Қуқық
Астанада қоғамдық орындарда кальян шеккендер жазаланды 01.02.2025
Елорданың Есіл ауданында қоғамдық орындарда кальян шегудің алдын алу мақсатында кезекті түнгі рейд жүргізілді, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.Профилактикалық шараны Астана ауданы әкімдігінің қызметкерлері полиция басқармасымен бірлесіп ұйымдастырды.«Екі ойын-сауық мекемесінде заң бұзушылықтар тіркелді. Олардың әрқайсысында заңсыз кальян шегудің бір дерегі анықталып, әкімшілік хаттамалар толтырылды», – дейді полиция аға лейтенанты Жұлдыз Михин.Кальян шегетіндерге ҚР ӘҚБтК-нің 441-бабы бойынша айыппұл салынды.Мұндай рейдтер қаланың барлық ауданында елорда тұрғындары мен қонақтары арасында құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында тұрақты түрде өткізіліп тұрады.Айта кетейік, қоғамдық орындарда кальян шегуге тыйым салуды енгізу туралы қаулы 2013 жылдың 14 наурызында күшіне енген болатын. Заң бұзғандарға 15 АЕК көлемінде айыппұл салынады. Қайталап бұзғаны үшін – 20 АЕК. Ал мекеме иелеріне 20-дан 60 АЕК-ке дейін айыппұл салынады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/928673
Оңалту және дамыту: «Нұрлы жүрек» орталығында ерекше балаларға қандай көмек көрсетіледі 01.02.2025
Елордада стационарлық және жартылай стационарлық жағдайда арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін «Нұрлы жүрек» әлеуметтік қызмет көрсету орталығы ұзақ жылдар бойы жұмыс істеп келеді. Орталық ауыр соматикалық бұзылыстармен, церебральды сал ауруымен, әртүрлі көріністердегі эпилепсиямен, хромосомалық аурулармен, аутизммен, сөйлеу қабілетінің ауыр бұзылыстарымен және психикалық ауытқулары бар психикалық дамуы тежелген балаларға көмек көрсетеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.Мекеменің қамқорлығындағылар жасына, жынысына, психикалық және дене дамуының ерекшеліктеріне сәйкес топтарға бөлінеді. Мекеме 8 арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетеді: тұрмыстық, медициналық, білім беру, психологиялық, еңбек, мәдени, құқықтық және экономикалық.Орталықта аутизм спектрінің бұзылуы бар балаларға арналған мамандандырылған кабинет, сенсорлық кабинет, Монтессори кабинеті, тігін, ағаш және металл өңдеу шеберханалары, лекотека, СБО кабинеттері, компьютерлік кабинеттер, ойын лабиринт кешендері, жаттығу терапиясы кабинеттері, физиотерапия, және заманауи техникалық құралдармен жабдықталған галотерапия (тұзды шахта).Ғимараттардың аумақтары заманауи ашық спорттық құрал-жабдықтармен және антивандальды ойын кешендерімен, футбол, баскетбол және волейбол алаңдарымен жабдықталған.Орталық студенттері Spesial Olimpics, «Жұлдыз-ай», «Арман асулары» сияқты қалалық, республикалық және халықаралық іс-шараларға белсене қатысады. Соңғы 10 жылда Олимпиада спортының әртүрлі түрлерінен 115 алтын, 90 күміс және 95 қола медаль жеңіп алды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/928671
Астанада су тасқынына қарсы жұмыс жүріп жатыр 01.02.2025
Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Instagram парақшасында су тасқынына қарсы жұмыс қалай жүріп жатқаны туралы жазды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.«Қалада су тасқынына қарсы белсенді жұмысты жалғастырамыз. Коммуналдық қызметтер 4,5 млн текше метрден астам қар шығарды.Қазіргі уақытта жыл басынан бері арық-науа желісінің 11,5 мың погонды метрі тазартылды, 8 640 погонды метр коллекторлар, 428 бақылау және жаңбыр қабылдау құдығы жуылды, станциялардағы бірнеше сорғы жабдығы ауыстырылды және т.б.Сол сияқты Есіл өзенінің арнасына реконструкциялау (су реттейтін бөгет, 5-кезек) жүргізілді; нөсерлі кәріз жүйелеріне заңсыз қосылуды анықтау бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр, жеке тұрғын үй секторларында рейдтер жүргізілуде және т.б.Аталған жұмыстың бәрі жүріп жатыр. Азаматтық қорғау органдары, коммуналдық қызметтер және т.б. тұрақты дайындықта. Елді мекендер мен су тасқыны қаупі бар учаскелерге, су өткізу құрылыстарын тазартуға, нөсерлі кәріз жүйелерін салуға ерекше назар аударылады», - деп жазды Жеңіс Қасымбек.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/929196
Облыс әкімі Марат Ахметжанов Қазақстан Республикасындағы Православ Шіркеуінің басшысы, Астана және Қазақстан митрополиті Александрмен кездесті 01.02.2025
Кездесу барысында Марат Ахметжанов Көкшетау және Ақмола епархиясын басқарған архиепископ Серапионның қайғылы қазасына байланысты митрополит Александрға көңіл айтты.«Серапион Владыка біздің өңірімізде конфессияаралық келісімді нығайту ісіне үлкен үлес қосты. Ол епархияда 10 жылдан астам қызмет етіп, тек прихожандар мен дін қызметкерлерінің ғана емес, сонымен қатар облыс тұрғындары мен басқа конфессия басшыларының да құрметі мен сеніміне ие болды», – деп атап өтті облыс әкімі.Өз кезегінде, Қазақстан Республикасындағы Православ Шіркеуінің басшысы облыс әкіміне қиын сәтте білдірген қолдауы мен жанашырлығы үшін алғыс айтты. Митрополит Александр архиепископ Серапионның адамдарға қызмет етуге және қоғамның рухани негіздерін нығайтуға өз өмірін арнаған көрнекті рухани тәлімгер болғанын атап өтті.Сонымен қатар, кездесу барысында тараптар конфессияаралық келісім, жастардың рухани-адамгершілік тәрбиесі және өңір игілігіне бағытталған бірлескен әлеуметтік бастамалар мәселелерін талқылады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/929093
Ерболат Досаев Digital Almaty форумында инновациялық әзірлемелермен танысты 01.02.2025
Алматы әкімі Ерболат Досаев Digital Almaty 2025 халықаралық цифрлық форумға қатысып, оның барысында қала басшысы инновациялық әзірлемелер, соның ішінде қазақстандық мамандардың жобалары ұсынылған стартап-аллея мен робо-аймақты аралап көрді.Мегаполис басшысы цифрлық трансформацияның жаңа жетістіктерімен танысты. «Индустрия X» аймағында қазақстандық технологиялық компаниялар ірі өнеркәсіптік кәсіпорындарда енгізілген табысты жобаларды көрсетті. «Индустрия X» өндірістің әртүрлі салаларында тиімділікті, сапаны және өнімділікті арттыру үшін жасанды интеллектті қоса алғанда, озық технологияларды пайдалануды қамтиды.Орталық Азияның цифрлық хабы ретінде іс- қимыл жасайтын Алматы дәстүрлі түрде форум өткізілетін орынға айналды. Биылғы жылы іс-шараға 300-ден астам халықаралық сарапшылар қатысып, 40-тан астам панельдік сессия аясында экономиканың нақты секторында цифрлық технологияларды қолданудың табысты кейстері ұсынылады.Айта кетерлігі, Қазақстанның IT-компанияларының үштен бірі Алматыда шоғырланған. Қала басшысының тапсырмасы бойынша іске асырылған ақылды қалаларды, жасанды интеллектті, үлкен деректерді және тұрақты дамуды қоса алғанда, негізгі бағыттардағы стартаптарды дамытуға және қолдауға бағытталған Алматының ІТ-экожүйесін дамыту бағдарламасының арқасында тартылған инвестициялардың жалпы сомасы 19,2 млн АҚШ долларын құрады, ал стартаптардың жиынтық табысы 5,37 млрд теңгеге жетті. 2 049 жұмыс орны құрылды.Мегаполисте Almaty Cyber Games (ACG) жобасы сәтті дамып келеді, оның мақсаты - Алматыны өңірдегі киберспорт пен ойын индустриясының басты орталығына айналдыру. 2024 жылы ACG International Tencent Games 2024 бірлескен халықаралық турнирі өтті.Акселерациялық және инкубациялық бағдарламалар 309 стартапты сәтті аяқтады, оның 16-сы халықаралық нарықтардағы сатылымдарды растады.Сонымен қатар, Алматыда Қазақстанда алғаш рет қала тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін видеосараптама мен жасанды интеллект пайдаланылды. 2023 жылы әкімдік мемлекеттік білім беру және мектепке дейінгі мекемелерде кешенді қауіпсіздік жүйесін енгізді. Алматының табысты тәжірибесін қабылдай отырып, еліміздің басқа өңірлері де осы технологияны енгізе бастады. Бірыңғай видеомониторинг жүйесінің жобасы аясында жыл соңына қарай бірыңғай желіге біріктірілген қалалық камералар саны 70 мыңға дейін ұлғаяды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/929122
ҚР Туризм және спорт министрінің орынбасары - Мирас Төлебаев: Лудоманияға қарсы күрес мақсатында былтыр ойын бизнесі және лотерея салаларында ауқымды заңнамалық түзетулер қабылданды 01.02.2025
ҚР Туризм және спорт министрінің орынбасары Мирас Төлебаевтың баяндамасы басталды.«Лудоманияға қарсы күрес мақсатында былтыр ойын бизнесі және лотерея салаларында ауқымды заңнамалық түзетулер қабылданды. 8 кодекс пен 14 заңға букмекерлік кеңселердің жарнамасын шектеуді, мемлекеттік қызметшілер мен борышкерлердің құмар ойындарға қатысуына тыйым салуды, ойын бизнесі субъектілерінің жауапкершілігін күшейтуді, онлайн-казинолар пайдасына транзакцияларды бұғаттауды көздейтін 150 түзету енгізілді.Түзетулер қазақстандықтардың мүдделері мен денсаулығын қорғауға, жауапты ойын мәдениетін қалыптастыруға бағытталып отыр. Шілде мен қыркүйек аралығында ойын бизнесі субъектілеріне, отандық БАҚ-та және мемлекеттік органдарға заңның жаңа нормалары түсіндірілді. Жарты жылдың ішінде новеллалар өздерінің өзектілігін дәлелдеді».«Материалдық берешегі бар азаматтардың жағдайын одан әрі қиындатпау үшін Борышкерлердің бірыңғай тізілімінде тіркелген 3 миллионға жуық адам құмар ойындардан шеттетілді. Бүгінде аталған тізілімге енгізілген 15 мыңға жуық азаматтардың аккаунттары бұғатталды. Қазіргі уақытта, Әділет және Цифрландыру министрліктерінің қолдауымен бәс тігушілердің ЖСН-дерін автоматты түрде борышкерлер тізілімімен сәйкестендіру мәселесі пысықталуда.Борышкерлерден бәсті қабылдау 80 фактісі бойынша 5 букмекерлік кеңсеге қатысты әкімшілік іс қозғалды, 1 субъект жауапқа тартылды. Борышкерлерден бөлек 85 мыңнан астам мемлекеттік қызметшілерге, 70 мың әскери қызметшілерге, 100 мыңға жуық құқық қорғау және арнайы органдардың қызметкерлеріне құмар ойындар мен бәс тігуге тыйым салынды».«Қызметті автоматтандыру әрі шектеу мерзімін ұзарту өзін-өзі шектегендердің санын 3 мыңнан 188 мың адамға дейін ұлғайтты. Азаматтардың өтініштері бойынша өзін-өзі шектеу мерзімі 1 жылдан 10 жылға дейін ұзартылды. 12 мың азамат жаңа норманы пайдаланып, өздерін бір жылдан астам мерзімге шектеді. Қазіргі уақытта букмекерлік кеңселердің клиенттерін өзін-өзі шектегендер тізімімен автоматты түрде сәйкестендіру бойынша пилот іске асырылуда».«Азаматтардың бәс тігуге қатысуын бақылауды бірыңғай есепке алу жүйесі атты төлем және мониторинг платформасы қамтамасыз етеді. Жүйе мемлекеттік дерекқорлармен және букмекерлердің электрондық кассаларымен интеграцияланады. Букмекерлік кеңсенің әрбір клиенті жүйеде бақылаудан өтеді. 21 жасқа толмаған тұлғалар, өзін-өзі шектегендер, борышкерлер және мемлекеттік қызметшілер бәс тігуге қатыстырылмайды.Сонымен қатар есепке алу жүйесі букмекерлік кеңселердің қаржылық айналымын бақылау арқылы мемлекеттік кірістер мен қаржы мониторингі органдарының жұмысын жеңілдетеді. Бұдан бөлек есепке алу жүйесі интернетте мониторинг жүргізіп, интернет-казинолар туралы мәліметті автоматты түрде Ақпарат министрлігіне жолдайды. Жүйені биыл іске қосу жоспарлануда».«2024 жылы Ойын бизнесін және лотереяны реттеу комитеті 7 букмекерлік кеңсеге, 3 ойын автоматтары залына және 1 казиноға, лотерея операторына тексеріс жүргізді. Тексеріс қорытындысы бойынша, 1 букмекер лицензиядан айырылды, 4 букмекерге, 2 ойын автоматтары залына және лотерея операторына 8 млн теңге көлемінде айыппұл салынды.101 жеке тұлға жауапкершілікке тартылып, 43 млн теңгеге көлемінде айыппұл төледі. Заңсыз лотереяны ұйымдастырудың 40 фактісі бойынша материалдар жинақталуда. Комитет құрылғанға дейін заңсыз лотереялармен ешкім айналыспағанын атап өту керек. Елімізде лотереяны «Сәтті жұлдыз» компаниясы ғана ұйымдастыруға құқылы. Әлеуметтік желілердегі ұтыстардың барлығы да заңсыз».«Комитеттің тапсырысы бойынша құмар ойындарға құштарлықтың себептері мен ауқымын түсінуге арналған алғаш республикалық әлеуметтанулық зерттеу жүргізілді. Зерттеу 18 бен 65 жас аралығындағы 6 мың респондентті қамтыды. Талдау нәтижелері наурызда жарияланады.Педагогтар мен психологтардың қатысуымен лудоманияның алдын алу бойынша әдістемелік ұсынымдар әзірленді, республикалық семинар өткізілді, мұғалімдер мен ата-аналар үшін Министрліктің сайтында қолжетімді бейнесабақтар дайындалды. Әзірленген әдістеме негізінде Оқу-ағарту, Ақпарат, Жоғары білім және Қорғаныс министрліктері ауқымды тәрбие жұмыстарын жүргізуде».Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/928436
ҚР Туризм және спорт министрінің орынбасары Серік Жарасбаев: Бүгінгі таңда республика бойынша 521 жасөспірімдер спорт мектебі бар, оларда 406 227 спортшы айналысады 01.02.2025
ҚР Туризм және спорт министрінің орынбасары Серік Жарасбаевтың баяндамасы басталды.«Бүгінгі таңда республика бойынша 521 жасөспірімдер спорт мектебі бар, оларда 406 227 спортшы айналысады. Оның 15468-ін жаттықтырушылар 74%-ы (11371 адам) олимпиадалық спорт түрлерімен, 15%-ы (2302 адам) – олимпиадалық емес спорт түрлерінен және 11% (1741 адам) – ұлттық спорт түрлерінен спортшыларды дайындайды.Жасөспірімдер спорт мектебінде спорттың 114 түрі, соның ішінде олимпиадалық спорт түрлерімен – 302 204, олимпиадалық емес спорт түрлері бойынша – 31 043, ұлттық спорт түрлері бойынша – 44 695, Азия ойындары бағдарламасына енгізілген спорт түрлері бойынша – 27 581 адам айналысады».«Өткен жылдың қорытындысы бойынша ең жоғары көрсеткіштер Түркістан облысына – (47 266 бала), Қарағанды облысына – (27 762 бала), Жамбыл облысына – (26 241 бала) тиесілі. Ал ең төменгі көрсеткіш Астана қаласында – (8 769 бала), Ұлытау өңірінде – (10 288 бала) және Абай облысында – 12 406 бала тіркелді».«2024 жылдың соңына қарай елімізде 660 мыңнан астам адам немесе дене шынықтыру және спортпен айналысатындардың жалпы санының 9,6%-ы ұлттық спорт түрлерімен жүйелі түрде айналысады. Бүгінде республика бойынша Ұлттық спорт түрлерінен 15 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі, 17 спорт клубы, 1 спортты дамыту дирекциясы жұмыс істейді.«Жаппай көкпар» танылып, спорт түрлерінің тізіліміне енгізілген. Шымкент, Алматы, Жетісу, Қызылорда, Түркістан облыстарындағы республикалық және 5 облыстық федерациялар аккредитациядан өтті. Басқа өңірлерде осы жұмысты жалғастырып, аяқтау қажет».«Мүмкіндігі шектеулі тұлғалар арасында спортты дамытуға көп көңіл бөлінеді. Спортпен жүйелі түрде айналысатын мүмкіндігі шектеулі жандардың саны артып келеді. 2024 жылдың қорытындысы бойынша 61 034 адам немесе 18,5% оның ішінде 23080 адам немесе 18 жасқа дейінгі балаларды құрайды. 2023 жылмен салыстырғанда 4212 адамға өскен.Бүгінгі таңда республикада 16 спорт клубтары, Алматы облысы бойынша 1 спортты дамыту басқармасы және 2 мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған спорт мектебі, республикалық деңгейде мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған «Спорттық дайындық орталығы» жұмыс істейді».«Келесі маңызды бағыт – спортшыларды алаңда медициналық және биологиялық қамтамасыз ету. Бекітілген салалық Тұжырымдамаға сәйкес, еліміздің 9 өңірінде, соның ішінде Ұлытау, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан облыстарында медициналық дене шынықтыру диспансерлерін ашу жоспарлануда. Осы облыстардың басшыларынан осы бағытта тиісті жұмыстар жүргізуді сұраймын».«Бүгінгі таңда жазғы және қысқы олимпиадалық және ұлттық спорт түрлері бойынша ұлттық құраманың құрамында 10 056 спортшы бар, бұл өткен жылмен салыстырғанда 928 адамға немесе 8% артық. Алдыңғы қатарда Алматы қаласын атап өту керек. Ұлттық құрамаларға мегаполистің 1456 спортшысы кіреді, бұл 13%, өткен жылмен салыстырғанда олардың 95 адамға артқан. Келесі өңір – Шымкент қаласы, көрсеткіштері бойынша 834 спортшы немесе 8%, 74 адамға өсті.Сонымен қатар кейбір өңірлердің нәтижелері ұлттық құрамаларға спортшыларды ауыстырудың теріс динамикасын көрсетіп отыр. Олардың ішінде 26 адамға азайған Астана қаласы бар, төмендеу Солтүстік Қазақстан облысында 17 спортшыға тіркелді»,-деді Серік Жарасбаев.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/928481
Алқа отырысында ҚР Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов қорытынды есеп берді. 01.02.2025
«Негізгі қызмет қорытындылары тұжырымдалды. Ендігі кезекте алдымызға қойған өзекті әрі жүйелі шараларымыз туралы айта кетуге рұқсат етіңіздер! Заңсыз ойын бизнесіне қарсы күрес және лудоманияға қарсы іс-қимыл салаларын жетілдіруде ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Халық арасында құмар ойындарға қатысудан шектеу жұмыстары жалғасуы керек.Өткен жылы арнайы Ойын бизнесін және лотереяны реттеу комитеті құрылғанын жақсы білесіздер. Комитет бұл бағытта азаматтардың құмар ойындары мен бәс тігуге жол беруінің себептері мен ұлғаю ауқымы туралы әлеуметтанулық зерттеуді аяқтауға тиіс».«Ел абыройын асқақтатар елеулі саланы дамыту, спортқа бейім, бәсекеге қабілетті бірегей ұлт, салиқалы ұрпақ қалыптастыру – әрқайсымыздың басты міндетіміз. Мемлекет басшысы «Бұқаралық спортты дамыту арқылы біз ұлтымыздың денсаулығын жақсартамыз және бүкіл еліміз мақтан тұтатын спорт жұлдыздарының жаңа буынын тәрбиелеп шығарамыз» деп ерекше атап өткен болатын.Президентіміз спорт саласына түбегейлі өзгерістер қажет екеніне баса назар аударып, саланың стратегиялық дамуының басым бағыттарын белгілеп берді. Министрлік алдында балалар және бұқаралық спортын дамыту және жоғары жетістіктер спортын жетілдіруде ауқымды жұмыстар тұр. Бұқаралық спорт жан саулығымызды нығайтуға бағытталса, үлкен жетістіктерге жетелейтін спорт – елдің оң имиджін қалыптастырады».Ербол Мырзабосынов Мемлекет басшысының берген тапсырмаларын сапалы орындау мақсатында Министрлік түбегейлі кешенді реформа жүргізу үшін нақты шараларды жүзеге асыруы қажет екенін айтты.«Басқару вертикалін қалпына келтіру мақсатында өңірлік спорт басқармаларының басшыларын тағайындау тәртібі өзгергені өздеріңізге мәлім. Оларды тағайындау Министрлік жанынан құрылған арнайы комиссияның келісімімен жүзеге асырылуда. Ұсынылған кандидаттар нақты талаптар бойынша бағаланады. Үміткерлердің саладағы тәжірибесі мен даму жоспарының болуы, сондай-ақ олардың спорт ғылымының негізі мен менеджментін меңгергені ескеріледі. Бүгінгі таңда комиссия Павлодар, Қарағанды, Қызылорда, Батыс Қазақстан, Ұлытау және Ақтөбе облыстары бойынша кандидатураларға келісім беріп, 6 басқарма басшылары тағайындалды. Бұдан бөлек, спорт федерациялары президенттерінің тағайындалуына бастамашы болып, кандидатураларды ұсынып, олардың қызметінің негізгі көрсеткіштерін (KPI) айқындаймыз. Сонымен бірге құрама командалар үшін спортшыларды даярлайтын өңірлік дене шынықтыру-спорт ұйымдарын Министрліктің қарамағына беру бойынша жұмыстар жүргізілуде».Туризм және спорт министрі Париж Олимпиадасы алдында спортшыларға қолдау көрсететін, спорт түрлеріне бағыт-бағдар беретін Performance Hub ғылыми топ құрылғанын айтты.«Қазіргі таңда ғылыми топ қысқы Азия ойындарына баратын спортшылардың дайындық барысын пысықтауда. Сонымен бірге спорт саласында бейінді мамандарды даярлау жұмыстары да назардан тыс қалмауда.Біздің Ұлттық спорттық медицина және оңалту орталығының бастамасы бойынша Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен алғаш рет «спорттық медицина», «нутрициология» мамандықтары бойынша кәсіби стандарттар енгізілді. Бұл бағыттағы жұмыстар Астана қаласында салынып жатқан Ұлттық спорт университетінің құрылысы аяқталған соң, аталған оқу орны аясында спорттық ғылымды дамытуды одан әрі қолға алмақпыз».«Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес саланы цифрландыру аясында пилоттық режимде e-Sport платформасының 3 модулін жүзеге асырдық. Федерациялармен бірлесіп деректер базасын толтыру жұмыстары жүргізілуде. Платформада 81 федерация және 6 ұйым жұмыс істейді. Қазіргі таңда сондай-ақ 17 мыңнан астам спортшының мәліметтері енгізілді. Жылдың соңына дейін спорттың цифрлық платформасын толыққанды енгізу бойынша барлық қажетті шаралау қабылдау қажет».Министр өңірлердегі спорттың дамуы мен жай-күйін айқындау үшін құрылған мониторингтік жұмыс тобының нәтижелеріне тоқталды.«Мониторинг барысында өңірлерде біршама жүйелі проблемалық мәселелер анықталды. Атап айтқанда:-спорттық резерв пен жоғары санаттағы спортшыларды даярлауда вертикальді сабақтастықты сақтамау;-олимпиадалық және олимпиадалық емес спорт түрлерін дамытудағы теңсіздік;-кәсіби клубтардың лимиттерінің артуы, легионерлерді тарту;-адами ресурстарды, спорт инфрақұрылымын тиімсіз басқару;- саралау міндеттерін сақтамау, тізілімге енбеген спорт түрлерін дамыту және басқалар.Аталған жүйелі мәселелерді жедел шешу бойынша тиісті ұсынымдарберілді. Ел спортын өркендету жолында өздеріңізбен бірге жұмыла жұмыс жасауға біз әрқашан да дайынбыз. Жалпы, қорыта келгенде, Министрліктің алдына қойған міндеттері осындай. Бұл мақсаттарға жету үшін барлық күш-жігерімізді салатын боламыз».Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/928532
Туризм саласының 2025 жылға қойылған негізгі міндеттеріне арналған кеңейтілген Алқа мәжілісі 01.02.2025
ТІКЕЛЕЙ ЭФИРАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/928648
Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің орынбасары - Ержан Еркінбаев: 2024 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша туризм саласының негізгі көрсеткіштерінің өсуі байқалады 01.02.2025
«2024 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша туризм саласының негізгі көрсеткіштерінің өсуі байқалады. Қонақүйлерде тұратын ішкі туристер саны шамамен 6 млн адамды құрады, 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 600 мыңға өсті. 2024 жылдың қорытындысы бойынша ішкі туристер саны 10,5 млн адамды құрайды деп күтілуде. Жалпы, жұмысқа немесе тұрақты тұруға келгендерді есепке алмағанда, әртүрлі туристік мақсаттармен елге 15,3 миллион шетелдік қонақ келді. Оның ішінде 10,4 млн адам бізде 1 күннен астам уақыт өткізді, біз оларды шетелдік туристер ретінде қарастырамыз».«Орналастыру орындарының саны 4 315-ке жетті, біржолғы сыйымдылық 226 мыңнан астам төсек-орынды құрады. Қонақ үйлерді, демалыс базаларын қоса алғанда, орналастыру объектілерінің жиынтық табысы 224 млрд теңгені құрады.2024 жылдың қорытындысы бойынша туризм саласына инвестициялар көлемінің 2023 жылмен салыстырғанда 20,7%-ға өсуі тіркелді, бұл абсолютті көрсеткіштерде 947,5 млрд теңгені құрады. Туристік салада 538 мың адам жұмыспен қамтылған, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 7%-ға жоғары».«Шетелдік туристерді тарту экономиканы дамытуда шешуші рөл атқарады. Шетелдік туристер 2024 жылы еліміздің аумағында 1,2 трлн теңгеден астам қаражат жұмсады, бұл экономикаға жақсы үлес. 2024 жылғы 9 айда шетелдік келушілердің саны 968 мың адамды құрады.Келуші туристер санының едәуір өсуі Алматы (+146%), Қызылорда (+101%) және Жетісу (+62,1%) облыстарында тіркелді. Шетелдік туристерді тарту бойынша аймақтар бөлінісінде кейбір аймақтарда өткен жылмен салыстырғанда теріс динамика бар».«Шетелдік туристерді тарту экономиканы дамытуда шешуші рөл атқарады. Шетелдік туристер 2024 жылы еліміздің аумағында 1,2 трлн теңгеден астам қаражат жұмсады, бұл экономикаға жақсы үлес. 2024 жылғы 9 айда шетелдік келушілердің саны 968 мың адамды құрады.Келуші туристер санының едәуір өсуі Алматы (+146%), Қызылорда (+101%) және Жетісу (+62,1%) облыстарында тіркелді. Шетелдік туристерді тарту бойынша аймақтар бөлінісінде кейбір аймақтарда өткен жылмен салыстырғанда теріс динамика бар».«2024 жылдың қорытындысы бойынша туризм саласындағы негізгі капиталға салынған инвестицияда оң серпін байқалады. Жоғарыда айтылғандай, инвестиция көлемі 947,5 млрд теңгені құрады. Сондай-ақ 15 облыста инвестиция тартуда өсуі байқалады.Ең үлкен өсім Батыс Қазақстан облысында – 196,2%, Ұлытау облысында – 84,2%, Қызылорда облысында –63% тіркелді. 5 аймақ өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда теріс өсу қарқынын көрсетеді. Сонымен қатар 2024 жылы жоспарлы көрсеткіші 9 облысқа жеткен жоқ».«Былтырдан бастап Қазақстанда туризмді дамыту мақсатында Travel Map интерактивті платформасы жұмыс істей бастады. Онда өңірлер бойынша инфрақұрылымдық және инвестициялық жобалардың іске асырылуына мониторинг жүргізіледі.Биылдан бастап министрлік аталған платформа негізінде әкімдіктердің рейтингін қалыптастыруды бастауды жоспарлап отыр. Рейтингті сапалы өткізу үшін өңірлерге өзекті және талдамалық материалдарды жүйелі түрде жариялау ұсынылады».«2025 жылы министрлік туристік саланы дамытуға бағытталған стратегиялық бастамаларды жүзеге асыруды жалғастырады.Бірінші. Салаға қатысты заңға өзгерістер енгізу жоспарлануда. Әкімдіктерге елді мекендерден тыс жерлерде, оның ішінде ұлттық парктер аумағында туристік инфрақұрылымды салу құқығы беріледі. Инфрақұрылымдық объектілерді қаржыландыру үшін жеке бюджет бағдарламасы құрылатын болады. Екінші. Негізгі бағыт үш басым дестинацияны, Щучье-Бурабай курорттық аймағын, Маңғыстау курорттық аймағын және Алматы тау кластерін дамыту жөніндегі кешенді жоспарларды бекіту және іске асыру.Үшінші. Биыл ел бойынша туристік инфрақұрылымды түгендеуді аяқтаймыз. Қорытындысы бойынша бюджеттік мүмкіндіктерге сүйене отырып, нақты басымдығы бар инфрақұрылымдық жобалардың тізбесі және оларды іске асыру кестесі жаңартылады.Төртінші. Экотуризмді одан әрі дамыту мақсатында ұлттық парктерде туристік инфрақұрылымды дамыту тұжырымдамасы әзірленеді.Бесінші. Туризм саласындағы шағын және орта бизнесті қолдау мақсатында жергілікті қауымдастықтардың туристік өнімдер мен қызметтерді дамытуына мүмкіндік беретін жеңілдетілген несие беру механизмін әзірлеу жоспарланып отыр.Алтыншы. Туристік өнімдерді әртараптандыру мақсатында медициналық, сауықтыру-курорттық, балалар-жасөспірімдер және астрофизикалық туризм сияқты тақырыптық бағыттарды дамыту жөніндегі шаралар әзірленеді».Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/928779
ҚР Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосыновтың алқа отырысындағы қорытынды баяндамасы 01.02.2025
«Бүгін Министрлік, Kazakh Tourism ұлттық компаниясы, Халықаралық туризм және меймандостық университеті, бірқатар әкімдіктер қызметінің қорытындылары бойынша баяндамалар тыңдалды, инвестор туризмді дамыту бойынша өз тәжірибесін және көзқарасын ортаға салды. Мемлекет басшысының тапсырмаларын ескере отырып, алға қойылған міндеттерге қол жеткізу үшін ортақ күш салу қажет.Әкімдіктер өңірлерге туристерді тартуға және бұл үшін жағдай жасауға назар аударуы керек. Осыған байланысты қызметтердің сапасын арттыру, жаңа ұсыныстар жасау және белсенді ілгерілетуге міндетті. Өңірлерде жаңа туристік өнімдерді құру шеңберінде этнотуризм объектілерін, қолөнершілер орталықтарын, этноауылдарды, ұлттық тағамдары бар қоғамдық тамақтану пункттерін дамытуға ерекше назар аударуға тиіс».«Туризм көрсеткіштері бойынша нақты көріністі көру мақсатында әкімдік Ұлттық статистика бюросымен өзара іс-қимыл жасау арқылы туристік ағын бойынша мониторинг жүргізуді ұйымдастыру талап етіледі. Саланы цифрландыру бойынша жұмысты жалғастыру қажет. Өңірлерде е-qonaq жүйесін одан әрі енгізуге назар аудару, жүйеге қосылудың маңыздылығы мен артықшылықтарын түсіндіру жұмыстарын жүргізу керек. Сондай-ақ гидтердің қызметін цифрландыру бойынша жұмысты жалғастыруды тапсырамын».«Мемлекет басшысы жақында ғана өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында туризмді дамыту мәселелеріне баса назар аударған болатын. Туризм экономиканың өсуіне жаңаша серпін беретін сала болуы қажет деп айрықша атап өтті. Жеке инвесторларды тарта отырып, қажетті инфрақұрылым салу жұмысын дереу бастау маңыздылығына аса мән берді. Осы орайда, Президент қойған міндеттер мен тапсырмаларды мүдделі тараптармен бірлесіп іске асырамыз», - деді Ербол Мырзабосынов.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/928946
Астанада әскери топографтар мен топографиялық қызмет ардагерлеріне құрмет көрсетілді 01.02.2025
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорғаныс университетінде әскери топографтардың кәсіби мерекесіне арналған салтанатты іс-шара өтті.Оған департаменттің әскери қызметшілері, басқа да күштік ведомстволар топографиялық қызметтерінің, отандық IT-компаниялардың өкілдері, ҚР Ұлттық қорғаныс университетінің профессорлық-оқытушылық құрамы, жоғары оқу орындары жанындағы әскери кафедралардың оқытушылары және Қарулы күштердің ардагерлері қатысты.Әріптестерін әскери топограф күнімен құттықтаған Геоақпараттық қамтамасыз ету департаментінің бастығы полковник Серік Жолдыбаев оларға технологияларды дамытуға және елдің қорғаныс қабілетін нығайтуға қосқан үлесі үшін алғысын білдірді.– Біз әлемнің барлық дамыған елдері нақты уақыт режимінде мақсаттарды анықтауды, ақпарат алмасуды және мақсатты көрсетуді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін бірыңғай басқару жүйесі – «цифрлық ұрыс алаңын» құру үшін жұмыс істеп жатқан жағдайда тұрмыз. Сондықтан геоақпараттық технологияларды дамыту түрлі саладағы әскери және азаматтық сарапшылардың күш-жігерін біріктіруді көздейді, – деді ол.Серік Жолдыбаев сондай-ақ бүгінде әскери топографтардың күш-жігері әскери мақсаттағы геоақпараттық жүйелерді Қарулы күштердің әскерлер мен қаруды басқару жөніндегі автоматтандырылған жүйелерімен біріктіруге бағытталғанын атап өтті.– Функционалдық сұранысқа ие технологияларды енгізу командирлерді жергілікті жер туралы егжей-тегжейлі ақпаратпен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Ал бұл өз кезегінде олар қабылдайтын шешімдердің жеделдігі мен тиімділігін арттырады, – деп полковник С. Жолдыбаев инновациялардың маңыздылығын атап өтті.Кәсіби мерекеге орай геоақпараттық технологиялардың дамуына үлес қосқан мамандарға грамоталар, алғыс хаттар және естелік сыйлықтар табыс етілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/928403
Астана әскери мұражайында қазақ партизандары туралы «Олар Еуропаны шарлап өтті» атты көрме ашылды. 01.02.2025
ҚР Қарулы күштері Ұлттық әскери-патриоттық орталығы Әскери-тарихи музейінің «ХХ ғасыр» залына қойылған материалдар Екінші дүниежүзілік соғысқа Қазақстаннан қатысқан партизандарға арналды. Экспозицияның салтанатты ашылуына Францияның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Сильван Гиоге, Францияның Қазақстандағы әскери атташесі полковник Робер Аземанн, «Қарулы күштер ардагерлері» РҚБ төрағасының орынбасары отставкадағы генерал-майор Марат Нағұманов қатысты.– Екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталуына 80 жыл толуы мерекелік күн ғана емес, сіздердің арқаларыңызда бұл Францияның азат болған күні. Елімізді азат етуге көптеген елдер мен халықтар өз үлестерін қосты. Олардың қатарында француз жерінде соғысқан 300-ге жуық қазақ та бар. Атап айтқанда даңқты жауынгерлер Қабыш Омаров пен Қәдем Жұманиязов. Біз елден жырақта соғысып, ерліктен қаза тапқандарды жадымызда сақтауымыз керек, – деп атап өтті Франция елшісі.Қазақстандықтар партизан жасақтарының құрамында француз жауынгер жолдастарымен бірге Тулуза мен оңтүстік Францияның басқа да қалаларын азат етті. Жерлестеріміздің осы қаланы азат ету құрметіне арналған парадқа қатысқанын растайтын фотосуреттер сақталған. Оның қатарында бесінші республиканың бірінші президенті, әйгілі генерал Шарль де Голль болды.Отставкадағы ардагер генерал-майор Марат Нағұманов оны білетінін айтты. Ол Шарль де Голль жұбайымен бірге Сталинград шайқасының 80 жылдығына келгенін еске салды. М. Нағұмановтың жеке мұрағатында Мамаев қорғанында бірге түскен суреті бар екен. Көрмеге партизан жасақтары құрамында соғысқан қазақ жауынгерлерінің жеке заттары, құжаттары мен фотосуреттері қойылған. Жәдігерлер қатарында Екінші дүниежүзілік соғыс уақытындағы американдық радио таратқышы, трофейлік далалық телефон және телеграф кілті бар. Одан өзге бірінші кеңестік партизандық полк құрамында Францияның оңтүстігін азат ету үшін шайқастарға қатысқан Әбибулла Қойшыбаевтың куәлігінің көшірмесі және «Defence de la France» газетінен үзінді сақталған. Стендтердің бірінде партизан қозғалысы ардагерлерінің естеліктері жарияланған «Франция ормандарында», «Француз командирінің қарсы іс-қимылы», «Парижде түсіме ылғи дала кіретін» деген тақырыптарда қазақстандық баспа басылымдарының беттерін көруге болады.Биыл Қазақстан 1941–1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығын атап өтуде. Бұл күннің маңыздылығы туралы Ел Президенті – Қарулы күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: «9 мамырдың төл тарихымыздағы орны ерекше. Майдангерлердің қаһармандығы мен қайсарлығының, тыл еңбеккерлерінің жанкештілігінің арқасында жеңіске жеттік. Елдің азаттығы мен ұрпақтың жарқын болашағы үшін жанын пида еткен боздақтарымызды мәңгі есте сақтау – қасиетті борышымыз» деді.Көрмеге келушілер фашизмге қарсы жорықтардың қаншалықты ауқымды болғанын және оған қатысқан қазақстандықтар жайлы көбірек біле алады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/928426
Еліміздің жетекші медициналық жоғары оқу орындарының студенттері Қарулы күштермен келісімшартқа отырды 01.02.2025
«Астана медицина университетінің» 43 студенті келісімшарт бойынша әскери қызметке кіруге ниет білдіріп отыр.ҚР ҚК Бас әскери-медициналық басқармасының бастығы медицина қызметінің полковнигі Ержан Смайыл өз тағдырын армиямен байланыстыруды жоспарлап отырған жастармен кездесті.Оған Қарулы күштер түрлері мен әскер тектері медицина қызметтерінің бастықтары және кадр органдарының офицерлері қатысты. Әскери дәрігерлер студенттерге әскери-медициналық лауазымдарда қызмет өткеру ерекшеліктерін, нормативтік құқықтық актілерге әскери дәрігерлердің әлеуметтік пакетін жақсарту мақсатында енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды жеткізді.Бас әскери-медициналық басқарма мамандары жыл сайын мектептер мен медициналық колледждердің түлектерімен, мерзімді қызмет сарбаздарымен және келісімшарт бойынша әскери қызметшілермен, сондай-ақ әскери кафедралардың толық курсынан өткен медициналық жоғары оқу орындарының студенттерімен кездесіп тұруды әдетке айналдырған. Ондағы мақсат азаматтарды келісімшарт бойынша әскери қызметке тарту және Әуе қорғанысы күштері әскери институтының интернатурасына қабылдауды жүзеге асыру болып табылады.Бүгінде «Астана медицина университеті», С. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті, «Қазақстан-Ресей медициналық университеті» және «Семей медицина университетінің» студенттері арасынан 24 адам биылғы жылы әскери институт интернатурасына түсуге ниет білдіргенін айта кету керек. Ал «Астана медицина университетінің» 43 студенті келісімшарт бойынша әскери қызметті таңдаған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/928823
«Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы бойынша қазақстандық балаларға 888 млн доллар аударылды 01.02.2025
2022 жылдың қыркүйегінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына Жолдауы аясында «Ұлттық қор – балаларға» бастамасын көтерген болатын. Осы бастаманың аясында 2025 жылы 18 жасқа толмаған қазақстандық балаларға 129,38 доллары көлемінде қаражат аударылды.Өскелең ұрпаққа қамқорлық көрсету – мемлекеттік саясаттағы басымдыққа ие бағыттардың бірі. Қазір еліміздегі отбасылар баланың дүниеге келген сәтінен бастап оның ер жеткеніне дейін мемлекеттің қолдауына сенімді бола алады. Айталық, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасы жас азаматтардың әл-ауқатын арттыруға, сондай-ақ білім алуына жан-жақты жағдай жасап, табысты болуларына бағытталған. 2024 жылдан бастап жылма-жыл қазақстандық балаларға 18 жасқа толғанға дейін инвестициялық табысты қоса алғанда, Ұлттық қордан қаражат аударылып келеді.«Біз азаматтарымыздың өмір сүру сапасын жақсартып, балаларымызға кемел келешекті құрудың негізін қалап жатырмыз»,- Қасым-Жомарт Тоқаев, ҚР Президенті.«Ұлттық қор – балаларға» жобасының басты миссиясы – келер ұрпаққа арналған жинақтарды қалыптастыру арқылы қаржы ресурстарын үнемдеу жолымен әр балаға ұлттық байлықтан тиесілі үлесті беруді көздейді.2024 жылы аталған бағдарламаға 6 919 131 адам қатысып (2006-2023 ж.ж. туған балаларды қоса алғанда), олардың әрбірінің шотына 100,52 доллар жіберілді. Аударылған ақшаның жалпы сомасы – 695,5 млн доллар. Тұтастай алғанда, осы бағдарламамен қамтылғандардың жалпы санынан 304 815 адам 2024 жылы 18 жасқа толып, оларға жалпы сомасы 30,6 млн доллар аударылды.2025 жылы әр балаға жаплы 129,38 доллар аударылды.Бағдарламаға екі жылдан бері қатысып келе жатқан балалардың (инвестициялық кірісті қоса алғанда) жинақтарының жалпы сомасы 232,94 долларға ұлғайды.«Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы бойынша аударымдар туралы ақпарат eGov.kz порталында және eGov Mobile мобильді қосымшасында 2025 ж. 1 ақпанда көрсетіледі.Төлем тетігі барынша қарапайым. Баланың бағдарламаға қатысуы мен есептелген ақша туралы ақпаратты баланың ЖСН енгізе отырып, арнайы құрылған kids.enpf.kz сайтынан көруге болады. Онда бағдарламаның шарттарымен танысып, нұсқаулықтар, сол секілді өзекті сұрақтардың жауаптарын ала аласыз. Бұдан бөлек балаға арналған аударымдар туралы деректерді eGov.kz порталындағы жеке кабинетке кіріп, сондай-ақ Kaspi.kz, Halyk қосымшалары арқылы да көруге болады.Мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі – білім мен баспана алуға баршаға тең мүмкіндік беру. Осы тұрғыдан алғанда, «Ұлттық қор – балаларға» бастамасы жас қазақстандықтар үшін айтарлықтай қолдауға айналды.Жинақталған соманы кез келген жас азамат 18 жасқа толғанда пайдалана алады. Жинақтар БЖЗҚ-дағы шоттарға аударылады және жобаның ресонденттері уәкілетті операторлардың (Отбасы банкі және Халық банкі) қосымшасы арқылы өтініш бере отырып, тиісті соманы тұрғын үй жағдайларын жақсартуға және (немесе) білім алуға жұмсай алады.2025 жылдың 1 қаңтарында бұл мақсатқа 66 571 өтінім беріліп, оның ішінде жалпы сомасы 5 316,7 мың долларға 53 001 өтінім орындалды. Тұрғын үй жағдайын жақсартуға 34 388 өтінім берілді, оның ішінде 29 542-сі орындалып, 2 964 мың доллары төленді. Білім беру бойынша 32 183 өтінім жолданып, оның ішінде 23 459 өтінім қанағаттандырылып, 2 352,7 мың доллар төленді.Биыл бағдарламаға 6 921 035 бала қатысып жатыр (2007 жылдан 2024 жылға дейін туған балалар). Олардың ішінде 324 430 азамат 2025 жылы 18 жасқа толады.Ұлттық қордың қаражатын жас отандастарымызды қолдау мақсатында пайдалану – еліміздің орнықты дамуына бағытталған стратегиялық шешім. Аталған бастама өмір сүру сапасын жақсартуға оң әсер етіп, кейінгі ұрпаққа болашаққа зор сеніммен қарауға мүмкіндік береді.ҚР Қаржы министрлігінің баспасөз қызметі Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/minfin/press/news/details/928270
Иран ЕАЭО-дағы төртінші бақылаушы болды 01.02.2025
Бұл шешімді Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО) мемлекет басшылары Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысында қабылдады.Иранның бақылаушы мемлекет мәртебесін беру туралы өтініші өткен жылдың мамыр айында берілген.< br>Еуразиялық экономикалық ЕАЭО-дағы бақылаушы мемлекет мәртебесі туралы ережеге сәйкес комиссия ЕАЭО мен Иран арасындағы өзара іс-қимылдың экономикалық орындылығына талдау жүргізді, сондай-ақ Одақ өкілдерінің қатысуымен консультациялар өткізді. мүше мемлекеттер мен мүдделі тараптар.Айта кетейік, ЕАЭО Иранның сыртқы саудасында маңызды орын алады. 2023 жылы ЕАЭО-ның Иран экспортындағы үлесі 10,1%-ды құрап, оны Қытайдан (30,4%) және Түркиядан (14,5%) кейінгі үшінші маңызды сауда әріптесі болды. ЕАЭО туралы шартқа сәйкес бақылаушы мемлекет шақыру бойынша Одақ органдарының отырыстарына қатысуға және ЕАЭО шеңберінде әзірленген құжаттармен (құпия құжаттарды қоспағанда) танысуға құқылы екенін атап өтеміз. . Иранға бақылаушы мемлекет мәртебесін беру ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер мен Иран Ислам Республикасы арасындағы ынтымақтастықты нығайту және экономикалық байланыстарды дамыту жолындағы маңызды қадам болып табылады.Еске салайық, 2018 жылы ЕАЭО арасында уақытша келісімге қол қойылған болатын. және Иран еркін сауда аймағын құруға әкелді. 2023 жылғы 25 желтоқсанда ЕАЭО елдері мен Иран толыққанды еркін сауда туралы келісімге қол қойды, ол тауар ассортиментінің 90%-ы үшін бажсыз сауда режимін қамтамасыз етеді, бұл өзара сауданың 95%-дан астамын қамтиды. тараптар.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/929120
«Жасыл даму» АҚ жанынан сараптамалық кеңес пен сараптамалық топтар құру туралы хабарландыру 01.02.2025
«Жасыл даму» АҚ Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің бастамасымен қалдықтарды басқару, орнықты даму және біздің компанияның басқа да бағыттары саласындағы өзекті мәселелерді талқылау үшін сараптамалық кеңес пен сараптамалық топтар (бұдан әрі - топтар) құруды жоспарлап отыр.Топтарды құрудың мақсаты – қалдықтарды жинау, тасымалдау және қайта өңдеу саласындағы (EcoQolday) бастамаларды және өндірушілердің немесе импорттаушылардың қалдықтарды жинаудың, тасымалдаудың, қайта пайдалануға дайындаудың, сұрыптаудың, өңдеудің, қайта өңдеудің, залалсыздандырудың және (немесе) кәдеге жаратудың меншікті жүйесін қолдануы арқылы өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерінің орындалуын растау процестерін талқылау және тиімді шешімдер әзірлеу, тәжірибе алмасу үшін мамандарды, бизнес өкілдерін, мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдарды біріктіру.Мүдделі тараптарды топтардың жұмысына қатысуға шақырамыз. Өтінім беру және қосымша ақпарат алу үшін 8 7172 62 06 60 телефоны немесе ecoqolday@recycle.kz электрондық поштасына хабарласуыңызды сұраймыз.Өтінімде жауапты тұлғаның аты-жөні, жұмыс орны, қызмет саласы және байланыс деректері көрсетілуі керек.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/928425
Қосшы қаласында бір күнде 2000 текше метр қар шығарылды 01.02.2025
Қосшы қаласында қар тазалау жұмыстары жалғасуда. Тәулік бойы екі ауысыммен жұмыс істейтін бригада күніне 120 рейс жасап, 2000 текше метр қар шығарады.Бұл жұмыстарға 30 бірлік техника мен 40-тан астам қызметкер жұмылдырылған. Қаланың тазалығын қамтамасыз етуге «Астана СпецТехНС KZ» және «Элит Строй Комплект» компаниялары жауапты. Қыс мезгілі басталғалы шығарылған қар көлемі 72 мың текше метрге жетті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/928949
«Жастар практикасы»: Қарағанды облысының кәсіпорындарында 400-ден астам жас маман тәжірибе жинақтауда 01.02.2025
Қарағанды облысында биыл колледждер мен жоғары оқу орындарының 429 түлегі «Жастар практикасы» жобасы бойынша жұмысқа жолдама алды. Бюджет қаражаты есебінен бар-жоғы 872 адамды қамту жоспарланған.Жастар практикасына Еңбек ұтқырлығы орталығында немесе Мансап орталықтарында ресми тіркелген жұмыссыздар жұмысқа орналастырылады. Мемлекет қолдауын 35 жастан аспаған, бес жыл бұрын диплом алған мамандар пайдалана алады.Жұмыс ұзақтығы 12 айдан аспайды. Жалақы мөлшері кемінде 30 айлық есептік көрсеткіш (117 960 теңге). Жолдама алу үшін тұрғылықты жері бойынша Мансап орталыққа жүгіну қажет.Жобаны пайдаланғандардың бірі – 23 жасар Хансұлтан Мақсатұлы. Ол Әбілқас Сағынов атындағы КарТУ 2023 жылы бітірген.– Менің мамандығым тау-кен және пайдалы қазбаларды өндірумен байланысты, – дейді ол. – Бірақ жоғары оқу орнын бітіргеннен кейін, өкінішке қарай, мамандығым бойынша жұмыс таба алмадым. Ата-анамның мойнында отырмау үшін азық-түлік дүкеніне орналастым. Онда бір жылға жуық жұмыс істедім. Бірақ мен әрдайым мамандығымды жүзеге асырғым келді. Қанша жыл бекер оқыдым ба? «Жастар тәжірибесі» жобасы жайлы білген бетте өз мүмкіндігімді жіберіп алмауға бел будым.Жас жігіттің айтуынша, өткен жылдың қыркүйек айынан бастап ол «QazaqGaz Aimaq» АҚ ҚӨФ өндірістік-техникалық бөлімінде жұмыс істейді.– Маған бұл жер өте ұнайды, ұжымым жақсы, – дейді Хансұлтан. – Егер менде қандай да бір сұрақтар туындаса, онда аға әріптестерім көмектеседі. Жалақымды уақытында аламын, барлық әлеуметтік аударымдар бар. Өзімді жақсы көрсетіп, үлкен команданың бір бөлігі боламын деп үміттенемін.Қарағанды облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының ақпараты бойыншаАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/928266
Шекарасыз жоғары білім: Қарағанды мектебінің түлектері шетел университеттерінің филиалдарымен танысты 01.02.2025
Қазақстан Республикасының Президенті Қазақстанды Орталық Азияның білім беру хабына айналдыру үшін елде шетелдік университеттердің филиалдарын құрудың маңыздылығын атап өтті.Осы бастаманың аясында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Қарағанды қаласында шетелдік университеттердің филиалдары өтті. Ол мектеп бітірушілерімен кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізуге көмектесуге арналған.Аймақтардың белгілі бір мамандарға қажеттілігін ескере отырып, шетел университеттерінің филиалдары ашылады.— Қазіргі уақытта 23 шетелдік университетпен стратегиялық серіктестік орнатылған, және тағы 11 университетпен келіссөздер жүргізілуде, — деді ғылым және жоғары білім министрінің кеңесшісі Руслан Емелбаев. — Бұл қазақстандық жастар үшін жаңа перспективалар ашады. Өйткені, мұндай университеттерде білім алу халықаралық стандарттарға сай және мемлекеттік гранттар есебінен де қолдау табады. Бұл университеттердің ҰБТ және түсу емтихандарын тапсыру арқылы сіз сұранысқа ие мамандықты тегін ала аласыз. Биыл филиалдарда оқытуға 2000 грант бөлінді. Бұл тәжірибе келесі оқу жылында да жалғасын табады.Талапкерлер арасында ең танымалы Ақтөбе қаласындағы Жұбанов университетінің базасында 2022 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан Шотландияның Гериот-Уатт университеті болды. Қазіргі уақытта университетте 600-ге жуық студент бар және университеттің өзі жоғары рейтингі және қол жетімді қабылдау шарттарымен түлектерді тартады.— Гериот-Ватт университетіне түсу үшін ҰБТ нәтижелері жеткілікті, ал ағылшын тілін білу ішкі емтиханмен расталады. IELTS орнына емтихан. Бұл қазақстандық талапкерлер үшін қабылдау процесін айтарлықтай жеңілдетеді. Сонымен қатар, студенттерімізге университеттің Малайзия, Дубай және Эдинбург филиалдарында білім алу мүмкіндігі бар, бұл тәжірибе алмасуға кең мүмкіндіктер ашады, дейді Жұбанов университетінің өкілі Асқарбек Иманшеев.Үшінші жыл филиал. Быдгощ қаласындағы (Польша) Шәкәрім атындағы университетте Экономика университетінің профессоры жұмыс істейді, онда спорт және демалыс менеджерлерін дайындайды.«Бүгінде бұл өте танымал мамандық», - дейді университет өкілі Мәдина Жылгелдинова. — Оқудың бірінші жылы қашықтықтан оқыту форматында өтеді. Ал екінші курста Польшаға барып, оффлайн режимде оқу жоспарлануда. Ал үшінші жыл тағы да Қазақстанда. Түлектер бір мезгілде екі диплом алады, оның бірі еуропалық стандартты. Көрме мектеп оқушылары мен олардың ата-аналары арасында үлкен қызығушылық тудырды.«Мен қос диплом бағдарламасы және бұрын естімеген мүмкіндіктер туралы білдім», - деді 11-сынып оқушысы Анар Әлжаппар. — Физика және математика бойынша бағдарламалар ұсынатын университеттермен танысу әсіресе пайдалы болды. Енді мен бұдан әрі қандай жолмен жүру керектігін жақсы түсіндім.Ұйымдастырушылар – Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі Қарағанды облысының әкімдігімен бірлесіп. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/928268