Enbekshi QazaQ

Қуқық

«Шырға тарту»: Қарағанды облысында ең жүйрік тазы күшігі таңдалды 15.01.2025
Қарағанды облысында дәстүрлі «Шырға тарту» жарысы басталды. Қазақы тазы тұқымының ең жылдам және епті күшіктері таңдалды.Бұқар жырау ауданының Ботақара ауылында итбегілер өз тазыларының өнерін көрсетіп, қайсысы жүйрік екенін анықтау үшін жиналды.Жарыс 8 айдан 11 айға дейінгі 27 тазылар үшін алғашқы дода болды. Иттер Қарағанды облысының аудандарынан ғана емес, Павлодар облысының Баянауыл ауданынан да келді.Жарысты ұйымдастырушылардың бірі Бекзат Мұстафин 10 жылдан астам уақыт бойы осы тұқымды иттерді өсірумен айналысып келеді.– Қазақ тазысы – шыдамдылығы жағынан теңдесі жоқ ең төзімді және ең жақсы аңшы ит, – деп санайды Бекзат Мұстафин. – Тазыларға сенуге болады, олар сенімді дос. Ол аңшының жанында таңертеңнен кешке дейін шаршамай еріп жүре береді.Ботақара ауылының әкімі Жанат Қабкеновтың айтуынша, жарыстың басты мақсаты – ұлттық салт-дәстүрлерді жаңғырту және қазақ тазысының бірегей қасиеттерін дәріптеу.Жарыс 1,2 шақырым қашықтықта өтті. Ең жүйрік тазы қарағандылық Сары болды. Оның иесі – Бақытжан Жұмажанов. Екінші орын Баймырза ауылынан келген Зузуға бұйырды. Қожайыны – Нұрдәулет Мырзақанов. Ал теміртаулық Зара тазы қоржынына қола медаль салды. Итбегісі – Қазыбек Бажиров.Жеңімпаздар кубоктармен, медальдармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды. Алдағы уақытта Нұра ауданының Нұра ауылында осындай жаңа жарыстар өтеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/918158
Қарағанды облысының ҚХА қамқорлығымен жас ғалымдар клубы құрылады 15.01.2025
Биыл Қазақстан халқы Ассамблеясы үшін айтулы жыл. Бірегей азаматтық институтқа 30 жыл толады. Қарағанды облысында ҚХА қызметін дәріптеуге бағытталған бірқатар іс-шаралар жоспарланған. Бастамалардың бірі өңірдегі ҚХА ғылыми-сараптамалық тобының жанынан Жас ғалымдар клубын құру болмақ.— Бұл клуб білім алмасу, ғылыми бастамаларды дамыту және жас зерттеушілерді қолдау үшін тұғырнамаға айналады. Біз жоғары оқу орындарының ғалымдарымен кездесетін боламыз. Әркім өзінің ғылыми мүддесі бойынша жұмыс істейтін болады, бірақ ҚХА тақырыбына жақынырақ: ғылыми-практикалық қызмет мәселелері, этномәдени бірлестіктердегі атмосфераны зерттеу, — деді Қарағанды облысы ҚХА ғылыми-сараптамалық тобының жетекшісі Вилен Молотов-Лучанский Достық үйінде өткен отырыста.Ол клубтың ережесін таныстырып, оның міндеттері мен жоспарлары туралы айтып берді.«Жастар ассамблеясы» РҚБ басшысы Тимур Жұмырбаев жастарды ғылыми және қоғамдық қызметке тартудың маңыздылығын, сондай-ақ жас ғалымдардың өңір мен жалпы елдің дамуындағы рөлін атап өтті. Ол жас мамандардың кәсіби өсуіне жағдай жасау ҚХА жұмысының басым бағыттарының бірі екенін атап өтті.ҚХА-ның 30 жылдығына орай Қарағанды облысында республикалық ақсақалдар кеңесі, меценаттар форумы, қайырымдылық акциялары жоспарланған.Үкіметтің қаулысымен «Бейбітшілік пен келісім жолындағы 30 жыл» ҚХА мерейтойын өткізу жөніндегі республикалық іс-шаралар жоспары бекітілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/918173
«Ұлттық кітап» республикалық байқауына қатысуға өтінімдер қабылдануда 15.01.2025
Қазақстанда Ұлттық кітап күніне орайластырылған «Ұлттық кітап» республикалық байқауына қатысуға өтінімдер қабылдау басталды.Ол 10 номинация бойынша өтеді:1) Балаларға арналған үздік кітап;2) Үздік комикс;3) Нон-фикшн жанрындағы үздік кітап;4) Детектив жанрындағы үздік кітап;5) Сатира жанрындағы үздік кітап;6) Үздік иллюстрациялық кітап;7) Үздік аударма кітабы;8) Фантастика жанрындағы үздік кітап;9) Үздік баспа;10) «Жыл кітабы» Гран-при сыйлығы.Байқауға қатысуға соңғы 2 жылда жарық көрген туындылар қабылданады. Өтінімдер 2025 жылдың 15 қаңтарынан 1 сәуіріне дейін қабылданады.Толығырақ ақпаратты мына телефондар бойынша алуға болады: + 7-775-897-7-88, +7-727-397-61-15.Байқауды Мәдениет және ақпарат министрлігі ұйымдастырды. Оның негізгі мақсаты – кітап оқу мәдениетін қалыптастыру, қазақ әдебиеті мен руханиятының дамуына ықпал ету, үздік кітап авторларын анықтау, аудармашыларды, баспагерлер мен кітап дизайнерлерін қолдау және ынталандыру.Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет басшысының бастамасымен 23 сәуірде атап өтілетін жаңа мереке – Ұлттық кітап күні бекітілді.ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметінің ақпараты бойыншаАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/918178
Облыс әкімі нысандардағы құрылыс жұмыстарының барысымен танысты 15.01.2025
Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев қала аумағындағы құрылыс нысандарын аралады.Алдымен 2023 жылы Индустрияландыру картасына енгізілген нан-тоқаш, кондитерлік және макарон өнімдерін өндіру кешенінің құрылыс барысымен танысты. Жоба бастамашысы «Қызылорда Нан» серіктестігі, 3,8 млрд теңгеге аумағы 6166 шаршы метр нысан салынуда.Кондитерлік цехта нан-тоқаш өнімдерінің 100-ден астам түрінен, жылына 2520 тонна кондитерлік өнім дайындалады. Ал, макаронның 15-тен астам түрінен 1152 тонна өнім шығару жоспарланған.Кешен толық іске қосылғанда 67 адам жұмыспен қамтылады.Әрі қарай Нұрлыбек Машбекұлы жолаушы вагондарын жөндеу және техникалық қызмет көрсету саласындағы «Цифрлық депо» кешенінің жұмысымен танысты. Бұл жоба да Индустрияландыру картасына енгізіліп, құрылыс толығымен аяқталған. Ресейден 54 жабдық жеткізіліп, жақын күндері пайдалануға беріледі.Облыс орталығындағы құрылыс нысандарын аралап шыққан аймақ басшысы кешендер ұзақ уақыт қызмет етуі, халыққа пайдалы, өнімдері сұранысқа сай болуы үшін сәулетті, сапалы етіп салу керектігін ескертті.Айта кетейік, облыста алдағы бесжылдықта 1,9 трлн теңгенің 86 жобасын жүзеге асыру жоспарланған. Өткен жылы 37 млрд.теңгенің 21 жобасы іске қосылды. Оның ішіндегі ірі инвестициялық жобалардың бірі – «Қорқыт ата әуежайының» жаңа терминалы пайдалануға берілді. «Орда Гласс» серіктестігінің шыны зауыты айналасында энергия үнемдейтін шыны өндірісінің жаңа желісі іске қосылды. Одан бөлек, минералды ұнтақ өндірісі, асфальтбетон зауыты, газоблок, шлакоблок, металл өңдеу, 4 мың тонналық көкөніс сақтау қоймасы, құрт өндірісі, балық өңдеу, 5 күріш ақтау зауыты, жүгері өндірісі, тамшылатып суару әдісімен орман питомнигін ұйымдастыру жобалары бар.Биылға 286,8 млрд.теңгеге бағаланған 24 жоба жоспарланған. Түркиялық «Акса Энерджи» компаниясының қуаттылығы 240 мегаваттық жаңа жылу орталығының құрылысы қарқынды жүруде. Орталық екінші жартыжылдықта іске қосылады.Сондай-ақ, жыл соңына дейін жылдық қуаттылығы 720 мың шаршы метр болатын айна өндірісі, түйе сүтінен құрғақ ұнтақ жасайтын, жылына 90 млн.дана керамикалық кірпіш шығаратын өндірістер, жолаушылар вагондарын жөңдеу және техникалық қызмет көрсету кешені ел игілігіне айналады. Қуаттылығы 141,2 МВтболатын 4 күн және 1 жел-электр станциясы да биыл пайдалануға беріледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/917915
Үкімет отырысының қорытындысы бойынша көтерілген мәселелер бойынша міндеттер айқындалды 15.01.2025
Бүгін Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектеновтың төрағалығымен Үкімет отырысы өтті. Күн тәртібінде электрондық сауданы дамыту, Харбиндегі IX Қысқы Азия ойындарына дайындық, сондай-ақ Үкімет қаулыларының жобалары қаралды. Отырысқа облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев селекторлық байланыс режимінде де қатысты. Үкімет отырысынан кейін облыс әкімінің төрағалығымен көтерілген мәселелер бойынша міндеттер айқындалған кеңес өтті. Кеңеске Қызылорда қаласының және аудандардың әкімдері, сондай-ақ жауапты салалардың басшылары қатысты."Жергілікті кәсіпкерлерді электрондық сауда негіздеріне оқыту бойынша жұмысты ұйымдастырыңыз. Электрондық саудадағы экспортты ұлғайту үшін осы саладағы кәсіпорындарға интернет-маркетплейстерде тіркелуге көмек көрсетіңіз және қажетті іс-шараларды өткізіңіз. Тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласында электрондық саудадағы тауарлардың сапасына ерекше назар аударыңыз және тиісті шараларды уақтылы қабылдаңыз", — деп атап өтті облыс әкімі.2025 жылдың 7 ақпаны мен 14 наурызы аралығында Қытайдың Харбин қаласында IX Қысқы Азия ойындары өтеді. Қазақстаннан жарысқа 139 спортшы қатысады, олар ел намысын қорғайды. Дене шынықтыру және спорт басқармасы қысқы спорт түрлерін дамыту бойынша нақты шаралар қабылдауы, сондай-ақ осы салада қызмет көрсететін спорт мектептерінің санын көбейтуі тиіс. "Мұз аренасы" спорт кешені мен өңірдегі спорт мектептерінің әлеуетін барынша тиімді пайдалану және жұмысты күшейту қажет", - деді ол.Айта кету керек, өңірде тауарлар мен қызметтерді сату үшін интернет-ресурстарды пайдаланатын 10 кәсіпорын тіркелген. 2023 жылы бұл кәсіпорындар 18 мыңнан астам тапсырыс жасап, айналымы 281 млн. теңгені құрады. Өңірде тапсырыстарды сақтауды және жеткізуді қамтамасыз ететін 11 "Қазпошта" супермаркеті және интернет-дүкендердің басқа да пункттері жұмыс істейді. Қазіргі уақытта көптеген тауар өндірушілер өз өнімдерін электронды платформалар арқылы сатады.Облыста 14 822 спорт секциясы жұмыс істейді, онда 342 223 адам айналысады, оның ішінде 153 спортшы 14 секцияда қысқы спорт түрлерімен айналысады. Спортты дамытуға облыстық бюджеттен 1 млрд.869 млн. теңге бөлінді, оның 51 млн. 476 мың теңгесі қысқы спорт түрлерін дамытуға бағытталған. Аймақтың климаттық ерекшеліктерін ескере отырып, "Мұз аренасы" спорт кешенінде үш қысқы спорт түрінен үйірмелер жұмыс істейді.Бүгінгі таңда республикалық чемпионаттарда жүлделі орындарды біздің 4 спортшы иеленді. Олардың екеуі жас спортшылар арасында шорт-тректе, ал екеуі мәнерлеп сырғанауда өнер көрсетеді. Өңірде 22 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі жұмыс істейді, олардың біреуі қысқы спорт түрлері бойынша қызмет көрсетеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/917934
Шу ауданының тұрғындары қоныс тойын тойлады 15.01.2025
Шу ауданында тұрғын үй кезегінде тұрған 8 азамат үш бөлмелі баспанаға ие болды. Аудан әкімі Бақытжан Жәнібеков пәтер кілттерін салтанатты түрде табыстап, халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету – басты міндеттердің бірі екенін алға тартты. Баспана әлеуметтік осал топтар санатына жататын отбасылар мен көпбалалы аналарға берілді. 7 баланың анасы Перизат Бақытжанқызы көппен бірге қуанып, қоныс тойын тойлап отыр. Көпбалалы отбасы талай жылдан бері пәтер жалдап күн кешіп келген. – Мемлекет қолдауының арқасында пәтерге қол жеткізіп отырмыз. Алғыстан басқа айтарымыз жоқ. Баспанасыз жүрген отбасыларға осындай қуаныш бұйырсын! – дейді аудан тұрғыны. Айта кетейік, Шу ауданында 1 872 азамат тұрғын үй кезегінде тұр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl/press/news/details/917890
Атырау облысындағы Бақсай су арнасында 180 мың дана балық шабағы құтқарылды 15.01.2025
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жайық-Каспий бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының қызметкерлері Атырау облысындағы Бақсай су арнасында балық шабақтарының жиналу фактісін анықтады.Өзара әрекеттестік схемасына сәйкес, шабақтардың жиналу орнына инспекция, экология департаменті, табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы, ғылыми-өндірістік балық шаруашылығы орталығының қызметкерлері мен ветеринария қызметінің өкілдерінен құралған топ шықты. Қабылданған шаралардың нәтижесінде шамамен 180 мың дана балық шабағы құтқарылды.Су мен балықтың үлгілері зертханалық зерттеулер жүргізу үшін алынды.Балық шабақтарының жаппай қырылу қаупінің алдын ала себебі – су арнасының мұздануына байланысты суда еріген оттегінің төмен деңгейі.Белгіленген тәртіпте өлген балық шабақтарын жинау және кәдеге жарату жұмыстары жүргізілуде.Бұл жағдай ерекше бақылауға алынды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/918054
Биыл Жетісу облысында 122 әлеуметтік нысан салу жоспарланған 15.01.2025
Биыл Жетісу облысында 122 әлеуметтік нысанның құрылысы жоспарланған, оның 105-і осы жылы пайдалануға беріледі, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.Облыстық құрылыс басқармасының мәліметінше, биыл өңірде 100 денсаулық сақтау нысаны, 10 мәдениет нысаны, 8 білім беру нысаны, 3 спорт нысаны және 1 оңалту орталығы салынады, солардың 105-і биыл іске қосылады деп жоспарланған.«Биыл Алакөл және Панфилов аудандарында 900 орынды 2 жаңа мектепті пайдалануға беру жоспарланып отыр. Алакөл ауданы Лепсі ауылында жаңа дене шынықтыру-сауықтыру кешені бой көтереді. Сондай-ақ жаңа мәдениет үйлері Ақсу ауданының Матай, Арасан, Есболатов ауылдарында және Көксу ауданының Жарлыөзек ауылында іске қосылады, соның 2-уі спорт залдарымен біріктірілген нысандар болмақ. Денсаулық сақтау саласында 39 фельдшерлік-акушерлік және 20 медициналық пункт, сондай-ақ 4 жедел жәрдем станциясы және ҚАЖК-нің 1 медициналық қызметі нысаны салынады», - делінген облыстық құрылыс басқармасының хабарламасында.Жалпы биыл Жетісу облысында әлеуметтік нысандар, тұрғын үйлер, инженерлік-коммуникациялық желілер, өрт сөндіру депосы және ауыл шаруашылығы объектілері, жалпы алғанда түрлі саладағы 298 нысанның құрылысы жоспарланған.Жетісу облысы құрылғаннан бері жөндеу мен жаңа құрылыс жүргізудің арқасында объектілерді жаңарту 50%-ға жетті. Соның ішінде өткен жылы өңірде 171 нысан салынып, пайдалануға берілді.Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. Фототілші: Дмитрий Ерофеев (сурет архивтен алынған)Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-oblysy/press/news/details/918003
«Жұмысшы мамандықтары жылы»: СҚО-да өңірлік жоспар қабылданды 15.01.2025
Бүгін СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов «СҚ жоғары кәсіби-педагогикалық колледж», «Е.Даутов атындағы қызмет көрсету саласы колледжі» және "Б.Әшімов атындағы машина жасау және көлік колледжіне" барды. Колледждердің директорлары және мамандармен кездесуде Мемлекет басшысының бастамасымен «Жұмысшы мамандықтары жылы» аясында міндеттерді жүзеге асыру талқыланды. Облыста «Жұмысшы мамандықтары жылы» аясында өңірлік жоспар қабылданды, оның аясында 47 түрлі шара өткізілмек. Мемлекет жұмысшы мамандықтарының қоғамдағы мәртебесін өсіруге, жастарға кәсіби бағдар беруге ден қояды. Мектеп түлектері жұмысшы мамандықтарының маңыздылығын түсініп, оларды болашақ кәсібі ретінде таңдауы өте маңызды. Сонымен қатар, жұмысшы мамандарды еңбекпен қамту да маңызды.Облыста 24 колледж бар, олардың 13-і жұмысшы кадрларды даярлайды. 11 мың студенттің 3,8 мыңы жұмысшы мамандықтарында білім алады. Біздің колледждер заманауи қондырғылармен жабдықталған, бұл студенттерге сапалы білім мен тәжірибе алуға мүмкіндік береді.Бүгінде еңбек нарығында механизатор, инженер, электрик, токарь, құрылысшы, дәнекерлеушілер сұранысқа ие. Осы мәселені шешу үшін колледждерге жұмысшы мамандықтары бойынша қосымша 105 грант бөлініп, оның жалпы саны 1742 жетеді. Дуальды оқыту бойынша студенттер саны 2,6 мыңнан 3 мыңға дейін көбейтілмек. Осы бағдарлама аясында колледждер 300-ден астам кәсіпорынмен ынтымақтасып, 1 мыңнан астам келісімшарт жасады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko/press/news/details/917902
Қарағанды облысында қай жерде шомылдыру рәсімінен өтуге болады 15.01.2025
Қарағанды облысының православие храмдарында 18 және 19 қаңтарда Иеміздің шомылдыру рәсімі немесе Эпифания тойланады. Өңірде суға түскісі келетіндер үшін 15 орын анықталды.Шомылу кезіндегі қауіпсіздік шаралары туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің платформасында өткен брифингте айтылды.– Ең алдымен, бұл Иордан өзенінде Иса Мәсіхтің шомылдыру рәсімінен өтуіне арналған діни мереке. Оны мерекелік ғибадаттан бастау керек-бұл мерекенің басты бөлігі, ал шомылу қайталама, - деп атап өтті Қарағанды қаласы Введенский кафедралды соборының және Шахтинск епархиясының протоирейі Ахия Рахымжанов.Қарағанды облысында шомылуға арналған арнайы жабдықталған 15 орын анықталды. Бұл тізім жергілікті атқарушы органдардан өтінімдердің түсуіне қарай толықтырылатын болады.Мереке қарсаңында құтқарушылар сүңгу орындарын тексеріп, мұздың қалыңдығын өлшеді. Орташа алғанда, облыстың су қоймаларында ол шамамен 50 см құрайды, бұл осындай ауқымды іс-шараларды өткізуге мүмкіндік беретін қауіпсіз деңгей.Қарағанды облысының ТЖД ұсынымдар берді және шомылу кезіндегі қауіпсіздік ережелерін еске салды:- шрифтке батырар алдында денені жылыту үшін жылыту жасаңыз;- шомылғанға дейін және кейін алкогольді ішпеңіз;- жұқа жерлерден, жарықтар мен промоутерлерден аулақ болыңыз;- бір жерде үлкен топтарға жиналмаңыз;- қараңғыда от жағуға және мұзға шығуға болмайды;- үдеткіштен немесе бұрыштан суға секірмеңіз;- шрифттерді өзіңіз жабдықтамаңыз.Ережелерді сақтамағаны үшін әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 412-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілік көзделген.- Шомылдыру рәсімі-бұл дененің емес, жанның мерекесі. Ал егер дене шынықтырумен, салауатты өмір салтымен және т.б. дайындалмаса, онда тәуекелге бармай, суға батырудан бас тартқан дұрыс, — деп қосты протоирей Ахия Рахымжанов. Арнайы жабдықталған шомылу орындарының тізімі:1. Қарағанды-Федоров су қоймасы.2. Қарағанды-собор, Гапеев көшесі, 1а.3. Теміртау-Самарқанд Шабыт қоймасы - қалалық жағажай.4. Теміртау - "Qarmet" ақ Конвертер цехының демалыс аймағы.5. Балқаш-қалалық бөгет.6. Шахтинск-шахта ауданындағы су айдыны. Ленин.7. Саран-Саран су қоймасы;8. Приозерск-Балқаш көлі, Космонавтов көшесі, 8.9.Абай ауданы-Шерубай-Нұра су қоймасы - "Абай" демалыс аймағы.10. Бұқар Жырау ауданы-Нұра өзені, Ботақара кентінің маңында.11. Бұқар Жырау ауданы-Ошаған өзені, Центральный ауылының маңында.12. Бұқар Жырау ауданы - "Ясная сказка" демалыс аймағындағы су айдыны, Жаңа Өзен кенті.13. Нұра ауданы-Құндыз өзені.14. Осакаров ауданы-Пионерское ауылы (Есіл өзені Совхозная көшесінен 100 метр қашықтықта, 67-үй).15. Осакаров ауданы-Есіл ауылындағы Есіл өзенінде. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/917076
Қарағандыдағы көру қабілеті бұзылған балаларға арналған мектеп-интернатта «Қараңғы бөлме» ерекше жобасы құрылды 15.01.2025
Қарағанды облыстық № 1 мамандандырылған мектеп-интернатында тас қараңғыда, еш бағдарсыз өмір сүрудің не екенін білуге болады. Оқушыларды бейімдеу мен әлеуметтендіруге көмектесу үшін оқу орнының қызметкерлері көптеген қызықты жобалар құрады.№ 1 мектеп-интернатта көру қабілеті бұзылған 112 бала білім алуда. Мұнда білім алуға, емделуге және оңалтуға қажетті жағдайлар жасалған, сондай-ақ қолжетімді орта қамтамасыз етілген.«Қараңғы бөлме» жобасы ерекше назар аудартады. Бұл не? Бұл тек кеңістік қана емес, сонымен қатар барлық іс-әрекет тас қараңғыда болатын эксперименттік квест. Келушілер тапсырмаларды тек есту, сезіну, дәм және иіс сезу арқылы ғана орындайды. Бөлме алты аймаққа бөлінген, олардың әрқайсысында ерекше тапсырма ұсынылады: бағдарлы таяқпен көпірден өту, көзіңмен көрмей баланы мектепке жинау, екінші адамға дастархан жаю, иістерге бағдарланған «супермаркетте» сауда жасау.– «Қараңғы бөлме» көру қабілеті бұзылған балаларға өз мүмкіндіктерін ашуға көмектесіп қана қоймай, көру қабілеті нашар адамдардың қандай қиындықтармен бетпе-бет келетінін жақсы түсінуге мүмкіндік береді. Бұл педагогтар, дефектологтар мен ата-аналар үшін аса маңызды тәжірибе, – деді нұсқаушы Екатерина Әбішева.Мұның маңызы неде? Әрбір келуші қараңғыға батып, өз күшін әдеттен тыс жағдайларда сынап көруге, зағип адамдардың әлемін жақсы түсінуге және жаңа дағдыларды игеруге мүмкіндік алады.Жоба көру қабілеті бұзылған балалармен жұмыс істеуге дайындалып жатқан дефектолог студенттерді оқыту алаңы болып табылады.«Қараңғы бөлмеден» басқа, мектепте «Мектептің мақтанышы» атты ағаш пішінінде фотостенд жасалды,оның жемістері – түлектердің фотосуреттері.Әлеуметтік бейімделу кеңістігін кеңейту және оқушылардың ынтасын арттыру үшін құрылған әлемді өзгерткен Ұлы адамдар мұражайы ашылды.Экспозиция тарихта із қалдырған зағип адамдар – журналист Джозеф Пулитцер, оның есімімен беделді сыйлық аталды, көрнекті жазушы Хелен Адамс Келлер, әлемдегі жалғыз соқыр альпинист, Эверестті бағындырған Эрика Вайхенмайер және екі рет Олимпиада ойындарына қатысқан соқыр жеңіл атлет Марла Раньян туралы баяндайды. Материалдар үш тілде қолжетімді және көру қабілеті бұзылған адамдар үшін бейімделген (Брайл қарпі, аудио-экскурсиялары бар QR-кодтар).– Біздің мектептің оқушылары талантты, және олардың әрқайсысы осы мұражайға келгенде өзін теңестіргісі келетін адамды таңдайды, – деп есептейді мектеп директоры Айман Тілегенова. – Бір кездері бұл адамдардың барлығы да жай ғана шәкірт болған, бірақ әлем мойындаған және ұлы болған.Мектеп-интернат жобалары балалардың бейімделуіне көмектесіп қана қоймай, көру қабілеті шектеулі адамдарға деген қоғамның көзқарасын да өзгертеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/917113
Қарағанды облысында мемлекеттік бағдарлама бойынша ЭКҰ-ға 270 квота бөлінді 15.01.2025
2025 жылы Қарағанды облысында 270 отбасы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру бағдарламасы бойынша экстракорпоралды ұрықтандырудың (ЭКҰ) тегін қызметтерін пайдалана отырып, ата-ана болу мүмкіндігіне ие болады. Бағдарлама бір жылдан астам уақыт бойы жүкті болғысы келетін, бірақ бала көтере алмай жүрген жұптарға арналған.ЭКҰ-ға квота алу үшін:- тіркелген жері бойынша емханаға барып, акушер-гинекологтың қабылдауына жазылу;- гормондарға анализ тапсыру, жатыр түтікшелерінің өтімділігіне тексеруден өту және репродуктологтың қорытындысын алу;- ерлерге спермограммадан өтіп, андрологтың қорытындысын алу қажет.Құжаттардың толық топтамасымен облыстық клиникалық аурухананың Отбасын жоспарлау және репродуктивті денсаулық орталығына квота беру жөніндегі комиссияға жүгіну қажет.- Егер сіздердің емханаларыңызда зерттеу жүргізуге қажетті мамандар мен жабдықтар болмаса, МӘМС аясында барлық қажетті процедуралар жүргізілетін Отбасын жоспарлау орталығына жолдама ала аласыз, - дейді акушер-гинеколог және репродуктолог Татьяна Слободчикова.Комиссияның оң қорытындысын алғаннан кейін жұптар ЭКҰ процедурасын жүргізу үшін Қазақстандағы кез келген клиниканы таңдай алады.Отбасын жоспарлау орталығының мекен-жайы: Қарағанды қаласы, Н.Назарбаев даңғылы, 10а.Телефон арқылы қабылдау (8-7212) 42-55-54.Call-орталық: (8-7212) 94-04-77, +7-778-003-71-47.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/917264
Қарағандылық палуандар «Дала қырандары» турнирінің финалында жүлделі орындарға ие болды 15.01.2025
Елордада қазақ күресінен «Дала қырандары» турнирі аяқталды. Жеңіс үшін сегіз салмақ дәрежесінде 64 спортшы бақ сынасты. Қарағандылықтар үш жүлделі орынға ие болды.Қарағанды облысынан бес спортшы қатысты: Нұржігіт Орал (55 кг), Бауыржан Хуанган (82 кг), Олжас Исаханов (90 кг), Мұхит Қарғабай (90 кг), Ерқанат Молдағұлов (100 кг). Олардың үшеуі түрлі санатта жүлделі орындарға ие болды. Ерқанат Молдағұлов 100 кг салмақ дәрежесінде екінші, Бауыржан Хуанган 82 кг салмақ дәрежесінде үшінші, Олжас Исаханов 90 кг салмақ дәрежесінде қола жүлдені иеленді. Олардың барлығы – олимпиадалық емес спорт түрлерінен жоғары спорт шеберлігі мектебінің тәрбиеленушілері.– Қарсыластарымыз өте күшті болды. Олардың арасында әлем, Азия чемпиондары, Көшпенділер ойындарының жеңімпаздары бар. Әр салмақ дәрежесінде сегіз балуан қатысты, олар алдыңғы іріктеу турларында жеңіске жетті, – дейді Қарағанды облысының қазақ күресінен аға жаттықтырушысы Мақсат Ахметбеков. – Біздің спортшылар да өте мықты. Менің ойымша, бұл жолы оларға сәттілік жетпеді, ал олардың шеберлігі жоғары деңгейде, – деді ол. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/917401
Қарағандылықтарды қардан мүсін жасау байқауына қатысуға шақырады 15.01.2025
Қарағанды саябақтары мен гүлбақтары басқармасы ең креативті қар адамы мүсініне байқау жариялады. Оған қаңтар айының соңына дейін қатысуға болады.Бірінші орын үшін бақ сынасқысы келетіндер Орталық мәдениет және демалыс саябағының аумағында қардан мүсін жасауы керек. Биіктігі бір метрден кем болмауы тиіс. Мүсінді кез келген нәрсемен безендіруге болады. Байқауды ұйымдастырушылар қатысушылардың қиялын шектемейді.Дайын қар мүсінімен суретке түсіп, суретті Instagram-да жариялау керек. Суреттің астында пішіннің нақты орналасқан жерін және оның қысқаша сипаттамасын көрсету қажет. Сондай-ақ Қарағанды саябақтары мен гүлбақтары басқармасының @park.krg аккаунтын міндетті түрде белгілеу керек.Қазылар алқасы үздік үш мүсінді таңдап, олардың авторларын арнайы сыйлықтармен және дипломдармен марапаттайтын болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/917409
Қазақстанда көп балалы отбасыларға салық жүктемесі азайтылады 15.01.2025
Көп балалы отбасыларды қолдау – мемлекеттің әлеуметтік саясатының басымдықтарының бірі. 2025 жылғы қаңтардан бастап салық заңнамасында отбасылық табысқа әсер ететін өзгерістер болды.Атап айтқанда, ҚР Салық кодексінің 347-бабында көп балалы отбасылар үшін маңызды жаңалықтар айтылады.Көп балалы отбасы үшін салық шегерімі күнтізбелік жылға белгіленген 282 АЕК-тен (2025 жылы – 1 108 824 теңге) аспайтын мөлшерде екі ата-анаға жиынтығында мынадай тәртіптердің бірінде қолданылады:1) көп балалы отбасының ата-анасының біреуіне әр ай үшін 23 АЕК (2025 жылы – 90 436 теңге);2) көп балалы отбасының әрбір ата-анасына әр ай үшін 12 АЕК (2025 жылы – 47 184 теңге) мөлшерінде.Салықтық шегерім үшін шарт: отбасында осы шара қолданылатын күнтізбелік жылдың 1 қаңтарына төрт және одан да көп кәмелетке толмаған балалардың болуы. Растау үшін балалардың туу туралы куәліктерінің көшірмелерін ұсыну қажет.Салық жеңілдіктерін алу үшін құжаттар жергілікті салық органдарына немесе жұмыс орны бойынша кадр қызметіне – салықтық шегерімге өтініш беріледі.Осылайша, көп балалы отбасылар үшін салық жүктемесі төмендейді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/917419
Қарағанды хайуанаттар бағы Халықаралық зебра күніне орай сурет байқауын өткізеді 15.01.2025
Жас қарағандылықтар Халықаралық зебра күніне орайластырылған сурет байқауына қатысуға шақырылады. Жеңімпаздар сыйлықтармен марапатталып, олардың жұмыстары көрмеде ұсынылады.Халықаралық зебра күні 31 қаңтарда атап өтіледі. Бұл мереке осы жануарлардың саны кемуі мәселесіне назар аудару үшін ұйымдастырылды.Қарағанды хайуанаттар паркінде сурет байқауы жарияланды. Оған 3–14 жас аралығындағы балалар қатыса алады. Зебраны олардың табиғи ортасында да, хайуанаттар бағында да салуға болады.Жеңімпаздар 3–5 жас аралығындағы, 5–10 жас аралығындағы және 10–14 жас аралығындағы үш санатта таңдалады.Үздік жұмыстардың авторлары зообаққа бару үшін жұмсақ ойыншықтар мен абонементтер алады. Олардың суреттері зоопарк ғимаратының бірінші қабатында ұсынылады.Марапаттау 1 ақпанда өтеді. Жас келушілер үшін аниматорлардың қатысуымен шоу-бағдарлама ұйымдастырылады және зебралар туралы айтылады.Байқауға қатысу үшін @krgzoo аккаунтын белгілеп, автордың аты мен жасын көрсетіп, сурет салып, оны Instagram-ға жариялау қажет. Сондай-ақ, зообақ бетіндегі байқаудың хабарландыруымен үш досын атап өту қажет https://www.instagram.com/p/DEweIFeNUKZ/?igsh=MTUwb3pyd2xnNGp3dQ.Конкурстық жұмыс жарияланған аккаунттың хайуанаттар паркінің парақшасына жазылғаны маңызды. Жұмыстар 30 қаңтарға дейін қабылданады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/917824
Қарағанды облысында мемлекет көмегімен тұрғын үй қоры қалай жаңғыртылады? 15.01.2025
Қарағанды облысында тұрғындарға коммуналдық мәселелерді шешуге көмектесу жолы табылды. Өңірде 15 жылға дейін пайызсыз несие беретін Тұрғын үй қорын жаңғырту орталығы жұмыс істейді.Үкімет бекіткен 2023–2029 жылдарға арналған тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамыту тұжырымдамасы аясында бағдарлама облыстық бюджеттен қаржыландырылады. Тұрғын үй иелері көп қабатты үйлердің шатырлары мен инженерлік коммуникацияларын жаңартуға, лифтілерді ауыстыруға жеңілдікпен қарыз ала алады. Сондай-ақ орталық газға қосылу қолжетімді болды.Қарағандыда, Шахтерский кентінде 30 жыл бойы орталық жылу болмаған. Тұрғындар өз пәтерлерін буржуй пештерімен немесе электр қуатымен жылытқан. Пришахтинскідегі жылу магистралі қайта жөнделгеннен кейін көп жылдық проблема шешіле бастады. Өткен жылы жергілікті биліктің көмегімен орталық жылу жүйесіне алғашқы 30 көппәтерлі үй қосылды.– Үй ішіндегі жылыту жүйесін қалпына келтіру шығынды қажет етеді. Қаржылық ауыртпалықты жеңілдету үшін біз 15 жылға пайызсыз несие бердік. Биыл 29 үйді іске қосу қалды. Жұмыс белсенді жүріп жатыр. Тұрғындар есептеулерге, техникалық шарттарға тапсырыс береді, кейбір иелермен келісім-шартқа қол қоя бастаймыз. Адамдар көрші үйлердің қосылғанын көрді. Осының бәрі шынайы, қолжетімді, қолайлы жағдай екенін түсінді, – дейді Қарағанды облысының тұрғын үй қорын жаңғырту орталығының директоры Данияр Дүйсембаев.Өзекті мәселелердің бірі – ескірген лифт жабдықтарын ауыстыру. Облыста да осы мәселені шешумен айналысады. Тұрғындарға үлкен соманы біржолғы жұмсаудың қажеті жоқ: 8 жыл мерзімге бөліп төлеу қарастырылған. Өткен жылы Теміртаудағы 10 көпқабатты үйде жаңа лифтілер орнатылды. Биыл жоспар одан да көп: Қарағанды мен Теміртаудағы 30 үйде лифт жабдықтарын жаңарту жоспарланып отыр.Тағы бір маңызды бағыт – газдандыруға көмектесу. Қарағанды облысының тұрғын үй қорын жаңғырту орталығы арқылы орталық газға қосу үшін 5 жылға пайызсыз несие алуға болады. Өткен жылы бағдарламаны Қарағанды мен Теміртауда 409 абонент пайдаланған. Биыл 500 үйге дейін жеткізу жоспарланған. Кредитті ресімдеу рәсімі барынша азайтылды. Газға қосылуға құқық белгілейтін құжаттар мен техникалық шарттарды ұсыну қажет.Бұдан басқа, Тұрғын үй қорын жаңғырту орталығы шатырларды, инженерлік коммуникацияларды жөндеуге, көп қабатты үйлердің кіреберістеріндегі терезелерді ауыстыруға көмектеседі. Сондай-ақ пайызсыз несие беріледі, қаражатты біртіндеп 15 жылға дейін төлеуге болады. Өтінімді алғаннан кейін орталық жобаға ЖСҚ және сараптама дайындайды, тек тұрғындармен келісілгеннен кейін ғана шартқа қол қойылады.Өткен жылы Теміртау, Абай және Қарағандыдағы тұрғын үй иелері көмекті пайдаланды. Биыл бұл тізімге Саран қосылады деп жоспарлануда.Қарағанды облысының тұрғын үй қорын жаңғырту орталығы Қарағанды қаласы, Пассажирская көшесі, 15а мекенжайы бойынша орналасқан. Телефон: (8-7212) -99-65-59. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/917840
Қарағанды облысының сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы жаңа мекенжайға көшті 15.01.2025
2025 жылғы 15 қаңтардан бастап «Қарағанды облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы» ММ Қарағанды қ., Тәттімбет көшесі, 709, 1-қабат (ғимараттың артқы жағындағы кіреберіс) мекенжайында орналасады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/917997
Бұқар Жырау ауданындағы сегіз отбасы тауарлық несие ретінде 27 бас ІҚМ алды 15.01.2025
Қарағанды облысында «Ауыл аманаты» жобасын жүзеге асыру жалғасуда. Бұқар жырау ауданында алты шаруа қожалығы сегіз отбасына 27 бас ІҚМ тауарлық несие берді. Жоба ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен ауыл тұрғындарының әл-ауқатын арттыру үшін іске қосылды.Естеріңізге сала кетсек, тауарлық несиелеу келесідей жұмыс істейді: ауыл тұрғындарына ірі қара немесе ұсақ мал беріледі. Бес жыл ішінде үш төлдің екеуін қарыз алушылар несие берушіге беруге міндетті. Мысалы, бір сиырдан бес жыл ішінде ауыл тұрғыны үш бұзауды несие түрінде қайтаруы керек. Осы шарт орындалғаннан кейін және бес жыл өткеннен кейін тауарлық қарыз өтеледі.– Тауарлық несиелендірудің артықшылығы – өз шаруашылығын айтарлықтай бастапқы салымдарсыз дамыту мүмкіндігі. 5 жыл ішінде отбасылар сүт сатудан табыс ала алады, бұл олардың қаржылық жағдайын жақсартуға ықпал етеді. Несиені қайтару ақша қаражатымен емес, төлмен - бұзаулармен жүзеге асырылады, бұл қарыз алушыларға қаржы қысымын сезінбеуге және бір мезгілде өз шаруашылықтарын дамытуға мүмкіндік береді, – деді Бұқар жырау ауданының ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Манат Құрманғалиев.Тауарлық несиені енгізу өзара тиімді шешім болды, деп есептейді кәсіпкерлер. Бұл ауыл тұрғындарының әл-ауқатын арттыруға көмектеседі.– Табысы төмен отбасылардың барлығы дерлік мал сатып алып, үй шаруашылығын жүргізе алмайды. Екі отбасына жеті бас ІҚМ бөлді. Мен ол екі отбасын да білемін. Олардың тұрмыс деңгейін көтеруге ұмтылуын қолдаймын. Сауын сиырлар бердім. Ауыл тұрғындары олардан сүт алып, май, қаймақ жинап, сататын болады. Бес жылдан кейін сиырлардың өздері де осы отбасыларда қалады. Маған барлығы төрт бұзау қайтарылады, – дейді «Үлкен» ШҚ басшысы Григорий Шарков.Тауарлық несие аз қамтылған және көп балалы отбасылар үшін өте маңызды. Ақжар ауылының тұрғыны Руслан Башаев көп балалы әке. Ол тауарлық несие алғандардың бірі.– Отбасым үлкен, балалардың болашағы туралы ойланамын. Маған тауарлық несиелеу бағдарламасына қатысу ұсынылғанда бірден келістім. «Арлан» шаруа қожалығының басшысы менің отбасыма үш сиыр бөлді. Несиелеу шарттары жақсы және тиімді, – деп атап өтті көп балалы әке.Бұқар жырау ауданы тауарлық несиелендіру іске қосылған бірінші аудан болды. Бағдарламаны іске асыру одан әрі жалғасады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/917930
Әлібек Хасенов «Қазспортинвест» АҚ президенті қызметіне тағайындалды 15.01.2025
Әлібек Хасенов 1986 жылы 3 қазанда Қарағанды облысының Саран қаласында дүниеге келген.Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетін (маркетинг), Қазақстан-Ресей университетін (құқық) тәмәмдаған.Еңбек жолын 2016 жылы ҚР Президенті Іс Басқармасының «Қараөткел» РМК ресми іс-шаралар бөлімінің бастығы болып бастаған;2018 жылдан бастап – мемлекеттік және ірі іс-шараларды ұйымдастырумен айналысады;2019-2024 ж.ж. – каноэ федерациясының ескек есу спортын дамыту жөніндегі атқарушы директор;2024 жылдан бастап – Астанада «Болашақтың ойындарын» өткізуге өтінім әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының мүшесі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/918087