Қуқық
Қазақстан мен Гонконг Орталық Азия мен Азия-Тынық мұхиты өңірі арасындағы сауда көпірін нығайтуда 30.06.2026
ҚР Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев Гонконг арнайы әкімшілік аймағының Басшысы Джон Лимен және Гонконг іскерлік қауымдастығының өкілдерімен кездесті. Кездесу барысында тараптар сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейту, инвестициялар тарту және Қазақстан мен Гонконг бизнесі үшін жаңа мүмкіндіктер қалыптастыру мәселелерін талқылады.Келіссөздер барысында халықаралық сауда жүйесіндегі екі тараптың стратегиялық рөліне ерекше назар аударылды. Гонконгтың әлемдегі жетекші қаржы, сауда және логистика орталықтарының бірі екені, сондай-ақ қазақстандық компаниялардың Азия-Тынық мұхиты өңірі нарықтарына шығуына кең мүмкіндік беретіні аталды. Ал Қазақстан Орталық Азия елдеріне, Еуразиялық экономикалық одақ нарығына және Еуропаға шығатын маңызды өңірлік хаб ретінде қарастырылады.Арман Шаққалиев Қазақстанның Гонконгпен практикалық ынтымақтастықты тереңдетуге, іскерлік байланыстарды нығайтуға және отандық өнімдерді сыртқы нарықтарға ілгерілетудің жаңа тетіктерін қалыптастыруға мүдделі екенін атап өтті. Оның айтуынша, екі тараптың өзара сауда көлемін ұлғайтуға, бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға және кәсіпкерлік субъектілерінің өзара нарықтардағы қатысуын кеңейтуге әлеуеті жоғары.«2025 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан мен Гонконг арасындағы тауар айналымы 178,8 млн АҚШ долларын құрады. Біз Гонконг нарығына жеткізілетін қазақстандық өнім көлемін арттыруға мүдделіміз. Бұл қатарға ауыл шаруашылығы өнімдерімен бірге жеңіл және тамақ өнеркәсібінің тауарлары да кіреді», – деді Арман Шаққалиев.Кездесудің негізгі тақырыптарының бірі алтын саудасы, биржалық инфрақұрылым және қаржылық қызметтер салаларындағы ынтымақтастықтың жаңа бағыттарын дамыту болды. Джон Ли Гонконгта халықаралық алтын саудасы орталығын құру және бағалы металдар айналымына арналған заманауи экожүйені дамыту жоспарларымен бөлісті. Осыған байланысты тараптар тұрақты жеткізілімдерді қамтамасыз ету, бизнесті жүргізудің ашық әрі түсінікті қағидаттарын қалыптастыру және нарық қатысушылары арасындағы ұзақ мерзімді әріптестікті дамыту мәселелерінің маңыздылығын атап өтті.Гонконг Әкімшілігінің басшысы Қазақстанның өңірдегі жетекші алтын өндіруші елдердің бірі екенін және халықаралық бағалы металдар саудасының қалыптасып келе жатқан жүйесінде маңызды орын ала алатынын айтты. Оның пікірінше, бұл бағыттағы ынтымақтастықты дамыту екі тараптың да өндірушілері мен қаржы институттары үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашады.Кездесу барысында іскерлік қауымдастықтар арасындағы тікелей байланыстарды нығайту мәселесіне де ерекше көңіл бөлінді. Джон Ли кәсіпкерлер арасындағы өзара іс-қимылдың тұрақты инфрақұрылымын қалыптастырудың маңыздылығын атап өтіп, Қазақстанның Гонконгтағы сауда және бизнес өкілдіктерінің қызметін кеңейту, сондай-ақ Гонконг ұйымдарының Қазақстандағы қатысуын арттыру мүмкіндігін қарастыруды ұсынды.Өз кезегінде Арман Шаққалиев экспортты қолдау және бизнесті ілгерілету бағытында жүзеге асырылып жатқан құралдарды таныстырды. Атап айтқанда, бұл жұмыстар QazTrade компаниясы, шетелдегі серіктестік өкілдіктер желісі және сауда үйлері арқылы жүргізілуде. Қазақстан тарапы Гонконгпен сауда және инвестициялық байланыстарды нығайту мақсатында аталған тетіктерді одан әрі жетілдіруге дайын екенін жеткізді.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар жақын арада бірлескен іс-қимыл жоспарын әзірлеуге келісті. Жоспар аясында бизнес-миссиялар ұйымдастыру, кәсіпкерлер арасындағы кездесулер өткізу және перспективалы инвестициялық жобаларды пысықтау көзделіп отыр. Сонымен қатар «Бір белдеу – бір жол» халықаралық форумы алаңында Қазақстан мен Орталық Азияға арналған арнайы сессия өткізу туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.Кездесу тараптардың экономикалық әріптестікті нығайтуға және бизнес үшін жаңа өсу нүктелерін қалыптастыруға өзара мүдделі екенін тағы бір мәрте растады. Қазақстан мен Гонконг сауданы кеңейту, инвестициялар тарту және бірлескен жобаларды іске асыру мақсатында Орталық Азия мен Азия-Тынық мұхиты өңірінің әлеуетін тиімді ұштастыра отырып, ынтымақтастықты дәйекті түрде дамытуды көздеп отыр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1234139?lang=ru
Қарулы күштердің әскери қызметшілері еліміздің барлық гарнизонында Мемлекеттік әнұранды бір мезетте орындады 30.06.2026
Қарулы күштердің әскери бөлімдері мен мекемелерінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне арналған іс-шаралар өтті.Бүкіл ел аумағында Мемлекеттік Туды көтеру және Мемлекеттік Әнұранды орындау рәсімдері ұйымдастырылды. Сонымен қатар мемлекеттік рәміздердің жасалу тарихы мен маңызын түсіндіруге арналған сабақтар, челлендждер және мәдени-ағартушылық іс-шаралар өткізілді.Гвардейск гарнизонындағы 21450 әскери бөлімінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын көтеру құрметі мерзімді әскери қызметші Альтаир Тұрақбайға берілді. Әскери қызметші үшін бұл күн ерекше маңызды еді. Оның себебі Мемлекеттік рәміздер күні жауынгердің туған күнімен тұспа-тұс келді.– Осындай мәртебелі рәсімге қатысу – үлкен құрмет. Мемлекеттік Ту – біздің Отанымыздың, оның тарихы мен жетістіктерінің символы. Сондықтан маған көрсетілген бұл сенім өте қымбат. Бұл күн менің әскери қызметімдегі ең маңызды әрі есте қаларлық күн болды, – деді қатардағы жауынгер А. Тұрақбай.Алматы қаласында өткен салтанатты саптық жиында Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Бітімгерлік операциялар орталығы штабының бастығы полковник Бақытжан Жетпісов мемлекеттік рәміздердің ел егемендігі мен ұлттық бірлікті нығайтудағы ерекше рөлін атап өтті.– 1992 жылғы 4 маусым – еліміздің тарихындағы айтулы күн. Дәл осы күні Қазақстанның Мемлекеттік Туы, Елтаңбасы және Әнұраны алғаш рет бекітіліп, ұлттық бірегейлік пен мемлекеттіліктің айшықты белгілеріне айналды, – деді ол.Ақтау қаласында Әскери-теңіз күштері мен Құрлық әскерлерінің, Ұлттық ұланның және ҰҚК Шекара қызметінің әскери қызметшілері Мемлекеттік рәміздер алаңындағы Мемлекеттік Туды көтеру салтанатына қатысты. Одан кейін әскери оркестрдің сүйемелдеуімен отан қорғаушылар облыс орталығының басты көшесін бойлай салтанатты шерумен жүріп өтті.Мереке күні Ақтөбе қаласында Талғат Бигелдинов атындағы Әуе қорғанысы күштері әскери институтының курсанттары авиациялық техниканың музейлік үлгілері жанында сапқа тұрып, Мемлекеттік Әнұранды айтты. Олар барынша әсерлі орындай отырып әскери борышқа адалдығын, мемлекеттік рәміздерге деген құрметін және Отанға деген сүйіспеншілігін көрсетті.Мемлекеттік рәміздер – ұлттық бірегейлігі мен рухани тұтастығының ажырамас негізі. Халықтың ғасырлар бойғы тарихын, мәдениетін, дамуы мен өркендеуге деген ұмтылысын бейнелей көрсетіп, патриоттық тәрбиенің және азаматтық жауапкершілікті нығайтудың маңызды бағдары болмақ.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1234271?lang=ru
Атырау облысында 1500 орындық «Атырау Арена» спорт кешенінің құрылысы басталды 30.06.2026
Атырау облысында 1500 көрерменге арналған көпфункционалды «Атырау Арена» спорт кешенінің құрылысы бастау алды. Халықаралық талаптарға сай салынатын жаңа нысан “Нұрсая” шағынауданында 4,6 гектар аумақта бой көтермек.Іргетасқа уақыт капсуласын салу рәсіміне Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов, дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасы басшылығы, спорт ардагерлері мен спортшылар қатысты.Облыс әкімі жаңа спорт нысаны Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бұқаралық спортты дамыту және заманауи спорт инфрақұрылымын қалыптастыру жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру аясында салынып жатқанын атап өтті.– Бүгінде облыста тұрғындарды спорттық инфрақұрылыммен қамту деңгейі 71 пайызды құрайды. Өңірде спортты дамыту жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде. Былтыр сегіз спорт кешені пайдалануға берілсе, биыл тағы 22 нысанды ашу жоспарланған. Олимпиадалық спорт түрлерін дамытуға ерекше көңіл бөліп отырмыз. «Атырау Аренада» 20 олимпиадалық спорт түрімен айналысуға мүмкіндік туады. Бұл кешен болашақ чемпиондарды тәрбиелейтін маңызды орталыққа айналады деп сенемін, – деді Серік Шәпкенов.Кешен EPC келісімшарты негізінде салынады. Мердігер «Әлем құрылыс» ЖШС жобалаудан пайдалануға берілгенге дейінгі толық жұмыс цикліне жауапты. Жобада әр спорт түрі бойынша халықаралық стандарттарға сай жабдықталған заманауи жаттығу залдары қарастырылған. Нысан пайдалануға берілгесін екі мыңға жуық бала мен жасөспірім тұрақты түрде спортпен шұғылдана алады.Жоба жетекшісі Нұрсұлтан Жыланбастың айтуынша, құрылысқа 400-ге жуық жұмысшы мен 20 техника жұмылдырылады.– Құрылысты 2027 жылғы қарашада аяқтау көзделген. Кешенде футбол, волейбол, баскетбол, жүзу, үстел теннисі, садақ ату, бокс, таэквондо, дзюдо, еркін күрес, грек-рим күресі, әйелдер күресі, семсерлесу, триатлон және өзге де спорт түрлері бойынша бөлімдер жұмыс істейді. Сонымен қатар жасанды өрмелеу қабырғасы салынады, бұл елімізде санаулы кешенде ғана бар. Бұдан бөлек, халықаралық деңгейдегі жарыстарды өткізуге мүмкіндік беретін 5000 шаршы метрлік әмбебап спорт залы болады, – деді Нұрсұлтан Жыланбас.Кешен базасында оқу-жаттығу жиындары, республикалық және халықаралық жарыстар, сондай-ақ бұқаралық спорттық және мәдени іс-шаралар өткізу жоспарланған. Барлық санаттағы тұрғындарға қолжетімді болатын жаңа нысан Атырау облысындағы ең ірі спорт орталықтарының біріне айналмақ.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau/press/news/details/1234296?lang=ru
Атырау облысында өндірістік жарақаттану деңгейі 20 пайызға төмендеді 30.06.2026
Атырауда облыс әкімі Серік Шәпкеновтің төрағалығымен жиын өтіп, онда еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету және өндірістік қауіпсіздік мәселелері қаралды.Басқосуға әкім орынбасарлары, басқарма басшылары мен мемлекеттік еңбек инспекциясының өкілдері қатысты.Жиын барысында өндірістегі жазатайым оқиғалардың алдын алу мәселесіне ерекше назар аударылды. Өңір басшысы еңбеккерлердің қауіпсіздігі әрбір жұмыс берушінің басты міндеттерінің бірі болуы тиіс екенін атап өтті.Атырау облысы мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Игілік Әубәкіровтің мәліметінше, өңірде 2026 жылғы алғашқы төрт айда өндірісте 24 жазатайым оқиға тіркелген. Бұл былтырғыдан 20 пайызға аз.Жазатайым оқиғалардан 25 қызметкер зардап шеккен. Ал негізгі себептер ретінде жұмыс берушілердің еңбек қауіпсіздігін тиісті деңгейде қамтамасыз етпеуі мен қызметкерлердің қауіпсіздік талаптарын сақтамауы атап көрсетілді. Әр жағдай бойынша арнайы комиссиялар құрылып, тиісті тексеру жұмыстары жүргізілген.Жыл басынан бері еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарын бұзған 33 кәсіпорын әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оларға жалпы көлемі 15,9 миллион теңгеден астам айыппұл салынған.Жиын соңында Серік Шәпкенов өңір кәсіпорындарында еңбек және өндірістік қауіпсіздік талаптарының сақталуын бақылауды күшейтуді тапсырды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau/press/news/details/1234297?lang=ru
Атырау облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары тағайындалды 30.06.2026
Атырау облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары лауазымына Нұрлыбек Даралиев тағайындалды.Облыс әкімі аппаратының басшысы Нұрлыбек Жеңісбекұлы жаңа қызметкерді ұжыммен таныстырып, алдағы жұмысына табыс тіледі.Нұрлыбек Даралиев 1990 жылы 15 тамызда Атырау қаласында туған. Екі жоғары білімі бар: 2011 жылы Атырау мұнай және газ институтын «Пайдалы қазбалар кен орындарының геологиясы және барлау» мамандығы бойынша, 2017 жылы Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетін «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша бітірген.Еңбек жолын 2013 жылы жеке секторда бастап, кейін спорт және білім салаларында Атырау облысының мемлекеттік мекемелерінде қызмет атқарды.Нұрлыбек Даралиев — VIII шақырылымдағы облыстық мәслихаттың депутаты. 2023 жылдың сәуірінен 2026 жылдың мамырына дейін Атырау облыстық мәслихатының әлеуметтік-мәдени даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жетекшілік етті. Сонымен қатар Атырау облысы Полиция департаменті жанындағы нашақорлық құқық бұзушылықтарының алдын алу жөніндегі кеңес төрағасының орынбасары міндетін атқарды.Жаңа қызметке тағайындалғанға дейін Атырау облысының спорт басқармасында түрлі лауазымда еңбек етті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau/press/news/details/1234298?lang=ru
Қазақстандық экспорттаушылар Еуроодақтың жаңа климаттық талаптарына дайындалуда 30.06.2026
2026 жылдың 3 маусымда Астана қаласында «Еуропалық Одақтың трансшекаралық көміртекті реттеу тетігі (CBAM): қазақстандық алюминий және қара металлургия өнімдерін экспорттаушылар үшін нарыққа қол жеткізу, қаржылық салдарлар және талаптарға сәйкестік мәселелері» тақырыбындағы зерттеудің таныстырылымына арналған семинар өтті. Іс-шараға мемлекеттік органдардың, бизнес қауымдастығының, халықаралық ұйымдардың және сарапшылар қауымының өкілдері қатысты. Семинарды ҚР Сауда және интеграция вице-министрі Жанель Күшікова ашты.CBAM (Carbon Border Adjustment Mechanism) – Еуропалық Одақтың климаттық саясаты аясында енгізілген трансшекаралық көміртекті реттеу тетігі. Оның мақсаты – импортталатын өнімдерді өндіру кезінде бөлінетін парниктік газдар шығарындыларын есепке алу және еуропалық әрі шетелдік өндірушілер үшін бірыңғай экологиялық талаптарды қамтамасыз ету. 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап бұл тетік міндетті түрде қолданылатын кезеңге өтті. Осылайша, өнімнің көміртек ізін есепке алу Еуропалық Одақ нарығына шығудың маңызды шарттарының біріне айналды.Қазақстан үшін бұл мәселенің маңызы зор. Өйткені Еуропалық Одақ еліміздің негізгі сауда серіктестерінің бірі әрі қазақстандық алюминий өнімдерінің басты экспорттық нарығы болып табылады. Жаңа талаптар алюминий, темір және болат өнімдерін экспорттайтын отандық кәсіпорындардың қызметіне тікелей әсер етіп, олардың халықаралық саудадағы өзгеріп жатқан талаптарға бейімделуін қажет етеді.«2025 жылдың қорытындысы бойынша Еуропалық Одақтың Қазақстанның сыртқы саудасындағы үлесі шамамен 31%-ды, ал экспорт құрылымындағы үлесі 44%-ды құрады. Сонымен қатар, қазақстандық алюминий экспортының жартысынан астамы Еуропалық Одақ елдеріне бағытталған», – деп атап өтті Жанель Күшікова.Отандық бизнесті қолдау мақсатында Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі, Халықаралық сауда орталығы және «QazTrade» АҚ Еуропалық Одақ қаржыландыратын Ready4Trade Central Asia жобасы аясында CBAM тетігінің Қазақстанның алюминий және қара металлургия салаларына ықпалын бағалауға арналған зерттеу әзірледі. Құжатта жаңа механизмнің ықтимал қаржылық әсеріне талдау жасалып, кәсіпорындардың талаптарға бейімделуіне бағытталған практикалық ұсынымдар ұсынылған.«CBAM тетігі Еуропалық Одақтың климат пен сауда саласындағы кешенді саясатының маңызды құралдарының бірі саналады. Тұрақты даму көрсеткіштері бойынша есептіліктің ашықтығын арттыру және есеп жүргізу тәжірибесін жетілдіру қазақстандық экспорттаушыларға халықаралық нарықтардағы талаптар күшейіп жатқан жағдайда өз бәсекеге қабілеттілігін сақтауға мүмкіндік береді. Бұл бағыттағы жұмыстың нәтижелі болуы үшін мемлекеттік органдардың, бизнес қауымдастықтың және Халықаралық сауда орталығы (ITC) сияқты халықаралық серіктестердің өзара ықпалдастығы алдағы уақытта да ерекше маңызға ие», – деп атап өтті Йоханнес Баур, Еуропалық Одақтың Қазақстандағы Өкілдігінің ынтымақтастық бөлімінің басшысы.«ITC–QazTrade зерттеуінің қорытындыларына сәйкес, 2025 жылғы экспорт көлемдері негізге алынған жағдайда қазақстандық экспорттаушылардың CBAM аясындағы жыл сайынғы міндеттемелері өңделмеген алюминий, феррохром, сондай-ақ болат прутоктар мен өзектер сияқты төрт негізгі тауар санаты бойынша шамамен 114 миллион еуроны құрайды.Біз қазірдің өзінде өнеркәсіптік экспорттаушыларды Еуроодақтың жаңа талаптарына жүйелі түрде бейімдеу жұмыстарын бастадық. Бұл шаралар қаржылық жүктемені азайтуға және қазақстандық өнімнің біз үшін стратегиялық маңызы бар нарықтардың біріндегі бәсекеге қабілеттілігін сақтауға бағытталған», – деді «QazTrade» АҚ Бас директорының орынбасары Нұрлан Құлбатыров.Семинар барысында қатысушыларға зерттеудің негізгі қорытындылары мен кәсіпорындарды жаңа талаптарға бейімдеу бойынша ұсыныстар таныстырылды. Әсіресе шығарындыларды есепке алу және растау жүйелерін енгізу, қазақстандық өнімнің еуропалық нарықтағы бәсекеге қабілеттілігін сақтау және экологиялық таза өндірісті дамыту мүмкіндіктеріне ерекше назар аударылды. «Қазіргі таңда Қазақстан Еуропалық Одаққа құны 600 миллион еуродан асатын болат пен алюминий экспорттайды. Сарапшылардың бағалауынша, егер CBAM аясында стандартты шығарындылар көрсеткіштері қолданылса, қазақстандық экспорттаушылардың жыл сайынғы шығындары 100 миллион еуродан асып кетуі мүмкін. Оның 90 пайызы болат шыбықтар мен өзектерге тиесілі. Бұл өнімдер бойынша CBAM-ға байланысты шығындар кей жағдайда тауардың өз құнынан да жоғары болып, 123 пайызға жетуі ықтимал. Дегенмен, қазақстандық өндірушілер бұл шығындарды айтарлықтай азайта алады. Ол үшін нақты шығарындылар көлемін тұрақты бақылап, есепке алу, стандартты көрсеткіштердің орнына нақты деректерді ұсыну, жергілікті верификаторларды аккредиттеу, өндіріс орындарындағы шығарындыларды қысқарту және көміртек бағасын қалыптастырудың ішкі тетіктерін жетілдіру сияқты салыстырмалы түрде қарапайым қадамдарды жүзеге асыру жеткілікті», – деді Халықаралық сауда орталығының (ITC) сарапшысы әрі есептің жетекші авторы Йост Паувелин.Іс-шараға қатысушылар CBAM талаптарына тиімді бейімделу үшін шығарындыларды мониторингтеу мен верификациялаудың ұлттық инфрақұрылымын дамыту, білікті мамандар даярлау және мемлекет, бизнес пен халықаралық серіктестер арасындағы ынтымақтастықты нығайту маңызды екенін атап өтті. Сонымен қатар, жаңа климаттық талаптар қосымша міндеттеме ғана емес, өндірісті жаңғыртуға, энергия тиімділігін арттыруға және заманауи экологиялық технологияларды енгізуге мүмкіндік беретін маңызды ынталандырушы фактор ретінде бағаланды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1234299?lang=ru
Атырауда Мемлекеттік рәміздер күні салтанатты түрде аталып өтті 30.06.2026
4 маусым – ҚР Мемлекеттік рәміздер күні. Бұл мереке ел егемендігін айқындайтын басты нышандар – Ту, Елтаңба және Әнұранның мән-маңызын дәріптейді.Осы орайда Атырау қаласындағы Мемлекеттік рәміздер алаңында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын көтеру рәсімі өтті. Салтанатты іс-шараға облыс әкімі Серік Шәпкенов, депутаттар, мемлекеттік және құқық қорғау органдарының өкілдері, ардагерлер, жастар мен қала тұрғындары қатысты.Мерекелік жиынға жиналған жұртшылық Әнұранды бірге шырқады.Өңір басшысы Серік Шәпкенов мемлекеттік рәміздердің елдік рухты нығайтудағы және отансүйгіштік қасиеттерді қалыптастырудағы ерекше рөлін атап өтті.– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев рәміздердің халқымызды ортақ мақсаттарға жұмылдырып, ұлттық рухты асқақтатудағы рөлін әрдайым айрықша атап айтып келеді. Рәміздерді құрметтеу – Отанға деген құрметтің белгісі. Еңбектеген баладан еңкейген қарияға дейін мемлекеттік нышандарымызды қастерлей білсе, елге деген шынайы сүйіспеншіліктің бір көрінісі сол болмақ. Көк Туымыз әрдайым биікте желбіреп, Әнұранымыз жас ұрпақты жігерлендіре берсін! Тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын! – деді облыс әкімі.Мерекелік іс-шара өңірдің шығармашылық ұжымдары дайындаған концерттік бағдарламамен қорытындыланды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau/press/news/details/1234300?lang=ru
Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетовтің Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтауы 30.06.2026
Құрметті жерлестер!Сіздерді Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күнімен шын жүректен құттықтаймын!Ту, Елтаңба және Әнұран - халқымыздың тәуелсіздігі мен бірлігінің, елдік рухы мен ұлттық құндылықтарының айқын белгісі. Мемлекеттік рәміздер – әр азаматтың жүрегінде Отанға деген мақтаныш пен патриоттық сезімді нығайтатын қасиетті нышандар.Бүгінде көк Туымыз әлем аренасында биікте желбіреп, Елтаңбамыз егемен еліміздің айбынын айшықтап келеді. Ал Әнұранымыз әрбір қазақстандықтың жүрегіне рух пен сенім ұялатады. Осынау мерекеде баршаңызға мықты денсаулық, отбасыларыңызға амандық, ел игілігі жолындағы еңбектеріңізге табыс тілеймін!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko/press/news/details/1234306?lang=ru
Мемлекеттік органдардың байланыс орталықтары бірыңғай стандарттар мен заманауи цифрлық технологияларға көшуде 30.06.2026
Астанада «Электрондық қаржы орталығы» АҚ алаңында орталық мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдардың аппарат басшыларының қатысуымен «Байланыс орталықтары азаматтармен өзара іс-қимылдың негізгі фронт-желісі ретінде» тақырыбында кеңес өтті. Қатысушылар халықпен кері байланыс сапасын арттыру, қызмет көрсетудің бірыңғай стандарттарын енгізу және коммуникацияның цифрлық арналарын дамыту мәселелерін талқыладыЖасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитетінің төрағасы Айнұр Юсупова Байланыс орталықтарының қызметін стандарттау жөніндегі жалпыұлттық жоспардың 70-тармағын іске асыру нәтижелерімен таныстырды. Өз сөзінде ол соңғы жылдары елімізде байланыс орталықтарының жұмысына бірыңғай тәсілдерді енгізу үшін қажетті нормативтік және ұйымдастырушылық база қалыптасқанын, оның ішінде анықтамалық-ақпараттық қызметтердің қызметкерлері үшін кәсіби стандартты бекіту, олардың қызметін ұйымдастыруға қойылатын үлгілік талаптарды жетілдіру және міндетті аккредиттеу тетіктерін енгізу қалыптасқанын атап өтті.Мемлекеттік байланыс орталықтарының жұмыс істеуіне жүргізілген талдау нәтижелеріне ерекше назар аударылды. Айнұр Юсупованың айтуынша, мониторинг азаматтарға кеңес беру сапасын одан әрі арттыру, телефон желілерінің қолжетімділігін қамтамасыз ету және қызмет көрсетудің бірыңғай стандарттарын сақтау қажеттілігін көрсетті. Осыған байланысты мемлекеттік органдарға байланыс орталықтарын аккредиттеу, пайдаланылатын нөмірлік ресурсты ревизиялау және халықпен кері байланыс арналарының тиімділігін арттыру жұмысын жандандыру ұсынылды.Елімізде байланыс орталықтарының жұмысын ұйымдастырудың бірыңғай тәсілдері үшін нормативтік база қалыптастырылғаны, қызметкерлер үшін кәсіби стандарттар бекітілгені және аккредиттеу тетіктері енгізілгені атап өтілді.Кеңес барысында мемлекеттік органдардың қолданыстағы байланыс орталықтарын талдау нәтижелері жарияланды. Мониторинг қорытындысы бойынша мемлекеттік органдарға аккредиттеуден өтуді жеделдету, белгіленген талаптарға сәйкестікті қамтамасыз ету және азаматтар үшін сервистердің қолжетімділігін арттыру тапсырылды.Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің тәжірибесі сәтті өзгерістердің мысалы ретінде келтірілді. Министрлік «Электрондық қаржы орталығы» АҚ қатысуымен «бір терезе» қағидатын енгізе отырып, Бірыңғай байланыс орталығын жаңғыртты. Барлық жұмыс процестерін әкімшілік органдардың байланыс орталықтарының жұмысын ұйымдастыру жөніндегі үлгілік талаптарға келтіру одан әрі даму үшін берік жүйелі және құқықтық іргетас қалады.Омниканалдық платформа мен сандық құралдарды енгізудің арқасында өтініштердің өмірлік циклін толық бақылауды қамтамасыз ету және пайдаланушыларға қызмет көрсету сапасын арттыру мүмкіндігі туындады.Трансформация нәтижелері нақты көрсеткіштермен расталады. Жоғалған өтініштердің үлесі үш есеге жуық - 27,7%-дан 10%-ға дейін қысқарды, ал қызмет көрсету сапасын бағалау 5 балдың ішінен 4,84 балға дейін өсті.Одан әрі дамыту шеңберінде, талдау жасау үшін жасанды интеллект технологияларын енгізу, сондай-ақ байланыс орталығын халықаралық сапа стандарттары бойынша сертификаттауға дайындау жоспарлануда.Кеңес қорытындысы бойынша мемлекеттік органдарға байланыс орталықтарын одан әрі цифрлық трансформациялау және азаматтармен өзара іс-қимыл жасау сапасын арттыру жөнінде тапсырмалар берілді. Бұл шараларды іске асыру мемлекеттік сервистерді қолжетімді, ыңғайлы және халықтың қажеттіліктеріне бағдарлауға мүмкіндік береді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/minfin/press/news/details/1234316?lang=ru
«Рәміздер рухы – Конституцияның күші» атты жалпыұлттық патриоттық акция өтті 30.06.2026
Бүгін Қызылордадағы Мемлекеттік рәміздер аллеясында облыс әкімі Мұрат Ергешбаевтың қатысуымен 4 маусым – ҚР Мемлекеттік рәміздері күніне арналған «Рәміздер рухы – Конституцияның күші» атты жалпыұлттық патриоттық акция өтті.Оған облыстық мәслихат төрағасы, облыс әкімінің орынбасарлары, құқық қорғау органдарының басшылары, облыстық қоғамдық кеңес төрағасы, зиялы қауым, саяси партиялар, этномәдени бірлестіктер, үкіметтік емес ұйымдар, жастар ұйымдарының өкілдері қатысты.Акция «Мемлекеттік рәміздер – тәуелсіздік символы» атты тақырыптық прологпен ашылды.Аймақ басшысы жиналған қауымды Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтап, ел тәуелсіздігінің басты нышандарының тарихи мәні мен маңызына тоқталды.«Мемлекет басшысы: «Ұлт рәміздері – Тәуелсіздігіміздің киелі бойтұмары. Елтаңба, Ту және Әнұран – мызғымас мемлекеттігіміздің белгісі. Қастерлі нышандарымыз Қазақстанның егемен ел, еңселі жұрт екенін жер жүзіне әйгілейді. Байрағы биік елдің рухы асқақ болады», – деп атап өтті.Біздің мемлекеттік нышандарымыз Қазақстанды күллі әлемге бейбітшілік пен татулықтың символы ретінде дәріптеуде. Көк туымыз халықаралық ареналарда, әлемдегі алпауыт ұйымдардың төрінде Тәуелсіз Қазақстанның атын танытты. Айбынымызды асырған Мемлекеттік рәміздерді құрметтеп ұлықтау, келер ұрпаққа аманат ету – біздің азаматтық парызымыз.Баршаңызды Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күнімен шын жүректен құттықтаймын! Тәуелсіздігіміздің тұмарына айналған мемлекеттік нышандарымыз болашаққа бастаған ұлы көшімізді демеп, игі істеріміздің ұйытқысы бола берсін! Бірлігіміз жарасып, жарқын болашаққа басқан әр қадамымыз нық, ел іргесі берік болсын!», – деді Мұрат Нәлқожаұлы.Шарада хордың сүйемелдеуімен Мемлекеттік Әнұран шырқалып, жергілікті өнерпаздар патриоттық әндер орындады.Рәміздер күніне арналған акция ипподромда атты шерумен жалғасты. Сондай-ақ төтенше жағдайлар қызметкерлері Сырдария өзенінде Мемлекеттік Туды қайықпен алып жүріп, мереке мазмұнын айшықтай түсті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/1234404?lang=ru
Алматы облысында Мемлекеттік рәміздер ұлықталды 30.06.2026
Мемлекеттік рәміздер күні қарсаңында Алматы облысында патриоттық рух пен сүйіспеншілік сезімін оятатын мазмұнды шаралар легі толастаған жоқ. Солардың бірі Қонаев қаласындағы орталық алаңда өтті. Шара барысында арнайы тікұшақ Көк Туымызды көк аспанда қалықтатып, жиналған қауымның рухын оятты. Әнұранымыз әуелете шырқалып, Елтаңбаның тәуелсіздігіміздің символы ретіндегі мән-маңызы насихатталды. Мемлекеттік қызметкерлер ант қабылдап, облыстың даму жолында аянбай еңбек еткен жандар марапатталды, – деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.Салтанатты жиында Мемлекеттік Тудың әуеде қалықтаған әсерлі сәті ерекше есте қалды. Қонаев аспанында желбіреген Көк байрағымыз тәуелсіз елдің асқақ болмысын, береке-бірлігі мен жарқын болашаққа деген сенімін айқын көрсетті. Жиналған қауымның бойында мақтаныш сезімін оятып, Мемлекеттік рәміздерге деген құрметін одан әрі арттыра түсті.Шараға облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев қатысып, тұрғындарды айтулы мерекемен құттықтады.«1992 жылы 4 маусымда Тәуелсіз Қазақстанның алғашқы Мемлекеттік Туы мен Елтаңбасы ресми түрде бекітіліп, шежіреміздің жаңа парағы ашылды. Шәкен Ниязбековтің айбынды Көк Туы мен Жандарбек Мәлібеков пен Шот-Аман Уәлихановтың бірегей Елтаңбасы, кейіннен Шәмші Қалдаяқовтың әуезді әнімен толыққан Әнұранымыз ұлттық болмысымыз бен азаттық рухымыздың мәңгілік символына айналды.Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: «Ұлт рәміздері – Тәуелсіздігіміздің киелі бойтұмары, мызғымас мемлекеттігіміздің белгісі. Қастерлі нышандарымыз Қазақстанның егемен ел, еңселі жұрт екенін жер жүзіне әйгілейді», – деп рәміздердің маңыздылығына ерекше тоқталған болатын.Биылғы мерекенің біз үшін маңызы тіптен ерекше, себебі еліміз жалпыхалықтық референдумда қабылдаған Жаңа Конституцияның қағидаттарына сүйене отырып, дамудың жаңа кезеңіне қадам басты. Жаңарған Ата Заңымыз – Әділетті Қазақстанды құру жолындағы мемлекетіміздің егемендігі мен тұтастығының басты кепілі. Осыған орай, «Рәміздер рухы – Конституция күші» жалпыұлттық патриоттық акциясы аясында қоғамда ұлттық рух бекемделіп, Ата Заң мен рәміздерге деген құрмет мәдениеті жаңа деңгейге көтерілуде.Мемлекеттік рәміздерімізде бүкіл Қазақстан халқын біріктіретін құдыретті күш бар. Тәуелсіздігіміздің алтын күмбезі саналатын нышандарымыздың мәртебесі арта берсін», – деді аймақ басшысы.Сондай-ақ өңір дамуына үлес қосып жүрген бірқатар азаматты Мемлекеттік наградамен марапаттады. Солардың бірі – 40 жылға жуық уақыт бойы білім саласында еңбек еткен, Қарасай ауданы Шалқар орта мектебінің директоры Бану Аманова. «Бүгінгі Мемлекеттік рәміздер күнінде «Құрмет» орденімен марапатталу мен үшін үлкен мәртебе. Бұл менің ғана емес, білім саласына өлшеусіз үлес қосып келе жатқан барлық әріптестерімнің, барлық ұстаздардың еңбегі деп бағалаймын. Осы қажырлы еңбегімізді елеп-ескеріп жатқан Президентімізге, облыс әкімдігіне, облыстық білім басқармасына алғысым шексіз. Тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын. Көк Туымыз, Әнұранымыз бен Елтаңбамыз Отанымызбен бірге мәңгі жасасын. Еліміздің даңқы асқақтай берсін», – деді марапат иесі.Шара барысында мемлекеттік қызметтің түрлі бағытында еңбек жолын бастаған мамандар елге адал қызмет етіп, Конституция заңдарын берік сақтауға салтанатты түрде ант берді. Осылайша, егемендік айшығы болған Мемлекеттік рәміздер күні Алматы облысында мәні терең, көңілге рухани серпіліс сыйлайтын мазмұнды шаралармен жоғары деңгейде аталып өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1234335?lang=ru
Алматы облысында жаздағы ең ірі әуе фестивалі өтеді 30.06.2026
6 - 7 маусым күндері Алматы облысының Қаскелең қаласында халықаралық Qazaqstan International Balloon Festival әуе шарлары фестивалі өтеді. Фестиваль барысында 30-дан астам әуе шары бір мезетте көкке көтеріліп, аэростаттармен ұшу мүмкіндігі туады. Ұзындығы 15 метрге дейін жететін алып әуе батпырауықтарының шоуы, фудкорттар, кемпинг пен бүкіл отбасыға арналған түрлі ойын-сауық бағдарламалары қонақтарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлайды.Іс-шараның ең әсерлі сәті әуе шарларының бір мезетте аспанға көтерілуі болмақ. Қонақтар аэростатпен ұшып, Іле Алатауының бөктері мен Қаскелеңнің көркем табиғатын құс көзінен тамашалай алады. Кешкі бағдарлама да мазмұнды болмақ. 6 маусым күні сахна төрінде DJ King Macarella өнер көрсетсе, 7 маусымда аңызға айналған «Дос-Мұқасан» ансамблінің концерті мен танымал қазақстандық әнші Мирас Жүгінісовтің ән кеші өтеді.Балаларға арналған аймақта шеберлік сабақтары, батуттар және анимациялық бағдарламалар өткізіледі.Ұйымдастырушылар ғашық жандарға да ерекше мүмкіндік қарастырып отыр. Әуе шарымен ұшу кезінде сүйіктісіне үйленуге ұсыныс жасауға болады.Билет құны 5 мың теңгеден басталады. 5 жасқа дейінгі балаларға кіру тегін. Қонақтарға қолайлы болу үшін Алматы қаласынан трансфер, автотұрақ және шатырлы лагерь ұйымдастырылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1234417?lang=ru
Қорғаныс министрі әскери оқу орындарының үздік түлектеріне погондар табыс етті 30.06.2026
Салтанатты рәсім Мемлекеттік рәміздер күні «Атамекен» Қазақстан картасы» этномемориалдық кешенінде өтті.Іс-шараға күштік құрылымдардың және әскери оқу орындарының басшылық құрамы, Халық қаһарманы армия генералы Мұхтар Алтынбаев, Халық қаһарманы авиация генерал-майоры Тоқтар Әубәкіров, Қарулы күштердің ардагерлері, қоғам өкілдері, түлектердің ата-аналары мен туыстары қатысты.Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Құрлық әскерлері әскери институтының үздік түлектері Ернар Әшімханов, Нұрдәулет Мұрат және Арман Оңдасынов Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолынан «аға лейтенант» алғашқы әскери атағын алу құрметіне ие болды.Биылдан бастап еліміздің және шет мемлекеттердің әскери және арнаулы оқу орындарында жоғары білім беру бағдарламалары бойынша күндізгі оқу нысанын үздік бітірген түлектерге «аға лейтенант» әскери атағы берілетінін атап өту керек. Сонымен қатар, оларға қызмет орнын өз қалауымен таңдау мүмкіндігі де беріліп отыр.Қорғаныс министрі авиация генерал-лейтенанты Дәурен Қосанов бірқатар оқу үздіктеріне лейтенант погондарын табыс етті. Олардың қатарында Құрлық әскерлері әскери институтының түлегі Мирас Алмасұлы, Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының түлектері Олжас Ғапуржан, Дәулет Еркінов, Рамазан Оразбаев және Нұржан Серіков бар.– Бүгін біз үшін ерекше күн. «Лейтенант» әскери атағын алып, офицерлік өмірге қадам бастық. Өзіме артылған сенімнің салмағын толық сезінемін. Осы сенімді ақтап, ел қорғау жолында адал қызмет етуге, алған білімімді іс жүзінде дәлелдеуге уәде беремін, – деді лейтенант Нұржан Серіков.Авиация генерал-лейтенанты Дәурен Қосанов түлектерді тарихи сәтпен құттықтап, Отанға адал қызмет етуге тілек білдірді.– Осындай тарихи әрі маңызды сәттің куәсі болғаныма ерекше қуаныштымын. Бұл – ұлымның табанды еңбегі мен қажырлы ізденісінің нәтижесі. Баламның жетістігін мақтан тұтамын және оның ел қауіпсіздігі жолында абыройлы қызмет атқаратын білікті офицер боларына сенімдімін, – деді Арман Оңдасыновтың анасы Динара Ибраева.Сонымен бірге Қорғаныс министрі Сағадат Нұрмағамбетов атындағы әскери колледждің үздік түлектері Даниял Қуанышев пен Жанболат Шайкамалға «сержант» погондарын табыстады.– Біздің ұлымыз бала күнінен әскери адам болуды армандады. Бүгін ол арманына алғашқы қадамын жасады. Болашақта ол әскери жоғары оқу орнында білімін жалғастыруды жоспарлап отыр. Біз ұлымызды мақтан тұтамыз, – деді Жанболат Шайкамалдың анасы Айгүл Дәуітбаева.Әскери оқу орындарының түлектері Отанға адал қызмет етіп, әскери антқа берік болып, елдің қауіпсіздігі мен қорғанысын нығайту жолында аянбай тер төгуге уәде берді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1234421?lang=ru
Мемлекеттік рәміздер күніне арналған салтанатты шара өтті 30.06.2026
Бүгін «Достық үйінде» облыс әкімі Мұрат Ергешбаевтың қатысуымен Мемлекеттік рәміздер күніне арналған салтанатты шара өтті.Аймақ басшысы сырбойылықтарды мерекемен құттықтап, елдік рухты асқақтатқан Мемлекеттік рәміздердің айрықша маңызына тоқталды.«Баршаңызды Мемлекеттік рәміздер күнімен шын жүректен құттықтаймын!Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы: «Көк байрағымыз – мызғымас мемлекеттіліктің белгісі. Елтаңбамыз – азаттықтың айшықты көрінісі. Әнұранымыз – еркіндік пен елдіктің үні. Тәуелсіздіктің осы үш символы халқымызға ерекше рух береді. Әрқайсымыздың кеудемізге мақтаныш ұялатады», – деген болатын.Бүгінгі айтулы мерекеге орай облыс көлемінде Мемлекеттік ту көтеру рәсімдері ұйымдастырылып, түрлі форматтағы іс-шаралар өтуде.Осы ретте, еліміздің жарқын болашағына аянбай еңбек етіп, отансүйгіштіктің нағыз үлгісін көрсетіп жүрген жерлестерімізді марапаттау рәсімінде бас қостық.Тәуелсіздігіміздің тұғырын нығайтып, елдігіміздің еңсесін көтеруде әрбір азаматтың адал еңбегі мен берік ұстанымы маңызды.Сіздер Әділетті, Қауіпсіз әрі Таза Қазақстанды құруға, аймағымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына, халықтың әл-ауқатын арттыруға зор үлес қосып келесіздер. Алдағы уақытта да қасиетті Отанымыздың өсіп-өркендеуіне барлық күш-жігерлеріңізді жұмсап, жоғары нәтижелерге қол жеткізеді деп сенемін!»– деді облыс әкімі.Мерекелік шарада Мәдениет қайраткері Шәкизада Әбдікәрімов сөз сөйледі. Президент Жарлығына сәйкес жерлестеріміз «Құрмет» орденімен, «Ерлігі үшін», «Ерен еңбегі үшін» және «Шапағат» медальдарымен марапатталды.Сонымен қатар ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаевтың Алғыс хаты табысталды, бірқатар азамат облыстың Құрмет грамотасын, «Қызылорда облысының дамуына қосқан үлесі үшін» медалін және облыс әкімінің Алғыс хатын алды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/1234466?lang=ru
Атырауда өңірдегі үздік оқушылар мен ұстаздар марапатталды 30.06.2026
Атырауда халықаралық және республикалық олимпиадаларда, ғылыми жобалар мен шығармашылық байқауларда топ жарған оқушыларды ұлықтауға арналған «Дарынды ұрпақ – ел болашағы» атты салтанатты іс-шара өтті.Жиынға Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов қатысып, білім саласының дамуына елеулі үлес қосқан ұстаздарға мемлекеттік наградалар табыстады. Ал озат оқушылар облыс әкімінің Алғыс хатын алды.Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Индер ауданының еңбек ардагері Гауһар Серікбаева мен Аққыстау орта мектебінің математика пәні мұғалімі Гүлнәр Төлеуғалиева «Құрмет» орденімен марапатталды.Гауһар Серікбаева еңбек жолын 1982 жылы Есбол орта мектебінде бастап, 2005 жылдан бері «Көктем» орта мектебінде математика пәнінен сабақ берді.Ал Гүлнәр Төлеуғалиева білім беру саласында 38 жылдан астам уақыт еңбек етіп келеді. Оның шәкірттері аудандық, облыстық пән олимпиадалары мен ғылыми жобалар байқауларында бірнеше мәрте жеңімпаз атанған.«Ерен еңбегі үшін» медалі Құрманғазы ауданындағы Б.Бегалиев атындағы орта мектептің математика пәні мұғалімі Сания Қуанышәлиеваға, Қ.Кайсенов атындағы мектептің тарих пәні мұғалімі Зибира Ордабаеваға, Жылыой ауданындағы М.Сатыбалдиев атындағы мектептің бастауыш сынып мұғалімі Гүлнәр Сибағатоваға және еңбек ардагері Светлана Сұлтановаға табысталды.Сания Қуанышәлиева педагогикалық қызметін 1990 жылы бастаған. Зибира Ордабаева 35 жылдан астам уақытын жас ұрпақты тәрбиелеуге арнап, оларға білім берумен қатар еңбекқорлық пен адамгершілік құндылықтарды дәріптеп келеді.Гүлнәр Сибағатова – 38 жылдық еңбек өтілі бар педагог-зерттеуші. Ал Светлана Сұлтанова еңбек жолын 1981 жылы балабақша тәрбиешісі ретінде бастап, кейін облыс мектептерінде қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті пәндерінен сабақ берді. Әр жылдары директордың орынбасары, мектеп директоры қызметін атқарып, жоғары санатты ұстаз ретінде танылды.Салтанатты жиында сөз сөйлеген облыс әкімі білімнің ел болашағын айқындайтын басты құндылық екенін атап өтті.– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев білімді, бастамашыл әрі бәсекеге қабілетті жас ұрпақ елдің жарқын болашағының негізі екенін жиі айтады. Өлкеміздің озат шәкірттері өз жетістігімен өңіріміздің мерейін асқақтатып, елімізді әлемге танытып жүр. Облыс әкімдігі білімді оқушыларды қолдауға қай кезде де дайын. Биыл дарынды оқушыларға арналған 200 орындық «Жас Дарын» оқу-жаттығу лагері салынып жатыр. Нысан келер жылы пайдалануға беріледі. Онда үздіктеріміз жазғы демалыста тынығып қана қоймай, жыл он екі ай бойы олимпиадалар мен шығармашылық байқауларға дайындалады. Бізді өздеріңіз секілді білім-ғылымға құштар ұрпақтың талпынысы ерекше қуантады. Асқақ армандарыңыздың орындалуына тілектеспін және еліміздің дамуына зор үлес қосатындарыңызға сенімдімін, – деді Серік Шәпкенов.Қазіргі таңда облыста 154 мыңға жуық оқушы білім алады. Олардың 5 мыңнан астамы түрлі зияткерлік сайыстарға белсенді қатысып жүр. Биыл 167 оқушы халықаралық және республикалық олимпиадалар мен ғылыми жобалар байқауларында жеңіске жеткен.Солардың бірі – «Білім-Инновация» лицейінің оқушысы Әбілмансұр Құрмет. Ол Еуразия олимпиадасында информатика пәнінен команда құрамында алтын медаль иеленді.– Олимпиадаға екі ай бойы үзбей дайындалдық. Күн сайын бес сағатқа дейін онлайн кездесулер өткізіп, күрделі тапсырмаларды орындалық. Менің міндетім бағдарламалық код жазу болды. Бұл олимпиаданың тапсырмаларын Мәскеу физика-техникалық институтының мамандары әзірлейді, күрделі сайыстың бірі, – деді Әбілмансұр Құрмет.Атыраулық шәкірттер республикалық пән олимпиадаларында да жоғары нәтиже көрсетті. 7-8 сынып оқушылары жалпыкомандалық есепте бас жүлде иеленіп, 4 алтын, 8 күміс және 5 қола медаль жеңіп алды. Ал 9-11 сынып оқушыларының қоржынында 10 алтын, 9 күміс және 15 қола медаль бар.Марапаттау рәсімі мерекелік концертпен қорытындыланып, онда дарынды балалар өнер көрсетті. Сондай-ақ Gassyr мен Сырым Исабаевтар кешке арнайы шақырылып, өз әндерін тарту етті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau/press/news/details/1234736?lang=ru
Оқу-ағарту министрі OpenAI компаниясымен білім беруде жасанды интеллектті дамыту мәселелерін талқылады 30.06.2026
Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова OpenAI компаниясының делегациясымен орта білім беру жүйесіне жасанды интеллект технологияларын енгізу мәселелеріне арналған жұмыс кездесуін өткізді.Келіссөздерге Education for Countries халықаралық бағытының жетекшісі Валери Фокке және білім беру жобалары мен жасанды интеллектке негізделген шешімдерді енгізуге жауапты OpenAI сарапшылары қатысты.Тараптар жасанды интеллект құралдарын білім беру процесінде қолдану мүмкіндіктерін, педагогтер мен оқушылардың цифрлық құзыреттерін дамыту, сондай-ақ цифрлық трансформация жағдайында мұғалімдерді жұмысқа даярлау мәселелерін талқылады.Білім беруде жасанды интеллектті қолданудың халықаралық тәжірибесіне, оның ішінде оқыту процесіне заманауи цифрлық технологияларды белсенді енгізіп отырған елдердің озық тәжірибелеріне ерекше назар аударылды.Жұлдыз Сүлейменова Оқу-ағарту министрлігінің білім сапасын арттыруға және білім алушылардың цифрлық дағдыларын дамытуға бағытталған озық шешімдерді зерделеуге әрі енгізуге мүдделі екенін атап өтті.Кездесу Оқу-ағарту министрлігінің заманауи білім беру технологияларын дамыту және білім беру жүйесін цифрлық дәуір сын-қатерлеріне даярлау жөніндегі жұмысы аясында өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/press/news/details/1234766?lang=ru
Атырау облысы әкімдігінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері талқыланды 30.06.2026
Атырау облысы әкімдігінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша жұмыс кеңесі өтті. Жиынға облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары Ербол Жұмабай төрағалық етті.Кеңеске облыстық басқармалардың, қала және аудан әкімдіктерінің заңгерлері қатысты. Сондай-ақ ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің бас маманы Августина Мұратова мен облыс әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Фарида Ахметова болды.Жиында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу тәртібі мен әдістемелік ұсынымдар түсіндірілді. Қатысушыларға «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл» №4 үлгілік базалық бағыты аясындағы жоспардың орындалуы, сондай-ақ мәліметтерді «Битрикс» ақпараттық жүйесіне уақытылы енгізу тәртібі таныстырылды.Кеңес қорытындысында жауапты мемлекеттік органдарға талдау жұмыстарын сапалы жүргізу, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды жүзеге асыру кезінде формализмге жол бермеу жөнінде нақты тапсырмалар берілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau/press/news/details/1234893?lang=ru
Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақаловтың ҚР Мемлекеттік рәміздері күнімен құттықтауы 30.06.2026
Құрметті қостанайлықтар!Ардақты жерлестер!Сіздерді 4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күнімен шын жүректен құттықтаймын!Мемлекеттік Ту, Елтаңба және Әнұран – Тәуелсіздіктің тұғыры, ұлттық рухымыздың символы. Қазақта «Туы бірдің – түбі бір, жолы бірдің – жүгі бір» деген сөз бар. Еліміздегі түрлі этнос өкілдері көк байрақтың астында тұтасып, тату-тәтті өмір сүріп жатыр. Бізді көк паспортымыз, реформалардың жасампаз қуатына деген ортақ мақсат пен мызғымас сенім біріктіреді.Осы бағыттағы маңызды тарихи қадамдардың бірі – 15 наурыздағы жалпыхалықтық референдум арқылы қабылданған жаңа Конституция. Ата Заң – мемлекет тұрақтылығының кепілі, ел бірлігінің берік негізі. Конституцияда айқындалған басты құндылықтар – адам құқығы, заң мен тәртіп, әлеуметтік әділдік және жауапты азаматтық қағидаттары бүгінде мемлекеттік саясаттың өзегіне айналды.Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде: «Біздің мүддеміз де, жолымыз да, мұратымыз да – ортақ. Бұл – Әділетті, Қауіпсіз әрі Таза Қазақстанды құру. Конституция арқылы заң мен тәртіптің үстемдігін қамтамасыз етіп, береке-бірлігімізді сақтап, нығайта берсек, кез келген биікті бағындырамыз, – деп атап өтті. Қостанай облысында да ауқымды өзгерістерді кезең-кезеңімен қолға алып жатырмыз, бұны даму қарқынынан анық байқауға болады.Мемлекет басшысы ел экономикасының жыл сайынғы өсімін кемінде 6 пайыз деңгейінде қамтамасыз ету жөніндегі стратегиялық міндетті белгіледі. Соңғы екі жыл бойы біз бұл тапсырманы дәйекті түрде орындап, тұрақты оң динамика көрсетіп келеміз.Мәселен, 2024 жылы экономика өсімі белгіленген 6 пайыздық көрсеткіштен асып, 8,3 пайызды құрады. Ал 2025 жылы жоспарланған 6,5 пайыздық көрсеткіш кезінде өсім 8,2 пайыз деңгейіне жетті. Биылғы міндет – экономикалық өсімді 6 пайыздан төмен түсірмей, оң динамиканы сақтау.Қазіргі уақытта Қостанай облысы Қазақстанның машина жасау орталығы болып табылады. Біз еліміздің машина жасау саласы өндірісінің жалпы көлемінің 25 пайызын өндіреміз. Алдағы уақытта бұл үлес одан әрі арта түседі.Жаңа өндірістер құрылуда. Егер 2022 жылы өңірде 4 ірі машина жасау зауыты жұмыс істеген болса, олар: «СарыарқаАвтоПром» ЖШС, «АгромашХолдинг KZ» АҚ, «МТЗ-Қазақстан машина жасау зауыты» ЖШС және «Қостанай трактор зауыты» ЖШС.Соңғы үш жылда тағы бес заманауи өндіріс пайда болды. Олар: Kia автомобиль зауыты, жүк техникасына арналған жетекші көпірлер өндіретін зауыт, жүк автомобильдеріне арналған блоктар мен блок бастиектерін өндіретін зауыт, теміржол көлігіне арналған серіппелер шығаратын зауыт және жеңіл автомобильдерге арналған автокомпоненттер өндіретін зауыт іске қосылуға дайындалуда.3 мыңнан астам жұмыс орны құрылды.Агроөнеркәсіптік кешенде 7 ірі сүт-тауар фермасы салынды, биыл тағы 5 ферманы ашу жоспарланып отыр.Сонымен қатар, «S-Agro Borovskoe» ЖШС-нің құрғақ бие сүтін өндіретін зауыты, «Аруана-2010» ЖШС-нің заманауи диірмен кешені, «KAIZEN» ЖШС-нің дәнді-бұршақты дақылдарды өңдеу фабрикасы, сондай-ақ «МИЛХ» ЖШС компаниясының қуаттылығы 10 мың тонна болатын ірімшік өндіру зауыты іске қосылды.«Кондитерлік астана» фабрикасының құрылысын аяқтап жатырмыз. Осы жобаның арқасында облыс еліміздегі кондитерлік өнімдердің ірі өндірушісіне айналады.Көлік логистикасын дамыту мақсатында облыс орталығында халықаралық «Тобыл» көлік-логистикалық кешенінің құрылысы жүргізілуде.Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен жүзеге асырылып жатқан стратегиялық маңызы бар «Орталық – Батыс» автожол дәлізінің құрылысы басталып кетті. Сондай-ақ, биыл Арқалық қаласынан Ұлытау облысының шекарасына дейінгі жол толық жөнделеді.Облыстың оңтүстік өңірлерін дамыту мақсатында Арқалық қаласында әуежайдың құрылысы аяқталуға жақын. Нысан алдағы бір жарым ай ішінде пайдалануға беріледі. Осылайша, Арқалықтан тікелей Қостанайға, Астанаға және Алматыға ұшақтар ұшады.Әлеуметтік сала өңір дамуының басым бағыты болып қала береді, ауылдық аумақтарды дамытуға ерекше көңіл бөлінуде.Соңғы үш жылда 305 ауылдық елді мекенде 1072 көше жөнделді, 185 ауылға кіреберіс жолдар қалпына келтірілді және 76 шақырым тротуар төселді. 98 ауылдағы 293 көше учаскесіне алғаш рет асфальт жабыны салынды.Тұрғын үй құрылысы қарқынды дамып келеді. 2025 жылы облыста 517,4 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл 5,4 мыңнан астам отбасын баспанамен қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.Соңғы жылдары өңірімізде жаңа мектептер, балабақшалар, денсаулық сақтау және спорт нысандары ашылып, ауылдық жерлерде инфрақұрылым жаңартылып жатыр.Тек 2023 жылдан бері облыста 100-ден астам әлеуметтік нысан пайдалануға берілді. Олардың қатарында 6,8 мың оқушы орнына арналған 10 мектеп және 2,3 мыңнан астам балаға арналған 15 балабақша бар.Қостанай қаласындағы Нариманов базары ауданында, сондай-ақ Тобыл қаласының «Астана» шағын ауданында әрқайсысы 1200 оқушы орнына арналған екі мектеп салынады. Әрқайсысының болжамды құны – 8,4 миллиард теңге.Соңғы үш жылда фельдшерлік-акушерлік пункттерді, дәрігерлік амбулаторияларды және медициналық пункттерді қоса алғанда, денсаулық сақтау және әлеуметтік саладағы 39 нысан салынды. Таяу күндері Қостанай ауданында үлкен емхана ашылады.Бұдан бөлек, 8 мәдениет нысаны және 39 спорт нысаны салынды. Олардың қатарында 18 дене шынықтыру-сауықтыру кешені, 11 хоккей корты, ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған жабық иппотерапия манежі және Арқалық қаласындағы спортқа дарынды балаларға арналған интернат бар.Қазіргі уақытта Үстел теннисі орталығы, жаңа аквапарк, Қостанай қаласының жағалауындағы көпфункционалды стадион салынып жатыр. Сондай-ақ «Астана» шағын ауданында 3 мың орындық жаңа Спорт сарайының құрылысы басталады. Арқалық қаласында «Самұрық-Қазына» қоры заманауи көпфункционалды спорт кешенінің жобасын жүзеге асыруда.«Қазақстан халқына» қоры Қостанай қаласында мүгедектігі бар адамдарға арналған дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысын қаржыландырады деген келісімге қол жеткізілді. Бұл мәселе ұзақ жылдар бойы шешімін таппаған болатын.Өз кезегінде, еліміздің Мемлекеттік Туын мен Әнұранын халықаралық ареналарда абыроймен асқақтатып жүрген спортшыларымыз – барша қостанайлықтардың мақтанышы.Биыл да өңір спортшылары жоғары нәтижелерге қол жеткізді. Бокстан Азия чемпионы - Надежда Рябец, XXV жазғы Сурдолимпиада ойындарында теннистен командалық сайыста қола жүлдеге ие болған Бижан Төлебаев, Қанат Конкубаев, Данияр Искендиров пен Абылай Бүркітбай – қайсарлық пен табандылықтың айқын үлгісі.Пара пауэрлифтингтен әлем чемпионы атанған Фархат Мутунов, грек-рим күресінен U-23 әлем чемпионатының күміс жүлдегері Иусуф Мациев – өңір мақтаныштары.Қостанай өңірі – елге қызмет еткен ұлы тұлғалардың қасиетті мекені. Бұл – Ыбырай Алтынсарин, Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатұлы, Бейімбет Майлин сынды Алаш руханиятының алыптарын дүниеге әкелген киелі топырақ.Олардың ағартушылық идеялары, ұлтқа адал қызмет ету жолындағы өнегелі өмірі бүгінгі ұрпаққа рухани бағдар болып келеді.Бүгінде сол даңқты жолды жалғастырып жүрген дарынды жастарымыз аз емес. Білім саласында халықаралық және республикалық олимпиадаларда жеңіске жеткен оқушыларымыз өңір мерейін асқақтатып, көк байрағымызды желбіретіп жүр.Физика пәнінен Азия олимпиадасының қола жүлдегері Әбдіқадір Таир, химиядан халықаралық олимпиаданың күміс жүлдегері Наргиз Абжанова, тіл білімі бойынша Азия-Тынық мұхиты олимпиадасының жеңімпазы Әлібек Қадралинов – Тәуелсіз Қазақстан жастарының жарқын келбеті.Мәдениет саласында да қостанайлық өнерпаздар ұлттық өнерді дәріптеп, халықаралық деңгейде табысты өнер көрсетіп келеді. «Алтын домбыра» иегері Айбек Қалиев пен «Алтын шаңырақ» республикалық айтысының Гран-при иегері Ирина Новицкая – ұлттық өнердің абыройын асқақтатқан дарындар.Қадірлі қауым!Бүгін біздің ортамызда даңқты қолбасшы, «Халық Қаһарманы» Бауыржан Момышұлының көзін көрген ел анасы, белгілі этнограф-жазушы Зейнеп Ахметова апамыздың отырғаны – біз үшін үлкен мәртебе.Бауыржан Момышұлы – ерлік пен елдіктің, тәртіп пен отансүйгіштіктің символына айналған тарихи тұлға. Оның өнегелі өмірі мен рухани мұрасы – жас ұрпақ тәрбиесіндегі мол қазына.Ал Зейнеп апамыз ұлттық тәрбие мен рухани байлықты дәріптеп, ұлт руханиятына өлшеусіз үлес қосып келеді. Осындай ардақты тұлғаның бүгінгі форумға қатысуы – баршамыз үшін тарихи сәт.Сонымен қатар, бүгін арамызда Олимпиада ойындарының жүлдегері Василий Левиттің анасы — Татьяна Борисовна да отыр. Еліміздің мақтанышына айналған осындай лайықты ұл-қыздарды тәрбиелеп, өсірген барлық ата-аналарға шынайы алғысымызды білдіреміз.Қадірлі ағайын!Көк Туымыз әрдайым бейбіт аспан астында желбірей берсін! Елтаңбамыз ел бірлігінің символы болып қала берсін! Әнұранымыз әр азаматтың жүрегінен орын алсын!Баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, елімізге тұрақтылық пен өркендеу тілеймін!Мереке құтты болсын!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1234927?lang=ru
Аманкелді, Жетікөл және Айдарлы ауылдарының тұрғындары ұсыныс-пікірлерін жеткізді 30.06.2026
Облыс әкімі Мұрат Ергешбаев, облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Тлеумбетов, ел ағалары Серік Дүйсенбаев, Өмірбек Шәменов, Сұлтанбек Тәуіпбаев Сырдария ауданының Аманкелді, Жетікөл, Айдарлы ауылдарына жұмыс сапарымен барып, тұрғындармен және аудан активімен кездесті. Онда өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі қорытындылары мен алдағы міндеттер талқыланды.Жақында ауданда ауыл шаруашылығы саласын жаңа деңгейге көтеретін ауқымды инвестициялық жоба – жүгері дақылын терең өңдеу зауытының алғашқы кезеңі іске қосылды. Алда бұдан да басқа жаңа инвестициялық жобаларды жүзеге асыру, салық базасын ұлғайту міндеті тұр. Аймақ басшысы шаруашылық каналдарын бетондау жобасын жедел әзірлеуді, суды аз қажет ететін дақылдар көлемін ұлғайтуды тапсырды. Құрылыс сапасын бақылаудағы кейбір мәселелерге тоқталып, болашақта салынатын нысандарды бастан-аяқ қатаң бақылауды жауапты мамандарға жүктеді. Бүгінде Сырдария ауданын газдандыру деңгейі 67 пайыз, Шіркейлі және Қоғалыкөл ауылдарына табиғи газ жеткізуге қаржы бөлінді. Бұл жұмыс мерзімінде әрі сапалы атқарылуы тиіс. Бесарық ауылын газдандыру жобасы дайын. Ендігікезекте демеушілерді тарта отырып, қалған ауылдардың жобасы әзірленуі керек. Кездесуде электр желілеріндегі апаттың алдын алу, жедел шара қабылдау, «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасын іске асыруға қатысты тапсырмалар берілді. Сырдария ауданындағы 2024 жылы пайдалануға берілген полигонда қалдықты қабылдау, сұрыптау және залалсыздандыру процестері талапқа сәйкес болуы тиіс. Қоғамдық қауіпсіздік пен құқықтық тәртіп назардан тыс қалмауы қажет.Биылғы төрт айда аудан экономикасында оң өсім қалыптасты. Өнеркәсіп өндірісінің көлемі 38 млрд теңгеден асып, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда айтарлықтай артты. Оның ішінде өңдеу өнеркәсібінде өндірілген өнім көлемі 4,6 млрд теңге, ауыл, орман және балық шаруашылығы саласында өндірілген жалпы өнім көлемі 2,2 млрд теңгеге жетіп, өсім көрсетті. Негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі 21,3 млрд теңге, жыл басынан бері 6 732 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Шағын және орта кәсіпкерлік саласы да тұрақты дамып келеді, ауданда 2 368 кәсіпкерлік субъектісі тіркелген, оның 98,3 пайызы белсенді жұмыс істейді.Кездесуде ақсақалдар ұсыныс-пікірлерін білдіріп, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты өзекті мәселелерді көтерді. Облыс әкімі барлық ұсыныс назарға алынатынын және көтерілген мәселелер кезең-кезеңімен шешілетінін атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/1235037?lang=ru
Жалағаш ауданының негізгі көрсеткіштері талқыланды 30.06.2026
Облыс әкімі Мұрат Ергешбаев, облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Тлеумбетов, ел ағалары Серік Дүйсенбаев, Өмірбек Шәменов, Еңбек Ері Имамзада Шағыртаев Жалағаш ауданына жұмыс сапарымен барып, М.Шәменов, Қаракеткен, Аққұм ауылдарының тұрғындарымен және аудан активімен кездесті. Жиында өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері, бағдарланған ауқымды жобалар талқыланды. Қаракеткен ауылында іске қосылған «Харвест Агро» агроиндустриалды кластерінің алғашқы кезеңі – аудан экономикасына айрықша серпін беретін жоба. Аймақ басшысы аудан әкімдігіне қолда бар мүмкіндіктерді тиімді пайдалануды, инвестицияның басқа да көздерін іздестіруді, салық базасын ұлғайтуды тапсырды. Шаруашылық құрылымдарымен бірге каналдарды бетондау жобаларын әзірлеу, оларды тез арада қаржыландыруға ұсыну, суды аз қажет ететін дақылдар көлемін ұлғайту да назардан тыс қалмауы тиіс.Соңғы төрт жылда Жалағаш ауданында 192 пәтер салынды. Салаға жетекшілік жасайтын аудан әкімінің орынбасары, құрылыс бөлімінің басшысы әлеуметтік нысандар мен тұрғын үйлердің сапасын қатаң бақылауы керек.Жалағаш ауданында газдандыру деңгейі 53 пайыз, Қаракеткен және Бұқарбай батыр ауылдарына газ тарту жобасы әзірленген, Аққұм және Мәдениет бағытындағы ауылдарға жоба дайындауға демеушілерді тарту тапсырылды.Мәжілісте электр желілеріндегі апатты болдырмаудың жедел шараларын қабылдау, тұрмыстық қатты қалдықтарды тиімді басқару мәселелері де талқыланып, тиісті тапсырма берілді.Аймақ басшысы «Руханият» орталығында ауданның белсенді жастарымен кездесіп, олардың тың жобалары таныстырылды. Жалағаш ауданында өнеркәсіп өнімдерін өндіру көлемі 120,0 пайызға орындалып, 12 млрд 269 млн теңгенің өнімі өндірілді. Ал инвестиция көлемі 8 млрд 290 млн теңге болып, есепті кезеңмен салыстырғанда 122,7 пайызға жетті. Ауыл шаруашылығы саласында да өсім байқалады. Нақтырақ айтсақ, биыл жалағаштық шаруалар 42 178 гектарға егін екті, күріш көлемі 16 800 гектар.Ауданда 2 531 шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі тіркелсе, оның 97,3 пайызы тұрақты жұмыс істейді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/1235092?lang=ru