Enbekshi QazaQ

Қуқық

ТҮРКІСТАНДА «ӨНЕРЛІ ӨЛКЕ» ОБЛЫСТЫҚ ӨНЕР ФЕСТИВАЛІНІҢ ЖЕҢІМПАЗЫ МЕН ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ 05.12.2024
Түркістанның Түркі әлемінің туристік астанасы атануына орай өңірде «Өнерлі өлке» облыстық өнер фестивалі биыл да жалғасты. Бүгін облыс орталығында фестиваль қорытындыланып, жеңімпаздар марапатталды. Облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев жеңімпаз және жүлдегер аудандарды марапаттады.– Биыл Түркістан облысының құрылғанына алты жыл толып отыр. Атауы мыңжылдықтарға кеткенмен, құрылымы жаңа біздің өңір үшін бұл уақыт жаңару мен дамудың кезеңіне айналды. Өздеріңізге белгілі, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Түркістанға ерекше мәртебе беру туралы тапсырмасы аясында арнайы заң жобасы әзірленіп, Парламент қарауында жатыр. Бұл біздің өңірге жүктелген мәртебелі міндет, жоғары жауапкершілікті талап ететін бастама болып отыр. Бұл игілікті істердің жүзеге асуына мәдениет мамандарының да қосар үлес зор болмақ. Дәстүрлі ұйымдастырылған «Өнерлі өлке» облыстық өнер фестивалі қала тұрғындары мен қонақтарына ерекше тарту болды. Аудан, қаладан келген өнер ұжымдары, талантты жастар ұлттық құндылықтарымыз бен заманауи өнердің тамаша үйлесімін көрсете білді. Мен осы орайда, аталған фестивалге үлес қосып, жоғары деңгейде өнер көрсеткен баршаңызға алғысымды білдіремін, – деді Ертай Кенжебекұлы.Қазылар алқасының шешімімен бас жүлдеге ие болған Сарыағаш ауданынының өнерпаздарына арнайы дайындалған «Өнерлі өлке» статуэткасы тапсырылды. І орынды Сауран мен Созақ ауданы, ІІ орынды Ордабасы, Қазығұрт және Жетісай ауданы, ІІІ орынды Түлкібас пен Отырар ауданы және Түркістан қаласы иеленді. Жеңімпаз және жүлдегер аудандарға қаржылай сыйлықтар мен арнайы дипломдар берілді.Бұдан бөлек арнайы жүлделер тапсырылды. Фестивальге қатысқаны үшін диплом Сайрам мен Бәйдібек, Төлеби ауданына берілді. Облыс әкімінің арнайы жүлдесімен Кентау қаласы «Туған жер - алтын бесігім» жүлдесімен Арыс қаласы, «Ауылым – алтын тұғырым» арнайы жүлдесімен Мақтаарал ауданы, «Өнерлі өлке» арнайы жүлдесімен Шардара ауданы, «Мәдениетім мерейім» арнайы жүлдесімен Келес ауданы марапатталды.Шара барысында «Ауыл – мәдениеттің бастауы» ауылдық мәдениет үйлері мен клубтар арасында өткен облыстық байқауының жеңімпаздары мен Астана қаласында өткен V Дүниежүзілік көшпенділер ойынында облыс тарапынан ұйымдастырылған іс-шараларды жоғарғы деңгейде ұйымдастырған мәдениет саласының қызметкерлеріне ұйымдастыру комитетінен берілген алғыс хаттармен бірқатар мәдениет қызметкерлері марапатталды.Фестивалде қазылар алқасы бірнеше талаптар бойынша бағалап, жеңімпаздарды анықтады. Қылқалам, қолөнер шеберлерінің, ұлттық тағамдардың көрмелері, аудан, қаланың тарихына, жетістігіне арналған және кітап көрмелер, салт-дәстүр, әдеп-ғұрыпқа арналған театрландырылған қойылымдар, ұлттық ойындар, дәстүрлі өнерге арналған концерттік бағдарламалар, көше театры сияқты халық театрының қойылымдары, ұлттық спорттық ойындар, аудан, қала өнерпаздарының гала-концерті, көрермендердің іс-шараға тартылуы, әр қала, ауданның фестивалді ұйымдастыру деңгейі назарға алынды.Айта кетейік, фестиваль шымылдығын Сайрам ауданының өнерпаздары ашқан болатын. Шара ұлттық өнерімізді дамыту және Түркістанның туристік әлеуетін арттыру мақсатында ұйымдастырылған. Аталған фестиваль маусым-қазан айлары аралығында Түркістан қаласында әр аптаның жұма, сенбі күндері өтті. Онда аудан-қалалардан келген өнер ұжымдары түркістандықтар мен қала қонақтарына өнер көрсетті. Одан бөлек, суретшілер мен қолөнер шеберлерінің көрмелері ұйымдастырылды.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/897317
ТҮРКІСТАН: МАҚТААРАЛДЫҚ ДЕЛЕГАЦИЯ ҚЫТАЙДЫҢ ӨНДІРІС ОРЫНДАРЫНЫҢ ЖҰМЫС ТӘСІЛІМЕН ТАНЫСЫП ҚАЙТТЫ 05.12.2024
Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасымен өңірдегі кәсіпкерлер мен аудан, қала әкімдіктері өкілдерінен делегациялар жасақталып, әлемнің таңдаулы өндіріс орындарының тәжірибесімен танысуда. Осы ретте Мақтаарал ауданының делегациясы Қытай еліне іссапар жасады. Аудан әкімінің орынбасары Нұрбол Саттаров бастаған бір топ мақтааралдық Қытай халық республикасының Үрімші және Қуарлы қалаларында болып, бірқатар өндіріс орындарының жұмысымен танысты.Қытайдың экономикалық дамуы бойынша халықаралық тәжірибе жинақтап, Мақтаарал ауданында енгізу, өңірде зауыт-фабрикалар ашу, халықтың әл-ауқатын арттыру – іссапардың басты мақсаты.Делегацияның құрамында аудандық мәслихаттың депутаты Тимур Адамбеков, Иіржар ауылдық округінің әкімі Әбдіғаппар Биболов, Еңбекші ауылдық округінің әкімі Берік Агенов және бірнеше кәсіпкерлер бар.Сапар барысында делегация мүшелері мақта және жүгері оратын комбайндарды құрастыратын зауытта, тауық фермасында, ет, мақта майы, жем, шырын шығаратын цехтарда, тамшылатып суғаруға арналған таспаларды және жылыжайға арналған пленка шығаратын зауыттарда арнайы болып, өндіріс орындарының жұмысымен кеңінен танысты.Қытайлық бизнес өкілдерімен арнайы кездесіп, аталған кәсіпорындарындағы станоктардың бағасын, орнату мен Қазақстанға жеткізу нарқын білді. Сондай-ақ аталған өңірлердегі ағын су және ирригациялық жүйелердің құрылысымен танысты.Іссапардағы кездесулерде мақтааралдық кәсіпкерлер түрлі бағытта құрылысқа қажетті заттар шығаратын станоктарды Мақтааралға алып келіп, шағын цехтар ашу мәселесін талқылады. Бұл бағытта жұмыс жалғасады.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/897320
ТҮРКІСТАН: МАҚТААРАЛДАҒЫ ИНДУСТРИАЛДЫ АЙМАҚТА ЖАҢА ӨНДІРІС ОРЫНДАРЫ АШЫЛАДЫ 05.12.2024
Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды жұмыс сапарымен Мақтаарал ауданына барып, ауданның әлеуметтік-экономикалық жағдайымен кеңінен танысты. Ең алдымен облыс әкімі ауданның индустриалды аймағында орналасқан тамшылатып суғаруға қажетті құрал-жабдықтарды және тұқымдық шитті өндіретін «BEGASH» ЖШС-на қарасты қос бірдей зауыттың құрылыс жұмыстарын көрді. Тамшылатып суғару таспасын шығаратын зауыттың құны 1,5 млрд. теңгені құрап, 25 адамды тұрақты жұмыс орнымен қамтиды. Ал мақта тұқымын өңдеу зауытының құны да 1,5 млрд. теңгені құрап, 17 адамды тұрақты жұмыс орнымен қамтамасыз ету жоспарлануда. Екі жоба да 2025 жылы іске қосылады деп межеленген.– Индустриалды аймақтың жұмысын жандандыру керек. Жаңа жобалармен толықтырыңыздар. Су үнемдеу технологияларын енгізу бағытындағы бастамаларды қолдаймын. Мақта сортын жақсарту, сапасын көтеру мәселесі де өзекті. Ауданның даму жоспары жүзеге асырылып, жаңа жұмыс орындарын көбейту керек, – деді Дархан Сатыбалды.Өңір басшысы индустриалды аймақта мақтааралдық шаруалар мен шаруа қожалықтарының төрағаларымен кездесті. Ұсыныс, пікірлерін тыңдады. Кәсіпкерлікті, ауыл шаруашылығын дамыту жолдары айтылып, мемлекеттік қолдаулар туралы мағлұматтар берілді.Ауданның индустриалды аймағынан жақында ғана Орталық Азияда бәсекеге қабілетті «Жанасыл» мақта өңдеу зауыты ресми түрде іске қосылған болатын. Кәсіпорын 150 адамды тұрақты жұмыс орнымен қамтып, тәулігіне 600 тонна таза мақтаны өңдеп шығарады. Одан бөлек, күніне 180 тонна мақта талшығы өңделеді. Бүгінде зауыттың Мақтаарал, Жетісай аудандарындағы 13 мақта қабылдау бекеті жұмыс істеп тұр. Жиын-терім науқаны басталғалы 41 мың тонна ақ алтын жинап үлгерген. Зауыт қазіргі таңда шитті мақтаны өңдеп, одан мақта талшығын, мақта шитін, мақта линтін және улюк өнімдерін шығарып, тікелей Қытай, Түркия, Еуропа, Тәжікстан, Иран, Қырғызстан елдеріне экспорттауда.Мақтаарал ауданының индустриалды аймағының жалпы жер көлемі 24,2 гектарды құрап, қазіргі таңда жалпы 5,45 млрд теңге көлемінде 4 инвестициялық жоба іске асырылған. Алдағы уақытта 2 млрд. теңге көлемінде тағы 4 инвестициялық жоба жүзеге асырылып, 2025 жылы іске қосылмақ.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/897327
«АУЫЛ – МӘДЕНИЕТТІҢ БАСТАУЫ» ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ 05.12.2024
Бүгін Түркістанда «Ауыл – мәдениеттің бастауы» атты облыстық байқауының марапаттау рәсімі өтті. Жеңімпаз мәдениет ошақтарын Облыстық мәдениет және халық шығармашылығы орталығының директоры Мейіржан Алиакбаров марапаттап, байқаудың мақсаты мен өту барысындағы басымдықтар мен кемшіліктерге тоқталды.Түркістан облыстық мәдениет басқармасы мен Облыстық мәдениет және халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен 4-11 қараша аралығында өткен байқауға жалпы 200-ге тарта ауылдық мәдениет үйлері мен клубтар бақ сынады. Оған Облыстық мәдениет және халық шығармашылығы орталығының директоры, ҚР Мәдениет саласының үздігі Мейіржан Алиакбаров пен осы орталықтың «Мәдени-демалыс жұмыстарын ұйымдастыру» бөлімінің жетекшісі Мұрат Жұманов пен мәдени ұйымдастырушы маманы, ҚР Мәдениет саласының үздігі Зағипа Өмірзақова қазылық етті. Байқаудың талаптары мен шарттарына сәйкес қазылар алқасы ауылдық мәдениет үйлері мен клубтардың жұмысын жақсартуға байланысты барлық мүмкіндікті бағалай отырып, былай қорытынды шығардыҚазылар алқасының шешімімен ауылдық мәдениеті үйлері бойынша бас жүлде Сарыағаш ауданы «Дихан баба» ауылдық мәдениет үйіне бұйырды. Жүлделі І орынды Созақ ауданы «Таукент» кенті мәдениет үйі және Шардара ауданы «Көксу» ауылдық мәдениет үйі иеленді. Ал жүлделі ІІ орынды Сауран ауданы «Жүйнек» ауылдық мәдениет үйі мен Отырар ауданы «Балтакөл» ауылдық мәдениет үйі қанжығаларына байлады. ІІІ орынды Созақ ауданы «Қыземшек» ауылдық мәдениет үйі, Сауран ауданы «Ескі Иқан» ауылдық мәдениет үйі, Созақ ауданы «Созақ» ауылдық мәдениет үйі және Мақтаарал ауданы «Кеңесшіл» ауылдық мәдениет үйі иеленді.Ал ауылдық клубтар бойынша бас жүлдені Түлкібас ауданы «Түлкібас» кент клубы иеленді. I орынды Арыс қаласы «Жиделі» ауылдық клубы өз қанжығасына байлады. Жүлделі II орын Сауран ауданы «Қазақстанның ХХХ жылдығы» ауылдық клубына және Түлкібас ауданы «Мыңбай» ауылдық клубына бұйырды. Жүлделі ІІІ орынды Төлеби ауданы «Бейнеткеш» ауылдық клубы, Жетісай ауданы «Кетебай» ауылдық клубы, Арыс қаласы «Байырқұм» ауылдық клубы, Сауран ауданы «Қазақстанның ХХХ жылдығы» ауылдық клубы иеленді.Бұдан бөлек, үздік деп танылған ауылдық мәдениет үйлері мен клубтарына арнайы жүлделер табысталды.Айта кетейік, аталмыш байқаудың мақсаты халыққа заманауи мәдени қызмет көрсету шараларын жақсартуға, мәдениет мекемелерінің жұмыс сапасын арттыру мен халық шығармашылығын дамытуға және ауылдық мәдениет мекемелерінің жұмысына қолдау көрсетуге бағытталған.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/897333
ТҮРКІСТАНҒА ТҮРКІ МЕМЛЕКЕТТЕРІ ҰЙЫМЫ ЕЛДЕРІНІҢ ӨКІЛДЕРІ КЕЛДІ 05.12.2024
Түркістан облысының туристік әлеуетін арттыру бағытында ауқымды жобалар қолға алынып, туристік іс-шаралар ұйымдастырылуда.Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов Түркістан қаласына келген Түркі мемлекеттері ұйымына қатысушы елдердің өкілдерімен және байқаушыларымен кездесті. Жүздесуде өңірдің туристік әлеуеті мен мүмкіндіктері таныстырылып, туристер санын арттыру жайы талқыланды. Туризм саласында білікті кадрларды даярлау, қызмет көрсету сапасын жетілдіру туралы ұсыныс-пікірлер айтылды.Зұлпыхар Жолдасов Түркістан қаласының әлеуетіне тоқталып, туризм саласын дамыту бағытындағы жұмыстар туралы ақпарат берді.– Киелі Түркістан өңіріне қош келдіңіздер! Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтқандай, «Түркістан – атажұртымыздың алтын қазығы. Түркістан – бәріміздің мақтанышымыз, екі дүние есігі, ер түріктің бесігі атанған бүкіл әлемге танымал қасиетті жер». 2021 жылы өткен Түркі мемлекеттер басшыларының бейресми саммитінде Түркістан қаласы – Түркі әлемінің рухани астанасы статусына ие болса, 2024 жыл «Түркістан – Түркі әлемінің туристік астанасы» атанды. Туризм – Түркістан облысы экономикасының басым бағыттарының бірі. Үкімет пен әкімдік өңірдің туристік саласын дамыту бойынша жүйелі жұмыстар жүргізуде. Негізгі жұмыстар аймаққа туристер ағынын арттыруға бағытталған. Осыған байланысты мәдени-бұқаралық және іс-шаралар өткізіліп жатыр. Отандық және шетелдік туроператорлармен байланыстар орнатылып, Түркістан қаласындағы әуежайдың ұшу бағыттарын арттыру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Бүгінгі ұйымдастырылып отырған Түркі мемлекеттер өкілдеріне арналған кездесу елдер арасында ынтамақтастықты арттыруға тың серпін береді деп ойлаймын. Осы сапарларыңыз барысында Түркістаннан ерекше әсер алып, жаңа сезіммен отандарыңызға оралады деп сенемін, – деді облыс әкімінің бірінші орынбасары.Түркия, Әзербайжан, Қырғызстан, Өзбекстан елдерінен келген делегация түркістандықтардың қонақжайлылығына алғыс білдіріп, өңір туралы алған әсерлерімен бөлісті. Өздері үшін жаңа локациялар ашылып жатқанын тілге тиек етіп, ынтымақтастық орнатуға дайын екендерін жеткізді.Кездесуде Облыстық туризм басқармасының басшысы Нұрдәулет Демеуов салада атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады. Өңірде туризм саласының 3 негізгі бағыты айқындалған. Нақтырақ айтқанда, тарихи-танымдық, экологиялық және емдік-сауықтыру туризмін дамыту бағытында жұмыстар жүргізіліп келеді. Салаға жыл басынан бері 63 млрд теңге инвестиция бағытталған. Туристерге қосымша өнімдер және жаңа туристік бағдарламаларды ұсыну мақсатында ірі жобалар қолға алынуда.Түркістан облысына жыл басынан бері 400 мыңнан астам турист келді. Табиғи аумақтарға келушілер саны 124 мың адам болса, шипажайға келушілер саны – 135 мың адам, қонақ үйге қонушылар саны 210 мың адамды құрады. Сонымен қатар тарихи орындарға 810 мың адам саяхаттаған. Е-qonaq жүйесіндегі дерекке сәйкес биылғы 10 айда аймаққа 19 мың шетелдік турист келген.Айта кетейік, түркі елдерінен келген қонақтар Түркістаннның туризм әлеуеті мен даму бағыттарын таныстыру мақсатында ұйымдастырылған халықаралық туризм семинар-тренингіне қатысып, тәжірибе алмасты. Үш күнге жалғасатын бағдарлама бойынша қатысушылар Түркістан қаласының рухани-мәдени орталығын аралап, Отырар және Сауран аудандарындағы тарихи орындармен танысады.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/897336
ДАРХАН САТЫБАЛДЫ МАҚТААРАЛДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК НЫСАНДАРДЫ АРАЛАДЫ 05.12.2024
Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды жұмыс сапары барысында Мақтаарал ауылдық округі, Өркениет елді мекенінде «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында жақында ғана пайдалануға берілген спорт кешенінде болды. 2023 жылы құрылысы басталып, биыл тапсырылған нысанның конкурстық құны – 600 миллион теңге. Өңір басшысы спортшылармен, бапкерлермен кездесіп, пікір алмасты. Спорт саласына қолдау көрсету жалғасатынын жеткізді.Спорт кешенінде үлкен спорт залы және спортшыларға арналған жаттығу залдары бар. Мұнда волейбол, баскетбол, футзал, гандбол, күрес, бокс, дзюдо және тағы басқа спорт түрлерімен айналысуға мүмкіндік қарастырылып, спорттық құрал-жабдықтармен толық қамтамасыз етілген. Одан бөлек, ғимарат аумағында жасанды көгалмен жабдықталған футбол алаңшасы, баскетбол, волейбол алаңшалары орналасқан.Аудан әкімі Бақыт Асанов өңір басшысына бұған дейін Мырзакент кентінде Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы орталық стадионның, «Мырзакент» спорт сарайының және 20-дан астам шағын спорт алаңдының құрылысы жүріп, пайдалануға берілгенін атап өтті.Өңір басшысы Атакент кентіндегі «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында аз қамтамасыз етілген көпбалалы отбасыларға салынып жатқан арендалық тұрғын үйлердің құрылыс барысымен танысты. Екі қабатты, 24 пәтерлі 4 тұрғын үй нысаны толық талапқа сәйкес салынып, жыл соңына дейін пайдалануға беріледі. Аудан бойынша дәл осындай 87 пәтердің құрылысы жүргізілуде. Жалпы «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында бұған дейін көпбалалы аз қамтамасыз етілген отбасыларға 76 пәтер табысталған болатын. Ауданда әртүрлі санатта 2 мыңнан аса тұрғын үй кезегінде тұр.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/897338
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЕКІ ЖЫЛДА 6 АГТС САЛЫНДЫ 05.12.2024
Түркістан облысында елді мекендерді газбен қамту жұмысы өте қарқынды. Екі жылда 6 автоматтандырылған газ тарату станциясы ел игілігіне тапсырылып, газ желілері ұзарды. Солардың бірі Мақтаарал ауданы, Игілік елді мекенінде орналасқан. Аталған маңызды нысанға Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды арнайы барып, АГТС-тың жай-күйімен танысты. Тұрғындарды құттықтады.– Өңірде елді мекендерді газбен қамту жұмысы жалғасады. Газ тарату станциялары салынып, аймақтың инфрақұрылымы жақсара түсті. Бұның бәрі мемлекеттік қолдаудың нәтижесі, – деген облыс әкімі тұрғындармен жүздесіп, пікір алмасты. Жауапты басқарма басшысы мен аудан әкіміне газдандыру бағытындағы жұмысты жүйелі түрде атқаруды тапсырды.«Мақтаарал» автоматтандырылған газ тарату станциясы арқылы ауданды газбен қамту көрсеткіші жақсара түскен. Жалпы бүгінде аудан халқының 75,6%-ы газбен қамтылған. Тұрғындарды 100% қамту үшін қосымша автоматтандырылған газ тарту станциясы салынып, 19 елді мекенде ішкі газ жүйелерінің құрылысы жүргізілуде. Ол үшін 2024 жылға 4,7 млрд. теңге қаржы бөлінді. Тағы 4 елді мекеннің ішкі газ жүйелерінің құрылысына ЖСҚ әзірленіп, сараптама қорытындысы алынып, қаржы бөлуге ұсынылған.Айта кетейік, елді мекендерді газбен қамту жұмыстары бойынша Түркістан облысы республикада үздіктер қатарында келеді. Екі жылда 187 мың тұрғын, 90 мыңнан астам тұрғын табиғи газға қосылды.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/897341
«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ БАБА ТҮКТІ ШАШТЫ ӘЗІЗ КЕСЕНЕСІ АУМАҒЫНА ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ 05.12.2024
Бүгін Созақ ауданы, Құмкент ауылдық округінде «Таза Қазақстан» республикалық шарасы аясында тазалық жұмыстары ұйымдастырылып, жергілікті тұрғындар мен ауылдың белсенді жастары Баба түкті Шашты Әзіз кесенесінің ауласын тазартты.Тазалық шарасына «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының міндетін уақытша атқарушы, Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Қалыйма Жантөреева арнайы қатысып, көне дәуір жәдігері болып табылатын ескерткіш аумағында тазалық жұмыстарын жүргізді.«Құт дарыған, қасиет қонған аймақтардың тазалығына атсалысуды перзенттік борышымыз деп білуіміз қажет. Тамырлы тарихын бүгіп жатқан сырлы Созақ, шын мәнінде, қазақ руханиятының төрт құбыласын түйістірген өлке. Арайлы өлкенің темірқазығы болған Созақты көрікті мекенге айналдырып, оның шамшырағындай болған әулиелерін қадір тұту – ең ұлық мәртебе», деді Қалыйма Жантөреқызы.Шараға жиналған тұрғындар келуші қонақтарға арналған аяқжолдарды қалыпқа келтірді. Кесене аумағын тұрмыстық қалдықтардан тазартылып, ондағы ретсіз өскен шөптер тазаланып, қураған ағаш түптері кесілді. Кесене аумағында ұйымдастырылған акцияға белсенді жастар мен ауыл тұрғындары атсалысып, тазалыққа қажетті техникалар жұмылдырылды.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/897345
Шет ауданында 60 отбасы баспаналы болды 05.12.2024
Шет ауданында кезекте тұрғандарға 60 үй мен таунхаус кілттері табысталды. Жаңа тұрғын үйді халықтың әлеуметтік осал топтарының өкілдері алды.Шет ауданында биыл бастапқы нарықтан 170 үй мен таунхаус сатып алуға қаражат бөлінді. Сатып алынған баспана кезекте тұрғандарға беріледі.Қазір Ақсу-Аюлы ауылында 60 жаңа қоныстанушы үйлер мен таунхаустардың кілтін алды. Аудандық мәдениет үйінде оларды Шет ауданының әкімі Мұхит Мұхтаров құттықтады.Тұрғын үй алғандардың қатарында жалғызбасты ана Алмаш Тәжібаева бар.– Менің үш балам бар, мен 15 жылға жуық кезекте тұрдым. Әрине, мен баспана алғаныма өте қуаныштымын. Таунхаус кең. Бірінші қабатта үлкен ас үй мен зал, екінші қабатта екі жатын бөлме бар. Жуынатын бөлме, жуынатын бар, бәрі өте ыңғайлы. Балалар да өте қуанышты, жатын бөлмені өзара бөлісіп алды. Біз көшіп жатырмыз, – деді ол.Жыл басынан бері Шет ауданында кезекте тұрғандарға 24 пәтер және 36 үй мен таунхаустың кілттері табысталды.Осы жылдың соңына дейін кезекте тұрғандар тағы бірнеше тұрғын баспана алуы тиіс.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/896851
Гастрономиялық көрме: ұмытыла бастаған ұлттық тағамдар 05.12.2024
«Сыбаға» ұлттық дәстүрлер фестивалі аясында «Сарқыт» мейрамханасында Ақтөбе қаласы мен аудан өкілдерінің қатысуымен «Береке» ұлттық тағамдар гастрономиялық көрмесі өтті.Шараны өткізудегі мақсат – ұлттық тағамдарымызды дәріптеу, еліміздің гастрономиялық дәстүрлерімен танысу, мәдени мұраны сақтау, дәстүрлі рецепттер мен аспаздық дағдыларды жас ұрпаққа үйрету және олардың қызығушылығын арттыру, сондай-ақ аудандар арасындағы рухани-мәдени байланысты нығайту.Көрмеде дәстүрлі тағамдарды көрсету үшін әрбір ауданға арнайы алаң бөлінген.Шалқар ауданының атынан әзірленген дастарханда «Шалқарлық комбо» атауымен ішіне табиғи ет өнімдері, яғни жылқының қазысы мен үш түрлі шұжық және ысталған құйрық, сондай-ақ жергілікті жердің тары-талқаны мен құрты салынған арнайы қорапқа көпшіліктің назары ауды. Арнайы ваккумды пакетке салынған дайын өнімді Шалқар қаласының тұрғыны, жеке кәсіпкер Айбек Сағынаев нарыққа шығарып отыр. Шалқар бренді ретінде сыйға беруге дайын өнімнен дәм ауыз тигендердің қарасы көп болды.Гастрономиялық көрмеге «Сарқыт» мейрамханасы аспаздары да өз үлесін қосқан. Көпшілікті төр дастарханына ыстық күйінде әкелінген бүрме қарынның жасалу технологиясы қызықтырды. Саз балшыққа оралған қарын толы етті мейрамхана азпаздары сексеуілдің отына пісірген.Бұл күні ойылдықтар келі-келсапта тары түйіп, диірмен тартып, жергілікті бренд өнімнің қалай дайындалатынын көпшілікке тағы бір мәрте түсіндіріп берсе, Темір ауданының өкілдері ұлттық тағам толы дастархандағы ерекше ас-өрме төстіктің қалай жасалғанын үлкен экраннан ұсынды. Бұл көрмеге мұғалжарлықтар да жоғары дайындықпен келіпті. Қарын толы сары майдың сақталуы, ет тарту, қуырдақ, әсіп сияқты ұмытыла бастаған ұлттық тағамдардың жасалу технологиясы қонақтарға жан-жақты түсіндірілді.Көрме соңында «Үздік дәстүрлі сусын», «Үздік аймақтық рецепт», «Үздік аудан» сияқты барлық аудан әртүрлі аталымдарға ие болды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/897307
ӨҚМ, EEDI мен Жапония халықаралық ынтымақтастық агенттігі: энергия тиімділігі саласындағы үшжақты әріптестік 05.12.2024
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің алаңында Өнеркәсіп комитеті төрағасының орынбасары Тұрар Жолмағамбетовтың төрағалығымен «Қазақстанда энергия тиімділігі мен энергия үнемдеуді арттыруға жәрдемдесу жөніндегі жоба» шеңберінде EEDI және Жапония Халықаралық ынтымақтастық агенттігінің (JICA) өкілдері қатысты.Кездесудің негізгі бағыты Қазақстанда энергия үнемдеу және энергия тиімділігі саласындағы озық технологияларды енгізуге және өндірістік процестерді жаңғыртуға бағытталған бірлескен бастамаларды талқылау болды.JICA-ның қатысуы халықаралық тәжірибе алмасуда және EEDI-дің энергия тиімділігі саласындағы стратегиялық мақсаттарына жету үшін қажетті ресурстармен қамтамасыз етуде шешуші рөл атқарады.Кездесуге қатысушылар атап өткендей, үшжақты әріптестік инновациялық шешімдер мен жоғары стандарттарды енгізуге мүмкіндік береді, бұл EEDI-дің жобаларды іске асырудағы ұстанымын нығайтады.Мұндай өзара іс-қимыл жаһандық міндеттерді шешуде және энергия тиімді көрсеткіштерді жақсарту үшін тұрақты технологияларды ілгерілетуде халықаралық ынтымақтастықтың маңыздылығын көрсетеді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/897275
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы және Біріккен Ұлттар Ұйымының Дүниежүзілік Азық-түлік Бағдарламасы өкілдері ынтымақтастық мәселелерін талқылады 05.12.2024
ҚР АШМ вице-министрі Ермек Кенжеханұлы БҰҰ Дүниежүзілік Азық-түлік Бағдарламасының көпжақты және елдік серіктестік директоры Стэнлейком Самкангемен кездесті.Кездесу барысында халықаралық гуманитарлық ұйыммен ынтымақтастық мәселелері қаралды.«Агротехнологияларды сақтау, сондай-ақ қолайлы ауа райы жағдайлары 26,6 млн. тонна астық жинауға мүмкіндік берді. Бұл соңғы 10 жылдағы рекордтық өнім. Өнімділікті арттыру шығындар мен өзіндік құнын төмендетуге ықпал етеді, бұл әлемдік нарықта бәсекеге қабілетті бағаны ұсынуға мүмкіндік береді. Осындай жағдайда Қазақстанның үлкен әлеуеті бар және жаһандық азық-түлік жеткізушісі болуға дайын. Осыған байланысты, менің ойымша, бізде БҰҰ Дүниежүзілік Азық-түлік Бағдарламасымен көптеген ортақ мүдде бар», – деп атап өтті Ермек Кенжеханұлы.Вице-министр азық-түлік және азық-түліктік емес тауарлар жеткізуші компаниялар санын көбейту бойынша жұмыс жалғасып жатқанын айтты.Өткен жылдары Қазақстанның 10-нан астам компаниясы өз өнімдерін гуманитарлық мақсатта жеткізу бойынша ұйыммен табысты ынтымақтастық орнатқан.Кездесу қорытындысы бойынша Ермек Кенжеханұлы БҰҰ Дүниежүзілік Азық-түлік Бағдарламасынан қазақстандық компанияларға тендерлерге қатысу ережелері бойынша оқыту тренингтерін ұйымдастыруды ұсынды.Тараптар ынтымақтастықты одан әрі жалғастыруға келісті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/897295
Астанада «Бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі әйелдердің рөлі» тақырыбында халықаралық конференция өтті 05.12.2024
Астанада «Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн» акциясы аясында «Бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі әйелдердің рөлі» атты халықаралық конференция өтті. Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшелері, Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, дипломатиялық қызметтердің, халықаралық ұйымдардың өкілдері мен ғалымдар қатысты.Конференцияда саяси және әскери қақтығыстардың алдын алудағы әйелдердің рөлі, қыздар мен әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу, гендерлік стереотиптерді насихаттау, құқық қорғау органдарындағы гендерлік көзқарас, әйелдер көшбасшылығы және т.б. тақырыптар қозғалды.Мәдениет және ақпарат министрлігінің өкілдері әйелдер мен балаларды қорғауға бағытталған заңнамалық бастамаларға тоқталды. Биыл жаңартылған «Әйелдер, бейбітшілік және қауіпсіздік» ұлттық жоспарының жүзеге асырылу барысы да сөз етілді.Осылайша, аталған жоспар бойынша қызметтегі әйелдер саны артып келеді, әскери қызметкерлер, құқық қорғау органдары, баспасөз қызметтері мен БАҚ өкілдері де оқудан сәтті өтті. Батыс Сахара, Ливан және Кот-д'Ивуардағы БҰҰ миссияларына жеті әйел сарбаз қатысты. Жаңартылған жоспарға барлығы 18 жаңа пункт енгізілді.Айта кету керек, 2025 жылғы жаһандық гендерлік күн тәртібінде екі атаулы күн белгіленді. Атап айтсақ, 1325 «Әйелдер. Әлем. Қауіпсіздік» қарарының – 25 жылдығы және әйелдер құқығын қорғайтын негізгі халықаралық құжаттың бірі Бейжің декларациясы мен іс-қимыл платформасының – 30 жылдығы. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/897274
ҚР Ұлттық музейінде «Сыр өңірі – Түркі өркениетінің алтын бесігі» атты көрме ашылды 05.12.2024
ҚР Ұлттық музейінде Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейінің 85 жылдығы аясында облыстық музей қорында сақталған құнды жәдігерлерден «Сыр өңірі – Түркі өркениетінің алтын бесігі» атты көрме ашылды.Көрмеге ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұралар тізіміне енген Қорқыт мұрасы, ХІХ-ХХ ғасырларда Сыр бойы қазақтары пайдаланған құнды этнографиялық бұйымдар қойылды.Келушілер Сыр бойындағы ежелгі өркениет іздерінмен, Тәуелсіздік жылдарында Шірік Рабат, Сығанақ, Түгіскен, Жетіасар, Жанкент, Қышқала, Асанас қалашықтарына жүргізілген кешенді археологиялық қазба жұмыстарының нәтижесімен таныса алды.Сондай-ақ, белгілі тұлғалардың домбыралар коллекциясы, С. Айтбаев атындағы көркемсурет галереясы қорындаға қылқалам шеберлерінің картиналары көпшілік назарына ұсынылды.Іс-шараға ҚР Парламент Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары, ақын-жазушылар, шығармашылық және зиялы қауым өкілдері қатысты.Көрме 2024 жылдың 19 желтоқсанына дейін жалғасады. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/897294
Астанада БҰҰ Еріктілер бағдарламасының өкілдерімен Халықаралық еріктілер жылына дайындық жайы талқыланды 05.12.2024
Астанада БҰҰ Еріктілер бағдарламасының Штаб-пәтері өкілдерімен Халықаралық еріктілер жылына дайындық мәселелеріне арналған кездесу өтті.Іс-шараға ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі Айзада Құрманова және БҰҰ Еріктілер бағдарламасының Халықаралық хатшылығының басшысы Сандра Ингрид Кох қатысты.Кездесуде Халықаралық хатшылық пен Қазақстанның Ұлттық ұйымдастыру комитетінің алдына қойылған мақсаттар мен міндеттер талқыланды. Сондай-ақ, волонтерліктің жаһандық тұрақты даму мақсаттарына қосқан үлесін арттыру үшін жаңа мүмкіндіктерді ашуға бағытталған ұсыныстар қаралды.Еске сала кетейік, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен БҰҰ Бас Ассамблеясы 2026 жылды Орнықты даму мақсаттарына еріктілерді жұмылдырудың Халықаралық жылы деп жариялады.Қазақстан мемлекет пен еріктілер қауымдастығы арасындағы табысты институционалдық әріптестіктің үлгісін көрсетіп келеді. Бүгінгі таңда елде 740-тан астам волонтерлік ұйым және мыңнан астам бастамашыл топ белсенді жұмыс істейді. Жалпы белсенді волонтерлер саны 240 мыңнан асады. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/897310
Алматыда «Тұрақты даму үшін деректер журналистикасы: Орталық Азиядағы мақсаттар, сын-тегеуріндер және адам құқықтары» атты ғылыми-практикалық конференция өтеді 05.12.2024
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі үстіміздегі жылдың 10 желтоқсанында ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігімен, Орталық Азия журналистік зерттеулер қауымдастығымен, Narxoz университетінің Құқық және мемлекеттік басқару мектебімен бірлесіп «Тұрақты даму үшін деректер журналистикасы: Орталық Азиядағы мақсаттар, сын-тегеуріндер және адам құқықтары» ғылыми-практикалық конференциясын өткізу жоспарланып отырғанын хабарлайды (бағдарлама қоса беріледі).Іс-шара бұқаралық ақпарат құралдарында құқықтық қорғау мен бостандықтарды нығайту үшін үлкен деректер мен жасанды интеллектті пайдалану мәселелерін, сондай-ақ деректер журналистикасын оқыту тәсілдерін талқылауға арналған.Конференцияға медиа және журналистика саласындағы жетекші халықаралық сарапшылар мен ұйымдардың өкілдері қатысады: ЕҚЫҰ БАҚ бостандығы мәселелері жөніндегі өкілдігі (Австрия); Worlds of Journalism Study (Германия); Журналистика саласындағы білім беру жөніндегі дүниежүзілік кеңес, Academy France Médias Monde (Франция және Германия, Франция, Швециядан келген зерттеу ұйымдары мен университеттері, АҚШ, Нидерланды, Словакия, Орталық Азия университеттерінің журналистика және медиа факультеттерінің өкілдері.Оқыту іс-шарасы келесі мекен-жай бойынша өтеді: Алматы қаласы, Байзақов к-сі, 303, UN Plaza Almaty, Конференц залы.БАҚ өкілдерін келесі сілтеме бойынша тіркеліп, іс-шараға қатысуға шақырамыз: https://forms.gle/YPFsydfdx7Jux7359Басқа аймақтарда жұмыс істейтін және курсқа қатысу мүмкіндігі жоқ БАҚ өкілдері үшін ZOOM платформасында онлайн трансляция қолжетімді болады: https://us06web.zoom.us/j/87237537076?pwd=91CZKKOcDhmmGdn59t9zUY7mmSqaZ3.1 (конференция идентификаторы: 872 3753 7076, кіру коды: 976374)Барлық сұрақтар бойынша +7 (7172) 740186 нөміріне хабарласуға болады.Конференция бағдарламасы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/897206
Ғани Бейсембаев еуропалық әріптестерімен кәсіптік-техникалық білім беру мәселелері бойынша бірқатар келіссөздер жүргізді 05.12.2024
Министр просвещения РК встретился с главой Европейского фонда образования Пилви Торсти и Чрезвычайным и Полномочным послом Эстонии в Казахстане Яапом Ора. Стороны обсудили перспективы развития двустороннего сотрудничества в сфере среднего, технического и профессионального образования.В ходе встречи министр отметил, что в рамках объявленного Главой государства Года рабочих профессий проводится масштабная трансформация системы технического и профессионального образования. Совершенствуются законодательные нормы, а также усиливается менеджмент в колледжах с учетом лучших международных практик.Кроме того, обсуждались вопросы реализации совместных образовательных программ, инновационного развития колледжей, стажировок для студентов и педагогов, а также проекты по профессиональному развитию педагогов школ.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/press/news/details/897283
LRT тәжірибелік бөлігінде жарты шақырым рельс төселді 05.12.2024
Астанада LRT-ның №116 және №117 станциялар арасындағы эстакада бөлігінде рельс жолының алғашқы 500 метрін төсеу аяқталды. Бұл сынақ кезеңі қысқы ауа райының жеңіл рельсті жолдың (LRT) жоғарғы құрылымының жай-күйіне әсерін зерттеуге мүмкіндік береді. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты CTS-ке сілтеме жасап хабарлайды.Рельс жолы арматуралық жақтау, шпалдар, рельстер және бекіткіштерден тұрады. Эстакаданың жалпы ұзындығы 22,4 км құрайды және оның бүкіл ұзындығына қос жол салынады.Бұл пойыздардың жүруін, оларға қызмет көрсетудің және жөндеу жұмыстарын орындаудың ыңғайлылығын қамтамасыз етеді.Жолды төсеу заманауи технологияларды қолдану арқылы жүзеге асырылады:- Стандартты жол ені – 1 435 мм, халықаралық стандарттармен үйлесімділікті қамтамасыз етеді.- Рельстерді жіксіз төсеу пойыз дөңгелектерінің дыбысы мен дірілді азайтады.- Алдын ала кернелген шпалдар жарылып кетуден қорғалған, аязға және қардың еруіне төзімді.Келер жылдың жылы кезеңінің басталуымен эстакаданың барлық ұзындығына рельстерді төсеу басталады. Қыс мезгілінде қажетті материалдар дайындалады.Эстакаданың рельс жолдарын төсеуді аяқтау 2025 жылға жоспарланып отыр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/897060
Алматыда 2025 жылы ірі ағаштарды отырғызу бойынша ауқымды жұмыс басталады 05.12.2024
2025 жылы Алматы қаласының аумағында үш деңгейлі көгалдандыру бойынша ауқымды жұмыс басталады. Бірінші деңгейде көгалдар мен гүлзарлар, екінші деңгейде бұталар мен сәндік өсімдіктер, ал үшінші деңгейде ірі ағаштар отырғызылады.2025–2027 жылдарға арналған тиісті бюджет жобасы алдағы Мәслихат сессиясында қаралады. Бұл туралы қалалық Мәслихаттың баспасөз қызметі хабарлады.Жалпы, шамамен 17 мың ірі ағаш отырғызу жоспарланған, оның ішінде 15 мың ағаштың биіктігі 4 метрден асса, 2 мың ағаштың биіктігі 6 метрден асады.Отырғызу жұмыстары магистральды көшелер бойында, саябақтарда, скверлерде, бульварларда және басқа да қоғамдық орындарда жүргізіледі. Мұндай тәсіл тығыз қоныстанған аудандарда көлеңке мен жасыл аймақтарды тезірек құруға мүмкіндік береді.Жоба аясында ағаштарды отырғызу мен күтіп-баптаудың заманауи әдістері қолданылатын болады. Отырғызудан кейінгі алғашқы екі жылда жүйелі күтім жасалады: тамшылатып суару, автоматтандырылған суару жүйелерін орнату, сондай-ақ ағаштар мен бұталарды жергілікті жағдайларға бейімделген минералды тыңайтқыштармен қоректендіру қарастырылған. Бұл олардың жерсінуін жеделдетеді.Көгалдандыру экологиялық жағдайды жақсартуға және қалалық ортаның сапасын арттыруға бағытталған. Ірі ағаштарды отырғызу жасыл инфрақұрылымды қалыптастыру уақытын қысқартып, қала тұрғындары үшін жайлы жағдай жасайды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/897127
Алматыда көгалдандыру және экологиялық жобаларға 2025 жылы алдын ала ақпарат бойынша 10,6 млрд теңге бөлу жоспарлануда 05.12.2024
2025 жылы Алматыда экологиялық жобаларға 10,6 млрд.теңге бөлу жоспарлануда, бұл қала тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсартуға және жайлы қалалық ортаны дамытуға бағытталған. 2025-2027 жылдарға арналған бюджеттің тиісті жобасын Алматы Мәслихатының алдағы сессиясында қарау жоспарлануда. Бұл туралы қалалық Мәслихаттың баспасөз қызметі хабарлады.Негізгі бағыттардың қатарында қаланы көгалдандыру, қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау үшін инфрақұрылымды жақсарту және табиғи объектілерді абаттандыру бар.Қаланы көгалдандыру жобасы ағаштар мен бұталарды отырғызуды жалғастыруды, сондай-ақ саябақтар мен жасыл аймақтарды абаттандыруды қамтиды. Ағымдағы жылы Алматыда бюджет қаражаты есебінен 170 мың көшет отырғызу жоспарлануда, оның ішінде күзгі отырғызу маусымының басынан бастап 110 мыңнан астамы отырғызылды, бұл бір қала тұрғынына жасыл екпелердің ауданын 12,5-тен 12,8 шаршы метрге дейін ұлғайтуға көмектеседі.Сонымен қатар, 2025 жылы қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау жүйесін жаңарту жалғасады. Қалада тереңдетілген үлгідегі 2 мыңнан астам контейнерлік алаң салынады, бұл қаланың санитарлық жағдайын жақсартады. Бұдан басқа, Іле ауданында ҚТҚ көмуге арналған жаңа полигонның жобасы әзірленуде, бұл болашақта қалдықтарды кәдеге жарату мәселелерін тиімді шешуге көмектеседі.Үлкен Алматы және Қарғалы сияқты өзен арналарын қайта құру, сондай-ақ «Сайран» су қоймасын абаттандыру жобалары табиғи экожүйелерді қалпына келтіруге және қала тұрғындарының демалуы үшін жаңа экологиялық таза аймақтарды құруға бағытталған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/897129