Enbekshi QazaQ
Конституция

Қуқық

«Ғылым адамы» айдарымыздың келесі кейіпкері – Жүнісов Абылай Қайыртасұлы. 16.11.2024
«Ғылым адамы» айдарымыздың келесі кейіпкері – Жүнісов Абылай Қайыртасұлы. Абылай Қайыртасұлы – техника ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор (доцент), Торайғыров университетінің «Металлургия» кафедрасының меңгерушісі. Ғылыми-педагогикалық жұмыс өтілі – 28 жыл. Металлургия саласында 220-дан астам ғылыми және ғылыми-әдістемелік жұмыстар, оның ішінде 9 оқу құралы, 1 оқулық, 2 монография және 10 патент жарияланды. Зерттеулері Scopus және Webof Science халықаралық дәйексөздер базасына кіретін ғылыми журналдарда жарияланған. 2015 жылы «Зерттеу қызметі» бағыты бойынша NU, Азия-Тынық мұхиты Ритсумекан университеті(Жапония), Лунд университетінде (Швеция) ИИДМБ-2 бағдарламасы бойынша білім алды. 2021 жылы Лазур жағалауы университетінде (Франция) тәжірибеге бағытталған оқу курстарынан өтті. А.Жүнісовтың негізгі қызметі – ел экономикасының тау-кен металлургия секторы үшін инженерлік, ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлау және ғылыми-зерттеу қызметі. Оның басшылығымен «Металлургия» мамандығы бойынша 500-ден астам инженер мен бакалавр және 35 магистр дайындалды. Қазіргі уақытта оның жетекшілігімен 4 докторлық диссертация қорғалды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sci/press/news/details/876560
Қазақстандық студенттердің онкология саласындағы жобасы үздік атанды 16.11.2024
Қазақстандық студенттердің онкология саласындағы жобасы үздік атанды Назарбаев Университеті (NU) студенттерінің жобасы iGEM халықаралық байқауында «Онкология саласындағы үздік жоба» ретінде жеңімпаз атанды. Парижде өткен байқауда NU командасы әлемнің жетекші университеттерінің биологтар командаларын басып озды. Жас зерттеушілер сүт безі қатерлі ісігінің дақтық терапиясы үшін арнайы гель ойлап тапты. iGEM (International Genetically Engineered Machine) халықаралық синтетикалық биология байқауында әлемнің түкпір-түкпірінен келген студенттер инновациялық жобаларды әзірлеп, жүзеге асырады. Қатысушылар қазіргі ғылыми және әлеуметтік мәселелерді шешетін генетикалық түрлендірілген ағзаларды жасайды. iGEM NU командасы 11 ай бойы сүт безінің карциномасына арналған мақсатты бактериотерапияның инновациялық әдісі — Sanagel бойынша жұмыс істеді. «Жүйе қатерлі ісікке қарсы пептидті жасау үшін генетикалық түрлендірілген ішек таяқшасы патогенді емес штаммдарынан тұрады. Ол ісік жасушаларының жасушалық мембраналарын таңдамалы түрде байланыстырады және тері тесіктерін қалыптастырады. Қауіпсіздікті бақылаудың жоғары деңгейін қамтамасыз ету үшін біз өзін-өзі жою механизмін де енгіздік», - деді биология факультетінің үшінші курс студенті, iGEM NU командасының мүшесі Темірлан Қаратай. Биыл 24 адамнан тұратын NU командасы Гарвард, Оксфорд және MIT сияқты 50-ден астам елден келген оқу орындарының 437 командасымен чемпиондық үшін жарысты. Айта кетейік, соңғы 11 жылда iGEM NU командасы – Қазақстанда ғана емес, Орталық Азияда жалғыз команда. Онкология саласындағы үздік жоба сыйлығынан бөлек, студенттер «Үздік құрал-жабдық» жүлдесін де алды. Олар NanoX құрылғысын ойлап тауып, қолмен құрастырған. Бұл құрылғы гидрогель және жасуша дақылдары сияқты зертханалық ерітінділерді дайындауды автоматтандыруға мүмкіндік береді. Команда NURIS ABC бизнес акселераторының инкубациялық бағдарламасына қатысып, соңғы кезеңге шыққан болатын. «Ең алдымен, 11 жыл бойы қолдау көрсеткені үшін NU мен Жаратылыстану, әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар мектебіне үлкен алғысымызды білдіреміз. Университетте студенттердің ғылыми әлеуетін дамытуға барлық жағдай жасалған. Мұндай нәтижелерге жетуге университет пен оның профессор-оқытушылар құрамының сөзсіз қолдауы басты рөл атқарды. Мұндай жоғары деңгейде көмек болмаса, біз оларға қол жеткізе алмас едік», - деді Темірлан. Құрылған күннен бастап команда ғылымды, әсіресе синтетикалық биологияны танымал етуге ерекше көңіл бөліп келеді. Олар ауыл мектептерінің оқушылары мен ерекше қажеттіліктері бар балалар үшін ғылыми жәрмеңкелер мен жазғы лагерьлер ұйымдастырып, барлығына ғылымның инклюзивтілігі мен қолжетімділігін алға тартып келеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sci/press/news/details/876588
181 мыңға жуық қазақстандық оқушы жөндеуден өткен мектеп ғимараттарында партаға отырды 16.11.2024
Биыл еліміздің 280 мектебінде күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Оқу жылының басынан бері 181 мыңға жуық қазақстандық оқушы жаңартылған мектептерде партаға отырды.Мектеп ғимараттына жөндеу жұмысы барысында шатырлар ауыстырылып, ғимараттар мен терезелердің қасбеттері жаңартылды, сондай-ақ ішкі инженерлік коммуникациялар су құбыры, кәріз, жылыту жүйелері және электр желілері жөнделді. Сейсмикалық белсенділігі жоғары өңірлердегі мектептерді сейсмикалық күшейтуге ерекше назар аударылды.Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін министрлік бірнеше рет жөнделіп жатқан мектептерге оқу-тәрбие процесінің бұзылуына жол бермеу және оны қауіпсіз ұйымдастыру бойынша мониторинг жүргізген болатын.Бүгінгі таңда күрделі жөндеумен қатар, шағын қалалар, аудан орталықтары мен ауылдарда жеті бағыт бойынша заманауи стандарттарға сай 1000 мектепті жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Жаңғырту балаларға оқу мен тәрбиелеу үшін қолайлы жағдай жасау, материалдық-техникалық жарақтандыруды нығайту және оқу процесінің сапасын арттыру арқылы қалалық және ауылдық мектептер арасындағы білім беру сапасындағы алшақтықты азайтуға бағытталған. Бұл жұмыстың аясында күрделі жөндеу, пәндік кабинеттермен жабдықтау, мектеп жиһаздарын жаңарту, кітапханаларды, асханаларды және қауіпсіздік шарттарын жақсарту жүзеге асырылуда. Бүгінгі таңда 780 ауылдық мектептегі жаңғырту жұмыстары аяқталды.Сонымен қатар, биыл 1383 заманауи пәндік кабинет сатып алынып, оның 843-і орнатылды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/press/news/details/876545
ТҮРКІСТАН: БІЛІМ САЛАСЫНДАҒЫ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ БАҒЫТЫНДАҒЫ ЖҰМЫС ЖАЛҒАСУДА 16.11.2024
Бүгін Түркістан облыстық әкімдігінде Ордабасы және Сауран аудандық білім бөлімінің қызметкерлеріне қатысты анықталған бірқатар заңбұзушылықтар туралы ұсынуларды қарау бойынша мәжіліс өтті. Оған облыс әкімінің орынбасары, құқық қорғау органдары мен жауапты басқарма басшылығы, аудан, қала әкімдерінің сала бойынша жетекшілік ететін орынбасарлары, білім бөлімінің қызметкерлері қатысты.Алдымен Түркістан облысы прокуратурасының Ордабасы аудандық білім бөлімінің қызметкерлеріне қатысты мәселелер қаралды. Облыс прокурорының аға көмекшісі Ерарыс Жолбарыс сөз алып, орын алған заңбұзушылықтарды ортаға салды. Ал Облыстық білім басқармасының жалпы бөлімінің басшысы Әлжан Сапарбеков бақылаудан күшейтіліп жатқанын жеткізді.Облыс әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев заңбұзушылықтарға ықпал еткен себептерді анықтап, аталған жағдайларды жою жөнiндегi ұсыныстарды жіті зерделеп қарау керектігін айтты.Жиынның екінші бөлігінде Түркістан облысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігінің Сауран аудандық білім бөлімінің қызметкерлеріне қатысты анықталған бірқатар заңбұзушылықтар талқыланды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігінің Түркістан облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Бұлан Рақымжанов, аталған департаменттің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Мұрат Өтегенов бірқатар мәселені ортаға салып, ұсыныстарын жеткізді. Арнайы дайындалған бейнеролик көрсетілді.– Бүгінде облысымызда сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша жұмыстар жүйелі түрде қарқынды жүргізіліп жатқандығына қарамастан, осындай оқиғалардың кездесетіні өкінішті. Жаңа жүйеге көшкенімізбен кейбір аудандарда деректер тіркеліп отыр. Сондықтан әрбіріңіз өз ұжымыңызда жемқорлықтың алдын алу бойынша тиісті шараларды қабылдап отыруларыңыз қажет. Әрбір қызметкеріңіз үшін сіздер де жауаптысыздар, тиісті қадағалау, тексеру жұмыстарын барынша күшейтуді тапсырамын, – деді облыс әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев.Мәжіліс соңында онлайн қатысқан аудан, қала әкімдерінің сала бойынша жетекшілік ететін орынбасарлары мен білім бөлімінің басшылары тарапынан сауалдар қойылып, ұсыныстар пысықталды.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/876527
«ТЕАТР АLL»: Астанада III Халықаралық театр фестивалі мәресіне жетті 16.11.2024
Астанада 28 қазан мен 3 қараша аралығында өткен Абай атындағы мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, жазушы-драматург Роза Мұқанованың драматургиясына арналған «ТЕАТР АLL» III Халықаралық театр фестивалі аяқталды. Жүлдегерлерді марапаттау рәсімі елордадағы Қ.Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театрында өтті, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.Астана төрінде биыл үшінші мәрте ұйымдастырылып жатқан халықаралық фестивальге Әзербайжан, Қырғызстан және Қазақстанның үздік театр ұжымдары қатысты.«Театрлардың қатысуымен өткен фестивальдің басты мақсаты – түркі дүниесінің мәдени кеңістігіне есімі танымал жазушы-драматург Роза Мұқанованың драматургиясындағы рухани құндылықтарды өскелең ұрпаққа дәріптеу, театрлар арасындағы шығармашылық әріптестікті нығайту болып саналды. Астана қаласының әкімдігі мен Мәдениет басқармасы, Музыкалық жас көрермен театрының ұйымдастыруымен, міне, осындай мақсаттарды арқау еткен, әр күн сайын көрермен назарына сағат 11.00 мен кешкі 19.00-де екі мәрте қойылымдар сахналанып, бір аптаға созылған Халықаралық театр фестивалі өз мәресіне жетті. Көрерменге шынайы театр атмосферасын сыйлаған фестивальдің жемісті де, табысты бір аптасы еліміздің мәдени кеңістігінде ерекше оқиғаға айналды»,- деді Музыкалық жас көрермен театрының директоры Асхат Маемиров.Оның айтуынша, театр фестивалінің шеңберінде шеберлік сабақтары мен шығармашылық кездесулер өткізілді. Қазақ ұлттық өнер университетінің ұйымдастыруымен «Театр өнері және өнертану» факультеті студенттерінің Р.Мұқанова драматургиясы бойынша қойған өзіндік жұмыстарының көрсетілімдері, сонымен бірге Ұлттық кітапханада отандық және шетелдік ғалымдардың қатысуымен халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, қазылар алқасының төрайымы Әлия Бөпежанова мұндай фестиваль өнердің дамуына әсер ететінін атап өтті.«Фестивальдік қозғалыстар жалпы өнердің дамуына, бәсекелістік пен жаңа ізденістердің дамуына өте қатты әсер етеді. Осылайша, талай театр әртісі танылып, үлкен шығармалар дүниеге келеді. Роза замандасыма шығармашылық табыс тілеймін. Оның шығармалары театрларға азық болып, біздің руханиятымыздың дамуына өлшеусіз үлес қосып келеді», - деді Әлия Бөпежанова.Көрерменді жазушы-драматург Роза Мұқанованың шығармашылығымен таныстыру, халықаралық шығармашылық байланыстарды нығайту және театр өнеріне жаңа серпін беріп, өскелең ұрпаққа кеңінен насихаттау бағытындағы фестивальдің қорытындысы мен жүлде қорына тоқтала кетейік:1. «Үздік қойылым» – «Фариза» драмасы (режиссері Фархад Молдағали) Түркістан музыкалық драма театры (1 000 000 теңге).2. «Үздік режиссура» – Арнис Кыдырмышев («Жесір» драмасы) Жамал Сейдакматова атындағы «Тунгуч» жастар театры (Қырғыз Республикасы, Бішкек қаласы) (1 000 000 теңге).3. «Үздік актерлік ансамбль» – «Қызжылаған» драмасы (режиссері - А.Максим), Астана қаласы әкімдігінің Музыкалық жас көрермен театры (500 000 теңге).4. «Үздік ер адам бейнесі» – «Шатыр астындағы Мен» спектакліндегі Анти Шрек рөлі үшін Хазар Гянджали, Газах мемлекеттік драма театры (Әзербайжан Республикасы, Газах қаласы) (500 000 теңге).5. «Үздік әйел бейнесі» – «Бопай ханым» тарихи драмасындағы Бопай рөлі үшін Лейло Бекназар, Қ.Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театры (500 000 теңге).6. «Үздік әйел бейнесі» – «Ешкім де кінәлі емес» спектакліндегі Асыл рөлі үшін Дина Заитова, C.Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық қазақ драма театры (500 000 теңге).7. «Сахналық жаңа форма табудағы ізденістері үшін» – «Мәңгілік бала бейне» спектаклі (режиссері - Ә.Оспанбаева), А.Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театры (300 000 теңге).8. «Екінші пландағы үздік ер адам бейнесі» – «Мәңгілік бала бейне» спектакліндегі Депутат рөлі үшін Дархан Муслимов, Астана қаласы әкімдігінің Қуыршақ театры (300 000 теңге).9. «Екінші пландағы үздік әйел бейнесі» – «Қаралы сұлу» спектакліндегі Қызметші кемпір рөлі үшін Гүлжиян Шынтемір, Х.Бөкеева атындағы Батыс Қазақстан облыстық қазақ драма театры (300 000 теңге).10. «Екінші пландағы үздік әйел бейнесі» – «Мәңгілік бала бейне» спектакліндегі Қатира рөлі үшін Айжан Садықова, Астана қаласы әкімдігінің Қуыршақ театры (300 000 теңге).Бұл фестивальдің әр номинациясы бойынша жеңімпаздарды Қазақстан мен ТМД елдерінің театр сыншылары және драматургтерінен тұратын қазылар алқасы мен сарапшылар анықтады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/876474
Алматыдағы Бостандық ауданында 48 жыл бұрын пайдалануға енгізілген құбыржол ауыстырылды 16.11.2024
Алматыда Қожанов көшесінің бойымен Радостовец көшесінен бастап Е. Серкебаев даңғылына дейін және Есқараев көшесінің бойымен Розыбакиев көшесінен бастап Е. Серкебаев даңғылына дейін төселген құбыржолды ауыстыру жұмыстары аяқталды. Ағымдағы жылы жаңғыртылған учаскенің ұзақтығы 1 097,5 метрді құрады.Ауыстырылған құбыржол 1976 жылы пайдалануға енгізілді және қазіргі уақытта 19 көппәтерлі тұрғын үйлерді, 2 балабақшаны және басқа да 39 объектіні жылумен және ыстық сумен қамтамасыз етіп отыр, сондай-ақ ыстық су берудің үлестірілуін қамтамасыз етеді және «Орбита» мен «Южный» қазандықтарын бір-бірімен байланыстырады.Жалпы, ағымдағы жылы Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасы бойынша 20 км жылу желілері жаңғыртылды. Жыл сайын жаңғырту жылытуаралық кезең ішінде жүргізіледі, биылғы жылы мұндай жұмыстар Алматының 6 ауданында іске асырылды. Жылумен жабдықтау желілері жаңғыртылған учаскелерді абаттандыру ауа-райы жағдайларын ескере отырып, кезең-кезеңімен жүргізілуде.Естеріңізге сала кетейік, қозғалыстарды шектеуге қатысты барлық ақпарат Almaty.kz сайтында, Telegram-арнада @AlmatyJoly, аудандық әкімдер мен басқармалардың әлеуметтік желілерінде, сондай-ақ «2GIS» және «Яндекс карталар» сервистерінде орналастырылған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/876504
«Бір белдеу, бір жол» атты студенттер арасындағы Халықаралық сайыста Astana IT University командасы I орын иеленді 16.11.2024
«Бір белдеу, бір жол» атты студенттер арасындағы Халықаралық сайыста Astana IT University командасы I орын иеленді 2024 жылғы 26 қазан – 2 қараша аралығында Сиянь қаласы, ҚХР өткен ғылыми-технологиялық, индустриялық инновацияларды, кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған «Бір белдеу, бір жол» атты студенттер арасындағы Халықаралық сайыста Astana IT University командасы I орын иеленді. Команда мүшелері магистрант Нұрлан Абзалбеков пен колледж студенті Қуандық Нұрайым күн панельдерін БПЛА және жасанды интеллектті қолдану арқылы тексеруге арналған веб-платформа «Energy Drones AI» жобасымен бақ сынасты. Жобаның басты мақсаты — күн панельдеріндегі ақауларды анықтаудың тиімді шешімін ұсыну. Студенттер қазіргі кезде барлық ақауларды анықтай алмайтын мониторинг жүйелерінің жұмысын дронмен түсірілген суреттер және AI мен CV негізіндегі веб-платформасымен толықтыруды ұсынды. Бұл тұста 95% дәлдікке жететін алдыңғы қатарлы нейрондық желілерді (KAN, CNN, ResNet-8) қолданатын Energy Drones AI тексеру дәлдігін арттырады. Жоба жетекшісі – Astana IT University сеньор-лекторы, Smart City ғылыми-инновациялық орталығының ғылыми қызметкері Зарина Құтпанова. Байқауға жалпы, 6000 жоба қатысып ақтық мәреге 14 мемлекеттен (Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекістан, Әзербайжан, Түркия, Иран, БАӘ, Жапония, Жаңа Зеландия, Ұлыбритания, Үндістан, Ресей және Қытай мемлекеті) 579 жоба жолдама алды. Байқау аясында технологиялық жетістіктердің көрмесі мен тұсаукесерлері өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sci/press/news/details/876532
Қазақстан-Ресей бірлескен демаркациялық комиссиясының жүз қырық үшінші отырысын өткізу туралы 16.11.2024
Алматы, 2024 жылғы 28 қазан - 1 қараша – Бірлескен Қазақстан-Ресей демаркациялық комиссиясының жүз қырық үшінші отырысы өтті.Тараптар мемлекеттік шекара сызығының әртүрлі учаскелерінде оны белгілеуге қатысты бірқатар мәселелерді талқылады, демаркациялаудың қорытынды құжаттарының тиісті жобаларын, сондай-ақ 2025 жылға арналған Бірлескен Қазақстан-Ресей демаркациялық комиссиясы жұмысының және камералдық жұмыстардың жоспар-кестелерін бекітті.Комиссияның келесі отырысы 2024 жылғы желтоқсан айында Ресей Федерациясының аумағында өтеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/876505
Астанада Орнықты даму мақсаттарының іске асырылуы талқыланды 16.11.2024
Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров орталық мемлекеттік органдар басшылығы мен БҰҰ, БҰҰДБ және Еуропалық одақ өкілдерінің қатысуымен Орнықты даму мақсаттары жөніндегі үйлестіру кеңесінің 8-ші отырысын өткізді.Нұрлан Байбазаров әріптестік пен тиімді өзара іс-қимыл орнықты даму мақсаттарын іске асыру үшін маңызды рөл атқаратынына тоқталды. «Өткен жылдың қыркүйек айында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Орнықты даму саласындағы мақсаттар бойынша БҰҰ саммитіне қатысты. Президент өз сөзінде ОДМ-ға қол жеткізу біз үшін ұлттық басымдық болып саналатынын атап көрсетті. Сондықтан біз әрқашан ынтымақтастық үшін ашықпыз және халықаралық серіктестеріміздің қолдауын жоғары бағалаймыз», — деп атап өтті вице-премьер. Сондай-ақ Нұрлан Байбазаров Орнықты даму мақсаттарының қағидаттарын енгізу халықтың өмір сүру сапасын арттыруға, үздік халықаралық стандарттарды қабылдауға, еліміздің халықаралық имиджін арттыруға бағытталғанын айтты.Жиын барысында сөз алған шетелдік әріптестер республикада жүргізіліп жатқан реформаларға қолдау білдіріп, әлеуметтік-экономикалық саланың негізгі бағыттарын одан әрі дамыту жөніндегі ұсыныстарын жеткізді.Талқылау қорытындысы бойынша Үйлестіру кеңесі БҰҰ-ның Орнықты даму саласындағы күн тәртібінің 2030 жылға дейінгі Орнықты даму мақсаттарының ұлттық индикаторларының жаңартылған тізбесін бекітті және 2025 жылғы Ерікті ұлттық шолуды дайындау жоспарын мақұлдады. Анықтама: Орнықты даму мақсаттарын 2015 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымы кедейлік пен теңсіздікті жоюға, қоршаған ортаны қорғауға және әлем халқының әл-ауқатын қамтамасыз етуге бағытталған жаһандық іс-әрекетке шақыру ретінде қабылдады. Барлығы 17 бағыт белгіленді, оларды жүзеге асыру экономика мен әлеуметтік өмірдің негізгі бағыттарын дамытуға мүмкіндік береді. ОДМ-ға қол жеткізу мониторингі БҰҰ мен ҚР Үкіметі өкілдерінің тұрақты бақылауында.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/876480
Зайсан ауданында алғаш рет 500 гектарға жуық жерге тамшылатып суару жүйесі енгізілді 16.11.2024
Шығыс Қазақстан облысындағы Зайсан ауданында алғаш рет 500 гектарға жуық жерге тамшылатып суару жүйесі енгізілді. Бұл туралы журналистермен кездесу барысында Шығыс Қазақстан облысы бойынша «Қазсушар» филиалының директоры Нұржан Әміржанов мәлімдеді.Облыста 2,8 мың гектар жер су үнемдеу жүйелерімен суарылады. Биыл Өскемен қаласында жаңбырлатып суару қондырғыларын дайындайтын мекеме ашылды. Кәсіпорын өнімдерінің алғашқы үлгілері Ұлан ауданының 185 га жеріне орнатылды. Жыл соңына дейін тағы 400 гектардан астам егіс алқабына су үнемдеу жүйелерін орнату жоспарланып отыр.Еске салсақ, Су ресурстары және ирригация министрлігі Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлесіп, су үнемдеу жүйелерін орнату шығындарын субсидиялау мөлшерін 50%-дан 80%-ға дейін ұлғайтты. Осылайша, министрлік 2030 жылдың соңына қарай республикадағы суармалы жерлердің жалпы көлемінің 50%-дан астамын су үнемдеу технологияларымен қамтып, жылына 2,2 текше шақырымға дейін су үнемдеуге ниетті.«Шығыс Қазақстан облысында суару кезеңі сәтті өтті, бұл жақсы өнім жинауға мүмкіндік берді. Филиал 9,2 мың гектар жерді суару үшін шаруаларға 36,7 млн текше метр су берді. Вегетацияға дайындық аясында жалпы ұзындығы 18 шақырым болатын канал механикалық әдіспен тазартылды, гидробекеттерді жөндеу және оларды аттестаттау жұмысы жүргізілді»- деді Шығыс Қазақстан облысы бойынша «Қазсушар» филиалының директоры Нұржан Әміржанов.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/water/press/news/details/876416
Су ресурстары және ирригация министрлігінің өткен аптадағы жаңалықтар шолу 16.11.2024
28.10.АСТАНАҚазақстан мен Франция Іле-Балқаш бассейнін зерттейді. Нұржан Нұржігітов Францияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Сильван Гиогемен кездесіп, екіжақты ынтымақтастық бағыттарын талқылады.МАҢЫЗДЫ: Министрлік Францияның даму агенттігімен (AFD) және Францияның геологиялық және тау-кен зерттеулер бюросымен (BRGM) ынтымақтастық туралы меморандумға және үшжақты келісімге қол қоюға дайындалып жатыр. Бұдан бөлек, Халықаралық су бюросымен (OiEau) ынтымақтастық мүмкіндіктерін қарастыруда.29.10.АСТАНАҚазақстан мен Испания су инфрақұрылымын салу және маман даярлау бағытында ынтымақтастық орнатуға дайын. Нұржан Нұржігітов Испанияның 1000–нан астам құрылыс компанияларын біріктіретін Испан өнеркәсіптік инженерлер қауымдастығының өкілдерімен кездесті.НӘТИЖЕСІНДЕ: Өнеркәсіптік инженерлер қауымдастығы өкілдерінің айтуынша, испандық құрылыс компаниялары Қазақстанның су шаруашылығы нысандарында жұмыс істеуге ниетті. Сонымен қатар, сала мамандарының біліктілігін арттыру бойынша да қолдау көрсетуге дайын екендіктерін білдірді.01.11.АСТАНАҚазақстан мен Қытай трансшекаралық өзендерде су бөлу мәселелері бойынша келіссөз жүргізуде. Нұржан Нұржігітов ҚХР-ның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Чжан Сяомен кездесті.ӨЗЕКТІ: Келіссөздер барысындағы басым бағыттың бірі - трансшекаралық өзендерде су бөлу мәселесі. Ол үшін құрамына қос тараптың сарапшылары кіретін арнайы жұмыс тобы жасақталған. Басты мақсат - Іле-Балқаш бассейнін сумен тұрақты қамтамасыз ету, балық шаруашылығы мен туризмді дамыту болып табылады.28.10.АСТАНАРеспублика күніне орай Су ресурстары және ирригация министрлігінің Қоғамдық кеңесінің бірінші отырысы өтті. Қоғамдық кеңес құрылған күнінен бері Су ресурстары және ирригация министрлігі әзірлеген 13 нормативтік құқықтық актіге сараптамалық баға берді.30.10.АСТАНАЕліміздің су қоймалары су тасқыны кезеңіне дайындалуда. Бүгінгі таңда оңтүстіктегі су қоймалары келесі жылғы суару маусымына су жинау режимінде жұмыс істеп жатыр. Ал, солтүстік, батыс және шығыс облыстардың қоймаларынан су жіберілуде. Бұл көктемгі су тасқыны кезінде еріген қар суын қабылдау үшін бос сыйымдылықтарды қамтамасыз ету үшін жасалады.31.10.ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫЖетісу облысында 200 шақырымнан астам канал тазартылды. Бұдан бөлек, 22 гидротехникалық құрылыс пен 21 гидрометриялық бекет жөнделді.01.11.ШҚОШығыс Қазақстан облысындағы Зайсан ауданында алғаш рет 500 гектарға жуық жерге тамшылатып суару жүйесі енгізілді. Облыста 2,8 мың гектар жер су үнемдеу жүйелерімен суарылады.ЕСКЕ САЛСАҚ: Су ресурстары және ирригация министрлігі Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлесіп, су үнемдеу жүйелерін орнату шығындарын субсидиялау мөлшерін 50%-дан 80%-ға дейін ұлғайтты. Осылайша, министрлік 2030 жылдың соңына қарай республикадағы суармалы жерлердің жалпы көлемінің 50%-дан астамын су үнемдеу технологияларымен қамтып, жылына 2,2 текше шақырымға дейін су үнемдеуге ниетті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/water/press/news/details/876418
Каспий теңізіне шамамен 17 миллиард текше метр су жіберілді 16.11.2024
Жыл басынан бері Жайық өзені арқылы Каспий теңізіне 16,7 миллиард текше метр су жіберілді.Толығырақ, Жайық өзенінің орташа көпжылдық ағыны9,46 текше шақырымды құрайтын. Бірақ, биылғы жылы су көлемі орташа жылдық нормадан асып түсті.Айта кетейік, өзен ағыны Ресейдегі Ириклин су қоймасынан жіберілген су көлеміне байланысты қалыптасады.«Жыл басынан бері Министрлік өкілдері Ресей, Қытай және Орталық Азия елдерінен келген әріптестерімен трансшекаралық өзендер мәселелері бойынша 28 кездесу өткізді. Су тасқыны кезеңінде су көлемін реттеу бойынша келіссөздер күшейтілген режимде жүргізілетін болады»,- деп атап өтті су ресурстары және ирригация министрлігінің ресми өкілі Мөлдір Әбдуәлиева.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/water/press/news/details/876433
Қазақстандықтар Ливаннан аман-есен оралды 16.11.2024
Астана, 2024 жылғы 4 қараша – Таяу Шығыс өңіріндегі шиеленістің күшеуіне байланысты Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Қазақстанның тиісті мемлекеттік органдардың қатысуымен Ливаннан ҚР азаматтарын және олардың отбасы мүшелерін елге эвакуациялау шаралары жүзеге асырылды.Аталған операция Ыстанбұл және Дубай қалалары арқылы ұйымдастырылып, нәтижесінде 2024 жылғы 17-31 қазан аралығында Бейруттан Астана мен Алматы қалаларына 41 адам аман-есен жеткізілді.Эвакуация әскери қақтығыс аймағында қалған Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтары мен мүдделерін қорғау мақсатында жүргізілді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/876384
Қазақстанда IT-мамандарға арналған Digital Nomad Visa іске қосылды 16.11.2024
Цифрлық даму министрлігі халықаралық мамандарды тарту және Қазақстанның цифрлық экономикасын дамытуға бағытталған Digital Nomad Visa (DNV) бағдарламасының іске қосылғаны туралы жариялайды. Бұл виза әлемнің түкпір-түкпіріндегі мамандарға Қазақстанда заманауи цифрлық қызметтер мен жоғары деңгейлі жайлылықты пайдалана отырып, өмір сүру және жұмыс істеуге мүмкіндік береді.Digital Nomad Visa IT-мамандарға арналған, Қазақстанды қашықтан жұмыс істеуге ыңғайлы хаб ретінде ұсынады. Бағдарлама жоғары жылдамдықты интернетке қолжетімділік, озық цифрлық қызметтер және бизнесті жүргізудің жеңілдігі маңызды кәсіби мамандарды тартуға бағытталған.Digital Nomad Visa артықшылықтары:- Икемді визалық режим: Визаны беру және ұзарту рәсімдерінің жеңілдетілуі.- 5G және спутниктік байланысқа қолжетімділік: Ел аумағында тұрақты байланыс қамтамасыз етілген.- Жергілікті мәдениетпен интеграция: Бейімделуге, тұрғын үй іздеуге және кәсіби байланыстар орнатуға көмек көрсету.- Мемлекеттік қолдау: Бизнесті жеңілдету және инновациялық жобаларға қатысу мүмкіндігі.«Digital Nomad Visa – Қазақстанды цифрлық көшпенділер үшін халықаралық орталыққа айналдыруға бағытталған маңызды қадам. Бағдарлама жұмыс істеуге ыңғайлы жағдайлар мен жоғары өмір сүру деңгейін қамтамасыз етеді, бұл инновациялық экожүйелерді дамытуға және әлемнің түкпір-түкпіріндегі мамандармен тәжірибе алмасуға ықпал етеді»,- деп Цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев атап өтті.Digital Nomad Visa бағдарламасы қазірдің өзінде қолжетімді және Қазақстанда жұмыс істеуге және өмір сүруге бірегей мүмкіндіктер береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mdai/press/news/details/876382
Қазақконцерт әртістері Чехияда өнер көрсетті 16.11.2024
Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымының Қазақ мемлекеттік симфониялық оркестрі Чехияның ең беделді сахналарының бірі – «Рудольфинум» концерт залында өнер көрсетті. Әлемнің белді сахналарының бірінде қазақстандық және әлемдік классикалық музыканың жауһарлары орындалды.Концерт халықаралық аренада еліміздің мәдени имиджін нығайту және Қазақстан мен Чехия арасындағы дипломатиялық байланыстарды дамыту мақсатында ұйымдастырылды. Рухани кеш – екі ел арасындағы мәдениетаралық ынтымақтастыққа деген ұмтылыстың айқын көрінісі.Еліміздің жетекші музыкалық ұжымдарының бірегейі – Қазақ мемлекеттік симфониялық оркестрінің құрамы асқан виртуоз шеберлер мен камералық музыкалаудың үздік әлемдік дәстүрлерін дамытып жүрген кәсіби музыканттардан құралған. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/876363
АҒЫМДАҒЫ ЖЫЛДЫҢ 10 АЙЫНДА СІБІР ЖАРАСЫНЫҢ ЖИІЛІГІ ЕКІ ЕСЕ ТӨМЕНДЕДІ 16.11.2024
Қазақстанда 2024 жылдың соңғы 10 айында сібір жарасымен сырқаттанушылық өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда екі есе төмендеді, деп хабарлады ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі. Ағымдағы жылы барлығы 17 жағдай тіркелді.Сібір жарасы - бұл ауыл шаруашылығы жануарларына және жабайы аңдарға, сондай-ақ адамдарға әсер ететін аса қауіпті инфекциялық ауру. Ауру көбінесе ауыр ағыммен өтеді және өлімге әкелуі мүмкін. Ол септикалық, ішек және өкпе түрін қоса алғанда, тері немесе жалпыланған түрде өтеді. Сібір жарасының қоздырғышы - топырақта жылдар бойы сақталатын сібір жарасы микробы. Инфекция ауру жануарлармен, олардың етімен және мал өнімдерімен, сондай-ақ топырақ арқылы байланыс болған кезде туындайды.«Аурудың инкубациялық кезеңі бірнеше сағаттан 14 күнге дейін, бірақ көбінесе симптомдар инфекциядан кейін 3-6 күннен кейін пайда болады. Оларға жалпы әлсіздік, жоғары температура, лимфа түйіндерінің ісінуі және жүрек соғуының жоғарылауы жатады. Адам сібір жарасы ауруымен ауыратын жануарлардан жұқтыруы мүмкін, оларға ірі қара мал, жылқы, есек, қой, ешкі, бұғы, түйе жатады», - деп хабарлады Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ұлттық Қоғамдық денсаулық сақтау орталығы.Инфекция жануарларға күтім жасау, сою, етті өңдеу кезінде, сондай-ақ мал шаруашылығы өнімдерімен - тері, мех бұйымдары, жүн, қылшықтармен жұмыс істеген кезде болуы мүмкін. Бұл жағдайда споралар жылдар бойы, соның ішінде топырақта да сақталуы мүмкін. Жермен байланыс арқылы споралар терідегі микрожарақаттарға түседі, бұл сібір жарасының тері түрінің дамуына әкеледі.«Тері түрі сібір жарасының барлық жағдайларының басым көпшілігін (98-99 %) құрайды. Аурудың карбункулозды түрі жиі кездеседі, оның айналасында қызыл түсті айқын қабынған шеңбер түріндегі қара, ауыртпалықсыз тығыз қотыр пайда болады. Сібір жарасының алдын алу үшін жеке ауыл шаруашылығы малы бар адамдар жеке гигиена шараларын сақтауы, жануарларды вакцинациялауы, ветеринариялық куәландырусыз ауру (өлген) жануарларды өз бетінше союды ұйымдастырмауы қажет», - деп ҰҚДСО-да ұсынымдар берді.Ет және ет өнімдерін санитариялық-ветеринариялық бақылау жоқ белгісіз жерлерде сауда жасайтын жеке тұлғалардан сатып алуға болмайды. Базарларда ет сатып алу кезінде өнімнің қауіпсіздігін растайтын «ветеринариялық қорытынды» талап етілуі керек. Мал шаруашылығы шикізатын өңдеумен, тасымалдаумен және сатумен айналысатын жұмысшылар жеке гигиена және алдын алу шараларын сақтауы қажет.Бұл қауіпті инфекцияның алдын алудың маңызды шарасы - жануарларды вакцинациялау.Ет комбинаттарының қызметкерлеріне, ветеринариялық қызметкерлерге, сібір жарасының қоздырғышымен жұмыс істейтін зертханалардың қызметкерлеріне вакцинамен профилактикалық егулер алу қажет.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm/press/news/details/876389
Қазақстанның жас боксшылары әлем чемпионатында топ жарды 16.11.2024
22 қазан мен 3 қараша аралығында Черногорияның Будва қаласында өткен жастар арасындағы бокстан әлем чемпионаты қазақстандық боксшылар үшін сәтті аяқталды. Біздің құрама осы турнирде алғаш рет жалпы есепте бірінші орын алды.Қазақстан құрамасының нәтижесі: 6 алтын, 1 күміс, 10 қола. Алтын медаль алғандар:Боранбек Бексұлтан (51 келі)Төрехан Сабырхан (67 келі)Өнер Сейілхан (71 келі)Санжар-Али Бегалиев (75 келі)Елянур Турганова (50 келі)Аружан Зейноллаева (81 келі) Жалпы есеп:1. Қазақстан — 6 алтын, 1 күміс, 10 қола2. Өзбекстан — 5 алтын, 5 күміс, 3 қола3. Ресей — 5 алтын, 2 күміс, 1 қола4. Қытай — 3 алтын, 3 күміс, 4 қолаАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/876297
Қазақ спортшыларының өткен аптадағы жарқын жеңісі 16.11.2024
Бокс: Болгарияда өткен 76-шы «Странджа кубогі» турнирінде Қазақстан құрамасының боксшылары 5 алтын, 9 күміс, 4 қола медаль еншілеп, жалпыкомандалық есепте топ жарды. Ұлттық құрама мүшесі Төрехан Сабырхан турнирдің үздік боксшысы атанды.Конькимен жүгіру: Ұлттық құрама спортшысы Евгений Кошкин Нидерландтың Херенвен қаласында өткен Әлем кубогі кезеңінде бір алтын, бір қола медаль жеңіп алды.Көркем жүзу: Франция астанасы Париждегі Әлем кубогінің алғашқы кезеңінде отандастарымыз бір алтын, екі күміс жүлде олжалады.Брейкинг: Индонезияда ұйымдастырылған Fresh Mo Jam халықаралық рейтингтік турнирінде Диас Әубәкіров топ жарды. Ол финалда Париж Олимпиадасының қола жүлдегері, екі дүркін әлем чемпионы Виктор Монтальводан басым түсті.Күрес: Албания астанасы Тиранада өткен рейтингтік турнирде Ұлттық құрама спортшылары 1 алтын, 1 күміс, 6 қола медаль еншіледі.Дзюдо: Ташкенттегі (Өзбекстан) Grand Slam жарысында Абылайхан Жұбаназар қола медаль жеңіп алды.Фристайл-могул: Алматыдағы Әлем кубогы кезеңінде отандасымыз Анастасия Городко қола медальға қол жеткізді. Анастасия кіші финалда америкалық Тесс Джонсоннан озып кетті.Таэквондо: Болгария астанасы Софияда өткен Bulgaria Open G1 турнирінде Қазақстан командасы 1 алтын, 5 күміс және 8 қола жүлдеге қол жеткізді.Су добы: Қытайдың Чжаоцин қаласында мәресіне жеткен Азия чемпионатында Қазақстанның ерлер және әйелдер құрамасы қола медаль жеңіп алды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/949523
ҚР АШМ: Жаңа егіннен алынған астықты сақтауға арналған элеваторлардың бос сыйымдылығы 7,6 млн тонн 16.11.2024
Бүгінгі таңда орташа өнімділігі 16 ц/га болған жағдайда, 26,6 млн тонна дәнді және бұршақ дақылдары бастырылды.Республикадағы астық сақтау қоймаларының жалпы сыйымдылығы 30 миллион тоннаны құрайды, бұл ағымдағы жылдың астығын сақтауға қажеттілікті толығымен қанағаттандырады.Лицензияланған астық сақтау қоймаларын пайдалану коэффициенті 42%, бос көлемі 7,6 млн. Негізгі астықты аймақтарда бос қуат көрсеткіштері де тұрақты деңгейде:Қостанай облысы: 1,6 млн тонна бос көлем;Солтүстік Қазақстан облысы: 1,8 млн тонна бос көлем;Ақмола облысы: 2,5 млн тонна бос көлем.Министрлік астықты үздіксіз қабылдау мен сақтауды қамтамасыз ету бойынша белсенді жұмысты жалғастыруда.Премьер-Министрдің орынбасары С.М.Жұманғариннің төрағалығымен өткен Жедел штабта берілген тапсырмалар аясында бұрын пайдаланылмаған лифтілерді пайдалануға беру жұмыстары жүргізілуде.Солтүстік Қазақстан облысында сыйымдылығы 74,6 мың тоннаны құрайтын «Ащыкөл элеваторы» ЖШС, Қостанай облысында «Олжа Денисовское 1» ЖШС-нің сыйымдылығы 173 мың тонналық элеваторы іске қосылды. Қазіргі уақытта астық қабылдау жүріп жатыр.Ағымдағы сақтау сыйымдылығы егін жинау мен сақтауды тиімді басқару үшін жеткілікті. Лифттердің жұмысы тұрақты бақылауда.Астық сақтауға немесе элеваторлардың жұмысына қатысты сұрақтарыңыз болса, ауыл шаруашылығы бөліміне хабарласуыңыз керек:Қостанай облысы:- облыс әкімінің орынбасары Әбенов Арман +7 (7142) 575-010- Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Бекмұхамедов Ибрагим +7 (7142) 54-27-95Солтүстік Қазақстан облысы:- облыс әкімінің орынбасары Марат Тасмағанбетов +7 (7152) 46-46-84- Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Токужинов Даурен +7 (7152) 53-36-20Ақмола облысы:- облыс әкімінің орынбасары Балпан Мұрат +7 (7162) 29-72-80- Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Әлімжанов Кеңеш + 7 (7162) 72-28-00.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/876339
Мүгедектікті белгілеу бойынша 77 мыңнан астам өтінім сырттай форматта қаралды 16.11.2024
2024 жылдын басынын бастап мүгедектік тобын белгілеу үшін медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізудің сырттай форматы бойынша пилоттық жобаны іске асыру шеңберінде Қазақстанның барлық өңірлерінен 77,2 мыңнан астам өтінім қаралды. Бүгінгі күні сырттай форматта куәландыру 30 нозологиялық нысан бойынша жүргізіледі.2023 жылы 76,4 мыңнан астам өтінім сырттай форматта қаралды, бұл куәландырудан өткен мүгедектігі бар адамдардың жалпы санының 30,4%-ын құрайды.Бұған дейін хабарланғандай, Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің VI отырысында Мемлекет басшысы ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін барынша қолайлы жағдай жасауды, олардың инстанциялар мен қағазбастылық бойынша жүруін, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушілердің көрсетілетін қызметті алушылармен байланысын болдырмауды тапсырды.Осы тапсырманы орындау мақсатында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Денсаулық сақтау мен Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрліктерімен бірлесіп Қазақстанның барлық 20 өңірінде пилоттық режимде медициналық-әлеуметтік сараптама (бұдан әрі – МӘС) жүргізудің сырттай форматы бойынша жобаны іске асыруда.Мүгедектік тобын белгілеу жөніндегі қызметті алу үшін өтініш берушіге тұрғылықты жері бойынша емханаға жүгіну және қажетті тексеруден өту қажет, қалған процестер ақпараттық жүйелерді интеграциялау есебінен оның қатысуынсыз өтеді.Сырттай куәландыруға көшу:- әкімшілік және бюрократиялық кедергілерді жояды;- МӘС сараптамалық шешімдерінің ашықтығын қамтамасыз етеді;- мүгедектікті белгілеу және мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау шараларын анықтау бойынша қызметтерді үйден шықпай-ақ алуға мүмкіндік береді;- көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушімен тікелей байланысын болдырмайды, сол арқылы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/876255