Enbekshi QazaQ
Конституция

Қуқық

Алматыда кезекте тұрғандарға жаңа пәтерлердің кілті табысталды 16.11.2024
Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасымен 2024 жылы қаладағы коммуналдық тұрғын үй қорынан 2000 жалдамалы пәтер бөлінді.Бұл баспананы жетім балалар, ардагерлер, 1 және 2 топ мүгедектері, толық емес және көпбалалы отбасылардың мүшелері, зейнеткерлер және мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналар – барлығы 201 адам алды.Алматының коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы басшысының орынбасары Ғалымжан Әбдішүкірұлы қоныс тойын тойлап жатқан тұрғындарды құттықтап, оларға техникалық мәселелерді егжей-тегжейлі түсіндірді.– Бұл мен үшін өте маңызды сәт. Мен жаңа, заманауи үйден пәтер алғаныма қуаныштымын. Баспананы 2013 жылдан бері күттім. Бұған дейін жекеменшік секторда үй жалдап тұратынмын. Үй алуға мүмкіндік беретін қолданыстағы мемлекеттік бағдарламаларға өте ризамын, – деп кезекте тұрғандардың бірі Зульфира Халиулова қуанышын бөлісті.Бірінші жартыжылдықта Наурызбай және Медеу аудандарында 1080 отбасы жалдамалы тұрғын үй алды.Қараша айында тағы 920 алматылыққа кілт табысталып, олар Наурызбай ауданындағы жаңа пәтерлерге қоныстанады деп жоспарланып отыр.Бөлінген 2000 пәтердің 400-і жетім балаларға, 250-і ерекше қажеттілігі бар адамдар мен мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға және 1350-і басқа санаттарға (ардагерлер, көпбалалы отбасылар, толық емес отбасылар және т.б.) берілді.Сонымен қатар, биыл жұмыс істейтін алматылық жастар үшін 2100 жалдамалы пәтер берілді. Жұмыс істейтін жастарға арналған сатып алу құқығынсыз жалдамалы тұрғын үй бағдарламасы жастарды қолдауға және жеке баспана сатып алуға ынталандыруға бағытталған.Жұмыс істейтін жастарға арналған жалдау шартында ай сайынғы төлем мөлшері 7-ден 15 мың теңгеге дейін белгіленген, сатып алу құқығы мен жалдау мерзімін ұзарту мүмкіндігі қарастырылмаған. Бұған қоса, жұмыс істейтін жастарға арналған жалдамалы тұрғын үйді жалдаушылар үш жыл ішінде кейіннен екінші деңгейлі банктерден ипотека арқылы баспана сатып алу үшін депозитке қаражат жинауға міндетті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/876636
Алматыда жылжымайтын мүлік сатып алуға болмайтын ТК тізімі жаңартылды 16.11.2024
Ағымдағы күннің өзекті ақпараты бойынша тізім 36 тұрғын үй кешенінен тұрады, деп хабарлайды Алматы қаласының қала құрылысын бақылау басқармасы.Тізілім құрылысқа рұқсат беру құжаттарының толық пакеті жоқ, сондай-ақ жобадан ауытқулармен және басқа да бұзушылықтармен салынған бірқатар тұрғын үй кешендерімен (ТК) толықтырылды.Айта кету керек, тізімге құрылысы әлі басталмаған рұқсат құжаттары жоқ нысандар кірді. Басқарманың ақпаратына сәйкес, осындай ТК бойынша ұсыныстар интернет-ресурстардың мониторингі нәтижесінде анықталады.Жылжымайтын мүлікті сатып алмас бұрын Алматы қаласының қала құрылысын бақылау басқармасының WhatsApp +7 705 896 60 00 анықтамалық арнасы бойынша ТК құжаттарының толық пакетінің бар екеніне көз жеткізген жөн.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/876717
Ойыл ауданының 6 ауылында спорт залдар жабдықталды 16.11.2024
«Қазақстан халқына» қоғамдық қорының қолдауымен «Батыр боламын» жобасы аясында Ойыл ауданы бойынша 6 спорт залдың ашылу салтанаты өтті.«Батыр боламын» жобасының мақсаты - балалар үшін спортқа қолжетімділік деңгейі төмен, шалғай жатқан елдімекендерде арнайы құрал-жабдықтары бар спорт залдар ашу. Бұл жолы игі шара Ойыл кәсіптік колледжі, Көптоғай, Сарбие, Қараой, Саралжың, Ақшатау ауылдарында орналасқан спорт залдардың ашылуымен жалғасты. Ауылдағы спорт нысандарына қажетті құрал-жабдықтардың жалпы сомасы 60 млн теңгенің жобасын құрайды. Залдарда бокс, күрес, шахмат, тоғызқұмалақ, үстел теннисі және тағы басқаспорт түрлеріне қажетті бұйымдар бар.«Біздің ауылымыз үшін үлкен мереке. «Батыр боламын» жобасы аясында ауылымызда спорт зал ашылып жатыр. Осындай кішкентай ауылдан еліміздің атын шығаратын чемпиондарды даярлауға мүмкіндіктер сыйлап жатқан жанашыр азаматтарға алғысымызды білдіреміз»,- деді Ақшатау орта мектебінің директоры Бекжан Қарасаев. Ауыл ақсақалдары жасөспірімдерге жасалып жатқан мүмкіндіктердің оңынан болуын тілеп, баталарын берді. Шара соңы ауыл жастарының тартысқа толы қазақтың ұлттық ойындарымен жалғасын тапты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/876630
Ақтөбе облысының тұрғындары «Ауыл аманатына» биыл бөлінген қаржыны игерді 16.11.2024
Президент тапсырмасымен жүзеге асырылған «Ауыл аманаты» бірегей жобасы аясында Ақтөбе облысында 2700-ден астам кәсіпкер қолдау тауып, өз кәсібін ашты.Екі жыл ішінде өңірге жалпы сомасы 15 млрд теңгеден аса үш транш бөлінсе, бүгінде барлық сома толығымен игерілді. Атап айтқанда, мал шаруашылығы саласында 5,4 млрд. теңгеге 758 жоба іске асырылып, 22 417 бас мал сатып алынды. Тағы құс шаруашылығы бағыты бойынша 598 жоба - 2,4 млрд. теңгеге, өсімдік шаруашылығындағы 233 жоба - 1,2 млрд. теңгеге жүзеге асырылды.1 113 ШОБ нысаны ашылды, 71 бірлескен кооператив және 2 014 жұмыс орны құрылды.2023 жылдың қорытындысы бойынша бюджетке 93,3 млн. теңге мөлшерінде салық түсімдері түсті. Ауыл кәсіпкерлерінің дамуына қуатты серпін берген «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында өтінім қабылдау әлі де жалғасуда. Осы қараша айында 2,9 млрд теңге бөлінбек.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/876639
Абай облысында әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштердің өсуі байқалады 16.11.2024
Қысқа мерзімді экономикалық көрсеткіш 105,3 пайызды құрады. Ең көп өсім құрылыста – 131,6%, өнеркәсіпте – 102,6%, ішкі саудада – 110,5%, ауыл шаруашылығында – 106,4% тіркелді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев айтты.237,1 мың шаршы метр баспана пайдалануға берілді. Бұл 2 мың отбасын баспанамен қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Орташа айлық жалақы екінші тоқсанның қорытындысы бойынша 12,3%-ға өсіп, 340 мың теңгені құрады.Меншікті кірістер 126,5 пайызға өсіп, облыс бюджетіне 294,9 млрд теңге түсті. Семей қаласының бюджеті 114,7 млрд теңгені құрады.Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау аясында облысты әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған кешенді жоспары бекітілді. Инвестиция көлемі 1,9 трлн теңгені құрайтын 102 іс-шараны қамтиды. 2024 жылы 74 іс-шараны жүзеге асыру жоспарланған, оның 7-і аяқталды. 2028 жылға дейін 23 жобаны қамтитын инвестициялық пул қалыптастырылды. Нәтижесінде 7 мың жұмыс орнын құруға мүмкіндік бар. Қазіргі уақытта 6 жоба жүзеге асырылып, 225 жұмыс орны ашылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/876687
Абай облысында құрылыс қарқынды жүргізілуде 16.11.2024
«Жайлы мектеп» ұлттық пилоттық жобасы аясында 2700 орындық 4 мектептің құрылысы басталды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев айтты.Биыл облыс орталығында «KAZ Minerals Management» ЖШС қаржысы есебінен 1200 орындық ІТ-мектеп ашылды. Балаларды қосымша біліммен қамту аясын кеңейту үшін көп салалы Оқушылар сарайының құрылысы басталды. Осы жылдың тамыз айында IT және жаңа технологиялар жоғары колледжі, ал қыркүйекте Мұхтар Әуезов атындағы педагогикалық колледжде «Қаражыра» АҚ қаражатына салынған 300 орындық концерт залы пайдалануға берілді.2025 жылға дейінгі «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында облыста жалпы құны 14,8 млрд теңгені құрайтын 65 алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету нысанының құрылысы жүргізілуде. Оның ішінде 64 нысан биыл, біреуі 2025 жылы пайдалануға берілмек.Медициналық қызмет облыстың ауылдарында да кеңейіп келеді. Көкпекті және Үржар аудандарында диализ орталықтары ашылды. Жыл соңына дейін Ақсуат ауылында тағы біреуін ашу жоспарлануда. Жедел жәрдем ауруханасы жасанды қан айналым аппаратымен жабдықталған. Бұл қан айналымын толық тоқтатып, ашық тұрған жүрекке операция жасауға мүмкіндік берді.Биыл денсаулық сақтау нысандарының материалдық-техникалық базасын нығайтуға 2,8 млрд теңге бөлінді. Қазірдің өзінде 100 дана медициналық құрал-жабдық сатып алынды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/876698
Абай облысында бұқаралық спорт дамып келеді 16.11.2024
Биыл облыста тұрғындардың уақытын тиімді әрі пайдалы өткізуіне мүмкіндік беретін жаңа мәдениет нысандары ашылды. Ауылдық жерлердежаңа алаңдар пайда болды. Жеті мәдениет нысанында жөндеу жүргізілді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев айтты.Бесжылдық «Абай жолы кітапханасы» жобасын жүзеге асыру жалғасуда. Бірінші басылым аясында 8 мың дана таралыммен 16 кітап шығарылды. Биыл жалпы таралымы 10 мың дана болатын 20 автордың кітабын шығару жоспарлануда.Аймақта бұқаралық спортты дамытуға ерекше көңіл бөлінуде. Қазіргі уақытта 15 мыңнан астам адамды қамтитын 23 спорт мекемесі жұмыс істейді. Аягөз ауданындағы орталық стадион жөнделіп, Үржар ауданының Жанай ауылында спорт залының құрылысы жүргізілуде.Нысанды 2024 жылдың қараша айында пайдалануға беру жоспарланған.Сондай-ақ Бородулиха және Таскескен ауылдарында екі жаңа спорт нысаны ашылды. Курчатов қаласында үш жүзу бассейнінің, дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің, Қалбатауауылында спорт модульдерінің және стадионның құрылысы қарқынды жүргізілуде.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/876714
Абай облысында бұқаралық спорт дамып келеді 16.11.2024
Биыл облыста тұрғындардың уақытын тиімді әрі пайдалы өткізуіне мүмкіндік беретін жаңа мәдениет нысандары ашылды. Ауылдық жерлерде жаңа алаңдар пайда болды. Жеті мәдениет нысанында жөндеу жүргізілді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев айтты.Бесжылдық «Абай жолы кітапханасы» жобасын жүзеге асыру жалғасуда. Бірінші басылым аясында 8 мың дана таралыммен 16 кітап шығарылды. Биыл жалпы таралымы 10 мың дана болатын 20 автордың кітабын шығару жоспарлануда.Аймақта бұқаралық спортты дамытуға ерекше көңіл бөлінуде. Қазіргі уақытта 15 мыңнан астам адамды қамтитын 23 спорт мекемесі жұмыс істейді. Аягөз ауданындағы орталық стадион жөнделіп, Үржар ауданының Жанай ауылында спорт залының құрылысы жүргізілуде.Нысанды 2024 жылдың қараша айында пайдалануға беру жоспарланған.Сондай-ақ Бородулиха және Таскескен ауылдарында екі жаңа спорт нысаны ашылды. Курчатов қаласында үш жүзу бассейнінің, дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің, Қалбатау ауылында спорт модульдерінің және стадионның құрылысы қарқынды жүргізілуде.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/876734
Қазақстандық колледж студенттері NASA ғарыштық қосымшалар байқауында өз жобаларын ұсынады 16.11.2024
«SPACE APPS CHALLENGE-2024» жаһандық төрешілігінің әлемдік кезеңі 19 қарашада өтеді.Аталған додада Қазақстан намысын Павлодар Ақпараттық технологиялар колледжінің студенттері Роман Устименко, Жан Бейсекеев және А.Байтұрсынов атындағы мектеп оқушысы Игорь Мартынюк қорғайды.Өңірлік кезеңнің қорытындысы бойынша олар әлемнің 152 елінен қатысқан 8715 команда арасынан суырылып шығып, NASA-ның «SPACE APPS CHALLENGE-2024» ғарыштық қосымшалар байқауының жаһандық номинанттары атанды.Енді қазақстандықтардың жобалары NASA сарапшы төрешілер тобы және жаһандық финалистерді анықтайтын серіктес ғарыш агенттіктерінің қарауына ұсынылады.Айта кетейік, әлем бойынша 8,7 мың команданың арасынан тек 940 команда қазылар алқасы тарапынан іріктелген болатын және оның ішінде екі қазақстандық команда бар.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/press/news/details/876707
Sustainable Industrial Processing Summit (SIPS2024) қатысу қорытындысы бойынша, Греция 16.11.2024
Қазақстан Республикасының минералдық шикізатты кешенді қайта өңдеу жөніндегі ұлттық орталығының (ҚР МШКҚӨ ҰО) ғалымдары құрамында бас ғылыми хатшы, профессор Светлана Ефремова, Астаналық филиалының директоры, профессор Баймахан Сәтбаев және Астаналық филиалы директорының орынбасары, Қарағанды индустриялық университетінің PhD студенті Нұрғали Шалабаев SIPS2024 «Ғылым және технология арқылы тұрақтылық» (Sustainable Industrial Processing Summit) саммитіне қатысты. 2003 жылдан бастап жыл сайын өткізілетін іс-шара биыл Грецияда, Критте де өтті. Ұйымдастырылудың бірегейлігі Саммит жердің әр түкпірінен келген ғалымдар мен мамандарды біріктіреді. Оған Нобель сыйлығының лауреаттарынан бастап, ғылым мен өндірістің әртүрлі салаларындағы жас қайраткерлер де қатысады. Алайда, барлық қатысушылар бір тізбекпен тізбектелген – өз елінің және жалпы алғанда Планетаның тұрақты дамуын қамтамасыз етуге үлес қосуы.Саммиттің негізгі идеясы үш құрамдас бөліктің біркелкі тұрақты дамуына қол жеткізу: экология, әлеуметтік және экономика. Бұны тек үш тандемнің өзара әрекеттесуі арқылы ғана жүзеге асыруға болады: ғылым мен бизнес, мемлекеттік басқару және басшылық, білім беру және азаматтық қоғам.Осы тұрғыдан алғанда, Қазақстан Республикасының Минералды шикізатты кешенді өңдеу жөніндегі ұлттық орталығының қызметі SIPS әңгімесіне толық жауап береді. Сондықтан болар әр жылдары өткен саммиттің әр түрлі деңгейдегі ұйымдастыру комитеті құрамына ҚР МШКҚӨ ҰО-тың Бас директор, академик Әбдірәсіл Жәрменов бастаған төрт қызметкерінің енгізілуі заңды.Қазақстандық ғалымдар отқа төзімді заттар өндірісі туралы айтты. Органикалық-минералды қайталама шикізат негізінде жоғары температуралы материалдарды алудың әзірленген технологиясы: металлургия және агроөнеркәсіптік кешен қалдықтарын кәдеге жарату арқылы қоршаған ортаны қорғау, жоғары сұранысқа ие материалдар өндірісінің арқасында экономикалық өсу және бюджетке салық аударымдары есебінен елдің әлеуметтік дамуына ықпал етеді. Он жылдық қызмет кезеңінде «ҚР МШКҚӨ ҰО» РМК-ның Астаналық филиалының ғылыми әзірлемелерін коммерцияландыру барысында 7 млрд. теңгеден асатын сомаға 15 мың тоннадан астам отқа төзімді заттар өндіріліп, Қазақстанның металлургиялық кәсіпорындарына жеткізілді. Бұл ретте бюджет салық ретінде шамамен 1 млрд. теңге алды. Қазақстандық отқа төзімділік – орнықты дамуды қамтамасыз ету процесіне елеулі үлес қосары сөзсіз. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/876615
«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығына құжат қабылдау жалғасып жатыр 16.11.2024
«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығына құжаттар қабылдау жалғасуда.Конкурсқа 35 жасқа дейінгі, мәдениет, ғылым, медиа және спортта жетістіктері бар қазақстандықтар қатыса алады. Олар – халықаралық және республикалық конкурстардың, фестивальдар мен түрлі шаралардың лауреаттары, республикалық және халықаралық деңгейлердегі спорттық жарыстардың жүлдегерлері мен жеңімпаздары, сондай-ақ аталған салалар мен тұтастай қоғамды дамытуға ықпал еткен үміткерлер.«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығы ғылым, шығармашылық, қоғамдық қызмет салаларында жемiстi еңбегімен көзге түскен, сондай-ақ жоғары спорттық жетістіктері үшін дарынды жастарды мемлекет тарапынан қолдау мақсатында ұсынылады.Байқау 10 номинация бойынша өтеді:«Әдебиет»,«Ғылым»,«Дизайн және бейнелеу өнері»,«Журналистика»,«Классикалық музыка»,«Креативті бастамалар»,«Спорт»,«Театр және кино»,«Эстрада»,«Халық шығармашылығы».Креативті бастамаларға – ақпарат, мемлекет пен азаматтық қоғамның өзара іс-қимылы бағытында, мемлекеттік жастар және отбасы саясаты, қайырымдылық, волонтерлік қызмет салаларындағы жастардың жетістіктері жатады.«Дарын» жастар сыйлығына үміткерлерді мемлекеттiк органдар, қоғамдық бiрлестiктер ұсынады.Жеңімпаздарға «Дарын мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты» атағы беріледі және олар дипломмен, төсбелгілермен сондай-ақ қаржылай сыйлықпен марапатталады.Жыл сайын сыйлықты табыстау Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін мерекелеу аясында өткізіледі.«Дарын» жастар сыйлығы 1992 жылы дарынды жастарды ғылыми, шығармашылық, қоғамдық қызметі, сондай-ақ жоғары спорттық жетістіктері үшін мемлекеттік қолдау мақсатында тағайындалған. Содан бері аталған сыйлықты түрлі саладағы 340-тан астам азамат иеленді.Конкурсқа қатысуға құжаттар 2024 жылғы 17 қарашаға дейін Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Жастар және отбасы істері комитеті (қағаз нұсқада) мына мекенжайда: Астана қаласы, Мәңгілік ел даңғылы 10, «Министрліктер үйі» ғимаратында (14-кіреберіс) қабылдайды. Ал электронды нұсқаны premiya.daryn@mki.gov.kz поштасына жолдауға болады. Байланыс нөмірлері: 8(7172) 74-05-25, 8(7172) 74-18-43, 8 701 170 46 54.Ережелермен толығырақ мына сілтеме бойынша танысуға болады:https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/documents/details/721958?lang=kk ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-oblysy/press/news/details/876583
ОБЛЫС ОРТАЛЫҒЫНДА «TURKISTAN SKY AUTO FEST – 2024» ІС-ШАРАСЫ ӨТУДЕ 16.11.2024
Түркістан қаласының мәдени-рухани орталығында «TURKISTAN Sky auto fest – 2024» іс-шарасы басталды. Түркістан қаласының туристік әлеуетін арттыру мақсатында ұйымдастырылған шара аясында автокөліктер көрмесі, әуе шарларын ұшыру, қолөнершілердің шеберлік сағаттары, гасторномиялық шоу, концерттік бағдарлама ұсынылды. Іс-шараға Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды қатысып, қолөнершілер көрмесін аралады.Авто фест – бірегей автокөліктер көрмесінде 200-ге жуық ретро және тюнингтелген автокөліктердің эксклюзивті модельдері қойылды. Қонақтар әртүрлі дәуірлер мен стильдердегі машиналарды тамашалап, автошоулар мен байқауларға қатысты. Автокөліктердің ерекше дизайндары, аудиожүйесі мен тюнинг жұмыстарына арналған байқау өтті. Көрермендердің дауыс беруі арқылы ең үздігі анықталып, мараратталды.Сонымен қатар фестивальде әуе шарларының шоуы, параплан және дельтаплан көмегімен әсерлі түтіндер шоуы ұйымдастырылды. Жаппай аспанға көтерілген шарлар қонақтарға ерекше сезім қалдырғаны анық. Әуе шарын тек тамашалап қоймай, ұшу мүмкіндігі де қарастырылды.Қоленершілер керамика, ағаш және былғарыдан ұлттық бұйымдар жасау, кілем тоқу, қыш құмыралар дайындау бойынша интерактивті сабақтар өтті.Тағамдар көрмесінде жергілікті дәмханалар мен мейрамханалар өздерінің тағамдарын ұсынып, аспаздар тамақ пісіруден мастер-класс көрсетті.Аниматорлар, акробаттар мен от шоуы туристік шараны әсерлендіре түсті. Келушілер түрлі ойындарға, викториналарға қатысып, уақытты қызықты өткізді.Іс-шара концерттік бағдарламаға жалғасты. Концертті танымал DJ Shami, DJ Macarella және хэдлайнер Adil жандандырды. Фестиваль екі күнге жоспарланған.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/876548
ТҮРКІСТАН: ОРДАБАСЫДА АУДАННЫҢ 60 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ ДҮРКІРЕГЕН ТОЙ ӨТТІ 16.11.2024
Бүгін Темірланда Ордабасы ауданының 60 жылдығы тойланды. Салтанатты жиынға облыс әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев, облыстық мәслихатының төрағасы Нұралы Әбішев, аудан әкімі Азат Оралбаев, сонымен қатар зиялы қауым өкілдері мен депуттар, аудан тұрғындары мен қонақтары қатысты.Алдымен құттықтау сөз сөйлеген облыс әкімінің орынбасары аудан тұрғындарына ыстық лебізін жеткізді.– Татулықты ту еткен, қазақ халқының бірлік символына айналған аудан халқын осы мерейлі сәтпен құттықтаймын! Дегенмен, Ордабасының тарихы 60 жыл емес, көне замандарға, жүзжылдықтарға жетелейтінін бәріміз білеміз. Бұл өңір жұртшылығы жомарттығымен, салт-дәстүрге беріктігімен ерекшеленеді. Тарихтан белгілі, қазақ-жоңғар шайқасы кезінде көш бастаған ерлер мен билер Ордабасы тауында бас қосып, ел бірлігін бекемдеген. Жауға қарсы күш біріктіріп, жеңіске жол ашқан. Қазіргі таңда, Ордабасы ауданы барлық бағытта дамудың жаңа белесіне көтерілген, облыс экономикасына өзіндік үлесі мол өңір ретінде өркендеп келеді. Ендеше, ордабасылықтарды мерекемен құттықтаймын! Тектілер туған өлкеміз өркендеп, мәртебесі биіктей берсін! – деді облыс әкімінің орынбасары.Дүбірлі той барысында айтулы белесті жетістікпен бағындыруға еңбек сіңірген азаматтарға мерекелік медаль табысталды.«Алтын күзден» бастау алған іс-шара ауылшаруашылық өнімдері мен техникалары, қолөнер бұйымдарының көрмесі көпшілік назарына ұсынылды. Ұлттық-мәдени орталықтар келушілерге құшақ ашты. Қоғам қайраткері Әбіш Кекілбаев қазақ рухының қағбасына теңеген қасиетті өңірді мерейлі мерекесімен құттықтауға ауданнан қанаттанып ұшқан ардақты азаматтар да ағылды.Тарих тереңінен сыр шерткен сахналық қойылым Ордабасы жерінің бар қасиеті мен киесін паш етті. Күміс көмей әншілер, күйшілер мен бишілер де бұл тойда аянып қалмады. Эстрада жұлдыздарының концерттік бағдарламасы мерекенің шырайын ашып, Ордабасы жұртшылығына керемет көңіл-күй сыйлады. Ордабасылықтардың дүркіреткен бұл тойы мерекелік от шашумен аяқталды.Айта кетейік, Ордабасы ауданы әкімшілік аумақ ретінде Бөген атауымен 1964 жылғы 3 наурызда құрылған. 1988 жылы Бөген ауданы Арыс ауданының қарамағына кірген. Содан соң 1989 жылы Арыс қаласынан енші алып шығып, дербес аудан атанды. Ал 1993 жылы ауданға Ордабасы атауы қайтарылды. Сол жылы қасиетті тауда Тәуелсіздікті, ел бірлігін ұлықтаған ұлы жиын өтті. 1997 жылы Ордабасы тауының биік тұсына 30 метрлік зәулім монумент орнатылды. Ол ескерткіште ұлы хандарымыз бен билеріміздің, батырларымыз бен тұтас қазақ халқының арманы мен мақсаты бейнеленген.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/876551
ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙДА ҚЫЗДАР АРАСЫНДА ВОЛЕЙБОЛДАН ОБЛЫСТЫҚ ТУРНИР ӨТТІ 16.11.2024
Жетісай ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Жетісай спорт клубы» КММ мен Ислам Пірназаровтың шәкірттерінің ұйымдастыруымен Жетісай қаласында 2008-2009 жылы туылған қыздар арасында волейболдан облыстық турнир өтті.Жарыстың салтанатты ашылуына Жетісай ауданы әкімінің орынбасары Тұрышбек Елшібаев, Жетісай ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Еркебұлан Сейдалиев, «Жетісай спорт клубы» КММ директоры Таласхан Битуреев, Ислам Тұрдыбайұлының туыстары мен шәкірттері қатысып, спортшыларға сәттілік тіледі.Қоғамда ұрпақтар сабақтастығын насихаттау, бұқаралық спортты дамыту, жастар арасында волейбол спортына деген қызығушылықты арттырып, аға буын өкілдерінің ізін басқан жас спортшыларға тәжірибелерімен бөлісу, жастардың кәсіби біліктіліктерін арттыру, ұлағатты ұстаз Ислам Пірназаровты еске алу болып табылатын облыстық байрақты бәсекеге Түркістан облысының барлық аудандары мен Шымкент қаласынан келген 20 командада 300-ге жуық спортшы қатысып, бақтарын сынасты.Пірназаров Ислам Тұрдыбайұлы 1959 жылы дүниеге келген. 1984 жылдан бастап Жылы су ауылдық округіндегі М.Әуезов атындағы орта мектепте дене шынықтыру және алғашқы әскери дайындық пәндерінің мұғалімі болып өмірінің соңына дейін еңбек еткен. Ұстаздық ете жүріп оқушы қыздар арасында волейбол командасын құрып, аудандық, облыстық, республикалық жарыстарда жүлдегер атанған.Ұйымдастырушылардың айтуынша, биыл екінші рет ұйымдастырылып отырған турнир алдағы уақытта республикалық, халықаралық деңгейде өткізу жоспарланып отыр екен.Командалар арасында өзара тартысты өткен ойындар төрешілердің бекіткен ережесіне сай қорытындыланып, IV орынға Қазығұрт ауданының командасы, жүлделі ІІІ орынға Мақтаарал ауданының құрама командасы табан тіресе, ІІ орын Жетісай ауданының бұрымдыларынан құралған ойыншыларға бұйырды. Ал жүлделі І орын Түркістан қаласының әуе доп шеберлерінің қанжығасына байланып, чемпион атанды.Одан бөлек, жүлделі орынға ие болған командалар мен үздік ойын үлгісін көрсеткен жекелеген ойыншылар – Ажар Жұмағұлова «Үздік қорғаушы», Айзере Хамидулла «Үздік шабуылшы», Ұлжалғас Қожақай «Үздік доп ұзатушы», Назима Каримова «Үздік ойыншы» номинацияларына ие болса, Алена Романова мен Жахонгир Мадалиев «Үздік жаттықтырушы», Батырхан Әбдіәшім мен Бақдәулет Саттар «Үздік төреші» атанды.Жарыс соңында жеңімпаздар мен үздіктер ұйымдастырушылардың қаржылай сыйлықтарымен, кубоктарымен, медальдарымен және дипломдарымен марапатталды.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/876554
ТҮРКІСТАН: САЙРАМДА «КӨШЕТ ЕГУ КҮНІ» АЯСЫНДА ЖАЛПЫАУДАНДЫҚ СЕНБІЛІК ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ 16.11.2024
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында «Көшет егу күні» тақырыбында жалпыаудандық сенбілік өтті. Көгалдандыру шарасына аудан әкімі Арман Сәбитов, ардагерлер, аудандық мәслихаттың төрағасы және «Аманат» партиясы Сайрам аудандық филиалының атқарушы хатшысы, ауданға қарасты мемлекеттік және бюджеттік мекеме басшылары мен мамандары, білім беру ұйымдары белсенді түрде қатысты.«Бадам орман және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі»-нен алынған 12900 түп көшет аудан орталығындағы «Мәртөбе» алаңына және барлық ауылдық округ аумағындағы мектеп аулаларына отырғызылды.Абаттандыру шарасы аясында аудан әкімі тиісті сала басшыларына жасыл желекті суғару жүйесінің тұрақты жұмыс жасап тұруын қадағалауды тапсырды.Бұдан бөлек, «Көшет егу күнінде» білім саласы қызметкерлері өздеріне бекітілген аумақтарды қураған ағаш бұталары мен жапырақтардан тазартып, абаттандыру жұмыстарын жүргізді.Сенбілік барысында аудан әкімі Абылайхан даңғылының жағдайымен танысып, инфрақұрылымдық сапасын бақылады.Қоршаған ортаны көгалдандырумен қатар, ауданның экологиялық ахуалын жақсартуға да зор үлес қосатын бұл шара алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/876556
ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙДА 8 МЫҢ КӨШЕТ ОТЫРҒЫЗЫЛДЫ 16.11.2024
Жетісай ауданын да ауқымды сенбілік өтті. Аудан әкімі Серік Мамытовтың тапсырмасына сәйкес қала, кент, ауылдық округтерде 2 мың адамның қатысуымен санитарлық тазалық пен жол бойындағы ағаштарды әктеп, бұтау, көшет отырғызу сынды ретке келтіру жұмыстары жүргізілді.Түркістан облысының елді мекендерін көгалдандырудың 2022-2024 жылдарға арналған іс-шара жоспарына сәйкес Жетісай ауданы бойынша 28,15 га жерге биыл 23 730 дана ағаш отырғызу жоспарланса, келесі жылы тағы 25 мыңға жуық түрлі декоративті ағаштарды көшеттерін егу жоспарланып отыр. Бүгін аталмыш көшеттердің 8 мың данасы егілді. Елді мекен ішілік жолдардың бойлары тазартылып, жасыл желеңге айналдыру мақсатында отырғызылған көшеттерді күтіп-баптау жұмыстары тұрғындарға түсіндіріліп, мамандар табиғатты аялауға шақырды.Айта кетейік, аталмыш көшеттерге жергілікті қазынадан қаржы қаралмаған. Демеушілер мен аудан аумағындағы көшет-бақ саябақтарынан алынып отыр.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/876559
ТҮРКІСТАН: 49 МЕДИЦИНАЛЫҚ НЫСАН ҚАРАША АЙЫНАН ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕ БАСТАЙДЫ 16.11.2024
«Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында Түркістан облысында 2024 жылы 49 медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсету нысан салу жоспарланған. Бүгінде 48 нысанның құрылысы жүргізілсе, 1 нысан жеке инвестиция есебінен пайдалануға берілді. Осы жұмыстарды пысықтау мақсатында Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаевтың төрағалығымен жиын өтті. Оған жауапты басқармалар және мердігер компаниялардың жетекшілері қатысты. Өңір басшылығына атқарылған жұмыстар мен қазіргі таңдағы жағдайы баяндалды.— Ұлттық жоба негізінде ауылдардың ішінде ең қажетті аумақтарды белгілеген едік. Облыс әкімі Дархан Амангелдіұлының қолдауымен республикалық және облыстық бюджеттен қаржылар толық бөлініп, игерілді. Мұндай ауқымды құрылыс бұған дейін болмаған. Қатаң ескертемін. Құрылыс сапалы жүргізіліп, уақтылы аяқталуға тиіс. Мен айтқан кемшіліктерді ретке келтіруді тапсырамын. Ауыл халқы бұл нысандарды күтуде. ФАП-тарды биыл қараша және желтоқсан айларында қолданысқа тапсырамыз. Кезең-кезеңімен ашылады. Ел игілігі үшін бар-күш жігерді арнауымыз қажет. Халық бізге сенім артып отыр, – деді Бейсенбай Дәулетұлы.Айта кетейік, осы жылы 20 дәрігерлік амбулатория, 23 фельдшерлік-акушерлік пункт және 6 медициналық пункт салынуда. Жалпы 49 денсаулық нысан инжинерлік желілермен қамтамасыз етіледі. Түркістан өңірінде денсаулық сақтау саласы бойынша ауқымды жұмыстар жалғасын табады.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/876562
«TURKISTAR» БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕРГЕ АРНАЛҒАН ӨНЕР ФЕСТИВАЛІ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ 16.11.2024
Бүгін облыс орталығында Мемлекеттік шығармашылық тапсырыс бағдарламасы аясында жеке кәсіпкерлер тарапынан ұйымдастырылған үйірмелер арасындағы «TurkiSTAR» балалар мен жасөспірімдерге арналған облыстық өнер фестивалі өтті.Бұған дейін, ән, би және аспапта ойнау жанрлары бойынша өткен байқау бүгін актерлік шеберлік, көркем сөз оқу және қылқалам, қолөнер шеберлері мен киім дизайны жанрлары бойынша жалғасын тапты. Аталмыш жанр бойынша 125-тен астам үміткер өз бақтарын сынады. Жүзден жүйрік деп танылған таланттар жүлделі орынды қанжығаларына байлады.Қазылар алқасының шешімімен көркем сөз оқу жанры бойынша жүлделі l орын Ордабасы ауданынан қатысқан Тоғай Бақбергенге бұйырды. Ал актерлік шеберлік бойынша Түркістан қаласы, «АКА» шығармашылық орталығы үздік деп танылып, жүлделі I орынды иеленді. Қылқалам, қолөнер шеберлері мен киім дизайны жанрлары бойынша Мақтаарал ауданынан Естөре Рауан, Келес ауданынан Жолдасбек Айтжан және Қазығұрт ауданынан Дайырбек Асылайым жүлделі I орынды иеленді. Бұдан бөлек жоғары деңгейде өнерін көрсеткен бүлдіршіндерге II, III орындар және арнайы жүлделер табысталды.Айта кетейік, байқаудың мақсаты дарынды балаларға қолдау көрсетуге, өскелең өрендеріміздің шеберлігін шыңдап, өнерге ынталандыруға бағытталған.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/876564
ТҮРКІСТАН: САЙРАМДАҒЫ АУРУХАНАДА КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ 16.11.2024
Түркістан өңірінде «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» Ұлттық пилоттық жобасы аясында ауданаралық көпбейінді аудандық аурухана құру бастамасы іске асырылуда. Солардың бірі – Сайрам аудандық орталық ауруханасы. Қазіргі таңда аурухана күрделі жөндеуден өтіп жатыр. Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев жүргізіліп жатқан жұмыстарды бақылау және орындалу барысымен танысу мақсатында аурухананы аралады.Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдуалиев, аурухана басшысы Ерғали Әлімбаев, мердігер мекеме «КазЕвроСтрой» ЖШС, авторлық қадағалаушы «МПК-Проект» ЖШС, техникалық қадағалаушы «Тұран Құрылыс-1» ЖШС-нің өкілдері қатысып, жөндеудің қазіргі жағдайын баяндады. Таяуда ғана басталған нысан құрылысы 2025 жылға өтпелі.– Аурухана ғимаратының күрделі жөндеу жұмыстарын сапалы жүргізу керек. Қарқынды бәсеңдетпеңіздер. Жұмысшылар санын көбейтіңіздер. Ауылдағы жұмыссыз азаматтарды тартқандарыңыз абзал. Материалдық-техникалық базасын күшейту қажет. Ешбір кедергі жоқ. Қаржы қаралған. Алдағы уақытта тексеру жұмыстары тұрақты жүргізіледі. Халықтың сенімін ақтауға шақырамын! – деді облыс әкімінің орынбасары.Айта кетейік, Сайрам аудандық орталық ауруханасы тұрғындарға алғашқы медициналық-санитарлық көмек және мамандандырылған медициналық көмек көрсетіп келеді. 430 төсек орындық тәуліктік стационар жұмыс атқарады. Аурухана құрамындағы аудандық емхана, алғашқы медициналық санитарлық көмек орталықтары, дәрігерлік амбулаториялар, фельдшерлік-акушерлік тіректері, медициналық тіректер науқастарға қызмет көрсетеді.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/876566
ТҮРКІСТАН: ТӨРЕХАН САБЫРХАН – ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ! 16.11.2024
Черногория Республикасы, Будва қаласында 21 қазан мен 3 қараша күндері бокстан жастар арасында әлем чемпионаты өтті. Жаһандық бокс бәсекесіне 73 мемлекеттен 598 спортшы қатысып, шаршы алаң төрінде тартысты жекпе-жектер өткізді.Ұлттық құрама сапында түркістандық 5 спортшы қатысып, 1 алтын, 3 қола медаль қанжығалады.Осындай аламанда жүлде салған Түркістан облысының былғары қолғап шеберлері қатарында 67 келіде қолғап түйістірген талантты боксшы Төрехан Сабырхан ринг төрінде атой салып, барлық қарсыласын тізе бүктіріп, алтын медальді мойынында жарқыратты. Ал қыздар арасындағы жекпе-жекте үш бірдей жерлесіміз қола медаль иегері атанды. Атап айтсақ, 52 келіде Бағжан Отынбай, 63 келіде Аружан Жаңабаева және Шұғыла Нәлібайлар қола медальді қанағат етті.Әлем чемпионатының жеңімпазы Сабырхан Төрехан мен қола жүлдегерлер – Бағжан Отынбай, Шұғыла Нәлібай Түркістан облыстық №5 олимпиада резервінің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің шәкірттері болса, Аружан Жаңабаева «Түркістан» кәсіби бокс клубының шәкірті.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/876568