Enbekshi QazaQ

Қуқық

Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов журналист Гүлбану Әбенованың YouTube арнасына сұхбат берді 13.01.2025
Сұхбат барысында балалар спортын дамыту, Artsport.kz платформасының жұмысын жетілдіру, спорт инфрақұрылымын жақсарту және жастар мен жасөспірімдерді спортқа тарту мәселелері талқыланды. Сондай-ақ, спорт саласындағы соңғы өзгерістер туралы ақпарат берілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/917036
ҚР Қаржы вице-министрі Дәурен Кеңбеил: Ислам даму банкінің жаңа стратегиялық бағдарламасы – банк қызметінің бағыты мен оның мүшелікке кіретін елдердің орнықты дамуына қосқан үлесін айқындайтын маңызды бастама. Медина, 2025 жыл 12 қаңтар 13.01.2025
ҚР Қаржы вице-министрі, Ислам даму банкі (ИДБ) кеңесіндегі Қазақстан Республикасы басқарушысының орынбасары Дәурен Кеңбеил ИДБ басқарушыларының консультациялық кеңесіне қатысты.Аталған іс-шара 2026-2035 жылдарға арналған жаңа стратегиялық циклды айқындау бойынша ИДБ басқарушыларының пікір алысуы мен ашық диалогты жүргізуді көздейді. Ұйымның қазіргі стратегиясы 2025 жылы аяқталады.Консультациялық кеңестің қорытындылары биыл 19-22 мамыр аралығында Алжирде (Алжир Халық Демократиялық Республикасы) өтетін ИДБ басқарушыларының дәстүрлі жиналысында қаралатын болады.Осы сапарда Дәурен Маратұлы ИДБ президенті Мұхаммед Әл-Джассермен кездесіп, еліміз бен аталған банк арасындағы екіжақты ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады. Сондай-ақ ИДБ басқарушы директоры Анас Айсамимен кездесу барысында еліміздің су шаруашылығы инфрақұрылымын жаңғырту бойынша бірқатар бірлескен жобаны іске асыру мәселелері пысықталды.Бұл орайда ҚР Қаржы министрінің орынбасары ИДБ Қазақстан үшін стратегиялық серіктес болып саналатынын әрі қазір әлеуметтік инфрақұрылым бағытында басымдыққа ие жобаларды іске асыру бойынша тиісті жұмыстар қолға алынғанын жеткізді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/minfin/press/news/details/916634
Қазақстанда математика, физика және информатика бойынша XXI Халықаралық Жәутіков олимпиадасы басталады 13.01.2025
13-17 қаңтар аралығында Астанада алғаш рет IZhO – 2025 математика, физика және информатика пәндерінен Республикалық физика-математика мектебі мен ҚР Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» РҒПО ұйымдастыруымен XXI Халықаралық Жәутіков олимпиадасы өтеді. Оған Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түрікменстан, Тәжікстан, Ресей, Беларусь, Армения, Әзірбайжан, Түркия, Грузия, Болгария, Румыния, Сербия және Моңғолия секілді әлемнің 15 елінен 700-ге жуық оқушы мен 150 жетекші қатысады. Командалардың құрамы ұлттық пәндік олимпиадалардың қорытындысы бойынша анықталады. Олимпиада бес күнге созылады және екі кезеңнен тұрады. Тапсырмалар күрделілігі бойынша мамандандырылған сыныптар бағдарламасына сәйкес келеді және оларды халықаралық қазылар алқасы құрастырды. Қазылар алқасының төрағасы белгілі қазақстандық ғалым-математик, профессор, ҚР Ұлттық Ғылым академиясының академигі Асқар Жұмаділдаев. «Математика, физика және информатика пәндерінен оқушыларға арналған Халықаралық Жәутіков олимпиадасы елімізде 21-ші рет өткізілуде. Биыл ол алғаш рет Астанада өтеді. Қатысушылар техникалық жарақтандырылуы осы олимпиаданы өткізу шарттарына толық сәйкес келетін Республикалық физика-математика мектебі мен Astana IT университетінің аудиторияларында теориялық және практикалық кезеңдерде өз білімдерін сынайды», - деп атап өтті «Дарын» РҒПО директоры Ғажембек Тұрсынов. Жәутіков олимпиадасының қорытындысы бойынша қатысушылар қатысу сертификаттары мен естелік сыйлықтар, ал жеңімпаздар мен жүлдегерлер – түрлі дәрежелі дипломдар, сондай-ақ алтын, күміс және қола медальдармен марапатталады. Естеріңізге сала кетейік, Халықаралық Жәутіков олимпиадасы 2005 жылдан бері ҚР Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен өткізіліп келеді. Мақсаты - оқушылар арасында физика-математика ғылымдарын насихаттау, халықаралық ынтымақтастықты дамыту, түрлі елдердің мамандандырылған мектептері арасында достық қарым-қатынас орнату, тәжірибе алмасу, сондай-ақ Қазақстанның білімі мен мәдениетін паш ету.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/press/news/details/916696
Қазақстанда 2025 жылы 23 балаларды сауықтыру орталығы салынады 13.01.2025
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2027 жылға дейін балалардың шығармашылық және зияткерлік әлеуетін дамыту мақсатында балаларды сауықтыруға арналған 50 орталық және одан бөлек 100 қосымша білім беру нысаны салынады. Бұл туралы ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. Биыл өңірлерде 23 балаларды сауықтыру орталығын ашу және қосымша білім беру үшін 22 заманауи нысан салу жоспарлануда. Қазіргі таңда қосымша білім берумен 3,3 миллион бала қамтылған. Осы бағытта ғылыми-техникалық, музыкалық, көркемдік-эстетикалық, экологиялық-биологиялық, туристік-өлкетану, әскери-патриоттық, әлеуметтік-педагогикалық бағыттар бойынша мектептен тыс 1 713 ұйым және 380 үйірме жұмыс істейді. Елімізде барлығы 202-ден астам балаларды сауықтыру орталығы бар, оның 17-сі жыл бойы, 185-і маусымдық негізде жұмыс істейді. Өмірлік қиын жағдайға тап болған балаларға ерекше назар аударылып келеді. Алғаш рет девиантты мінез-құлқы бар 10 мың балаға үйірмелер мен секцияларға проактивті форматта бірінші кезектілік басымдығымен тіркелу мүмкіндігі берілді. Айта кетейік, жаңа нысандардың құрылысы өнер және шығармашылық саласында білім берудің қолжетімділігі мен сапасын арттыруға баса назар аудара отырып, кезең-кезеңімен жүргізіледі. Бұл бастамалар оқушылар мен жас таланттардың тұлғалық дамуына жағдай жасайды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/press/news/details/916831
Қарағанды облысында Ұлы Отан соғысының қатысушылары Жеңістің 80 жылдығына 3 млн теңгеден алады 13.01.2025
Қазіргі уақытта Қарағанды облысында 3 240 ардагер тұрады, олардың 9-ы Ұлы Отан соғысының ардагерлері. Өңірде Жеңістің 80 жылдығын мерекелеуге дайындық басталды. Міндет – ешкім де назардан тыс қалмауы тиіс.– Жеңістің 80 жылдығын мерекелеу бастау алды. Ұлы Отан соғысының ардагерлері Қали Аманбаев пен Қамали Дүйсембековтың 100 жылдығына арналған іс-шаралар өтті. Қазіргі уақытта соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлерінің әлеуметтік мәселелерін шешу жөніндегі жұмысты үйлестіретін облыстық және өңірлік штабтар құрылуда, – деп хабарлады аппараттық кеңесте ішкі саясат басқармасының басшысы Нұрлан Бикенов.Жеңіс күніне орай біржолғы материалдық көмектің сомасы белгілі болды. Ұлы Отан соғысына қатысушылар 3 млн теңгеден алады. Сондай-ақ жеңілдіктер бойынша ҰОС ардагерлеріне теңестірілгендерге: концлагерлер тұтқындарына және қоршаудағы Ленинград тұрғындарына – 200 мың теңгеден, тыл еңбеккерлеріне – 100 мың теңгеден, ҰОС жылдары қаза тапқан жауынгерлердің жесірлері мен әйелдеріне – 50 мың теңгеден төлемдер қарастырылған.Сонымен қатар, мерейтойлық медальдар тапсырылады.Жастар ұйымдары еріктілерінің қатысуымен «Ардагерлерге тағзым» қайырымдылық акциясы ұйымдастырылады. Сондай-ақ, мектеп оқушыларына арналған патриоттық іс-шаралар: сынып сағаттары, ерлік сабақтары, конкурстар жоспарланған. «Айбын» әскери-патриоттық жиыны өтеді.Әдеттегідей онлайн-форматта өмірден озған батырлардың есімін мәңгі есте қалдыру үшін «Ер есімі – ел есінде» акциясы өткізіледі.Бүгінде облыста 171 Жауынгерлік Даңқ ескерткіші бар.– Ардагерлердің ешқайсысы да назардан тыс қалмауы керек, – деді облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев.Ол басқармалардың басшыларына Жеңістің 80 жылдығына арналған іс-шараларды өткізуге қатысты бірқатар тапсырмаларды берді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/916688
Жамбыл облысында қуаты 1 ГВт болатын ірі жел электр станциясы салынады 13.01.2025
Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев Masdar компаниясының өкілдерімен кездесті. Компания өңірде энергия сақтау жүйесі бар 1 ГВт жел электр станциясын салу жобасын жүзеге асыруда. Masdar жобасының менеджері Ернұр Жиенбаев аралық нәтижелер туралы баяндады. Жобаның алдын ала құны - 742 млрд. теңге. Қазіргі таңда жел электр станциясының аумағында геотехникалық жұмыстар жүргізілуде. Ірі ЖЭК объектісінің құрылысын 2026 жылы бастау жоспарлануда. Сондай-ақ Е. Жиенбаев Жамбыл облысында компанияның ауқымын кеңейту және «жасыл» энергетика саласында инвестициялық жобаларды іске асыру жоспарлары туралы атап өтті. Облыс әкімі жел паркінің еліміздің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге елеулі үлес қосатынына сенім білдірді. Компания өкілдерімен әңгімелесу барысында Ербол Қарашөкеев кадрларға деген қажеттілікті алдын ала сараптап, өңір тұрғындарының арасынан мамандарды даярлау мақсатында жергілікті жоғары оқу орындарымен ынтымақтастық орнату қажеттігін баса айтты. Қолайлы инвестициялық ахуал мен мемлекеттік қолдаудың арқасында өңірде ЖЭК секторы өте жоғары қарқынмен дамып келеді. Қазіргі уақытта жалпы қуаттылығы 571,3 МВт болатын 22 ЖЭК нысаны жұмыс істейді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl/press/news/details/916896
Қарағанды облысының өнеркәсіп және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы тағайындалды 13.01.2025
Қарағанды облысының өнеркәсіп және индустриялық-инновациялық даму басқармасына басшы ретінде Асқар Ғазалиев тағайындалды.Кадрлық өзгерістер туралы аппараттық кеңесте облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев хабарлады.Асқар Ғазалиев мемлекеттік қызметте 2009 жылдан бері еңбек етіп келеді. ҚР Қаржы министрлігінде, ҚР Президентінің Іс-Басқармасында түрлі лауазымдарда жұмыс істеді. ҚР Премьер-Министрі кеңсесінің өңірлік даму бөлімінің бас консультанты, бас инспекторы лауазымдарын атқарды.2024 жылдың сәуірінен бастап осы уақытқа дейін ҚР Үкіметі аппаратының Өңірлік даму және бақылау бөлімінің инспекторы қызметін атқарды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/916414
Нұра ауданында жыл бойы жұмыс істейтін балалар лагері салынады 13.01.2025
Биыл Нұра ауданында сауықтыру және білім беру лагері салынады. Алғашқы үш жылда жазғы мезгілде онда 300 бала демалатын болады. Ал 2028 жылдан бастап лагерь жыл бойына жұмыс жасайды деп жоспарлануда.Аталған лагерь жеке инвестициялар есебінен салынбақшы. Осы орайда астаналық кәсіпкерлер Нұра ауданына келіп, жобаның егжей-тегжейін талқылады. Бүгінде лагерьдің құрылысы жүргізілетін орын таңдалды.Кәсіпкерлер тұрғын үй корпустарын,медпункт, ас блогын, ойын және спорт алаңдарын, сондай-ақ оқу сыныптарын салуды жоспарлап отыр. Балалар лагерьде қолжетімді бағамен демалатын болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/916400
Қарағандылық құтқарушы «Ерлігі үшін» медалімен марапатталды 13.01.2025
Қарағанды облысы ТЖД Осакаров ауданы № 17 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндіру автомобильдерінің жүргізушісі Сымбат Ещановқа адамдарды құтқару кезінде қызметтік міндеттерін үлгілі атқарғаны үшін «Ерлігі үшін» мемлекеттік наградасы табыс етілді.Естеріңізге сала кетейік, биылғы жылдың 3 қаңтарында республикалық маңызы бар Алматы – Екатеринбург автожолында Нұра – Қарағанды бағытындағы автобус қар құрсауында қалып қойған болатын. Құрамында Сымбат Ещанов бар құтқарушылар тобы ішінде бес бала бар барлығы 30-дан астам жолаушыны эвакуациялауды қолға алды. Ауа райының нашарлауына байланысты Сымбат Ещанов жолға шығып, көліктердің алдында жаяу жол бастап жүруге шешім қабылдады. Құтқарушының ерлігінің арқасында барлық жолаушылар эвакуациялық пункттерге аман-есен жеткізілді.Азаматтық қорғау аға сержанты Сымбат Ещанов 2012 жылдан бері азаматтық қорғау органдарында қызмет етіп келеді. Ол төтенше жағдайларды жоюға, сондай-ақ құтқару және эвакуациялау жұмыстарына бірнеше рет қатысқан.Қарағанды облысы ТЖД ақпараты бойыншаАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/916454
Бұқар жырау ауданында тағы бір дәрігерлік амбулатория салынды 13.01.2025
Бұқар жырау ауданының Самарқанд ауылдық округінде «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы бойынша салынған дәрігерлік амбулаторияның жаңа ғимараты ашылды.Медициналық мекеме заманауи жабдықтармен жабдықталған, сондай-ақ мұнда функционалдық кабинеттер жұмыс істейді. Бұл ауыл тұрғындарына сапалы медициналық қызмет көрсетуге мүмкіндік береді.– Ауылдарды дамыту, халықтың өмір сүру сапасын арттыру – біздің басты міндетіміз. Жаңа дәрігерлік амбулаторияның ашылуы – осы бағыттағы нақты қадамдардың бірі. Мұнда Самарқанд ауылдық округінің тұрғындарына сапалы медициналық қызмет көрсетіледі, – дейді Бұқар жырау ауданы әкімінің орынбасары Әлия Шәйкенова.Жаңа амбулатория Самарқанд ауылдық округінің бірнеше елді-мекендеріне қызмет көрсетеді.– Енді бізге сапалы медициналық көмек алу үшін алысқа барудың қажеті жоқ. Округ тұрғындарының атынан алғысымды білдіремін, – дейді ауыл тұрғыны Күләш Жағыпарова.Ауданда алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету нысандарының құрылысы одан әрі жалғасады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/916548
Қарағанды облысы онлайн-сату бойынша көшбасшылар үштігінде 13.01.2025
Электрондық сауда – экономикалық өсім драйверлерінің бірі. Қарағанды облысы онлайн-сату бойынша елімізде үшінші орында. 2023 жылы электрондық сауда көлемі 30 млрд теңгеден асты. 2024 жылдың қорытындысы бойынша 25%-ға өсім болады деп болжануда.Электрондық сауданың дамуы туралы Қарағанды облысы әкімдігінде өткен аппараттық кеңесте баяндалды.– Интернет-ресурс арқылы халық тапсырыстарының саны 2,3 млн бірліктен асады, бұл Қазақстан бойынша барлық көлемнің 17,8% құрайды. Негізінен қарағандылықтар интернет арқылы электронды гаджеттер мен компьютерлер, косметикалық, медициналық және кеңсе тауарлары, тұрмыстық техника мен жиһаз сатып алады. Онлайн сауданы дамыту үшін қуаттылығы жылына 27 млн тапсырыс болатын, келешекте еліміз бойынша 8 мың жаңа жұмыс орнын ашатын бірегей Teez маркетплейс платформасының ашылуы жаңа сауда алаңына айналды, – деп хабарлады кәсіпкерлік басқармасының басшысы Ирина Любарская.Қазір Teez маркетплейсімен бүкіл ел бойынша 22 мың тауар сатушы ынтымақтастық құрған. Олардың қатарында ЖШС де, жеке кәсіпкерлер де бар.– Біздің маркетплейс бірегей үлгісімен ерекшеленеді, мұнда барлық тауар Қарағандыдағы бір орталық хабта орналасқан, осы жерден өңделеді және бүкіл Қазақстан бойынша бір күнде жеткізіледі. Қазіргі уақытта Қарағандыда 350-ге жуық адам жұмыс істейді. Маркетплейстің командасында бар-жоғы 800-ге жуық адам бар. Біз бүкіл Қазақстан бойынша 8 мың адамды жұмыспен қамтамасыз етуді жоспарлап отырмыз, – дейді Teez маркетплейсінің қойма логистикасы басқармасының басшысы Антон Иванов.Облыста электрондық сауда қызметтерін бірқатар компаниялар ұсынады. Өңірде интернет-тауарларды беретін 278 бекет жұмыс істейді.Сондай-ақ «Сарыарқа» әуежайы базасында көлік-логистикалық хабты құру тағы бір ірі жоба болмақшы.Мұнда кәсіпкерлер үшін тренингтер өткізіледі, онда олар өздерінің сандық сауаттылығын арттырып, жаңа дағдыларды ала алады.– Біздің облыс еліміздің ірі өнеркәсіптік орталығы ретінде электрондық сауданы белсенді дамытуда, бұл жергілікті кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға және халыққа көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсартуға оң ықпал етеді, – деді өңір басшысы Ермағанбет Бөлекпаев.Ол маркетплейстің ашылуы жергілікті тауар өндірушілер үшін үлкен мүмкіндіктерді туғызатынын атап өтті. Бұл ресурсты отандық өнімдерді сату үшін пайдалану қажет, – деп атап өтті облыс әкімі. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/916692
Қарағанды облысында өнеркәсіптік әлеуетті дамыту мәселесі талқыланды 13.01.2025
Шара барысында қалалар мен аудандар әкімдерінің орынбасарларына, кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімдерінің басшыларына Қарағанды облысының өнеркәсіптік әлеуетін егжей-тегжейлі зерттеу керектігі айтылды. Оларға өңірдің мемлекет тарапынан қолдау алған кәсіпорындарына тур ұйымдастырылды.– Қарағанды облысында бизнесті дамыту үшін мүмкіндіктер көп. Жергілікті кәсіпорындардың нақты әлеуетін көрсету үшін, сондай-ақ мемлекеттің кәсіпкерлерге қандай көмек көрсетіп отырғанын айтып беру үшін осындай іс-шара алғаш рет ұйымдастырылды, – деп атап өтті кәсіпкерлік басқармасының басшысы Ирина Любарская.Қатысушылар Saran индустриалды аймағында болып, TengriTyres шина өндірісімен, тұрмыстық техника шығаратын Silk Road Electronics компаниясының және кабельдік өнімдер өндіретін «Қазорталықэлектр провод» кәсіпорнының жұмысымен танысты.Ирина Любарскаяның айтуынша, Саранның үлгісін шағын өнеркәсіптік аймақтарды құру үшін басқа қалалар мен аудандарға да таратуға болады. Мұндай жобаларға инвестиция салуға әзір және жер телімдері бар бизнесмендерге мемлекет жұмыс орындарын құруға қолдау көрсетуге дайын.Қарағандыда өндірістік турға қатысушылар нан-макарон-кондитерлік комбинатында болып, НКМЗ өнеркәсіптік аймағымен, экологиялық тұрмыстық химия шығаратын WEC Trade кәсіпорнының жұмысымен және Teez маркетплейсінің қызметімен танысты.Сондай-ақ, қатысушылар семинар-тренингке қатысып, оларға Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Ермек Алпысов өңірдің даму бағыттары туралы айтып, кәсіпкерлікті қолдау, агроөнеркәсіптік кешенді дамыту, жұмыспен қамту мәселелерін сөз етті. Сонымен қатар мемлекет басшысының алға қойған міндеттері, атап айтқанда еңбек нарығында сұранысқа ие мамандарды даярлау үшін колледждерде дуальді білім беруді енгізу, сондай-ақ инвестициялық жобаларды іске асыру мәселелері қарастырылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/916734
Шахтинскіде арқанжол салынды 13.01.2025
Шахтинскіде Qarmet компаниясының қолдауымен қала әкімдігінің «шахтинская шоқысын» абаттандырып, арқанжол салу жөніндегі жобасы аяқталды. Қала тұрғындары сырғанақта демалу кезінде ыңғайлы көтергішті пайдалана алады.Бұл құрылғы 2020 жылы салынған, бірақ техникалық себептерге байланысты оны іске қосу кейінге қалдырылды.Арқанжол 18 қаңтарда сағат 12:00-де өз жұмысын бастайды, ал сағат 15:00-де келушілерді шоу-бағдарламамен өтетін салтанатты ашылуға шақырады. Бұдан кейін арқанжол әр демалыс сайын сағат 12:00-ден 21:00-ге дейін жұмыс істейтін болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/916902
502 Bad Gateway 13.01.2025
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/916604
502 Bad Gateway 13.01.2025
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/916738
Елордада 600-ге жуық спортшы қатысқан жүгіру жарысы өтті 13.01.2025
Елордада 12 қаңтар күні жаңа жылдың алғашқы жүгіру жарысы өтті. Астаналықтар Ботаникалық саябақта 4 шақырым қашықтықты бағындырды, деп хабарлайды Астана әкімдігінің сайты.Жүгіру жарысына 600-ге жуық қатысушы бас қосты.«Жүгіру - ешқандай мезгіл таңдамайтын спорттың түрі. Былтыр аязды күнде де, түнде де, мейрамдарда да ұйымдастырылған сәтте жүгірушілердің қарасы өте көп болған еді. Бүгінгі спорттық шарамызда қатысушыларға керемет атмосферадан бөлек, арнайы жаңа естелік медаль мен жаңа жылдық сыйлықтарымызды да үлестірдік. Әрбір салауатты өмір салтын ұстанатын жандарға алғысымыз шексіз», - деді Астана қаласы әкімдігінің «Спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу дирекциясы» КММ спорттық-бұқаралық іс-шараларды жоспарлау бөлімінің басшысы Көлбай Жанбек.Жүгіріске жиналған қатысушылардың ең жасы 8-де және ең егдесі 62 жаста болды.«Күнделікті ақпараттарға көз жүгірткен сәтте үнемі түрлі экзотикалық аурулардың пайда болып жататынына куә боламыз. Жүгіру - ауруға қарсы ем. Кейінгі 4 жылда спортты қолға алып, жүгіру, дуатлон, триатлон, үстел теннисі, велотректен өтетін барлық шараларды құр жібермеймін. Осының нәтижесінде 76 медаль еншілеп, үлкен жастағы азаматтардың бірлестігін құрдық. Көп жағдайда зейнетке шыққан тұрғындар белсенділікті азайтады. Менің мақсатым - қатарластарым мен немерелеріме үлгі болу. Қазіргі сәтте екі немерем де менен қалыспай, спортқа бет бұрды», - деп Марат Баукенов атты қатысушы ойымен бөлісті.Шара соңында қатысушылар естелік медаль мен сыйлықтарға ие болды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/916744
Астаналық жас синхронистер Дубайда өткен халықаралық жарыстарда жеңіске жетті 13.01.2025
«Барыс» спорт кешенінің бассейнінде жаттығатын елордалық синхронистер құрамасы Дубайда өткен Artistic Swimming World League синхронды жүзуден әлемдік турнирде топ жарды , деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.Әлемнің түкпір-түкпірінен 30-дан астам команда мен 250 спортшыны жинаған жарыстарда елордалық синхронистер нағыз дайындық пен шеберліктің жоғары деңгейін көрсетті.АҚШ, Жаңа Зеландия, Сингапур, Ресей, Италия, Түркия және Египет командалары қатысқан турнирде Астана құрамасы көшбасшылар қатарында болды. 12 жасқа дейінгі санатта біздің спортшылар төрт медаль жеңіп алды: екі алтын, бір күміс және екі қола.Алтын медальдарға ерікті және аралас топтар ие болды. Күміс пен қола дуэтке, ал қола жеке топтарға берілді.Команда нәтижелері:Бірінші орын-ерікті топ (12 жас және одан кіші)Бірінші орын-аралас топ (12 жас және одан кіші)Екінші орын-дуэт (12 жас және одан кіші)Үшінші орын — дуэт (12 жас және одан кіші)Үшінші орын — жеке (12 жас және одан кіші)Елордалық спортшылардың өнері ерекше синхрондылық пен әртістікті ғана емес, сондай-ақ ең мықты қарсыластармен күресте табандылықты көрсетті.Команда құрамына Дарья Володькина, Насима Баймұхаметова, Анар Абдугалиева, Ясмин Ахметова, Айдидар Аринқызы, Малика Сәрсімбаева, Самира Багамедова, Айилин Құсембаева, Әлия Советова, Зара Сыздықова, Айзере Маликова, Дамежан Құрманғазы, Еркежан Қасенова, Айсана Исабай және Жасмин Рахимова кірді.Команданың жаттықтырушылары Алина Литвиненко мен Светлана Колодийдің шеберлігі спортшыларға керемет нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік берді.Әлемдік аренадағы бұл жетістік талант, еңбек және жеңіске деген ұмтылыс шыңға жетелейтінін дәлелдеді. Астана құрамасы жаңа жетістіктерге жетуде. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/916848
Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиевтің Кеген ауданына жұмыс сапары 13.01.2025
Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев жұмыс сапары аясында Кеген ауданының бірқатар маңызды нысандарын аралап, өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму мәселелеріне назар аударды. Сапар барысында әкім бірнеше маңызды бағыттарға көңіл бөлді.Балалар өнер мектебімен танысуМарат Сұлтанғазиев Заманбек Нұрқаділов атындағы Кеген ауылындағы балалар өнер мектебінің жұмысымен танысты. Бұл мектеп балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға бағытталған маңызды нысандардың бірі болып табылады. Әкім мектептің жағдайын көріп, мұғалімдермен және оқушылармен кездесу барысында білім мен өнер саласына қолдау көрсету мәселелерін талқылады.Кеген ауданының полиция бөліміндегі мәселелерӘкім Кеген ауданының полиция бөліміне арнайы барып, құқық қорғау саласындағы өзекті мәселелермен танысты. Полиция қызметкерлерімен кездесу барысында әкім саладағы жұмыс сапасын арттыру және материалдық-техникалық базаны жақсарту қажеттілігіне тоқталды.Қара каньон және инвестициялық жобаларСапар аясында әкім Қара каньонға тартылатын инвестициялық жобалармен танысты. Бұл жоба өңірдің туризм әлеуетін дамытуға бағытталған. Марат Сұлтанғазиев каньонды дамытуға қажетті инфрақұрылымдық жобаларға қолдау көрсетуге дайын екенін атап өтті.Ауыл шаруашылығы саласы: «Аумолдаев Б» шаруа қожалығына баруЖалағаш ауылдық округінде орналасқан «Аумолдаев Б» шаруа қожалығына барып, шаруа қожалық басшыларымен кездесті. Кездесу барысында ауыл шаруашылығын дамыту, су ресурстарын тиімді пайдалану және фермерлерді қолдау мәселелері талқыланды.«Қайыңды» көліне баруСапар соңында әкім «Қайыңды» көліне барып, туристік нысанның инфрақұрылымдық жағдайымен танысты. Ол көлге апаратын жолдың құрылыс жұмыстары мен электр желілерін тарту жобасын тексерді. Сонымен қатар, «Қайыңды» көлінде салынған туристерге арналған жаяу жүргіншілер жолын аралап, туризмді дамытуға бағытталған жұмыстардың маңыздылығын атап өтті.ҚорытындыМарат Сұлтанғазиевтің жұмыс сапары Кеген ауданының дамуындағы өзекті мәселелерді айқындауға және шешу жолдарын қарастыруға бағытталды. Әкім әлеуметтік және экономикалық салалардағы жобаларға ерекше назар аударып, олардың тиімді іске асырылуын бақылауға уәде берді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/916671
Автомобиль көлігі мен көліктік бақылау комитеті шетелдік рұқсат бланктерін үйлестірудің жаңа механизмін түсіндірді 13.01.2025
2025 жылғы 15 қаңтардан бастап шетелдік рұқсат бланктерін беру механизмінің жаңа тәртібі күшіне енеді. Осыған байланысты, Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Автомобиль көлігі мен көліктік бақылаукомитетінің төраға орынбасары С. Қуанышұлының қатысуымен сала ассоциацияларымен жаңа механизмді түсіндіру бойынша кеңес өтті.Кеңес барысында жұмыс тобының мүшелерінен шетелдік рұқсат бланктерін беру механизмін әрі қарай жаңарту және жетілдіру бойынша ұсыныстар түсті. Барлық ұсыныстар мұқият зерттеліп, қажет болған жағдайда белгіленген тәртіппен нормативтік-құқықтық актіге өзгерістер енгізу жөнінде тиісті жұмыс жүргізіледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/916984
Әскер балуандары Астанадағы "Дала қырандары" турнирінде чемпион атанды 13.01.2025
Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында ұлттық күрестен өткен "Дала қырандары" рейтингтік турнирі сегіз салмақ дәрежесінде Қазақстанның ең мықты деген балуандарын анықтады.Боз кілемде Армия орталық спорт клубының спортшылары Нұрдәулет Бақтыбайұлы мен қатардағы жауынгер Ерасыл Жанатаев жоғары нәтиже көрсетті.Жыл басталғалы бері Қазақстанда қазақ күресінен бес рейтингтік жарыс өтті Олардың қорытындысы бойынша әр салмақ дәрежесінде ең көп ұпай жинаған сегіз балуан анықталды.Жарыс барысында кілемге бірнеше дүркін Әлем чемпиондары, V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары мен Дүниежүзілік жекпе-жек ойындарының жеңімпаздары, Азия кубогының иегерлері, "Қазақстан барысы" турнирінің және бұған дейінгі "Дала қырандары" турнирлерінің жеңімпаздары шықты.Жарыс қорытындысы бойынша сегіз спортшы "Дала қырандары" турнирінде "Бас балуан" атағына ие болды. Оның жүлде қоры 100 000 доллар.Армия спортының өкілдері екі салмақ дәрежесінде жеңіске жетті. Қарулы күштердің қызметкері Нұрдәулет Бақтыбайұлы 82 кг салмақта және мерзімді қызмет сарбазы Ерасыл Жанатаев 90 кг салмақ дәрежесінде жеңіс тұғырынан көрінді.– Менің ойымша, бұл жақсы нәтиже. Біздің екі спортшы чемпион атанды, – деді Армия орталық спорт клубы қазақ күресі командасының бастығы лейтенант Асан Мәмбетқұлов. Бұл спортшылар алдағы тамыз айында қазақ күресінен әскери қызметшілер арасындағы алғашқы CISM әлем чемпионатында Қарулы күштердің намысын қорғайды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/916778