Павлодар облысы бойынша МКД-да әріптестерін алдағы Отан қорғаушы күнімен креативті түрде құттықтады

Павлодар облысы бойынша МКД-да әріптестерін алдағы Отан қорғаушы күнімен креативті түрде құттықтады

06.05.2026 20:47:25 261

Мемлекеттік мереке – Отан қорғаушы күні қарсаңында Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің әйелдер ұжымы ведомствоның ерлер қауымына арнап салтанатты құттықтау ұйымдастырды.

Мерекелік бағдарлама таңертеңнен басталды. Ғимараттың фойесінде әскери киім үлгісінде киінген Департаменттің қызметкер арулары жұмысқа келген ер әріптестерін салтанатты түрде күтіп алды. Әрбір қызметкерге құттықтау сертификаттары табысталып, олардың еңбегі мен кәсібилігі үшін жылы лебіздер мен алғыс сөздер айтылды.

Бейресми және мерекелік атмосфераны қалыптастыру үшін дәмді бутербродтар мен сергітетін кока-кола ұсынылған таңғы фуршет ұйымдастырылды.

Іс-шараның басты «ерекшелігіне» айналған мерекелік фотосессия ұжымның қуанышы мен ыстық ықыласына бөленді. Ер азаматтар әріптестерімен қуана суретке түсіп, күні бойына көтеріңкі көңіл-күй мен сергектік қуатын алды.

Департамент қызметкерлері көрсетілген назар, креативті тәсіл және сыйлаған жағымды эмоциялары үшін ұжымның әйелдер қауымына зор алғыстарын білдірді.

Барша ер-азаматтарды келе жатқан 7 мамыр мерекесімен құттықтаймыз! Мықты денсаулық, отбасылық амандық және Қазақстан Республикасының игілігі жолындағы еңбектеріңізге табыс тілейміз!

Павлодар облысы бойынша МКД түсіндіру жұмысы

және Байланыс-орталығы басқармасы

 

 

 

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-pavlodar/press/news/details/1215811?lang=kk