Қуқық
Бейбіт Исабаев соғыс ардагерін 101 жасқа толуымен құттықтады 14.01.2025
Бүгін Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев Ұлы Отан соғысының ардагері, ардагер-педагог, талдықорғандық Ысқақ Құсайыновты 101 жасқа толуымен құттықтады. Ақсақал Ұлы Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында өзінің ғасырдан асқан белесін өткеруде. Айта кетейік, бүгінде облыста Ұлы Отан соғысының көзі тірі үш ардагері тұрады, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.Бейбіт Исабаев дәстүр бойынша ардагердің иығына шапан жауып, өзінің құттықтау хатын табыс етті. Ардагерге тілегін білдіріп:- Облыста қан майданда алғы шепте болған үш майдангер ақсақалымыз бар. Солардың ішінде үлкені Ысқақ ата үшеуінің алды болып 101-ге келіп отыр. Ысқақ ата, келген жасыңыз құтты болсын. Биыл Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығы атап өтіледі. Осы мерейтойда қатардан қалмай, орден-медальдарыңызды тағып, Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қойып, сапта тұрасыз деп сенеміз, - деді өңір басшысы.Мұнан соң ақсақалға Қазақстан Қарулы Күштері ардагерлері қоғамдық ұйымының төрағасы Мұхтар Алтынбаевтың құттықтау хатын Жетісу облысындағы осы ұйымның төрағасы Рахым Қырқабақов тапсырды. Майдангер қарияға көрсетіліп жатқан құрметке ризашылығын білдірген ардагердің қызы Гүлсімхан Мырзаханова:- Әкем бір үйдегі он алты баладан жалғыз өзі тірі қалып, он бес жасынан еңбекке араласқан. Әкесінен жастай жетім қалған соң анасына қолғабыс етіп жұмыс істеген. Соғыстың да қиындығын көрді. Мұғалім болды. Кейін 95 жасына дейін де алма ағаштарын баптады, бақша екті, немерелеріне деп жеміс-жидек өсіріп беріп отыратын. Сол еңбегінің, сергектігінің арқасы шығар, бүгін, міне, жүз бір жасқа келіп отыр. Осы жасында сыйлап, үлкен құрмет көрсетіп жатқандарыңызға көп рахмет. Әкемнің көрген бейнетін бермей, зейнетін берсін бәріңізге. Сіздер де бала-шағаларыңыздың қызығын көріп, елге қызмет ете беріңіздер, - деді ол.Өз кезегінде елімізге бейбітшілік тілеп, батасын берген Ысқақ ақсақал:Ескі заман келмеске кетті, жаңа заман туды. Жаңа дәуірде еңбектерің жемісті, істерің сәтті болсын! Денсаулықтарың зор болсын, ұрпақтарымыз өсіп-өніп, арман-мақсаттарына жетсін, - деді.Ысқақ Құсайынов Алакөл ауданының Көлбай ауылында 1924 жылы дүниеге келген. Он сегіз жасында өз еркімен соғысқа аттанды. 1942 жылы Украина майданында атқыштар дивизиясының құрамында ұрысқа қатысты. Ал 1943-1945 жылдары Тынық мұхитындағы Амур әскери-теңіз флотының «Зенит» дивизиясында болып, жауға қарсы шайқаста ауыр жарақаттанды. Ерлік істері үшін оған «Әскери-теңіз флотының үздігі» атағы берілді. Мұнан соң Совет-Жапон соғысына қатысты. Лепсідегі педагогикалық училищеге оқуға түсіп, оны аяқтаған соң кейінгі 40 жыл ғұмырын ұрпақ тәрбиесіне арнады. Екінші дәрежелі Отан соғысы орденімен, «Еңбек Қызыл Ту» орденімен, Жуков медалімен, «Жапонияны жеңгені үшін», «Ерлігі үшін» медальдарымен және басқа да марапаттармен наградталды.Халық ағарту ісінің озық қызметкері, Алакөл ауданының Құрметті азаматы, мектеп пәндерінің бірқатар әдістемелік оқу құралдарының авторы.Оның қызы мен немересі ардагердің жолын жалғап, білім беру саласында қызмет етуде. Бүгінде ардагердің 9 немересі, 31 шөбересі, 5 шөпшегі бар.Атап өтсек, 2023 жылы Ысқақ Құсайыновқа облыс орталығының жаңа шағын ауданынан бір бөлмелі пәтердің кілті берілген болатын.Жалпы 2025 жылы Жетісу облысында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығын мерекелеу құрметіне соғыс ардагерлері мен мүгедектеріне және оларға теңестірілгендерге – жалпы саны 3 218 адамға біржолғы әлеуметтік көмек төлеуге 393,8 млн. теңге бөлінді. Соның ішінде Ұлы Отан соғысына қатысқан 3 ардагердің әрқайсысына 2 млн. теңгеден 6 млн. теңге қарастырылған. Сондай-ақ жылына бір рет ҰОС ардагерлері санаторий-курорттық тегін еммен қамтылады, оған қоса ҰОС қатысушылары мен мүгедектеріне коммуналдық шығындарға жұмсалатын шығындар өтеледі.Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі Фотограф: Жеңіс ЫсқабайСонымен бірге бірқатар фотолар соғыс ардагерінің отбасылық фотоархивінен алынды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-oblysy/press/news/details/917510
Алматыда жетінші рет Digital Almaty халықаралық цифрлық форумы өтеді 14.01.2025
Алматыда 2025 жылдың 31 қаңтары мен 1 ақпаны аралығында Digital Almaty 2025: «Industrial AI: жаңа дәуірге арналған технологиялар» атты халықаралық цифрлық форумы өтеді.Жетекші халықаралық алаңда ЕАЭО елдерінің инновациялық даму келешегі мен цифрлық күн тәртібін талқылау үшін ЕАЭО елдерінің мемлекеттік қайраткерлері, жетекші сарапшылар мен кәсіпкерлер бас қосады. VII форум аясында Industry 4.0 AI Battle – жасанды интеллект саласында үздік стартап үшін ауқымды сайыс, ІТ-экожүйе саласындағы жобалар туралы тәжірибе алмасып, ақпаратты бөлісетін ірі қазақстандық жер қойнауын пайдаланушылар, өнеркәсіптік стартаптар, технопарктер, технологиялық компаниялардың көрмесі жоспарланған.Digital Almaty-2025 өнеркәсіптегі түбегейлі өзгерістер мен жасанды интеллектің жаһандық индустрия келешегіне ықпалына арналады. Қазіргі кезде АІ технологиялары өндірістік процестердің тиімділігі, қауіпсіздігі және тұрақтылығының негізгі драйверіне айналып келеді. Industrial AI әлеуетін күрделі өндірістік тізбектерді автоматтандыру, болжау және оңтайландыру үшін қолдану өнеркәсіп секторын интеллектуалды басқаруда жаңа мүмкіндіктерді ашады. Цифрлық әлеммен таныстыратын екікүндік шараға 40 мыңнан аса адам қатысады деп күтілуде.«VII Digital Almaty жасанды интеллектті өнеркәсіптік экожүйелерге; экономика мен қаржыға; ESG-ге; медицинаға, білімге және киберқауіпсіздікке интеграциялау тақырыптарын ашатын ауқымды іскерлік бағдарламаны ұсынады. Яғни, форум алаңында «ақылды» фабрикаларды дамытуды, Industry 4.0 шеңберінде жаңғырту мен автоматтандыруды қоса алғанда, өндірістерді трансформациялауға болатын AI-шешімдер ұсынылатын болады», - деді Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев.Әлемдік сарапшылар мойындаған Digital Almaty өткен жылы өз алаңында 300-ден астам спикердің басын қосты. Басқа мемлекеттер тарапынан еліміздің цифрлық шешімдеріне айтарлықтай қызығушылық бар. Бұған шет елдерден 70-ке жуық сарапшының, оның ішінде бірқатар мемлекеттің цифрландыру министрлері келіп, панельдік пікірталастарға қатысуы дәлел. Іс-шара қонақтарына арналған пікірталас алаңдарымен қатар 230-ға жуық отандық және халықаралық IT-компаниялардың, сондай-ақ цифрландыру бойынша жетекші халықаралық сарапшылардың цифрлық жобалары ұсынылған көрме жұмыс істеді.Digital Almaty-2024 алаңы серіктестікті алға қою және цифрландыру саласында тәжірибе алмасу үшін зор мүмкіндік болды. Мұнда B2B форматында 60-қа жуық кездесу және жер қойнауын пайдаланушылар мен стартаптар арасында 50-ден астам питчинг өтті.Форумның үш күнінде бары 30-ға жуық меморандумға қол қойылды. Freedom Holding Corp. Халықаралық Аралды құтқару қорының атқарушы дирекциясымен меморандумға қол қойды. Форум барысында Тимур Турлов «Арал теңізін қолдауға арналған Эко-карта» жобасын ұсынды. Жобаның негізгі идеясы - жойылып бара жатқан теңізді құтқару қорына 10 пайыздық кэшбек аударып отыру.Форумның соңғы күні Digital Almaty-2024 алаңында жалпы жүлде қоры $180 000 болатын ең ауқымды Industry 4.0 Startup Battle өтті. Финалға 200 өтінім ішінен 30 стартап өтті. Олар баттл серіктестерінің жүлделі марапаттары үшін бақ сынасты. Үздік жобаларды мемлекеттік органдар, венчурлік инвесторлар, трекерлер, сондай-ақ жер қойнауын пайдаланушылар (KazPetrol, Kusto Group, KazMinerals, Karachaganak Petroleum) арасынан кәсіби мамандар таңдап, қазылық етті.Еске сала кетейік, Digital Almaty ұйымдастырушылары: Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі, Алматы қаласының әкімдігі және «Инновациялық технологиялар паркі» дербес кластерлік қоры.Толық ақпарат алу және тіркелу үшін almatydigital.kz ресми сайтын бақылап, жаңалықтарды қарай отырыңыз. Өтетін орны: Қазақстан Республикасы, Алматы қ., «Атакент» іскерлік ынтымақтастық орталығыӨтетін күні: 31 қаңтар - 1 ақпан, 2025 жылБАҚ өкілдерін аккредиттеу: media@almatydigital.kzАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mdai/press/news/details/917394
2024 жылы «iKomek-109» Қызметіне 33 мыңнан астам өтініш түсті 14.01.2025
iKomek 109 қызметі – бұл Ақмола облысының бірыңғай байланыс орталығы. Ол өңір тұрғындарына тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, денсаулық сақтау және білім беру салаларындағы түрлі мәселелерді жедел шешуге тәулік бойы көмек көрсетеді. «109» нөмірі 2020 жылдан бастап азаматтардың мемлекеттік органдармен және коммуналдық қызметтермен тиімді байланысын қамтамасыз етіп, туындаған мәселелерді жылдам шешуге көмектеседі.2024 жылы iKomek операторлары өңір тұрғындарынан 33 519 өтініш тіркеген. Оның 32 468-і орындалса, қалғандары қаралуда.Өтініштердің сипаты маусымға байланысты өзгеріп отырады. Мысалы, 2024 жылдың көктемінде өтініштердің басым бөлігі су тасқынына қатысты болса, қыста ақмолалықтар жолдар мен тротуарларды қар мен мұздан тазарту мәселелері бойынша жиі жүгінеді.«Біздің ауысым таңғы сағат 9:00-де басталып, кешкі 21:00-де аяқталады. Содан кейін түнгі ауысымдағы әріптестерімізге кезекшілікті тапсырамыз. Біз қоңырауларды қабылдап, өтініштерді тіркеп, тиісті қызметтерге жолдаймыз. Мысалы, Көкшетаудағы толып кеткен кәріз құдығына қатысты өтініш түссе, оны «Көкшетау Су Арнасы» ШЖҚ МКК-ға жолдаймыз. Жұмыс орындалғаннан кейін кері байланыс аламыз. Егер белгілі бір елді мекенде көшені қардан тазалау қажет болса, жергілікті әкімдікке хабарласып, атқарылған жұмыс туралы фото немесе бейне есеп аламыз», – деді аға оператор Индира Қасымұратова.Қызметте 14 оператор жұмыс істейді, оның төртеуі – аға операторлар. Жұмыс 12 сағаттық күндізгі немесе түнгі ауысымда ұйымдастырылған. Ауысым арасындағы демалысқа екі тәулік беріледі.«Күн сайын операторлар шамамен 120 қоңырау қабылдайды. Оның орта есеппен 40 шақтысы тиісті қызметтерге жолданатын өтініш ретінде рәсімделсе, қалған сұрақтарға кеңес беру форматында жауап беріледі», – деді iKomek 109 қызметінің басшысы міндетін атқарушы Индира Сабирова.Сонымен қатар iKomek Көкшетаудағы қоқыс контейнерлерінің алаңдарын бейнекамералар арқылы бақылаумен айналысады. Бұл тұрмыстық қатты қалдықтарға қатысты мәселелерге жедел әрекет етуге мүмкіндік береді.iKomek-ке «109» нөмірі арқылы ғана емес, WhatsApp қосымшасындағы +7 778 705 70 80 нөміріне мәтіндік хабарламалар, фото және бейне жіберу арқылы да жүгінуге болады. Сондай-ақ 2024 жылы «Таза Қазақстан» акциясы аясында Telegram-бот іске қосылды. Оның көмегімен ақмолалықтар абаттандыру, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және экология мәселелері бойынша 200-ден астам өтініш жіберді.«@ikomek109aqmola әлеуметтік желісі парақшасында біз тек маңызды ақпарат пен хабарландыруларды жариялап қана қоймай, тұрғындармен тікелей эфирлер өткізіп тұрамыз. Эфир барысында өңір тұрғындары үшін маңызды салаларға қатысты түрлі мәселелерді талқылаймыз және сұрақтарға жауап береміз. Спикерлер ретінде басқармалар мен ведомстволардың басшылары, аудан әкімдері, төтенше жағдайлар департаментінің, полиция мен прокуратураның өкілдері, әртүрлі сарапшылар мен психологтар қатысады», – деп қосты «Smart Aqmola» қызметкерлері.«Өтініштер бойынша жиналған деректерді талдау тек тұрғындардың негізгі қажеттіліктері мен проблемаларын анықтауға ғана емес, көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру үшін негізделген шешімдер қабылдауға да мүмкіндік береді. Бұл азаматтардың өтініштерімен жұмыс істеуде жүйелі әрі тиімді тәсілді қалыптастыруға көмектеседі», – деп атап өтті «Smart Aqmola» КММ басшысы Гүлім Бегалина. iKomek 109 – бұл жай ғана қызмет емес. Бұл – Ақмола облысындағы өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған, технологиялар, адамдар мен ортаны жағымды етуге деген ұмтылысты біріктіретін құрал.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/917724
Қыс басталғалы Қосшы қаласының аумағынан 45 мың текше метр қар шығарылды 14.01.2025
Қала аумағындағы қауіпсіздікті және тұрғындардың ыңғайлы қозғалысын қамтамасыз ету мақсатында қар тазалау жұмыстары тәулік бойы екі ауысыммен ұйымдастырылуда.Күн сайын арнайы жүк көліктері шамамен 70 рейс жасап, 1500-ден астам текше метр қар тасымалдайды. Бұл жұмыстарға 40-қа жуық арнайы техника мен 40-тан астам жұмысшы жұмылдырылған.Депутаттар, жастар мен қоғам белсенділері түнгі аусымда жұмыс істеп жатқан жұмысшыларға ыстық бауырсақ пен шәй ұсынуды әдетке айналдырған.Қар тазалау жұмыстарына «Астана СпецТехНС KZ» және «Элит Строй Комплект» компаниялары жауапты. Олар ең алдымен негізгі көшелерді, әлеуметтік маңызы бар нысандарды, жаяу жүргіншілер жолдарын және көпқабатты үйлердің аумақтарын қардан тазартады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/917741
ШҚО-да экономикалық өсу мүмкіндіктері талқыланды 14.01.2025
ШҚО әкімдігінде әр аудан мен саланың экономикалық өсу мүмкіндіктері қарастырылды. Жиынға басқарма басшылары, аудан және қала әкімдері қатысып, өңірдің даму әлеуеті жан-жақты талқыланды.Шығыс Қазақстанның мемлекеттік менеджерлері өз жоспарлары мен ұстанымдарын таныстырды. Облыстың әр ауданында, әр саласында экономикалық дамуға үлкен мүмкіндіктер бар. Бұл – консерві өнімдерін өндіру, жергілікті өнімдерді көтерме және бөлшек саудаға шығару, ауыл шаруашылығында кооперацияны дамыту, сондай-ақ ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу арқылы шағын кәсіпкерлікті дамыту сынды бағыттар.Аймақ басшысы Ермек Көшербаев қатысушыларға нақты жобаларды дамытуға қажетті жағдайлар жасауды тапсырды. Бұл жобалар бюджет кірісін арттырумен қатар, тұрақты жұмыс орындарын құруға ықпал етуге тиіс. Әкім барлық жаңа бастамалардың жобалық кеңсе қағидаты бойынша іске асырылуының маңыздылығын атап өтті. Бұл тәсілде салалық басқармалар мен жергілікті билік органдары, сондай-ақ бизнес пен қоғам өкілдері тығыз ынтымақтастықта жұмыс істейді.Туризм саласына ерекше назар аударылды. Табиғаты әсем, бірегей ландшафттарға бай Шығыс Қазақстан өңірі туризмді дамыту үшін үлкен мүмкіндіктерге ие. Бұл салада да, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу сияқты бағыттарда да аудандар арасындағы кооперацияның маңызы зор. Өңір біртұтас жүйе ретінде жұмыс істегенде ғана экономика өсіп, халықтың әл-ауқаты арта түседі. Өнеркәсіп өнімдерін терең өңдеуге, жаңа кен орындарын игеруге және геологиялық барлау жұмыстарына да үлкен мән берілуде.Айта кету керек, 2023 жылдың жазынан бастап өңірдегі әр аудан мен саланың өндіріс пен тұтыну теңгерімі егжей-тегжейлі есептеліп келеді. Жобалық кеңсе қағидаты өңірлік және мемлекеттік деңгейдегі бағдарламаларды жүзеге асырудың негізгі құралына айналды. Әрбір қала, аудан және басқарма осы жүйе аясында тығыз ынтымақтастық орнатып, нақты нәтижелерге қол жеткізуді көздеп отыр.өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/917109
ШҚО әкімі құқық қорғау органдарының өкілдерімен кездесті 14.01.2025
Аймақ басшысы Ермек Көшербаев ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаевпен және ШҚО Полиция департаментінің бастығы Ерлан Омарбековпен кездесті.Жиын барысында полиция департаментінің материалдық-техникалық базасын нығайту, сондай-ақ халық арасында құқық бұзушылықтарға «мүлдем төзбеушілік» қағидатын насихаттау, қоғамдық тәртіпті сақтау мәселелері талқыланды.Сонымен қатар кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың алдын алу және мектептердегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету туралы айтылды. 2024 жылы «Жас сақшы» 10 полиция сыныбы ашылды. Оқу бағдарламасына мамандардың, полиция қызметкерлерінің қатысуымен өтетін құқық қорғау, алғашқы әскери дайындық және алғашқы медициналық көмек көрсету сабақтары енгізілді.Облыс әкімі өзекті міндеттердің қатарына тәртіп сақшыларының қызметіне кедергісіз жүгіну принципі, жаңа полиция пунктерін ашу, бейнебақылау жүйесін дамыту мен азаматтардың қауіпсіздігі үшін дабыл түймелерін орнату кіретінін атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/917112
Балалар қауіпсіздігі – басты назарда! 14.01.2025
2025 жылғы 13 қаңтарда Өскемен қаласы орта мектептерінің бірінде ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті, полиция аумақтық департаментері және жергілікті атқарушы органдары өкілдерінің қатысуымен мектеп басшылығы мен қызметкерлеріне Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 30 наурыздағы №117 бұйрығымен бекітілген білім беру саласындағы қызметті жүзеге асыратын террористік тұрғыдан осал объектілерінің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулығы түсіндірілді.Соңымен қатар, іс-шара барысында келесі ақпарат жеткізілді:- Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 25 мамырдағы № 235 бұйрығымен бекітілген білім беру ұйымдарына әкелуге және олардың аумақтарында пайдалануға тыйым салынған заттар мен құралдардың тізбесі;- Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 6 мамырдағы № 305 қаулысымен бекітілген террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыруға қойылатын талаптар;- Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының2020 жылғы 27 қазандағы № 69-қе бұйрығымен бекітілген Ұлттық бейнемониторинг жүйесінің жұмыс істеу қағидалары;- Террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуының паспортын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2023 жылғы 14 маусымдағы № 481 және Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2023 жылғы 26 маусымдағы № 51/қе бірлескен бұйрығымен бекітілген үлгісіне сай өзектендіру;- көрінеу жалған хабарлама үшін жазаның бұлтартпастығы;- қолдан жасалған жарылғыш құрылғының белгілері және табылған жағдайдағы іс-әрекет алгоритмі;- террористік сипаттағы қатерлердің салдарын азайту мен жоюды мақсатында кезекші қызметтерге хабарлау схемасы;- терроризм актісін болғызбауға немесе жолын кесуге көмектескен ақпарат үшін сыйақы белгілеу және төлеу қағидалары.Білім беру мекеменің басшылары біқатар өзекті сұрақтарға жауап алды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/917119
ШҚО әкімі археологтармен кездесті 14.01.2025
Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаев археологтар Нұрбол Баймұханов және Дмитрий Воякинмен жүздесті.Кездесу барысында алдағы зерттеу перспективалары талқыға салынды. Атап айтқанда, спутниктік суреттер арқылы Қара Ертіс жағасында және Зайсанда орта ғасыр тарихынан сыр шертетін ескерткіштердің бар екені белгілі болды. Бұған дейін түркі әлемінің тарихындағы бұл кезең зерттелмеген. Ол халықаралық қауымдастық тарапынан зор қызығушылық тудыруда.Ермек Көшербаевтың айтуынша, тың деректерді зерттеп, қоғам назарына ұсынғысы келетін археологтардың ғылыми жобалары мұқият зерттелетін болады. Сонымен қатар бұл бастамаға Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институты мен Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің ғалымдары мен мамандары тартылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/917198
Шығыс Қазақстан облысы әкімінің өкімімен Самат Қасенов ШҚО Мәдениет басқармасының басшысы болып тағайындалды. 14.01.2025
Ол - Шығыс Қазақстан облысының тумасы. 2006 жылы С.Аманжолава атындағы Шығыс Қазақстан университетін “Тарих және география” мамандығы бойынша бітірген.2006 жылдан бастап Шығыс Қазақстан тарихи-өлкетану музейінің тарихи-мәдени мұра бөлімінде қызмет етті. 2013 жылдан бері Шығыс Қазақстан облысы мәдениет басқармасының мәдениет және өнер басқармасында жұмыс істеген. 2019 жылдан бастап Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының бас инспекторы қызметін атқарды. 2023 жылдың 14 ақпанынан бастап Шығыс Қазақстан облысының мәдениет басқармасы басшысының орынбасары болып тағайындалды.2024 жылдың қазан айынан бастап бүгінгі күнге дейін облыстық мәдениет басқармасы басшысының міндетін атқарушы қызметін атқарды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/917329
Шығыс Қазақстан облысы әкімінің өкімімен Самат Қасенов ШҚО Мәдениет басқармасының басшысы болып тағайындалды. 14.01.2025
Ол - Шығыс Қазақстан облысының тумасы. 2006 жылы С.Аманжолава атындағы Шығыс Қазақстан университетін “Тарих және география” мамандығы бойынша бітірген.2006 жылдан бастап Шығыс Қазақстан тарихи-өлкетану музейінің тарихи-мәдени мұра бөлімінде қызмет етті. 2013 жылдан бері Шығыс Қазақстан облысы мәдениет басқармасының мәдениет және өнер басқармасында жұмыс істеген. 2019 жылдан бастап Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының бас инспекторы қызметін атқарды. 2023 жылдың 14 ақпанынан бастап Шығыс Қазақстан облысының мәдениет басқармасы басшысының орынбасары болып тағайындалды.2024 жылдың қазан айынан бастап бүгінгі күнге дейін облыстық мәдениет басқармасы басшысының міндетін атқарушы қызметін атқарды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/917330
Солтүстік Аралды сақтау жобасының алғашқы кезеңінің нәтижесінде 14.01.2025
- Теңіздегі су көлемі 42%-ға ұлғайды- Теңіз суының тұздылығы төрт есеге жуық немесе литріне 8,89 граммға дейін азайды- Жыл сайынғы балық аулау көрсеткіші 8 мың тоннаға дейін жетті- Балық түрлерінің саны артты және бекіре тұқымдас балықтарды өсіру үшін қолайлы жағдай жасалды- Сырдария өзенінің су өткізу қабілеті секундына 700 м3-ге дейін ұлғайды- Арал теңізінің солтүстік бөлігі географиялық және климат түзуші объект ретінде сақталды- 870 шаршы шақырымға жуық теңіздің тартылған табанын су басып, тұз шөгінділерінің көтерілуін азайттыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/water/press/news/details/917303
Су сөздігі. «Мұздық» 14.01.2025
Мұздық - бұл негізінен биіктікте жылдар бойы жинақталған қардан пайда болатын мұз массасы.Мұздықтар Қазақстанның ирригациясы мен гидроэнергетикасын дамыту үшін өте маңызды, олар өзендерді қоректендіреді және тұщы судың негізгі көздерінің бірі болып табылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/water/press/news/details/917310
ТЖМ-ның төрт аяқты құтқарушылары: іздеуде және құтқаруда адал көмекшілер 14.01.2025
Бүгінгі таңда Қазақстан ТЖМ қатарында 61 аттестатталған қызметтік ит қызмет етеді. Бұл төрт аяқты құтқарушылар ТЖМ аумақтық бөлімшелердің жедел-құтқару жасақтарында, Республикалық жедел-құтқару жасағында және әскери бөлімдерінде маңызды рөл атқарады. Олар тәжірибелі ит өңдеушілердің жетекшілігімен жұмыс істейді және іздеу-құтқару жұмыстарына, соның ішінде үйінділер мен көшкіндер астындағы адамдарды іздеуге белсенді қатысады. Қызметтік иттерді ыңғайлы орналастыру және үйрету үшін жасақтарда арнайы қоршаулар мен жаттығу алаңдары құрылды. Сондай-ақ өткен жылы құтқарушылардың иелігінде «Toyota Hilux» базасында жаңа заманауи кинологиялық қызмет көліктері келіп түсті, онда барлық жағдай жасалған. Кинологиялық есептоптардың дайындығын жоғары деңгейде ұстап тұру үшін жылына екі рет сертификаттық сынақтар өткізіледі, бұл кәсіби дағдыларды жетілдіруге және іздеу-құтқару жұмыстарында тәжірибе алмасуға мүмкіндік береді. ТЖМ-де әртүрлі тұқымдас иттер қызмет көрсетелі, атап айтқанда лабрадор ретривері, неміс овчаркасы, бельгиялық овчарка, бордер-колли, ақ швейцариялық овчарка және голден ретривер. Бұл тұқымдар керемет иіс сезуімен және қиын жағдайларда жұмыс істеу қабілетімен танымал. 2024 жылы кинологиялық есептоптар 100-ден астам іздеу-құтқару жұмыстарына қатысты. Құтқарушылар құрамында 2023 жылы Түркия мен Ауғанстандағы жойқын жер сілкінісі кезінде іздестіру-құтқару жұмыстарына белсенді қатысқан ТЖМ кинологиялық қызметіне ерекше назар аударған жөн. Сонымен қатар Шығыс Қазақстандағы кинологиялық қызметті атап өтеміз. Мұнда жедел-құтқару жасағының құрамында ТЖД қызметкерлерімен бес лабрадор мен ақ швейцариялық овчарка қызмет көрсетеді. Бұл төрт аяқты құтқарушылар өңірде көптеген жылдар бойы жұмыс істеп келеді және құтқарушылардың сеніміне ие. «Біздің иттер іздеу жұмыстарында шешуші рөл атқарады, өйткені олардың өткір иіс сезу қабілеті адам кіре алмайтын жерлерде адамдарды табуға мүмкіндік береді. Құтқарушылардың нәзік сезімдері ондаған аспаптарды алмастырады және іздеу процесін едәуір жылдамдатады», - деп Шығыс Қазақстан облысы ТЖД Жедел-құтқару жасағының кинологиялық қызметінің басшысы Наталья Дрожжина атап өтті. Лабрадорлар әсіресе құтқарушылар арасында танымал, өйткені олар мейірімді табиғатымен және әртүрлі жұмыс жағдайларына тез бейімделу қабілетімен белгілі. ТЖД жасағының бас құтқарушы-кинологы Марина Цуканованың айтуынша қызметтік иттерді күтуге көп көңіл бөлінеді. Әрбір жануар кәсіби құтқарушылар сияқты арнайы киіммен және аяқ киіммен қамтамасыз етілген, бұл оларға барлық ауа-райында жұмыс істеуге мүмкіндік береді, жылу мен жайлылықты қамтамасыз етеді. Осылайша ТЖМ қызметтік иттері – бұл нағыз батырлар, олар адамға деген адалдығы мен сүйіспеншілігіне қарамастан, қиын жағдайда әрқашан қасында болып, адам өмірін сақтап қалуға көмектесу үшін арнайы дайындықтан өтеді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/917671
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 70,9 МЫҢ ГЕКТАР ЖЕР МЕМЛЕКЕТКЕ ҚАЙТАРЫЛДЫ 14.01.2025
Түркістан облысында ортақ жайылым жерді қайтару жұмысы қарқынды жүріп жатыр. Аталған саладағы мәселелер облыс әкімі аппаратының апталық мәжілісінде талқыланды. Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров жайылым жерді қайтару жұмыстарын жандандыруды тапсырды.– Мемлекет басшысы ортақ жайылымдарды ел игілігіне қайтару міндетін жүктегені белгілі. Аудан, қала әкімдері жауапты басқарма мен департаментпен бірігіп, осы бағыттағы жұмысты жандандырыңыздар. Мақсатсыз пайдаланылып жатқан жерді қайтару ісі жүйелі түрде жүргізілсін. Космомониторинг нәтижелерін де назарға алып, сараптаған жөн. Мониторинг, зерделеу, халыққа түсіндіру жұмыстары тоқтамауы тиіс, – деді Нұралхан Көшеров.Жиында Облыстық жер қатынастары басқармасының басшысы Ерғали Тілегеннің есебі тыңдалды. Оның айтуынша, облыстағы барлық жер қоры 11 млн 610,3 мың гектарды құрайды. Облыстағы пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы мақсатындағы және Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланып жатқан жер телімдерін қайтару бойынша облыс әкімінің өкімімен ведомствоаралық кіші топтың құрамы бекітілген. 2024 жылға облыс бойынша 60,0 мың га жер учаскелерін мемлекет меншігіне қайтару жоспарланған. Есепті мерзімде 70,9 мың га жер учаскелері мемлекет меншігіне қайтарылды.Өңірде 2023 жылдың басында жайылым тапшылығы 2122,2 мың гектарды құраған болатын. Атқарылған жұмыстар нәтижесінде жайылым тапшылығы төмендеп, 2024 жылы 608 мың гектарды құрады.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/917408
«Ұлттық құндылықтар: салттың сырлы бейнесі» республикалық шығармашылық байқауына өтінімдер қабылдау жалғасуда 14.01.2025
Қазақстанда кәсіби суретшілер арасында «Ұлттық құндылықтар: салттың сырлы бейнесі» атты республикалық шығармашылық байқауға өтінімдер қабылдау жалғасып жатыр.ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі ұйымдастырған байқаудың мақсаты – ұлттық құндылықтар мен мәдени нысандарды дәріптеу, отандық суретшілердің шығармашылығын қолдау және қоғамдағы патриоттық рух пен ұлттық бірегейлікті қалыптастыру.Байқауға қазақ халқының дәстүрлі мәдени құндылықтары тақырыбында пейзаж, натюрморт және сюжеттік картина жанрында жұмыстарын ұсынған кәсіби суретшілер қатыса алады.Өтінімдерді қабылдау 2025 жылдың 24 ақпанына дейін жалғасады.Марапаттау рәсімі және іріктелген туындылар көрмесінің ашылуы 2025 жылдың 12 наурызында өтеді.Барлық қосымша сұрақтар бойынша 8 (7172) 919 035, 919 036 (ішкі: 366, 643) телефон нөмірлеріне хабарласуға болады.Байқау мен ережелер туралы толық ақпаратты Министрліктің сайтынан біле аласыз. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/917320
№46 бағытқа жаңа автобус-гармошкалар шығады 14.01.2025
14 қаңтардан бастап Ақтөбе қаласының тұрғындары мен қонақтары №46 бағытта қатынайтын жаңа автобус-гармошкаларды пайдалана алады. Бұл заманауи көліктер жолаушылардың ыңғайлылығы мен жайлылығын қамтамасыз ету үшін сатып алынды. Qala Trans ЖШС эксплуатация бастығы Әлібек Асаманов азаматтардан қоғамдық көлікте тазалық сақтауды және автобустардың мүлкін ұқыпты ұстауды сұрады.«Барлық жолаушылардан осы автобустарға ұқыпты қарап, орындықтардың артына сурет салмай, автобустарда түкірмей, ақпараттық жапсырмаларды жұлып алмауды сұраймыз. Бұл автобустар тұрғындарымыздың ыңғайлы және жайлы жүруі үшін сатып алынды. Азаматтарды қоғамдық мүлікке жауапкершілікпен қарауға шақырамыз. Қаламыздағы көлікті бірге ыңғайлы әрі заманауи етіп жасайық», - деді Ә. Асаманов.t.me/aqtobe_oblysy_akimdigi Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/917219
Қазақстандықтар онлайн-сатып алуға 3,2 трлн теңге жұмсады 14.01.2025
Қазақстандықтар онлайн-сатып алуға көбірек ақша жұмсай бастады. 2024 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша азаматтар 3,2 трлн теңге жұмсады. Мұндай деректерді электрондық сауданы дамыту мәселесі қаралған Үкімет отырысында сауда және интеграция министрі Арман Шакқалиев келтірді.Атап айтқанда, ведомство басшысы 2020 жылдан бастап еліміздегі электрондық сауда көлемі бес есеге ұлғайғанын хабарлады. Алайда, бұл әлі де әлемдік орташа деңгейден төмен. Десе де, жастар санының көптігін, финтехтің дамуын, интернеттің қолжетімділігін және қолма-қол ақшасыз есеп айырысудың кең таралуын ескере келгенде, Қазақстанда интернет-сауданы дамытудың жоғары әлеуеті бар.2029 жылға қарай электрондық сауда көрсеткішін үш есеге ұлғайту және оны 9,3 трлн теңгеге дейін жеткізу жоспарланып отыр. Бұл саланы ілгерілету үшін Үкімет онлайн-коммерцияны дамыту жоспарын қабылдады. Ол электрондық сауда мәселелері бойынша заңнаманы жетілдіруді, еліміздің барлық өңірлерінде электрондық сауданы оқыту курстарын іске қосуды, кәсіпкерлер үшін электрондық саудада мемлекеттік қолдаудың қаржылық шараларын енгізуді көздейді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/917195
Электрондық сауданың дамуы Қазақстанның Орталық Азиядағы логистикалық хаб ретіндегі ұстанымын нығайтады - «Қазпочта» АҚ 14.01.2025
Үкімет отырысында «Қазпочта» АҚ басқарма төрағасы Әсел Жанасова электрондық коммерцияның қарқынды өсуі Қазақстан үшін бірегей мүмкіндіктер терезесін ашатынын айтты.Ол бұл өңірлердегі кәсіпкерлікті дамытуға және Қазақстанның Орталық Азияның логистикалық хабы ретіндегі ұстанымын нығайтуға ықпал ететінін атап өтті.«Бұл жердегі Қазпоштаның негізгі рөлі – электрондық коммерция нарығы үшін сенімді инфрақұрылымды қамтамасыз ету», — деп атап өтті Әсел Жанасова.Спикер 2029 жылға қарай бір адамға шаққандағы сәлемдемелер саны дамыған елдер деңгейіне – қазіргі бес сәлемдемеден жылына 27 сәлемдемеге дейін көбейетінін айтты. Бұл жергілікті ойыншылардың да, трансшекаралық сауданың да өсуіне ықпал етеді, оның үлесі 19%-ға жетеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/917382
2024 жылы мемлекеттік еңбек инспекторлары 54 мыңнан астам қызметкердің құқықтарын қорғады 14.01.2025
2024 жылдың қорытындысы бойынша Мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 296 кәсіпорнында 4,5 млрд теңге сомасына 18,8 мың қызметкер алдындағы жалақы бойынша берешекті анықтады. Сонымен қатар, түрлі ұйымдарда жүргізілген тексерулер барысында 8,1 мың еңбек құқығының бұзылуы анықталды.Жалақы бойынша берешегі анықталған кәсіпорындардың басшыларына орындау үшін міндетті 251 ұйғарым берілді және 51 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды.Қабылданған шаралардың, оның ішінде жалақы бойынша берешекті өтеудің қатаң кестелері мен мерзімдерін белгілеудің нәтижесінде 17,7 мыңнан астам қызметкердің құқықтары қорғалды. Оларға 3,7 млрд теңге төленді.Бұдан басқа, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ерекше бақылауында еңбек заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды қамтамасыз ету мәселелері тұр.2024 жылы мемлекеттік еңбек инспекторлары 5 577 тексеру жүргізді, оның барысында 8 122 бұзушылық анықталды, оның ішінде: еңбек саласында – 6 219; еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша – 1 835; халықты жұмыспен қамту бойынша – 68.Жұмыс берушілерге 3 326 ұйғарым беріліп, 408,5 млн теңге сомасына 3 548 әкімшілік айыппұл салынды.Қабылданған шаралардың нәтижесінде 36,4 мыңнан астам қызметкердің еңбек құқықтары қорғалды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/916432
Қазақстан мен Кипр арасында кезекті саяси консультациялар өтті 14.01.2025
Астана, 2025 жылғы 13 қаңтар – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінде екі елдің сыртқы істер министрліктері арасындағы саяси консультациялардың екінші отырысы аясында Қазақстан-Кипр қарым-қатынастарының ағымдағы жағдайы мен даму перспективалары талқыланды.Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко мен Кипр Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Тұрақты хатшысы Андреас Какуристің төрағалығымен өткен іс-шараның негізгі тақырыптары саяси және сауда-экономикалық ынтымақтастық мәселелері, құқықтық базаны кеңейту, сондай-ақ халықаралық және өңірлік күн тәртібінің негізгі аспектілері бойынша пікір алмасу болды.Р. Василенко Қазақстан Кипрді Еуропалық одақтағы маңызды және сенімді серіктес ретінде қарастыратынын атап өтті. Екіжақты және көпжақты бағыттағы байланыстарды одан әрі тереңдетуге дайын екенін білдірілді.Өз кезегінде Кипр делегациясының басшысы екі елдің сыртқы істер министрліктері басшыларының тұрақты кездесулерінің, оның ішінде қыркүйекте БҰҰ Бас Ассамблеясы мен желтоқсанда ЕҚЫҰ-ға қатысушы мемлекеттердің сыртқы істер министрлерінің басқосуы аясындағы кездесулердің маңыздылығын атап өтті. А. Какуристің пікірінше, жақында Қазақстанда Кипр Елшілігінің ашылғаны Никосия мен Астана арасындағы қарым-қатынастардың барлық спектрін нығайту жолындағы маңызды қадам болды.Кездесу соңында тараптар бұдан бұрын қол жеткізілген уағдаластықтарды тиімді жүзеге асыру мақсатында алдағы байланыстар кестесін мақұлдады.Сол күні Кипр делегациясы ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаевпен өткен кездесуде халықаралық және өңірлік ұйымдар шеңберіндегі жағдай туралы пікір алмасты.Тараптар халықаралық құқық қағидаттарын басшылыққа ала отырып, өңірдегі қақтығыстарды тек бейбіт жолмен шешу қажеттігі туралы келісті.Анықтама: 2024 жылдың қаңтар-қараша айларында Қазақстан мен Кипр арасындағы тауар айналымы 7,1 млн АҚШ долларын (экспорт – 6,1 млн, импорт – 1 млн) құрады, бұл 2023 жылдың сәйкес көрсеткішінен 5 есеге жоғары. 2005 жылдан бері Кипрден Қазақстанға құйылған тікелей шетелдік инвестициялар көлемі 4,8 млрд доллардан асты. Қазақстанда кипрлік капиталдың қатысуымен 370-тен астам компания тіркелген. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/917042