Enbekshi QazaQ

Қуқық

ҚР Ұлттық құрамасының IX қысқы Азия ойындарындағы жарыс кестесі: 13 ақпан 15.02.2025
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/936960
ІХ қысқы Азия ойындары – 2025: 12 ақпандағы жарыс нәтижелері 15.02.2025
Шаңғы жарысы: Әйелдер командасы арасындағы эстафетада (4×5 км) Ұлттық құрама мәреге екінші келіп, күміс жүлдегер атанды. Жарыс жолына Камила Елғазинова, Ксения Шалыгина (классикалық әдіс), Ангелина Шурыга мен Надежда Степашкина (еркін әдіс) шықты.Ал ерлер құрамасы Азия ойындарында үздік үштікті түйіндеді. Қазақстан ерлер құрамасы (4×7.5 км) мәреге үшінші келіп, қола жүлдеге ие болды. Жарыс жолына Константин Борцов, Наиль Башмаков (классикалық әдіс), Олжас Климин мен Владислав Коволёв (еркін әдіс) шықты.Ски-альпинизм: Аралас жұптық сында Қазақстан құрамасы (Нияз Жанзақов пен Әсем Назырова) финалда 8-сатыға тұрақтады. Нәтижесі - 36:43.77 секунд.Шайбалы хоккей: Еліміздің әйелдер командасы Харбиндегі қысқы Азия ойындарында Жапонияға жол берді. Есеп: 0-4.Керлинг: Қазақстан әйелдер құрамасы бірінші кездесуінде Корея спортшыларынан 2:8 есебімен жеңілсе, екінші матчта Таиланд құрамасынан 9:1 нәтижесімен басым түсті.Ал ерлер құрамасы Қырғызстаннан айласын асырды - 6:3.Мәнерлеп сырғанау: Әйелдер арасындағы қысқа бағдарламада Софья Самоделкина әзірге 4-сатыға жайғасса, София Фарафонова 9-орында тұр.Мұздағы би жарысында Бойсангр Датиев пен Гаухар Наурызова Азиаданы 5-орынмен аяқтады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/936934
Конькимен жүгіруден қысқы Азиада жүлдегерлері елге оралды 15.02.2025
Бүгін Астана халықаралық әуежайына Харбинде өткен Азия ойындарының алғашқы бөлігі оралды. Олардың арасында конькимен жүгіруден командалық спринт жарысынан қола жүлдегерлер Надежда Морозова мен Дарья Важенина бар.«Әлем кубоктарына қатысып жүрмін ғой. Бірақ қысқы Азия ойындарының ауқымы, ұйымдастырылу деңгейі мүлдем басқаша екен. Қолымыздан келгенше, жүлдеге таласып бақтық. Командалық сайысқа жоспар түзіп едік. Нәтижесінде үшінші орынға тұрақтадық. Қарсыластарымыз да осал емес. Оңтүстік Корея өкілі Ким Мин-сун мен Қытай спортшысы Хан Мей өткен жылы ғана әлем чемпионатында күміс медаль олжалаған еді», - деді Дарья Важенина.Конькимен жүгіруден Харбин төрінде 14 жүлде сарапқа салынып, Қазақстан құрамасы 1 күміс және 1 қоланы иеленді. Қос жүлденің де ерекше маңызы бар. Себебі, Евгений Кошкин күміс жүлде алған 100 метр қашықтық пен әйелдердің командалық жарысында бұған дейін мүлдем жүлде бұйырмаған еді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/936958
Қанат Шарлапаев Еуропа Қайта құру және даму банкі өкілдерімен кездесті 15.02.2025
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев Еуропа қайта құру және даму банкі (ЕҚҚДБ) өкілі Хусейн Озханмен кездесті.Еуропа қайта құру және даму банкі (ЕҚҚДБ) – 1991 жылы 40 ел мен екі халықаралық ұйым негізінде құрылған нарықтық экономикаға қолдау көрсету үшін арналған инвестициялық механизм. ЕҚҚДБ үкіметтермен, мемлекеттік органдармен, халықаралық қаржы ұйымдарымен және қоғам өкілдерімен тұрақты диалог жүргізеді және банк акционерлері ұсынған қаражаттарды пайдалану бойынша техникалық көмек көрсетеді.Кездесу барысында Ақтөбе, Қарағанды және Тараз қалаларындағы кәріз тазарту қондырғыларын жаңғырту жобаларының жүзеге асырылуы және Қазақстан Үкіметі қабылдаған «Энергетика және коммуналдық секторды жаңғырту» ұлттық жобасы аясындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды.Жиынға ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің кеңесшісі Владислав Галиев, Коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Алишер Беспаев, ЕҚҚДБ-ның Еуразия аймағындағы инфрақұрылым жөніндегі директоры Екатерина Мирошник және Қазақстандағы ЕҚҚДБ басшысының орынбасары Аскар Намазбаев қатысты.Кездесудің қорытындысы бойынша ЕҚҚДБ өкілдері жоспарланған жобаларды жүзеге асырудың әзірленген жоспары туралы хабарлады. «Энергетика және коммуналдық секторды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында ынтымақтастықтың негізгі бағыттары келісіліп, өзара іс-қимыл механизмдері нақтыланды. ЕҚҚДБ өкілдері еліміздің энергетика және коммуналдық секторларын жаңғырту жобаларын қолдауға және тығыз ынтымақтастықты жалғастыруға дайын екендіктерін білдірді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/936885
Алматы құрылыс колледжінің студенттері «Ақылды үй» жобасын жасады 15.02.2025
Жұмысшы мамандықтар қаласында Алматы құрылыс колледжінің студенттері Arduino технологиясымен әзірлеген инновациялық «Ақылды үйдің» макетін ұсынды. Автоматтандыру жүйесінде уақытқа қарай шамның жанып-сөнуін реттейтін интеллектуалды жарық сенсорлары, сондай-ақ дамыған қауіпсіздік жүйесі қарастырылған. Мұнда қозғалыс PIR-датчиктері, газ және түтін сенсорлары бар, олар ықтимал төтенше жағдайлардың алдын алады. Ал температураны өлшейтін және ылғалдық сенсорлары желдету мен жылыту жүйесінің жұмысын автоматты түрде реттеп, жайлы микроклиматты қамтамасыз етеді. «Ақылды үйдің» барлық функцияларын Bluetooth және Wi-Fi арқылы смартфоннан қашықтан басқаруға болады. Қауіп төнген жағдайда, мәселен, газ немесе түтін шыққан кезде жүйе дереу хабарлама жібереді, ал зуммерлер мен LCD-дисплейлер қауіп туралы ескертеді. «Біздің жобамыз заманауи технологиялардың баспананы қалай жайлы әрі қауіпсіз ететінін көрсетеді. Мысалы, газдың шығуын жүйе бірден анықтап, иесіне хабарлама жібереді», — дейді колледж студенті Ғаббас Баязитов. Жүйенің барлық элементтерін студенттер өздері құрастырып, бағдарламалаған. «Ақылды үйді» басқаруға арналған мобильді қосымша Play Market пен App Store қосымшаларында қолжетімді. Бұл жоба осындай технологияларды тұрғын үйлерге қоюдың нақты перспективаларын көрсетіп, олардың энергия тиімділігі мен қауіпсіздік деңгейін арттырады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/press/news/details/936261
Алматылық колледж студенттері күн панелін шығаруда 15.02.2025
Алматы энергетика және электронды технологиялар колледжінің студенттері оқу шеберханасында алғашқы күн панельдерін өндіруді іске қосты. Олар өз жобаларын Жұмысшы мамандықтар қаласында таныстырды. «Біз күн панельдерін толықтай өз қолымызбен жасаймыз. Алдымен фотоэлементтерді өзара жалғап, арнайы негізге дәнекерлейміз. Кейін панельді сыртқы әсерлерден қорғау үшін ламинация жасаймыз және оны алюминий корпусқа бекітеміз. Соңғы кезеңде жүйені қосып, оның күн энергиясын электр қуатына қаншалықты тиімді айналдыратынын тексереміз», — деп бөлісті колледждің 3-курс студенті Мәди Жанболат. Бұл жоба студенттерге жаңартылатын энергетика саласындағы заманауи технологияларды игеруге көмектесіп қана қоймай, Қазақстанда күн панельдерінің өз өндірісін дамыту үшін перспективалар ашады. Бұдан басқа, колледждің жоғары курс студенттері жетекші компанияларында ақы төленетін практикадан өту мүмкіндігіне ие болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/press/news/details/936876
Жетісу облысындағы мал басы түгел "цифрландырылған" 15.02.2025
Қазіргі таңда облыcта 2,3 миллионнан астам мал бар, оның 500 мың басқа жуығы мүйізді ірі қара, 1,6 млн. бас ұсақ мүйізді мал, 200 мыңнан астам бас жылқы. Олардың барлығы «Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру деректер қоры» мемлекеттік ақпараттық жүйесінде тіркелген. Жалпы облыс көлемінде ветеринария саласына көп көңіл бөлініп келеді. Мәселен, соңғы екі жарым жылда өңірде 49 ветеринарлық пункт пен 1 ветстанция салынды. Биыл тағы 20 осындай нысан салынады деп жоспарланып отыр. Оған қоса осы салаға цифрландыру кеңінен енгізіліп, қолданылуда, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.Облыстық ветеринария басқармасының мәліметіне қарағанда, ветеринариялық процестерді цифрландыру барысында «Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру деректер қоры» мемлекеттік ақпараттық жүйесінің iszh.gov.kz Веб-порталына енгізілген аса қауіпті аурулардың диагностикасы бойынша «VetLab», «ISZH-Mobile» модулдері өңірде кеңінен қолданылуда. Сол сияқты қазіргі таңда облыс бойынша бірдейлендіру деректер қорында тіркелген 34 763 мал иесінің бәрі де толық «TortTulik» мобильді қосымшасын қолданып отыр.Осы орайда ветеринар мамандар жұмысының сапасы мен тиімділігін арттыру үшін материалдық-техникалық базаны нығайтуға ерекше мән берілуде. Мысалы, облыс құрылғаннан бері 45 арнайы автокөлік, 217 компьютер, сол сияқты 238 дана планшеттер сатып алынып берілді.- Қазір ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру деректер қорының «ISZH-Mobile» мобильді қосымшасы іске қосылғаннан кейін ветеринар дәрігерлерге планшеттер сатып әперілді. Планшетпен жұмыс істеу біздің жұмысымызды біршама жеңілдетті әрі жеделдетті деуге болады. Үлкен шаруашылықтарды, жеке аулаларды аралау барысында атқарылған жұмыс, яғни малды тіркеу, профилактикалық іс-шаралар, екпе жасау бірден сол жерде планшет арқылы базаға енгізіледі. Тіпті интернет ұстамайтын жерлерде планшетке енгізілген деректер интернет байланысы бар жерде бірден тиісті базаға автоматты түрде жөнелтіледі, - дейді Ветеринарлық пункттері бар Талдықорған қаласының ветеринарлық станциясының ветеринар дәрігері, осы салада он үш жылға жуық уақыттан бері еңбек етіп келе жатқан Айгерім Бекбосынова. Бұған қоса, Жетісу облысының цифрлық технологиялар басқармасы тарапынан «Жетісу облысының Ахуалдық орталығы» электронды картасына сібір жарасы көмінділері мен мал қорымдары және ветеринариялық пункттер енгізілген. Қазіргі кезде ведомствоаралық комиссия қорытындысы негізінде электронды картаға мал қорымдарының санитариялық-қорғаныш аймақтары кіргізілуде. Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.Фотосуреттер облыс әкімі баспасөз қызметінің архивінен алындыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-oblysy/press/news/details/936892
Мемлекеттік органдар Астананың бизнес қауымдастығына салық және бюджет реформасын түсіндірді 15.02.2025
Астанада Қаржы министрінің, Ұлттық экономика және Қаржы вице-министрлерінің, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы төрағасы мен Өңірлік кеңесінің, бірлестіктер мен қоғамдық ұйымдар өкілдерінің, мәслихат депутаттарының, елорда әкімдігі басшылығының қатысуымен бизнес-қоғамдастықпен кездесу өтті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.Кездесуге қатысушылар жоспарланған салық және бюджет реформасын талқылады. Үкімет өкілдері негізгі өзгерістер, олардың мақсаттары мен нәтижелері туралы жан-жақты түсіндірме берді.Ашық микрофон форматында кәсіпкерлер реформа бойынша сұрақтар қоюға, оны іске асыру перспективалары мен ықтимал тәуекелдерді талқылауға мүмкіндік алды. Келіп түскен сұрақтарға орталық мемлекеттік органдар мен Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы тарапынан толық түсініктеме берілді.Бұл шара кәсіпкерлердің ұсыныстарын ескере отырып, салық және бюджет саясатын реформалау үдерісінде ашықтықты қамтамасыз ететін бизнес пен үкімет арасындағы сындарлы диалогтың маңызды алаңына айналды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/936907
ҚР АШМ-де етті мал шаруашылығын дамыту шаралары талқыланды 15.02.2025
Саланы дамытуға қатысты бизнес өкілдерімен талқылау аясында Ауыл шаруашылығы министрі А. Сапаров етті мал шаруашылығы өкілдерімен кездесті. Кездесу барысында жеңілдетілген қаржыландыру, саланы дамытуға арналған фискалдық құралдар, сондай-ақ тірі мал нарығын реттеудің артықшылықтары мен кемшіліктері талқыланды. ҚР АШМ мемлекеттік қолдаудың тиімділігі мен ашықтығын арттыру бойынша жоспарлы жұмыстар жүргізуде. Осыған байланысты селекциялық-асылдандыру жұмыстарына берілетін субсидияларды басқа қолдау құралдарымен алмастыру жоспарлануда. Атап айтқанда, ет комбинаттары мен бордақылау алаңдарына мал өткізуді субсидиялау нормативтерін өзгерту және саланы жеңілдетілген қаржыландырумен қамту мәселелері қарастырылып жатыр. Етті мал шаруашылығы, аграрлық сектордың басқа да салалары сияқты, қолжетімді айналым қаражатына мұқтаж. Сондықтан биыл министрлік 15 ай мерзімге 5% жеңілдетілген несие беру бағдарламасын іске қосуды жоспарлап отыр. Бұдан бөлек, инвестициялық мақсаттағы несиелерді де жеңілдетілген мөлшерлеме бойынша қаржыландыру мүмкіндігі талқылануда. Тағы бір маңызды мәселе – фискалдық шаралар.«Қазіргі уақытта белсенді талқыланып жатқан ҚҚС (Қосылған құн салығы) мәселесінен бөлек, фискалдық құралдардың ауыл шаруашылығы өнімдері нарығының “көлеңкеден шығуына” ықпал ететінін ескеру қажет. Әсіресе, дайындау кәсіпорындары үшін салықтық ынталандырулар артықшылыққа айналып, жүн, тері, жеміс-көкөніс өнімдерін жинау мен өңдеуге серпін бере алады», – деп түсіндірді «MB4» ЖШС директоры Азамат Шалмағамбетов. Министр салықтық өзгерістерді мемлекеттік органдар мен бизнес өкілдерімен жан-жақты талқылау қажеттігін атап өтті. Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы өнімдерін саудалауды “көлеңкеден шығару” шараларын ынталандыру – басым бағыттардың бірі екенін жеткізді.Талқылаудың маңызды тақырыптарының бірі – ет, әсіресе сиыр еті бағасының өсуі болды.«Бұған дейін енгізілген әкімшілік тыйымдар мен шектеулер салаға кері әсерін тигізді. Тыйымдар мен квоталау салдарынан мал шаруашылығының рентабельділігі төмендеп, кей фермерлер мал өсіруді тоқтатуда», – деді «Ангус Қазақстан» республикалық палатасының директоры Дәурен Салықов. «Ет бағасының өсуі ең алдымен алыпсатарлардың белсенділігімен байланысты. Олар түрлі жолдармен малды сыртқа шығарып отыр. Біз әкімшілік тыйымдардың саланың дамуына кедергі келтіретінін түсінеміз. Бірақ ІҚМ (ірі қара мал) нарығын ашу үшін ішкі нарықтың тұрақтылығын қамтамасыз ету маңызды. Шешу жолдарын бірге талқылаймыз, сіздердің ұсыныстарыңыз қарастырылады», – деді А. Сапаров. Кездесу қорытындысы бойынша ҚР АШМ жанынан құрылған етті мал шаруашылығын дамыту жөніндегі жұмыс тобы аясында бизнес өкілдерімен кеңейтілген талқылаулар өткізіледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/936933
МИ ҚАН АЙНАЛЫМЫНЫҢ БҰЗЫЛУ ҚАУПІН БОЛДЫРМАУ ҮШІН ЖАҢА СКРИНИНГ 15.02.2025
Скринингтік зерттеп-қараудың ауқымды бағдарламасының шеңберінде Қазақстанда 2024 жылы 3,2 миллионнан астам азамат зерттеліп-қаралды.Нәтижелер аурудың 120 мыңнан астам жағдайы ерте кезеңде анықталғанын көрсетті, бұл ерте диагностикалау жүйесін жақсарту бойынша ағымдағы шаралардың тиімділігін растайды.Скринингтің барысында мыналар анықталды:Артериялық гипертензияның 118 497 жағдайы - егер уақтылы анықталмаса және бақыланбаса, инсульт пен инфарктқа әкелуі мүмкін ең көп таралған аурулардың бірі.•Қант диабетінің 24 901 диагнозы — бұл соңғы жылдары елдегі өзекті мәселеге айналып келе жатқан ауру.* Глаукоманың 6265 жағдайы - емделмеген жағдайда соқырлыққа әкелуі мүмкін аурулар.Скринингтік жүйеде не өзгерді?Кейбір ескірген және ақпаратсыз зертханалық-аспаптық әдістер дәлелденген дәлдікпен заманауи және жоғары тиімді әдістерге ауыстырылды.- қант диабетін диагностикалау үшін гликатталған гемоглобин (HbA1c), (бұрын қандағы глюкозаны анықтау жүргізілген) ;- бүйрек ауруларын ерте анықтауға арналған шумақтық сүзілу жылдамдығы;- жүрек-қан тамырлары ауруларының даму қаупін бағалау үшін қан сарысуындағы төмен тығыздықтағы липопротеидтер.- жатыр мойны обырын ерте анықтауға арналған сұйық ПАП тесті.Бұл тәсілдер:- асқынулардың санын азайту, мүгедектікке немесе өлімге әкелуі мүмкін асқынулардың алдын алу;- скринингті қол жетімді ету (нысаналы топтарды кеңейту).Сонымен қатар, 2025 жылдан бастап 50-70 жастан асқан ер адамдар үшін 2 жылда 1 рет ми қан айналымы бұзылыстарының даму қаупін (УДДГ БЦА) ертерек анықтауға арналған скрининг енгізіледі.15-17 жас аралығындағы қыздар үшін жұлын-бұлшықет атрофиясын тасымалдауға молекулалық-генетикалық тестілеу енгізіледі.Қазақстанда мынадай ең көп таралған 8 ауруды ерте анықтауға скринингтік зерттеулер жүргізілуде:✅артериялық гипертензия (2 жылда 1 рет)✅жүректің ишемиялық ауруы (2 жылда 1 рет)✅қант диабеті (2 жылда 1 рет)✅глаукома (2 жылда 1 рет)жатыр мойны обыры (4 жылда 1 рет)✅сүт безінің обыры (2 жылда 1 рет)✅колоректалдық обыр (2 жылда 1 рет)✅вирустық гепатит (3-6 айда 1 реттен артық емес).Денсаулық сақтау министрлігі барлық азаматтарды өз денсаулығына қамқорлық жасауға және үнемі тегін скринингтерден өтуге шақырады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm/press/news/details/936851
Аймақ басшысы су шаруашылығының жағдайын пысықтады 15.02.2025
Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев су шаруашылығының жағдайын және су тасқынының алдын алу жұмыстарын тексерді.Мемлекет басшысының Жолдауында ирригация жүйелері, жалпы су шаруашылығы мәселесімен мұқият айналысу, көктемгі қарқын суды жинап, оны диқандардың қажетіне жарату мақсатында гидрология бекеттерін жөндеп, жаңғырту тапсырылғаны белгілі. Бұл бағытта облыста бірқатар жұмыс атқарылды.Атап айтқанда, Үкімет қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасының су саласын дамытудың 2024 - 2028 жылдарға арналған кешенді жоспарына» Қызылорда облысын суармалы сумен қамтамасыз етуге бағытталған 112 жоба енгізілді.Олар аймақтың әлеуметтік- экономикалық жағдайының жақсаруына оң әсерін тигізеді.Кешенді жоспарға енгізілген жобалар ішіндегі «Қараөзек» су қоймасын салуды Ислам Даму банкі есебінен қаржыландыру үшін Су ресурстары және ирригация министрлігімен бірлескен жұмыс жүргізілуде. Бұл 31 мың гектар суармалы, 120 мың гектар шабындық пен жайылымдық жерді және вегетациялық кезеңде Арал теңізін суландыруға мүмкіндік береді.«Келінтөбе» магистралды каналына су беретін канал» жобасын жүзеге асыруға 2024 жылға республикалық және облыстық бюджеттен қаржы бөлініп, 6,1 шақырым айналма канал қазылды. Сағасына гидротехникалық құрылыс салу қажеттілігі туындауына байланысты жоба-сметалық құжаты әзірленіп, мемлекеттік сараптамадан өткізу үшін өтінім ұсынылды.Жоба іске асқанда, Жаңақорған ауданының 30 мың гектар егістік жерін вегетациялық кезеңде суландыруға мүмкіндік береді.Су үнемдейтін технологияны енгізуді 2028 жылға дейін 24,2 мың гектарға жеткізу (2024 ж. - 4,4 мың гектар, 2025 ж. - 9,2 мың гектар, 2026 ж. -14,2 мың гектар, 2027 ж. - 19,2 мың гектар, 2028 ж. - 24,2 мың гектар) көзделген.Өткен жылы су үнемдеу технологияларын пайдалану көлемі 4,4 мың гектарға жеткізіліп, 2023 жылмен салыстырғанда 3,5 мың гектарға артты.Күріш шаруашылығында су үнемдеудің бірден-бір жолы - егістікті лазерлік тегістеу. Өткен жылы күріш егістігінің 55 мың гектарына лазерлік тегістеу жүргізілсе, алдағы 5 жылда 72 мың гектарға жеткізу жоспарлануда.Сонымен қатар, өткен жылы «Арна» мекемесінің теңгеріміндегі 107 су нысанына, 1 қорғаныс бөгеті және 69 канал бойындағы гидротехникалық құрылыстарға ағымдағы ұстап тұру жұмыстары жүргізілді.Биыл 5 каналды тазалау жоспарлануда.Сол сияқты, «Көлтоған» су қоймасының апаттық жағдайының уақытша алдын алу және «Ақүйік» ауылдық округі тұрғындарын аяқ сумен қамтамасыз ету үшін «Арна» мекемесі арқылы су беретін каналды тазалау, дамбысын көтеру, су тоспаларын жөндеу, қойманың бөгетін уақытша қалпына келтіру жұмыстары атқарылды.Аймақ басшысы су үнемдеу технологияларын кеңінен қолдану, су тасқынының алдын алу мәселесі күн тәртібінен түспеуі керек екенін ескертті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/935489
Көктемгі егіс жұмыстарына дайындық мәселесі қаралды 15.02.2025
Бүгін ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен Үкімет отырысы өтті. Күн тәртібінде көктемгі егіс жұмыстарына дайындық, агроөнеркәсіп кешенін цифрландыру мәселелері қаралды. Жиынға облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев селекторлық режим арқылы қатысты.Биыл облыста 190 мың гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдары егіледі. Үкіметтің Жол картасына сәйкес күріш егісі 80 900 гектар болып бекітілді. Қосымша 5 мың гектар күрішті қашыртқы сумен, жерді лазерлік тегістеу арқылы үнемделген сумен суару көзделуде. Ауыл шаруашылығы құрылымдары тұқыммен 100 пайыз қамтамасыз етілген. Қажетті 64 600 тонна тыңайтқыштың 11 300 тоннасы отандық өнім.Шаруашылықтар есебіндегі 4046 техниканың 82,2 пайызы жөндеуден өтті. Қалғаны 1 наурызға дейін 100% дайын болады. Энергетика министрлігі 10 мың тонна дизель отынын бекітті. Бүгінде жеткізуші операторлар айқындалып, ақпан айына бөлінген дизель отынына төлем жүргізілуде. Жоспарланған егіс көлемі Мемлекетаралық су шаруашылығын үйлестіру комиссиясы отырысынан кейін қайта нақтыланбақ.Агроөнеркәсіп кешенін цифрландыруда және салаға озық технологияларды енгізуде бірқатар шара атқарылуда. Егін, мал шаруашылығы саласындағы субсидиялау процестері «ГосАгро» порталы арқылы онлайн жүргізілуде. Жер учаскелерін сату, жалға беру веб-портал арқылы электронды түрде өтеді.Саланы цифрландыру, жаңа жобаларды жүзеге асыруда шетелдік компаниялармен бірлескен жобалар іске асырылуда. «Ер-Әлі» шаруа қожалығы күріш алқаптарын суаруды цифрландыру, су шығынын азайту үшін аустралиялық «Рубикон Уотер» компаниясының автоматтандырылған су өлшеу жабдықтарын орнатты. Бұл арқылы суармалы су көлемін 20 пайызға дейін үнемдеуге, өнімділікті арттыруға қол жетті.Аталған компаниямен бірлесіп, облыс аумағындағы егіс алқаптарының 60 пайызын сумен қамтамасыз ететін «Сол жаға магистралды каналына су бөлуді және есепке алуды цифрландыру» жобасы қолға алынды. Қазіргі таңда жоба-сметалық құжаттары әзірленіп, сараптамадан өтуде. Егін шаруашылығын цифрландыру бағытында «Абзал и К» толық серіктестігі құны 1 млрд. теңге, қуаты сағатына 12 тонна цифрлық күріш өңдеу зауытын биыл іске қосады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/936495
ШҚО-да ТЖ бойынша штаб отырысы өтті 15.02.2025
Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаев төтенше жағдайлар жөніндегі жедел штабтың отырысын өткізді. Айта кетейік, 1 ақпаннан бастап өңірде жоғары дайындық режимі жарияланды. Ауа температурасының күрт көтерілуіне байланысты облыстағы су басу қаупі бар 72 аймақта бақылау күшейтілді. Өңір басшысы қала мен аудан әкімдеріне барлық қажетті ресурстарды дайындап, өзендердегі су деңгейін бақылауды тапсырды. Жауапты қызмет өкілдері ТЖ жағдайындағы іс-қимыл реті туралы егжей-тегжейлі нұсқаулар беруі керек. Қазгидромет болжамы бойынша наурызда ауа температурасы мен жауын-шашын мөлшері нормадан жоғары болады. Жағдай нашарлаған кезде су тасқынымен күресуге 2511 адам, 935 техника, 46 жүзу құралы, 242 мотопомпа жұмылдырылады. Сондай-ақ азаматтарды эвакуациялау үшін жалпы сыйымдылығы 21 мыңнан асатын 182 пункт белгіленді. Жуықта облыстағы гидротехникалық нысандардың дайындығы тағы бір мәрте тексеріледі. Оларға күнделікті мониторинг жүргізіледі. Жедел штаб жағдайды толық бақылауға алды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/936831
ШҚО-да фристайл чемпиондарын қарсы алды 15.02.2025
Өскемен тұрғындары фристайлшылар Анастасия Городко, Аяулым Әмренова, Антон Бондарев және Павел Колмаковты қарсы алды.Шығысқазақстандық спортшылар Әлем чемпионаты, Қысқы Универсиада мен Әлем кубогында ел намысын қорғап, тамаша өнер көрсетті.Анастасия Городко Қысқы Универсиаданың екі дүркін чемпионы атанды. Сондай-ақ Әлем чемпионатында ел қоржынын бір алтын және бір күміс медальмен толықтырды.- Мен өз нәтижелеріме ризамын. Әрине, қиындықтар болды. Онсыз бәсекелестік болмайды. Бәріне дайын болуы мүмкін емес, бірақ қолымнан келгеннің бәрін жасадым, - деді Анастасия Городко.Аяулым Әмренова мен Антон Бондарев Универсиаданың күміс медалін иеленіп, жоғары нәтижелерге қол жеткізді.- Шығыс Қазақстанда қысқы спорттың барлық түрімен айналысуға мүмкіндік бар. Біз өз спортшыларымызды мақтан тұтамыз. Болашақта олар талай белесті бағындырады деп сенемін, - дейді ШҚО Дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Серік Құсымбаев.ШҚО әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/936833
Қазақстанда мұнай базаларындағы өртті сөндіру бойынша республикалық оқу-жаттығулар өтуде 15.02.2025
Республикада жарылыс-өрт қауіпті объектілерде ауқымды өрт-тактикалық оқу-жаттығулар өткізілуде. Мұнай базалары мен резервуарлық парктердегі шартты өртті сөндіру кезінде жеке құрамның іс-қимылдарын пысықтауға басты назар аударылады. Алғашқы 9 күнде 20 оқу-жаттығу өткізілді. Іс-шараларға ТЖД жеке құрамынан 1200-ге жуық адам, мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтердің 95 бөлімшесі жұмылдырылды және 300-ден астам өрт техникасы тартылды. Мұнай базалары жоғары қауіпті объектілер болып табылады, онда тез жанатын және жанғыш сұйықтықтардың үлкен көлемі сақталады. Мұндай объектілерде өрт қауіпсіздігінің тиімді шараларын әзірлеу ықтимал төтенше жағдайлардың алдын алу үшін өте маңызды. «ТЖМ жоғары қауіпті объектілерде қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін мұнай базаларында оқу-жаттығуларды жиі өткізеді. Біз мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтермен бірлесіп, нақты ТЖ кезінде үйлесімді және тиімді жедел әрекет ету үшін барлық мүмкін сценарийлерді пысықтап жатырмыз. Мұндай оқу-жаттығулар мемлекеттік және жеке қауіпсіздік қызметтерінің кәсіби дайындық деңгейін арттыруға, сондай-ақ әртүрлі бөлімшелер арасындағы өзара іс-қимылды жақсартуға мүмкіндік беретінін атап өткен жөн. Біз жеке құрамның дағдыларын жетілдіріп, еліміздің қауіпті нысандарында барынша қорғауды қамтамасыз ете отырып, осы бағытта жұмыс істеуді жалғастырамыз», - деп ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитеті төрағасының орынбасары Қанат Доспаев атап өтті. Оқу-жаттығулар мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтерді тарта отырып өткізілуде және «PetroRetail» ЖШС, «Кармет» АҚ Шахтинск базасының Шахтинск ЖЖМ қоймасы, Sinooil мұнай базасы, «Мунай Company» ЖШС, «Falcon&M» ЖШС, «ЛУКОЙЛ Лубрикантс Центральная Азия» ЖШС, «Мунай Инвестмент Груп» ЖШС сияқты ірі мұнай базаларын қамтиды. Осы бағыттағы жұмыс жалғасуда, мұндай оқу-жаттығулар қауіпті объектілердегі ықтимал өрттерді жоюға дайындық деңгейін арттыруға көмектеседі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/936755
ЖОСПАР 2025: ТҰРАНДА ЖАҢА ГҮЛЗАРЛАР МЕН СКВЕРЛЕР САЛЫНАДЫ 15.02.2025
Бүгінде Тұран ауданында тұрғындар үшін қолайлы демалыс аймақтарын құру мақсатында абаттандыру жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Былтыр Желтоқсан көшесінің бойында (Аэровокзал аумағында) және “Мадлен” мейрамханасы жанында (“Шымкент” қонақ үйі) екі демалыс аймағы пайдалануға беріліп, жасыл желекпен көмкерілген гүлзарлар салынды.Бұл жұмыстар биыл да жалғасып, Арғынбеков және Бәйтереков көшелері қиылысында жалпы аумағы 0,15 гектарды құрайтын жаңа гүлзардың құрылысы қолға алынады. Гагарин көшесі бойындағы жаңа сквердің және инвестициялық жоба аясында Қабылбеков көшесі бойында заманауи гүлзардың құрылысы жоспарланған.Бұл жобалар тұрғындардың демалысын, бос уақытын тиімді өткізуге ықпал етеді.Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent/press/news/details/936706
ШЫМКЕНТ: I, II ТОПТАҒЫ МҮГЕДЕКТІГІ БАР АЗАМАТТАРҒА КӨЛІК КАРТАЛАРЫ ТЕГІН БЕРІЛУДЕ 15.02.2025
Шымкент қаласы әкімдігінің қаулысымен 14 санаттағы азаматтарға қоғамдық көліктерде тегін жүру құқығы берілді. Ол үшін бұл жолаушылар көлік карталарын алып жүру қажет. Осыған байланысты Абай, Тұран аудандары әкімдіктерінде және Avtobys жүйе кеңсесінде көлік карталары сатылуда. Карта бағасы - 550 теңге. Тегін жүретін қала тұрғындары «Avtobys» жүйесінің жаңа карталарын 5-10 минутта оңай ала алады.Сонымен қатар, жүйенің операторы әлеуметтік картаны сатып алмай, барлық жеңілдік санаттары үшін тегін виртуалды тарифке қосылу мүмкіндігін ұсынады.І және ІІ топтағы мүмкіндігі шектеулі әлеуметтік мәртебесі бар тұлғаларға көлік карталары тегін беріледі.Көлік картасын алу үшін қажетті құжаттар:- Жеке куәлік түпнұсқасы.- Шымкент қаласының жергілікті атқарушы органының мөрі басылған жәрдемақыны алғанын растайтын құжаттың көшірмесі (түпнұсқасы жеке басын куәландыру үшін ұсынылады).- 1 дана 3х4 көлеміндегі фотосурет.- Өтініш берушінің жеке деректерін жинауға және өңдеуге келісім беруі қажет.Көлік карталары төмендегі мекен-жайларда сатылады:Тұран ауданы әкімдігі, Байтұлы Баба көшесі №12а.Абай ауданы әкімдігі, Тәуке хан даңғылы №3.Avtobys жүйе кеңсесінде, Бәйдібек би даңғылы №24Б.Колл-орталық: +7 (775) 007 50 50Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent/press/news/details/936713
ҚОНАЕВ ДАҢҒЫЛЫНЫҢ ЖАЛҒАСЫ: 6- КЕЗЕҢІ АЯҚТАЛДЫ 15.02.2025
Қаланың оңтүстік бағытындағы жалғыз кірме-шығыс жолында жүктемені азайту мақсатында 16,3 шақырымдық Қонаев даңғылының жалғасы салынуда. Бұл қаламыздың жол инфрақұрылымын дамытуда іске асырылып жатқан ірі нысандардың бірі.Бүгінде қаланың күретамыры саналатын Қонаев даңғылының бір бөлігі, Оңтүстік айналма жолына дейінгі аралығында құрылыс жұмыстары аяқталып, көше жарықшамдары толық іске қосылды. Жобаға сәйкес 6 -кезеңнің ұзындығы 2 шақырым, 6 қозғалыс жолағы бар.Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent/press/news/details/936724
ЖОСПАР 2025: ҚАРАТАУДА 27 ОЙЫН АЛАҢШАСЫ САЛЫНАДЫ 15.02.2025
Мегаполистің даму жоспарына сәйкес аудан аумағында тұрғындарға қолайлы орта қалыптастыруда ауқымды жұмыстар атқарылуда. Аудандағы жалпы саны 626 көп қабатты үй 210 аулаға біріктірілген. Өткен жылы аулаларға 21 ойын алаңшасы салынса, биыл осындай 27 нысанды қолданысқа беру жоспарлануда. Жаңа ойын алаңшалары Сайрам, Нұртас,Тассай, Қызылсу, Тұран, Бозарық, Нұрсәт, Мирас, Шапағат елді мекендерінде бой көтереді.Нұрсәт, Шапағат, Нұртас шағынаудандарында биыл үш ашық спорт алаңшасы салынады. Жергілікті халықтың өтініші бойынша Нұртас,Тассай, Таскен, Сайрам, Шапырашты, Өтеміс, Мәртөбе,Мирас, Шапағат, Қайтпас елді мекендерінде 16 орынға ирригациялық жүйелер жүргізіледі.Қала көркін арттыратын нысандардың бірі - гүлзарлар. Былтыр ауданда 7 гүлзар салынған, биыл 11 нысанның құрылысын бастау жоспарлануда. Өткен жылдың басты жетістігі ауданда 320 көшенің жарықтандырылуы болса, биыл 351 көшеге жарық жүйелері жүргізіледі. Онымен қоса осы жылы Тұран,Мирас, Шапағат, Нұртас, Мәртөбе, Алтын Орда және Сайрам елді мекендерінде жалпы саны 138 көшеге асфальт төселеді.Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent/press/news/details/936730