Enbekshi QazaQ

Қуқық

Президент Алматының қоғамдық көлік жүргізушісін «Шапағат» медалімен марапаттады 20.01.2025
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әлеуметтік-азаматтық белсенділігі мен азаматтық жауапкершілігі үшін қалалық автобус жүргізушісінің бірі Қанат Ахметовті «Шапағат» медалімен марапаттады.Мемлекеттік награданы Алматы әкімінің орынбасары Асқар Әмрин табыстады. Ол Қанат Ахметов 2025 жылы Президент жұмысшы мамандықтар жылы деп жариялаған соң марапатқа ие болған еңбек мамандықтарының алғашқы өкілі болғанын атап өтті.«Мемлекеттік наградаға ие болу мен үшін үлкен құрмет әрі зор жауапкершілік. Бұл қоғам игілігі үшін адал еңбек етуге, әріптестерім мен жақындарыма үлгі болуға ынталандырады. Қарапайым еңбек адамдарына Президенттің назар аударып, елдің дамуына қосқан үлесін мойындағаны қуантады», – деді Қанат Ахметов.Еске сала кетейік, бұған дейін №66 қалалық маршрут автобусының жүргізушісі Қанат Ахметов арбадағы мүгедек жолаушыға назар аударып, көмек көрсеткені үшін мегаполис әкімі Ерболат Досаевтың атынан алғыс хат пен сыйлық алған болатын.Қанат Ахметов төрт бала тәрбиелеп отыр, «Алматыэлектротранс» компаниясында автобус жүргізушісі болып жұмыс істегеніне бір жылдай уақыт болды. Мүгедек жолаушының көлікке арнайы көтергіштің көмегімен мінуіне жәрдемдескені туралы оқиға әлеуметтік желіде көптеген жағымды пікірге ие болып, қала тұрғындарының алғысын алған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/921299
20-26 қаңтар аралығында өтетін спорттық іс-шаралар кестесі 20.01.2025
20-30 қаңтар – киберспорттан «Болашақтың ойындары – 2025» турниріне іріктеу жарысыТурнирге еліміздің 15 өңірінен 80-ге жуық спортшы қатысады.Өтетін орны: Астана қ., «Жекпе-жек» сарайы және «Сарыарқа» велотрегі.21-28 қаңтар – биатлоннан жасөспірімдер арасындағы Еуропа ашық чемпионатыЕл намысын 8 отандасымыз қорғайды.Өтетін орны: Германия, Алтынберг қ.21-26 қаңтар – фристайл акробатикадан Әлем кубогі кезеңіХалықаралық жарыста 6 отандасымыз бақ сынайды.Өтетін орны: Канада, Лак-Бопор.21-27 қаңтар – шаңғы жарысынан Әлем кубогі кезеңіЕл намысын 6 отандасымыз қорғайды.Өтетін орны: Швейцария, Энгадин қ.23-26 қаңтар – семсерлесуден Әлем кубогіБұл жарысқа Қазақстан құрамасынан 8 спортшы қатысады.Өтетін орны: Болгария, Пловдив қ.24-26 қаңтар – конькимен жүгіруден Әлем кубогі кезеңіТурнирге 15 спортшымыз қатысады.Өтетін орны: Канада, Калгари.25 қаңтар – жеңіл атлетикадан Әмин Тұяқовтың жүлдесіне арналған II Astana Indoor Meet for Amin Tuyakov Prizes халықаралық турниріЖарысқа еліміздің және шетелдің бірқатар танымал спортшылары қатысады. Олардың қатарында Олимпиада және әлем біріншіліктерінің жеңімпазы мен жүлдегерлері бар.Өтетін орны: Астана қ.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/920544
Қазақ спортшыларының өткен аптадағы жарқын жеңісі 20.01.2025
Универсиада: Италияның Турин қаласында өтіп жатқан XXXII қысқы Универсиаданың алғашқы аптасында Қазақстан студенттері 11 (3 алтын, 4 күміс, 4 қола) жүлде еншіледі.Семсерлесу: Бахрейннің Манама қаласында өткен семсерлесуден жасөспірімдер арасындағы Әлем кубогінің командалық сайысында Қазақстан құрамасы алтын медаль еншілесе, жекелей сында Ғабиден Мұстафин қола жүлдеге ие болды.Әйелдер күресі: Францияның Ницце қаласында ұйымдастырылған Henry Deglane Гран При турнирінде Рио Олимпиадасының қола жүлдегері Эльмира Сыздықова (76 кг) мен Гүлдана Бекеш (59 кг) топ жарды.Үстел теннисі: Тунисте өткен үстел теннисінен WTT Youth Star Contender Tunis турнирінде Алан Құрманғалиев қола медаль иеленді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/920773
«Таза Қазақстан»: елордада өткен акцияға қала тұрғындары қатысып, қолдау білдірді 20.01.2025
Астанада «Таза Қазақстан» науқанын қолдау мақсатында «Тұрсын-Астана 2» ТК үйінің тұрғындары сенбілік өткізіп, үйдің аумағын қар мен қоқыстан тазартты, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.Аталмыш тұрғын үй кешенінде 60-тан астам көрші жұмыс құралдарын алып, аулаға шықты. Үйдің кішкентай тұрғындары да шетте қалмады. Бүлдіршіндер ойыншық қалақшаларын көтеріп, жұртқа көмектесті.Ер азаматтарға ыстық шай, бауырсақтар мен тәттілер ұйымдастырған әйелдер қауымы да қолдау білдірді.Сарайшық ауданы әкімдігінің қызметкерлері атап өткендей, көптеген үйлерге үлгі бола алатын тату көршілік қарым-қатынастар осындай болса керек.«Таза Қазақстан» акциясы аясында сенбілікке шықтық. Бұл үйіміздің береке мен бірлігін, ауызбіршілігін, жақсылығын танытады», - дейді тазалық акциясына қатысқан қала тұрғындарының бірі.Елордада «Таза Қазақстан. Астана – тазалық пен тәртіптің үлгісі» ауқымды экологиялық акциясы өтіп жатыр.Экоакция аясында қалада нөсер және арық кәріз желілерін санитарлық тазалау, көшелерді, тротуарларды, кварталішілік аумақтарды, қоғамдық кеңістіктер мен аулаларды тазалау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/921054
Снюс үшін айыппұл: Астанада дүкен иесі заңсыз әрекеті үшін жазаланды 20.01.2025
Елорданың Сарайшық ауданында насыбай және басқа да шегілмейтін темекі өнімдерін заңсыз сату фактілерін анықтау және алдын алу мақсатында кезекті рейд жүргізілді, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.Рейдті аудан әкімдігі Сарайшық полиция бөлімімен бірлесіп ұйымдастырды. Қатысушылар ауданда орналасқан 10 сауда нысанын тексерді.Тексерушілер тыйым салынған тауарларды заңсыз сату фактілерін анықтады.«Темекі өнімдерін, оның ішінде насыбай мен снюсті заңсыз сатумен күресуге бағытталған кезекті жедел алдын алу шарасы өткізілді. Тексеру барысында аудандағы дүкендердің бірінде тыйым салынған тауарлар сатылып жатқаны анықталды», - дейді Сарайшық ауданы әкімдігінің кәсіпкерлікті қолдау бөлімінің бас маманы Ғабдығасыр Шаттық.Рейд нәтижесінде дүкен иесі ҚР ӘҚБтК-нің 196-бабы бойынша жауапкершілікке тартылып, оған 25 АЕК, яғни 98 300 теңге айыппұл салынды.Дүкен иелерімен профилактикалық әңгіме жүргізілді. Оларға шегілмейтін темекі өнімдерін сатқаны үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылғаны ескертілді.Осындай алдын алу шаралары елорданың барлық ауданында тұрақты түрде жүргізіліп, тәртіп бұзушылар жауапкершілікке тартылып жатыр. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/920866
JOLTAP жобасы астаналық әйелдің жұмысын өзгертіп, көбірек ақша табуына қалай әсер етті 20.01.2025
Елорда тұрғындарына жұмыс тауып, табыстарын арттыруға көмектесетін JOLTAP жобасы Астанада жалғасын табуда. Бағдарламаның түлегі Мөлдір Заманбекова жұмыс орнын ауыстырып, жақсы табысқа қалай қол жеткізгенін айтып берді, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.Мөлдір ағылшын тілі мұғалімі болып жұмыс істеген, ары қарай жеті жыл банк саласында еңбек еткен.Декреттік демалыстан оралғаннан кейін ол онлайн жұмысты таңдап, түбегейлі өзгеріс жасауды ұйғарады. Астана тұрғыны JOLTAP жобасы туралы Instagram желісіндегі жарнама арқылы білген.«Бұл менің мүмкіндігім екенін түсіндім. Бұрын SMM саласына қызығатынмын, бірақ жүйелі тәсіл мен оффлайн оқыту жетіспейтін. JOLTAP курстары маған қажетті білім мен жоба тәлімгерлерінен қолдау көрсетуге мүмкіндік берді», - деді түлек.Тренинг 11 күнге созылды. Негізгі назар тәжірибеге, нақты істерді талдауға және кураторлармен жеке жұмыс істеуге аударылды. Мөлдірдің айтуынша, курс кураторы үнемі байланыста болып, тапсырмаларды жауапкершілікпен тексеріп, күрделі тақырыптарды түсінуге көмектескен.«Әр сабақ мұқият ойластырылған және офлайн режимінде оқыту материалға тереңірек енуге мүмкіндік берді. Сол сияқты жақсырақ меңгеру мақсатында үйге тапсырма берілді. Бұл оқу процесі бірнеше күндік оқудан кейін өз жемісін берді. Курстарды аяқтағаннан кейін мен алған білімімді өз жұмыс барысында сенімді түрде қолдана бастадым», - деп атап өтті бойжеткен.Бағдарлама түлегі елорда тұрғындарына JOLTAP курстарын ұсынатынын айрықша атап өтті. Ол оқу барысында жаңа таныстар тауып, өзіне қосымша мүмкіндіктер ашқанын айтты.«Осы жобаның арқасында өз мамандығым бойынша көптеген адаммен таныстым, сонымен қатар командада жұмыс істеуді үйрендім. JOLTAP жобасы жастарға сұраныстарын тауып, өз саласының маманы болуға мүмкіндік береді. Жобаға қатысу маған керемет тәжірибе берді және қолыма алған салада үлкен перспективалар ашты», - деп атап өтті Мөлдір.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/920867
Астанада студенттер жатақханасының маңында есірткі сататын орындардың жарнамалары өшірілді 20.01.2025
Елорданың Алматы ауданында «Таза Қазақстан» ауқымды акциясы аясында есірткі граффитиімен күресуге бағытталған рейд жүргізілді, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.Аудан әкімдігінің қызметкерлері полиция өкілдерімен және «Астана жастары» жастар ресурстық орталығының еріктілерімен бірлесе отырып, есірткіге қарсы күресу мақсатында акция өткізді. Олар есірткі сайттарын жарнамалайтын заңсыз белгілерді бояған.Жұмабаев көшесінің бойындағы студенттер жатақханалары орналасқан аумаққа ерекше назар аударылды. Бұл аудан жастарға маңыздылығын ескере отырып, профилактикалық іс-шаралардың басым бағыты ретінде таңдалды.«Біз астаналық жастар арасында есірткінің таралуына жол бермеу акциясын жүргіздік. Студенттер көп тұратын жатақхана маңынан есірткі сайттарының атаулары жазылған граффити табылды. Біз барлық атауларды бояп шықтық», - дейді «Астана Жастары» еріктісі Индира Маремова.Мұндай рейдтер қоғамдық тәртіпті жақсартуға ғана емес, жастарды есірткінің зиянды әсерінен сақтайды, деп санайды ұйымдастырушылар.«Тыйым салынған ресурстарға арналған жарнамаларды анықтау бойынша бірлескен жұмыс жүргізілді. «Алматы облысында, дәлірек айтсақ, Жұмабаев көшесі, 16/1 мекенжайындағы үйдің аумағында есірткі заттары туралы ақпарат анықталып, олар дереу жойылды», - деді Алматы аудандық учаскелік полиция инспекторы Асқар Бағасов.Астананың барлық ауданында алдын алу шаралары тұрақты түрде жүргізіліп жатыр. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/920870
Халықаралық Жәутіков олимпиадасы: елордалық оқушылар ел қоржынына 14 медаль салды 20.01.2025
Жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын халықаралық XXl Жәутіков олимпиадасы да өз мәресіне жетті. Онда Астана қаласының оқушылары 14 медаль иеленді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.Әлемнің 15 елінен 700-ден астам оқушы қатысқан зияткерлік сайыста, қазақстандық оқушылар құрамасы ел қоржынына 116 медаль ( 21 алтын медаль, 33 күміс медаль, 62 қола медаль) салды. Соның ішінде Астана қаласының 8 алтын, 3 күміс, 3 қола иеленді.Алтын медаль:1. Бексұлтан Сайлаубай – Дарынды ер балаларға арналған «Білім – Инновация» лицей-интернатының 11-сынып оқушысы;2. Алдияр Сейітбай – Дарынды ер балаларға арналған «Білім-инновация» лицей-интернатының 10-сынып оқушысы;3. Әмір Қиғаш – Дарынды ер балаларға арналған «Білім-инновация» лицей-интернатының 11-сынып оқушысы;4. Марғұлан Шарел – «Спектрум» халықаралық мектебінің 11-сынып оқушысы;5. Әмір Пішенбаев -«Спектрум» халықаралық мектебінің 12-сынып оқушысы;6. Артур Ким – «Спектрум» халықаралық мектебінің 12-сынып оқушысы;7. Владислав Посин – Халықаралық «Спектрум» мектебінің 12-сынып оқушысы;8. Нұргүл Есенбергенова – «Нұр Орда» мектеп-лицейінің 10-сынып оқушысы.Күміс медаль:1. Сұлтанәлі Алиасқар – Дарынды ер балаларға арналған «Білім-инновация» лицей-интернатының 9-сынып оқушысы;2. Темірлан Макишев – Дарынды ер балаларға арналған «Білім-инновация» лицей-интернатының 11-сынып оқушысы;3. Даниэль Түлебаев «Нұр Орда» мектеп-лицейінің 11-сынып оқушысы.Қола медаль:1. Мұхамедәлі Жұмаділ – «Нұр Орда» мектеп-лицейінің 10-сынып оқушысы;2. Нұрмырза Байжанов – Дарынды ер балаларға арналған «Білім-инновация» лицей-интернатының 11-сынып оқушысы;3. Бейбарыс Мырзаш – Дарынды ер балаларға арналған «Білім- инновация» лицей-интернатының 11-сынып оқушысы.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/921062
Травмпункт, операция бөлмелері: Астанада жаңа медициналық кешен салынып жатыр 20.01.2025
Астанада жаңадан қабылдау-диагностикалық кешеннің құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Медициналық кешен осы жылдың соңына дейін пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр.«Жаңа қабылдау-диагностикалық кешен (РДК) болашақта флагмандық орталық болып саналады, ол – соңғы халықаралық стандарттарға сай жобаланған және жабдықталған заманауи ғимарат. Бұл кешен екі ғимаратты – №2 клиникалық және акушерлік қалалық көпсалалы аурухананы біріктіреді, бұл барлық пациенттерді бір жалпы қабылдау бөлмесінде қабылдауға мүмкіндік береді», - деді елордалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әлия Рүстемова.Әлия Рүстемованың айтуынша, жаңа медициналық мекемеде қаланың сол жағалауының тұрғындарына арналған травматологиялық пункт орналасады, өйткені, белгілі болғандай, қазір қалада оң жағалауда ересектерге арналған тек үш травматологиялық пункт жұмыс істейді.Жедел жәрдем бөлмесіндегі науқастардың ағымы triage жүйесімен реттелетін болады: науқастарды сұрыптау және шұғыл медициналық көмек көрсету (1-2 қабаттарда орналасады).«Алдын ала болжамды жүктеме күніне шамамен 900 сұранысты құрайды.Мұнда науқастарға шұғыл ота жасалатын операциялық бөлмелер де бар. Операция бөлмелері заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталады. Сол сияқты КТ, МРТ және ангиограф болады», - деп қосты басқарма басшысы.Басқарманың мәліметтері бойынша, жаңа PACS жүйесі орнатылады, жасанды интеллект бойынша, ол рентгенологтар үшін қосымша құрал болады.14 төсектік қосымша жансақтау бөлімін ашу жоспарланып отры. Қабылдау бөлімі сары және қызыл ағындарға бөлінеді: 14 төсектік шок палатасы және 14 төсектік жалпы қабылдау бөлімі. Сондай-ақ, 70 төсектік екі бөлімше ашу жоспарланып отыр.Бүгінде №2 қалалық көпсалалы ауруханада инновациялық жобалар жүзеге асырылып жатыр. Олардың жүзеге асыру тәжірибесін үйренуге Қазақстан Республикасының барлық өңірінен адамдар келеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/921075
Copernicus олимпиадасы: АҚШ-та өткен сында елордалық оқушылар үздік шықты 20.01.2025
АҚШ-тың Хьюстон қаласында 5-10 қаңтар күндері жаратылыстану ғылымдары бойынша Copernicus халықаралық олимпиадасында астаналық оқушылар үздік нәтиже көрсетті. Бүгін Астана қаласы әкімінің орынбасары Есет Байкен халықаралық олимпиаданың абсолютті және бірінші орын иелерімен кездесті, хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.Халықаралық олимпиада нәтижесі бойынша Астана қаласындағы Шейх Халифа бен Заид әл-Нахаян атындағы №84 мектеп-лицейінің 9-сынып оқушысы Алидан Сәулебек әлемнің түкпір-түкпірінен келген қатысушылар арасында абсолютті жеңімпаз атанды.Республикалық физика-математика мектебінің 9-сынып оқушысы Тимур Цой халықаралық олимпиаданың қорытынды кезеңі бойынша І орынды иеленді. Ал Quantum STEM мектебінің 4-сынып оқушысы 10 жасар Кәрім Дюсеков бірінші орынды иеленіп, «Жаратылыстану» номинациясында алтынға қол жеткізген ең жас қатысушы атанды.Кездесуде Астана қаласы әкімінің орынбасары Есет Байкен жас жеңімпаздарды құттықтады.«Халықаралық ареналарда елдің атағын шығаратын тек қана спорт емес, білім мен ғылым да сондай маңызға ие. Қазақстандық оқушылардың халықаралық пәндік олимпиададағы жеңісі туралы естігенде бәріміз қуанып, мақтанамыз. Ал олардың елордалық оқушылар екенін білгенде, қуанышымыз еселене түседі. Үлкен еңбектің артында ата-аналарыңыз бен ұстаздарыңыздың да қолдауы жатыр. Күні кеше ғана Астанада халықаралық Жәутіков олимпиадасы өтті. Еліміздің қоржынына Астаналық оқушылар 14 медаль салды, оның 8-і – алтын. Жалпы, былтыр халықаралық және республикалық байқауларда елордалық оқушылар жүлделі орындарды иеленіп, 500-ге жуық медаль олжалады. Терең білім алу бағытында талмай ізденіп, ел тізгінін ұстар азамат болуларыңа тілектеспін!» - деді Есет Байкен.Айта кетейік, COPERNICUS халықаралық олимпиадасы – әртүрлі елдердің дарынды мектеп оқушыларының басын қосатын беделді жарыс. Мұнда қатысушылар математика, физика және жаратылыстану ғылымдары бойынша білімдері мен аналитикалық дағдыларын көрсетеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/921201
Астанада 1400-ден астам арнайы техника мен 300-ден аса жол жұмысшы қар күреуге шықты 20.01.2025
Астанада қаланың коммуналдық қызметтері қар күреу бойынша тәулік бойы тоқтаусыз жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.20 қаңтарда түнгі ауысымда қар тазалау жұмыстарына 1400-ден аса арнайы техника мен 300-ден астам коммуналдық қызметкер қар күреуге шықты.20 қаңтарда күндіз Астанадан 2868 үлкен ауыр жүк рейсімен 36 мың текше метрге жуық қар шығарылды.Қыс мезгілінің басынан бастап полигондарға 278 607 рейспен 3,5 млн текше метрден астам қар шығарылды.Қысқы маусым басталғалы бері полигондарға 3,5 миллион текше метрден астам қар шығарылып, 278 607 рейс жасалды.Ең алдымен, ережеге сәйкес, жолдарда кептеліс болмас үшін қозғалысы өте қарқынды орындар тазартылады. Сондай-ақ, қарқындылығы орташа учаскелер – алаңдар, вокзал маңы аумақтары, тротуарлар, әлеуметтік нысандарға кірме жолдар және т.б. тазартылады.Орталық көшелерді, жолаушылар көлігі маршруттары жүретін орындарды, аялдамалар мен тротуарларда тазалау да басымдыққа ие.Қалада бірнеше жабдықталған қар полигоны бар. Олар самосвал техникасының нөмірлік белгілерін оқу жүйесімен жабдықталған, мұнда бейнебақылау камералары орнатылып, жарықтандыру қосылған.Елорда тұрғындары мен қонақтарынан жолдарда абай болуды, қауіпсіздік ережелерін сақтауды, дауылды ескерту болған жағдайда алыс сапарларға шықпауды сұраймыз.Төтенше жағдай туындаған кезде «112» нөміріне хабарласыңыз. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/921295
Астанада ауа райы күрт суытады: ТЖД көктайғаққа байланысты үндеу жасады 20.01.2025
Астана қаласы ТЖД ауа райына байланысты қала тұрғындары мен қонақтарына үндеу жасады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.Қалалық ТЖД «Қазгидромет» РМК деректеріне сүйеніп, ескерту жасады.«Қазгидромет» РМК деректері бойынша Астана қаласында 20-21 қаңтар күндері түнде жаяу бұрқасын, күндіз бұрқасын болуы ықтимал. Көктайғақ. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі», - делінген ТЖД хабарламасында.Осыған орай, Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаменті елорда тұрғындары мен қонақтарына мамандардың ұсынымдарын тыңдауға, сақ болуға, ауа райының өзгеруі және енгізілген шектеулер туралы ақпаратты қадағалауға кеңес береді.Көктайғақ кезінде келесі ережелерді сақтау қажет екенін ескертеді:- биік өкшелі аяқ киімнен бас тартып, сырғанамайтын аяқ киімді киіңіз;- Аяғыңыздың астына мұқият қараңыз, қауіпті жерлерді айналып өтуге тырысыңыз;- Егер мұзды «шұңқырды» айналып өту мүмкін болмаса, онда шаңғышы сияқты кішкене жылжымалы қадамдармен жүріңіз;- Жолдың жүріс бөлігінде өте мұқият болыңыз: асықпаңыз және көп жүгірмеңіз;- Көлбеу беті бар барлық жерлерді айналып өтуге тырысыңыз;- Мүмкіндігінше қолдарыңыз бос болуы керек, ауыр сөмкелерді алып жүрмеуге тырысыңыз, қолыңызды қалтаңызға салмаңыз – бұл құлау мүмкіндігін арттырады;- Қарт адамдарға резеңке ұшы бар таяқшаны немесе ұштары бар арнайы таяқшаны қолдану ұсынылады.Дауылды жел кезінде ең алдымен тұрғын үйлердегі электр желілері мен жабдықтардың, жылыту пештерінің жай-күйін тексеру, ішкі және сыртқы өртке қарсы сумен жабдықтаудың, телефон байланысының жарамдылығын қамтамасыз ету, өртке қарсы құралдарды дайындау қажет. Пәтердегі электр желісінің кернеуі көтерілген кезде барлық тұрмыстық электр аспаптарын дереу тоқтан ажыратыңыз, электр қуаты кенеттен қосылған кезде өрт болмауы үшін розеткалардан шығарып қойыңыз. Сондай-ақ, жеке автокөлігіңізді ағаштар мен ескі құрылыстардан алыстатып, үйдегі немесе пәтердегі барлық терезені берік етіп жабу ұсынылады. Егер сіз көшеде қатты жел кезінде қалып қалсаңыз, сенімді үй-жайға кіріп, жасырыну қадет.Боран кезіндегі іс-әрекеттер:Егер сіз ғимаратта болсаңыз:- Қажет болған жағдайларда ғана ғимараттан шығыңыз.- Шығуға қажеттілік пайда болса, қайда бара жатқаныңыз және қашан қайтып оралатыныңыз туралы отбасыңызға немесе көршілеріңізге хабарлаңыз.- Жалғыз шықпауға тырысыңыз.Егер сіз жолда болсаңыз:- Үлкен жолдар мен тасжолда ғана жүріңіз.- Машинадан шыққан кезде одан алыстамауға тырысыңыз.- Машинаның ақаулығы болса немесе жол көрінбесе: жолдың жиегіне тоқтаңыз;Үзіліссіз гуілдермен дабыл беріңіз, антеннаға ашық түсті матаны іліңіз, автокөлікте көмек күтіңіз.Төтенше жағдай туындаған кезде «112» нөміріне қоңырау шалыңыз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/921204
2024 ЖЫЛЫ 15,5 МЫҢ БАЛАҒА 1,5 АЕК МӨЛШЕРІНДЕ ҚОСЫМША ТӨЛЕМ БЕРІЛДІ 20.01.2025
Қазақстанда әлеуметтік әл-ауқатты жақсартуға бағытталған маңызды механизмдердің бірі – мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек (АӘК). Бұл бағдарлама табысы аз азаматтарға жан-жақты қолдау көрсету арқылы олардың өмір сүру сапасын арттыруды мақсат етеді.АӘК жан басына шаққандағы орташа табысы өңірлерде белгіленген кедейлік шегінен аспайтын азаматтарға немесе отбасыларға беріледі. Кедейлік шегі 2024 жылдың IV-тоқсанына күнкөріс деңгейінің 70%-ы мөлшерінде, яғни 36 637 теңге болып бекітілген.Бағдарлама аясында көмек екі түрде көрсетіледі: Шартсыз көмек – тұрақты табысы жоқ, әлеуметтік жағдайы төмен азаматтарға арналса, шартты көмек – жұмыспен қамту шараларына қатысуды талап етеді.Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек төмендегі негізгі бағыттар бойынша жүзеге асады:* Аз қамтылған отбасыларға ақшалай төлемдер;* Жұмыспен қамтуға жәрдемдесу (оқыту, жастар практикасы, қоғамдық жұмыстар, гранттар және тұрақты жұмысқа орналасу);* Балаларға қосымша төлемдер: 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларға ай сайын 5 538 теңге (1,5 АЕК) төленеді. 2024 жылы 7 832 отбасындағы 15 563 балаға қосымша төлемдер берілді.2025 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша 8 810 отбасындағы 45 955 адамға көмек көрсетілді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда көмек алушылар санының 30,8%-ға азайғанын көрсетеді. Бұл өзгеріс жұмыспен қамту шараларының тиімділігінен байқалады.АӘК-ке өтінім беру кезінде жұмысқа жарамды 12 926 тұрғынның 7 738-і жұмыс істейтіні анықталды. Қалған тұрғындар арасынан 480 адам нәтижелі жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартылған. Оның ішінде, 308 адам тұрақты жұмысқа, 48 адам қоғамдық жұмыстарға және 43 адам кәсіпкерлік бастамаларды қолдауға мүмкіндік алды.Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек әлеуметтік әлсіз топтарды қолдаудың тиімді құралы болып отыр. Ол азаматтарды жұмыспен қамту, кәсіпкерлікті дамыту және балаларға қолдау көрсету арқылы қоғамның әл-ауқатын арттыруда маңызды рөл атқарады. Еліміздің экономикалық және әлеуметтік дамуына қосқан үлесімен бұл бағдарлама қоғамдағы тұрақтылықты нығайта түсуде.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent/press/news/details/921273
ШЫМКЕНТТІК ОНКОХИРУРГТЕР ЖАҢА ӘДІСПЕН КҮРДЕЛІ ОТАНЫ СӘТТІ ЖАСАДЫ 20.01.2025
Кеңірдектің кеуде бөлігінің циркулярлы резекциясы операциясы онкологиялық орталығы бар көпбейінді ауруханада қатерлі ісікке шалдыққан 72 жастағы тұрғынға жасалды. III дәрежелі кеңірдек стенозы, ауыр дәрежедегі тыныс алу жеткіліксіздігі диагнозымымен түскен науқасқа консилиумнан кейін шұғыл түрде операциялық ем жасау шешімі қабылданды.Жаңа әдісті тәжірибеге енгізу мақсатында шет мемлекеттердің жетекші клиникаларында біліктілігін арттырған аурухана мамандары күрделі отаны сәтті жүзеге асырды. Ота кезінде дәрігерлер науқастың кеуде қуысын ашып, кеңірдектің зақымданған бөлігін алып тастап, жоғары тыныс алу жолдарын қалпына келтірді. Онкохирургтар Самат Исмаилов, Талап Ақпанбетов, кардиохирург Нұрғиса Пернебаев, анестезиологтар Данияр Жайын, Бахтияр Абетаевтың командалық жұмысы нәтижесінде науқас ауыр дерттен айығып, қазіргі таңда үйіне шығарылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent/press/news/details/921279
ДӘСТҮРЛІ САДАҚ АТУДАН АШЫҚ ТУРНИР ӨТТІ 20.01.2025
Дәстүрлі садақ атудан ересектер арасында Шымкент қаласының ашық турнирі өтті. Кеңес одағының батыры, айбынды қолбасшы, аңыз тұлға Бауыржан Момышұлын еске алуға арналған турнирде жалпы 20 спортшы бақ сынады. Түркістан, Жамбыл облысы, Астана қаласынан да мергендер келген.Шымкент қаласының дәстүрлі садақ ату спортының жаттықтырушысы Жәнібек Құлмырзаевтың айтуынша, шаһарда биыл наурыз айында халықаралық “Азия кубогы” бәсекесі, ақпан айында қала чемпионаты өтеді. Бүгінгі аталған сайыс қаланың құрама командасын алдағы жарыстарға дайындау мақсатында ұйымдастырылып отыр. Сайысқа“Садақ Шымкент” федерациясы демеушілік етті.Жеңімпаздар мен жүлдегерлер бағалы сыйлықтармен, дипломдармен марапатталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent/press/news/details/921286
ҚАЛА ӘКІМІ БІРҚАТАР ӘЛЕУМЕТТІК ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ НЫСАНДАРЫН АРАЛАДЫ 20.01.2025
Шаһар басшысы қаладағы маңызды нысандарды аралап, олардың құрылыс барысымен және жұмыс жағдайымен танысты.Қаратау ауданында Полиция басқармасы мен әкімшілік қамауға алынған азаматтарды ұстауға арналған арнайы қабылдау орнының жаңа ғимараты салынатын жер телімін көрді. Бұл нысандар полиция қызметкерлерінің кәсіби деңгейін арттыруға бағытталған.Тұран ауданында жедел әрекет ету арнайы жасағының ғимаратын аралап, оның жауынгерлік дайындығы мен материалдық-техникалық базасымен танысты.Еңбекші ауданында мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған №1 арнайы қызмет көрсету орталығының 50 орындық қосымша ғимаратының құрылыс барысын тексерді. Бұл нысан биыл пайдалануға беріледі деп күтілуде.Сондай-ақ, әкім Полиция департаментінің автокөлік шаруашылығы ғимаратына барып, техникалық құралдар мен қызметтік көліктердің жағдайын тексерді. Қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету басты басымдықтардың бірі саналады.Шаһар басшысы барлық жұмыстардың сапалы әрі уақытында орындалуын қадағалауды тапсырды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent/press/news/details/921290
ТҮРКІСТАН: ОБЛЫСТЫҚ ТАРИХИ-ӨЛКЕТАНУ МУЗЕЙІНІҢ ЖҰМЫСЫН ЖАНДАНДЫРУ ЖОЛДАРЫ ҚАРАЛДЫ 20.01.2025
Бір ғасырдан астам тарихы бар облыстық тарихи-өлкетану музейін облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев аралап көрді.Облыс әкімінің орынбасарына музейдегі этнографиялық жәдігерлер көрсетіліп, экспозиция залдары таныстырылды.Ертай Кенжебекұлы өңірдің тарихи-мәдени әлеуетін көтеріп, жас ұрпақты тәрбиелеуде мұражайлар мен кітапханалардың, ондағы жәдігерлер және кітап қорын көбейту ісі үлкен маңызға ие екендігін атап өтті. Сондай-ақ қоғам дамуы үшін мұндай мәдени нысандардың қажеттігін баса айтып, музейге жастарды көптеп тарту керектігін жеткізді.Түркістан облыстық тарихи-өлкетану музейі – өлкеміздің мәдени дәстүрі мен бай тарихи мұрасын сақтаушы және рухани – идеологиялық тәрбие беретін мекеме.Облыстық тарихи-өлкетану музейі 1920 жылы құрылған. Биыл музейге 105 жыл толып отыр. Музей 2 қабаттан және Табиғат және археология, Этнография, Қазақстан тарихы және жаңа заман залы, Тәуелсіз Қазақстан атты 4 экспозициялық залдан тұрады.Мәдени ошақтың қоры да құнды, тарихи жәдігерлерге өте бай. Қазіргі таңда жалпы жәдігерлер саны – 83 154. Оның ішінде қазақтың соңғы ханы Кенесары Қасымұлының қылышы және де тағы басқа құнды, тарихи коллекциялық жәдігерлері бар.Бүгінгі таңда облыс аудандарында музейдің 7 филиалы халыққа қызмет көрсетуде. Нақтырақ айтсақ, Түркістан қаласында С.Ерубаев атындағы әдеби-мәдени музейі, Ескі Иқан ауылындағы Міртемір әдеби-мемориалдық музейі, Қарнақ ауылындағы Шәммет Ишан музейі, Түлкібас, Сарыағаш, Шардара аудандық тарихи-өлкетану музейлері және де Сайрам ауданындағы Ардақты ана музейі бар.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/920628
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КАРТОП ЭКСПОРТЫНА ҚОЙЫЛҒАН ШЕКТЕУГЕ БАЙЛАНЫСТЫ ШЕКАРА БЕКЕТТЕРІНДЕ БАҚЫЛАУ КҮШЕЙТІЛДІ 20.01.2025
Ішкі нарықтағы картоп бағасын тұрақтандыру мақсатында, 2025 жылғы 18 қаңтарда өткен Сауда қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысында картопты үшінші елдерге әкетуді 6 ай мерзімге шектеу туралы шешім қабылданды.Осыған орай, Түркістан облысының барлық кеден бекеттеріндегі карантин инспекторларына және аудандық инспекция қызметкерлеріне картоп экспортына енгізілген шектеулер ескертіліп, бақылау күшейтілді. Сонымен қатар картоп экспортына енгізілген шектеулер жөнінде Мемлекеттік кірістер департаментінің шекара қызметіне және «Қазақстан темір жолы» АҚ-ның жергілікті бөлімшелеріне хабарланды.Облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің тапсырмасымен өңірде штаб құрылып, шекара аймақтары бақылауға алынды. Облыс әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбеков Сарыағаш теміржол станциясында ведоствоаралық мәжіліс өткізіп, штаб міндеттерін белгіледі. «Қазығұрт» кеден бекетінде шекарашылармен кездесіп, қадамдық жоспармен таныстырды.Жалпы өңірде әлеуметтік маңызы бар азық-түлікпен қамтамасыз ету мақсатында «Түркістан әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ-ның тұрақтандыру қоры жұмыс істейді. Тұрақтандыру қорында 4 309 тонна картоп өнімімен форвартық келісімшарт жасалған.19 қаңтардағы жағдай бойынша тұрақтандыру қорының қоймасында 110 тонна, шаруа қожалықтарының қоймасында 3 541 тонна картоп сақтаулы. Бұл қор 3 айға қажеттілікті қамтамасыз етеді. Сонымен қатар ҚР Сауда және интеграция министрлігіне Пәкістан Республикасынан тасымалдауға ерте пісетін картоп өніміне ақпан айынан бастап ар айға 500 тоннадан ( 4 айға 2000 тн) өтінім берілген.Биылғы болжам бойынша өңірімізде ерте пісетін картоп (мамыр, маусым, шілде) 6 844,4 га орналастырылып, одан 186,3 мың тонна өнім жинау жоспарланған. Бұл өз кезегінде мамыр айынан бастап өңір тұрғындары мен басқа облыс халқын ерте пісетін картоппен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/921070
ТҮРКІСТАНДА ЖАЛПЫҚАЛАЛЫҚ СЕНБІЛІК ӨТТІ 20.01.2025
Түркістан қаласында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында жалпықалалық сенбілік өтті. Ауқымды шараға қала әкімі Әзімбек Пазылбекұлы, әкімдік қызметкерлері мен қала тұрғындары қатысты.«Түркі елдерінің рухани астанасына айналған Түркістанымыздың гүлденуі қала тұрғындарының біріге еңбек етуіне де тікелей байланысты», деген қала басшысы тазалыққа атсалысқан азаматтарға алғысын білдірді.Тазалық жұмыстарына қатысушылар саябақтар мен алаңдарды, арық-атыздар мен көшелерді қоқыстардан тазартты. Сенбілік белсенділері әрбір қала тұрғыны өз ауласын таза ұстау қажеттігін жеткізді.Шараға 500-ге жуық түркістандық қатысып, 30-ға жуық техника жұмылдырылды. Қоқыстар арнайы полигондарға жеткізілді.Айта кетейік, облыс аумағында сенбілік жұмыстары тұрақты түрде ұйымдастырылуда. Биыл бағдарлама аясында 7300-ге жуық тазалық іс-шарасын өткізу жоспарланған.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/921084
ТҮРКІСТАН: АЗЫҚ-ТҮЛІК ТАУАРЛАРЫН ТҰРАҚТАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАТАҢ БАҚЫЛАУДА 20.01.2025
Түркістан облысында азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру қатаң бақылауда. Өңірде әлеуметтік маңызы бар азық-түлікпен қамтамасыз ету жұмыстарын «Түркістан әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ-ның тұрақтандыру қоры үйлестіреді.Қазіргі таңда тұрақтандыру қорында жалпы 3500 тонна картоп, 2500 тонна сәбіз, 1700 тонна қырыққабат және 2200 тонна пияз бар. Ал көкөніс сақтау қоймасында 460 тонна картоп, 150 тонна сәбіз, 100 тонна пияз, 25 тонна қырыққабат, 200 тонна бакалеялық өнімдер, 62 мың дана жұмыртқа сақтаулы. Қоймада картоптың көлемі жеткілікті. Алаңдауға негіз жоқ.Ішкі нарықта картоп бағасын тұрақтандыру мақсатында базарлар, ірі сауда орындары мен әлеуметтік дүкен сөрелері және жәрмеңкелерде 100 теңгеден ұсынылып келеді.Өңір тұрғындары төменде белгіленген мекенжайларда картопты 100 теңгеден сатып ала алады.36 ӘЛЕУМЕТТІК ДҮКЕН ТІЗІМІ:Түркістан қаласы бойынша:Отырар м/а, №1/1 (2 дүкен)Отырар м/а, №25Отырар м/а, №13а9-көше, №40/411-көше, №27/211-көше, №25/111-көше, №23/1160-квартал, №151160-квартал, №64160-квартал, №44Әл-Фараби көшесі, №184аАқ Орда көшесі, №46аМұсабекова көшесі, №25аАтатүрік көшесі, №192/1Сырдария м/а, №17/1Алтынбекова көшесі, №2/2С.Ерубаев көшесі, №223Б/4Т.Рысқұлов көшесі, №11Жібек жолы даңғылы, №23аМаңғытай мешітіЕсімхан даңғылы, №17/6Н.Оңдасынов көшесі, №45а1 м/а, №1Б1 м/а, №162 м/а, №13Кентау қаласы бойынша:Ш.Уалиханов көшесі, №178Төле би көшесі, №45Т.Рысқұлов көшесі, №111С.Сейфуллин көшесі, №93аАбай көшесі, №3аӘл-Фараби көшесі, №47Б.Момышұлы көшесі, №79Арыс қаласы бойынша:Ақиық көшесі, №1Майлықожа көшесі, №11Қазыбек би көшесі, №39Базарлар:Қуаныш (Түркістан қаласы)Алтын бұлақ (Түркістан қаласы)Ірі сауда орындары:Дастархан (Түркістан қаласы)Бәйтерек (Түркістан қаласы)Береке (Түркістан қаласы)Сондай-ақ ірі сауда орындарындағы 64 әлеуметтік бұрышта бекітілген төмен бағада сатылып жатыр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/921086