Қуқық
Алматыда әскери қызметшілер соғыс ардагерін туған күнімен құттықтады 13.01.2025
Алматы қаласындағы Алмалы және Әуезов аудандарының қорғаныс істері жөніндегі басқармаларының әскери қызметшілері Ұлы Отан соғысының ардагері, майдангер байланысшы Дарбала Жабатаеваны 99 жасқа толған жасымен құттықтады.Құттықтау барысында ардагерге көрсеткен ерлігі, қайсарлығы мен Отанға деген адалдығы үшін алғыс білдірілді.Әскери қызметшілер Дарбала Әміржанқызына Қорғаныс министрінің құттықтау хаты мен естелік сыйлықтар табыс етті.– Біз болашақ ұрпақтың бейбіт өмірі үшін күш-жігері мен денсаулығын аямаған майдангерлер мен тыл еңбеккерлерін әрдайым қастерлейміз. Дарбала Жабатаева – жанқиярлықтың, батылдықтың және өмірлік төзімділіктің жарқын үлгісі, – деді Әуезов ауданының қорғаныс істері жөніндегі басқармасының тәрбие және идеологиялық жұмыс тобының бастығы аға лейтенант Дидар Нұрмұханбет.Дарбала Жабатаева 1926 жылы Қостанай облысы, Урицкий ауданына қарасты Дудаковка ауылында дүниеге келген. Мектеп қабырғасында жүріп-ақ ол өз еркімен майданға аттанып, байланысшылар курсын тәмамдаған соң Екінші Беларусь майданының 95-дивизиясы құрамындағы 161-атқыштар полкінде радист болып қызмет етті. Оның майдан жолы Белоруссияны, Польшаны және Померанияны азат ету жолындағы қиян-кескі шайқастармен өрілді. Бұл ұрыстарда сенімді байланыс көбіне жеңістің шешуші факторы болды.1946 жылы әскер қатарынан босатылғаннан кейін Дарбала Әміржанқызы партиялық және қоғамдық қызметке белсене араласып, ел дамуына өз үлесін қосты. Көрсеткен ерлігі мен батылдығы үшін ол II дәрежелі Отан соғысы орденімен, «Ерлігі үшін» және «Жауынгерлік еңбегі үшін» медальдарымен марапатталды. Ал соғыстан кейінгі жылдардағы ерен еңбегі «Еңбектегі ерлігі үшін» және «Тың жерлерді игергені үшін» медальдарымен лайықты бағаланды.Әскери қызметшілер ардагерлерге қамқорлық көрсету, олардың ерлік жолын ұмытпай, аға буынның асыл құндылықтарын жастар санасына сіңіру қорғаныс ведомствосының тәрбиелік жұмысының басты бағыттарының бірі болып қала беретінін атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1134264?lang=kk
ҰШМҮО: САНИТАРИЯЛЫҚ АВИАЦИЯ АУЫЛДЫҚ ЖЕРЛЕРГЕ 1488 РЕТ ҰШТЫ 13.01.2025
Мемлекет басшысы тапсырмаларының шеңберінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі ауыл тұрғындары үшін медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін жақсарту жөніндегі кең ауқымды шараларды іске асыруда.Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының мәліметінше, ауыл тұрғындарына шұғыл медициналық көмектің қолжетімділігі үшін ауылдарда 195 жедел жәрдем кіші станциясы жұмыс істейді, сондай-ақ бір ауысымда 585 ЖМЖ бригадасы жұмыс істейді, 887 бірлік санитариялық автокөлік жұмылдырылған.Медициналық авиация желісі бойынша 2024 жылы Астана, Алматы қалаларынан 2184 ұшу, оның ішінде өңірлерге 1488 ұшу орындалды.Астана және Алматы қалаларының республикалық медициналық ұйымдарының білікті бейінді мамандарын тарта отырып, телемедицина және қашықтықтан медициналық қызметтер көрсету орталығының мамандары тәулік бойы күшейтілген режимде 11 784 консультация, оның ішінде 70% өңірлерде, оның ішінде ауылдық жерлерде қашықтықтан медициналық қызметтер ұйымдастырылып, жүргізілді.Инсульт мәселесі бойынша республикалық үйлестіру орталығы инсультпен ауыратын пациенттерге уақтылы және сапалы медициналық көмек көрсету үшін өңірлерде инсульт орталықтары мен инсульт төсектерінің ашылуына мониторинг жүргізу бойынша тұрақты жұмыс жүргізуде.Сонымен, бүгінгі таңда 12 инсульт орталығы мен терапия бөлімшелеріндегі 162 инсульт төсегі инсультпен ауыратын пациенттер үшін тікелей ауылдық жерлерде жұмыс істейді.Ауылдар мен қалалардың тұрғындары үшін денсаулық сақтау саласында тең жағдай жасау әлеуметтік реформалардың маңызды мақсаты болып табылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm/press/news/details/916703
Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Арал ауданының тұрғындарымен Арал теңізінің Солтүстік бөлігін қалпына келтіру жобасының екінші кезеңін іске асыру мәселесін талқылады 13.01.2025
Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Арал ауданының тұрғындарымен Арал теңізінің Солтүстік бөлігін қалпына келтіру жобасының екінші кезеңін іске асыру мәселесін талқылады.Жоба негізгі 3 негізгі бағытты қамтиды. Атап айтқанда, Солтүстік Арал теңізінде су жинақтаудың көлемі мен тиімділігін арттыру, су ресурстарын басқаруды жақсарту, балық шаруашылығы мен экотуризмді дамыту, өңірдің экологиялық жағдайын жақсарту бойынша маңызды іс-шаралар қарастырылған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/water/press/news/details/916547
ІІМ жылды қорытындылады: 2025 жылы басты назарда профилактика 13.01.2025
Ішкі істер министрлігінде кеңейтілген алқа отырысы өтті. Онда 2024 жылғы жұмыс нәтижесі талқыланып, алдағы кезеңге арналған негізгі міндеттер айқындалды.Жиында аумақтық полиция бөліністерінің, Ұлттық ұланның өңірлік қолбасшылықтарының, қылмыстық-атқару жүйесі департаменттерінің және ведомстволық оқу орындарының басшылары қатысты.– Мемлекет басшысы өзінің жақында берген сұхбатында Заң мен Тәртіп қағидатын жүзеге асыру қажеттігін тағы да атап өтті. Бұл әділетті Қазақстанның негізі болып табылады. Сонымен қатар маңызды және нақты тапсырмалар берілді. Атап айтқанда: қылмыспен күрес, бандитизмнің алдын алу, қабылданған заңдардың орындалуын қамтамасыз ету, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл. Бұл бағыттарды жүзеге асыру — біздің негізгі міндетіміз, — деді Ішкі істер министрі Ержан Саденов.Өткен жылы қабылданған кешенді шаралардың арқасында елімізде қылмыс саны 12,5 мыңға, ал жалпы қылмыстық құқық бұзушылықтар саны 8 мыңға азайған. Аса қауіпті қылмыстардың, оның ішінде кісі өлтіру, денсаулыққа ауыр зиян келтіру, ұрлық, мал ұрлығы, алаяқтық, қарақшылық және тонау қылмыстары төмендеген.Азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған заңнамалық бастамалар, заманауи цифрлық шешімдер, жастар арасында құқықтық сананы қалыптастыруға бағытталған ауқымды жұмыстар, сондай-ақ ішкі істер органдарындағы кадрлық әлеуетті арттыру қылмыстардың алдын алуда маңызды рөл атқарды.Жасөспірімдермен, қоғамдық орындарда және қару қолдану арқылы жасалған қылмыстардың саны азайды. Сонымен қатар заманауи тергеу әдістерін енгізудің арқасында барлық қылмыс санаттары бойынша ашылу көрсеткіші жақсарды.Айта кету керек, 2024 жыл министрдің бастамасымен «Кадрлық әлеуетті арттыру жылы» деп жарияланған болатын. Бұл маңызды қадам полиция қызметкерлерінің кәсіби деңгейін көтеруге және олардың жұмыс тиімділігін жақсартуға бағытталды. Былтырғы ауқымды шаралардың бірі орта буын басшыларының кезектен тыс аттестациясы болды.Министрліктің құрылымында есірткі қылмысына қарсы күрес комитеті құрылды. 12 ай ішінде 7920 есірткі құқық бұзушылығы анықталды, оның ішінде 3430-ы қылмыс. Шамамен 22 тонна есірткі тәркіленді. 63 есірткі зертханасы жойылды.Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес – полиция жұмысындағы негізгі бағыттардың бірі. Ұйымдасқан қылмыстық топқа басшылық етіп, оған қатысудың 45 фактісі анықталып, жолы кесілді, оның ішінде үшеуі трансұлттық болған.Соңғы жылдары киберқылмысқа қарсы күрес ерекше маңызға ие. Бұл мәселені шешу үшін ведомствода бейінді департамент ашылды.Жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде ауыр және аса ауыр қылмыстар үшін іздестіріліп жүрген 1949 қылмыскер ұсталды. Сондай-ақ 1361 жоғалған адамның мекенжайы анықталды.Жол қауіпсіздігі мәселесі де назардан тыс қалмады. Бұл тақырып автокөліктер санының өсуі, қозғалыс тығыздығының артуы және инфрақұрылымды жақсарту қажеттілігі жағдайында өте маңызды. Өткен жылы елімізде 30 мыңнан астам жол апаты тіркелген.Мұндағы олқылықтарды ескере отырып, тәртіп сақшыларына жол ұйымдарымен, жергілікті атқарушы органдармен бірге жол инфрақұрылымын жақсартып, қауіпсіздік деңгейін арттырып, өрескел құқық бұзушылармен кешенді жұмыс жүргізу және цифрлық шешімдердің мүмкіндіктерін пайдалану тапсырылды.Өткен жылды қорытындылай отырып, министр әріптестеріне профилактикалық жұмыстарды күшейтуді және осы бағытқа қоғамды жұмылдыруды, жеке тұлғаға қарсы қылмыстардың жолын кесіп, жергілікті жерлерде құқық тәртібін қамтамасыз етуді тапсырды.— Бұл нәтижеге профилактикалық жұмысты басты назарға алудың арқасында жеткенімізді атап өткім келеді. Биыл осы істі белсенді түрде жалғастыру қажет. Ең бастысы – қылмыстардың алдын алу және олардың жасалуына ықпал ететін себептерді жою. 2025 жылды «Профилактика жылы: полиция заң мен тәртіп күзетінде» деп жариялаймын. Ішкі істер органдарының аумақтық бөліністерінің басшыларына профилактикалық шараларды күшейту және азаматтардың құқықтық санасын арттыру бойынша нақты міндеттер жүктеймін. Заң мен Тәртіпті нығайту мақсатында біз қылмысқа қарсы күресті жалғастырып, заңды құрметтейтін азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын сенімді түрде қорғауды қамтамасыз етеміз, – деді Ішкі істер министрі Ержан Саденов.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/qriim/press/news/details/916490
Алматыда халықтың әлеуметтік осал санаттарына 17 көмек түрі көрсетіледі 13.01.2025
Алматыда халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау үшін әлеуметтік көмектің 17 түрі қарастырылған, деп хабарлады қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы.Олардың ішінде-атаулы әлеуметтік көмек (АӘК); тұрғын үй көмегі; ҰОС ардагерлеріне және азаматтардың басқа да санаттарына әлеуметтік көмек; коммуналдық қызметтерге тарифтердің көтерілуіне байланысты әлеуметтік көмек; мүгедек балаларды үйде оқытқаны үшін шығындарды өтеу; атаулы күндер мен мереке күндеріне төлемдер және өзге де біржолғы әлеуметтік төлемдер.Мәселен, 2024 жылы АӘК жалпы сомасы 1,6 млрд теңгеге 14,8 мың адамды қамтыды. Тұрғын үй көмегі 741 азаматқа 17,3 млн теңге сомасында берілді. Коммуналдық қызметтер тарифтерінің өсуіне байланысты азаматтарды қолдау жеке бағыт болды. «Инвестицияларға айырбастау тарифі» бағдарламасы аясында халықтың әлеуметтік осал топтарының ішінен 141 мыңнан астам адам ай сайын 0,8 АЕК мөлшерінде төлем алды, бұл 4 млрд теңгеден астам соманы құрады.Осы жылдың 1 қаңтарынан бастап мемлекеттік жәрдемақылар мен базалық зейнетақының барлық түрлерінің мөлшері 6,5%- ға ұлғайтылды, сондай-ақ көмектің жаңа түрлері енгізілуде. Мысалы, басқа мемлекеттердің аумағындағы әскери іс қимылдардың ардагерлері үшін Ауғанстаннан әскерлерді шығару күніне 100 мың теңгеден жаңа төлем енгізілді.Айта кету керек, халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау Алматы әкімдігі жұмысының басым бағыттарының бірі болып табылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/916658
100-ден астам алматылықтар шағын бизнесті дамытуға жылдық 2%-дық және 6-дық жеңілдетілген мөлшерлемемен несие алды 13.01.2025
«Алматы» ӘКК» АҚ еншілес ұйымы, «Almaty» МҚҰ» ЖШС 2024 жылы Алматының шағын және микробизнес субъектілеріне 106 жеңілдікті қарыз берді. «Almaty Business-2025»кәсіпкерлікті дамытудың өңірлік бағдарламасы аясында ісін жаңа бастаған және жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлер жылдық 2%-дық және 6% -дық мөлшерлеме бойынша істі дамытуға несиелер алды. Берілген қарыздардың жиынтық көлемі 3,6 млрд теңгеден асты. Бір қарыз алушыға қаржыландыру лимиті 73 840 000 млн теңгені, несиенің ең ұзақ мерзімі – 7 жылды құрады. Бағыттар бөлінісінде өндірістік жобалары бар кәсіпкерлер қарыздардың ең көп санын алды – барлық санның үштен бірі, екінші орында денсаулық сақтау жобалары – 20%, үшінші орында – білім беру және халыққа қызмет көрсету (11% - дан). Бұдан кейін креативті экономика (8,5%), туризм және әлеуметтік кәсіпкерлерді қолдау (6%). 2019 жылы «Almaty Business-2025»бағдарламасы бекітілген сәттен бастап «Almaty»МҚҰ 13,3 млрд.теңгеден астам сомаға 600-ге жуық жобаны қаржыландырды. Ең көп қарыздар өндірістік жобаларды (28%) және денсаулық сақтау жобаларын (15%) іске асыруға, сондай-ақ әлеуметтік кәсіпкерлікті қолдауға (11%) берілді. Соңғылары ең төменгі мөлшерлеме бойынша қарыз алды – жылдық 2%. «Жеңілдетілген несиелеу аясында қалада 2 400-ден астам жұмыс орны құрылды. Кәсіпкерлікті ынталандырудан және жұмыспен қамтуды арттырудан басқа, «Almaty Business-2025»бағдарламасы жергілікті бюджетке түсетін салық түсімдерін ұлғайтуға белсенді ықпал етеді», - деп атап өтті «Алматы» МҚҰ басқарма төрағасы Алтай Исмағамбетов. Жеңілдетілген несиелеу туралы толығырақ +7 (727) 390 80 42 нөмірі немесе https://mfoalmaty.kz/ веб- сайты арқылы білуге болады. *Жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі жеке есептеледі және 13%-дан аспайды Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/916662
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ СТУДЕНТ ЖАСТАРҒА МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУДЫ АРТТЫРУ 13.01.2025
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ СТУДЕНТ ЖАСТАРҒА МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУДЫ АРТТЫРУМемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру мақсатында «Келешек» бірыңғай ерікті жинақтау жүйесі әзірленді.Мемлекеттік қолдаудың бұл шарасы Қазақстан балаларына 5 жастан бастап 18 жасқа толғанға дейін елде және шетелде білім беру қызметтеріне, соның ішінде жоғары, сондай-ақ техникалық және кәсіптік білім беру қызметтеріне ақы төлеу үшін қаржы қаражатын тұрақты жинақтау мақсатына арналған.«Келешек» жүйесіне қатысу үшін ата-аналар мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесінің қатысушылары болып табылатын екінші деңгейдегі банктерде және сақтандыру компанияларында шот ашуы қажет, онда ағымдағы күнтізбелік жылы 5 жасқа толған балаларға 60 АЕК (2025 жылы 235 920 теңгені құрайды) және жетім балалар үшін 120 АЕК (471 840 теңге) мөлшерінде бастапқы білім беру капиталы, 5-7% мөлшерінде мемлекеттік сыйлықақының жыл сайынғы төлемі және инвестициялық табыс есептелетін болады.«Келешек» жүйесінің шарты – ата-аналар кемінде 12 АЕК мөлшерінде жыл сайынғы міндетті ең төменгі жарнаны төлеуі тиіс.Шоттарды Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры, ал сақтандыру төлемдерінің сомасын Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры сақтандырады.Мемлекеттік білім беру грантын алған жағдайда қаражатты жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуға пайдалануға болады.Сонымен қатар, жинақталған қаражатты тұрғын үй жағдайын жақсартуға бағыттауға және қажет болған жағдайда үшінші тұлғаларға беруге болады. Мемлекет ЖОО студенттері үшін стипендияларды ұлғайту бойынша жоспарлы жұмысты жалғастыруда.2025 жылы ЖОО және колледж студенттері үшін стипендия 2 есе, магистранттар мен докторанттар үшін 1,75 есе артады.2025 жылғы 1 қыркүйектен бастап бакалавриат студенттеріне стипендия 52 372 теңгеге дейін, ал педагогикалық және медициналық бағыттардағы білім алушыларға – 84 000 теңгеге дейін, магистранттарға – 117 098 теңгеге, докторанттарға – 262 500 теңгеге дейін өседі.Интернатурада оқитын студенттерге стипендия – 94 862 теңге, ал резидентурада – 134 664 теңге көлемінде төленетін болады.Емтихан сессиясын «өте жақсы» тапсырған жағдайда студенттердің жоғары стипендия алу мүмкіндігі сақталады.Студенттердің жекелеген санаттары үшін стипендияға үстемеақы белгіленді. Оларға мыналар құқылы:Жоғары немесе кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары оқу орнынан кейінгі білім алатын көру және есту қабілеті бұзылған адамдарға бакалавриат студенттеріне – 94 651 теңге, магистранттарға – 204 921 теңге, докторанттарға – 459 375 теңге үстемеақы белгіленді.Жаралану, контузия, ауру салдарынан мүгедектігі бар немесе мертіккен адамдарға бакалавриат студенттеріне – 78 558 теңге, магистранттарға – 175 647 теңге, интерндерге – 142 293 теңге үстемеақы белгіленді.Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған немесе қорғаншылықтағы (қамқоршылықтағы) жетім балалар қатарындағы адамдарға стипендия 30%-ға көтеріледі, яғни бакалавриат студенттеріне – 68 083 теңге, магистранттарға – 152 227 теңге, интерндерге – 123 320 теңге үстемеақы белгіленді.Мемлекеттік стипендиядан басқа, жоғары оқу орнының Ғылыми кеңесінің шешімі бойынша 104 744 теңге мөлшерінде тағайындалатын оқуда ерекшеленген студенттерге, олимпиадалардың, шығармашылық конкурстардың, спорттық жарыстардың жеңімпаздарына арналған Президенттік стипендия бар.Президенттік стипендияны 3-ші оқу жылынан бастап студенттер және 2-ші оқу жылынан бастап магистранттар ала алады. Мұндай стипендияға бюджеттік негізде оқитын студенттер де, ақылы негізде оқитындар да құқылы. Студенттерге арналған жаңа жатақханалар салу2029 жылға дейін жатақханаларда жыл сайын 10 мың орынды пайдалануға беру көзделген.2024 жылдың қорытындысы бойынша елімізде 11 096 орын пайдалануға берілді.Астана және Алматы қалаларында жатақханаларда орындарды уақтылы алу бойынша ел студенттеріне консультациялық қызметтер көрсететін жобалық фронт-офистер жұмыс істейді.2024 жылы жатақханалар салу бойынша мемлекеттік тапсырыстың мөлшері Алматы қаласында 144 АЕК-тен 230 АЕК-ке дейін, Астана қаласын қоса алғанда, елдің басқа өңірлерінде 122 АЕК-тен 195 АЕК-ке дейін ұлғайтылды.Сондай-ақ, жатақханаға объектілерді реконструкциялағаны үшін өтемақы мөлшері 92 АЕК-тен 182 АЕК-ке дейін ұлғайтылды.Құрылыс салушыға мемлекет тарапынан инвестициялық шығыстарды кезең-кезеңімен өтеуді және кәсіпкерлік субъектілерінің жатақханаларды салуға және реконструкциялауға кеңінен қатысуын қамтитын жаңа жатақханалар салу бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптестік (МЖӘ) тетігі әзірленді. 2025 жылы жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, сондай-ақ кәмелетке толғанға дейін ата-анасынан айырылған немесе қамқорлығынсыз қалған жастарға және 1 және 2-топтағы мүгедек адамдарға, бала кезінен мүгедек адамдарға, мүгедек балаларға оқу кезеңінде ЖОО жатақханаларында тұрғаны үшін 100 050 теңге мөлшерінде өтемақы төлеу жалғастырылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sci/press/news/details/916459
ҚАҢТАР АЙЫНДА ӨТЕТІН ҰБТ БАСТАЛДЫ 13.01.2025
ҚАҢТАР АЙЫНДА ӨТЕТІН ҰБТ БАСТАЛДЫБүгін қаңтар айында өтетін ҰБТ басталды, ол 10 ақпанға дейін жалғасады. 167 мыңға жуық адам ҰБТ-ға қатысуға өтініш берді. Олардың 76,7%-ы қазақ тілінде, 23,2%-ы орыс тілінде, 142 адам ағылшын тілінде тестілеуден өтуге өтініш білдірді.Қаңтар ҰБТ-сын өткізудің бірінші күні ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Астана қаласындағы тестілеу орталықтарының бірінде болды. Ол ҰБТ-ның өту барысымен танысып, болашақ студенттерге сәттілік тіледі.«Талапкерлер өтініш беру барысында тестілеу күнін, уақытын және пунктін өздері таңдады. Тестілеудің бірінші күні еліміз бойынша 2277 адам, оның ішінде елордада 155 талапкер ҰБТ тапсырады. Ең көп таңдалатын бейіндік пәндер комбинациясы бірнеше жыл қатарынан өзгеріссіз қалып отыр. Талапкерлердің 17,5%-ы «Математика-Физика» комбинациясын таңдаған. Яғни, бұл болашақ инженерлер, механиктер, мұғалімдер, техниктер мен технологтар, энергетиктер, құрылысшылар. Ал 17,3%-ы «Биология-Химия», 10,3%-ы «Математика-Информатика» пәндерін таңдады, сәйкесінше болашақ медицина қызметкерлері мен IT мамандары», - деді министр Саясат Нұрбек.ҰБТ-дағы пәндердің саны өзгеріссіз қалады, яғни үшеуі міндетті және екеуі таңдау бойынша пәндер. ҰБТ тапсырмалар саны – 120. Оның ішінде «Қазақстан тарихынан» 20 тапсырма, «Оқу сауаттылығынан» 10 тапсырма, «Математикалық сауаттылықтан» 10 тапсырма және екі бейіндік пән бойынша 40 тапсырмадан. Жоғары балл – 140.Тестілеу уақыты – 4 сағат (240 минут). Бұл ретте ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін ұсынылатын қосымша 40 минут уақыт сақталатынын айта кету керек.Естеріңізге сала кетсек, қаңтардағы ҰБТ-ға шартты түрде ақылы негізде күндізгі оқу нысаны бойынша жоғары оқу орындарына қабылданған, жазғы ҰБТ нәтижелері бойынша шекті балл жинамағандар, шығармашылық ББТ-дан басқа дайындық бағыттарына, педагогикалық бағытқа ақылы негізде ауысқысы келетіндер, сондай-ақ мектеп бітіретін түлектер жоғары оқу орындарына ақылы негізде түсу үшін қатысады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sci/press/news/details/916553
Алматыда есептеу құралдары жоқ тұрғындарға суды тұтыну нормалары өзгерді 13.01.2025
Мемлекет басшысының халыққа «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағыты» Жолдауында берген тапсырмасына сәйкес, 2023 жылы табиғи монополиялар саласын реттеудің жаңа тарифтік саясаты – «Инвестиция орнына тариф» қабылданды. Оның басты мақсаты – инженерлік инфрақұрылымды жаңғырту және ресурстарды, әсіресе суды ұтымды пайдалану.Қазіргі уақытта Қазақстанда жеке тұлғалар үшін ауыз суды тарифтеу қағидаттары қайта қаралды, оның аясында «тұтынудың әлеуметтік нормалары» енгізілді. ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитетінің мәліметі бойынша, жаңа тарифтеу алгоритмі «неғұрлым көп тұтынсаңыз, соғұрлым көп төлейсіз» қағидасын ұстанады. Бұл суды үнемсіз пайдаланатын тұтынушылар үшін тарифтердің қымбаттауын білдіреді.Осы шаралар аясында суды ұтымды пайдалану ынталандыру мақсатында Алматыда есептеу құралдары жоқ тұтынушылар үшін жаңа су тұтыну нормалары қабылданды. «Алматы Су» МКК хабарлауынша, бұл нормалар 1989 жылдан бері алғаш рет өзгерді. Құжатқа сәйкес, 2025 жылдың қаңтарынан бастап суды және кәрізді есептеу үшін жаңа мөлшерлемелер енгізілді.Есептеу құралдары орнатылмаған үйлердің тұрғындары үшін төлем мына нормалар бойынша есептеледі:Әр тіркелген адамға айына 15 текше метр су тұтыну қарастырылған. Іс жүзіндегі тариф бойынша төлем 2 217,60 теңге;Егер орталықтандырылған кәріз жүйесі болса, әр адамға қосымша 687,96 теңге алынады.1989 жылдан бері қолданылып келген бұрынғы нормалар айтарлықтай төмен болатын: жеке үйлер үшін бір адамға айына 3-6 текше метр, пәтерлер үшін – 8,4 текше метр. Бұл ескірген нормалар тұтынушыларды есептегіш құралдарын орнатуға немесе суды үнемдеуге ынталандырмады. Соның нәтижесінде қазіргі уақытта тек 65% тұрғын үйлер су есептегіштерімен жабдықталған.«Алматы Су» МКК мамандарының айтуынша, бұрын жеке үйлер орталық коммуникацияларға қосылмаған болатын. Қазіргі уақытта қабылданған шаралардың арқасында жеке сектор белсенді түрде қаланың инженерлік жүйелеріне қосылып жатыр. Сонымен бірге, заманауи үйлерде бірнеше санитарлық тораптардың, монша, сауна және бассейндердің болуына байланысты су тұтыну көлемі өсті.Суық сумен жабдықтау және кәріз қызметтері бойынша қолданыстағы тарифтермен, сондай-ақ су есептегіш құралдары жоқ тұтынушыларға арналған төлемдер мөлшерімен «Алматы Су» МКК-ның ресми сайтында (almatysu.kz) танысуға болады. Сондай-ақ сайтта су есептеу құралдарын орнату және тексеру бойынша лицензияланған ұйымдардың тізімі жазылған.Осыған байланысты, Алматы қаласында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізімін анықтау қағидаларына сәйкес, ыстық және (немесе) суық сумен жабдықтау және газбен жабдықтауға арналған жеке есептеу құралдарын сатып алу, орнату немесе тексеру шығындарын өтеу қарастырылған. Бұл көмекті жан басына шаққандағы орташа табысы үш есе ең төменгі күнкөріс деңгейінен аспайтын азаматтар пайдалана алады. Әрбір құрылғы үшін шығындарды өтеу көлемі 3,4 (үш бүтін оннан төрт) айлық есептік көрсеткіштен аспайды.1) Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек және (немесе) тұрғын үй көмегін алатын аз қамтылған азаматтар (отбасылар);2) төрт және одан да көп кәмелетке толмаған балалары бар көпбалалы отбасылар;3) бірінші, екінші және үшінші топтағы мүгедектер;4) Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 207-бабының 1-тармағына сәйкес жасына байланысты зейнеткерлерге беріледі.Тұтынушылар өтемақы алу үшін тіркелген мекенжайы бойынша аудандық әлеуметтік қамсыздандыру бөліміне жүгінуі қажет. Алматы қаласы Энергетика және сумен жабдықтау басқармасының «Алматы Су» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнына тиесілі, суық сумен жабдықтау және су бұру қызметтеріне су есептегіш құралдары жоқ тұтынушылар үшін тариф мөлшерлері:№ р/нАтауыЖан басына шаққада теңге/ (ҚҚС-сыз)Жан басына шаққада теңге/ (ҚҚС-мен)Сумен жабдықтау қызметтері1Көшедегі су колонкаларынан су алу99,00110,882Тұрмыстық және санитарлық-гигиеналық қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін су тұтыну1 980,002 217,603Су есептеуіш құралдарын орнату техникалық мүмкіндігі жоқ апатты жағдайдағы, тозған көпқабатты тұрғын үйлер және ортақ пайдалану орындары бар жатақханалар708,84793,904Суды тұрмыстық емес мақсатта пайдалану (жасыл желектерді, көгалдарды, гүлзарларды, бақшаны, тротуар ағаштарын, кеспе тастарды және т. б. суару)1 320,001 478,40Ескертпе: *Суару кезеңі 6 айды (15 сәуірден 15 қазанға дейін) қамтиды, ал суару ауданының әрбір 1 сотыққа ай сайынғы су мөлшері тексеріледі. Жасыл желектерді суару уақыты сағат 23.00-ден 05.00-ге дейін рұқсат етіледі. Су бұру қызметтері1Суық суды бұру614,25687,962Су есептеуіш құралдарын орнату техникалық мүмкіндігі жоқ апатты жағдайдағы, тозған көпқабатты тұрғын үйлер және ортақ пайдалану орындары бар жатақханалар219,90246,293Ыстық суды бұру128,99144,47 Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/916381
Алматының индустриалды аймағында 2024 жылы 10 жаңа жоба жүзеге асты 13.01.2025
Өткен жылдың қорытындысы бойынша Алматының индустриалды аймағында жалпы құны 25,17 миллиард теңге болатын 10 жоба жүзеге асып, 1 319 жұмыс орны ашылды. Олардың ішінде 5 өндірістік кәсіпорын бар. Атап айтқанда, тұрмыстық химия және жеке гигиена құралдарын шығаратын зауыт, халықаралық төлем жүйелерінің банк карталарын өндіретін зауыт, толық циклді темірбетон бұйымдарын шығаратын зауыт, автомобильдерге арналған электронды аудио және бейне жабдықтарын өндіретін зауыт және кабельдік-өткізгіш өнімдер шығаратын өндірістік кешен.Өндірістік кәсіпорындармен бірге 2024 жылы Алматының индустриалды аймағында ауданы 3000-нан 5100 шаршы метрге дейінгі 5 шағын өнеркәсіптік парк салынды. Бұл нысандарды салуға жеке инвесторлар 2,27 миллиард теңгеден астам қаржы жұмсады. Бұл жобалар аясында 614 жұмыс орнын ашу жоспарланған.Айта кетейік, Алматының индустриалды аймағының қатысушылары құны 556,8 миллиард теңге болатын 107 компания ашып, 14 496 жұмыс орнын құрған. 2016-2024 жылдар аралығында Алматының индустриалды аумағында жалпы сомасы 139,1 миллиард теңге болатын 40 жоба жүзеге асырылды. Бұл кәсіпорындарда 4 403 жұмыс орны ашылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/916379
Алматыдағы бос учаскеде жаңа демалыс аймағы пайда болды 13.01.2025
Алматыда бос учаскеде жаңа демалыс аймағы пайда болды. Балалар және спорт алаңдары бар қоғамдық кеңістік Түрксіб ауданындағы Боралдай көшесі, 73 мекенжайда «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы бойынша салынды.Жоба аясында жаңа балалар ойын кешендері, спорттық снарядтар, орындықтар мен урналар орнатылды, көше жарықтандыру желілері жүргізілді.Сонымен қатар, тұрғындарға ыңғайлы болу үшін қоршау құрылымдары мен тұрақ аймағы жабдықталды.Айта кетейік, 2025 жылы қала әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасы бойынша ауданның әр түкпірінде «Халық қатысатын бюджет» бағдар «ХҚБ» бағдарламасы бойынша 2024 жылы жобаға 18,8 млрд теңге бөлінді, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 5,8 млрд теңгеге артық. Алматылықтар аулаларды, қоғамдық кеңістіктерді абаттандыру, спорт және балалар алаңдарын құру бойынша 364 жобаны ұсынуға және іске асыруға мүмкіндік алды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/916380
Төтенше жағдайлар министрлігінің басшысы әмбебап құтқару бөлімшесін ашты 13.01.2025
Қазақстанда құтқару қызметтері жүйесін жаңғырту аясында Ақмола облысының Макинск қаласында өрт сөндірушілер мен медицина қызметкерлерінің функцияларын біріктіретін жаңа мамандандырылған бөлімше ашылды. Бұл қадам авариялық-құтқару қызметтерінің өзара іс-қимылын жақсартуға және төтенше жағдайларға ден қоюды арттыруға бағытталған пилоттық жобаның маңызды элементі болды. Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі генерал-майор Шыңғыс Әрінов жөндеуден өткен нысанды өзі аралап көрді. Макинск қаласындағы No8 өрт сөндіру бекеті және күрделі жөндеу және жаңғырту жұмыстарының нәтижелерімен танысты. 1964 жылы салынған өрт сөндіру бекеті рекордтық мерзімде — өткен жылдың қазан айынан бері бірнеше айдың ішінде толық жөндеуден өтті. Бүгінде бұл өңірдің қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі заманауи тәсілдің үлгісі болып табылады. «Өрт сөндіру бөлімдерін жаңғырту және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізіп қана қоймай, сонымен қатар медициналық көмек көрсете алатын бірегей бөлімшелерді құру. Біздің азаматтардың қауіпсіздігін нығайтудағы маңызды қадам - бұл Макинскідегі жоба - біз бүкіл ел бойынша құтқару бөлімшелерін дамытуды және жаңғыртуды жалғастырамыз», - деді министр Шыңғыс Аринов. жаңа бөлімшенің негізгі ерекшеліктері өрт сөндірушілер мен фельдшерлердің функцияларын біріктіру болып табылады, бұл төтенше жағдайларды жоюдың тиімділігі мен тиімділігін айтарлықтай арттырады. Жаңғырту аясында құтқарушылардың еңбек жағдайлары да жақсартылды: ғимарат жаңартылды, кеңсе және тұрмыстық нысандар үшін заманауи қондырғылар, оның ішінде душ, ас үй, жуынатын бөлме және демалыс бөлмелері жасалды. Сонымен қатар, «BATYR TEAM» ведомствалық клубының құрал-жабдықтар қорабы мен спорт залы жабдықталды. Жаңғырту жұмыстарының тағы бір маңызды бөлігі медициналық кабинеттің құрылуы болды, ол медициналық-құтқару тас жолына көшірілді. орталығы «Астана-Көкшетау» тас жолынан. Медициналық бөлімшенің заманауи жабдықталуы жедел медициналық көмек көрсету сапасын арттыруға және медицина қызметкерлеріне жайлы еңбек жағдайларын жасауға мүмкіндік береді. Жаңғырту аясында жаңа бөлімшенің барлық жеке құрамы соңғы үлгідегі киім-кешекпен және арнайы құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілді. . Шара барысында Шыңғыс Әрінов құтқару бөлімшесінің атынан естелік жазба және қоштасу сөздерін қалдырды. "Бұл қадам құтқару және медициналық көмектің біртұтас жүйесін құрудағы маңызды элемент болып табылады. Біз бұл пилоттық жобаның сәтті болуы төтенше жағдайларды тезірек жою және зардап шеккендерге көмек көрсетуді жақсарту үшін жаңа мүмкіндіктер ашатынына сенімдіміз", - деді Шыңғыс Әрінов. Жаңа бөлімше 30 000-нан астам адам тұратын жақын маңдағы бірнеше елді мекеннің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Құтқарушылар сонымен қатар тас жол учаскелеріне шығып, апаттардың салдарын жояды. Шара соңында министр ведомстволық марапаттарды табыс етті. Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының міндетін атқарушы Бақытжан Алашов «Азаматтық қорғау жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен марапатталды. ҚАЗАҚСТАН Қара теңізде құтқару қорының басшысы Рашид Джанұзақов Құрмет грамотасын, ал жоғары кәсібилігі үшін алғыс хаттарды ЖСҚ-8 жүргізушілері Ерлан Арынғазин мен Сергей Попов алды. Төтенше жағдайлар министрлігі жалғасуда. озық технологиялармен жабдықталған жаңа заманауи бөлімшелерді құра отырып, материалдық-техникалық базаны белсенді дамыту және құтқарушылардың еңбек жағдайларын жақсарту. Бұл төтенше жағдайларға ден қоюды арттырады және бүкіл ел бойынша құтқару жұмыстарының сапасын арттырады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/916342
Елордалық оқушы әлемдік олимпиадада алтын медаль жеңіп алды 13.01.2025
Елордалық оқушы Кәрім Дүйсеков дүниежүзілік олимпиаданың ең кішкентай қатысушысы болып, Natural Science санатында өзгелерінен үздік атанды, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.
Жарысқа әлемнің түкпір-түкпірінен 4-8 сынып оқушылары қатысты. Олар өздерінің білімдері мен дағдыларын көрсете отырып, ғылыми тапсырмаларды шешуде жарысты. Қазақстаннан барған талантты оқушы Кәрім Дүйсекова үздік нәтиже көрсетіп, бірінші орынды иеленді.
Бұл жеңіс Қазақстан үшін маңызды жетістік. Сонымен қатар педагогтардың табандылығы мен қолдауы арқасында халықаралық жетістікке жетуге болатынын жарқын үлгісін көрсетті.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/916355
Аймақ басшысы Курчатов қаласына жұмыс сапарымен барды 13.01.2025
Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев Курчатов қаласына жасаған жұмыс сапарының аясында бірнеше әлеуметтік маңызы бар нысанда болып, құрылыс және қалпына келтіру жұмыстарының барысын тексерді.Аймақ басшысының алдымен аялдағаны - балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы үйінің ғимараты. Қала әкімі Болат Әбдіралиев жобаның атқарылуы мен аяқталуы туралы баяндады. Осыған дейін балалар мен жасөспірімдердің шығармашылықпен айналысатын орындары тарлық ететін. Ал жаңа ғимараттың бұған дейін қараусыз тұрғанын айта кеткеніміз жөн. Соңғы уақытта қалада бос тұрған ғимараттарды қалпына келтіру жұмысы жанданып, шаһардың архитектуралық келбетіне қан жүгіре бастады.Бүгінгі таңда балалар мен жасөспірімдердің шығармашылық үйінде робототехника, тігіншілік, би, қыш өнері, ойын техникасы сынды үйірмеден бөлек акт залы бар. Қажетті құрал-жабдықтар алынды. Көктемде ғимарат ауласын абаттандыру жұмысы басталады.Атқарылған жұмыстарды көрген аймақ басшысы жастар бас қосатын тағы бір ғимаратты күрделі жөндеуден өткізу керектігі туралы тапсырма берді. Сондай-ақ, қала әкімінің өтінішіне орай шаһардағы мектеп ауласына спорт алаңын салуға байланысты облыстық Білім басқармасының басшысы Нұржан Ахметқалиевке міндет жүктеді.Өңір басшысы сондай-ақ дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы алаңына да барды. Жаңа спорт кешені заманауи стандарттарға сай болады. Сонымен бірге барлық жастағы адамдарға, соның ішінде мүмкіндігі шектеулі азаматтарға да қолжетімді болмақ.Қаланы жылумен қамту мәселелері де әкім назарынан тыс қалған жоқ. №1 қазандық 30 көпқабатты тұрғын үйді жылумен қамтамасыз етеді. Өткен жылы қазандықтағы 4 пешке ағымдағы жөндеу жүргізіліп, 2 ескі пеш ауыстырылды. Сонымен қатар, қосымша 2 пеш орнатылған. Курчатов қаласында 4 қазандық бар. Олар 79 тұрғын үйге, 20 мемлекеттік мекемеге, 24 заңды тұлғаға қызмет көрсетеді.«Бұл нысандардың әрқайсысы Курчатов қаласының дамуында маңызды рөл атқарады. Тұрғындарға спортпен шұғылданып, шығармашылықпен айналысуға мүмкіндік жасауға тиіспіз. Ол үшін жұмысты белгіленген мерзімде аяқтауымыз керек», - деді облыс әкімі.Курчатовта көп жыл қараусыз, бос тұрған көпқабатты үйлер де біртіндеп қалпына келтірілуде. Солардың біріндегі мердігерлік жұмыстарды «Кентавр-Құрылыс» ЖШС атқаруда. Жұмысты аяқтау 2025 жылдың сәуіріне жоспарланған. Қазіргі таңда қала бойынша 2 көпқабатты түрғын үйді қалпына келтіру жұмысы жүруде. Жоспарда тағы 5 үй бар. Баспана кезегінде тұрғандар саны 236 адам. Олардың арасында мемлекеттік қызметкерлер, көпбалалы отбасылар, жетім балалар бар. Аймақ басшысы қалпына келтірілетін үйлердің сапасына ерекше мән беріп, заманауи үлгіде болуына көңіл аудару керектігін айтты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/916344
Қазақстан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында тарихи нәтижеге қол жеткізді 13.01.2025
Алматыдағы «Шымбұлақ» тау-шаңғы курортында фристайлдан (могул, акробатика) жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты мәресіне жетті.Фристайл-могулдан Ұлттық құрама барлық жарыс күні жүлдеге қол жеткізді. Атап айтқанда, әлем біріншілігінің алғашқы күнінде Анастасия Городко жекелей сында 2-орын алса, ертесіне параллель могулда алтыннан алқа тақты. Ал аралас командалық сайыста былтыр IV қысқы жасөспірімдер Олимпиадасына қатысқан Юлия Фиклистова мен Денис Раструба жұбы күміс жүлдегер атанды.Фристайл-акробатикадан жекелей сын еліміз үшін тарихи нәтижемен есте қалды. Ерлер арасында Дінмұхаммед Райымқұл күрделі бағдарламаны сәтті орындап, чемпион атанды. Ол 104.52 ұпаймен екі қытайлық спортшыны (Юч Юнхен, Ян Чжичэн) басып озды. Мұнда әйелдер арасында барлық жүлдені Қытай акробаттары иеленді.Шешуші жарыс күні командалық сайыста Қазақстан-2 командасы (Аделина Өмірзақова, Роман Погосян, Ұланбәкір Өмірзақов) 6-орын алса, Қазақстан-1 (Дінмұхаммед Райымқұл, Ардана Маханова, Асылхан Асан) 7-сатыға табан тіреді. Командалық сайыстың жүлдегерлерін марапаттауға Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Руслан Есеналин қатысты.Жалпыкомандалық есепте могул мен акробатикадан Қазақстан құрамасы 2 алтын, 2 күміс жүлде иеленіп, Қытайдан (2 алтын, 3 күміс, 2 қола) кейін 2-орын алды. Үздік үштікті Жапония (2 алтын, 1 қола) спортшылары түйіндеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/916343
Астана әкімі қоғамдық көліктің жұмысына тоқталды 13.01.2025
Астана әкімі Жеңіс Қасымбек Instagram желісіндегі парақшасында қалалық қоғамдық көліктің жұмысы туралы айтты, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты."Мен ЦТС орталық диспетчерлік қызметінің кеңсесінде болдым. Бұл орталық қаладағы барлық автобустарды бақылайды және бақылайды: ол қоғамдық көліктің жағдайын, оның желіге уақытында келетін-келмейтінін, кептеліс кезінде, көлік қозғалысы кезінде автобустардың жұмысын реттеу қажет пе екенін көреді. қарқындылығы және т.б.Соңғы екі жылда желіге 700-ден астам жаңа автобустар шығарылды, бұл біздің қоғамдық көліктер паркін 45%-ға жаңартуға және жүйені жаңғыртуға мүмкіндік берді, жолаушылар Тасымалдау 26%-ға өсті, Мысалы, 2023 жылы жолаушы тасымалы тәулігіне орташа есеппен 755 мың жолаушыны құраса, 2024 жылы ол 950 мың жолаушыны құрайды. адамдар.Bus Lane-ның енгізілуіне байланысты автобустарды күту уақыты қысқарды, ал көліктің орташа жылдамдығы смарт бағдаршам енгізілген аудандарда көліктің орташа жылдамдығы 16 км/сағ дейін өсті 30 км/сағ дейін ұлғайтылды.Сонымен қатар, бүгін автобустардың тиелуін бақылау бойынша пилоттық жоба таныстырылды. Жолаушыларды бақылауды күшейту үшін жүйе әр автобуста қанша жолаушы барын нақты көреді. Бұл Көліктік бақылау департаментіне сәйкесінше тиімдірек жұмыс істеуге және қашып кетушілерді анықтауды арттыруға, сол арқылы олардың санын азайтуға мүмкіндік береді.Сонымен қатар КТС негізіндегі көлікті басқарудың бірыңғай орталығының тұжырымдамасы ұсынылды. Енді автобустардың жай-күйін нақты уақыт режимінде көретін болсақ, онда бұл жобаны қаланың коммуналдық қызметтерімен де жүзеге асыру жоспарлануда: қанша егін жинау және суару техникасы желіде тұр және т.б.Біз барлық жұмыстарды жалғастырамыз. жоғарыда сипатталған жұмыстар, соның ішінде жол инфрақұрылымын дамыту биыл», - деп жазды елорда әкімі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/916339
«Kazakhanimation» жас көрермендерге үш жаңа жоба ұсынбақ 13.01.2025
«Қазақфильм» жанындағы «Қазақанимация» шығармашылық бірлестігі 13 сериядан тұратын «Тоқаш пен Бақаш» анимациялық жобасын аяқтады. Жоба биыл көрерменге ұсынылады.Сондай-ақ «Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының» қолдауымен қысқаметражды «Үміт әрдайым жанымызда» және толықметражды «Алтын Адам» анимациялық фильмдері жарыққа шығады.2024 жылы қазақ анимациясының классикалық туындылары «Ақсақ құлан», «Ақыл мен байлық», «Қарлығаштың құйрығы неге айыр» заманауи форматта жаңартылды.Сонымен қатар, Голливуд студиялары қазақ тілінде дубляждалған «Ойжұмбақ 2», «Мен жексұрын 4», «Моана 2», «Муфаса: Арыстан патша» және «Жабайы робот» фильмдерін кең прокатқа шығарды.«Кинопоиск» платформасы «Гарфилд» анимациялық фильмін, ал «Bee TV» «Да Винчидің таңғажайып оқиғаларын» қазақ тіліне аударып, онлайн көрсетілімге ұсынды.Биыл «Қазақанимация» аясында 10 жаңа анимациялық жоба мен «Жібек», «Команда А. Миссия Айка» фильмдерінің түсірілімі аяқталады деп жоспарлануда. Сондай-ақ, қазақ киносының алтын қорындағы «Ақ бота» фильмі реставрациядан өтіп, жаңартылмақ.Мемлекеттік қолдауға ие болатын жаңа анимациялық фильмдер ұлттық құндылықтар, ата-анаға құрмет, қазақ ертегілері, достық және спорт тақырыптарына арналады.Қазақ анимациясын дамыту мақсатында биылдан бастап арнайы стратегия әзірленіп, оны жетілдіру жұмыстары жалғасын табады. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/916309
Ішкі істер министрлігі: Қызылордада полицейлер мұнай өнімдерін ұрлаумен айналысқан қылмыстық топты ұстады. 13.01.2025
Қызылорда облысы полиция департаменті ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы прокуратураның үйлестіруімен қаладағы кәсіпорыннан мұнай өнімдерін ұрлаумен айналысқан адамдар тобын ұстады.– Қылмыстық схемаға өндіріс нысанының қызметкерлері мен күзетшілері тартылған. 20-дан астам тінту шаралары жүргізілді. 25 тоннадан астам ұрланған мұнай өнімдері тәркіленді. Күдіктілердің әрекетінен кәсіпорынға келтірілген алдын ала шығын 200 миллион теңгеден асады. Полицияға 12 адам жеткізілді, оның 9-ы уақытша ұстау изоляторына қамалды. Облыстық полиция департаментінің тергеу басқармасы мұнай өнімдерін ұрлау және тиісті құжаттарсыз тасымалдау фактілері бойынша тергеу жүргізуде, – деді ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/qriim/press/news/details/916054
ТҮРКІСТАН: ҚОҒАМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІК БАҚЫЛАУДА 13.01.2025
Түркістан облысының аудан-қалаларында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында 200 бейнебақылау камерасы орнатылды. Бұл камераларды бақылауды Түркістан облысы полиция департаментінің Жедел басқару орталығы жүзеге асырады.Түркістан облысы бойынша Цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының басшысы Марат Айнабеков орталықта болып, оның жұмысымен танысты. Ол бұл жобаның аймақтағы қоғамдық тәртіпті сақтауға және жағдайды бақылауға қосқан үлесі зор екенін атап өтті.Заманауи камералар жоғары ажыратымдылықтағы бейнежазбаларды қамтамасыз етеді және ұзақ қашықтықтан бақылауға мүмкіндік береді, бұл қоғамдық қауіпсіздікті қадағалауға тиімді көмектеседі. Камералар құқық бұзушылықты жедел анықтауға және алдын алуға арналған.Өткен жылдың қазан айында Түркістан облысының Цифрландыру, мемлекеттік қызметтерді көрсету және архивтер басқармасы Облыстық полиция департаментімен бірлесіп бейнебақылау камераларын орнату жұмыстарын бастады. қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қоғамдық орындар. Камералардан алынған бейнежазбалар Жедел басқару орталығына қосылып, тұрақты бақылауда.Бүгінгі таңда Түркістан қаласының адам көп шоғырланатын жерлеріне камералар толығымен орнатылып, жұмыс істеп тұр.Қала әкімінің баспасөз қызметі. Түркістан облысыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/916295
Мектепке дейінгі біліммен қамтуды арттыру үшін елордада қосымша 2200 жолдама бөлінді. 13.01.2025
Ваучерлерді қаржыландыру Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бұйрығымен реттеледі, ол балаларға жолдама беру тәртібін қатаң бақылайды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің сайты. Жеке ваучерді алу принципі өтініш нөмірі ретіне де, оған қоса берілетін құжаттарға да байланысты.2025 жылдың 8-10 қаңтары аралығында қосымша Мектепке дейінгі балаларды қамтуды арттыру үшін 2200 жаңа жолдама бөлінді.Осыған байланысты мектепке дейінгі мекемеге жолдаманы күтіп отырған ата-аналарға мобильді қосымшадағы хабарламаларды мұқият бақылауға кеңес беріледі. Алынған ваучерге қызығушылықты жедел растау мүмкіндігін жіберіп алмау үшін ed24.kz.Айта кететін жайт, сұранысқа ие емес ваучерлер кезекте тұрған басқа тұлғаларға және жауабы жоқ өтініштерге беріледі. ваучер алынды жойылуы мүмкін.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/916286