Enbekshi QazaQ

Қуқық

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА БАРЛЫҚ МЕКТЕПТЕРДІҢ АСХАНАЛАРЫНА МОНИТОРИНГ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ 27.11.2024
Түркістан облысында бастауыш сынып оқушылары бір реттік ыстық тамақпен толықтай қамтамасыз етілген. Жалпы 2024 жылы өңірде 220 920 оқушы тегін тамақтануда. Бұл туралы Түркістан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысы Нұрбек Нышанов БАҚ өкілдерімен өткен брифингте мәлімдеді.«Жалпы Түркістан облысы бойынша қадағалауда 1 062 мектеп пен 21 интернат ұйымы бар. Оның 829-ы мектеп асханасымен қамтылса, 37-і буфетпен, 56-ы кейтеринг қызметімен қамтамасыз етілген. Биылғы жылдың қыркүйек айында Маңғыстау облысына қарасты, Бесшоқы ауылындағы №8 мектебінің 460 оқушысы тамақтан уланған болатын. Осы жағдайға байланысты ҚР Премьер-Министрінің тапсырмасымен қадағалаудағы барлық мектептің асханаларына бақылау-парағына сәйкес мониторинг жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде қыркүйек айынан бастап өңірдегі барлық мектептің асханаларына мониторинг жұмыстары жүргізілді»,— деді департамент басшысы.Спикердің сөзінше, мектеп асханаларына қойылатын негізгі талаптарға ас блогының санитариялық-эпидемиологиялық қорытындысының болуы міндеттеледі. Сонымен қатар, білім алушылардың ауыз су режимін ұйымдастыру мен азық-түлік өнімдерінің жарамдылығы да маңызды.Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/891610
Зеренді ауданының тұрғындары жаңа баспана алды 27.11.2024
Ақмола облысының Зеренді ауданында көпбалалы отбасыларға жаңа пәтер кілттерін салтанатты түрде тапсыру рәсімі өтті.Іс-шара тұрғын үй құрылысын дамытудың және халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдаудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде өтті. Аудан әкімдігі тұрғын үй жағдайын жақсартуға мұқтаж отбасылар үшін жеті пәтер сатып алды. Пәтерлер абаттандырылған тұрғын үйде орналасқан және әрқайсысының ауданы 84 шаршы метрді құрайды.Баспана кілттерін тұрғындарға Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов тапсырды. Жаңа қоныстанушылар арасында бес баланың анасы Самал Мәдимұханбетованың отбасы бар.«Біздің отбасымыз үшін бұл қуанышты және маңызды оқиға. Көмек көрсеткені, өмір сүруге қолайлы жағдай жасағаны үшін мемлекетімізге алғыс айтамыз», - деді зеренділік тұрғын.Сол күні Зеренді ауданына жаңа мамандандырылған техника берілді. Олардың арасында жедел медициналық жәрдем, аударғыш жүк көлігі, ассенизатор машинасы, шағын автобус және т.б. көлік түрлері бар.Автопаркті жаңарту коммуналдық қызметтер жұмысының тиімділігін арттыруға және халыққа көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсартуға бағытталған.Өңір басшысы бұл шара ауданда өмір сүру сапасын едәуір арттыруға және қызметтердің жұмыс істеуі үшін қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік беретінін атап өтті.Заманауи жедел жәрдем көліктері әсіресе шалғайдағы елді мекендерден шақырту түскен кездегі медициналық қызмет көрсету уақытын едәуір қысқартады.«В» және «С» класты автомобильдер шұғыл медициналық көмек көрсету үшін толық жабдықталған. Олар өкпені жасанды желдетудің портативті аппаратымен, көлік дефибриллятор-мониторымен, реанимациялық жинақпен, электрокардиографпен, сондай-ақ реанимациялық-анестезиологиялық мақсаттағы көлік мониторымен жабдықталған. Бұл жабдық пациенттерге ең қиын жағдайларда да көмек көрсетуге мүмкіндік береді», - деді облыстың денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлан Ахильбеков.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/891594
Зеренді ауданының дамуы: болашағы мен жоспарлары 27.11.2024
Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов Зеренді ауданының тұрғындарымен кездесу өткізіп, ауданды дамытудың негізгі мәселелерін талқылады.Өңір басшысы ауданның өнеркәсіптік әлеуетіне ерекше назар аударды. Зеренді ауданының облыстың жалпы өнеркәсіптік өндірісіне қосқан үлесі «Altyntau Kokshetau» АҚ ірі алтын өндіруші фабрикасының жұмысының арқасында 24,8% құрайды. Алайда, осы кәсіпорынды есепке алмағанда ауданның үлесі небәрі 2%-ға дейін төмендейді. Бұл өнеркәсіпті әртараптандыру жөнінде шаралар қабылдауды талап етеді.Атап айтқанда, әкім сусындар, косметика, парфюмерия және отын өндірісі сияқты салаларда пайдаланылуы мүмкін этил спирті өндірісін дамытудың маңыздылығын атап өтті, бұл экономикалық өсу үшін жаңа мүмкіндіктер туғызады.Аудан агроөнеркәсіп кешенінде жоғары көрсеткіштерге ие. Биыл дәнді дақылдардың өнімділігі гектарына 21 центнерді құрады, бұл – былтырғы нәтижеден 2,3 есе жоғары.«Саланы одан әрі дамыту үшін аграршыларға өсімдік шаруашылығын әртараптандыру шараларын белсенді қолға алу, майлы және жемшөп дақылдарының алқаптарын ұлғайту, сондай-ақ жаңа технологияларды енгізуді қажет», - деп атап өтті Марат Ахметжанов.Бұдан басқа, ауданда мал шаруашылығы дамуда, ірі бордақылау алаңдары мен фермалар жұмыс істейді, ал алдағы екі жылда 400 басқа арналған сүт-тауар фермасын іске қосу жоспарлануда.Инвестициялық тартымдылықты арттыру үшін өңір басшысы тамақ өнеркәсібін, құрылыс индустриясын дамытуға, сондай-ақ кірпіш пен керамикалық плиткалар өндірісін ұйымдастыруға баса назар аударуды тапсырды. Сондай-ақ, қолда бар инфрақұрылымдық мүмкіндіктерді ескере отырып, Қарағай станциясында индустриялық аймақ құру бастамасы айтылды.Талқылаудың тағы бір негізгі бағыты туризм саласы болды. «Көкшетау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында орналасқан Зеренді курорттық аймағы орасан зор әлеуетке ие, алайда жыл сайынғы туристік ағын әзірге 30 мың адам деңгейінде қалып отыр. Әкім инвесторларды тарту, инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру және кәдесыйлар мен жергілікті деликатестерді қоса алғанда, туристер үшін өнім шығаратын кәсіпорындарды қолдау қажеттігін атап өтті.Марат Ахметжанов ауыл тұрғындарының өмірін жақсартуға және табысын арттыруға бағытталған мемлекеттік қолдаудың рөліне ерекше тоқталды. «Ауыл аманаты», «Кең дала», «Дипломмен ауылға» және т.б. бағдарламалар шеңберінде қаржыландыру мәселесіне көңіл бөлу тапсырылды.Денсаулық сақтау саласында оң өзгерістер байқалады. Сондай-ақ, кездесу барысында тұрғын үй және жол құрылысы, ТКШ, білім беру және басқа да салалардың өзекті мәселелері қаралды.«Аудан өзін-өзі қамтамасыз етеді, өз кірістерінің есебінен жергілікті шығындарды жабуға қауқарлы. Алайда, облыстық бюджетке тәуелділік сақталуда. Аудан басшысы бюджеттің кіріс бөлігін жақсарту бойынша жұмыс істеуі қажет, бұл көптеген әлеуметтік және инфрақұрылымдық мәселелерді шешуге мүмкіндік береді», - деп қорытындылады М.Ахметжанов.Кездесу соңында «Ақмола - еңбек озаты» төсбелгісімен, ақшалай сертификаттармен, «Сағадат Нұрмағанбетовке 100 жыл» медалімен, облыс әкімінің алғыс хаттарымен ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқан бірқатар тұрғындар марапатталды. Аудан тұрғындарын жеке қабылдау кезінде зеренділіктер облыс әкімінің алдында тұрғын үй, жер, жол жөндеу және басқа да мәселелерді көтерді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/891611
Ғылыми-техникалық кеңес ТКМК басымдық берілген қызмет түрлерінің тізімін бекітті 27.11.2024
Ғылыми-техникалық кеңестің алғашқы отырысы 2024 жылдың қазанында өтті. Кездесу барысында тау-кен-металлургия кешені (ТКМК) саласындағы басымдық берілген қызмет түрлерінің тізімі қаралып, бекітілді.Тізім 10 бөлімнен тұрады:геология және геотехникатау-кен ісібайытуметаллургиятехнологиялық процестерді цифрландыру және автоматтандыруэкологиякөмірхимияэнергетикаеңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасыжаңа өндірістерді зерттеу.Ғылыми-техникалық кеңес (ҒТК) ғылым, технология және инновация саласындағы мемлекеттік саясатты әзірлеу мен іске асыруға бағытталған қызмет атқарады, оның ішінде ғылыми қызмет нәтижелерін коммерцияландыру. ҒТК-ның негізгі функциясы – ғылыми зерттеулер мен технологияларды дамытуға жер қойнауын пайдаланушылар бөлетін қаражатты әділ және ашық бөлуге ықпал ету, сондай-ақ ғылыми-техникалық бағдарламаларды қарастыру, келісу және олардың орындалуын бақылау.Кеңес зерттеу нәтижелерін қолдануға ұсыныстар әзірлейді, жоғары технологиялық өндірістер құру және инновацияларды енгізу үшін ғылыми және білім беру ұйымдары, сондай-ақ бизнес өкілдерімен ынтымақтастыққа ықпал етеді. Бұл реттелетін салаларды кешенді дамытуға жағдай жасайды.Жақын арада ҒТК-ның кезекті отырысын өткізу жоспарланып отыр.Басымдық берілген қызмет түрлерінің тізімін мына сілтемеден көре аласыз. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/891566
ҚР Экология және табиғи ресурстар вице-министрінің Қызылорда облысы тұрғындарымен кездесуін өткізу туралы хабарландыру 27.11.2024
2024 жылғы 30 қараша күні Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Н. Шәрбиевтің Қызылорда облысының тұрғындарымен кездесуі өтеді.📍Кездесудің мекен-жайы: Қызылорда қ. Достық үйі, Ы.Жахаев көшесі 24 үй.08:30 – 09:30 - азаматтарды жеке қабылдау;09.30 – 10.30 - халықпен, коммерциялық емес және қоғамдық ұйымдармен кездесулер;10.30 – 11.00 - өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарымен брифинг.⏯️Онлайн-көрсетілім тікелей эфирде Экология және табиғи ресурстар министрлігі мен Қызылорда облысы әкімдіктерінің «Facebook», «Youtube» әлеуметтік желілеріндегі ресми парақшасында өткізілетін болады.📩Сіздер сұрақтарыңыз бен ұсыныстарыңызды вице-министрмен кездесуде қоя аласыздар немесе келесі байланыс арналарын қолдана отырып жібере аласыздар: WhatsApp нөміріне: +7 702 280 9442 және электрондық мекен-жайларға: Kzl_oti@mail.ruКездесулерге жазылу үшін ұялы тел. +7 702 280 9442 нөмірлері арқылы хабарласуды сұраймыз. Азаматтарды белсенді қатысуға және Экология және табиғи ресурстар вице-министріне сұрақ қоюға шақырамыз.#халықпенкездесуАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/891608
Алматыда Десанттық-шабуылдау әскерлерінің жауынгерлік дайындық бойынша нұсқаушыларының жиыны өтті 27.11.2024
«Іле» оқу полигонында Алматы, Талдықорған және Қонаев гарнизондары сержанттарының оқу-әдістемелік жиыны аяқталды.Бес күндік оқу-әдістемелік жиынға мамандық бойынша дайындық, әдістемелік және бақылау сабақтары кірді.Нұсқаушылар атыс қаруы, қару-жарақ (БТР, «Арлан» БКМ), гранатомет және қол гранаталары, мергендік іс, тактикалық, медицина, байланыс және тау дайындығы секілді жеті бағыт бойынша оқудан өтті.– Нұсқаушылардың білімі мен дағдыларын жетілдіруге, жеке құрамды оқытудың бірыңғай әдістемесін және мамандық бойынша оқытудың озық тәжірибесін игеруге басты назар аударылды, – деп нақтылады Десанттық-шабуылдау әскерлері қолбасшысы басқармасының сержанттық құраммен жұмыс жөніндегі бөлім нұсқаушысы 1-сыныпты сержант Рашид Бисенғалиев.Жиын аяқталғаннан кейін қырықтан астам сержант жеке құрамды мамандықтар бойынша оқытуға рұқсат беретін сертификаттар алды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/891581
Қазақстан мен Словения СІМ арасындағы саяси ынтымақтастықты тереңдетуде 27.11.2024
Астана, 2024 жылғы 27 қараша – Қазақстан мен Словенияның сыртқы істер министрліктері арасында саяси консультациялардың үшінші раунды ҚР Сыртқы істер министрлігінде өтті.Консультациялар барысында екі елдің дипломаттары саяси ынтымақтастық, сауда-экономикалық байланыстар, мәдени-гуманитарлық қарым-қатынастар сияқты кең ауқымды мәселелерді талқылап, 2025 жылға жоспарланған екіжақты іс-шаралар мен сапарлардың күнтізбесін қарастырды.Өз сөзінде ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко Қазақстанның Словенияны Еуропалық одақтағы маңызды саяси және экономикалық серіктес ретінде қарастыратынын атап өтіп, екіжақты және көпжақты ынтымақтастықты одан әрі дамытуға дайындығын білдірді. Ол Қазақстанның Словенияда жаңадан ашылған елшілігінің екіжақты қатынастарды нығайтудағы маңыздылығын ерекше атап өтті.Словения делегациясының басшысы Сыртқы және еуропалық істер министрлігінің мемлекеттік хатшысы Марко Штуцин Қазақстанды Словенияның Орталық Азиядағы негізгі серіктесі ретінде атап өтіп, әр түрлі салалардағы ықпалдастықты одан әрі тереңдетуге сенім білдірді.Қазақстан мен Еуропалық одақ арасындағы байланысты талқылау барысында Словения дипломаты Қазақстан мен ЕО арасындағы визалық режимді жеңілдету бойынша қолдауын растады.Сонымен қатар тараптар халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасып, көпжақты құрылымдар мен халықаралық ұйымдар аясындағы тығыз өзара іс-қимылды жалғастыруға бейілділіктерін білдірді.Сұхбаттастар сыртқы істер министрліктері арасында белсенді және нәтижелі диалогты жалғастыруға, сондай-ақ сауда-экономикалық және инвестициялық байланыстарды жандандыру бағытында бірлескен жұмысты жалғастыруға келісті.2005 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Словениядан Қазақстанға тікелей инвестициялардың жалпы көлемі 36 млн АҚШ долларына жетті. 2023 жылы Қазақстан мен Словения арасындағы тауар айналымы 111,5 млн долл. құрап, 2024 жылғы қаңтар-қыркүйек кезеңінде тауар айналымы 92,5 млн долларға жетті, оның ішінде экспорт 4,4 млн долл., импорт 88,1 млн долл.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/891540
Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда ТЖ алдын алу мәселелері талқыланды 27.11.2024
Ресей Федерациясының ТЖМ Азаматтық қорғау академиясының базасында «Төтенше жағдайлардан қорғау саласындағы ақпараттық жүйелерді жобалаудың, әзірлеудің және қолданудың өзекті мәселелері» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Іс-шараға ҚР ТЖМ Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясының қызметкерлері, ғалымдар, бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеушілер, сондай-ақ әртүрлі елдердің төтенше жағдайлардан қорғау саласындағы мамандар онлайн түрде қатысты.Конференция төтенше жағдайлардың алдын алуға және жедел әрекет етуге көмектесетін заманауи технологияларды дамытуда тәжірибе мен білім алмасуға бағытталған.Академия бастығының ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары азаматтық қорғау подполковнигі Миржан Әлменбаев өз сөзінде төтенше жағдайлардың жиілігі мен ауқымының артуы жағдайында халықаралық ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтті. Ол ғылыми және технологиялық қауымдастықтардың бірлескен күш-жігері қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және шығындарды азайтуға көмектесетінін айтты.Бағдарламаға сәйкес Академияның ТЖҚ кафедрасының аға оқытушысы капитан Марлен Бахтияр «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу кезінде геоақпараттық жүйелерді қолдану критерийлері» тақырыбында баяндама жасады. «Табиғи апаттар, техногендік апаттар, пандемия және лаңкестік әрекеттер сияқты төтенше жағдайлар адамдардың өміріне, денсаулығына және әл-ауқатына, сондай-ақ қоғамның экономикалық дамуына үлкен қауіп төндіреді. Осыған байланысты төтенше жағдайлардың алдын алу, бақылау және басқарудың тиімді әдістері мен құралдарын әзірлеу және пайдалану өзекті болып табылады», - дейді спикер.Іс-шара қорытындысы бойынша қатысушылардың баяндамалары мен ұсыныстарын қамтитын материалдар жинағы дайындалады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/891547
376 үміткер «Білім берудегі өзгерістердің 1000 көшбасшысы» бағдарламасы бойынша республикалық кадр резервіне алынды 27.11.2024
Бүгін жаңа форматтағы көшбасшыларды іріктеуге және оқытуға бағытталған «Білім берудегі өзгерістердің 1000 көшбасшысы» жобасының екінші легі қорытындыланды. Естеріңізге сала кетейік, ол өткен жылы Мемлекет басшысының тапсырмасымен бастау алған болатын. Марапаттау рәсіміне Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев қатысты.Резервистермен кездесуде Ғани Бейсембаев білім сапасын арттыру және педагог кадрлардың кәсібилігін арттыру мен даярлау жөніндегі басым бағыттарға тоқталды.«Оқу-ағарту министрлігі білім сапасын арттырудың бес негізгі бағытын айқындады. Оның ішінде тиімді менеджментті дамытуға және кадрлық резервті құруға ерекше басымдық беріледі. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша біз «Өзгерістердің 1000 көшбасшысы» жобасын іске қостық – бұл отандық білім беруді дамытудың жаңа кезеңі. Алты ай ішінде сіздер әртүрлі іріктеу кезеңдерінен өтіп, көшбасшылық, кәсіби және басқарушылық дағдыларыңызды жетілдірдіңіздер. Енді сіздердің алдарыңызда отандық білім сапасын арттыруға үлес қосу, ең бастысы, балаларымыз бен педагогтеріміз үшін қауіпсіз әрі жайлы білім беру ортасын қамтамасыз ету бойынша үлкен міндет тұр», - деді министр.Айта кету керек, биыл жобаға қатысуға ниет білдірушілер саны өткен жылға қарағанда 2,5 есеге артқан. Жобаның бастапқы кезеңінде барлығы 13 796 өтінім берілген. Іріктеу бес кезең бойынша өтті: кәсіби және басқарушылық құзыреттерді бағалау бойынша тестілеу, оқу, еліміздің жетекші мектептерінде тағылымдамадан өту, қорытынды бағалау және республикалық комиссиядан әңгімелесуден өту. Үміткерлерді іріктеу және олардың біліктілігін арттыру бойынша іс-шараларды Педагогикалық шеберлік орталығы жүргізді.Іріктеудің барлық бес кезеңінің қорытындысы бойынша 376 үміткер Республикалық кадр резервіне алынды. Бүгін оларға конкурссыз қызметке тағайындау туралы сертификаттар табыс етілді. Жаңа буынның менеджерлері кадр мәселесін шешуге өз үлесін қосады, сонымен қатар жаңа мектептерді, оның ішінде «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында салынып жатқан мектептерді де басқарады деп күтілуде. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/press/news/details/891561
ҚР Әділет министрлігі Аппарат басшысы азаматтарды қабылдады 27.11.2024
Әділет министрлігінде Аппарат басшысы Сандуғаш Ерсейітова азаматтарды қабылдап, өтініштерін тыңдады.ШҚО тұрғыны әділет органдарының қызметіне қатысты шағымдарын жеткізді.Сандуғаш Ерсейітова істің мән-жайын зерделей келе, мәселені жедел шешуге шаралар қабылдады.Сондай-ақ, Аппарат басшысы сот шешімдерін орындау кезінде әділеттілік пен барлық заңдылықтардың сақталуын қамтамасыз етудің маңыздылығын атап өтті. Көтерілген мәселелер жан-жақты сарапталып, заңда белгіленген мерзімде өтініш берушіге жеткізілетін болады.Әділет министрлігі осы бағыттағы жұмысты жалғастырады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet/press/news/details/891563
Заң және тәртіп: Астанада кәмелетке толмаған 165 жасөспірім полицияға жеткізілді 27.11.2024
Елордада жасөспірімдер қылмысының алдын алу және кәмелетке толмағандардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында «Түнгі қаладағы балалар» жедел алдын алу іс-шаралары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.Полицейлер аудандық әкімдіктердің, білім басқармасының және Астана қаласы әкімдігі жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның қызметкерлерімен бірлесіп, саябақтар мен гүлзарларды, компьютерлік клубтарды, кафелерді тексереді. Тексеру барысында кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілдерінсіз ойын-сауық орындарында болу фактілері анықталады.Рейдтік іс-шаралар шеңберінде аудандық ІІО-ға 165 кәмелетке толмаған жасөспірім жеткізілді, оның ішінде 6 кәмелетке толмаған бала есепке алынды.Жедел іс-шара барысында 151 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды, оның ішінде ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабының 2-бөлігі «Кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде немесе заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз үйден тыс жерде болуы» бойынша 109 факті бар.Балалардың заңды өкілдері әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар, ойын-сауық мекемелерінің иелері сағат 22.00-ден кейін ата-аналары немесе оларды алмастыратын тұлғалары жоқ балаларды кіргізгені үшін жауапкершілікке тартылды.Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 442-бабына сәйкес, сағат 22.00-ден 6.00-ге дейін кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз үйлерінен тыс жерде заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз ойын-сауық мекемелерінде болуына және жүруіне тыйым салынады.Рейдтік іс-шаралар қоғамда құқықтық сана мен мәдениет деңгейін арттыру, заңдылық қағидаттарын дамыту және кез келген құқық бұзушылықтарға мүлдем төзбеушілік мақсатында жүргізіледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/891402
Астанада «Үздік жас отбасы-2024» байқауы өтті 27.11.2024
Астана қаласының Жастар саясаты мәселелері басқармасының ұйымдастыруымен «Үздік жас отбасы-2024» конкурсы өтті, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.Аталған байқауға қатысып, сөз сөйлеген Астана қаласы әкімдігі жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия төрағасының орынбасары Назгүл Мақжанова Отанның тұтастығын сақтау әр отбасының татулығымен тығыз байланысты екенін атап өтті.«Отбасы – кез келген мемлекеттің тірегі, ұрпақ тәрбиесінің негізі. Туған елге, жерге деген сүйіспеншілік те, патриоттық сезім де отбасынан бастау алады. Бүгінгі байқау да қажырлы еңбек, өнегелі тәрбие, ізгі дәстүрлер сабақтастығын лайықты жалғастырып келе жатқан отбасыларды үлгі етуді көздейді. Бұл байқауға қатысушылардың барлығы – түрлі салада жетістікке жетіп, әулет абыройын асырып, құрметке бөленгендер. Олар қашан да қоғамның айнасы бола алады деп сенеміз», - деді Назгүл Сейітқожақызы.Байқауға қатысу үшін 60-тан астам отбасы өтінім берген. Отбасылық жұптарға арналған зияткерлік турнирден іріктеліп шыққан 10 отбасы ақтық кезеңге жолдама алып, «Үздік жас отбасы» шығармашылық байқауында бағын сынады.Байқауға Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия төрағасының орынбасары Назгүл Мақжанова, «Жайна Астана» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Мұхтар Еркетаев, «Үздік жас отбасы-2023» байқауының жеңімпазы Гаухар Сәдуақасова және жастар ұйымдарының жетекшілері қазылық етті.Қазылар алқасының шешімімен Көшеновтер отбасы жеңімпаз болып танылып, 700 мың теңгенің сертификаты мен бас жүлдеге ие болды. Ал екінші орын алған Ендібаевтар отбасы 450 мың теңге, үшінші орындағы Сәметовтер отбасы 350 мың теңгені қанжығасына байлады. Өзге қатысушылардың әрқайсысына 100 мың теңгеден ақшалай сыйлық пен алғыс хат табысталды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/891412
Таза Қазақстан: елордалық бапкерлер «Тазалық пен тәртіп – жеңіске жол!» челленджін бастады 27.11.2024
Елордалық бапкерлер «Тазалық пен тәртіп – жеңіске жол!» челленджіне арнап бейнеролик түсірді. Жаттығу барысында олар балаларға тазалық пен тәртіптің маңыздылығын түсіндірді. Осындай бейнеролик түсіргендер қатарында дзюдо спортының, батуттық гимнастиканың және шорт-тректің бапкерлері бар, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.Елордадағы №2 Балалар жасөспірімдер спорт мектебінің шорт-трек бөлімнің жаттықтырушы-оқытушысы Ғалия Жұмағазиева тазалықтың әр адамнан басталатынын атап өтіп, әріптестерін өз шәкірттеріне үлгі болуға шақырды.«Тазалық – тәртіптен басталады. Мен әрқашан шәкірттеріме таза жаттығу зал – таза ойлар мен айқын мақсаттың бастауы екенін айтамын. Бұл спортшы үшін өте маңызды, себебі жаттығу залындағы тәртіп пен тазалық тәрбие, жауапкершілік және өз еңбегіне деген құрметті көрсетеді.Бейнероликтің негізгі идеясы – залдағы тазалықтың тек шаңның жоқтығы емес екенін көрсету. Әрбір спортшы алдымен өзінен бастау керек, жаттығу залындағы тәртіп пен тазалықты сақтау керек.«Мен нағыз чемпион тек жарыстарда жеңіске жетуші ғана емес, сондай-ақ қоғам үшін үлгі болатын адам деп санаймын. Бапкер әрдайым үлгі болуы керек! Біз барлық бапкерді шәкірттеріне тәртіп пен тазалықтың маңыздылығын түсіндіріп жүруге шақырамыз», – деп атап өтті Ғалия Жұмағазиева.Елордадағы Дене шынықтыру және спорт басқармасындағылар осындай профилактикалық және түсіндірме жұмыстарын тұрақты түрде жүргізетінін атап өтті.«Астана қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасына қарасты спорт мектептері мен мекемелерінде өскелең ұрпақты тәрбиелеуге бағытталған түсіндіру шаралары тұрақты түрде өткізіліп келеді. Ерекше назар тазалық пен тәртіп мәдениетін қалыптастыруға, вандализмнің зиянды салдарын түсіндіруге, сондай-ақ нашақорлықтың алдын алуға аударылады. Бұл жұмыстар жүйелі түрде жүргізіліп, болашақта жақсы дәстүр ретінде жалғасын табады», – деді қалалық спорт басқармасының баспасөз хатшысы Мадина Айтқалиева.Бұл челлендж жалпы Республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясының бір бөлігі болып, жастар арасында жауапкершілік пен құрмет мәдениетін қалыптастыруға бағытталған. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/891467
Алматыда Qazaq IT цифрландыру күні өтті 27.11.2024
Өткен сенбі күні Алматыда Қазақстанның цифрландыру күніне арналған Qazaq IT Community Day форумы ұйымдастырылды. Іс-шараға 300-ден астам IT саласының өкілдері, оның ішінде талантты қазақстандық жастар қатысты. Форум Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, Алматы қаласы әкімдігі, Жасанды интеллект қауымдастығы, Women in Tech Kazakhstan, GDG және Women Techmakers ұйымдарының қолдауымен өтті.Форумда жастар саясаты мен цифрландыруға қатысты негізгі тақырыптар талқыланды, себебі инновация мен адами капитал Қазақстанның цифрлық әлеуетін айқындайды.Форумда айтылған басты мәселелер: Жасанды интеллект мамандарын даярлау:«2029 жылға қарай 1 миллион AI талантын дайындауымыз керек. Бұл AI мәдениетін қалыптастыру және инфрақұрылымды дамыту арқылы жүзеге асады», — деді ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің бірінші орынбасары Қаныш Тулеушин.- Жасанды интеллектті реттеу:«Егер біз қазір жасанды интеллектті реттеумен айналыспасақ, кейін онымен келісімге келуге мәжбүр боламыз», — деп атап өтті ҚР Мәжіліс депутаты Екатерина Смышляева.- Қаланың қауіпсіздігі:Алматы қаласында жер сілкінісі кезінде жедел хабар беру үшін цифрлық шешімдер енгізілуде.«Бұл Алматы үшін өте маңызды», — деп мәлімдеді Алматы қаласы цифрландыру басқармасының басшысы Олжас Жанабек.- Технологиялық кәсіпкерлік:Венчурлық инвестор Бахт Ниязов технологиялық кәсіпкерліктің маңыздылығы туралы баяндама жасады.«Мұндай платформалар жастар үшін үлкен мүмкіндік береді. Егер бүгін қатысушылардың арасынан кем дегенде екі стартап дүниеге келсе, бұл үлкен жетістік болмақ», — деді ол.- Өңірлік университеттердің рөлі:Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің өкілі Махмұт Томанов жасанды интеллект инфрақұрылымын дамытудағы өңірлік жоғары оқу орындарының рөлін атап өтті.- Жасанды интеллектті дамыту:Жасанды интеллект қауымдастығының өкілдері Қазақстанда ИИ дамыту бойынша жобалар, тәсілдер және мәселелер туралы баяндама жасады. Қауымдастықтың құрылғаны мемлекеттің бизнес-пен тиімді диалогын қамтамасыз етуге бағытталған. Бұл туралы қауымдастық төрағасының орынбасары Анар Төлеубаева айтты.- Киберқауіпсіздік:Киберқауіпсіздік және әлеуметтік инженерияға қарсы тұру сессиясында ГТС РК басқарма төрағасы Асқар Жүнісбек, ЦАРКА, QazTech, BAKOTECH, MSSP Global және басқа да компаниялардың сарапшылары әлеуметтік желілерде өзін-өзі ұстаудың негізгі ережелері мен интернеттегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету құралдарын талқылады.«Кез келген күмәнді жағдайда ең алдымен ақыл мен логикаға сүйену керек», — деп атап өтті сарапшылар.Биыл Qazaq IT Community үздік IT жобалар мен олардың авторларын жеті номинация бойынша марапаттады: Rising Star in IT 2024, Innovation Driver 2024, Social Impact in IT 2024, Tech Advancement of the Year 2024, Mobile App Innovator 2024, Strategic Team Leader, Web Mastermind 2024.Жеңімпаздарға Cloupard компаниясы ұсынған 350 мың теңгелік гранттар табысталды. Толығырақ ақпаратты @qazaqitcom Instagram парақшасынан оқи аласыз. Байқауға барлығы 85 өтінім келіп түскен, олардың ішінен үздіктер таңдап алынды. Қазылар алқасында АО «Қазпошта», АО «Банк ЦентрКредит», АО «Қазақтелеком», Axiom Capital, Women in Tech Kazakhstan және басқа да ұйымдардың өкілдері болды.Qazaq IT Community — Қазақстандағы ең ірі IT қауымдастық, оның құрамына 4 300-ден астам IT маманы кіреді. Қауымдастық қатысушылар үшін тегін іс-шаралар ұйымдастырады, олардың қатарында техникалық және тақырыптық митаптар, тау саяхаттары және басқа да шаралар бар.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/891477
Ақсуатта сабын шығарыла бастады 27.11.2024
Ақсуат ауданында мемлекет қолдауымен өз істерін дөңгелетіп отырған кәсіпкерлер қатары артып келеді. Солардың бірі – Аязбек Нияз.Ол 2023 жылдың сәуір айында Алматы облысынан көшіп келіп, «қоныс аударушы» квотасына ие болды. Мемлекеттен 1 млн. 476 мың теңге қайтарымсыз грант алды. Алған қаржыға сабын шығаратын шағын цех ашты.«Күніне 350-380 дана сабын жасап шығарамын. Болашақта қасыма көмекші алсам деймін. Сол кезде 700 данаға дейін шығаруға мүмкіншілік болады. Қазірдің өзінде аудан орталығынан сұраныс түсіп жатыр», — дейді кәсіпкер Аязбек Нияз.Жалпы, биыл Ақсуат ауданы бойынша 14 адамға қайтарымсыз грант берілген.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/891437
Абай университеті Google Workspace for Education және Gemini құралдарымен білім беру көкжиегін кеңейтуде 27.11.2024
Абай университеті Google Workspace for Education және Gemini құралдарымен білім беру көкжиегін кеңейтудеАбай атындағы ҚазҰПУ Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі және Google компаниясымен бірлесіп, озық технологияларды қолдана отырып, оқу үрдісін трансформациялауға бағытталған инновациялық жобаны қолға алды. Жоба аясында университет білім беру үрдісіне Google Workspace for Education және Google Gemini жасанды интеллект құралдарының озық үлгілерін енгізіп, білім алушылар мен оқытушыларға оқу, зерттеулер жүргізу және бірлесіп жұмыс істеу үшін заманауи технологияларға қол жеткізуге мүмкіндік береді.Google Workspace for Education – Gmail, Docs, Sheets, Slides, Meet және Classroom сияқты құралдардың кешенді жиынтығы, олар тиімді байланыс орнатып, жобамен бірлесіп жұмыс істеуге және оқу материалдарына кез келген уақытта, кез келген жерден қолжетімділікті қамтамасыз етеді.Google-дың Gemini жасанды интеллект құралын білім беру тәжірибесіне енгізу бейімделген оқытуға, деректерді талдауға және оқу үрдісіндегі күрделі мәселелерді шешуге жаңа мүмкіндіктер ұсынады.Gemini көмегімен білім алушылар өз сұрақтарына тез және нақты жауаптар ала алады, шығармашылық жобалар үшін идеяларды қалыптастырып, күрделі тақырыптарды тереңірек түсінеді. Оқытушылар Gemini-ді интерактивті оқу материалдарын әзірлеу, күнделікті тапсырмаларды автоматтандыру және білім алушылардың үлгерімін талдау үшін пайдалана алады.«Бұл жоба Абай университетін цифрландыру арқылы оқу үрдісін үздіксіз жетілдіруге, білім алушылар мен оқытушыларға оқуда жетістікке жету және білім сапасын арттыру үшін заманауи озық цифрлық құралдармен қамтамасыз етуге бағытталғанын көрсетеді», - деді цифрландыру жөніндегі проректор Нұркен Мұсабаев.Google-мен бірлескен бірегей жоба Абай университетінің инновациялық технологияларды енгізу және Цифрлық университет мәртебесіне қол жеткізу стратегиясындағы негізгі қадам болып табылады. Бұл жоба студенттер мен оқытушыларға табысты оқуға және ғылыми әлеуетін дамытуға ықпал ететін озық құралдарға қол жеткізуді қамтамасыз етеді. Университет заманауи талаптар мен стандарттарға толық сәйкес келетін инновациялық, жоғары тиімді және жайлы білім беру ортасын құра отырып, цифрлық жобаларды дамытуды жалғастыруда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sci/press/news/details/891420
Мәжіліс Қазақстан Республикасы мен Халықаралық қайта құру және даму банкі арасындағы займ туралы келісімді ратификациялау туралы заң жобасын мақұлдады 27.11.2024
Қазақстан Республикасы мен Халықаралық қайта құру және даму банкі арасында займ туралы келісім 2024 жылдың 11 қазанында жасалған еді.Халықаралық қайта құру және даму банкі 5 жылды қамтитын жеңілдетілген кезеңді қоса алғанда, өтеу мерзімі 11 жыл болатын жеңілдетілген шартпен шамамен 84,9 млрд жапон йенасын займ ретінде ұсынып отыр.Тартылатын займ бойынша қызмет көрсету мен оны өтеу займ туралы келісімде белгіленген қаржылық шартқа сәйкес республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын болады.Бұл қаражат көлік инфрақұрылымын, өнеркәсіпті, білім беруді және басқа да басымдықтағы бағыттарды қаржыландыруды қоса алғанда, осы жылдың соңына дейін қаржыландыру жоспарында көзделген бірінші кезектегі іс-шараларды қаржыландыруға бағытталатын болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/minfin/press/news/details/891379
АҚжӘБК төрағасының Қарағанды облысына жұмыс сапары 27.11.2024
Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетінің төрағасы генерал-майор Арман Зарлықұлы Қалиев жұмыс сапарымен Қарағанды гарнизонында болды.Генерал-майор 52859 әскери бөлімінің, төтенше жағдайларды жою бөлімшелерінің материалдық-техникалық базасымен танысып, мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінде, жедел-құтқару жасағының авариялық-құтқару станциясында болып, департаменттің жеке құрамымен кездесті.Іссапар барысында материалдық қамтамасыз етудің өзекті проблемалық мәселелері комитет төрағасының назарына жеткізіліп, гарнизонды дамытудың перспективалық жоспарлары баяндалды.Комитет төрағасы төтенше жағдайларды жою күштері мен әскери бөлімдерді заманауи техникамен және технологиямен жабдықтау қажеттігін атап өтіп, іс-шараларды ұйымдастыру бойынша нақты тапсырмалар берді.«Техникалық базаны жаңғыртуға, жаңа технологияларды енгізуге және қызметкерлеріміздің кәсібилігін арттыруға ерекше көңіл бөлінеді. Өңірдің ықтимал сын - тегеуріндерге дайындығының жоғары деңгейіне тек бірлескен күш-жігермен ғана қол жеткізуге болады», - деді Арман Қалиев. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/891440
Қазақстан мен Қытай техникалық және кәсіптік білім беру саласында ынтымақтастықты күшейтуде 27.11.2024
ҚР Премьер-министрінің техникалық және кәсіби білім беру жүйесіндегі студенттерге қолдау көрсету және саланы дамыту үшін елімізде Ұлттық құзыреттілік орталығын құру туралы тапсырмасын жүзеге асыру аясында оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Қытай Халық Республикасына жұмыс сапарымен барды. Министр техникалық және кәсіптік білім беру саласындағы алдыңғы қатарлы тәжірибелермен танысып, қытайлық әріптестерімен бірқатар кездесулер өткізді.Министрдің мамандарды даярлайтын бірегей оқу орталығы – Лу Бань шеберханасына баруы жұмыс сапары барысындағы маңызды іс-шаралардың бірі болды. Кешен студенттердің жаңа өндірістік және цифрлық технолгогияларды, инженерлік жобалауды меңгеруіне мүмкіндік беретін заманауи құрал-жабдықтармен және оқу материалдарымен жарақтандырылған. Бұл тәжірибені Қазақстанда ұлттық құзыреттілік орталығын ашу кезінде қолдану жоспарлануда, ол техникалық және кәсіптік жүйе студенттері үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашады.Тяньцзиньде министр Қытайдың жетекші колледждерінің өкілдерімен бірнеше келіссөз өткізді. Тараптар екіжақты ынтымақтастықты дамыту және жұмысшы мамандарды даярлауда тәжірибе алмасу мәселелерін талқылады.Ғани Бейсембаев сондай-ақ 48 мемлекеттің салалық министрлерінің қатысуымен өткен Дүниежүзілік кәсіптік және техникалық білім беруді дамыту жөніндегі конференцияға қатысты. Отырыстың пленарлық сессиясында сөз сөйлеген министр Қазақстанда кәсіптік-техникалық білім беру жүйесін дамытудың маңыздылығына тоқталып өтті.«Қазақстан Президенті жариялаған Жұмысшы мамандықтар жылының аясында техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін трансформациялау жүргізілуде. Әсіресе, күрделі өндірістік мәселелерді шешу үшін қажет эмоционалдық интеллект және инженерлік ойлау сияқты жұмсақ дағдыларды дамытуға ерекше назар аударылуда. Халықаралық тәжірибені ескере отырып, заңнамалық нормаларды жетілдіруге және колледждерді басқару жүйесін күшейтуге басымдық беріледі. Қазақстан өз студенттерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін маман даярлау үрдісіне әлемдік кәсіби қауымдастық пен алдыңғы қатарлы білім беру технологияларын енгізуге ұмтылуда», - деп мәлімдеді Ғани Бейсембаев.Сондай-ақ министр ҚХР-ның білім министрі Хуай Цзиньпэнмен екіжақты кездесу өткізді. Тараптар білім саласында Қазақстан-Қытай ынтымақтастығын арттыру, техникалық және кәсіптік білім беруде екі елдің тәжірибе алмасуы мәселесін талқылады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/press/news/details/891417
Жетісу облысы мен ҚХР Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданы арасында «Қорғас» трансшекаралық туристік аймағын бірлесіп құру жөнінде Меморандум жасалды 27.11.2024
Қазақстанның Жетісу облысы мен Қытай Халық Республикасының Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданы арасында бауырластық орнату туралы келісімнің аясында «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығының Қытай жағындағы бөлігінде «Қорғас» ШЫХО қызметін үйлестіру механизмінің өңірлік деңгейдегі бірінші отырысы өтті. Жиын аясында «Қорғас» трансшекаралық туристік аймағын бірлесіп құру жөнінде Меморандум жасалды, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.Еске салсақ, Қазақстанның Жетісу облысы мен Қытай Халық Республикасының Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданы арасында осыдан бір жыл бұрын «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығының қызметін үйлестіру механизмін құру жөніндегі құжат қабылданған болатын. Аталған механизмнің бірінші рет өткізіліп отырған өңірлік деңгейдегі алғашқы отырысына екі елдің аталған өңірлерінің ресми делегациялары қатысты.Жиында екі жақты сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелері талқыланды.Бұл ретте жетісулық ресми өкілдер Қытайдан ТМД елдеріне, Еуропа мен Азияға шығатын маңызды бағыттардың қиылысында орналасқан экономикалық өсудің екі нүктесінің бірі Қорғас бағытын дамыту мәселесіне ерекше назар аударды. Соның ішінде «Нұр жолы» өткізу пунктінің, «Қорғас – Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймағының және «Қорғас» ШЫХО-ның маңызы зор. «Қорғас – Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймағында «KTZE-Khorgos «KTZE-Khorgos Gateway» құрғақ порты жобасы жүзеге асырылып, қазіргі таңда Қытай инвесторларының қатысуымен индустриялық парктің құрылысы жоспарлануда. Сонымен қатар арнайы экономикалық аймақ аумағында құны 250,0 млрд. теңгені құрайтын жүк және жолаушылар әуежайының құрылысы бойынша Қазақстан-Германия бірлескен жобасын іске асыру көзделген.Сол сияқты «Нұр жолы» өткізу пунктінде инфрақұрылымдық және өткізу қабілетін арттыру жұмыстары белсенді жүргізілуде. Электронды кезек жүйесі енгізіліп, жұмыс тәулік бойғы режимге көшті, нәтижесінде өткізу қабілеті екі есеге артып, күніне 800-ден 1600 көлікке дейін ұлғайды.«Қорғас» ШЫХО-да жүктерді қабылдау пункттері мен рентгендік тексеру автоматтандырылды, қабылдау пункттерінің саны 6-дан 9-ға ұлғайтылып, жүк легі 40% артты. Соның нәтижесінде бұрын орталыққа күніне орта есеппен 2500 адам келсе, бүгінде келушілер саны 6000 - 8000-нан асады.Бұл ретте облыс әкімінің орынбасары Әсет Қанағатовтың айтуынша, орталықтың инфрақұрылымын жақсарту кезең-кезеңімен іске асырылып жатыр. Мәселен, кварталішілік жолдарды және кәріздік сорғы станциясының бірінші кезеңін күрделі жөндеуге жобалық-сметалық құжаттама әзірленуде. Сонымен қатар газ құбырын салу жұмыстары басталып кетті.Сондай-ақ Қазақстан мен Қытай арасындағы экономикалық байланыстарды жетілдіру жайын айта келе, жетісулық тарап сауда рәсімдерін жеңілдету үшін ынтымақтастық орталығында бірлесіп зертхана салу, шекаралық аймақта заңдылықтың сақталуына бірлесіп жұмылу, «Қорғас» ШЫХО жұмысына қатысты екі жақты ақпарат алмасу сияқты мәселелерді көтерді.Осыған қатысты қытайлық тараптан Шыңжаң-Ұйғыр автономиялы ауданының Халық үкіметінің төрағасы Эркин Тунияз ұсыныстарды бірлесіп қарауға дайын екендіктерін айтты. Сол сияқты Қытай делегациясы өкілдері Қазақстандағы «Қорғас» ШЫХО-да инфрақұрылым құрылыстарына, трансшекаралық электрондық коммерцияны және бизнестің басқа да форматтарының аясын кеңейтуге қолдау көрсету, ынтымақтастық орталығының аумағында екінші өткел ашуға ықпал ету, сол сияқты шекаралық аймақта туристік ынтымақтастықты дамыту туралы ұсыныс білдірді.Сондай-ақ жиын соңында екі мемлекет басшыларының бірлескен бастамаларының лайықты іске асырылуына бар күш-жігерлерін салатынын айтқан қос тарап бұл кездесу екі жақты сауда-экономикалық, мәдени-туристік, ғылыми-техникалық, сол сияқты ауыл шаруашылығы бағытындағы байланыстарды тереңдете түсетініне сенім білдірді.«Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығының қызметін үйлестіру механизмінің өңірлік деңгейдегі бірінші отырысының қорытындысында тараптар «Қорғас» трансшекаралық туристік аймағын бірлесіп құру жөнінде» Меморандумға қол қойды. Соның негізінде тараптар ынтымақтастық аймағы аумағында туристік жобаларды ілгерілетуде ынтымақтасуға, әрбір тараптың туристік бағыттарды әзірлеудегі міндеттерін айқындауға, сондай-ақ туристерді тартуға бағытталған көрме, туристік фестиваль, форум сияқты іс-шаралар ұйымдастыруға ниетті.Жиыннан соң жетісулық ресми делегация ынтымақтастық орталығындағы Автокөлік көрме орталығына барды. Бұл орталықта Қытайдан шығатын автокөліктер мен оған қажетті түрлі бөлшектер саудаланады. Қытайлық тарап мұндай көліктерге қызмет көрсететін сервистік орталықты қажет жағдайда Жетісу облысынан ашуға болатынын жеткізді.Бұдан әрі ауыл шаруашылығы өнімдерін инспекциялайтын карантиндік зертхананың салынып жатқан құрылысы көрсетілді. Белгілі болғандай, бұл нысан екі ел арасында ортақ техникалық стандарттың жұмыс істеуіне, яғни қазақстандық аграрлық өнімдердің тексеруден өткізіліп, экспортталуына жол ашпақ. «Бір өнім – бір сертификат» принципі негізінде бұл зертхананың сертификаты екі елге де жарамды болады. Бұл нысан 2025 жылы пайдалануға беріледі. Сондай-ақ ынтымақтастық орталығы аумағындағы екінші өткел салынатын орын белгіленген. Қытайлық тарап құрылысын жүргізетін бұл өткел екі елдің сауда айналымының ұлғаюына оң ықпалын тигізетін болады.Жалпы «Қорғас» ШЫХО-дағы инфрақұрылымды жақсартудың нәтижесінде орталыққа тартылған инвестициялардың жалпы көлемі қазақстандық бөлікте 2023 жылмен салыстырғанда 87%-ға ұлғайып, 256 млрд. теңгені құрады. Инвесторлар саны 19-дан 31-ге өсіп, іске асырылатын жобалар саны 26-дан 41-ге дейін жетті. Қазіргі уақытта жалпы құны 13,3 млрд. теңге болатын, 150 жұмыс орнын құрған 6 жоба толық пайдалануға берілді. Сонымен бірге жыл соңына дейін алаңы 8 мың шаршы метр, құны 3 млрд. теңге болатын сауда орталығын ашу жоспарлануда. Оған қоса 2027 жылға дейін құны 240,0 млрд. теңге болатын тағы 34 жобаны іске асыру межеленген, соның нәтижесінде 2 мыңнан астам жұмыс орны ашылады.Еске салсақ, өткен жылдың сәуірінен биылғы қарашаға дейін «Қорғас» ШЫХО-ға 2,4 млн. адам келді, 36,7 мың тонна жүк тасымалданды, 217,4 млн. теңге сомаға кедендік төлемдер төленген.Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-oblysy/press/news/details/891375