Қуқық
Малика Ермек жартылай финалда 14.02.2025
Қазақстандық шорт-трекші Малика Ермек Харбиндегі Азия ойындарында 1000 метрде жартылай финалға өтті.Фото: Сали САБИРОВАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/934275
Шорт-трекші Әділ Ғалиахметов 1000 метрде жартылай финалда бақ сынайды 14.02.2025
Харбиндегі қысқы Азия ойындарында шорт-тректен ерлер арасында 1000 метрде жарысқан Әділ Ғалиахметов өз тобында бірінші келіп, жартылай финалға жолдама алды.Фото: Сали САБИРОВАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/934276
Аяна Жолдас - Азия ойындарының қола жүлдегері 14.02.2025
IX қысқы Азия ойындарында фристайл-акробатикадан бақ сынаған қазақстандық Аяна Жолдас (76.54) қола жүлде еншіледі.Фото: Тұрар ҚАЗАНҒАПОВАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/934277
Шорт-трекшілеріміз 1000 метрде финалда сынға түседі 14.02.2025
2025 жылғы қысқы Азия ойындарында шорт-тректен әйелдер арасында 1000 метрде қатысқан Ұлттық құрама спортшысы Малика Ермек «А» финалына шықты.Сондай-ақ тағы бір отандасымыз Алина Әжғалиева «B» финалында бақ сынайды.Фото: Сали САБИРОВАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/934278
Шорт-трекші аруларымыз 3000 метрлік эстафетада күміс медаль жеңіп алды 14.02.2025
IX қысқы Азиа ойындарында шорт-тректен 3000 метр қашықтықта әйелдер арасындағы эстафетада қатысқан Қазақстан құрамасы күміс жүлде еншіледіКоманда мүшелері - Яна Хан Ольга Тихонова, Малика Ермек, Зейнеп Құмархан, Алина Әжғалиева мен Мәдина Жанбосынова.Фото: Сали САБИРОВАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/934279
Шорт-тректен Қазақстан ерлер құрамасы Азия ойындарының жеңімпазы 14.02.2025
Харбиндегі Азия ойындарында шорт-тректен 5000 метрлік эстафетада Қазақстан ерлер құрамасы топ жарды. Команда сапында Денис Никиша, Әділ Ғалиахметов, Мерсаид Жақсыбаев, Айбек Нәсен, Абзал Әжіғалиев және Глеб Ивченко өнер көрсетті. Айта кетейік, бұл Қазақстан шорт-трегі тарихына Азия ойындарындағы алғашқы алтын медаль. Бұған дейін тек күміс, қола жеңген болатын. Фото: Сали САБИРОВАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/934281
Конкимен жүгіруден Қазақстан әйелдер құрамасы Азия ойындарының қола жүлдегері 14.02.2025
IX қысқы Азиадада конькимен жүгіруден әйелдер арасындағы командалық спринтте Қазақстан командасы үздік үштікті түйіндеді.Команда мүшелері - Кристина Силаева, Дарья Важенина, Надежда Морозова. Фото: Сали САБИРОВАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/934285
Туризм және спорт министрі мен ҰОК басшысы шорт-тректен тарихи алтын медаль жеңіп алған ерлер құрамасын құттықтады 14.02.2025
Харбинде өтіп жатқан IX қысқы Азия ойындарында шорт-тректен ерлер құрамасы 5000 метрлік эстафетада жеңіске жетіп, Қазақстан қоржынына алғашқы алтын медальді салды. Бұл жүлде – Қазақстанның қысқы Азия ойындарындағы шорт-трек тарихындағы алғашқы алтыны.ҚР Туризм және спорт министрі Қазақстан құрамасының IX қысқы Азия ойындарындағы алғашқы алтын жүлдесімен құттықтап, бұл жеңістің ел спорты үшін маңызын атап өтті:«Шорт-тректен Қазақстан ұлттық құрамасын тарихи жеңісімен шын жүректен құттықтаймын! Бүгін отандастарымыз барша жанкүйерді шаттық пен қуанышқа бөлеп, ел қоржынына алғашқы алтын жүлдені салды. Қытай төрінде әнұранымыз шырқалып, көк Туымыз биікте желбіреді. Бұл жүлденің біз үшін маңызы зор. Өйткені бұл — Қазақстанның шорт-трек спорты тарихындағы қысқы Азия ойындарында жеңіп алған алғашқы алтын медаль. Жеңіс жолында еңбек еткен жаттықтырушылар құрамына да ерекше алғысымды білдіремін». «Бүгін спортшыларымыз жеңіске деген ерік-жігерінің арқасында жеңіс тұғырына көтеріліп отыр. Біраз үзілістен кейін қысқы Азия біріншілігінде еліміздің әнұраны тағы да шырқалатын болды. Жалынды жерлестерімізді осы жеңіс жолына дайындаған жаттықтырушыларға ерекше алғыс айтамын. Бұл бүкіл ел үшін үлкен қуаныш болды. Рахмет. Алға, Қазақстан!»— деді Геннадий Головкин.Министр мен ҰОК басшысы құраманың барлық мүшесіне алғысын білдіріп, алдағы жарыстарға сәттілік тіледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/934287
Шайбалы хоккейден Әйелдер құрамасы топтық кезеңді жеңіспен аяқтады 14.02.2025
Шайбалы хоккейден әйелдер құрамасының арасындағы бәсекенің алғашқы топтық кезеңі аяқталды.Қазақстан арулары топтық кезеңнің шешуші ойынында Оңтүстік Корея құрамасымен кездесіп, овертаймда жеңіске жетті.Команда сапынан Александра Щегай жеңіс голын соқты.Келесі ойын 12 ақпанда Жапония құрамасына қарсы өтеді.Фото: Сали САБИРОВАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/934292
ІХ қысқы Азия ойындары-2025: 9 ақпандағы жарыс нәтижесі 14.02.2025
Шорт-трек5000 метрлік эстафетада Қазақстан ерлер құрамасы ел қоржынына алғашқы алтын жүлдені салды. Команда сапында Денис Никиша, Әділ Ғалиахметов, Мерсаид Жақсыбаев, Айбек Нәсен, Абзал Ажғалиев және Глеб Ивченко өнер көрсетті.Ал 3000 метрге әйелдер арасындағы командалық сайыста еліміздің әйелдер құрамасы күміс жүлдеге ие болды. Команда мүшелері - Яна Хан, Ольга Тихонова, Малика Ермек, Зейнеп Құмархан, Алина Әжғалиева мен Мадина Жанбосынова.Сондай-ақ әйелдер арасындағы 1000 метрге жарыста Ольга Тихонова ширек финалда жеңілсе, Алина Әжғалиева В финалында, Малика Ермек А финалында өнер көрсетті.Ерлер бәсекесінде Айбек Нәсен ширек финалда жарыс жолынан шығып қалса, Әділ Ғалиахметов пен Глеб Ивченко В финалында бақ сынады.Конькимен жүгіруҚазақстан әйелдер құрамасы командалық спринтте қысқы Азия ойындарының қола жүлдесін иеленді. Команда мүшелері — Кристина Силаева, Дарья Важенина, Надежда Морозова.500 метрге жарыста Кристина Силаева 8-ші, Инесса Шумекова 14-ші, Дарья Важенина 15-ші, Маргарита Галиева 17-орынға ие болды.Ал 5000 метрге ерлер арасындағы бәсекеде Вадим Якубовский 9-шы, Бақдәулет Сағатов 12-ші және Виталий Щиголев 13-орынға табан тіреді.Фристайл-акробатикаАяна Жолдас қысқы Азия ойындарының финалдық сайысында 76.54 ұпай жинап, қола жүлде еншіледі. Ал Ардана Маханова финалға өте алмады.Ерлер жарысында Роман Иванов іріктеуден өте алмаса, Ұланбатыр Өмірзақов пен Асылхан Асан 5-ші және 6-орынға ие болды.КерлингҚазақстан әйелдер құрамасы Жапония спортшыларына жол берсе (4:10), ерлер Тайбей құрамасын айқын басымдықпен жеңді - 10:5.Шайбалы хоккейҚазақстан әйелдер құрамасы топтық кезеңнің шешуші ойынында Оңтүстік Кореямен кездесіп, овертаймда жеңіске жетті - 1:0.Ски-альпинизмЕрлер бәсекесінде Тимур Артюхин мен Шыңғыс Байкашев іріктеу кезеңінен өте алмаса, Нияз Жанұзақов пен Денис Власов жартылай финалда сүрінді. Әйелдер жарысында Асем Назырова финалға шыға алмады.Шаңғы жарысыӘйелдер арасында 5 шақырымға жарыста Надежда Степашкина 5-ші, Ксения Шалыгина 7-ші, Ангелина Шурыга 8-ші және Дарья Ряжко 9-сатыға тұрақтады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/934296
Қазақстанда қыздарға арналған ЖИ бойынша оқу өтуде 14.02.2025
2025 жылғы 5-7 ақпан аралығында «Қыздарға арналған ЖИ дағдылары акселераторы» бағдарламасы аясында қыздарға арналған оқу өткізілуде. Іс-шараның ашылуына Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мадиев пен онлайн форматта Халықаралық электр байланысы одағының (ХЭО) ТМД аймағы бойынша өңірлік директоры Наталья Мочу қосылды.Оқыту қыздар мен әйелдердің жасанды интеллекттің заманауи технологияларына қатысты цифрлық дағдыларын арттыру мақсатында ұйымдастырылды. Бұл екі жылдық бағдарламаны жүзеге асыру үшін ХЭО Даму секторы мен EY бірлесіп жұмыс атқаруда. Бағдарлама озық технологиялық білімге қолжетімділікті қамтамасыз етуге бағытталған.«Мемлекет басшысы елімізде жасанды интеллектті дамытуға ерекше көңіл бөлуде. Біз ЖИ-ді өміріміздің барлық саласына енгізуді жоспарлап отырмыз. Алдымызға үлкен мақсат қойдық – 5 жыл ішінде 1 миллион адамды оқыту. Оның ішінде 500 мың мектеп оқушысы, 300 мың студент, 90 мың мемлекеттік қызметкер, 80 мың корпоративтік сектор өкілі және 30 мың басқа салалардың өкілдері бар. Барлық бағыттар бойынша белгілі бір пилоттық жобалар жүзеге асырылуда. Сонымен қатар, қазіргі және болашақ мемлекеттік қызметкерлер үшін ЖИ бойынша оқытуды міндетті ету талаптарын енгізуді жоспарлап отырмыз. Бұл пилоттық жобаны осы жылдың наурыз айында іске қосамыз. Көріп отырғаныңыздай, барлық азаматтар санатына арналған ЖИ бойынша оқыту бағдарламалары қарастырылған», – деп атап өтті министр Жаслан Мадиев.Бағдарлама қыздарға цифрлық, этикалық және басқарушылық дағдыларды меңгеруге көмектесіп, олардың инновациялық шешімдер әзірлеуіне және ЖИ-ді өз қауымдастықтарындағы мәселелерді шешу үшін қолдануына мүмкіндік береді.Екі жыл ішінде бағдарлама мынадай нәтижелерге қол жеткізеді:1000 қыз офлайн семинарлардан өтіп, білім алып, менторлық қолдау мен сарапшылардың көмегіне ие болады.Семинарлар әлем бойынша 12 елді қамтиды (әрбір ХЭО аймағына 2 елден).Қатысушылар байқауға қатысып, жеңімпаздар ХЭО-ның халықаралық ЖИ іс-шарасына бару мүмкіндігіне ие болады.Жоба ХЭО Даму секторы мен EY серіктестігі аясында жүзеге асырылуда.«Жасанды интеллект саласындағы дағдыларды дамыту қыздарға жаңа мүмкіндіктер ашады. Бұл оларға тек озық технологияларды игеруге ғана емес, сонымен қатар оларды өз қауымдастықтарының игілігіне пайдалануға көмектеседі. Бұл бағдарлама – неғұрлым инклюзивті және тең құқылы цифрлық болашаққа қарай жасалған қадам», – деп атап өтті ХЭО-ның ТМД аймағы бойынша өңірлік директоры Наталья Мочу.2024–2025 жылдарға арналған алғашқы қатысушы елдердің қатарына Үндістан, Иордания, Қазақстан, Кения, Мальта және Парагвай енді.https://www.itu.int/women-and-girls/women-in-ict/ai-skills-accelerator-for-girls/ ҚР ЦДИАӨМ баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mdai/press/news/details/931542
Қазақстанда 2026 жылы Батыс-Шығыс оптикалық гипермагистралі салынады 14.02.2025
6 ақпанда Қазақстан Республикасының ЦДИАӨМ мен «Freedom Telecom Holding Ltd.» компаниясы арасында Батыс-Шығыс ұлттық талшықты-оптикалық гипермагистралін салу және Tier-III деңгейінен төмен емес деректерді өңдеу орталықтарын (ДӨО) құру салаларында ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойылды.Бұл бастамаларды жүзеге асыру елге Еуропа мен Шығыс Азия арасындағы халықаралық деректер транзиті үшін баламалы маршрут құруға, Қазақстанның цифрлық қызметтер саласындағы бәсекеге қабілеттілігін арттыруға және әлемдік ірі IT-компанияларды тартуға мүмкіндік береді.Батыс-Шығыс ұлттық гипермагистралінің құрылысы деректерді беру көлемін айтарлықтай ұлғайтып, Қазақстанды халықаралық интернет-трафик транзитіндегі негізгі қатысушыға айналдырмақ. Бұл жоба деректерді беру кідірістерін азайтуға, қосылу жылдамдығын арттыруға және Еуропа мен Азия арасындағы трафикті өткізуге баламалы маршрут қалыптастыруға бағытталған. Гипермагистраль құрылысы 2026 жылы аяқталады.Бұл әсіресе бұлтты технологиялар, қаржылық операциялар, жасанды интеллект және киберқауіпсіздік үшін өте маңызды. Сондай-ақ, гипермагистраль құрылысы ірі IT-компанияларды, телекоммуникациялық корпорацияларды және деректерді жылдам және қауіпсіз тасымалдауға мүдделі қаржы институттары секілді халықаралық клиенттерді тартуға ықпал етеді.Қазақстанның цифрлық инфрақұрылымын дамытудың негізгі элементтерінің бірі – заманауи деректерді өңдеу орталықтарын (ДӨО) салу. Бұл орталықтар контентті жинақтап, трафиктің тұрақты байланысын қамтамасыз етеді. Олар Tier-III халықаралық стандартына сәйкес салынатындықтан, жоғары сенімділік пен қауіпсіздік деңгейін қамтамасыз етеді.«Батыс-Шығыс ұлттық гипермагистралін салу» және «Tier-III деңгейінен төмен емес ДӨО құру» жобалары бойынша меморандумға қол қою – Қазақстанның цифрлық дамуындағы стратегиялық маңызды қадам. Бұл бастамалар елдің халықаралық трафик транзитіндегі үлесін арттырып, сенімді деректерді сақтау инфрақұрылымын қалыптастыруға мүмкіндік береді.Жобаларды жеке инвестициялар есебінен қаржыландыру жоспарланған.ҚР ЦДИАӨМ баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mdai/press/news/details/932986
Бюрократиядан қолайлылыққа: цифрландыру мемлекеттік қызметтерді қалай жақсартады 14.02.2025
«Government to citizens», яғни азаматтарға қызмет көрсету саласы да – маңызды басымдықтардың бірі. Цифрлық технологиялардың көмегімен біз азаматтардың күнделікті тіршілігін барынша жеңілдетуге және барлық адам үшін тең мүмкіндіктерге қол жеткізуді көздеп отырмыз», - ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев. 2024 жылы Қазақстан Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыруда айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізді. Цифрлық трансформацияның нормативтік және әдіснамалық негіздері әзірленді, сараптамалық база қалыптастырылды және түрлі салаларда ауқымды реформалар іске қосылды.Цифрлық трансформацияның негізгі құралдарының бірі бизнес-процестерді қайта құру болды. 1200-ден астам мемлекеттік үдерістерді қайта қарау нәтижесінде 23 мемлекеттік органда 468 бизнес-үдеріс оңтайландырылды, бұл олардың орындалу мерзімін орта есеппен 45%-ке қысқартуға мүмкіндік берді.Атап айтқанда, Ауыл шаруашылығы министрлігінде 98 процестің реинжинирингі қызмет көрсету мерзімінің 55%-ке қысқаруына әкелді. Ішкі істер министрлігі мен Ұлттық экономика министрлігінде бұл көрсеткіш сәйкесінше 55% және 85%-ды құрады.Жылдың басты жетістігі мемлекеттік қызметтерді цифрландыру деңгейін арттыру болды. БҰҰ деректеріне сәйкес, Қазақстан онлайн-қызметтер индексі бойынша топ-10 елдің қатарына кіріп, цифрландыру деңгейі бойынша 193 мемлекеттің ішінде 24-ші орынды иеленді.Бүгінгі таңда халықтың 93%-тен астамы eGov порталы арқылы электрондық қызметтерге қол жеткізе алады. Мемлекеттік қызметтердің 90,8%-і смартфондар арқылы қолжетімді. Биометриялық сәйкестендіру мен QR-қолтаңбаларды енгізу электрондық қызметтерді алу процесін жеңілдетті — бір жыл ішінде қазақстандықтар QR-кодтар арқылы 23 миллионнан астам құжатқа қол қойды. Қазақстандағы цифрлық трансформация мемлекеттік қызметтерді неғұрлым қолайлы, қолжетімді және тиімді етуге бағытталған.Қазақстандықтар үшін нақты пайдасын көрсеткен бірнеше цифрлық шешімдерге тоқталғымыз келеді.Азаматтардың өмірін жақсартқан цифрлық шешімдердің мысалдары:• Сандық әскери билет қағаз құжаттарын толығымен ауыстырды.• Балабақшаларға онлайн тіркелу ваучерлік қаржыландыру жүйесінің арқасында процесті ашық етті.• "Еуропалық хаттаманы" енгізу сақтандыру төлемдерін алу мерзімін 40 күннен 5 күнге дейін қысқартып, полицияның қатысуынсыз ЖКА ресімдеуге мүмкіндік берді.• Атқарушылық іс жүргізуді автоматтандыру азаматтарға қаржылық жүктемені азайта отырып, жеке сот орындаушыларының қатысуын болдырмады.• Цифрландыру балабақшаларға, мектептерге, жоғары оқу орындары мен жатақханаларға түсуді жеңілдетті, сондай-ақ денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау және тіркеу қызметтеріндегі процестерді оңтайландырды.2025 жылы 44 мемлекеттік қызметтің мерзімін қысқарту, 20 мемлекеттік қызметті проактивті форматқа ауыстыру, сондай-ақ 35 мемлекеттік қызметті трансформациялау жоспарланған.Цифрлық трансформацияның нәтижелері бүгінде миллиондаған қазақстандықтар үшін айқын. Әрбір жоба мемлекеттік қызметтердің ыңғайлылығын, ашықтығын және қолжетімділігін арттыруға бағытталған. Цифрландыру деңгейін арттыру білім беруге, денсаулық сақтауға және әлеуметтік қызметтерге қолжетімділікті жақсартады, оларды ыңғайлы және әділ етеді. Қазір көптеген мемлекеттік қызмет онлайн-форматта, кезексіз және қосымша бюрократиялық рәсімдерсіз қолжетімді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mdai/press/news/details/933097
Қазақстанда жасанды интеллект негізіндегі R&D жобалары іске асырылады 14.02.2025
Қазақстанда елдің жетекші университеттері негізінде R&D жобаларын жүзеге асыру жоспарлануда. Digital Almaty 2025 форумында Жасанды интеллект және инновацияларды даму комитеті, Agibot және Satbayev University, Халықаралық ақпараттық технологиялар Университеті (MUT), Қазақстан-Британ техникалық университеті (KBTU), Астана IT университеті және басқалар сияқты ірі техникалық университеттер арасында ынтымақтастық меморандумына қол қойылды.Келісімдер негізінде университеттер робототехника саласындағы алдыңғы қатарлы технологияларды пайдалануда тең мүмкіндіктерге ие болады. Agibot гуманоид роботтарын жасап, оларға жасанды интеллект негізіндегі шешімдер енгізеді. Бұл тәсіл ғылыми зерттеулер мен білім беру бастамалары үшін жаңа мүмкіндіктер ашады.Келісім қазақстандық студенттерге робот құрастыру және жасанды интеллект шешімдерін интеграциялауға мүмкіндік беретін бірлескен R&D жобаларын жүзеге асыру мүмкіндіктерін ашады. Университеттер Agibot компаниясы мен Министрліктің үйлестіруімен R&D жобаларын әзірлеп, іске асыруды жоспарлап отыр, отандық ғылым мен технология үшін жаңа мүмкіндіктер ашады.Меморандумдарға сәйкес, Agibot Alem.AI орталығында өзінің R&D орталығын ашуды жоспарлап отыр. Дәл осы халықаралық орталықты цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев Digital Almaty 2025 форумында жасанды интеллект шешімдерін зерттеу және енгізу үшін негізгі платформа ретінде ұсынды.Alem.AI жасанды интеллект зерттеулері, стартаптар және халықаралық ынтымақтастық үшін басты орын болады. Орталық қазақстандық жасанды интеллект шешімдерінің экспортын 2029 жылға қарай 5 миллиард долларға дейін көтеріп, технологиялық және экономикалық өсудің жаңа толқынын бастайды деп күтілуде. Орталықтың бір қабаты R&D зерттеу зертханаларына арналып, онда ғалымдар мен әзірлеушілер ғылыми зерттеулер жүргізіп, озық жасанды интеллект шешімдерін әзірлей алады. Бұл зертханалар жасанды интеллект саласындағы инновацияны қолдау және зерттеу жобаларын жүзеге асыру үшін негізгі орын болады. Дереккөз:AgiBot – Қытайдың жетекші робототехника компаниясы, 2023 жылдың ақпанында құрылған, біріктірілген жасанды интеллект және кешенді қолданбалы экожүйемен гуманоидты роботтарға маманданған. Компанияның құны $960 млн (2024 жылдың қыркүйегі), тізімге енгізілмеген робототехника компанияларының көшбасшысы. ҚР ЦДИАӨМ баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mdai/press/news/details/933596
Министрлік жетекшілік ететін салалардағы жобалық басқару мәселелері мен халықаралық индекстерге арналған семинар 14.02.2025
А.ж. 4 ақпанында ҚР ЦДИАӨМ Стратегиялық жоспарлау департаменті Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясымен бірлесіп Министрлік жетекшілік ететін салалардағы жобалық басқару мәселелері мен халықаралық индекстерге арналған семинар өткізді.Семинар барысында қатысушылар жобалық менеджмент саласындағы өзекті мәселелерді талқылады. Стратегиялық жоспарлау департаментінің қызметкерлері жобалық менеджменттің барлық қағидаттарын сақтаудың маңыздылығына назар аудара отырып, жобалық қызметті енгізу бойынша практикалық ұсыныстармен және стратегиялармен бөлісті.Сонымен қатар, министрліктің жаһандық инновациялық индекс (GII) және электрондық үкіметтің даму индексі (EGDI) сияқты халықаралық рейтингтерде Қазақстан Республикасының позициясын арттыру бойынша атқарылып жатқан жұмыстары ұсынылды.ҚР ЦДИАӨМ Стратегиялық жоспарлау департаменті Талдау және жобалық жұмыс басқармасының басшысы Ерлан Сатыбалдыұлы Жолдыбаев: «Қазақстанда цифрландыру деңгейі жоғары және әрі қарай өсуде, мысалы, 2024 жылы Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымы қадағалайтын 193 елдің арасында электрондық үкіметтің даму деңгейі бойынша 2022 жылғы 28-ші орынмен салыстырғанда 24-ші орынға ие болды. Электрондық үкіметтің даму индексі елдің электрондық үкіметінің мүмкіндіктерін үш маңызды бағыт бойынша өлшейді: онлайн қызмет көрсету, телекоммуникациялық байланыс және адами әлеует. Ол сондай — ақ еліміздің өз азаматтарымен өзара іс-қимылды және қолжетімділікті жақсарту үшін ақпараттық технологияларды қаншалықты жақсы пайдаланатынын қарастырады», - деп атап өтті.Қатысушылар сондай-ақ халықаралық рейтинг индикаторларын жергілікті атқарушы органдардың өкілдеріне жеткізудің маңыздылығын атап өтті, сондай-ақ елді одан әрі цифрландыру жөніндегі идеяларды талқылады.Сарапшылар онлайн-қызметтер көрсету саласында мемлекет жүргізіп жатқан саясаттағы елеулі прогресті атап өтіп, олардың ел халқы мен бизнесі үшін пайдасын атап өтті. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mdai/press/news/details/933975
Қамысты ауданында жаңа пәтерлердің кілті табысталды 14.02.2025
Қамысты ауданында тұрғындарды сапалы және қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету жұмыстары жалғасуда. Қамысты ауылында қайта жаңғыртудан өткен үш көпқабатты тұрғын үйдің тұрғындарына салтанатты түрде пәтер кілттері табысталды.Жаңа баспаналар аудан орталығында, Ержанов көшесінде орналасқан. Пәтерлерге қызметтік салада еңбек ететін мамандар мен әлеуметтік осал санаттағы азаматтар қоныстанды. Олардың қатарында ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, көпбалалы отбасылар, жалғызбасты аналар мен мүмкіндігі шектеулі жандар бар.Аудан мамандары үшін жаңа баспанаҮш үйдің бірі толығымен аудан мамандарына қызметтік тұрғын үй ретінде берілді. Мұнда 12 отбасы қоныстанды. Солардың бірі – Сұлтан мен Сания Бектімісовтер. Олар Қостанай жоғары медициналық колледжін бітіріп, Қамысты ауданына жұмыс істеуге келген жас мамандар. Сұлтан жедел жәрдем фельдшері болып еңбек етсе, Сания аудандық аурухананың қабылдау бөлімінде қызмет етеді.— Бізге баспана берілгеніне қатты қуаныштымыз. Барлық жағдай жасалған, өмір сүруге өте ыңғайлы, – дейді ерлі-зайыптылар.№18 өрт сөндіру бөлімінің басшысының орынбасары Амангелді Серік те бұл оқиғаның оның отбасы үшін маңыздылығын атап өтті. Бұрын олар жалдамалы пәтерде тұрса, енді өз үйлері бар.Кезекте тұрғандарға қолдауҚалған екі үй тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға үлестірілді. Мәселен, Виктория Спека төрт баласымен бірге үш бөлмелі кең пәтерге ие болды.— Бұл сәтті төрт жыл күттік. Енді әр баламыздың жеке кеңістігі болады. Бұл – біздің үлкен арманымыз, – дейді Виктория.Ал жаңа пәтер иесі Андрей Рязанов бұл оқиғаны ең үздік жаңа жылдық сый деп атады.Әлеуметтік бастамалардың жүзеге асуыҚамысты ауданының тұрғындары Мемлекет басшысына қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз ету және өңірлерде қолайлы өмір сүру жағдайларын жасау бағытындағы жүйелі жұмыстары үшін алғыс білдірді.Қостанай облысында халықтың тұрмыс сапасын арттыруға бағытталған жұмыстар жалғасуда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/931912
Сауда министрі Арман Шаққалиев қазақстандық кондитерлік фабрика өнімдерін Иран нарығына шығаруды ұсынды 14.02.2025
ҚР Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев Қостанай облысына жұмыс сапарында өңірдің бірнеше нысандарын аралап, жергілікті өнеркәсіптің даму барысымен танысты.Министр KIA автомобиль зауытында болып, онда жылына 70 мың автомобиль шығаруға қауқарлы жаңа өндіріс құрылысының барысымен танысты. Сондай-ақ, шойыннан жүк техникасына арналған автокомпонет шығарытын "KamLitkz" зауытында болды. Министр мұндай кәсіпорындардың өңір өнеркәсібін одан әрі дамыту үшін маңызды рөл ойнайтынын айтты.Сондай-ақ, Қостанайдың символына айналып, отандық өндірістің мақтанышы болып саналатын "Баян Сұлу" кондитерлік фабрикасын да назардан тыс қалдырмады. 1974 жылдан бастап зауыт кондитерлік өнімдердің кең ассортиментін ұсына отырып, тәулігіне 240 тоннадан астам өнім шығарады. Өз кезегінде Арман Шаққалиев ақпан айында өтетін Қазақстанның Тегерандағы сауда-экономикалық миссиясы аясында фабрика өнімдерін Иран нарығына шығаруды ұсынды."Сату географиясын кеңейту зауытқа қуаттылықты арттыруға көмектеседі және «Made in KZ" брендін халықаралық аренада ілгерілетуге қолдау көрсетеді", - деп атап өтті сауда министрі.Сондай-ақ, министр танымал ірімшіктер мен сүзбелермен қоса, «Новый день» брендімен өнім шығаратын "Милх" ЖШС жаңа зауытына барды. Арман Шаққалиевтың айтуынша қазақстандық сүт өнімдеріне деген сұраныс жоғары. Осы тұста министр отандық өндірісті қолдаудың маңыздылығын атап өтті.Одан бөлек Жол картасына сәйкес жаңартылған «Саяхат» базарына да ат басын тіреді. Модернизация сауда мен тұтынушыларға қызмет көрсету жағдайларын жақсартуға мүмкіндік береді. Биыл Қостанайдағы 3 базар жаңартылады.Қостанайға сапары барысында министр өңірдің бизнес өкілдерімен кездесіп, сауда субъектілерін мемлекеттік қолдау және салық реформасы туралы сұрақтарға жауап берді. Арман Шаққалиев сауда субъектілері үшін мемлекеттік көмектің шараларын, соның ішінде сауда объектілерін салу және жаңғырту үшін кредиттер бойынша пайыздық мөлшерлемелерді субсидиялау туралы баяндады. Осы мақсатта бюджеттен 5.27 млрд теңге қарастырылған. Қазіргі таңда Қостанай облысында «Даму» қорымен 22 жобаның пулы құрылып, оның 18-і мақұлданған. 6 жоба бойынша кәсіпкерлер екінші деңгейлі банктерден 529 млн теңге несие алған, оның 57 млн теңгесі субсидияланады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/933865
Қазақстан мен Грузия студенттерімен алмасу туралы келісімге қол қойылды 14.02.2025
Қазақстан мен Грузия студенттерімен алмасу туралы келісімге қол қойылдыБүгін Грузия Премьер-Министрі Иракли Кобахидзенің Қазақстан Республикасына ресми сапары аясында Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Грузияның Білім, ғылым және жастар министрлігі арасында жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім мен ғылым саласында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды. Бұл келісім бакалавриат, магистратура және PhD докторантура бағдарламалары бойынша 5 білім алушымен теңгерімді алмасуды қарастырады.Биылдан бастап Қазақстан азаматтарының Грузияда тегін білім алып, стипендия иеленуге мүмкіндіктері бар.Екі ел министрлерінің кездесуі барысында екіжақты ынтымақтастықтың келешегі, академиялық мобильділікті кеңейту, ғылыми тағылымдамалар мен шетелдік студенттер санының артуы мәселелері талқыланды.Министр Саясат Нұрбек Грузия мамандарының Қазақстан жоғары оқу орындарында даярлануының маңызды екенін және де еліміздің ғылыми әлеуетін дамытуға елеулі үлес қосуы мүмкіндігін атап өттіМинистр Александр Цуладзе жоғары білімнің соңғы даму үрдістері туралы айтып, бірлескен ғылыми ынтымақтастықты дамыту маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар, министр Цуладзе Саясат Нұрбекті жақын арада Грузияға шақырып, жаңа Кутаиси халықаралық мемлекеттік университетінің қызметімен танысуға ұсыныс жасады.Ресми кездесудің қорытындысында министрлер Қазақстан мен Грузияның жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім мен ғылым саласындағы ынтымақтастықтың табысты дамуына сенім білдірді. Олар қол қойылған келісімнің екі елдің студенттері мен ғалымдарына білім мен ғылымды одан әрі дамыту үшін жаңа мүмкіндіктер туғызатынын атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sci/press/news/details/932600
ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі, ҚР Оқу-ағарту министрлігі және «U-FUTURE» ЖШС арасындағы серіктестік аяқталды 14.02.2025
ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі, ҚР Оқу-ағарту министрлігі және «U-FUTURE» ЖШС арасындағы серіктестік аяқталдыҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі, ҚР Оқу-ағарту министрлігі мен «U-FUTURE» ЖШС арасындағы 2019 жылдан бастап 2024 жылға дейін жалғасқан мемлекеттік-жекеменшік серіктестігінің аяқталғанын хабарлады.МЖС туралы келісім 2025 жылдың 17 қаңтарында екі тараптың өзара келісімі бойынша МЖС келісімінің 22.4.2 тармағына және Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік-жекеменшік серіктестік туралы» Заңының 49-бабының 1-тармағына сәйкес тоқтатылды. Барлық серіктестік мақсаттары толық жүзеге асырылып, ынтымақтастық сәтті аяқталды деп танылды.ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек атқарылған жұмыстың маңыздылыған атап өтті.«U-FUTURE» ЖШС-мен серіктестік білім беру саласындағы бірқатар мемлекеттік тестілеуді электронды форматқа көшіруде маңызды рөл атқарды, оның ішінде Ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ), педагогтердің білімін бағалау (ПББ), докторантура мен магистратураға қабылдау емтихандары және басқа да тесттер болды. 2019 жылдан бастап мемлекеттік білім беру тестілерін цифрландыру бойынша кешенді жұмыс жүргізілді. Бұл емтихан процестерін барлығына ашық, технологиялық жағынан ыңғайлы етіп, жақсартуға мүмкіндік берді.Бүгінде Қазақстан ТМД елдері мен Орталық Азия арасында мемлекеттік білім беру тестілерін цифрландыру бойынша көшбасшы болып табылады, өйткені бұл аймақта осындай ауқымды және жаппай емтихан процесін автоматтандыру бойынша баламасы жоқ. Қазіргі заманғы технологияларды енгізу мемлекеттік білім беру тестілерінің сапасын және қолжетімділігін арттырып қана қоймай, еліміздің цифрлық трансформация стратегиясына сәйкес келеді.«U-FUTURE» ЖШС мен оның акционері Бахаридин Аблазимовке нәтижелі ынтымақтастық пен білім беру инфрақұрылымын дамытуға қосқан үлесі және білім беру саласында мемлекеттік тестілеуді электрондық форматта одан әрі жүргізуге мүмкіндік беретін жабдықты өтеусіз бергені үшін алғысымды білдіремін», – деді министр.Серіктестік аяқталғаннан кейін МЖС шарты шеңберінде «U-FUTURE» ЖШС акционері Бахаридин Аблазимов жалпы бағалау құны 1,1 млрд теңгені құрайтын UStudy тест орталықтарының жабдықтары мен бағдарламалық қамтамасыз етуін мемлекет меншігіне өтеусіз беру туралы шешім қабылдады. Осының арқасында елімізде 6300 жұмыс орнына арналған 45 өңірлік тестілеу орталықтарының заманауи желісі құрылды. Олардың жабдықтарына UStudy ұсынған 5300 компьютер, сондай-ақ Дүниежүзілік банктің бағдарламасы бойынша бұрын алынған 1000 техника кіреді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sci/press/news/details/932717
STUDY IN KAZAKHSTAN КӨРМЕСІ ШЫМКЕНТТЕ ЖАЛҒАСУДА 14.02.2025
STUDY IN KAZAKHSTAN КӨРМЕСІ ШЫМКЕНТТЕ ЖАЛҒАСУДАБүгін Study in Kazakhstan көрмесі үшінші мегаполис Шымкенттегі М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінде жалғасты. Қазақстандық жастардың білім алуына мүмкіндік беретін көрмеге әлемнің жетекші ЖОО-ның Қазақстандағы 20 филиалы қатысуда. Іс-шараға 4 мыңға жуық 9-11 сынып оқушылары қатысты, олардың арасында Қызылорда қаласынан келген түлектер де бар.Көрмеге қатысқан ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің кеңесшісі Руслан Емелбаев, педагог-профориентолог Айдос Жұманазар талапкерлерге бүгінгі ауқымды іс-шараның маңыздылығын түсіндіріп, мамандық таңдау бойынша кеңестерін ұсынды.«Қазақстанда 2022-2024 жылдары аралығында Ғылым және жоғары білім министрлігінің қолдауымен стратегиялық серіктес негізінде 23 шет елдік оқу орнының филиалдары ашылды. Бұл – жастарымыз үшін керемет мүмкіндік. Яғни енді олар Қазақстаннан шықпай-ақ халықаралық деңгейде білім алып, ең маңыздысы оған мемлекеттік грант негізінде қол жеткізе алады. Филиалдарда нарыққа қажетті IT, жасанды интеллект саласында мамандар даярлауға басымдық берілген. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасып жатыр. Мәселен, биыл Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті жанынан Сеул ұлттық ғылым және технология университетінің филиалы жұмысын бастайды», – деді өз сөзінде Руслан Тоқтарбекұлы.Жәрмеңкеге қатысқан Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дағы Қытай университеті филиалы өкілі Қарлығаш Боранқұлова талапкерлердің оқу ордасына деген қызығушылығы басым болғанын атап өтті. «Бітіруші түлектер Қытай университеті және оның мүмкіндіктері, білім алу талаптары жайында сұрап жатыр және ақпараттық технологиялар бағытындағы мамандықтарға сұранысы жоғары екенін байқадық» деген пікірімен бөлісті.Түлектер шет елдік әрбір ЖОО филиалдарының білім берудегі ерекшелігі, қос диплом жүйесі секілді өздеріне қажетті мәліметтермен жіті танысуда.Алда ҰБТ сынағы, талапкелердің өз мамандықтарын таңдайтын уақыттары жақындап келеді. Study in Kazakhstan жәрмеңкесі – бұл үшін таптырмас алаң.Құрметті жас талапкер, ата-аналарыңызбен бірге келіп, тың ақпарат, қажетті мәлімет алуға мүмкіндігіңіз бар! Көрме Әуезов университетінде 7 ақпанға дейін жалғасады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sci/press/news/details/932808