Enbekshi QazaQ

Қуқық

Алматы әкімі Қазақстандағы Ұлыбритания Елшісімен кездесті 10.04.2025
Мегаполис әкімі Ұлыбританияның иноовациялық даму саласында мол тәжірибе жинақтағанын және Лондон мен мен Манчестердің үлгісі бойынша Алматыда «Smart city» жобасын жүзеге асырудың тиімді екенін атап өтті. Алматы мен Ұлыбритания арасындағы тауар айналымында оң динамика қалыптасқан, 2017 жылы бұрнағы жылмен салыстырғанда 54,7%-ға өсіп, 275 млн. АҚШ долларын құраған.Өз кезегінде Майкл Гиффорд өзара ынтымақтастықты нығайту барысында тараптар арасында үлкен мүмкіндіктердің бар екенін айтты.«Мен Қазақстан Президентіне Сенім грамотасын өткен айда тапсырған едім, өзімнің алғашқы жұмыс сапарым бойынша өңірдің жедел дамып келе жатқан мегаполисі ретінде Алматыны таңдадым. Қолға алынған бастамалардың барлығы қаланы жоғары деңгейге көтеретіндігіне сенімдімін және өз тарапымнан екі ел компаниялары арасындағы ынтымақтастықтың дамуына, білім және мәдени бағдарламалардың қанат жаюына қажетті мүмкіндіктердің барлығын жұмсаймын», - деді Қазақстандағы Ұлыбритания Елшісі.Кездесу барысында шетелдік делегацияға инвесторларға «бір терезе» қағидасы бойынша қызмет көрсететін Орталықтың,Индустриалды аймақтың, АЭА «Инновациялық технологиялар паркінің» әлеуеті көрсетілді.Қазіргі кезде Алматыда британдық капиталдың қатысуымен сауда, қаржы, телекоммуникация, құрылыс және басқа салаларда 114 кәсіпорын жұмыс істейді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/11672?lang=kk
Қостанай облысында «Protecting business and investments» кеңсесі ашылды. 10.04.2025
Қолайлы инвестициялық климат құру және мемлекеттік билік мекемелеріне бизнес пен инвесторлардың сенімін арттыру мақсатында өңірде «Protecting business and investments» кеңсесі ашылды.Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі агенттіктің, сондай-ақ Сыртқы істер, инвестициялар және даму министрліктері арасындағы ынтымақтастық меморандумы шеңберінде, ел экономикасына инвестиция салу процесін жеңілдету, сондай-ақ бюрократиялық рәсімдер мен жемқорлық фактілерін жою мақсатында мұндай кеңселер желісі республиканың барлық облыс орталықтарында жұмыс атқаруда.Заңгерлік және басқа да көмек қажет болса, Әл-Фараби көшесі, 95, 1010 кабинет, тел. 522-520, 391-120 немесе электрондық пошта арқылы protectinvestment.kostanay@gmail.com өтініш білдіре аласыздар.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/11568?lang=kk
АВТОЖОЛ ҚҰРЫЛЫСШЫЛАРЫН КӘСІБИ МЕРЕКЕЛЕРІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ 10.04.2025
Бүгін Құрылысшылар күні қарсаңында ҚР ИДМ Автомобиль жолдары комитетінің төрағасы Мереке Пішембаев барлық автожол саласының қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады.Ол өз сөзінде барлық автожол саласы қызметкерлерінің еңбегімен жеткен Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі жылдарындағы автожол саласының даму жетістіктеріне тоқталды.Айталық, Тәуелсіздік жылдарында республикалық маңыздағы 10 мың шақырым автожол реконструкцияланған. Алғашқы Астана-Щучинск (221 км) автобаны салынды. Астана-Қостанай-Челябинск, Ақтөбе-Орал-РФ шекарасы, Көкшетау – Петропавл, Павлодар – Омбы және Атырау-Бейнеу автомобиль жолдары реконструкцияланды.2009-2016 жылдар кезеңінде «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» (2 452 км) халықаралық транзиттік дәлізі мега-жобасы сылынды.2013 жылдан бері Астананы еліміздің барлық өңірімен байланыстыратын Орталық-Оңтүстік, Орталық-Шығыс және Орталық-Батыс дәліздерін реконструкциялау жұмыстары жүргізілуде.Мінсіз жұмысымен Қазақстан Республикасының дамуына қосқан үлесі үшін және Құрылысшылар күні мерекесіне байланысты «Еңбек ардагері» медалімен «Госэкспертиза» РМК сектор басшысы Александр Соколов, «Госэкспертиза» РМК сектор сарапшысы Наталия Заиченко марапатталды.Сонымен қатар, «Госэкспертиза» РМК бөлім бастығы Елена Рихтер, «Госэкспертиза» РМК сарапшысы Қасымқұмар Ибраимов, «Госэкспертиза» РМК сарапшысы Галина Шарапова, «Ирмаст-А» ЖШС директоры Айдар Жүнісов, «Жан-Бота Транс Сервис» ЖШС директоры Жаныспай Сәрсенов «Құрметті жолшы» төс белгісімен марапатталды.Ал, «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ департаментінің директоры  Дмитрий Бессоновке Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің Құрмет грамотасы берілді. «Астанақалалықжолзертханасы» РММ инженері Әдемі Қонаева, «Астанақалалықжолзертханасы» РММ инженері Қанат Қалменов, «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ бас маманы Мұрат Мықтыбаев төрағаның Құрмет грамотасымен марапатталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/11414?lang=kk
Алматы әкімі ҚІСО «Атакенттің» жерін қаланың коммуналдық меншігіне қайтаруды тапсырды 10.04.2025
«Кезінде «Атакент» айналасы жасыл желекке оранып, мұнда адамдар отбасымен серуендеуге келетін, бұрын каскадты субұрқақ бар еді, ал қазір оның бәрін асфальттап, көлік тұрағы мен базарға айналдырған. Басқарушы компания осы аумақтты дамыту жөнінде қалалықтарға үлкен уәде беріп еді, алайда, көріп отырғанымыздай соңғы жылдары ештеңе атқарылмаған», - деді Бауыржан Байбек.Алматы әкімі кешен айналасындағы асфальтты жерді азайтуды, жасылдандыруды, газондарға орналасқан түрлі конструкциялар мен құрылыстарды алып тастауды, ағаш отырғызуды, орындықтар мен урналар және басқаларын қоюды тапсырды. Бұлардан өзге, жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін орталық кіреберістегі көлік тұрағы алынады және ҚІСО «Атакент» аумағына көліктің кіруіне тыйым салынады.Жұмыс сапары аясында Бауыржан Байбек Тимирязев және Әуезов көшелерін абаттандыру бойынша бірқатар тапсырмалар берді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/11375?lang=kk
ЕАЭО-ҚА МҮШЕ МЕМЛЕКЕТТЕРДІҢ ӘУЕ КӨЛІГІНЕ ҚАТЫСТЫ КӨЛІК САЯСАТЫН ІСКЕ АСЫРУДЫҢ «ЖОЛ КАРТАСЫ» БЕКІТІЛДІ 10.04.2025
Бүгін Астана қаласында өткен Еуразиялық Үкіметаралық кеңес отырысында 2018-2020 жылдары бірінші үшжылдық мерзімге арналған Әуе көлігі бөлімі бойынша Үйлестірілген (келісілген) көлік саясатының негізгі бағыттары мен іске асыру кезеңдерін жүзеге асыру бойынша іс-шаралар жоспары («Жол картасы») бекітілді.Аталған іс-шаралар жоспары Еуразиялық экономикалық одақ мүше-мемлекеттерінің Үйлестірілген (келісілген) көлік саясатының негізгі бағыттары мен іске асыру кезеңдерін жүзеге асыру мақсатында әзірленген.Көлік саясаты бәсекелестік, ашықтық, қауіпсіздік, сенімділік, қолжетімділік және экологиялық принциптерді, экономикалық интеграцияны жүйелі және кезең-кезеңімен бірыңғай көліктік кеңістікті, жалпы көлік қызметтерінің нарығын қамтамасыз етуге бағытталған.Іс-шаралар жоспары әуе көлігін дамытудын ерекшеліктерін талдамалық және зерттеу сипатындағы бірінші үшжылдық мерзімде (2018-2020 жж.) іске асыруға жоспарланған іс-шараларды қарастырады.Екінші деңгейде (2021-2023 жж.) бірінші үшжылдық мерзімде іске асыруға жоспарланған іс-шараларды қамтиды (үндестіру, заңға тәуелді актілер, нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер енгізу және т.б.), және үшінші деңгейде (2023-2025 жж.) жалпы көлік қызметтерінің нарығына және бірыңғай көліктік кеңістікке қол жеткізу үшін әуе көлігінде тасымалдарды орындау кезіндегі шектеулерді алып тастау тәсілдерін орнықтыруды көздейді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/11361?lang=kk
ҚР ҰЭМ «on-line» режимінде қоғамдық талқылауға шақырады 10.04.2025
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі ерікті өзін-өзі реттеу және брокерлер мен дилерлерді тауарлық биржаларда аккредиттеу жолымен тауарлық биржа саласындағы брокерлік және дилерлік қызметті лицензиялаудан алып тастауға реттеушілік әсерін талдау жүргізу мәселесі бойынша «on-line» режимінде қоғамдық талқылау жүргізеді.Қоғамдық талқылау 2018 жылғы 12 қазаннан 16 қазанды қоса алғанда «Ашық НҚА» порталында жүргізіледі.Қоғамдық талқылауда барлық мүдделі тұлғалар қатыса алады.Анықтама мына телефон бойынша: 8 (7172) 743312.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/11347?lang=kk
2017 ЖЫЛДЫҢ БІРІНШІ ЖАРТЫЖЫЛДЫҒЫНДА ӨҢДЕУ ӨНЕРКӘСІБІНІҢ ЭКСПОРТЫ 20%-ҒА ӨСТІ 10.04.2025
Биыл экспорттың оң тенденциясы сақталуда. Бұл туралы ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек ҚР Үкіметінде өткен отырыста мәлім етті.«2017 жылдың 6 айында өңдеу өнеркәсіп экспорты 7 млрд. АҚШ долларын құрады. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 20 %-ға жоғары. Бұл ретте, шет елдер нарығында Қазақстанның дайын өнімдеріне деген сұраныстың артып келе жатқанан атап өткен жөн»,-деді Жеңіс Қасымбек.Қазақстандағы өңдеу өнеркәсіп экспортының үлесі 2010 жыл мен 2016 жыл арасында 28 %-дан  35 %-ға дейін өсті. Өңделген тауарлар экспортының географиясы 120 мемлекетті құрайды. Қазақстандағы шикізат емес экспорт қазіргі уақытта 114 тауар түріне артты (899 -дан 1013 дейін).Жаңа тауарлар қатарына локомотивтер, мотор майлары, киімдер, шыныдан жасалған бұйымдар, ауылшаруашылық құрал-жабдықтары, картридждер және т.б. енгізілген.«Экспорттың оң диманикасы және Қазақстанның негізгі экспорттық тауарлары бойынша дүниежүзілік нарықтағы конъюнктура ескеріле отырып, биыл өңдеу өнеркәсіп экспорты 2015 жылдың деңгейіне жетеді, деп күтілуде (14 млрд. АҚШ доллары)», - деді министр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/11337?lang=kk
2017 ЖЫЛДЫҢ 7 АЙЫНДА ЖАЛПЫ АЛАҢЫ 6,2 МЛН. ШАРШЫ МЕТР БОЛАТЫН ТҰРҒЫН ҮЙЛЕР ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ 10.04.2025
Бүгін Үкімет үйінде ҚР Инвестициялар және даму вице-министрі Роман Склярдың, ҚР ИДМ Құрылыс және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық комитетінің төрағасы Мархабат Жайымбетовтың және «Қазақстанның Тұрғын үй жинақ банкі» АҚ Басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимованың қатысуымен «Нұрлы жер» бағдарламасының іске асу барысы туралы брифинг өтті.Биыл 7 айда барлық қаржыландыру көздерінен жалпы алаңы 6,2 млн. шаршы метр болатын тұрғын үйлер пайдалануға берілді (54 мың баспана). Яғни, «Нұрлы жер» бағдарламасы жылдық жоспарының 61%-н құрап, 2016 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 8,2%-ға көрсеткішті жоғарылатты. Вице-министр Роман Склярдың айтуынша, «2017 жылдың 7 айында барлық қаржыландыру көздерінен тұрғын үй құрылысына 445,2 млрд. теңге бағытталды. Оның 75,8 млрд. теңгесі мемлекеттік инвестиция. Мемлекет қажысы есебіне 8829 пәтер (541,3 мың.кв.м) салынды. Жыл соңына дейін қосымша 16176 пәтерді (948,2 мың кв. м) тапсыру жоспарланып отыр».«Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша әкімдік 25 млрд. теңге бөліп, халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтарына арналған 6 мыңға жуық арендалық пәтерлердің құрылысы басталды, олардың жартысы жыл аяғына дейін іске қосылатын болады.«Екінші жартыжылдық қорытындысы бойынша Жекеменшік тұрғын үй құрылысын дамыту бағдарламасының екінші міндеті аясында жоспарланған 60 мың жер телімінің 23,5 мыңы қазірдің өзінде инженерлік желілермен қамтамасыз етіліген. 4 облыс орталығында жекеменшік үйлердің құрылысы қанатқақты жобалары бірыңғай сәулет стилінде іске асырыла бастады»,-деді Роман Скляр.Кредиттік тұрғын үй құрылысының үшінші міндеті бойынша Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің салымшылары мен әкімдікте кезекте тұрғандар үшін бүгінгі күні жоспарланған 15 мың пәтердің 6140 кредиттік пәтері салынды. Жеке құрылыс салушыларды қолдау бағдарламасының аясында құрылыс компаниялары 50 млрд. теңге субсидияланған займ алу үшін 24 жобамен банктың қарауына өтінім жасады. Олардың қазіргі уақытта 7,4 млрд. теңгеге 2 жобасы мақұлданды.«Республиканың 11 өңірінде халықтың ипотекалық займдары бойынша нарықтық ставкаларды төмендету үшін халықты 10 пайыздық жеңілдетілген ставкамен несиелеу басталды. Бүгінгі таңда 10 банк Бағдарламаны іске асыруды жоспарлап отыр. 3 банк   (БанкЦентрКредит,АТФБанк, Сбербанк) ипотеканы белсенді түрде іске асыруда. Осы күні олар азаматтардан ипотека алу үшін 145 өтініш қабылдады(1,5 млрд. теңге)»,-деп атап өтті вице-министр. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/11310?lang=kk
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АВТОМОБИЛЬ ТАСЫМАЛДАРЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӨНІНДЕ ҚАЗАҚСТАН-ӨЗБЕК БІРЛЕСКЕН КОМИССИЯСЫ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫНЫҢ 10.04.2025
2017 жылғы 24-25 тамыз аралығында Астана қаласында 2006 жылғы 20 наурыздағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы халықаралық автомобиль қатынасы туралы Келісімнің шеңберінде (бұдан әрі – Келісім) Халықаралық автомобиль тасымалдары мәселелері жөнінде қазақстан-өзбек бірлескен комиссиясының кезекті отырысы өтті.Отырыс барысында Тараптар Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы жүк тасымалдарының көлемі туралы ақпаратпен алмасты және үстіміздегі жылда екі ел арасында жүк тасымалдары көлемі ұлғаюының оң динамикасын атап өтті.Келіссөздер барысында 1200 үшінші елдерге/елдерден рұқсат бланкілері көлемінде 2018 жылға алдын ала квота орнатылды. Сонымен қатар Тараптар 2017 жылға қосымша үшінші елдерден/елдерге рұқсат бланкілерімен алмасу мәселесін ү.ж. III тоқсанының қорытындысы бойынша қарастыруға келісті.Сонымен қатар Тараптар Қазақстан мен Өзбекстан арасында тұрақты автобус маршруттарын ашу мәселесін қарастырды және   бастапқы кезеңде «Шымкент-Ташкент» бағыты бойынша тұрақты автобус маршрутын ашу мәселесін пысықтауға келісті.Сонымен бірге қазіргі уақытта Қазақстан тарапы Келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Хаттаманың күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді жүргізуде, өзбек тарапы аталған Хаттаманың күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді аяқтағаны туралы хабарлады.Отырыс қорытындысы бойынша Хаттамаға қол қойылды.Анықтама:2017 жылдың бірінші жартыжылдығында Қазақстан мен Өзбекстан арасында автомобиль көлігімен жүк тасымалдары көлемі 11%-ға өсті және 169,5 мың тоннаны құрады. Автомобиль көлігімен тасымалданатын негізгі жүктер текстиль, кілем, маталар, көкөніс, жеміс-жидектер, пластмасса өнімдері, механизмдер мен жабдықтар және т.б.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/11104?lang=kk
Алматыда жылу жүйелерін жөндеу жұмыстары мамырда басталып, тамыз айында аяқталады 10.04.2025
Биылғы жылы жылу жүйелерін модернизациялау жұмыстары Бөгенбай батыр, (Мұқанов/Әйтиев), Жамбыл (Пушкин/Назарбаев), Қазыбек би (Уәлиханов/Абдуллиндер), Қарасай батыр (Наурызбай батыр/Чайковский), Төле би (Варламов/Өтеген батыр/Отар), Чайковский (Қарасай батыр/Төле би) және Шагабутдинов (Құрманғазы/Орталық стадион) көшелерінде жүреді.Алматы әкімінің орынбасары Алмас Мәдиев өзінің сөзінде қазіргі кезде әр участок бойынша нақтылы кесте жасалғанын, техника мен жұмысшыларының санының анықталғандығын айтты. Қайта жасалатын барлық объектілерде мердігерлік ұйым туралы ақпарат бар паспорт, тиісті жол беліглері болады және жүргіншілер үшін қоршаулар қойылады.Ол көптеген нысандарда реконструкциялауды шілде айының соңында аяқтаудың жоспарланғанын, ал кейбір күрделі және ұзын учаскелерде жұмыстың тамыз айында бітетінін айтты. Жұмыс барысында жақын орналасқан аймақ міндетті түрде абаттандырылады.Энергетика және коммуналды шаруашылық басқармасы бұрын жөнделген учаскелердің жол жиектеріндегі топырақтың шөгуін зерттеуді бастады, олар кепілді міндеттеме ретінде мердігер арқылы қалпына келтіріледі.Айта кетерлігі, Алматыда 2018 жылы 157 көшені жөндеу жоспарланған.Алматы реконструкциясы аясында қаланың бірқатар маңызды даңғылдары жаңарады, соның ішінде Абай, Аблай хан, Назарбаев даңығлдары және басқалары бар. Бұрын жөнделген 455 аула алаңдарына қоса биыл қаланың барлық аудандарында тағы 585 аула жаңарады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/11101?lang=kk
Алматының коммуналдық саласында кадрлық өзгерістер болды 10.04.2025
Бүгінгі тағайындауға дейін Ермек Үсенбаев Алматы қаласының Энергетика және коммуналды шаруашылық басқармасының басшысы болған еді. Ол түрлі жылдары Жамбыл облысы әкімінің бірінші орынбасары, «Оңтүстік» және «Алматы» ӘКК-лар басқармасы төрағаларының орынбасары қызметтерін атқарды.«Алматы Су» біріккен кәсіпорны жаңа басшысының алдына технологиялық процесстерді автоматтандыру, шығынды оңтайландыру, қызмет көрсету сапасын арттыру сынды бірқатар міндеттер қойылды. Бұлардан өзге, өндірісті модернизациялауды, инженерлік желілерді және жүйелерде апатты азайту үшін қондырғыларды ауыстыру жөніндегі жұмыстарды одан әрі жалғастыру қажет.Бұрындары «Алматы Су» кәсіпорнын басқарған Қуаныш Бейсенбинов «Алматы жылу жүйелері» ЖШС-нің бас директоры болып тағайындалды. Ол түрлі жылдары. Астананың Энергетика және коммуналды шаруашылық басқармасының басшысы, Алматы қаласы Энергетика және коммуналды шаруашылық басқармасы басшысының бірінші орынбасары және басқа да қызметтерді атқарған.Жаңа басшы алдына кәсіпорынның жұмыс тиімділігін арттыру, жылудың нормативті және нормативтен жоғары шығындарын азайту, өндірістік процесстер мен қызмет көрсетудіі цифрландыру міндеттері қойылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/11100?lang=kk
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Каталония автономдық қоғамдастығындағы ахуалға байланысты мәлімдемесі 10.04.2025
Қазақстан Каталония автономды қоғамдастығындағы ахуалды Испанияның айрықша ішкі жағдайы ретінде қарастырады және мәселе қатаң түрде Испанияның қолданыстағы заңнамасы шеңберінде өрбуі тиіс деп санайды.Испания Корольдігімен қарым-қатынастарда Қазақстан бұл елдің егемендігі мен аумақтық тұтастығын құрметтеу қағидатын ұстанады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/30864?lang=kk
Қостанайда қала күні атап өтілді 10.04.2025
Қостанай қаласына – 139 жыл. Қала күніне арналған салтанатты шараға облыс әкімі Архимед Мұхамбетов қатысып, шаһар тұрғындары мен қонақтарын мерекесімен құттықтады.«Қостанайлықтар үшін ең тамаша сыйлық ол әрине аймақ экономикасының жақсы көрсеткіштері. Соның бірі өңірге инвестиция тарту. Бүгінгі таңда «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша машинақұрастыру, тамақ өнеркәсібі, астық өңдеу салаларында 10 ірі инвестжоба жүзеге асырылып жатыр. Олардың жалпы сомасы 40 млрд. теңгені құрайды. 500-ден астам тұрақты жаңа жұмыс орындары пайда болмақ» - деп атап өтті облыс басшысы.А.Мұхамбетов сондай-ақ қостанайлықтардың жыл санап тұрғын үй жағдайының жақсарып келе жатқанын жеткізді. «Бүгінде «Әуежай», «Юбелейный» және «Алтын Арман» сияқты жаңа ықшам аудандар жылдам қарқынмен бой көтеріп үлгерді. Құрылыстың одан сайын қарқын алуына «7-20-25» бағдарламасының қосар үлесі мол деп білеміз. Биылғы жылы 7 тұрғын үй пайдалануға берілсе, жыл соңына дейін тағы 14 үйдің құрылысын аяқтайтын боламыз», - деді әкім. Бұдан басқа облыс орталығында әлеуметтік-спорттық нысандардың құрылысы қарқынды жүргізілу үстінде. Биыл 1000 орындық Спорттық-сауықтыру кешені пайдалануға берілсе, тағы 1000 орындық Ұлттық мәдени орталықтың құрылысы аяқталады. Сондай-ақ 3 мың адамға шақталған жабық футбол манежі салынып жатыр. Алда 2 мың орындық жаңа мұз айдынының құрылысын бастау жоспарлануда. «Осының бәрі де тұрғындар үшін жасалып жатыр. Және бұл сіз бен біздің біріге атқарған өнімді еңбегіміздің нәтижесі. Облысымыз бен оның орталығы үшін аянбай тер төккен алдыңғы буын ардагерлеріміздің ерен еңбегінің арқасы. Сондықтан қадірлі қостанайлықтар, баршаңызды сүйікті қаламыздың 139 жылдық мерекесімен құттықтаймын. Сіздерге және отбасыларыңызға денсаулық, бақыт, береке мен табыс тілеймін» - деп атап өтті облыс басшысы. Бұдан соң А.Мұхамбетов өңірдің дамуына еңбегі сіңген адамдарға облыстың және қаланың құрметті азаматы төсбелгілерін табсытады. Концерттік кеш Ерке Есмахан, Әміре және Алена Апина сияқты Қазақстан мен Ресей эстрада жұлдыздарының өнеріне ұласты. Мереке әдемі отшашумен аяқталды.  Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/10994?lang=kk
Халықаралық сарапшылар әділет органдарының жұмысын заңнамалық деңгейде қалай жақсартуға болатынын талқылады 10.04.2025
 Сот төрелігі секторын институционалдық нығайту жобасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Reed Smith заң фирмасымен бірлесіп «Әділет органдары туралы заңнаманы жетілдіру» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.Оған халықаралық сарапшылар, мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өкілдері қатысты.Британиялық халықаралық және салыстырмалы құқық институтының қызметкері, профессор Я. Кривой бастаған халықаралық және қазақстандық сарапшылар әділет органдарының қызметін реттейтін ұлттық заңнаманы зерттеп, оны жетілдіру мақсатында, Франция, Сингапур, Германия, Біріккен Корольдік және АҚШ сынды елдердің әділет органдарының қызметіне қатысты оң  тәжірибелерді қарастырып, бірқатар ұсыныстар берді.Атап айтқанда, біліктілік емтиханың қабылдау және аттестаттау, «нотариус», «адвокат», «бағалаушы», «сарапшы», «сот сарапшылары», «жеке сот орындаушысы», «заңды тұлға», «заң кеңесшілері», «медиатор», «аудармашы» біліктіліктерін беруді бір жерден орталықтандырылған тәртіпте жүзеге асыратын арнайы Орталық құру. Сонымен қатар, түрлі профильді сарапшы-мамандардан тұратын  деректер базасын жасау,  сондай-ақ Әділет министрлігінің кейбір құрылымдық бөлімшелерінің қосымша функцияларын қарастыру. Шара барысында берілген барлық ұсыныстар сараланып, Әділет органдары туралы заңнаманы жетілдіру барысында болашақта қарастырылатын болады.Айта кету керек, Сот төрелігі секторын институционалдық нығайту жобасы Халықаралық Қайта құру және Даму Банкінің қолдауымен жүзеге  асырылуда. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet/press/news/details/10993?lang=kk
Алматыда 3000 орынды Мұз аренасының сырғанау алаңы таныстырылды 10.04.2025
Бүгін Алматы Алматы әкімі Бауыржан Байбекке «Универсиада 2017» кезінде студенттердің спорттық жарыстары өтетін нысандардың бірі 3000 орынды Мұз аренасының сырғанау алаңы таныстырылды.Спорт нысанын салуға жоғары сыныпты мамандар тартылып, оны тұрғызуға, әрлеуге отандық өндіріс материалдарының 90% -ы пайдаланылды. Жалпы, 3000 орынды Мұз аренасын салумен 1,5 мың адам айналысты.«Қазіргі кезде негізгі мұздың төзімділігіне ерекше мән беру қажет, ол үшін кәсіби спортшыларды, мамандарды шақырып, мұздың сапасы жөнінде тиісті бағаны алған жөн. Универсиаданың барлық нысандары Мемлекет басшысы Н. Ә. Назарбаевтың тапсырмасы бойынша салынды. Жалпы, балалар спортын, бұқаралық және кәсіби спортты дамыту қажет. Болашақта біздің спортшыларымыздың жоғары нәтижелерге қол жеткізулеріне ықпал ететін нысандар қала шетінде болуы тиіс», - деп атап өтті әкім.Бұл объект негізінен мәнерлеп сырғанау, шартрек, хоккей және басқа қысқы спорт түрлері бойынша пайдаланылады. Бүгінгі күні хоккей клубтары, әуесқой және балалар хоккейі, сырғанау сынды жаттығу сабақтарының жүйесі жасалған. Осылайша, қаланың мұндай спорт нысандарына қалың бұқараны кеңінен тартуға үлкен мән берілуде.«Біз нысанды тамыз айының соңында пайдалануға беруге үміттіміз. Ал қазан айынан бастап объект қала тұрғындары үшін қолжетімді болады. Барлық жобалар жоғары технологиялық талаптарға толық жауап береді. Негізгі критерйилердің бірі- өзіміз қосқан энергиялық тиімділік. Қазір жоғары рейтингілі шетелдік қондырғыларды орната салудың еш мәні жоқ. Маңыздысы- қымбат энергия шығынына жол бермей, Мұз аренасына көпшіліктің жиі келуін қамтамасыз ету», - деді Алматы қаласы спорт нысандары дирекциясының басшысы  Сергей Апенко.Атап өтерлік жайт, нысан іске қосылғанда мұнда 200-ге жуық жұмыс орны құрылады, олар жалға берілген кафе мен спорт залдарында қызмет ететін болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/10987?lang=kk
«EXPO-2017» КӨРМЕСІ КЕЗІНДЕ ТЕМІРЖОЛ КӨЛІГІМЕН 1,4 МИЛЛИОННАН АСТАМ ЖОЛАУШЫ ТАСЫМАЛДАНДЫ 10.04.2025
«ЕХРО-2017» көрмесі кезінде теміржол көлігімен Астана қаласына жолаушыларды тасымалдау өсімі облысаралық бағыттар бойынша 23%-ға, ал халықаралық бағыттар бойынша 10%-ға ұлғайды.Атап айтқанда, Астана қаласына теміржол көлігімен 1,46 млн. жолаушы келді. Еліміздің аймақтарынан 1,43 млн. жолаушы, ТМД мемлекеттерінен    31,3 мың жолаушы келді.Жолаушылар көп келген аймақтар да анықталды. Алматы қаласы мен Алматы облысынан 245 мың жолаушы, оңтүстік аймақтардан 207 мың, Павлодар облысынан 176 мың, Ақмола облысынан 173 мың, Қостанай облысынан 160 мың, Қарағанды облысынан 125 мың және Шығыс Қазақстан облысынан 105 мың жолаушы сапарлаған.Сонымен қатар, Ақтөбе мен Атырау облыстарынан қатынайтын пойыздармен сапарлаған жолаушылар саны артқан. Бұл кезеңде Астанаға Ақтөбеден 57 мың, Атыраудан 47 мың жолаушы келген.Айта кету керек, көрме ұйымдастырылған кезеңде жолаушылар тасымалын қамтамасыз ету үшін Астана қаласына жүретін бағыттардың саны 44-тен 57-ге дейін көбейтіліп, 13 жолаушылар және қала маңы пойыздары іске қосылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/10981?lang=kk
БАСПАСӨЗ ПАРАҚШАСЫ 10.04.2025
2017 жылғы 8 айдың қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы аумағында 876 техникалық байқау желісі бар (626 стационарлық, 312 ұтқыр) 571 техникалық байқау орталықтарының жұмысы ұйымдастырылған.Ағымдағы жылдың 8 ай қорытындысы бойынша міндетті техникалық қарап-тексеруге 1 638 640 автокөлік құралы (бұдан әрі – АКҚ) ұсынылған, оның ішінде 1 515 912 АКҚ техникалық байқаудан өтті деп танылған, ақаулықтарының болуына байланысты 122 728 АКҚ бірінші реттен техникалық байқаудан өтпеген, бұл техникалық байқауға ұсынылған АКҚ-ның орташа 7,5 % құрайды.Анықтама үшін: 2016 жылдың сәйкес мезгілінде 1 749 716 АКҚ техбайқауға ұсынылған, оның ішінде 1 575 634 АКҚ-ы техбайқаудан өткен,       174 082 АКҚ техбайқаудан өте алмаған, бұл ұсынылған АКҚ-ның орташа 9,9 % құрайды.Техникалық байқаудан өтпеген деп танылған АКҚ-ның пайдалануына келесі ақаулықтардың негізінде тыйым салынған :- тежеуіш жүйесінің – 30 617 КҚ;- рулмен басқарудың – 9 823 КҚ;- сыртқы жарық беру аспаптарының – 48 761 КҚ;- көрініс – 15 592 КҚ;- шиналар, доңғалақтар және аспалар – 8 134 КҚ;- конструкцияның басқа элементтері – 39 429 КҚ;- Қозғалтқыш және оның жүйелері – 8 306;- рама, шанақ жай-күйі – 558.Өз кезегінде, 2017 жылғы 8 айында аумақтық көліктік бақылау органдарымен 101 техникалық байқау операторларына қатысты 163 тексеру өткізіліп, нәтижесінде 2 млн. 995 мың теңгені құрайтын 106 әкімшілік хаттамасы толтырылып, 10 техникалық байқау операторы тізілімнен шығарылған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/10973?lang=kk
ГЕОЛОГИЯЛЫҚ ҚҰРЫЛЫМЫ МЕН ЕУРАЗИЯ ТЕҢІЗДЕР ҚОРЫНЫҢ ӘЛЕУЕТІН ЗЕРТТЕУ ЖОБАЛАРЫ САНКТ-ПЕТЕРБУРГТЕ ТАЛҚЫЛАНДЫ 10.04.2025
2017 жылдың 13 қыркүйегінде Санкт-Петербург (Ресей) қаласында 13-і RAO/CISO ffshore 2017 халықаралық көрмесі мен конференциясы аясында «Геологиялық құрылым және арктикалық, Қиыр шығыс пен ішкі Еуразия теңіздер қорының әлеуетін зерттеу жөніндегі халықаралық жобалар» тақырыбы бойынша дөңгелек үстел өтті. Оған Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің төрағасы Ақбатыр Надырбаев қатысты. Жиын барысында «Каспий өңірінің геологиялық құрамы ГИС – Атлас картасы» жобасының техникалық сипаты, ғылыми методикалық және ұйымдастыру мәселелері талқыланды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/10965?lang=kk
ҚР ИДМ-ДЕ АЭА БОЙЫНША ЗАҢНАМАҒА ЕНГІЗІЛГЕН ЖАҢАЛЫҚТАРҒА БАЙЛАНЫСТЫ БАСПАСӨЗ МӘСЛИХАТЫ ӨТТІ 10.04.2025
Бүгін ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Медиа-орталығында «Арнайы экономикалық және индустриялды аймақтар туралы», сонымен қатар, «Арнайы экономикалық және индустриялдық аймақтар, инвестиция тарту, экспортты ілгерілету мен дамыту мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының бірқатар заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобаларына енгізілген жаңалықтарға арналған баспасөз мәслихаты өтті.Журналистердің сұрағына ҚР ИДМ Инвестиция комитетінің төрағасы Сапарбек Тұяқбаев пен «Атамекен» ҰКП төрағасының орынбасары Төлеміс Шотанов жауап берді.Заң жобасын әзірлеушілердің айтуынша, негізгі Заң жобасының аясында АЭА құру мәселелері  мен олардың қызметінің басым түрлері; АЭА басқарма органының қызметін қаржыландыру;  АЭА-ты басқару өкілеттілігін анықтау; ИА-тың құрылуы, қызмет түрлері мен жұмыс істеуі (республикалық, өңірлік, жеке және шағын индустриалды аймақтар) реттеледі.Ілеспе заң жобалары Салық, Жер және Кәсіпкерлік кодекстеріне түзетулер енгізуді қарастырады. Салық кодексіне енгізілетін түзетулер келесі мәселелерді қамтиды:- Белгіленген әр АЭА-дағы басым бағыттарды талдап тексеруді жою;- АЭА-на қатысушылардың жалпы кірісінің құрылымына қойылатын талаптарды өзгерту;- «ИТП» АЭА үшін әлеуметтік салық бойынша жұмыс істемейтін жеңілдіктерді жою;-  АЭА-ның нысандары аяқталмаған жер учаскелері бойынша салық жеңілдіктерін қолданбау;- АЭА территориясында іске асырылатын тауарларға салынатын артық ҚҚС-н қайтарудың мүмкін еместігі туралы шешім;- Инфрақұрылымды құру кезеңінде жаңадан қатысушылардың АЭА-на қол жетімділігін шектеу;- АЭА басқару компаниялары үшін салық жеңілдіктерін кеңейту;-АЭА территориясынан тауарларды экспорттау үшін кедендік жеңілдіктерді кеңейту;Жер кодексінде АЭА және ИА үшін жер учаскелерін алудың жеңілдетілген тәртібін регламенттеу, яғни, мүмкіндігінше қысқа мерзімде әрі аз процедуралар қарастырылған. АЭА және ИА аумағындағы жер учаскелерін игерудің мерзімі мен талаптарын анықтау процедураларын регламенттеу арқылы мақсатты түрде пайдаланылмаған жер учаскелерін мәжбүрлеп тартып алу процедуралары енгізілетін болады. Сондай-ақ, АЭА және ИА қатысушылары үшін жер учаскелері «бір терезе» қағидаты бойынша беріледі.Сонымен қатар, кәсіпкерлік субъектілері мен мемлекет  арасындағы іс-қимылдың жалпы мәселелерін реттейтін Кәсіпкерлік кодексінің нормалары қайта қарастырылады. Оның ішінде, индустриалды-инновациялық қызметті мемлекеттік реттеу және қолдау мәселелері, салалық заңнамаға сүйене отырып, уәкілетті орган жүзеге асыратын бақылаудың болуы туралы норманың мақсатсыз болуына сәйкес оны алып тастау көзделеді.Сапарбек Тұяқбаевтың айтуынша, қазіргі таңда Заң жобалары Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізілді.Естеріңізге сала кетсек, 2017 жылғы 6 маусымдағы ҚР Үкіметінің отырысында мүдделі мемлекеттік органдармен, өңірлік әкімдіктермен және Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесе отырып, Министрлік әзірлеген арнайы экономикалық және индустриялық аймақтарды дамытудың жаңа бағыттары қолдау тапты.2017 жылғы 3 шілдедегі Ведомствоаралық комиссия отырысында «ҚР арнайы экономикалық және индустриалды аймақтар туралы» және «Арнайы экономикалық және индустриалды аймақтар, инвестиция тарту, экспортты дамыту және ынталандыру туралы ҚР кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобаларының тұжырымдамалары мақұлданды.Анықтама.Бүгінгі таңда АЭА территорияларында жалпы сомасы 650 млрд. теңгеден асатын 160 инвестициялық жоба жүзеге асты. Оның 20%-ы шетелдік инвестиция есебіне іске асты.АЭА алаңында 11 мың 600-ден астам адам жұмыс істейді. АЭА территориясындағы өндіріс көлемі 1,4 трлн. теңге. Мұнда 30-дан астам жаңа өнім түрлері шығарылады. Қосымша 15 мың тұрақты жұмыс орыны құрылып, 150 жоба іске қосылатыны ұсынылды. Бөлінген 275 млрд. теңгенің 110 млрд. теңгеден астамы  салық түсімі ретінде бюджетке қайтарылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/10959?lang=kk
Борышкерлер тізіміне еш негізсіз түссеңіз не істеу керек? 10.04.2025
Құрметті оқырмандар, Әділет министрлігінің борышкерлер тізіміне екі жағдайда ғана негізсіз түсуге болады:1) борышкер атқарушылық іс жүргізу бойынша міндеттерін орындап, сот орындаушысына төлеу туралы квитанция сынды растайтын құжаттарды ұсынбаған жағдайда;2) қате мәліметтер енгізілген жағдайда (аты-жөні, тегі, туған жылы).Егер бірінші жағдай орын алса – қарыздың жабылғанын растайтын құжат қажет, ал екінші жағдайда жеке куәліктің көшірмесі керек.Сондай-ақ, үйден шықпай-ақ болған жайт туралы министрліктің ресми сайтына www.adilet.gov.kz хабарлау керек немесе аумақтық әділет органына жүгіну қажет. Қате мәліметтер міндетті түрде тез арада жойылатын болады.Егер сот орындаушысы жіберген қателіктің салдарынан Сіз қаржылық немесе моральдық шығындарға ұшырасаңыз, залалдың орнын толтыру үшін сотқа шағымдануыңызға болады.Адамдардың аты-жөнінде де тегінде де сәйкестіктер кездесетін жайттар көп емес. Соңғы 3 жылда шамамен 4 оқиға тіркелген. Яғни жүйеге қате мәліметтерді енгізу ықтималдылығы әлі де орын алып отыр. Бұндай олқылықтардың алдын алу үшін министрлік қазіргі таңда тиісті жұмыс атқаруда. Шараны автоматтардыру мақсатында сот орындаушысы тізімге борышкерге қатысты ақпаратты өзі енгізбес үшін мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін біріктіру жұмыстары жүргізілуде.Қазіргі уақытта атқарушылық іс жүргізу бойынша борышкерлер тізімінде 1,5 млн адам тіркелген. Ол тізімге олар өндіріп алушының алдында ерікті түрде өз міндеттерін орындамағаны үшін түседі.Борышкерлер тізіміне енбеу үшін азаматтарға, бірінші кезекте өздеріне тиісті міндеттерді ерікті түрде орындау қажет. Екіншіден, жиі болмаса да, арасында Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің ресми сайтына (http://pravstat.prokuror.kz/rus)немесе ҚР ІІМ сайтына (http://mvd.gov.kz/portal/page/portal/mvd/MVD) кіріп, тексеріп тұру қажет.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet/press/news/details/10946?lang=kk