қалалық Қорғаныс істері жөніндегі департаменттің басшылығы, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, Алматы қаласы мен Алматы облысының «Аналар жүрегі» сарбаздар аналары комитетінің мүшелері, ҰҚК Шекара қызметінің ардагерлері, сондай-ақ әскерге шақырылушылардың ата-аналары мен жақындары қатысты.Жастарға ардагерлер мен ата-аналар ақ жол, жүректеріне жігер, бойларына мызғымас қуат тіледі.– Бүгін біздің жігіттер азаматтық және әскери борышын өтеуге аттанып барады. Олардың әрқайсысы үшін бұл – тәртіпті, батылдықты және жауапкершілікті талап ететін өмірдің жаңа кезеңі. Олардың әскери қызметті абыроймен өткеріп, өмірлік тәжірибе жинақтап, ер-азамат болып елге оралатынына сенімдімін, – деді Алматы қаласы Қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығының орынбасары подполковник Нұржан Естаев.Салтанатты рәсім барысында жас сарбаздар мен олардың ата-аналарына арналған концерттік бағдарлама ұсынылды. Одан кейін әскери оркестрдің патриоттық шығармаларының сүйемелдеуімен әскерге шақырылушылар қызмет өткеру орнына аттанды. Алда оларды тәртіпке, жауапкершілікке және дербестікке баулитын маңызды өмір мектебі күтіп тұр.Айта кетейік, күзгі әскерге шақыру науқаны барысында Алматы қаласынан Қарулы күштерге, Мемлекеттік күзет қызметіне, Ұлттық ұланға, Шекара қызметіне және Төтенше жағдайлар министрлігіне мерзімді әскери қызметке мыңнан астам азаматты жіберу жоспарланып отыр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1285022?lang=ru
Төмендету коэффициентін қолдануды қайта қарау ұсынылды 02.09.2026
Бүгін облыс әкімі Мұрат Ергешбаевтың төрағалығымен мәжіліс өтті. Күн тәртібінде «Aksa Energy Qyzylorda» серіктестігіне төмендету коэффициентін қолдану мәселесі талқыланды.Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Қызылорда қаласында 240 МВт электр және 277 Гкал жылу энергиясын өндіретін жаңа жылу-электр орталығы салынды. Жобаға 215 млрд теңге инвестиция тартылып, нысан биыл толық пайдалануға берілді.Мамыр айында станцияда аттестаттау жүргізіліп, оның қорытындысы бойынша 255 МВт электр қуаты расталды. Маусымның 23-інде «KEGOC» АҚ-ның 220 кВ электр желісіндегі жоспарлы жөндеу жұмыстары барысында апатқа қарсы автоматика жүйесі іске қосылып, бу турбинасының жұмысы уақытша тоқтатылды. Қазіргі уақытта турбина дайындаушы зауытқа жіберіліп, қалпына келтірілуде.Осыған байланысты Жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі қаржы-есеп айырысу орталығы тарапынан төмендету коэффициенті қолданылуда. Соңғы үш айда аталған төлемдер бойынша шамамен 1,8 млрд теңге көлеміндегі айырма қалыптасты.Технологиялық бұзушылық сыртқы факторлардың әсерінен орын алған. Осыған байланысты «Aksa Energy» жобасына төмендету коэффициентін қолдану мәселесін қайта қарау, сыртқы факторлардың әсерінен бұзушылық болған жағдайда осы коэффициентті қолдану тәртібін нормативтік-құқықтық тұрғыдан жетілдіру ұсынылды.Бұл шаралар энергетикалық нысанның тұрақты жұмысын қамтамасыз етуге, инвестициялық жобаларды қолдау тетіктерін жетілдіруге және өңірдегі инвестициялық ахуалды қолайлы ете түсуге мүмкіндік береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/1284517?lang=ru
Қонаев гарнизонында алты сарбазға он тәулік демалыс берілді 02.09.2026
32363 әскери бөлімінде әскери-есептік мамандықты меңгеруде жоғары нәтиже көрсеткен алты мерзімді әскери қызметшіге он тәуліктен демалыс берілді.Бұл – әскерге жаңа барған сарбаздардың тәртіптілігі, нормативтерді ойдағыдай орындағаны және кәсіби дағдыларын жетілдіруге деген ұмтылысы үшін берілген лайықты марапат.Демалыс алғандардың қатарында гвардия қатардағы жауынгері Байжан Жүнісов те бар. Демалысын ол туған-туыстарының ортасында өткізуді жоспарлап отыр.– Дайындық қарқынды өтті. Теорияны оқып, практикалық дағдыларды пысықтадық. Шапшаң әрі ұйымшыл әрекет етуді үйрендік. Қазір ең алдымен жақындарымды көріп, отбасыммен бірге уақыт өткізгім келеді. Қызметке оралған соң, жаңа күш-жігермен әскери міндетімді жалғастырамын, – деді сарбаз.Байжанның айтуынша, бұл марапат оған қызметін абыроймен аяқтап, жоғары оқу орнына түсу үшін қажетті сертификат алуға деген ынтасын арттырған.Дайындық барысында мерзімді қызметтегі сарбаздар әскери-есептік мамандықты меңгеріп, практикалық дағдыларын жетілдіріп, бөлімшемен бірге әрекет етуді үйренеді. Үздік нәтиже көрсеткен сарбаздарды қолбасшылық марапаттап, әскери қызметшілерді жоғары көрсеткіштерге қол жеткізуге ынталандырады.Алты сарбазға берілген он күндік демалыс жақындарымен қауышып, күш жинап, жақсы көңіл-күймен әскери қызметін жалғастыруға мүмкіндік береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1284491?lang=ru
Қазақстанның ШЫҰ елдерімен сауда айналымы 72,6 млрд долларға жетті 02.09.2026
2025 жылы Қазақстанның Шанхай ынтымақтастық ұйымына (ШЫҰ) мүше мемлекеттермен тауар айналымы 72,6 млрд АҚШ долларын құрады. 2024 жылы бұл көрсеткіш 67,7 млрд доллар болған.Қазақстанның ШЫҰ елдеріне экспорты 30,7 млрд долларды, ал импорт көлемі 41,8 млрд долларды құрады.Қазақстанның ШЫҰ елдерімен саудасындағы негізгі серіктестері – Қытай, Ресей, Өзбекстан және Қырғызстан. 2025 жылы Қытаймен тауар айналымы 34,2 млрд доллар, Ресеймен 27,4 млрд доллар, Өзбекстанмен 4,8 млрд доллар және Қырғызстанмен 2,2 млрд доллар болды.Қазақстаннан ШЫҰ елдеріне экспортталған негізгі тауарлардың қатарында уран, мыс кендері мен концентраттары, шикі мұнай, мыс және мыс катодтары, табиғи газ, бидай және ферроқорытпалар бар.2025 жылы бірқатар ауыл шаруашылығы және өңдеу өнеркәсібі өнімдерінің экспорты өсті. Атап айтқанда, жануарларға арналған азық өнімдерінің экспорты 2,5 есеге артып, 614,9 млн долларға жетті. Күнбағыс майының экспорты 62,4%-ға өсіп, 633,7 млн долларды құрады. Бидай экспорты 17,1%-ға артып, 1,13 млрд долларға жетті. Арпа экспорты 22%-ға, бидай ұны 11,8%-ға, зығыр тұқымы 72,9%-ға өсті.ШЫҰ елдерінен Қазақстанға импортталатын негізгі тауарлардың қатарында жеңіл автомобильдер, автомобиль кузовтары, табиғи газ, мұнай өнімдері, алтын, есептеу машиналары және автомобильдер мен тракторларға арналған бөлшектер бар.Қазақстанның экспортында уран, мыс кені мен концентраттары, мұнай, мыс, табиғи газ және бидай негізгі позицияларды сақтап отыр. Сонымен қатар күнбағыс майы, жануарларға арналған азық, ұн, арпа және басқа да ауыл шаруашылығы өнімдері бойынша экспорт көлемінің өсуі қазақстандық өнімге сыртқы нарықтардағы сұраныстың бар екенін көрсетеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1284124?lang=ru
Күзде 23 мыңға жуық қазақстандық мерзімді әскери қызметке шақырылады 02.09.2026
Президент Жарлығына сәйкес Қазақстанда күзгі әскерге шақыру науқаны басталды. Оның аясында қалалық және аудандық шақыру комиссиялары жұмысқа кірісті.2026 жылдың желтоқсан айының соңына дейін әскерден кейінге қалдыруға немесе әскери қызметтен босатылуға негізі жоқ 18 бен 27 жас аралығындағы 23 000-ға жуық ер-азамат мерзімді әскери қызметке шақырылады. Олардың ішінде 12 000-нан астам адам – Қарулы күштер, 7 000 – Ұлттық ұлан, 3 000 – ҰҚК Шекара қызметі, 400-ден астам адам – Төтенше жағдайлар министрлігі, 300-ге жуығы – Мемлекеттік күзет қызметі қатарын толықтыратын болады.«Цифрлық шақыру» жүйесі мен «Smart военкомат» жобасының арқасында әскерге шақыру және әскери есепке алу қызметтерінің басым бөлігі проактивті форматта көрсетіледі. Тұрғылықты жері ауысқан кезде азаматтарды әскери есепке қою, 17 жастағы бозбалаларды тіркеу, сондай-ақ әскерге шақыруды кейінге қалдыру мен босатуды ұсыну қызметтері автоматтандырылды. Әскери есепке қатысты барлық мәліметтер азаматтарға eGov порталындағы жеке кабинетінде қолжетімді.Қорғаныс ведомствосы мерзімді әскери қызметтің беделін арттыру бағытындағы жұмысты жалғастыруда. Оның барысында әскери қызметшілер әскери-есептік мамандықпен қатар, еңбек нарығында сұранысқа ие 20-ға жуық жұмысшы кәсібін тегін меңгере алады. Олардың қатарында жүргізуші, байланыс маманы, парамедик, экскаваторшы және тағы басқалары бар.Бұдан бөлек, сарбаздар үшін әскери қызмет өткеру кезеңінде несие төлемдерін кейінге қалдыру және ҰБТ тапсырмай-ақ мемлекеттік білім беру гранты бойынша жоғары оқу орындарына түсу мүмкіндігі қарастырылған.Осылайша, Қорғаныс министрлігі әскери қызметті ұйымдастыру сапасын арттыруға, цифрлық сервистерді дамытуға және сарбаздардың ата-аналарымен өзара байланысты нығайтуға бағытталған жобаларды жүйелі түрде жүзеге асырып келеді. Бұл ретте қызмет өткеру қауіпсіздігіне, Қарулы күштердің ашықтығына және әскери қызметшілер үшін заманауи әлеуметтік-тұрмыстық жағдайлар жасауға ерекше назар аударылады.Мерзімді әскери қызмет – ол елдің қорғаныс қабілетін қамтамасыз ету жүйесінің маңызды элементі. Әскерде шыңдалған сарбаздар мемлекеттің жұмылдыру резервін құрайды. Ал әскери өмірдің өзі олардың бойында темірдей тәртіп пен жауапкершілікті, көшбасшылық қабілет пен ұжымда жұмыс істеу дағдысын қалыптастырады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1284023?lang=ru
Қостанайда еліміздегі ең ірі жабық аквапарк ашылды 01.09.2026
Мемлекет басшысы жайлы қалалық ортаны қалыптастыруға, заманауи инфрақұрылымды дамытуға және азаматтардың сапалы демалысын қамтамасыз етуге үнемі назар аударып келеді.Бүгін Қостанайда еліміздегі ең ірі жабық аквапарк ашылды. Салтанатты шараға қатысқан облыс әкімі Құмар Ақсақалов заманауи кешеннің ашылуы – тұрғындардың отбасымен бірге демалып, уақытын қызықты өткізуге жасалған игі қадам екенін айтты.Аквапарктің жалпы аумағы екі есеге жуық ұлғайып, 9 мың шаршы метрден асты, ал су айдынының көлемі үш еседен астам артып, 1 мың шаршы метрден асты.Мұнда бір уақытта 500 адамға дейін демала алады. Аквапаркте бес бассейн, жеті су сырғанағы, оның ішінде үлкен сырғанақ, балалар аймағы, толқынды бассейн, джакузи және фуд-корт бар.«Аймағымызда спорттық және қоғамдық инфрақұрылым қарқынды дамып келеді. Соңғы 3 жылда 30-дан астам спорт нысаны ашылды. Қостанайда Үстел теннисі орталығының және Триатлон-парктегі көпфункционалды стадионның құрылысы аяқталуға жақын. «Астана» шағын ауданында Спорт сарайы, «Береке» шағын ауданында және Триатлон-парк маңында 2 фитнес-орталық салынады. Жекпе-жек сарайы мен ерекше қажеттіліктері бар жандарға арналған спорт кешенін салу жоспарланған», – деді аймақ басшысы.2022 жылдан бері 21 мыңнан астам ағаш отырғызылды. Жыл сайын 1 млн-нан астам гүл егіледі. Өткен жылы 5 саябақ пен сквер ашылды.Қала маңында экопарк құрылуда. «Береке» шағын ауданында жаңа саябақ салу жоспарда. Көркемсурет галереясы, жаңа сауда-ойын-сауық және қонақүй кешендері бой көтереді.  «Мұндай орындар көбірек болуы керек. Мұның барлығы тұрғындарға жайлы орта қалыптастыруға бағытталған. Басты мақсат – жастардың Қостанайда қалып, еңбек етіп, отбасын құрып, болашағын осы жерде көруіне жағдай жасау», – деді Қостанай облысының әкімі. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1283947?lang=ru
Қорғаныс министрлігі әскери мамандар даярлау бағытын күшейтеді 01.09.2026
Қорғаныс министрлігінің болашақ офицерлер мен әртүрлі деңгейдегі командирлер даярлайтын әскери оқу орындарында жаңа оқу жылы басталды.Білім күніне орай Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің міндетін атқарушы авиация генерал-лейтенанты Дәурен Қосанов Қорғаныс министрлігі әскери оқу орындарының басшылығы және профессорлық-оқытушылық құрамымен бейнеконференция өткізді.Ол заманауи қарулы қақтығыстар тәжірибесіне қарай оқудың практикалық бағытын күшейтуге назар аударды.– Даярлықтың негізін практикалық сабақтар, қару-жарақ пен әскери техниканы қолдану, командалық-штабтық жаттығулар және ұрыс жағдайларын модельдеу құрауы тиіс. Біздің міндетіміз – жаңа буын офицерін даярлау. Ол кәсіби, технологияны жетік меңгерген, бастамашыл, жағдайды жедел бағалап, негізгі шешім қабылдай алатын және сол шешімі үшін жауап бере алатын маман болуы керек, – деді ол.Авиация генерал-лейтенанты Дәурен Қосанов әскери білім сапасы Қарулы күштердің жауынгерлік әзірлігі мен қабілетіне тікелей әсер ететінін атап өтті.– Цифрландыру және жасанды интеллект жылында ұшқышсыз басқарылатын жүйелер, робототехника, цифрлық технологиялар және авиация салаларындағы жаңа мамандықтар мен даярлау бағыттарын құруға және дамытуға ерекше назар аудару қажет, – деді ол.Әскери білім беруді цифрлық трансформациялау мәселесіне тоқталған Дәурен Қосанов жасанды интеллект технологияларын, цифрлық платформаларды, электрондық тренажерлерді, виртуалды зертханалар мен симуляциялық технологияларды оқу бағдарламасына белсенді енгізудің маңызын атап өтті.Авиация генерал-лейтенанты оқытушылардың қағазбастылығы мен бейінді емес жүктемесін азайту қажеттігіне де тоқталды. Бұл ретте «Askeri Ziyat» ақпараттық жүйесінің бірыңғай цифрлық білім беру ортасы ретіндегі рөліне назар аударды.– Цифрландыру оқытушыны артық жүктемеден босатып қана қоймай, білім беру сапасын арттыруы тиіс. Жасанды интеллектіні академиялық адалдықты сақтай отырып, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, ең бастысы, қабылданған шешім үшін адамның жауапкершілігін сақтай отырып, сауатты әрі жауапкершілікпен пайдалану маңызды, – деді ол.Әскери оқу орындарының ғылыми әлеуетін нығайту мақсатында ведомство басшысының міндетін атқарушы перспективалы ғылыми зерттеулер әскерлердің нақты қажеттіліктеріне сай болуы, практикада қолданылуы және тиісті сынақтардан кейін Қарулы күштердің қызметіне енгізілуі керектігін атап өтті.Басым бағыттардың бірі ретінде болашақ офицерлерді тәрбиелеу, әскери тәртіпті нығайту және кандидаттарды іріктеу сапасын арттыру тапсырмалары белгіленді. Бұған қоса жауапкершілік, өзін-өзі тәрбиелеу, көшбасшылық қасиеттер мен әскери міндетті адал орындауға дайындықты қалыптастыруға ерекше мән беріледі.Кеңес соңында әскери оқу орындарының басшылығы мен профессорлық-оқытушылық құрамға жаңа оқу жылына арналған нақты тапсырмалар берілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1283658?lang=ru
Қазақстанда азық-түлік инфляциясы 13,5%-дан 9,5%-ға дейін төмендеді 01.09.2026
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2026 жылғы тамызда Қазақстандағы айлық инфляция шілде айындағы деңгейде қалып, 0,6%-ды құрады. Бұл ретте жыл басынан бері алғаш рет азық-түлік бағасы төмендеді. Айлық дефляция 0,1%-ды құрады.Инфляцияның баяулауына Мемлекет басшысының тапсырмасымен Үкімет жүзеге асырып жатқан бағаны тұрақтандыру және ішкі нарықты жеткілікті көлемде тауармен қамтамасыз ету шаралары ықпал етуде.Тамыз айында бағаның төмендеуі негізінен маусымдық жеміс-көкөніс өнімдеріне қатысты болды. Бір айдың ішінде азық-түлік тауарларының 46 позициясы бойынша баға төмендеді. Арзандау негізгі тауар топтарының басым бөлігінде байқалды. Атап айтқанда, көкөністер мен бақша өнімдері, жемістер мен жидектер, ет және балық өнімдері, сүт өнімдері мен балалар тағамы, бакалея және қайта өңделген өнімдер, кондитерлік өнімдер, дайын тағамдар мен сусындар арзандады.Бағасы ең көп төмендеген өнім – баялды. Оның бағасы 15,4%-ға түсті. Картоп 12,3%-ға, тәтті бұрыш 11,9%-ға, қырыққабат 9,7%-ға, жүзім 8,0%-ға, пияз 7,7%-ға, киви 7,3%-ға және кәді 6,6%-ға арзандады. Сонымен қатар алма, сәбіз, лимон, қызылша, саңырауқұлақ, алмұрт және қияр бағасы да төмендеді.Жылдық көрсеткіш бойынша да оң динамика сақталып отыр. Азық-түлік инфляциясы 2025 жылғы желтоқсандағы 13,5%-дан 2026 жылғы тамыздың қорытындысы бойынша 9,5%-ға дейін төмендеді.Бір жыл ішінде баялды бағасы 46,8%-ға, кәді 40,0%-ға, қияр 39,9%-ға, қызылша 13,8%-ға, қызанақ 13,6%-ға және алма 10,6%-ға арзандады. Сондай-ақ сарымсақ, мандарин, қырыққабат, банан, күріш, апельсин, гүлді қырыққабат және брокколи бағасы да төмендеді.Үкімет азық-түліктің түпкілікті бағасына әсер ететін факторларды азайту бағытындағы жұмысты жалғастыруда. Өңірлерде азық-түлік нарықтарына зерттеу жүргізіліп, тауарлардың жеткізу тізбегі мен жалдау шарттары талдануда. Бұл ретте артық делдалдарды анықтауға ерекше көңіл бөлінуде.Көлік шығындарын азайту мақсатында азық-түлік өнімдерін теміржол арқылы тасымалдауға жеңілдікті тариф енгізілген. Бүгінде бұл мүмкіндікті 50-ден астам компания пайдаланды. Жалпы 38 мың тонна өнім тасымалданды.Отандық өндірушілерді қолдау бойынша да жұмыс жалғасуда. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын өндірушілер үшін электр энергиясының тарифін 20%-ға төмендету қарастырылған. Бұл қолдау өндірушілердің өз өнімдерінің босату бағаларын ұстап тұру бойынша қарсы міндеттемелер қабылдауы жағдайында көрсетіледі.Тұрақтандыру қорларының жұмыс істеу тетігі де қайта қаралуда. Енді негізгі назар сатып алынған өнім көлемі мен бөлінген қаражаттың игерілуіне емес, қабылданған шаралардың өнімнің түпкілікті бағасына нақты әсеріне аударылады. Тұрақтандыру тетіктері әр тауар мен өңірдегі нақты жағдайды ескере отырып, нысаналы түрде қолданылатын болады.Сонымен қатар өнімдердің қозғалысына және әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар арқылы бөлінетін қаражаттың тиімді пайдаланылуына бақылау күшейтіледі.Сауда үстемелерінің белгіленген мөлшерін сақтау мәселесіне де ерекше назар аударылуда. 2026 жылдың 27 тамызындағы жағдай бойынша Сауда және интеграция министрлігінің аумақтық департаменттері белгіленген 15%-дық сауда үстемесін асырғаны үшін 76 млн теңгеден астам сомаға 3 096 әкімшілік қаулы шығарды. Салыстыру үшін, 2025 жылдың бүкіл кезеңінде 2 913 қаулы шығарылған болатын. Осылайша, биылғы көрсеткіш өткен жылдағыдан 183 жағдайға немесе 6,3%-ға жоғары.Жыл басынан бері 5 мыңнан астам ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өткізілді. Жәрмеңкелерде фермерлер өз өнімдерін делдалсыз тікелей тұтынушыларға ұсынады. Жыл соңына дейін тағы шамамен 4 мың жәрмеңке өткізу жоспарланып отыр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1283813?lang=ru
Қазақстан СІМ-де қазақ-поляк ынтымақтастығының өзекті мәселелері талқыланды 01.09.2026
Астана, 2026 жылғы 1 қыркүйек - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Арман Исетов Қазақстан Республикасындағы Польша Республикасының Уақытша сенімді өкілі Михал Лабендамен кездесті.Кездесу барысында тараптар екіжақты күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді және қазақ-поляк ынтымақтастығын одан әрі дамыту перспективаларын талқылап, саяси және парламентаралық өзара іс-қимылды нығайтуға ерекше назар аударды.Алдағы екіжақты іс-шараларға айрықша көңіл бөлінді. Олардың мазмұндық толықтырылуы мен практикалық іске асырылу мәселелерін талқылай отырып, тараптар тиісті бағыттар бойынша тығыз үйлестіруді жалғастыруға дайын екендерін растады.Кездесу қорытындысы бойынша дипломаттар Қазақстан мен Польша арасындағы өзара іс-қимылды одан әрі дамытуға өзара мүдделілік білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1283930?lang=ru
Қазақстан мен Оман сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелерін талқылады 01.09.2026
Астана, 2026 жылғы 31 тамыз – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Қуантыров Оман Сұлтандығы Сыртқы істер министрінің орынбасары Халифа әл-Харисимен кездесу өткізді.Кездесу барысында тараптар Қазақстан-Оман ынтымақтастығының қазіргі жай-күйі мен перспективаларын, сондай-ақ сауда-экономикалық және инвестициялық байланыстарды одан әрі дамыту мәселелерін талқылады.Тараптар екіжақты өзара іс-қимылдың қолданыстағы тетіктерінің маңыздылығын атап өтті. Атап айтқанда, 2025 жылғы желтоқсанда өткен Қазақстан Республикасы мен Оман Сұлтандығы арасындағы Үкіметаралық комиссияның бірінші отырысының нәтижелілігі аталып өтті. Осы тұрғыда тараптар Үкіметаралық комиссияның екінші отырысын өткізуге дайындық мәселелерін талқылады.Іскер топтар арасындағы байланыстарды жандандыру, инвестициялық өзара іс-қимылды кеңейту және бірлескен жобаларды ілгерілету мақсатында Қазақстан-Оман іскерлік кеңесін, сондай-ақ бірлескен инвестициялық қор құру мәселелеріне ерекше назар аударылды.Экономикалық күн тәртібі аясында тараптар энергетика, тау-кен өнеркәсібі, көлік және логистика, ауыл шаруашылығы, туризм және жаңа технологиялар салаларындағы ынтымақтастықты кеңейту үшін елеулі әлеует бар екенін атап өтті.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар Қазақстан-Оман қатынастарын одан әрі нығайтуға мүдделілігін растады және ынтымақтастықтың перспективалы бағыттарын ілгерілету бойынша бірлескен жұмысты жалғастыруға уағдаласты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1283505?lang=ru
Әскери міндеттілер құрлық пен теңіздегі дағдыларын жетілдірді 01.09.2026
Еліміздің әр өңірінде офицерлер, сержанттар мен запастағы сарбаздарға арналған әскери жиындар өтіп жатыр. Ақтау гарнизонында 30 әскери міндетті Әскери-теңіз күштерінің жауынгерлік кемелерінде даярлықтан өтсе, Шығыс Қазақстан облысының тағы 250 азаматы Аягөз гарнизонында әскери машықтарын жетілдіріп жатыр.Ақтаудағы 30 күндік әскери жиындар тікелей кемелерде өтуде. Тәжірибелі командирлердің басшылығымен қатысушылар экипаж құрамындағы қызметтің ерекшеліктерін меңгеріп, навигациялық дағдыларын жетілдіреді, қару-жарақ пен автоматтандырылған басқару жүйелерін зерделейді. Кеме экипажының қауіпсіздігі мен оның жауынгерлік қабілетін сақтауға бағытталған іс-қимылдарға да ерекше назар аударылады.         Алынған білімді теңізге шығу жаттығулары бекітеді. Әскери міндеттілер нақты теңіз жағдайында әрекет етуге және экипаж құрамында үйлесімді жұмыс істеуге машықтанады.-Бұл жиындардағы ең құндысы – практикалық тәжірибе жинақтау мүмкіндігі. Алған білімдері бірден іс жүзінде теңізде сыналады. Мұндайда экипаждың үйлесімді әрекеті аса маңызды, – деді әртекті кемелер дивизионының командирі 2-ранг капитаны Руслан Яхьяров.Аягөз гарнизонында Шығыс Қазақстан облысынан келген 250 әскери міндетті даярлықтан өтуде. Олардың қатарында 30 офицер және 220 сержант пен запастағы сарбаз бар. Олар тактикалық даярлық, қару-жарақ пен әскери техниканы қолдану дағдыларын жетілдіріп, бөлімше құрамында бірлесіп әрекет етуге машықтанады.Мен үшін бұл жиындар бұрын алған дағдыларымды еске түсіріп, жаңа тәжірибе жинақтауға мүмкіндік береді. Мұнда тәртіптің, жауапкершіліктің және бірлесе әрекет ете білудің қаншалықты маңызды екенін тағы бір түсінесің, – деді әскери міндетті Еркебұлан Кәкімов.         Мұндай әскери жиындар әскери міндеттілерге қызмет барысында қажетті дағдыларын жетілдіруге мүмкіндік береді. Ал Қарулы күштер үшін даярлығы жоғары резервті қалыптастыруға ықпал етеді.Жиындар кезеңінде қатысушылардың жұмыс орны мен атқаратын лауазымы сақталады. Олар әскери киім-кешекпен, тамақпен және медициналық қызметпен қамтамасыз етіледі.Даярлық аяқталғаннан кейін әскери міндеттілер тиісті емтихан тапсырады. Әскери жиындарды сәтті аяқтау белгіленген тәртіппен кезекті әскери атақ алуға да мүмкіндік береді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1283328?lang=ru
Қазақстанның бастамасымен БҰҰ Бас Ассамблеясы Халықаралық планетаны көгалдандыру күнін жариялады 01.09.2026
Нью-Йорк, 2026 жылғы 31 тамыз - Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы Қазақстан Республикасының бастамасымен әзірленген «Халықаралық планетаны көгалдандыру күні» қарарын қабылдап, 22 сәуірді Халықаралық планетаны көгалдандыру күні деп жариялады.Халықаралық күнді белгілеу туралы бастаманы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылғы қыркүйекте БҰҰ Бас Ассамблеясының 80-сессиясының жалпы пікірталастары барысында ұсынған болатын.Қарарға әлемнің түрлі өңірлерін білдіретін 32 мемлекет тең автор болды. Бұл аталған бастаманың халықаралық қоғамдастық үшін сұранысқа ие әрі өзекті екенін көрсетеді.Қарардың қабылдануы Қазақстанның жаһандық экологиялық күн тәртібін ілгерілетуге және қоршаған ортаны қорғау, экожүйелерді қалпына келтіру, жасыл желектер аумағын кеңейту және экологиялық мәдениетті қалыптастыру бағытындағы халықаралық күш-жігерді біріктіруге қосып келе жатқан дәйекті үлесін көрсетеді.Құжат әлемдік қоғамдастықтың көгалдандыру мен табиғи экожүйелерді қалпына келтірудің маңыздылығы туралы хабардарлығын арттыруға, сондай-ақ мемлекеттерді, БҰҰ жүйесін, халықаралық және өңірлік ұйымдарды, азаматтық қоғамды және басқа да мүдделі тараптарды тиісті іс-шаралар мен бастамаларды жүзеге асыруға ынталандыруға бағытталған.Халықаралық күннің белгіленуі Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауды қалыптастыруға, аумақтарды абаттандыруға және қоғамның экологиялық мәдениетін арттыруға бағытталған «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясының мақсаттарымен үндеседі.Қарардың қабылдануы Мемлекет басшысының тағы бір халықаралық бастамасының іс жүзінде жүзеге асырылуы болды және Қазақстанның орнықты даму мен болашақ ұрпақ үшін қоршаған ортаны сақтауға бағытталған көпжақты ынтымақтастықты нығайту жөніндегі тәсілдерінің сұранысқа ие екенін растайды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1283411?lang=ru