Enbekshi QazaQ

Қуқық

Қазақстан халықаралық ғылыми RADIANCE жобасына қосылды 14.02.2025
Қазақстан халықаралық ғылыми RADIANCE жобасына қосылдыҚазақстандағы Еуропалық Одақтың негіздемелік бағдарламаларының Ұлттық үйлестіру орталығы – «Ғылым қоры» қоры MSCA-NET RADIANCE консорциумының мүшесі атанды.RADIANCE жобасы Maria Skłodowska-Curie (MSCA) гранттық бағдарламасының ұлттық үйлестірушілерінің жұмыс сапасы мен тиімділігін арттыруға, сондай-ақ Horizon Europe бағдарламасына кірмейтін мемлекеттермен өзара әрекетті жақсартуға бағытталған.Жобаның мақсаты – ұлттық үйлестірушілердің біліктілігі мен ақпараттандырылу деңгейін көтеру, бұл өз кезегінде зерттеушілер мен ғалымдардың өтінім сапасын жақсартуға тікелей ықпал етеді.MSCA-NET RADIANCE консорциумы Швейцария, Германия, Франция, Италия, Испания және Исландия сынды елдердің үкімет деңгейінде жұмыс істейтін 26 жетекші ұйымын біріктіреді.Қазақстан бұл жобаға қосыла отырып, Орталық Азия мен ЕО құрамына кірмейтін мемлекеттердің мүдделерін таныстырады. Бұл аймақтың ғылыми бастамаларын ілгерілету үшін бірегей мүмкіндік береді.Жобаға қатысу қазақстандық зерттеушілерге жаңа көкжиектер ашады. Maria Skłodowska-Curie бағдарламасы кең гранттық мүмкіндіктер ұсынып, RADIANCE арқылы жергілікті ғалымдарға өтінім сапасын арттыруға қажетті ресурстарға қол жеткізуге мүмкіндік береді. Бұл олардың Horizon Europe байқауларына қатысуын кеңейтеді.Болашақта бұл бастама елдің ғылыми-зерттеу әлеуетін нығайтып, қазақстандық ғылымның бәсекеге қабілеттілігін арттыруға және елдің жаһандық ғылыми кеңістікке интеграциялануына маңызды қадам болмақ.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sci/press/news/details/932883
Шетелдік жас ғалым «жасыл» химия саласы бойынша Сәтбаев университетінде зерттеу жүргізуде 14.02.2025
Шетелдік жас ғалым «жасыл» химия саласы бойынша Сәтбаев университетінде зерттеу жүргізудеСәтбаев университеті О.А.Байқоңыров атындағы тау-кен металлургия институтының химиялық процестер және өнеркәсіптік экология кафедрасының постдокторанты Фейсал Усманбхай Холия – басым бағыты қалдықтарды азайту мен қоршаған ортаны қорғауға негізделген, сәйкесінше тұрақты даму мақсаттарына сәйкес келетін «жасыл» химия саласы бойынша зерттеуін сәтті жалғастыруда.Фейсал Усманбхай Холия – Үндістанның Гуджарат штатындағы Бхавнагар қаласынан шыққан болашағы зор жас ғалым. Ол CHARUSAT университетінде полимер химиясы бойынша материалтану саласында докторлық дәрежеге ие болған. Оның ғылыми бағыты полисахаридтерді (агароза және хитозан) модификациялау арқылы биомедицина, экология саласына қажетті жаңа материалдар әзірлеуге арналған.Қазіргі таңда Фейсал Сәтбаев университетінде қант қызылшасы қалдығынан пектин және наноцеллюлоза алу үрдісін оңтайландыру бағытында зерттеу жүргізуде. Пектин мен наноцеллюлоза – тағам, фармацевтика және заманауи медицинасының терапия салаларында қолдану әлеуеті зор.«Сәтбаев университетінің тұрақты даму мақсатына сай келетін инновация салаларын ілгерілетуге негізделген озық зерттеулерге ұмтылысы мені ерекше қызықтырды. Мен сондай-ақ ғылым саласында еңбектеніп, адамзаттың өмірін жақсартуға маңызды үлес қосу мақсатыма сай келетін университеттің пәнаралық байланыс ұстанымынан да шабыттанамын» – деп, Фейсал Холия ағынан жарылды.Фейсалдың зерттеуіне қауымдастырылған профессор Сана Қанатбекқызы Қабдрахманова жетекшілік етеді. Ол Фейсалдың күрделі ғылыми мәселелерді шығармашылық тұрғыдан шешу машығын жоғары бағалап отыр.Ғалымның еңбектері Q1 санатына жататын Carbohydrate Polymers және Polymer International сияқты беделді басылымдарда 10 ғылыми мақала, Elsevier және Nova Publishers баспаларында екі кітап тарауы, сонымен қатар патент ретінде жарияланған.Сәтбаев университетінің мақсаты – ғылыми жаңалықтарды қолдауды және пәнаралық зерттеулерді қоғам игілігі үшін жүзеге асыру.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sci/press/news/details/933031
Ғылым және жоғары білім министрі AstraZeneca өкілдерімен кездесті 14.02.2025
Ғылым және жоғары білім министрі AstraZeneca өкілдерімен кездестіБүгін ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек AstraZeneca компаниясының Қазақстандағы өкілдері Мария Шипулева, Арсен Насырханов және Жалғас Данияровпен кездесу өткізді.Кездесу барысында министрлік пен AstraZeneca арасындағы ынтымақтастықтың болашақ бағыттары талқыланды, оның мақсаты – Қазақстандағы жоғары білім және ғылымның инновациялық жүйесін дамыту.Министр Саясат Нұрбек министрлік жоғары білім мен ғылым жүйесін реформалауда белсенді және жоспарлы жұмыс жүргізіп жатқанын атап өтті, бұл жұмыстың мақсаты – елдің ғылыми әлеуетін нығайту.«Реформалардың негізгі бағыттарының бірі Орталық Азиядағы ғылыми-зерттеу академиялық хабын құру болып табылады, ол жас ғалымдарды тартатын орталыққа айналып, еліміздің кадрлық әлеуетінің дамуына ықпал етеді. Біздің міндетіміз – ғылым мен өндіріс арасында тұрақты байланыс орнату, бұл жоғары білікті ғылыми кадрларды тікелей Қазақстанда даярлауға мүмкіндік береді. Министрлік әлемдік жетекші институттармен белсенді қарым-қатынаста жұмыс істеп, халықаралық стандарттарды еліміздің білім беру және ғылыми жүйесіне енгізіп, сондай-ақ жасанды интеллект пен өнеркәсіп үшін инновациялық шешімдерді дамытуда», – деді Саясат Нұрбек.Өз кезегінде AstraZeneca компаниясының Қазақстандағы директоры Мария Шипулева компанияның еліміздегі денсаулық сақтау және ғылым салаларын дамытуға қосқан көпжылдық үлесі туралы айтты.«AstraZeneca – 100 жылдан астам тарихы бар халықаралық биофармацевтикалық компания. Біз инновацияларға едәуір ресурстар саламыз, қатерлі ісіктерді, жүрек-қан тамырлары ауруларын, аутоиммунды, респираторлы және сирек кездесетін ауруларды емдеуге арналған жаңа дәрі-дәрмектерді әзірлейміз. Біз Қазақстан Үкіметінің инновациялар саласындағы бастамаларын қолдауға және озық медицинаға қолжетімділікті қамтамасыз етуге, локализацияға, өндіріс пен адам ресурстарын дамытуға белсенді инвестиция салудамыз, сондай-ақ озық диагностика мен емдеу әдістерін енгізудеміз», – деп атап өтті Мария Шипулева.Кездесу барысында тараптар академиялық ғылыми хабтарды дамыту, жасанды интеллект саласындағы жобаларды жүзеге асыру, сондай-ақ Қазақстандағы университеттер мен шетелдік жоғары оқу орындарының филиалдарымен, оның ішінде Nazarbayev University мен Кардифф университетімен ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылады.Кездесу соңында қатысушылар ҚазақстанРеспубликасының Ғылым және жоғары білім министрлігі мен AstraZeneca арасындағы ынтымақтастық елдің денсаулық сақтау жүйесі мен ғылыми әлеуетін дамыту үшін жаңа мүмкіндіктер ашатынын атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sci/press/news/details/933052
АХМЕТ ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҒАЛЫМДАРЫ КҮН ЭЛЕКТР СТАНЦИЯСЫН ІСКЕ ҚОСТЫ 14.02.2025
АХМЕТ ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҒАЛЫМДАРЫ КҮН ЭЛЕКТР СТАНЦИЯСЫН ІСКЕ ҚОСТЫАхмет Ясауи университетінің ғалымдары оқу орны кампусында жасыл энергетиканы дамыту және тұрақты даму мақсатында жалпы қуаты 30 кВт болатын күн электр станциясын іске қосты. Бұл станция «Күн энергетикасы саласында STEM жобаларды іске асыру негізінде студенттердің зерттеушілік және инженерлік іс-әрекеттерін дамыту» атты гранттық жоба шеңберінде құрылды. Жоба студенттердің оқу-тәжірибелік жұмыстарына да орасан пайда әкеледі деп күтілуде.Күн электр станциясы инженерлік-техникалық бағыттағы болашақ мамандарды даярлау үдерісіне елеулі үлес қоспақ. Білім алушылар күн панельдерінің өнімділігін өлшеу, инсоляция бұрышының әсерін зерттеу, жылу мен шаңданудың ықпалын талдау сияқты оқу-зерттеу жұмыстарын жүргізеді. Сонымен қатар студенттерге панельдердің орналасуын оңтайландыру, тиімді түрлендіргіштерді пайдалану, аккумуляция жүйелерін интеграциялау, күн энергетикасын физика, инженерия және экология сабақтарына енгізу арқылы жобалық және зертханалық жұмыстарды ұйымдастыру мүмкіндігі беріледі. Бұған қоса, экономикалық және экологиялық талдау жүргізу мен цифрлық басқару жүйелерінде жұмыс істеуге дағдыланады.Жас зерттеушілер күн электр станциясының жұмысын бақылау және басқару үшін SolarMan SMART платформасын қолдана алады. Бұл жүйе инвертордың жұмыс көрсеткіштерін онлайн режимде қадағалауға, деректерді талдауға, ақауларды анықтауға және қашықтан басқаруға мүмкіндік береді. SolarMan SMART сервері арқылы нақты уақыттағы өнімділік, өндірілген және тұтынылған энергия көлемі, жүйенің тиімділігі туралы толық ақпарат алуға болады.Күн электр станциясының басты артықшылықтарының бірі – кампустың энергетикалық тәуелсіздігін арттыру және экологиялық таза энергия көздерін қолдану. Мұндай жобалар студенттердің зерттеу дағдыларын дамытуға, теориялық білімді нақты практикалық қолданумен байланыстыруға және жаңартылатын энергия көздерінің маңыздылығын түсінуге ықпал етеді.Ахмет Ясауи университетінің ғалымдары бұл жоба еліміздегі жоғары оқу орындарында жасыл энергетика мен тұрақты даму қағидаттарын енгізудің жарқын үлгісі болады деп сенеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sci/press/news/details/933065
Ғылым және жоғары білім министрлігі 2025 жылға арналған жоспарларын таныстырды: AI-Sana, жас ғалымдарды қолдау және студенттерді жатақханамен қамтамасыз ету 14.02.2025
Ғылым және жоғары білім министрлігі 2025 жылға арналған жоспарларын таныстырды: AI-Sana, жас ғалымдарды қолдау және студенттерді жатақханамен қамтамасыз етуБүгін, 7 ақпанда, Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің кеңейтілген алқа отырысы өтті. Бұл шараға ҚР Парламенті Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары, университет ректорлары, ҒЗИ басшылары мен министрлікке қарасты ұйымдардың жетекшілері және сарапшылар жиналды. Күн тәртібінде кадрлар даярлау, инновациялар, технологиялар және өнеркәсіппен ынтымақтастық мәселелері қарастырылды.Министр Саясат Нұрбек өз баяндамасында 2024 жылғы жетістіктерді, министрліктің негізгі бағыттарын және 2025 жылға арналған мақсаттар мен міндеттерді толығырақ баяндап, бұл мәселелер бойынша жұмыс жүргізіліп жатқанын атап өтті.Министрдің айтуынша, барлық азаматтар үшін қолжетімді жоғары білім беру — министрліктің басты міндеттерінің бірі. Осы мақсатта 2024-2025 оқу жылына 94 251 грант бөлінді, сондай-ақ бакалавриат студенттеріне стипендия 20%-ға, магистранттар мен докторанттарға 15%-ға артты.2024 жылы алғаш рет сараланған гранттар енгізілді. Жаңа модель бойынша мемлекет оқу ақысының 50%-ын өтейді, ал студенттер толық стипендия алады.«Бұл қадам студенттердің қаржылық жүктемесін жеңілдету және олардың оқу жағдайларын жақсарту мақсатында жасалды», — деді министр.Өткен жылы маңызды мәселенің бірі ретінде «Келешек» бірыңғай ерікті жинақтау жүйесін енгізу туралы заң жобасы қабылданды. «Келешек» жүйесі ата-аналарға балаларын болашақта оқыту үшін қаржы жинақтауға мүмкіндік береді және мемлекет тарапынан біржолғы білім капиталы қарастырылған.Министрлік сондай-ақ Қазақстанды Орталық Азияның жетекші білім беру хабы ету мақсатында халықаралық серіктестермен ынтымақтастықты кеңейтіп, шетелдік студенттер үшін жағдайды жақсартуды көздеп отыр. Қазіргі таңда Қазақстанда 12 елдің 34 жоғары оқу орнымен стратегиялық серіктестіктер орнатылған. Сондай-ақ елімізде Ұлыбритания, Италия, Қытай, Ресей, АҚШ, Франция және Оңтүстік Кореяның 23 жетекші университетінің филиалдары ашылды.«Қазақстанды Орталық Азиядағы білім беру және ғылыми алмасудың орталығына айналдыруды мақсат етіп отырмыз, әлемнің түкпір-түкпірінен ең үздік серіктестерді тарта отырып, шетелдік университеттердің филиалдарын ашу және шетелдік студенттердің біздің білімімізге деген қызығушылығы таңдалған бағыттың дұрыстығын көрсетеді», — деп атап өтті Саясат Нұрбек.Қазақстанда қазіргі таңда 31 500 шетелдік студент білім алуда, олардың қатарында Азиядан келген студенттердің саны ТМД елдерінен келгендерден артты.Шетелдік университеттер Қазақстанда өз филиалдарын ашу арқылы ел экономикасына инвестициялар тартуға да ықпал етіп жатыр. Мысалы, De Montfort University 16 миллион АҚШ долларын, ал Coventry University 50 миллион АҚШ долларын инвестициялады. Сондай-ақ Лу Бань шеберханаларына 8 миллион юань бөлінді. Бұл инвестициялар білім беру инфрақұрылымын дамытуға, жаңа жұмыс орындарын ашуға және еліміздің экономикасына қосымша мүмкіндіктер жасауға септігін тигізуде.Білім беру процесіне инновациялық технологияларды енгізу аясында министрлік әлемдегі технологиялар саласындағы көшбасшылармен, мысалы, Coursera, Google, Nvidia, Huawei Technologies Kazakhstan, 01 Edu System және Binance Kazakhstan компанияларымен стратегиялық серіктестіктер орнатты. Бұл келісімдер студенттер мен оқытушыларға ең жаңа білім беру платформалары мен курстарға қолжетімділік берді.«Мұндай әлемдік алпауыттармен серіктестік оқытушылар мен студенттердің біліктілігін арттыруға және білім беру процесіне инновациялық технологияларды енгізуге жаңа мүмкіндіктер ашады», — деп атап өтті министр.Сонымен қатар алқа отырысында министр отандық ғылым мен технологиялық саясат реформалары аясындағы негізгі жетістіктерге тоқталды.Министр: «Президентіміз ғылымды дамытуға ерекше назар аударуда. Мемлекет тарапынан ғалымдарға, соның ішінде жас ғалымдарға жан-жақты қолдау көрсетілуде. 2024 жылы Мемлекет басшысының тапсырмасымен 315 жас ғалымға пәтер берілді. Олардың 290-ы «Отбасы банк» АҚ-мен бірлесіп жүзеге асырылған арнайы несие бағдарламасы бойынша пәтер алды, ал 25-і тегін негізде пәтерге ие болды», — деп атап өтті.Жиында сондай-ақ Ғылым және жоғары білім вице-министрі Талғат Ешенқұлов сөз сөйлеп, Қазақстанда халықаралық стандарттар мен практикалық тәжірибеге негізделген инженерлік кадрларды даярлау ұлттық моделін дамыту жұмыстары жалғасып жатқанын айтты. Бұл модельдің басты аспектілерінің бірі – жұмыс берушілермен белсенді ынтымақтастық. Мәселен, Satbayev University 39 кафедра филиалын өнеркәсіптік кәсіпорындарда, соның ішінде ТОО «Астанинский электротехнический завод» базасында ашты. Сонымен қатар, еліміздің 30 университеті шамамен 100 колледжбен серіктестік орнатып, өзара білім беру бағдарламаларын жүзеге асыруда.Ғылым және жоғары білім вице-министрі Динара Щеглова 2024 жылы жоғары білімнің цифрлық трансформациясы аясында үлкен қадам жасалғанын атап өтті. Олардың бірі өткен жылы Мемлекет басшысына таныстырылған AI-Sana бағдарламасы болды.«Бұл бірегей бағдарлама 100 мың қатысушыны қамтиды және білім беру, зерттеу және қолданбалы тәсілдерді біріктіреді. Бағдарлама Stanford University, Imperial College London сияқты жетекші университеттердің әлемдік деңгейдегі сарапшыларының қатысуымен әзірленді. Біз оның жаңа технологиялар дәуіріне мамандар даярлау үшін берік негіз жасайтынына сенімдіміз», - деді Динара Щеглова.Сондай-ақ еліміздің жоғары оқу орындары үшін жасанды интеллект стандарты қабылданды. Нәтижесінде 20 жетекші университет 20 білім беру бағдарламасын әзірледі, бұл жасанды интеллекет саласындағы жаңа мамандарды даярлау үшін негіз болды.Жиын соңында министр Саясат Нұрбек Ғылым және жоғары білім министрлігі білім сапасын жақсарту, ғылымды қолдау және инновациялық технологияларды енгізу бойынша белсенді жұмысты жалғастыратынын, бұл Қазақстанның халықаралық аренадағы ұстанымын нығайтуға және бәсекеге қабілетті білім беру жүйесін құруға мүмкіндік беретінін атап өтті.«Біз мемлекеттің, университеттердің, ғылыми ұйымдардың және халықаралық серіктестердің күш-жігерін біріктіру еліміздің табысты болашағының кілті болатынына сенімдіміз», - деп Министр алқа отырысын қорытындылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sci/press/news/details/934120
ПРЕЗИДЕНТ ТАПСЫРМАСЫМЕН 17 ЖАС ҒАЛЫМҒА ПӘТЕР СЕРТИФИКАТТАРЫ ТАБЫСТАЛДЫ 14.02.2025
ПРЕЗИДЕНТ ТАПСЫРМАСЫМЕН 17 ЖАС ҒАЛЫМҒА ПӘТЕР СЕРТИФИКАТТАРЫ ТАБЫСТАЛДЫ7 ақпанда ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек 17 жас ғалымға пәтер сертификаттарын салтанатты түрде табыстады.Президенттің 2024 жылғы 31 мамырда «Ғылым ордасында» жас ғалымдармен кездесуінде берген тапсырмасын орындау мақсатында ғалымдардың әлеуметтік мәртебесін көтеру және қолдау көрсету, сондай-ақ ғылымға жас кадрлардың келуін ынталандыру үшін Комиссия Алматы қаласында баспана беру үшін мемлекеттік органдарға ведомстволық бағынысты ғылыми ұйымдардың, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының жас ғалымдарының кезекті тізімін айқындады.ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі 2024 жылғы мамыр айынан бастап баспанаға мұқтаж жас ғалымдардың (40 жасқа дейін қоса алғанда) тізімін қалыптастыру бойынша жұмыс жүргізуде. Алматы қаласында орналасқан мемлекеттік органдарға ведомстволық бағынысты ғылыми ұйымдар мен жоғары оқу орындарынан 300-ге жуық өтінім келіп түсті.ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі бұл жұмысты кезең-кезеңімен жүргізуде. Жас ғалымдар санының артуы ғылымның дамуына, ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыруға, сондай-ақ жаңа экономикалық кластерлер құруға оң әсер етеді.Айта кетейік, Мемлекет басшысының тапсырмасымен өткен жылы 25 жас ғалым тұрғын үй сертификаттарын алды. Сонымен қатар 2023 жылғы 19 қазанда ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі мен «Отбасы банк» АҚ арасында жас ғалымдарға 2023-2027 жылдарға арналған жеңілдетілген кредит беру бағдарламасы бойынша ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды. Қазіргі уақытта аталған бағдарлама бойынша 290 жас ғалым жеңілдікпен баспана алды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sci/press/news/details/934199
Академик Кәрімбек Құрманәлиев Мемлекет басшысының «Алғысхаты» мен «Алтын барыс» төсбелгісімен марапатталды 14.02.2025
Академик Кәрімбек Құрманәлиев Мемлекет басшысының «Алғысхаты» мен «Алтын барыс» төсбелгісімен марапатталдыҒылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек министрліктің алқа отырысында академик Кәрімбек Құрманәлиевке Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Алғысхаты» мен «Алтын барыс» төсбелгісін тапсырды.Кәрімбек Арыстанбекұлы Құрманәлиев – Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі, филология ғылымдарының докторы, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Ұлттық құрылтайдың мүшесі.Абылай хан атындағы Халықаралық қатынастар университеті, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті мен Қайнар университеті сияқты еліміздің жетекші жоғары оқу орындарында кафедра меңгерушісі, декан, проректор және ректор қызметтерін атқарған. Ғалым 200-ге жуық ғылыми мақала жариялаған. Жоғары оқу орындарына арналған 4 оқулықтың, 6 монография мен 15 оқу, оқу-әдістемелік құралдардың авторы.Қазіргі кезде Қазақстан Ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясының вице-президенті ретінде «Ғылым және жаңа технологиялық саясат туралы» Заңның нормаларын іске асыруда.Ерен еңбегі мемлекет тарапынан бағаланып, «Парасат», «Құрмет» ордендерімен және бірнеше мемлекеттік медальдармен, сондай-ақ министрліктің «Ғылымды дамытуға қосқан үлесі үшін» және «Қазақстан Республикасының Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгілерімен марапатталған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sci/press/news/details/934243
Спорттық және жауынгерлік самбо федерациясына жаңа Бас хатшы сайланды 14.02.2025
Астанада Спорттық және жауынгерлік самбо федерациясының президенті генерал-полковник Руслан Жақсылықовтың төрағалығымен құрылтай кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті.Жиында Қазақстан самбо федерациясының бас хатшысы болып Дияс Үкімет бірауыздан сайланды. Оның кандидатурасын талқылауға Спорттық және жауынгерлік самбо федерациясының мүшелері және осы спорт түрінің аймақтық бірлестіктерінің өкілдері қатысты. Дияс Үкімет - қазақ күресі мен белбеу күресінен спорт шебері, дзюдо мен самбодан спорт шеберіне кандидат. Ол әр жылдары спорт мектептерін басқарған. Бұған дейін ҚР Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің бас сарапшысы болып қызмет еткен.Федерация президенті Руслан Жақсылықов жаңа Бас хатшыға ұйым қызметінде және спортшыларды кәсіби даярлауда стратегиялық тәсілді қамтамасыз етуді тапсырды. Сонымен қатар халықаралық ынтымақтастықты жандандырудың қажеттілігіне де ерекше назар аударды.  Руслан Жақсылықов Бас хатшы лауазымындағы жұмысы үшін Ерназар Бексұлтановқа алғысын білдіріп, оған жаңа қызмет орнында табыс тіледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/932036
Роботтар мен дрондар: Қорғаныс министрі Astana IT University студенттерінің әзірлемелерін жоғары бағалады 14.02.2025
Әскери кафедралардың дайындық бағдарламасын реформалау аясында Қорғаныс министрі генерал-полковник Руслан Жақсылықов еліміздің жетекші техникалық жоғары оқу орындарының бірі Astana IT University-не барды.Әскери-оқытылған резервті оқытудағы жаңа тәсілдермен және мүмкіндіктермен танысқан Қорғаныс ведомствосының басшысы студенттердің жабдықталуы мен дайындық сапасына назар аударды.– Әскери кафедраны әскери билет алатын орын ретінде ғана қабылдауға болмайды. Біз бұл түсінікті түбегейлі өзгертіп, кафедралардың базасында дайындық орталықтарын құруымыз қажет. Онда болашақ сержанттар мен запастағы офицерлер Қарулы күштерге қажетті нақты білім алып шығуы тиіс, – деп атап өтті Қорғаныс министрі генерал-полковник Руслан Жақсылықов.Ол сондай-ақ әскери кафедралардың реформасы қауіп-қатердің жаңа түрлеріне дайындалу қажеттілігінен, сондай-ақ сенімді және кәсіби дайындалған резервті қамтамасыз етуден туындағанын атап өтті.Сонымен бірге Қорғаныс министріне робототехника және ұшқышсыз ұшу аппараттары саласындағы студенттердің техникалық әзірлемелері көрсетілді.Astana IT University орталығының балансында 13 ұшқышсыз ұшу аппараты бар UAV тұсаукесері өтті. Министр жастардың тренажерларда пилоттық және FPV-дронрейсингті қамтитын жаңа, заманауи киберспорт түрлеріне көптеп тартылғанын, сондай-ақ олардың өз дрондарын жасау мен бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу бойынша ғылыми жобаларға қатысқанын атап өтті.Ол сондай-ақ университетте жүргізілген желілік қорғаныс, деректерді қауіпсіз беру және геокеңістіктік ақпаратты талдау саласындағы кешенді зерттеулер әскерилер үшін қызығушылық тудыратынын атап өтті. Сапар соңында Қорғаныс министрі бірқатар міндеттер қойды. Оның ішінде Қазақстан армиясы үшін кіші мамандар даярлау бойынша да нақты тапсырмалар бар. Ол оқу бағдарламаларын түзетуді және оларды Қарулы күштердің талаптары бойынша дайындауды тапсырды.Қазіргі уақытта Astana IT University әскери кафедрасының базасында киберқауіпсіздік, геоақпараттық жүйелер, топографиялық жұмыстар, әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерін басқаруды автоматтандыруды ұйымдастыру және тағы басқа мамандықтар бойынша запастағы офицерлер мен сержанттар бағдарламасы бойынша 524 студент даярланып жатыр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/932732
ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙЛЫҚ ШАРУАЛАР ҚЫСТА ҚЫРЫҚҚАБАТ ЕГУДІ БАСТАДЫ 14.02.2025
Жетісай ауданында дихандар ақпан айының басында қырыққабат егіп жатыр. Егістігіне ерте көшет отырғызуды бастағандардың бірі Руслан Құдайқұлов.Жалпы иелігінде 30 гектар егістік жері бар Жетісай ауданы Ш.Ділдәбеков ауылдық округінде орналасқан шаруа қожалығы биылғы жылы 15 гектарға орамжапырақтың ерте пісетін «Зарисма» және «Валикор» сорттарының 525 мың түп көшетін егуді бастады. Өткен жылы да дәл осы екі сорттан ойдағыдай өнім алған іріленген қожалық қалған 15 гектар алқапқа болгар бұрышы мен қарбыз егуді жоспарлап отыр. 10 жылдан бері ағын суды үнемдеу мақсатында тамшылатып суғару әдісін қолданып келе жатқан азамат биылғы өнімнің де жақсы болатынына сенімді.– Ес білгелі отбасымызбен диханшылықпен айналысамыз. Негізгі күн көрісіміз де осы. Мұнда қазір 20 адам жұмыс істеп жатыр, жұмысшыларға күніне 5000 теңгеден еңбекақысын төлеп отырмыз. Құдай қаласа наурыз айында ортасындағы ашық жерге қарбыз, болгар бұрышын егіп, ойдағыдай өнім аламыз деп ниеттеніп отырмыз. Егілген көшеттің үстін жапқышпен жауып, жауын-шашыннан қорғаймыз. Ең бастысы – күтіп-баптауға үлкен мән берілуі керек, – дейді шаруашылық төрағасы Руслан Құдайқұлов.Ерте көктемнен бастап қырыққабат егуге, сонан соң қауын-қарбыз егуге, жинауға қатысатын ауыл азаматтары күзгі мақта терімнен де қалыс қалмайтындықтарын айтады. Бір жылдың 11 айында егістік алқаптарда жұмыс істеп, қыстың 1 айында ғана бос болатынын айтқан Ширинкүл Машрапова бір отбасыдан 4-5 адам жұмысқа ерінбей шықса тәп-тәуір табыс табуға болатынын алға тартады.Айта кетейік, өткен жылы ауданның ауыл шаруашылығы дақылдары орналастырылған 79,3 мың га егістіктің 40,8 мың гектарына мақта, 19,7 мың гектардан астам бақша, 6,6 мың га мал азықтық дақылдары мен 3,4 мың га көкөніс егілген. Аталған дақылдардан 110 мың тонна мақта, 549 мың тонна бақша, 88,8 мың тонна көкөніс, 46,1 мың тонна дәнді және бұршақты дақылдар, 67,7 мың тонна мал азықтық дақылдар алынған.Өткен жылы аудан шаруаларының 1296,9 га жерге еккен қырыққабатынан 38 907 тонна өнім алынып, еліміздің өзге өңірлері мен Ресей мемлекетіне экспортталған. Биылғы жылы 1356 гектар жерге ерте пісетін қырыққабат дақылы егіледі деп жоспарлануда.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/933240
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ӘКІМІ АППАРАТЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ 14.02.2025
Түркістан облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары болып Тоғызбаев Айдос Мүсірәлиұлы тағайындалды. Жаңа орынбасарды Түркістан облысы әкімі аппаратының басшысы Еркебұлан Дауылбаев ұжымға таныстырып, жұмысына сәттілік тіледі.– Мемлекет басшысы, Үкімет тарапынан жергілікті әкімдіктерге маңызды міндетер жүктеліп отыр. Өңір басшысы Нұралхан Оралбайұлының бастамасымен облысты дамыту бойынша ауқымды іс атқарылуда. Облыс әкімі аппараты осы бағытта жүйелі жұмыс жүргізуі тиіс. Уақытты тиімді пайдаланып, тапсырмаларды жедел әрі сапалы орындау керек. Осы бағытта жемісті еңбек етеді деп сенім білдіремін, – деді Еркебұлан Дауылбаев.Тоғызбаев Айдос Мүсірәлиұлы 1988 жылы өмірге келген. Білімі – жоғары: М.Сапарбаев атындағы Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық институтын және Қазақ технология және бизнес университетін бітірген. Мамандықтары – құқықтану, экономика.2008-2010 жылдары Астана қаласы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының іс жүргізушісі, Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының жетекші маманының міндетін атқарушы, Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының жетекші маманы қызметтерін атқарған.2010-2011 жылдары Алматы қаласы, Жетісу ауданы №2 аудандық сотының жетекші маманы, «Қазақстан құстары» ЖШС-нің заңгері болса, 2012 жылы ҚР Әділет министрлігінің кадр департаменті мемлекеттік қызметкерлердің этикасының сақталуын бақылау басқармасының сарапшысы болды.2013-2019 жылдары аралығында ҚР Әділет министрлігінің кадр қызметі департаментінің мемлекеттік қызметшілердің этикасының сақталуын бақылау басқармасының сарапшысы, ҚР Әділет министрлігінің кадр қызметі департаменті мемлекеттік қызметшілерді бағалау және мониторингтеу басқармасының бас сарапшысы, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің персоналды басқару бөлімі кадр жұмысы секторының бас консультанты-әдеп жөніндегі уәкілі болып еңбек етті. 2019 - 2021 жылдары Түркістан облысының Әділет департаменті басшысының орынбасары болса, 2021 жылдың 7 шілдесінен бастап қазіргі уақытқа дейін Солтүстік Қазақстан облысы Әділет департаментінің басшысы болып қызмет атқарып келді.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/933476
ТҮРКІСТАН: «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА АПТАСЫНА 200-ГЕ ЖУЫҚ ЕЛДІ МЕКЕНДЕ ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛЕДІ 14.02.2025
Түркістан облысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында биыл жұмыстар күшейтіле түспек. Нақтырақ айтсақ, облыс аумағында күнделікті өткізілетін 7 263 сенбілік іс-шарасы бекітілді. Жоспарға сәйкес әр күні 40-қа жуық елді мекенде сенбіліктер өтіп, аптасына 200-ге жуық елді мекен толық тазалық жұмыстарымен қамтылмақ. Сонымен қатар іс-шаралар 9 ауқымды тақырыпқа бөлініп өткізіледі. Облыс көлемінде «Үлгілі ауыл», «Жомарт түлек» байқаулары өткізіліп, үздік елді мекендер анықталады.Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің төрғағалығымен өткен жиында бағдарлама аясында атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспар сараланды. Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Руслан Мұздыбеков бағдарлама аясында атқарылатын жұмыстар туралы баяндады. Оның айтуынша, басымдық аумақтардың тазалығын қамтамасыз етуге, абаттандыруға, нысандардың қасбеттерін, жарықшамдар мен субұрқақтарды күтіп-ұстауға, жол белгілерін ретке келтіруге, жолдарды жөндеу жұмыстарына берілмек. Сонымен қатар білім, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт, діни нысандардың тазалығы назарда болады. Бұл жұмыстарға тұрғындармен қатар, кәсіпкерлер де жұмылдырылады.Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің тапсырмасына сәйкес, бағдарлама аясында 210 мыңнан астам кәсіпкерлік нысанның, соның ішінде 4 мыңға жуық орта кәсіпорынның аумақтарын ретке келтіру жұмыстары ұйымдастырылады.Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында табиғатты қорғау және экологияны жақсарту мәселесіне ерекше назар аударып, ел аумағында жасыл белдеу құруды тапсырған болатын. Осы ретте, республикалық маңызы бар жолдардың бойында 1 млн. ағаш отырғызу бастамасы қолға алынуда. Ағаштар кезең-кезеңімен республикалық маңызы бар 691 шақырым жол бойына орналастырылады. Ағаштардың күтімін қамтамасыз ету үшін ұңғыма бұрғылау жұмыстары жүргізіліп, тамшылатып суару жүйесі мен арнайы қоршаулар орнатылады. Жобаға облыс аумағындағы «Қазатомөнеркәсіп», ҚТЖ, «KEGOC», «Инкай» және өзге де ірі кәсіпорындарды тарту көзделуде. Оған қоса осы жылы елді мекендерді көгалдандыру бойынша 1,2 миллионнан аса ағаш отырғызу межеленген.Облыс әкімі жауапты тұлғаларға елді мекендерде тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау және тасымалдау қызметін жүйелендіру, қоқысты алып кету жиілігі мен қызмет көрсету сапасын бақылауда ұстауды тапсырды.– Елімізде «Таза Қазақстан» бағдарламасы іске асырылуда. Мемлекет басшысының тапсырмасы мерзімінде және сапалы орындалуы тиіс. Аудан, қала әкімдерінің жұмысы енді «Таза Қазақстан» бағдарламасын орындау арқылы да бағаланады. Кейбір аудан, қалаларда жүргізіліп жатқан абаттандыру, көгалдандыру және тазалық жұмыстары тиісті деңгейде емес. Тазалық жұмыстарын жүргізетін мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындардың жарғыларына тиісті өзгерістер енгізбеген әкімдіктер де бар. Біз тиісті жұмыстар жүргізу арқылы тұрғындардың қоршаған ортаға, тазалыққа деген сана-сезімін көтеріп, экологиялық мәдениетті қалыптастырып, тұрғындардың, жастардың тазалыққа деген жауапкершілігін арттыруымыз қажет. Жұмысты ширатыңыздар, – деді Нұралхан Көшеров.Өңір басшысы облыс аумағындағы «Қазпочта» «Қазақтелеком», банктер және осы секілді халыққа қызмет көрсететін мекемелер «Таза Қазақстан» бағдарламасын орындаудан тыс қалмай, өздеріне тиесілі ғимараттар мен ауларын таза ұстауға міндетті екенін жеткізді.Қазіргі уақытта Түркістан облысының әкімдігі жергілікті атқарушы органның жанынан мемлекеттік коммуналдық мекеме құру арқылы санитарлық тазалық жұмыстарын аудан орталықтарында және ауылдық елді мекендерде жүргізу жұмыстарын қолға алуда. Бағдарлама аясында санитарлық жұмыстар мен абаттандыру жұмыстарын жүргізуге 407 арнайы техника сатып алу жұмыстары басталды. Аудан, қалалар мен басқармалардың іс-шара жоспары бекітіліп, әкімдердің рейтингісі жасалады.Айта кетейік, өткен жылы 1440 сенбілік өткізіліп, бұл жұмыстарға 300 мыңнан астам адам мен 1,5 мыңнан астам техника жұмылдырылды. Нәтижесінде, 3,4 мың тонна қоқыс шығарылып, 1,1 миллион ағаш отырғызылды. Одан бөлек, 120 көппәтерлі тұрғын үйлердің келбеті ретке келтіріліп, 83 арнайы техника сатып алынды. Аудан, қала әкімдіктерінің Полиция департаментімен бірге қоғамдық орындарда тазалық пен тәртіпті қамтамасыз ету бағытында атқарған жұмыстардың нәтижесінде заң талаптарын бұзған тұлғаларға 26 702 хаттама толтырылып, жалпы көлемі 318,5 млн. теңге айыппұл салынды. Мониторинг жұмыстарының нәтижесінде 2880 қоқыс үйіндісі анықталып, қысқа мерзімде тазалау жұмыстары жүргізілді. «Ғарыш сапары» космомониторинг арқылы 367 жерде заңсыз қоқыс орындары анықталып, қоқыстан тазартылды.Бүгінгі таңда TazaQazBot платформасына мыңға жуық өтінім түскен. Оның ішінде, 988 өтінім орындалған болса, қалғандары орындалу барысында. Жүйелі жұмыстардың нәтижесінде аталған жүйенің Түркістан облысында іс жүзінде қолданылуы республика көлемінде алғашқы орында қалыптасты.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/933848
ТҮРКІСТАН: ШАРДАРАДА ОН БІР КҮНДІК ЭКО-МАРАФОН ӨТТІ 14.02.2025
Республикалық «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында, 2025 жылдың 27 қаңтар күні аудан әкімі Арман Қарсыбаевтың бастамасымен Шардара ауданының 60 жылдығына орай, ауданның санитарлық жағдайын жақсарту, қоғамдық орындарды тазарту және адамдарды табиғатты қорғауға шақыру мақсатында, эко-марафон бастау алған болатын. Марафонды аудан әкімі Араман Қарсыбаев пен ерікті жастар аудан орталығынан бастап, саябақтарды қоқыстан тазартты.Тазалық шарасында Шардара ауданының жастары “Біз табиғатты қорғауды өзімізден бастайық, табиғатты аялау – біздің міндетіміз” деген ұранмен бастап, эко-марафон барлық ауылдық округтерге жолданып, 10 ауылдық округте жалғасын тапты. 11 күнге созылған марафон бүгін яғни, 7 ақпан күні Достық ауылдық округінде өтіп, ауданның ерікті жастары мен тұрғындары атсалысты.Эко-марафон аясында қала, ауыл округтерінен 1000-нан астам ерікті жас қатысып, 14 техника жұмылдырылды. 18 шақырым ирригациялық жүйелер, 21 шақырым аяқжолдар, 50 шақырымнан астам көше бойлары тазаланып, 76 тоннаға жуық қоқыс жиналып, шығарылды.Шардара ауданында жүзеге асып жатқан тазалық шарасы бір марафонның немесе науқанның аясында ғана емес, жыл бойы жүйелі түрде жалғаспақ.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/934100
ТҮРКІСТАН: КЕНТАУДА ОТБАСЫН ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ ҚҰРЫЛДЫ 14.02.2025
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстан: Заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауында: «Әлеуметтік тұрғыдан осал азаматтарға қолдау көрсету – өте маңызды міндет.Мемлекеттік қолдау шын мәнінде мұқтаж адамдарға көрсетілуі қажет. Бір сөзбен, кез келген әлеуметтік көмек әділ, ашық және тиімді болуға тиіс», деп атап өткені белгілі.Еліміздің барлық өңірлерінде Отбасын қолдау орталықтарын құру Президент Жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат» тұжырымдамасына енгізілген. Осы орайда, Кентау қаласында Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады.Қала әкімінің орынбасары Ақнұр Байболова орталық басшысын тағайындап, орталықтың маңыздылығына тоқталып, мекеме қызметкерлері қиын жағдайға тап болған отбасының барлық мүшелерінің әлеуметтік және жеке дамуына қолдау көрсететініне сенім білдірді.Орталық басшысы болып Арай Сауранбекова тағайындалды. Мекемеде барлығы 17 қызметкер жұмыс істейді. Жаңа мекемеде психолог және әлеуметтік қызмет көрсету бөлмесі, уақытша 25-тей адамға жатын бөлме бар, қызмет көрсету бөлмесімен жабдықталған. Бұл қызмет көрсету бөлмелерінің барлығы талапқа сай қажетті құрал-жабдықтармен толықтай қамтамасыз етілген.Айта кетейік, орталық отбасы институтын қолдау мақсатында, өмірлік қиын жағдайға тап болған және тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшыраған отбасыларға өмірлік қиын жағдайының күрделенуіне психикалық жайсыздық, тұлғааралық жанжалды ықпал ететін жағдайларға психологиялық, құқықтық және әлеуметтік кеңестер береді. 6 бағыт бойынша әлеуметтік-құқықтық, әлеуметтік-психологиялық, әлеуметтік-педагогикалық, әлеуметтік-экономикалық, әлеуметтік-еңбек, ақпараттық-консультациялық қызметтер көрсетеді.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/934102
МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ОТАНДЫҚ БИЗНЕС ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСУДЕ ҮКІМЕТКЕ ҚОСЫМША ҚҰН САЛЫҒЫ МӘСЕЛЕСІН ТАҒЫ ДА ПЫСЫҚТАУДЫ ТАПСЫРДЫ 14.02.2025
– Кез келген реформаны жан-жақты сараптап, байыппен жүргізген жөн. Экономика салаларының ерекшеліктерін ескере отырып, түрлі нұсқаларды әзірлеу керек. Қосымша құн салығына қатысты бұған дейін көзқарасымды білдірмеген едім. Өйткені қызметтік дәрежеме сәйкес, менің әрбір сөзім, пікірім қатаң тапсырма сияқты қабылданады. Соған қарамастан бұл мәселе бойынша ойымды жеткізгім келеді. Қалай десек те, қосымша құн салығының мөлшерлемесі сараланып белгіленуге тиіс.Үкімет түпкілікті шешімді білікті сарапшылардың, қайталап айтамын, білікті сарапшылар мен кәсіпкерлердің, әлбетте депутаттардың пікіріне құлақ аса отырып, нақты есептеулер негізінде қабылдағаны дұрыс.Бір анығы, Үкіметтің қазіргі ұсынып отырған мөлшерлемесі тым жоғары. Сіздер нақты цифрды айттыңыздар. Оны қоғам қызу талқылады. Тіпті, кей жағдайда артық сөздер де айтылды. Дегенмен, бұл қоғам талқысына алдын ала салынған ұсыныс болатын. Тағы қайталап айтамын, Үкіметтің бұл бағыттағы жұмысы бизнес, қоғам, кәсіпкерлер, сарапшылардың, яғни барлық тараптың пікірі ескеріле отырып жалғасуы керек. Биыл нақты шешім қабылдануға тиіс. Мен бұған дейін де айттым: Үкімет бұл мәселені депутаттармен және сарапшылармен егжей-тегжейлі талқылауы керек. Бүгін айтылған ой-пікірлер де ескеріледі. Мемлекетке барынша оңтайлы шешім қажет. Яғни бір жағынан бизнес жүргізуге кедергі келтірмей, қолайлы жағдай жасайтын, ал екінші жағынан, салыққа қатысты тәртіпті күшейтіп, бюджет кірісін арттыратын тиімді жолды табуымыз қажет, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/934108
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 700-ГЕ ЖУЫҚ КӘСІПКЕРГЕ ЖЕҢІЛДЕТІЛГЕН НЕСИЕ БЕРІЛГЕН 14.02.2025
Түркістан облысында өткен жылы негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 1,33 трлн теңгеге жеткен. Ал, 2025-2028 жылдар аралығында облыста 2,1 трлн теңгеге 85 ірі инвестициялық жоба жүзеге асырылмақ. Бұл жобалар аясында мұнай-химия, машина жасау, тамақ және жеңіл өнеркәсіп салаларында жаңа кәсіпорындар ашылады. Отандық кәсіпкерлерге қаржылай қолдау көрсету мақсатында «Бірыңғай кешенді бағдарламасы» арқылы 2024 жылдың өзінде 698 бизнес өкіліне 60,2 млрд теңге көлемінде жеңілдетілген несие берілді. Сонымен қатар, былтыр несиелердің пайыздық мөлшерлемесін төмендету үшін республикалық және жергілікті бюджеттерден 16,2 млрд теңге бөлінген. Жалпы облыста 1 700 гектарды қамтитын 14 индустриалды аймақ пен 580 гектар аумақта орналасқан арнайы экономикалық аймақтар бар. Бұл аймақтарда кәсіпорындар үшін дайын инфрақұрылым ұсынылып, салықтық және кедендік жеңілдіктер қарастырылған.Сонымен қатар, «Шағын өндірістік парктер» құрылып, кәсіпкерлерге жеңілдетілген шарттармен дайын өндірістік ғимараттар беріледі. Бұл ғимараттарды нарықтағы бағадан 50%-ға төмен жалға алу немесе 3%-дық несиемен 7 жылға бөліп төлеу мүмкіндігі бар. Бұдан бөлек, өңірге шетелдік инвестицияларды тарту мақсатында Түркістан облысы әкімдігі бірқатар ірі келісімдерге қол қойды. Атап айтқанда, Қытайдың «Лихуа Груп» компаниясы облыста ПВХ құбырларын шығару, мақта өңдеу және тігін фабрикаларын іске қосуды жоспарлап отыр. Сондай-ақ, «Чайна Энерджи» компаниясы жалпы құны 400 млн АҚШ долларын құрайтын күн электр станцияларын салмақ. Одан бөлек, Франция мен Қытайдың «КАТКО» бірлескен кәсіпорны Созақ ауданында уран өндіру кешенін іске қосады.Сонымен қатар, 2024 жылы өңдеу өнеркәсібі саласы бойынша 585,3 млрд теңгенің өнімі өндіріліп, өсім 113,1%-ды құрады. Ең үлкен өсімдер металлургия (125,1%), машина жасау (112%), жиһаз өндірісі (162,1%) саласында. 2024 жылдың қорытындысымен өңдеу өнеркәсібінде 37,2 млрд теңгеге 22 жаңа жоба іске қосылып, 985 жаңа жұмыс орны ашылады. Олардың ішінде, құны 2,5 млрд теңгені құрайтын «CaPable Group» итальяндық технология бойынша жөргектердің жаңа түрін өндіру, 1,1 млрд теңгелік «Borte engineering» ЖШС-ң Сүт өңдеу кәсіпорындарына арналған жабдықтар өндірісі мен 1,3 млрд теңгеге «JNRAY Group» ЖШС-ң тігін фабрикасы бар. Бұл жобалар ел экономикасын әртараптандыруға және импортқа тәуелділікті төмендетуге ықпал етеді. Сондай-ақ, облыста өндірілген тауарларды Орталық Азия, Қытай және Еуропа нарығына экспорттауға мүмкіндік беретін логистикалық орталықтар мен сауда алаңдары дамып келеді.Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/934109
ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙДА ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАРҒА ҚАРСЫ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ӨТТІ 14.02.2025
Жетісай ауданында қысқы-көктемгі кезеңдердегі су тасқынына дайындық жұмыстарын пысықтау, орын алуы ықтимал төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша оқу-жаттығу өтті. Онда табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарын жою үшін аудандық азаматтық қорғау және авариялық-құтқару қызметі қатарынан құрылған 12 команда жетекшілері мен топ мүшелерінен қызметтік міндеттері сұралды, техникалардың, су сору құрылғылары (мотопомпа) мен жеке құрамның дайындығы, шартты су басу салдарын жою жұмыстары тексерілді.Шараның мақсаты – айтып келмейтін табиғи-техногендік апаттарға қашанда дайын болу керектігін ескере отырып, аудандағы азаматтық құтқару топтарының дайындығын, қажетті техникалары мен құрал-саймандарының жарамдылығын пысықтау, тексеру.Сонымен қатар аудан басшысы оқу-жаттығу барысында апат орын алған жағдайда бірінші кезекте қажеттілігі туындайтын байланыс саласымен, азық-түлікпен қамтамасыз ететін және барлау-құтқару қызметтерін жүргізетін басты салалардың жұмыстарына ерекше көңіл бөлді.Осылайша аудандағы төтенше жағдайлардың алдын алу, төтенше жағдай кезінде адам шығынын болдырмау және төтенше жағдайда ережеге сәйкес дер кезінде іс-қимыл атқаруды дұрыс ұйымдастыру мақсатында өткен республикалық командалық штабтық оқу-жаттығу жұмыстары тағы да бір рет пысықталды.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/934111
ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИ АУДАНЫНДА «КӨКТЕМ-2025» ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ӨТТІ 14.02.2025
Төлеби ауданында көктемгі су тасқынына дайындық аясында «Көктем-2025» республикалық командалық штабтық оқу-жаттығуы өтті. Оқу-жаттығу шарасында аудандық азаматтық қорғау қызметтерінің дайындықтары пысықталды.Іс-шараға Төлеби ауданының әкімі Еркеғали Әлімқұлов қатысып, өрт сөндірушілер мен медицина қызметкерлерінің жұмысын бақылап, арнайы техникалардың жағдайымен танысты.Оқу-жаттығу жиыны көктемгі уақытта ықтимал болатын төтенше жағдайларды жою бойынша азаматтық қорғаныс құрылымы мен қызметтерінің даярлығын тексеру және жетілдіру мақсатында ұйымдастырылды.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/934112
ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙДА АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ БАСТАМАСЫМЕН ТАЗАЛЫҚ ЭСТАФЕТАСЫ ӨТІП ЖАТЫР 14.02.2025
Өздерінің ауызбіршілігімен өзге округтер мен қала, кент тұрғындарына өнеге көрсетіп, туып-өскен ауылдарының көркейіп-көгалдануына білек сыбана кірісіп жүрген, санитарлық тазалық жұмыстарының жүйелі жүргізілуін қолдап тазалық эстафетасын қолға алған Ж.Ералиев ауылдық округі, Үтіртөбе елді мекенінің тұрғындары бүгін тағы бір игі істің бастамашысы болды.«Туған жердің топырағы – бәрімізге қымбат» деп ұрандатқан елді мекен тұрғындары бүгін ауыл ақсақалдарының бастамасымен санитарлық тазалық жұмыстарын жүргізіп, 0,90 гектар жерге 1500 түп қаратал көшетін отырғызды.Үлгі боларлық шараға аудан әкімі Серік Мамытов пен аудандық мәслихат төрағасы Медет Қасымов, аудандық мәслихат депутаттары Нұрбол Байтілесов пен Олжас Қаныбеков, аудан әкімінің орынбасарлары мен БАҚ өкілдері қатысты.Туған елге, ауылға қарайласып, ерте көктемде сенбілік ұйымдастырып, туған өлкенің көркеюіне мұрындық болып отырған азаматтардың тірлігі қашан да құптарлық бастама.– Амандық болса, алдағы төрт-бес жылда бұл маң адам танымастай болып өзгеретініне сенімдіміз. Бастысы бауырлардың, ағайындардың ынтасы зор. Бір қуанарлығы – бұл іске жастармен қатар ауылдың үлкендері де атсалысып келеді, – дейді ауыл ақсақалдары.Сенбілік барысында ауыл ішіндегі арық көздері тазаланып, көшелер де ретке келтіріліп отыр. Ауыл азаматтарының арасында осындай іске қолдау көрсетіп, басы-қасында арнайы техникалармен көмек көрсеткендер де болды.Ерте көктемде ауылдағы ағайын жазғы және күзгі тірлігіне ерте қамданып жатады. Алайда кейде қолда барды ұқсата алмай, қала берді техника жетпей, бір істің қиюы кетіп жататыны тағы анық. Ал мұндайда үтіртөбелік тұрғындардың бастамасы барлық елді мекендер үлгі алып, жалғастырар шара.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/934114
Қарағандыда жеңіл атлетикадан турнирде екі рекорд орнатылды 14.02.2025
Қарағандыда 49-шы рет жас спортшылар арасында (2008–2009 ж. ж.) Еңбек ері, аты аңызға айналған шахтер Яуда Мұсағалиевті еске алуға арналған республикалық мемориал өтті. Жарыс барлық қаза болған кеншілерге арналған. Оған Көкшетау, Сәтбаев, Петропавл қалаларынан, Саумалкөлден және Қарағанды облысынан 200-ден астам спортшы қатысты.Екі жоғары жетістікке қол жеткізілді.Ә. Молдағұлова атындағы спорт интернатынан Алина Головина осы біріншілікті рекордтық уақытта – 7.43 секундта 50 метрге кедергілермен жүгірді. Ал Георгий Козьма тосқауыл арқылы жүгіруде 6.90 нәтиже көрсетіп, Виталий Земстың жетістігінен асып түсті. Жігіт - Теміртаудағы спорт интернаты филиалының өкілі.Қарағанды облысының Ә. Молдағұлова атындағы олимпиадалық резерв мектеп-интернат-колледжінің тәрбиеленушілері осы турнирде үздік нәтиже көрсетті. Олардың қатарында танымал спорт әулетінің өкілі Ярослав Засимович те бар. Ол биікке секіруден қола медаль жеңіп алды.– Мен алдымен күреске әуес болдым, бірақ кейін атам мен ағамның секіргенін көрдім де, отбасылық істі жалғастыруды шештім. Мен құрама командаға кіруді қалаймын. Алда Қазақстан чемпионаты бар. Мені атам жаттықтырып жүр. Әлеует бар деді, – дейді Ярослав.Спортшының тәлімгері – әйгілі Сергей Геннадьевич Засимович, кеңестік жеңіл атлет және Еуропаның экс-рекордсмені (1984 ж.). Оның ең үздік нәтижесі – 236 сантиметр – әлі күнге дейін биікке секіру бойынша Қазақстанның рекорды болып қалуда.Қарағанды облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметінің ақпараты бойыншаАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/932093