Enbekshi QazaQ

Қуқық

2024 жылғы су тасқыны: азаматтарға әлеуметтік көмек, үйлер мен инфрақұрылымдар салу және қалпына келтіру 27.12.2024
2024 жылғы су тасқыны елімізде соңғы 80 жылда орын алған ең ірі су тасқыны болды. Мыңдаған адам баспанасыз қалды, апат салдарынан қираған инфрақұрылым ауқымды қалпына келтіру жұмыстарын қажет етті. Алайда, мемлекеттік құрылымдар, гуманитарлық ұйымдар мен жеке сектор арасындағы нақты үйлестіру мен үйлестірілген жұмыс нәтижесінде Үкімет апаттың салдарын барынша азайтып, зардап шеккендерге жедел көмек көрсете алды. Азаматтарға қандай көмек көрсетілдіҮкімет тарапынан 2024 жылғы су тасқыны салдарынан мүлкі зақымданған азаматтарға жан-жақты көмек көрсетілді. Өңірлерде тұрғын үйлер, әлеуметтік нысандар және инфрақұрылым салу және қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді.Мәселен, 36 455 отбасына жалпы сомасы 13,3 млрд теңге, 100 АЕК мөлшерінде біржолғы әлеуметтік көмек көрсетілді. 21 876 отбасына 9,9 млрд теңге көлемінде 150 АЕК-ке дейінгі өтемақы төленді. Биыл төтенше жағдай жарияланған су басқан аймақтарда атаулы әлеуметтік көмек төлеу отбасылардың материалдық жағдайын жергілікті комиссияның тексеруінсіз автоматты түрде ІІІ тоқсанға ұзартылды. Мұндай шешім нәтижесінде 3,6 мың отбасына 655,7 млн теңге көлеміндегі АӘК төлемі тағайындалды.Су тасқынынан зардап шеккен өңірлерде комиссиялар азаматтардың жалғыз баспанасы болған 19 359 су басқан үй мен саяжай құрылыстарын тексерді. Оларды баспанамен қамтамасыз ету мақсатында жылжымайтын мүлік нарығынан 5 767 тұрғын үй сатып алынды. Жөндеу жұмыстары 9 156 үйде 100% аяқталды. Бұл мақсаттарға барлығы 54,7 млрд теңге бөлінді. Сондай-ақ қысқа мерзімде 64 млрд теңгеге халық үшін 2 680 жеке тұрғын үй салынды.Биыл Үкімет резервінен 42,5 млрд теңге бөлінді. Оның 400 млн теңгесі зардап шеккен отбасыларға Қостанай облысының Арқалық қаласынан 31 пәтер сатып алуға бағытталды. 1,4 млрд теңге – Қостанай облысының Арқалық қаласындағы, Амангелді және Жангелді аудандарындағы «Қостанайюжэлектросервис» КМК электр желілерін қалпына келтіру бойынша жөндеу жұмыстарын жүргізуге; 1,1 млрд теңге – Батыс Қазақстан облысындағы жоғары вольтты электр желілерін күрделі жөндеуге; 22,7 млрд теңге – Ақмола, Ақтөбе, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында жол инфрақұрылымын қалпына келтіруге жұмсалды.Сондай-ақ Ақмола, Ақтөбе, Қостанай облыстарында білім беру нысандарын салуға және жөндеу жұмыстарына – 7,5 млрд теңге; Солтүстік Қазақстан облысында инженерлік инфрақұрылым жобасын іске асыруға – 2,9 млрд теңге, атап айтқанда, Универсальная көшесі бойында «РТЖ» ААҚ темір жолдары арқылы өтетін автожол өткелін салуға бөлінді. 600 млн теңге – Ақмола облысында 7 сумен жабдықтау нысанын жөндеуге, 5,9 млрд теңге – Атырау облысындағы жолдарды қалпына келтіруге бағытталды.ШОБ субъектілеріне келтірілген залалды өтеу үшін 12,1 млрд теңге бөлінді. Зардап шеккен кәсіпкерлік субъектілеріне толық төлем жасау мақсатында «Демеу» корпоративтік қорынан Атырау, Батыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстарына 2,5 млрд теңге көлемінде қосымша қаражат бөлу мәселесі пысықталды. Аталған қаражат есебінен ШОБ субъектілерінің 40 өтініші бойынша шығын өтелді. Жалпы, өңірлік комиссиялар 14,6 млрд теңгеге 734 кәсіпкерлік өтінімді мақұлдады. Мал шығыны үшін мемлекет тарапынан көрсетілген көмек көлемі 2,8 млрд теңгеден асты.Апаттан құтқару жұмыстарына 63 мыңнан астам әскери қызметші жұмылдырылдыСу тасқыны нәтижесінде еліміздің көп бөлігі табиғи апатқа ұшырады, оның ауқымын болжау мүмкін емес еді. Жүзден астам елді мекеннің тыныс-тіршілігіне нұқсан келді. Ең қиын жағдай республиканың батыс аймақтарында және солтүстік бөлігінде болды, онда су тасқыны екі кезеңде өтті.Су тасқынының алғашқы күндерінен бастап Төтенше жағдайлар министрлігінің үйлестіруімен Жедел және өңірлік штабтар жұмыс істеді, азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің күштері мен құралдары жұмылдырылды.Ауқымды апатты жою және азаматтарды құтқару үшін күштер мен құралдарды тасымалдау бойынша жедел шешімдер қабылданды. Басты міндет азаматтардың қаза болуына жол бермеу болды. Осыған байланысты, бастапқы кезеңде халықты төтенше жағдайлар аймақтарынан жер үсті және әуе тәсілімен кідіріссіз эвакуациялау жүргізілді.Су тасқыны кезеңінде 120 мыңнан астам азамат құтқарылып, уақытша орналастыру пункттеріне жайғастырылды, оларға барлық қажетті көмек көрсетілді.Су басқан аймақтарға құқық тәртібін қамтамасыз ету және санитарлық-профилактикалық, эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізу үшін қосымша күштер жіберілді.Көлік қатынасынсыз қалған Ақтөбе, Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарының елді мекендерін азық-түлікпен және дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету үшін алғаш рет қалқыма көпірлер қолданылды.Қосымша арнайы инженерлік техника мен тіршілікті қамтамасыз ету заттарына броньды алып тастау жасалды. Бір мезгілде тәулік бойы су тасқынына қарсы және инженерлік жұмыстар жүргізілді.Барлығы 35 млн м3 астам су сорылды, мың шақырымға жуық уақытша қорғаныс бөгеттері мен біліктері тұрғызылды, 7,5 мың шақырымға жуық арықтар мен каналдар тазартылды, 8 млн астам қапшықтар төселді.Жалпы, апаттан құтқару жұмыстарына Төтенше жағдайлар, қорғаныс, ішкі істер министрліктерінің, Ұлттық ұланның, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, Мемлекеттік күзет қызметінің күштері мен құралдары, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар мен бей-жай қарамайтын азаматтар жұмылдырылды.Күштер мен құралдардың жалпы топтамасы 63 мыңнан астам адамды, шамамен 7 мың техниканы, 1 мыңнан астам су айдау құрылғыларын, 418 жүзу құралдарын және 38 әуе кемелерін құрады.Азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің барлық деңгейлерін үйлестіру мен өзара іс-қимылдың арқасында апаттың ауқымының таралуына жол берілмеді және бес жүзден астам елді мекен су тасқынынан қорғалды.Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ТЖМ жанынан бақылау функциялары берілген Төтенше жағдайлардың алдын алу комитеті құрылды.Су қоймаларында 12 млрд м3 астам су жиналдыЖалпы, су тасқыны жағдайы тек жағымсыз салдар әкелген жоқ, сонымен қатар қазіргі уақытта экономика салаларының қажеттіліктері үшін пайдаланылатын су қоймаларында 12 млрд м3 астам су жинауға мүмкіндік берді. Мысалы, егер өткен жылы су қоймаларынан жалпы су жіберу бүкіл су тасқыны кезеңінде шамамен 13 млрд м3 құраса, биыл бір айда су қоймаларынан жалпы су жіберу 36 млрд м3 астам көлемді құрады.Бұл ретте республиканың су шаруашылығы құрылыстары ең жоғары шиеленісті кезеңде суды қабылдауды және қауіпсіз ағызып жіберуді қамтамасыз етті, бұл тасқын суларды соңғы жылдары тапшылық туындаған су нысандарына (көлтабандар, су басқан шалғындар, көлдер) жіберуге мүмкіндік берді. Мәселен, Астана су қоймасын тасқын сумен толтыру 2 млрд теңгеден астам үнемдеуге мүмкіндік берді, осылайша су қоймасын Қ. Сәтбаев атындағы канал арқылы толтыру қажеттілігі жойылды. Сондай-ақ су тасқыны экологиялық жағдайды жақсартуға мүмкіндік берді, тасқын суды көптен бері су бармаған жерлерге бағыттады. Мысалы, Батыс Қазақстан облысының Қамыс-Самар көлдеріне 80 млн м3 тасқын су жетті.Ұлытау облысынан Қызылорда облысына 839 млн м3 су жіберілді. Соның арқасында, су жолын қадағалау тарихында алғаш рет Сарысу өзені арқылы су Қызылорда облысының көл жүйелеріне жетті.Жыл басынан бері Балқаш көліне 12 млрд м3 су, оның ішінде 3,3 млрд м3 су тасқыны кезінде жіберілді, Каспий теңізіне – 7,4 млрд м3.2024 жылдың қыркүйек айының басында жедел деректерге сәйкес, су қоймаларынан ауыл шаруашылығына 8,4 млрд м3 су, өнеркәсіпте 3,7 млрд м3 су пайдаланылды.Сонымен қатар Қарағанды облысында Бұқар жырау ауданының Чкалов және Садовое (Самарқанд су қоймасының төменгі ағысы), Нұра ауданының Байтуған және Тассуат елді мекендеріне жақын Нұра өзенінің учаскелерін санациялау жұмыстары уақтылы орындалды, сондай-ақ Абай ауданының (Жартас су қоймасының төменгі ағысы) елді мекендерінің маңындағы Шерубай-Нұра өзенінің жалпы ұзындығы 68 км болатын учаскелерін санациялау бойынша жасалған жұмыстар секундына 1,2 мың м3 тасқын суды қауіпсіз өткізуді қамтамасыз етті және елді мекендердің су басуына жол бермеді.Болашақта тасқын суды жинауды және қауіпсіз өткізуді қамтамасыз ету үшін көлемі 2,6 млрд м3 болатын 42 жаңа су қоймасын салу, жалпы жобалық көлемі 3,7 млрд м3 болатын 37 су қоймасын реконструкциялау, сондай-ақ шамамен 14,5 мың км болатын ирригациялық каналдарды салу және реконструкциялау жоспарлануда.Бұл іс-шаралар Су саласын дамытудың 2024-2028 жылдарға арналған кешенді жоспарында көзделген.Биыл екі су қоймасының құрылысы (Бәйдібек ата және Қарақуыс Түркістан облысы) және үш су қоймасын реконструкциясы Ақтөбе (Ақтөбе облысы), Қапшағай (Түркістан облысы), Киров (БҚО) басталды.580 мыңнан астам тұрғыны бар 84 елді мекеннің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында зардап шеккен нысандарды салуға, реконструкциялауға, қалпына келтіруге және қорғаныс бөгеттерін нығайтуға бағытталған 56 жобаның тізбесі анықталды.ТЖ кезеңінде оқушыларға білім беру процесін ұйымдастыру жұмыстарыҚауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында су тасқыны кезінде 236 мыңнан астам оқушы оқитын 313 мектеп әкімдіктермен бірлесіп қашықтан оқыту форматына ауыстырылды.Қашықтан оқыту салдарынан пайда болған олқылықтарды толтыру үшін биылғы маусым және тамыз айларында жазғы мектепте оқыту ұйымдастырылды.Ақтөбе, Атырау және Солтүстік Қазақстан облыстарындағы 44 мектепте аралық және қорытынды аттестаттау тоқтатылды, оқушылардың бағалары жылдық көрсеткіштер негізінде қойылды.70 мыңнан астам педагогтың аттестаттаудан өту мерзімдері жазғы кезеңге ауыстырылды. Су басқан өңірлердегі 6 мыңға жуық бала сауықтыру орталықтарында тегін демалыспен қамтылды.Айта кетейік, су тасқыны салдарынан 11 мыңнан астам оқушы білім алатын 40 білім беру нысанына су кірген.Көлік қатынасын қалпына келтіру бойынша бұрын-соңды болмаған шаралар қабылдандыҚазақстандық әуе компаниялары биылғы 11-20 сәуір аралығында Астана, Алматы, Шымкент, Ақтау қалаларындағы бағыттар бойынша Атырау қаласынан жалпы сыйымдылығы 14,2 мыңнан астам орындық 76 қосымша рейсті орындады.Сондай-ақ әуе тасымалдаушылармен 1,1 млрд теңге гуманитарлық көмек бөлініп, 100 тоннадан астам гуманитарлық жүк тасымалданды.Поездардың үздіксіз және қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз ету мақсатында 45 шаюға қарсы поездар құрылып 83 су қоймалары мен бөгеттерге тұрақты мониторинг ұйымдастырылды.Көпірлердің, құбырлардың, дренажды құдықтардың саңылауларын қардан, мұздан және қоқыстан тазарту, таулы және су бұру арықтарын, науалар мен жыраларды ашу бойынша жұмыстар жүргізілді.Халықты эвакуациялау кезеңінде 30 мың жолаушы, оның ішінде «Атырау-Құлсары-Маңғыстау» бағыттары бойынша 12,5 мың жолаушы, Қызылорда, Қарағанды, Алматы, Астана, Ақтау қалалары бағытында 5,5 мың жолаушы тасымалданды, сондай-ақ ҚР ТЖМ, Ұлттық ұлан, жергілікті атқарушы органдар жеке құрамының 10,5 мың адамы және 1,5 мың бала емдеу-сауықтыру орталықтары мен лагерьлерге барды.1,1 мың бірлік ауыр техниканы тасымалдау үшін 700 бірлік теміржол платформасы тегін негізде бөлінді. Қапшағай стансасынан Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан, Ақмола облыстарына қалқыма (құрама) көпірлер жеткізілді.Бұдан басқа, зардап шеккен өңірлерге 10 мың тоннадан астам гуманитарлық көмек (ауыз су, азық-түлік, матрацтар, гигиена заттары, сондай-ақ апаттан құтқару жұмыстарына арналған қиыршық тас және кесек тас) жеткізілді.Су тасқыны салдарынан республикалық жолдар бойынша 122 учаскедегі жол жиектері мен жол төсемі шайылып кеткен болатын.Қалпына келтіру жұмыстарын қаржыландыру толық көлемде қарастырылды және нәтижесінде барлық көлік байланыстары қалпына келтірілді.#Автожолдар #Білім беру #Су тасқыны #ҚұрылысАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/909046
Давид Дегтярев «Үздік» сыйлығының иегері атанды 27.12.2024
Астанада ҚР Туризм және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен жыл сайынғы «Үздік-2024» сыйлығының жеңімпаздарын марапаттау іс-шарасы өтті. Салтанатты жиынға ҚР Парламентінің депутаттары, Олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлері, әлем біріншіліктері мен халықаралық жарыстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері, спорт журналистері қатысты.Жыл қорытындысы бойынша «Үздік» деп танылғандар:Елдос Сметов, Давид Дегтярев (Ақмола облысы) – «Жылдың үздік спортшысы»Ғалымжан Жылгелдиев, Юрий Колесников (Ақмола облысы) – «Жылдың үздік жаттықтырушысы»Ерлан Тасболатов (Родина ауылдық округі, Ақмола облысы Целиноград ауданы) – «Ауылдық жердегі үздік дене шынықтыру және спорт әдіскері». Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/909334
Ақмола облысында сумен қамтамасыз ету бойынша маңызды жобалар аяқталды 27.12.2024
Ақмола облысында ауылдық елді мекендерді сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында су құбыры желілерін салу бойынша жобалар белсенді түрде жүзеге асырылуда. Бірқатар ауылдарда құрылыс жұмыстары аяқталды. Тағы біразы аяқталуға жақын.Атбасар ауданының Магдалиновка және Хрящевка ауылдарында жаңа су құбыры желілерінің құрылысы сәтті аяқталды. Бұл ауылдарда барлығы 402 адам тұрады және бұған дейін орталықтандырылмаған сумен қамтамасыз ету жүйесі себебінен көптеген қиындықтар туындаған болатын.2021 жылдың желтоқсан айында басталған жоба облыс үшін маңызды болып саналады. Бағдарлама аясында 22,4 шақырым жаңа су құбыры желісі салынды, бұл 1976 жылдан бері пайдаланылып келген 1 шақырым ескі құбырды ауыстырды.Әкімдік өкілдерінің мәліметі бойынша, сумен қамтамасыз ету 2024 жылдың соңына дейін іске қосылатын болады.Тағы бір маңызды жоба Сочинское ауылында жүзеге асырылуда, онда 642 адам тұрады. Бұл ауылда 14,9 шақырым су құбыры желісінің құрылысы жоспарлануда.Құрылыс жұмыстарын «САПА ҚҰРЫЛЫС 2007» ЖШС атқаруда. Бүгінгі таңда нысан толығымен дайын, алайда кейбір тұстары бойынша жұмыстар қалды, олардың аяқталуы тұрғындарға 2024 жылдың соңына дейін таза ауыз сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.Жобаға қаржыландыру республикалық және облыстық бюджеттер есебінен жүргізілді.Ақмола облысындағы су құбыры желілерінің құрылысы – ауылдық жерлердегі инфрақұрылымды жақсарту жөніндегі кешенді бағдарламаның бір бөлігі. Мұндай жобалардың іске асырылуы тек су жабдықтау мәселесін шешіп қана қоймай, тұрғындардың өмір сүру деңгейін жалпы түрде жақсартуға да ықпал етеді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/909352
ҰШАҚ АПАТҚА ҰШЫРАҒАН ЖЕРДЕН МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСТЫҚ АУРУХАНАСЫНА 29 ЗАРДАП ШЕККЕН АДАМ ЕМДЕУГЕ ЖАТҚЫЗЫЛДЫ 27.12.2024
Ақтау маңындағы жолаушылар ұшағы апатқа ұшыраған жерден облыстың медициналық мекемелеріне 29 зардап шегуші жеткізілді. Оның ішінде Маңғыстау облыстық ауруханасына 27 зардап шегуші жеткізілді, қабылдау бөлімі деңгейінде сұрыптау жүргізіледі.Жеткізілген жағдайы ауыр 27 адамның 11-і реанимацияға жатқызылады. Облыстық балалар ауруханасына 11 және 16 жастағы 2 бала келіп түсті, операцияға дайындалуда.Жеткізілген 27 адамның жағдайы ауыр 10 адамы реанимацияға жатқызылады. Облыстық балалар ауруханаға 2 бала түсті:Көпбейінді облыстық ауруханаға түскендер бойынша ақпарат:№Т.А.Ә.ЖасыАзаматтық1Асанов Ринат03.11.2004 ж.т.Қырғызстан2Османов Т.20.08.1998 ж.т.Қырғызстан3Джумалиев Е.04.07.1988Ресей4Евстегнеева К.30.07.1990Ресей5Байрамзара А.28.03.2004Әзербайжан6Алиев З.05.06.1998Әзербайжан7Жалелов Н.01.09.1992Әзербайжан8Мамедов З.17.08.1988Ресей9Сираков Н.17.03.1953Әзербайжан10Арысбаева М.06.02.1980Ресей11Асадов С.15.08.1967Әзербайжан12Бисекеева Д.1970 ж.т.Ресей13Караев Н.07.06.1988Әзербайжан14Сейдахматова М.1975 ж.т.Ресей15Кадиров Г.28.05.1978Әзербайжан16Разимли А.20.09.1999Әзербайжан17Эдиев У.15.09.1969Ресей18Белгісізаты Азой Ресей19Джапаров Т.26.04.1992Әзербайжан20Дережиев Т.09.01.1959Әзербайжан21Дирбисиков С.12.30.1986Әзербайжан22Папахов С.30.10.1976Ресей23Кафа Ш.26.01.1981Әзербайжан24Белгісіз Лейла1996 ж.т.Әзербайжан25Рахимов С.30.10.1976Ресей26Белгісіз әйел32 жасбелгісіз27Белгісіз әйел40 жасбелгісіз28Арсбаева М.(бала)13.08.2013Германияда тұрадыазаматтығын білмейді29Джерова С.Х.(бала)22.01.2008Әзербайжан Апат орнына 22 жедел жәрдем бригадасы мен 6 АМО (Апаттар медицинасы орталығы) бригадасы және 4 жеделділік санатындағы 2 бригада жіберілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm/press/news/details/909180
Талдықорғанда алдағы жылдары бірнеше медицина нысаны салынады 27.12.2024
Талдықорған қаласында алдағы жылы медициналық қызмет сапасының қолжетімділігі мен сапасын арттыру үшін бірқатар денсаулық сақтау нысаны іске қосылады. Атап айтқанда, 200 орынды онкологиялық диспансердің құрылысы басталады. Сол сияқты Оңтүстік-Батыс ауданда салынып бітпеген ғимарат бір ауысымда 500 адам қабылдай алатын емхана ретінде қайта жаңғыртылады. Ал Өтенай ауылында 100 адамдық дәрігерлік амбулаторияның құрылысы жүргізіліп, келесі жылы аяқталады. Бұл туралы бүгін Талдықорған қаласының халқымен кездесуі кезінде облыс әкімі Бейбіт Исабаев айтты, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.- Келесі жылы Талдықорғанда 200 орынды жаңа онкологиялық диспансердің құрылысы басталады, маусым айында әкімдік, Денсаулық сақтау министрлігі және инвестор – «Қазақмыс» корпорациясы арасында үшжақты меморандумға қол қойылды. Құны - 30 млрд. теңге. Президенттің қолдауының арқасында қаланың Оңтүстік-Батыс ауданындағы ғимаратқа бір ауысымда 500 келушіге арналған емхана ретінде қайта жаңғырту жүргізіледі. Құрылыс-монтаж жұмыстары келесі жылы басталады. Сондай-ақ көпсалалы облыстық балалар ауруханасының сейсмикалық күшейтуімен бірге қалпына келтіру жұмыстарының жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленіп жатыр. Сонымен қатар биылғы жылы қаланың медициналық ұйымдары үшін 2,8 млрд. теңге сомасына 97 құрал-жабдық және 4 санитарлық автокөлік сатып алынды, - деп атап өтті Б.Исабаев.Сондай-ақ медицина кадрларының жетіспеушілігі мәселесі де шешілуде. Облыс орталығында 87 дәрігер жетіспейді. Дәрігерлерді тарту үшін биылдан әрбір маманға 5 млн. теңге мөлшерінде біржолғы төлемдер беріле бастады. Талдықорғанға келген 36 дәрігерге осындай төлемақы берілген.Білім беру саласына келсек, биыл облыс орталығында 2 мемлекеттік және жекеменшік мектеп, 3 жекеменшік балабақша, Ынтымақ ауылындағы мектепте шағын орталық ашылды.Мәдениет және спорт салалары да назардан тыс қалған жоқ. Еркін ауылында мәдениет үйі құрылысының ЖСҚ-сы әзірленді, құрылыс-монтаж жұмыстары келесі жылы басталады.Сонымен қатар биыл Талдықорғанда волейбол орталығы, сондай-ақ инвесторлар есебінен салынған «Жетісу» КВК тұрғын үйі және Үстел теннисі орталығы іске қосылды. Орталық стадион жаңғыртудан өтті. Келесі жылы көркем гимнастикамен айналысу үшін жеке ғимарат салу жоспарда бар.Жалпы, қаланың инфрақұрылымдық, әлеуметтік нысандарын салуға, реконструкциялауға және жобалау жұмыстарына 2022-2024 жылдары облыстық бюджеттен 101,5 млрд. теңге бөлінген. Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.Фотографтар: Жеңіс Ысқабай, Дмитрий Ерофеев, Олжас ҚұрмашевАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-oblysy/press/news/details/909399
Жамбыл облысы әкімі аппараты әлеуметтік даму бөлімінің басшысы лауазымына Өңірлік кадр резервінің мүшесі тағайындалды 27.12.2024
Өңірлік кадр резервінің мүшесі Ақайби Жалелұлы Әбдіразақ Жамбыл облысы әкімі аппараты әлеуметтік даму бөлімінің басшысы лауазымына конкурс өткізілместен тағайындалды.Ақайби Жалелұлы 1993 жылы Талас ауданында дүниеге келген. Білімі жоғары. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін «есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету», Ш.Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университетін «мемлекеттік және жергілікті басқару» және «экономика» мамандығы бойынша бітірген.2013-2016 жылдары аралығында түрлі ЖШС-да еңбек етті.2017-2022 жылдары Жамбыл облысы әкімі аппараты ақпараттық технологияларды дамыту бөлімінің бас инспекторы лауазымында жұмыс істеді.2022 жылдан бастап бүгінге дейін Жамбыл облысы әкімдігінің цифрландыру және архивтер басқармасының бөлім басшысы қызметін атқарып келді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl/press/news/details/909594
Ұшақ апатынан зардап шеккендер туралы ақпарат 27.12.2024
Ақтауда орын алған апаттық жағдайға байланысты облыс әкімінің басшылығымен жедел штаб құрылды. Зардап шеккендерге қажетті жағдай жасалуда. Дәрі -дәрмек жеткілкті.Маңғыстау облыстық көпсалалы ауруханасы 30 хирургиялық және травматологиялық төсекті, сондай-ақ 10 реанимациялық төсекті дайындады. Облыстық балалар ауруханасы 20 төсекті және 10 реанимациялық төсекті әзірледі. Бұдан бөлек, жеке клиникаларда қосымша төсектер дайын.Барлығы 60 хирургиялық, травматологиялық және соматикалық төсек және 26 реанимациялық төсек дайындалды.Жалпы 29 адам зардап шеккен. Маңғыстау облыстық көпсалалы ауруханасына 27 адам жеткізілді. Қабылдау бөлімінде сұрыптау жүргізілуде. 27 зардап шеккендердің 11-і ауыр жағдайда, олар реанимацияға жатқызылды. Ал екі бала облыстық балалар ауруханасына жеткізілді.Оқиға орнында жедел жәрдем бригадасы 4 адамның қайтыс болғанын растады. Қалған жолаушылар бойынша апат орнында іздестіру жұмыстары жалғасуда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau/press/news/details/909336
Ақтауға Әзербайжан республикасынан комиссия келді 27.12.2024
25 желтоқсан күні Ақтау маңында орын алған ұшақ апатына байланысты Маңғыстау облысына Әзербайжан республикасынан арнайы құрылған комиссия келді. Делегацияны Әзербайжанның Төтенше жағдайлар министрі бастап келді.Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай мен Әзербайжан үкіметінің өкілдері құтқару операциясы аясында жасалатын тиісті шараларды пысықтады. Облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбай зардап шеккен азаматтарға қажетті көмектердің көрсетіліп жатқанын айтты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau/press/news/details/909363
Оқиға орнына Қазақстан ТЖМ басшысы келді 27.12.2024
Azerbaijan Airlines авиакомпаниясының деректері бойынша бортта 5 экипаж мүшесін қоса алғанда 67 адам болған. Жолаушылардың арасында: 6 Қазақстан азаматы, 42 Әзірбайжан азаматы, 3 Қырғызстан азаматы, 16 Ресей азаматы, 1 адамның азаматтығы анықталуда. Оқиға салдарынан 29 адам, оның ішінде 2 бала ауруханаға жатқызылды. Оның ішінде 15 Әзірбайжан азаматы, 9 Ресей азаматы, 2 Қырғызстан азаматы, 3 адамның азаматтығы анықталуда. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Қанат Бозымбаев, Қазақстан Республикасының ТЖ министрі Шыңғыс Әрінов, Қазақстан Республикасының Көлік министрі Марат Қарабаев және Қазақстан Республикасының ТЖ вице-министрі Кеген Тұрсынбаев, сондай-ақ үкіметтік комиссия мүшелері ТЖ орнына келді. Сонымен қатар Әзірбайжан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі генерал-полковник Кямаладдин Фаттах оглы Гейдаров ТЖ орнында. Жедел байланыс үшін Астана қаласындағы Командалық орталықта және Маңғыстау облысының ТЖД-да жедел желі телефондары жұмыс істейді. Жедел желі нөмірлері: 8-7172-55-96-21 8-7172-55-96-83 8-7292-31-90-91 Оған 571 өтініш түсті. Түпқараған ауданы әкімдігінің өкімімен жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай режимі жарияланды. Оқиға салдарын жоюға 482 адам, 97 бірлік техника, 2 әуе кемесі және 4 кинологиялық есеп жұмылдырылды. Жұмыстарға Төтенше жағдайлар, Ішкі істер, қорғаныс министрліктерінің, Ұлттық ұланның, мемлекеттік емес өртке қарсы қызметінің, мемлекеттік атқарушы органның, Апаттар медицинасы орталығының, жедел медициналық көмек бригадасының және жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері тартылды. ТЖМ кинологиялық қызметі іздеу жұмыстарын жүргізуде. Қазақстан, Ресей және Әзірбайжан ТЖМ бейнеконференцбайланыс режимінде үйлестіру жұмыстарын жүргізіп, ақпарат алмасуда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/909587
БІР КҮНДЕ 73 ҰЛЫТАУЛЫҚ ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ 27.12.2024
Пәтер кілттері Сәтбаев қаласының әлеуметтік осал топтағы, ата-ана қарауынсыз өскен, аз қамтылған, толық емес отбасының 25 азаматына берілсе, Жаңаарқа ауданындағы 48 көпбалалы анаға бұйырды. Осылайша, жыл басынан бері бүгінге дейін Ұлытау облысында 216 шаңырақ қоныс тойын тойлап үлгерді. Пәтер кілттерін қуаныш иелеріне аймақтардың жергілікті әкімдері табыс етті. Айта кетейік, қазіргі уақытта облыста 6000-нан астам азамат баспана кезегінде тіркеулі. Өңір бойынша қазіргі таңда 29 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы жүргізіліп жатыр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ulytau/press/news/details/909449
Қарқаралы ауданында Түндік өзені арқылы аспалы жаяу жүргіншілер көпірі орнатылды 27.12.2024
Тәттімбет ауылдық округінің Ақтасты ауылында Түндік өзені арқылы өтетін жаңа аспалы көпір орнатылды. Ол елді мекеннің қақ ортасымен ағып, бұрын ауылдың бір бөлігінен екінші бөлігіне жетуді қиындатқан болатын.Қыста Ақтасты ауылының тұрғындары өзенді мұз үстімен өтуге мәжбүр болды. Алайда ауа-райы жылы болғанда, бұл қауіпті болатын. Көктемде судың тасуына байланысты өзеннен өту үлкен қиындық тудыратын.Бұл мәселені шешу үшін аудандық бюджеттен ақша бөлінді. Бұл қаражатқа жаяу жүргіншілерге арналған аспалы көпір салынды. Оны жергілікті кәсіпкер Мейірлан Бейсембаев салған.– Біз ауылдың ең өзекті мәселелерінің бірін оңтайлы шешіп жатқанымызға қуаныштымыз. Ең бастысы – қауіпсіздік мәселесі. Енді балалар мұздың үстімен жүрмей, өзеннен көпір арқылы өте алады. Ауыл тұрғындарының игілігіне бағытталған бұл жоба баршамыз үшін өте маңызды, – деп атап өтті ауыл тұрғыны Салтанат Қалымжанова.Ауыл ардагерлері кеңесінің төрағасы Серік Саркенов аудан әкімшілігіне өзекті мәселені шешкені үшін алғысын білдірді.– Бұл мәселе көп жылдар бойы ауыл тұрғындарын алаңдатып келеді. Ауыл тұрғындары биыл осы күрделі мәселені шешкеніне өте қуанышты. Енді ауыл ішінде, әсіресе көктемгі қар еріген кезеңде қозғалу әлдеқайда жеңіл болады, – дейді ақсақал.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/909117
Қарағандыда тағы екі жайлы мектептің құрылысы аяқталды 27.12.2024
Қарағандыда 24 және 28 нөмірлерімен екі жаңа мектеп қосылды. Қазіргі заманғы оқу орындары "жайлы мектептер"ұлттық жобасы бойынша салынды. Оларда балаларды оқытуға барлық жағдай жасалған.Нысандарға Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев және "Samruk-KazynaConstruction" АҚ Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Ғабит Малғаздаров келді.Көк тоғандардағы, "Томирис" ТК ауданындағы 1200 орындық жаңа мектеп. Ол сыныптары толып жатқан жақын маңдағы 77-ші мектепті түсіреді.Оқу орны заманауи жабдықтармен және эргономикалық жиһаздармен жабдықталған. Кіші және жоғары сынып оқушылары үшін бөлек блоктар қарастырылған. Инклюзивті орта үшін қажет нәрсенің бәрі қамтамасыз етілген.Ғимараттың бірінші қабатында екі спорт залы бар. Кең асхана жабдықталған.Балаларды дамытуға арналған кітапхана, оқу залы, коворкинг аймағы, зертханалар, шеберханалар және т.б. бар.Оқыту қазақ тілінде жүргізіледі.№ 24 ЖББМ директорының міндетін атқарушы Қанат Бектеміров мектептің ашылуына 30 сыныпты жасақтау жоспарланғанын айтты. Балаларды оқыту үшін 60 кабинет бөлінген. Қосымша білім беру үшін тағы 10 бөлінді.Ермағанбет Бөлекпаев оқушылардың қауіпсіздігі басымдыққа ие екенін атап өтті. Ол жаңа мектепке көлік тұрағы бар ыңғайлы кіреберісті қамтамасыз етуді, қоршау жасауды және аумақты абаттандыруды тапсырды.- Мемлекет басшысының тікелей тапсырмасы бойынша бастамашылық жасалған "жайлы мектеп" жобасы апатты мектептерді жоюға, оқушы орындарының тапшылығын еңсеруге және жайлы білім беру процесін қамтамасыз етуге бағытталған. Бірінші қыркүйекте біз аймақтағы алғашқы жайлы мектепті аштық. Облыс орталығында тағы екеуі қосылды. Жаңа нысандардың құрылысы жалғасуда, - деді Ермағанбет Бөлекпаев.Оңтүстік-Шығыста, "Гүлдер" шағынауданында қазақ тілінде оқытатын жаңа жайлы мектеп 300 орынға есептелген.Ашылғаннан кейін көршілес орналасқан мектеп-лицей түсіріледі. С. Алтынсарин.Жобаны іске асыруда отандық экономиканы қолдауға және жаңа жұмыс орындарын құруға ықпал ететін жергілікті тауар өндірушілерге басымдық беріледі. Нысандарды салу кезінде 30 қарағандылық кәсіпорынның құрылыс материалдары пайдаланылды.Мысалы, көгілдір тоғандардағы жайлы мектептің құрылысы мен жабдықталуына 10 жергілікті тауар өндіруші жұмылдырылды. Олар бетон, еден плиталары, дәнекерленген тор, витраждар, желдету жабдықтары, есік блоктары, шамдар сияқты өнімдерді жеткізді.Сондай-ақ, Қарағанды өндірісінің жиһаздары, терезелері мен жылыту аспаптары пайдаланылды.Естеріңізге сала кетейік, Қарағанды облысында "жайлы мектептер" ұлттық жобасы бойынша Балқаш, Абай, Приозерск, Бұқар Жырау, Шет, Қарқаралы, Нұра аудандарында заманауи оқу орындары ашылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/909353
Алматы Мәслихаты құрылысқа қатаң шектеулер қоятын жаңа құрылыс ережелерін бекітті 27.12.2024
Алматыда Мәслихаттың кезектен тыс сессиясында депутаттар қаланың жаңа құрылысы ережелерін бекітті. Бұл ережелер нүктелі құрылысқа, тау бөктерлерінің, жасыл аймақтар мен аулалардың игерілуіне жол бермеу мақсатында әкімдік тарапынан әзірленген. Бұған дейін құжат сарапшылармен және жұртшылықпен кеңінен талқыланған болатын. Мәслихат депутаттарының алдында сөз сөйлеген Қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасының басшысы Нұрлан Боранбаев жаңа ережелер құрылысқа қатаң шектеулер енгізуді, көппәтерлі тұрғын үйлерді қабылдауда мемлекеттік органдардың бақылауын күшейтуді, сондай-ақ сәулет-құрылыс бақылау органдарының функцияларын кеңейтуді қарастыратынын атап өтті. Жаңа ережелер қандай шектеулерді көздейді?Абай даңғылы мен Әл-Фараби даңғылы арасындағы құрылысқа биіктік шектеуі белгіленді: барлық үлгідегі ғимараттардың биіктігі 9 қабаттан және 35 метрден аспауға тиіс. Ерекшелік тек қоғамдық маңызы бар, сәулет-урбанистикалық негіздемесі бар, жобалық шешімдердің орнықтылығы мен экологиялық талаптарға сай, энергия үнемдеу және ресурс үнемдеу технологияларын қолдану арқылы салынатын бірегей нысандарға ғана жасалады. Сондай-ақ, жаңа ережелер сейсмикалық қауіпті аймақтар мен тау бөктерлеріндегі ШААЖ, әл-Фараби даңғылы, Саин мен Жандосов көшелерінің оңтүстігіндегі құрылыс тәртібін реттейді:- Тау бөктеріндегі, соның ішінде еңіс бұрышы 15 градустан асатын аумақтарда құрылыс салуға тыйым салынады;- Бұрын қабылданған ғимараттардың биіктігі 12 метрден және 3 қабаттан аспауға тиіс деген шешім бекітілді (қоғамдық-мәдени нысандардан басқа);- Қайта құру кезінде террасалар мен техникалық қабаттарды қайта жабдықтауға тыйым салынады.Бұған қоса, қаланың барлық аумағында III санаттан төмен емес тұрғын үй салу талабы бекітіледі және әр пәтерге кемінде 1 автотұрақ орнын қарастыру қажет. Нүктелі құрылысқа жол бермеу және рекреациялық аймақтарды сақтау жөніндегі шаралар Алматыда тұрғын кварталдар мен аулаларда нүктелі құрылыстың салыну мәселесі өзекті болып отыр. Бұрын заңнамалық тұрғыда жасыл аймақтар мен ауладағы балалар алаңшаларында құрылыс салуға тыйым болмаған жағдайда, жаңа ережелерде мұндай құрылысқа қатаң тыйым салынады.Сонымен қатар, қаланың орталық магистральдарында, әлеуметтік нысандар мен адамдар көп жиналатын орындардың маңында жанармай құю бекеттері мен техникалық қызмет көрсету орталықтарын салуға тыйым салынады.Табиғи қорларды және аулалық рекреациялық аймақтарды сақтау мақсатында құрылыс аумағын кеңейту үшін табиғи ландшафтты өзгертуге, тау бөктерлеріндегі жыралар мен жылғаларды жабуға, тау бөктерін кесуге тыйым салынады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/908946
Мәслихат депутаттары Алматының жаңа Қала құрылысы регламентін бекітті 27.12.2024
Алматыда VIII шақырылған Мәслихаттың кезектен тыс сессиясы өтті, оның барысында депутаттар жаңа Қала құрылысы регламентін бекітті. Қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасының басшысы Нұрлан Боранбаев өз сөзінде атап өткендей, жаңа Қала құрылысы регламенті Алматының 2040 жылға дейінгі Бас жоспарын іске асыру аясында әзірленді. «Қала регламенті аумақты аймақтарға бөлу, инфрақұрылым объектілерін салу және орналастыру қағидаттарын, сондай-ақ қала құрылысының басқа да аспектілерін айқындайды. Ол қаланың дамуын реттеудің негізгі құралы болып табылады және Бас жоспар негізінде әзірленеді әрі оның сипаттамалық бөлігі болып табылады», - деп атап өтті ол. Мәселен, алдыңғы Қала құрылысы регламенті 2006 жылы қабылданды және Алматының қазіргі даму үрдістеріне сәйкес келмейді. Жаңа құжат мегаполистің полиорталық ретінде дамуына ықпал етеді және Бас жоспарға сәйкес тұрғындар үшін жайлы өмір сүру ортасын қамтамасыз етеді.Әзірленген Қала құрылысы регламенті жаңалықтарының бірі-экологиялық жағдайды және қалалық климаттың жайлылығын жақсартуға бағытталған санитарлық-қорғау аймақтары мен жел аудандастыру сияқты реттеу карталары.«Мұндай аймақтар алғаш рет әзірленді. Мысалы, жел аудандастыру картасы меридиандық көшелерді желдеткіш дәліздер ретінде пайдалануға, яғни қаланы жақсы аэрациялау үшін үйлерді дұрыс бағдарлауға мүмкіндік береді», - деп атап өтті Басқармадағылар.Жалпы, жаңа құжатта бизнесті ынталандыру үшін жер учаскелерін пайдаланудың өзгергіштігі артты, бұл жаңа жұмыс орындарын ашады және жұмыспен қамтуды орталықсыздандыру арқылы қалада көлік жүктемесін де азайтады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/909472
Алматыда көппәтерлі үйлердің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған ең төменгі тариф бекітілді 27.12.2024
Алматы Мәслихатының VIII шақырылымының XXVI кезектен тыс сессиясында депутаттар көппәтерлі үйлердің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған ең төменгі тарифті бекітті. Сессия барысында 14 жылдан астам уақыт қаралмаған тарифтік саясатты жаңарту мәселесі талқыланды.Көппәтерлі үйлердің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған бір жылдық ең төменгі тариф Алматыда алғаш рет 2010 жылы әкімдік қаулысымен бекітіліп, 1 шаршы метр үшін 25 теңге болған. Оның қолданылу мерзімі 1 жылмен шектелген болатын. Алайда содан бері құрылыс материалдарының қымбаттауы, қызметкерлердің жалақысының өсуі және тұрғын үй қызметінің сапасына қойылатын талаптардың артуы сынды экономикалық жағдай айтарлықтай өзгерді.Сессия барысында Алматы қаласының Коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасының басшысы Дулат Әшкенов биыл жұмыс тобы кондоминиум нысанын басқару және ортақ мүлікті күтіп-ұстау тарифін есептеу үшін арнайы әдістемеге сәйкес есептеулер жүргізгенін атап өтті.Тұрғын үйді күтіп-ұстауға арналған ең төменгі тарифтің ұлғаюына байланысты әлеуметтік осал топтарды қолдау мақсатында Алматы қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы мәслихат шешімінің жобасын әзірледі. Қазір мақұлдау кезеңінде тұрған бұл жоба әлеуметтік осал топтарға жататын тұрғын үй иелеріне қосымша әлеуметтік көмек көрсетуді көздейді.Көппәтерлі тұрғын үйлерді басқаруға арналған шығындарды есептеу әдістемесіне енгізілген міндетті қызметтер тізіміне басқару қызметі (үлесі 30%-дан аспайды) және қызмет көрсету қызметі (үлесі кемінде 70%) кіреді.Жаңа ең төменгі тарифтерді қабылдау мен қосымша әлеуметтік қолдау шараларын әзірлеу азаматтардың өмір сүру жағдайларын жақсартуға және көппәтерлі үйлерге көрсетілетін қызмет сапасын арттыруға бағытталған.Тұрғын үйді басқару мен күтіп-ұстаудың заманауи стандарттарын енгізу қажетті жұмыстарды уақытылы жүргізуге, үйлердің санитарлық және техникалық жағдайын жақсартуға, сондай-ақ қаржының тиімді әрі ашық пайдаланылуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/909481
ХӘОТ санатындағы алматылықтарға тұрғын үйді ұстауға жұмсалатын шығындардың артуы өтеледі 27.12.2024
Алматы мәслихаты 14 жылда алғаш рет тұрғын үйді ұстауға арналған шығыстарға (ӨЖС) ең төменгі тарифті қайта қарады.Алматы қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының хабарлауынша, 2025 жылдың қаңтар айынан бастап ӨЖС тарифінің көтерілуіне байланысты қосымша әлеуметтік көмек көрсетуге бағытталған қала мәслихаты шешімінің жобасы әзірленуде.Осы қызметті алушылар болып табылатын халықтың әлеуметтік осал топтарының ішінен тұрғын үй иелеріне көмек көрсетілетін болады, оларда ӨЖС тарифі 1 ш. м. үшін 40 теңгеден төмен болды.Өтемақы мөлшері 0,2 АЕК болады деп болжануда. Қазір жоба келісу сатысында.Айта кетейік, Алматы әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасы бойынша 2023 жылдың 1 шілдесінен бастап халықтың әлеуметтік осал топтары санатындағы азаматтарға коммуналдық қызметтерге тарифтердің 0,8 АЕК мөлшерінде өсуіне байланысты әлеуметтік көмек төленеді.Естеріңізге сала кетейік, тарифтерді көтеру мәселесін қала тұрғындары қолдады. Бұған дейін үй иелері кооперативтерінің қауымдастығы 2010 жылдан бері өзгермеген бұрынғы тарифтердің ставкалары үйлерге, әсіресе ескі тұрғын үй қорына және тұрғындарға жайлылық деңгейіне сәйкес қызмет көрсетпегенін атап өтті. Бұл бекіту арматурасы (өткен жылы 30% өсім) сияқты құрылыс материалдары бағасының өсуін, сондай-ақ оқшаулау мен бояу сияқты басқа да керек-жарақтарды ескере отырып, үйлерді қажетті жөндеу және техникалық қызмет көрсету үшін жеткіліксіз болды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/909489
Алматыда мәслихаттардың құрылғанына 30 жыл толу құрметіне ғылыми - практикалық конференция өтті 27.12.2024
Алматыда «Мәслихаттарға 30 жыл: Алматы мәслихатының қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуындағы рөлі» атты ғылыми-практикалық конференция өтті. Іс-шараға Алматы әкімі Ерболат Досаев, Сенат пен Алматы мәслихатының депутаттары, мәслихаттың экс-хатшылары, қоғам және саяси қайраткерлер қатысты.Қала басшысы өткен үш онжылдықта мәслихаттардың рөлі айтарлықтай артқанын атап өтті. 2022 жылы Мемлекет басшысының бастамасымен ең маңызды саяси реформалардың бірі жүргізілді. Республикалық референдум қорытындысы бойынша Конституцияға түзетулер қабылданды, онда биліктің барлық тармақтарының, оның ішінде жергілікті өкілетті органдардың қызметін жетілдіру жөніндегі нақты шаралар белгіленді. 2023 жылы Алматы мәслихатына сайлау алғаш рет жаңа ережелер бойынша өтті. Депутаттық корпус 67% - ға жаңарды және аралас қағидат бойынша 50% - партиялық тізімдер бойынша, 50% - өзін-өзі ұсынушылар бойынша құрылды.«2022 жылдан бастап біз Алматының барлық саладағы жүйелі дамуын анықтайтын 20-дан астам стратегиялық құжаттарды қабылдадық. Бұл қала аумағын абаттандыру, жасыл желектерді күтіп ұстау және қорғау қағидалары, «Алматы қаласының 2030 жылға дейінгі алғашқы медициналық-санитарлық көмектің бірыңғай стандарты» бағдарламасы, 2030 жылға дейінгі тұрғын үйді қайта жаңарту бағдарламасы, құрылыс салу қағидалары, Қалақұрылысы регламенті және басқа да құжаттар. Бұл маңызды бастамалар-тұрақты комиссияларда және мәслихаттың депутаттық фракцияларымен бірлескен белсенді жұмыстың нәтижесі», - деді Ерболат Досаев.Қала әкімі алдағы жылдары Алматыны жайлы қалалық ортаға, әлемнің түкпір-түкпірінен инвестициялар мен таланттар кеңінен тартылатын әрі дамудың жоғары деңгейі бар ең заманауи мегаполистердің біріне айналдыру және терең трансформациялау бойынша маңызды міндеттер тұрғанын айтты.Сөзінің соңында Алматы әкімі депутаттарды құттықтап, оларға алғыс хаттарды тапсырды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/909525
Вице - министр Әлібек Жамауов Солтүстік Қазақстан облысының тұрғындарымен кездесті 27.12.2024
Бүгін Энергетика вице-министрі Әлібек Жамауов Солтүстік Қазақстан облысының тұрғындарымен кездесу өткізіп, облыстың отын-энергетика кешеніндегі ағымдағы жағдайына тоқталып өтті.Солтүстік Қазақстан облысында электр және жылу энергиясының жалғыз көзі Петропавл Жылу электр орталығы болып табылады. Станцияның қолда бар электр қуаты 391,8 МВт, жылу қуаты – 713 Гкал/сағ. Және физикалық тозуы 55,7 %-ды құрайды.Бүгінгі таңда өңірде электр энергиясын өндіру көлемі сағатына 2,236 млрд.кВт-ты құрады. Бұл ретте тұтыну сағатына 1,675 млрд.кВт-ты құрайды.Сонымен қатар, өңірді газдарыру бойынша вице-министрдің айтуынша, 2022 жылғы маусымда «АстанаГаз ҚМГ» акционерлік қоғамы құны 188,5 млрд теңге болатын Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарын газдандыруды көздейтін «Сарыарқа» 2,3-кезеңінің құрылысы бойынша техникалық экономикалық негіздеме әзірленді. Жобаны іске асыру «Бейнеу – Бозой – Шымкент» магистралдық газ құбырының 2-ші желісін салғаннан кейін мүмкін болады.Өзекті мәселелрдің бірі болып табылатын сұйытылған мұнай газымен және жанар-жағармай материалдарымен қамтамасыз ету бойынша Әлібек Жамауов бүгінгі таңда өңірде бұл материалдардың тапшылығы байқалмайтынын атап өтті.Облыста АИ-92 маркалы бензиннің – 6,69 мың тонна (27 күн), АИ-95-тің – 0,90 мың тонна (17 күн), дизель отынының – 6,17 мың тонна (9күн) қорлары бар. Облыс бойынша АИ-92 маркалы бензиннің орташа бағасы литріне 204 тг, АИ-95 – литріне 255 тг, дизель отыны литріне 294 тг құрайды.Жанар-жағармай материалдарын сату кезінде тапшылық пен алыпсатарлыққа жол бермеу мақсатында қалалар мен аудандардың әкімдіктері автожанар май құю станцияларына қатысты рейдтік іс-шаралар жүргізуде. Жанар-жағармай материалдарын жеткізуде үзілістер байқалмайды. Толықтыру жеткізу шарттарына сәйкес тұрақты түрде жүзеге асырылады.Облыс өңірлерінің жанар-жағармай материалдарын және сұйытылған мұнай газымен қамтамасыз ету және шекті бағаларды сақтау жөніндегі жұмыс Министрліктің тұрақты бақылауында.Сонымен қатар, есептік кездесуден кейін вице-министр азаматтарды жеке қабылдады, оның аясында тұрғындар өздерін қызықтырған сұрақтарға толық жауап ала алды.Кездесуден кейін вице-министр Петропавл қаласындағы ЖЭО-2-де болып, жылу беру кезеңінің барысымен танысты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/energo/press/news/details/909447
Мемлекеттік ұлттық табиғи саябақтар мен «Жасыл даму» АҚ ынтымақтастығы 27.12.2024
«Көлсай көлдері» және «Шарын» Мемлекеттік ұлттық табиғи саябақтарының (бұдан әрі – МҰТС) аумағында қатты-тұрмыстық қалдықтарды (бұдан әрі – ҚТҚ) бөлек жинауға арналған жобасы «Жасыл даму» АҚ іске асырды.Бұл жобаның негізгі мақсаты - халықтың экологиялық мәдениетін арттыру, саяхатшылар арасында «айналаны таза ұстау» тұжырымдамасын қалыптастыру, қоршаған ортамен қатынаста зиянды әрекетерге жол бермеу.Жоба ҚТҚ бөлек жинауға және халықтың қоршаған ортаға жанашырлығын қалыптастыруға бағытталған тұжырымдамаға сәйкес іске асырылды. Қатты тұрмыстық қалдықтарды дұрыс жинау және кәдеге жарату жөнінде МҰТС қызметкерлері мен келушілерге оқу-ағарту шаралары жүргізілді.Осыған байланысты, МҰТС-да ҚТҚ бөлек жинауға арналған 34 контейнер және 3 фандомат орнатылды.Сонымен қатар, экологиялық мәдениетті арттыру мақсатында қалдықтарды бөлек жинауға үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді, ақпараттық баннерлер орналастырылды, тиісті анимациялық бейнероликтер көрсетілді. МҰТС саяхатшыларын қалдықтарды жинауға атсалысуына мүмкіндік беру үшін көлемі 20 литрден кем емес 200 мың данадан асатын биологиялық пакеттер ұсынылды.Қалдықтарды бөлек жинауға арналған контейнерлер жоба тұжырымдамасына сәйкес тек МҰТС-ның кіру/шығу аймағында орналасқан. Оның себебі, саяхатшы саябаққа кірген кезде биологиялық пакет беріледі, кейін ол саяхаттау барысында пайда болған қалдықтарды жинап, саябақтан шыққан кезде әр тараптарға бөліп, арнайы орнатылған контейнерлерге тастайды. Саябақтар аумағында пластикалық бөтелкелерді қабылдауға арналған фандоматтар орнатылған. Бұл қалдықтарды дұрыс сұрыптап қана қоймай, дүкендерден жеңілдік бонустар алуға болады. Аталған тәсіл табиғи мұраны сақтауға әр адамның жауапкершілігін арттыруға бағытталған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/909278
Экология және табиғи ресурстар министрлігінің брифингі 27.12.2024
Бүгін Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі «Қазгидромет» РМК баспасөз орталығында бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері үшін брифинг өткізді.Өз сөзінде ҚР ЭТРМ Экологиялық реттеу және бақылау комитеті төрағасының орынбасары А. Абдуалиев республикадағы экологиялық жағдай туралы хабардар етті.Журналистер тарапынан Экологиялық кодекс талаптарын сақтау, кәсіпорындарда мониторингтің автоматтандырылған жүйесін енгізу, экологиялық бұзушылықтар, айыппұлдар және т. б. сұрақтар келіп түсті.А. Абдуалиев қоршаған ортаның ластануына және экологияны сақтау жөніндегі экологиялық құқық бұзушылықтарға «нөлдік төзімділік» мәдениетін сіңіру мәселесіне толығырақ тоқталды.ҚР ЭТРМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының орынбасары А.Ким өз баяндамасында сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген жануарлар түрлерінің сақталғаны туралы баяндады.Сондай-ақ, брифинг барысында журналистер ҚР «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» Заңын іске асыру бойынша, атап айтқанда өтпелі ережелер бойынша, контактілі зоопарк қызметіне тыйым салу және жануарлар иелерінің жауапкершілігі туралы сұрақтарға жауап ала алды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/909331