Enbekshi QazaQ
Конституция

Қуқық

Алматыдағы саммитте Азия-Тынық мұхиты аймағы жетекші университеттерінің 350 өкілі бас қосты 16.11.2024
Алматыда Азия-Тынық мұхиты аймағындағы жоғары білім беру мәселелеріне арналған пре-саммит басталды. Іс-шара Қазақстандағы жоғары білімнің дамуы мен жетістіктерінің символы іспетті болған әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде өтіп жатыр.Пре-саммитке Алматы әкімі Ерболат Досаев, Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаев, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры Жансейіт Түймебаев қатысуда.Іс-шараға Қытай, Жапония, Малайзия, Индонезия, Үндістан және т.б. 16 елдің 350 ЖОО-ның өкілі жиналды. Бұл оқиға Азия-Тынық мұхиты аймағының қарқынды дамып келе жатқан еңбек нарығын қалыптастырудағы университеттердің орталық рөлін талқылауға арналып отыр. Кездесудің басты тақырыбы Орталық Азия елдеріндегі жоғары білім беру саласындағы инновациялық тәсілдер арқылы серпінді ландшафтты дамыту және бірлескен шешімдер іздеу.Пре-саммит соңында QS World University Rankings 2025 рейтингісінде үздік атанған университеттерді марапаттау рәсімі өтеді. Әлемнің 1500 университеті кірген рейтингте әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 163-орынды иеленді.Айта кетейік, бүгінде Алматыда 35 жоғары оқу орны бар, онда 199 мыңнан астам студент оқиды, оның 124 мыңы өзге өңірден келгендер. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/875814
Ерболат Досаев Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің жаңа кітапханасының ашылуына қатысты 16.11.2024
Алматы әкімі Ерболат Досаев Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті ғылыми кітапханасының ашылу салтанатына қатысып, оған белгілі педагог, ғалым Сералы Қаниевтің есімі берілді.Салтанатты рәсімге ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, ЖОО ректоры Гүлмира Қанай және т. б. қатысты.«Бүгін Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті мен жалпы қаламыз үшін атаулы оқиға - біз ең заманауи талаптар мен әлемдік стандарттарға сай келетін жаңа кітапхананы ашамыз. Кітапхана көрнекті ғалым және ұстаз Сералы Қаниевтің есімімен аталады. Ол 35 жыл бойы осы университеттің қабырғасында еңбек етті, оның білімімен қанаттанған студенттер еліміздің әр өңірінде жемісті жұмыс жасауда, өз мансаптары мен өмірлерінде биік межелерге қолжеткізуде», - деді өз сөзінде Ерболат Досаев.Ерболат Досаев қазіргі студенттерге оқуда және кәсіпте жоғары стандарттарға ұмтылуға, өз ісіне адал болуға тілек білдірді.Кітапхана ғимаратын реконструкциялау қазақстандық және шетелдік сәулетшілердің жобасы бойынша және Сералы Қаниевтің ұлы – кәсіпкер Берік Қаниевтің қаражаты есебінен жүргізілді. Кітапхана ғимараты модернизацияланғаннан соң онда ерекше білім беру қажеттіліктері бар студенттерге арналған арнайы кабинет пайда болды. Ғимаратты қайта құру жұмыстары жүргізілді, бұл кітапхананың жалпы аумағын 2195 шаршы метрге, ал отыратын орындардың санын 550-ге дейін ұлғайтуға мүмкіндік берді. Жаңа кітапхана ғимаратында мыналар бар: 2 оқу залы, конференц-зал, Академиялық жазу орталығы, оқу аймағы, студенттердің топтық жұмыс бөлмелері, 14 жеке оқу кабинасы, релаксация бөлмесі. Кітапхананың кітап қоры 1 млн кітаптан асады.Алматыда бүгінде 28 кітапхана жұмыс істейді. Жыл сайын қалалық кітапханаларға 3 миллионнан астам адам келеді. Қала кітапханаларының 95% - ы модернизацияланды, материалдық және техникалық база толығымен жаңартылды. Жалпы, 2030 жылға дейін Алматыда тағы 20 жаңа кітапхана ашу жоспарлануда. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/875892
Президент Құдайберген Жұбановтың 125 жылдық мерейтойына орай құттықтау жолдады 16.11.2024
Ақтөбеде Құдайберген Жұбанов атындағы өңірлік университетте тіл білімі саласындағы алғашқы қазақ профессоры, түркітанушы, педагог Құдайберген Жұбановтың 125 жылдығына арналған «Жұбанов тағылымы» атты ХІ халықаралық ғылыми конференция өтті.Іс-шараға облыс әкімі Асхат Шахаров қатысып, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтау хатын оқып берді.«Құдайберген Жұбанов – қазақ лингвистикасының теориялық негізін қалауға атсалысқан ғұлама ғалым. Ол тіл білімін терең зерделеп, ғылыми қауымдастық бірауыздан мойындаған іргелі еңбектер жазды. Түркологияның өзекті мәселелерін жан-жақты зерттеді. Сонымен қатар түрлі жауапты қызметті абыроймен атқарып, туған халқының игілігі үшін аянбай тер төкті.Ағартушы-ғалымның ерен еңбегі ешқашан ұмытылмайды. Оның мол мұрасын жан-жақты зерделеп, есімін ел жадында жаңғырту – баршаға ортақ парыз. Осы орайда бұл басқосудың тағылымдық мән-маңызы зор. Төл тарихымызда айрықша орны бар тұғырлы тұлғаның өмірі мен шығармашылық жолы жас ұрпаққа әрдайым үлгі-өнеге болады деп сенемін», - делінген құттықтауда.Өз сөзінде өңір басшысы ағартушы-педагогті еске алуға арналған шараның маңыздылығын атап өтті.«Президент атап өткендей, Құдайберген Жұбановтың қазақ тіл білімі мен әдебиеттану саласындағы зерттеулері терең мағыналы, оның идеялары мен еңбектерінің қазіргі қазақ қоғамы мен білім беру жүйесінде алар орны зор. Оған – талай зерттеуші-ғалымдардың да берген жоғары бағасы дәлел. Біз осындай шараларды өткізе отырып, Құдайберген Жұбановтың жарқын тұлғасын жаңа қырынан тануға жол ашамыз», - деді облыс әкімі.Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға Директорлар кеңесінің Төрағасы, ҚР ҒЖБМ Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің Төрағасы Адлет Тойбаев, университет ректоры Лаура Қарабасова, танымал филолог ғалымдар, зиялы қауым өкілдері, Қ.Жұбановтың туыстары қатысты.Конференция аясында университет аумағындағы Құдайберген Жұбанов ескерткішіне гүл шоқтары қойылды және Жастар сарайында фотокөрме ашылып, «Құдайберген Жұбанов: тұлға және уақыт. Фотомұрағат» кітабының тұсаукесері өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/875815
Өрт сөндіру бекеттері жаңа автокөліктермен толықтырылды 16.11.2024
Бүгін Ақтөбе облысының әкімдігінде ауылдық елді мекендердің әкімдіктерінің өрт сөндіру бекеттеріне арналған арнайы автокөліктердің кілттері табыс етілді. Олардың барлығы табиғи және тұрмыстық өрттерді сөндіруге арналған арнайы құрылғылармен жабдықталған.Ақтөбе өңір басшысының орынбасары Ғалымжан Елеуов кілттерді тапсыру рәсіміне қатысып, автопарктің ұлғаюуы ҚР ТЖМ өрт сөндіру бөлімшелері жоқ алыс ауылдық елді мекендеріне өрттерге ден қоюдың жеделдігін арттыруға оң әсерін тигізетініне сенім білдірді.Өрт сөндіру бекеттері - азаматтық қорғаудың жалпы жүйесінің ажырамас бөлігі. Бекет қызметкерлері өз аумағында отпен және басқа да төтенше жағдайлармен күресу бойынша бірдей жауынгерлік міндеттерді орындайды.Ол үшін кәсіби дағдылар ғана емес, сонымен қатар мықты жетілдірілген материалдық-техникалық база болуы қажет.Бекеттерге қызметтік шағын өрт кешенді машиналардың 18 кілті берілді, осылайша облыстың 18 ауылдық округінің өртке қарсы қорғанысын қамтамасыз етілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/875819
Kazakhstan Global Investment Roundtable: Қазақстан әлемдік БАҚ назарында 16.11.2024
Туризм және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев Kazakhstan Global Investment Roundtable аясында ұйымдастырылған іс-шарада шетелдік БАҚ өкілдерімен кездесті. Іс-шараның мақсаты – халықаралық ынтымақтастықты нығайту әрі елдің туристік саласын дамыту.Жиынға Швейцария, Нидерланд, Италия, Түркия, Қытай, Қырғызстан және басқа да елдердің жетекші БАҚ өкілдері қатысты. Ержан Еркінбаев іс-шараға қатысушыларға Қазақстанның туристік саладағы жетістіктері мен даму әлеуеті жөнінде айтып берді.Сондай-ақ вице-министр халықаралық ынтымақтастықтың туризмді тұрақты дамыту және инвесторлар үшін қолайлы жағдай жасаудағы маңызын атап өтті.«Біз инвестиция көлеміне қарамастан әрбір инвесторға жан-жақты қолдау көрсетуге дайынбыз. Қазақстан туристік инфрақұрылымды дамытуды жалғастырып келеді: қазірдің өзінде 449-ға жуық жоба іске асырылды, алдағы уақытта 300-ге жуық жаңа жобаны іске қосу жоспарланып отыр. Бұл қадамдар Орталық Азияда тікелей шетелдік инвестицияларды тартудағы еліміздің жетекші ұстанымдарын сақтауға және халықаралық аренада ықпалды күшейтуге бағытталған», – деді Е. Еркінбаев.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/875894
Десанттық-шабуылдау әскерлерін жаңа толықтырғандар сауытты техниканы сынады 16.11.2024
«Іле» полигонында Алматы, Қостанай, Түркістан, Маңғыстау, Ақтөбе және Қызылорда облыстарынан шақырылған 250-дей жас сарбаз сауытты техника сынағынан өтті.Бір айлық жалпы әскери дайындық курсы барысында әскерге шақырылушылар жарғыларды зерделеп, саптық, атыс және дене дайындығын пысықтады. Жас десантшылар алғашқы рет іс жүзінде атыс қаруынан оқ атты. Сауытты көлікті жүргізіп сынау – бұл дайындықтың ең қиын кезеңі. Полигондағы көк түтін мен жанған от, жауынгерлік техниканың гүрілі, қатқыл бұйрық – мұның бәрі нақты ұрыстағыдай көрініс. Сырттан қарағанда тікенек сымның астымен еңбектеп өту, траншеяда позицияны ұстап тұру, көп тонналық сауытты машинаны өткізіп жіберіп, граната лақтыру қиын емес сияқты. Жас жауынгерлер іштегі үрейді жеңіп, ауыр техникамен бетпе-бет келу үшін жертаса қазды. Тапсырманы барлығы орындай алды. Сарбаздардың ешқайсы шет қалған жоқ. – Сауытты техниканы жүргізіп сынау – бұл әскерге жаңа келгендердің мінезін қатайтуға, бойдағы үрейді жеңуге және тұрақтылықты дамытуға мүмкіндік беретін психологиялық дайындықтың бір түрі. Жас жауынгер курсынан өту барысында сарбазда базалық дағды қалыптасатын болады, – деді жиын бастығы подполковник Бақытжан Қырғызәлиев.Қостанай облысының Октябрьск ауылынан шақырылған жауынгер сауытты техниканы сынаудан алған әсерін айтты. – Бұл күн есте қаларалықтай болды. Сондай эмоцияға толы көңіл-күйді бастан өткіздік, – деді Всеволод Ипкайдаров. – Мен сегізінші барлау ротасының взводында қызмет етемін. Біздің взвод – ең мықты взвод, ұжым ұйымшыл.Командирлердің айтуынша, қызметтің алғашқы айында сарбаздар өмір бойы кәдеге жарайтын көптеген дағдыларды қалыптастырады. Жас жауынгерлер тәртіпке бағынып, күнделікті өмірге бейімделеді, уақытын сауатты және тиімді өткізуді үйренеді. Қызмет еткен бір жыл ішінде десантшылар өздерінің әскери мамандықтары бойынша даярлықтан өтеді. Далалық жорықтарға, жауынгерлік атыстарға, жаттығуларға қатысады. Сонымен қатар әр типтегі ұшақтар мен тікұшақтардан парашютпен секіреді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/875824
Қарулы күштерді цифрландыру: жаңа мүмкіндіктер мен нақты нәтижелер 16.11.2024
Бүгін Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде қорғаныс министрінің цифрландыру жөніндегі орынбасары Дархан Ахмедиевтің қатысуымен брифинг өтті.Спикер қоғам мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін армияны цифрландыру процестері, аяқталған жобалар, әзірленіп жатқан және енгізілу сатысында тұрған бағдарламалар туралы хабардар етті.Қарулы күштердің қауіпсіздік жүйесіне жасанды интеллектпен жабдықталған бейне сараптау жүйесі енгізілетін болады. Ол әскери объектінің аумағына заңсыз кіруге тырысатын бөгде адамдарды анықтауға, адамның келбетін, автомобиль нөмірлерін тануға, адамдардың жиналуын және үй-жайлардан шыққан түтінді де анықтауға қабілетті. Бұдан бөлек, бұл жүйе камералардың істен шыққанын да анықтайды, басқарушылық және тағы басқа шешімдер қабылдау үшін деректерді талдайды, әскери қызметтің қауіпсіздігін арттырады. Қазір аталған жүйе Әуе қорғанысы күштерінің әскери бөлімдерінде пилоттық тестілеуден өтуде. Сынақтан кейін бейне сараптау жүйесі Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің барлық әскери бөлімдеріне енгізіледі.Ең маңызды жобалардың бірі әскери міндеттілердің тіршілік циклінің барлық процестерін автоматтандыруға мүмкіндік беретін «Цифрлық әскери комиссариат» болып қала береді.– Қорғаныс министрлігі басқа мемлекеттік органдармен бірлесе отырып, цифрлық трансформация бойынша ауқымды жұмыс атқарды, ол біртіндеп өмірдің барлық салаларына енгізіліп келеді және уақыт өте келе ол барынша айқын әрі нақты бола түседі. Қазірдің өзінде, мысалы, жергілікті әскери басқару органдарында кейінге қалдыру немесе есепке қою, есептен шығару сияқты қызметтер әскери комиссариатқа азаматтың өзінің баруынсыз шешіледі. Бұл қызметтердің барлығын E-gov-тан азаматтың жеке кабинетінен алуға болады. 2024 жылы 29 648 азамат әскерге шақыруды автоматты түрде кейінге қалдырды, – деп атап өтті Дархан Ахмедиев.Цифрлық трансформация әскери білім беру жүйесіне де әсер етті. Барлық әскери оқу орындарын біріктіретін көпфункционалды білім беру платформасы құрылды. Бұл жүйе еңбек функцияларын орындайтын жеке модульдерді қамтиды. Оған жоғары оқу орындары аралық электронды кітапхана, оқу процесін жоспарлау құжаттары, электронды журналдар және цифрлық білім беру ресурстары кіреді.Қорғаныс министрінің орынбасары қызметтік құжат айналымын едәуір қысқарғаны туралы да айтты. Қорғаныс министрлігінде «Әскери қызметшінің кабинеті» сервисі іске қосылды. Онда барлық баянаттарды, анықтамаларды және басқа да қызметтік құжаттарды бірнеше минут ішінде беруге және алуға болады.Бұдан басқа, қызметтік тұрғын үйге кезекке қою, Қарулы күштердің әскери қызметшілері мен азаматтық персоналының тұрғын үй-жайды жалдау шартын жасасу және ұзарту мемлекеттік қызметтері электрондық форматқа ауыстырылды. Енді бұл қызметтер E-gov және e-Gov mobile қосымшалары арқылы көрсетіледі.– Қосымшаларды жасау, оларды енгізу және бұрыннан бар әрі табысты қалыптасқан жүйелермен интеграциялау бойынша елеулі жұмыс атқарылды. Қазір тағы бірнеше жоба тестілеуден өтіп, белсенді режимде жұмыс істеуде. Олардың әрқайсысы Қарулы күштер үшін маңызды әрі тиімді болмақ, – деп қорытындылады Қорғаныс министрінің орынбасары.Брифинг соңында Дархан Ахмедиев журналистердің сұрақтарына жауап берді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/875829
Қарулы күштерде өртке қарсы қорғанысты ұйымдастыру қағидалары бекітілмек 16.11.2024
ҚР Қорғаныс министрлігі «Қазақстан Республикасының Қарулы күштерінде өртке қарсы қорғанысты ұйымдастыру және қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы» қорғаныс ведомствосы басшысы бұйрығының жобасын дайындады.Нормативтік құқықтық акт Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 2 маусымдағы қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі туралы ереже 15-тармағының 137-1) тармақшасына сәйкес әзірленді.Бұйрықтың жобасы ҚР Қарулы күштерінде өртке қарсы қорғаныс қызметін ұйымдастыру тәртібін айқындайды.Бұйрық жобасының толық мәтінімен «Электрондық үкімет» порталында «Ашық НҚА» бөлімінде биылғы жылдың 15 қарашасына дейін мына https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15266540 сілтеме бойынша танысуға болады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/875852
Олжас Бектенов KGIR-2024-ке қатысты: Бизнеспен сындарлы диалог – инвестициялық саясаттың басым бағыттарының бірі 16.11.2024
Премьер-министр Олжас Бектенов жаһандық инвестициялар бойынша VII Қазақстандық дөңгелек үстелге қатысты (KGIR-2024). Алаңда ауыл шаруашылығы, тамақ өнеркәсібі, энергетика және тау-кен өндіру салалары, қаржы секторы салаларындағы жетекші халықаралық және қазақстандық компаниялар басшыларымен бірге 500-ден астам бизнес өкілі, сондай-ақ отандық кәсіпкерлік сала өкілдері, инвесторлар жиналды. Пленарлық сессия «Жаһандық инвестициялық үрдістер: болашаққа көзқарас» тақырыбына арналды. KGIR жұмысын аша отырып, Олжас Бектенов дөңгелек үстел Мемлекет басшысының төрағалығымен өткен Шетелдік инвесторлар кеңесі отырысының қисынды жалғасы саналатынын және бизнес-қоғамдастықпен тығыз диалог құруға бағытталғанын атап өтті.Қазақстан Үкіметі Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау үшін қолайлы инвестициялық ахуалды қалыптастыру бойынша жүйелі жұмыс жүргізуде. Бүгінде елімізде 14 арнайы экономикалық аймақ жұмыс істейді, онда инвесторлар үшін салықтық және кедендік преференциялар көзделген, шетелдік жұмыс күшін жалдау рәсімі жеңілдетілген, бизнес үшін әкімшілік кедергілер азайтылған. Кәсіпкерлердің мәселелерін жедел шешу үшін Үкімет жанындағы Инвестициялық штаб тұрақты негізде жұмыс істейді. Басым инвестициялық жобалар үшін рұқсат беру рәсімдерінен өтуді жеделдететін «Жасыл дәліз» немесе Fast-track тетігі іске қосылады. Отандық және шетелдік инвесторлардың құқықтары мен мүдделерін барынша қорғауды қамтамасыз ету үшін жағдайлар жасалған. Мәселен, шетелдік бизнеске АХҚО-да ағылшын құқығы мен ұлттық құқықтық жүйе арасында таңдау мүмкіндігі берілді.KGIRr қатысушылары елімізде жобаларды іске асыру тәжірибесін бөлісіп, ынтымақтастықтың одан әрі келешегін атап өтті. China Energy Investment Corporation бас директорының орынбасары Янь Гочуань энергетика саласындағы ынтымақтастықтың маңызын атап өтіп бірлескен жобалардың әлеуетіне сенім білдірді: «Біз энергетика саласында көмірді әзірлеу және экологиялық таза пайдалану, жаңа энергетика, инфрақұрылымды қолдау жөніндегі қазақстандық жобаларға белсенді қатысу үшін озық технологияларымызды, кәсіби әлеуетімізді және тамаша басқару командасын толық көлемде пайдаланатын боламыз. Біз үшін Қытай мен Қазақстан арасындағы достық ынтымақтастыққа өз үлесімізді қосу маңызды».AstraZeneca-ның халықаралық биофармацевтика өңірі бойынша вице-президенті Нитин Капур өз сөзінде Қазақстанның Орталық Азия фармацевтикалық нарығындағы басты ойыншы ретіндегі маңызына тоқталды. Компанияның жергілікті өндірісті және инновациялық шешімдерді дамыту жөніндегі күш-жігері атап өтілді.«Қазақстан Орталық Азиядағы AstraZeneca бизнесінің локомотиві саналады және жаһандық биофармацевтикалық компания ретінде біз Қазақстан Үкіметінің өңірдегі фармацевтика өнеркәсібінің орталығына айналуға қатысты өршіл мақсатын қолдаймыз», — деді Нитин Капур.Сондай-ақ пленарлық сессия барысында Power International Holding президенті Рамез Әл-Хаят, Fufeng Group Limited Директорлар кеңесінің төрағасы Ли Сюэчунь, ACWA Power бас атқарушы директоры Марко Арчелли, Carlsberg Group» Еуропа, Үндістан елдері бойынша атқарушы вице-президенті Ларс Леманн, Alstom компаниясының Африка, Таяу Шығыс және Орталық Азия өңірлері бойынша президенті Эндрю Делеони және Еуропалық қайта құру және даму банкінің (ЕҚДБ) банк операциялары жөніндегі вице-президенті Маттео Патроне сөз сөйледі.Премьер-министр еліміздің маңызы басым бағыты өнеркәсіпті дамыту екенін атап, шетелдік компанияларды қазақстандық бизнес-қоғамдастықпен тығыз әріптестікке шақырды.«Қазақстан Үкіметі тұрақты және болжамды инвестициялық ахуалды қолдау үшін бар күшін салады. Жобаны іске асырудың әрбір кезеңінде инвесторлармен тікелей өзара іс-қимыл жасауға үлкен мән береміз, сіздердің құқықтарыңызды қорғауға басымдық берілген. Отандық компаниялар ірі инвесторлармен жеткізу тізбегінде жұмыс істей отырып, тәжірибе жинап, сапа стандарттарын арттыратын болады. Мультипликативті ірі инвестициялық жобалар әртараптандырылған экономикалық экожүйенің қалыптасуына ықпал ете отырып, ШОБ белдеуінің дамуына әсер етеді. Біз Қазақстандағы шетелдік өндірістердің дамуымен өнімдердегі қазақстандық қамтудың үлесін арттыруға талпынатын боламыз. Қазақстандағы кадрларды қолдау мәселесіне ерекше көңіл бөлінеді. Біз шетелдік инвесторлардың барлық деңгейде жергілікті мамандарды белсенді түрде еңбекпен қамтуын құптаймыз әрі қолдаймыз. Қазақстан Үкіметі тұрақты және болжамды инвестициялық ахуалды қолдау үшін бар күшін салады», — деп атап өтті Олжас Бектенов.KGIR–2024 қорытындысы бойынша жалпы сомасы $7 млрд болатын 32 құжат пакетіне қол қойылды, оның ішінде Премьер-министрдің қатысуымен:Ақмола облысы әкімдігі, KAZAKH INVEST және Dalian Hesheng Holding Group арасындағы бидайды терең өңдеу бойынша құны $650 млн болатын стратегиялық ынтымақтастық туралы келісім;ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі, KAZAKH INVEST және CHN Energy арасындағы көмір химия өнімдерін өндіру бойынша $4 млрд-қа стратегиялық ынтымақтастық туралы келісім;«Orhun Medical» ЖШС мен Қазақстан Үкіметі арасындағы ҚР денсаулық сақтау саласының медициналық қызметтері мен инфрақұрылымын жақсарту бойынша $80 млн-ға инвестициялық келісім;«SILK WAY ENERGY LTD» мен ҚР Үкіметі арасындағы Жетісу облысының Панфилов ауданында тәулігіне 1 000 000 нм3 қуат тұтынатын табиғи газды сұйылту зауыт салу туралы жалпы құны $305 млн-ды құрайтын инвестициялық келісім;«НК «ҚТЖ» АҚ мен «Транспортейшн Глоубэл Эл-Эл-Си» арасындағы теміржол машина жасау саласында цифрландыру мен жасанды интеллект элементтерін енгізу бойынша жобаны іске асыру туралы келісім;«Carlsberg Kazakhstan» ЖШС мен Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі арасындағы елімізде алкогольсіз сусындар шығаратын зауыт салу бойынша жалпы құны $100 млн базалық қағидаттар туралы негіздемелік келісім;«Шин-Лайн» ЖШС мен Қазақстан Сыртқы істер министрлігі арасындағы әлемнің жетекші компанияларының қатысуымен Алматы облысында азық-түлік кластерін құру туралы базалық қағидаттар туралы негіздемелік келісім (35 өндіріс орны пысықтауда);Қостанай облысының әкімдігі мен «Tech Digital» ЖШС арасындағы алюминий қорытпаларынан жасалған жоғары сапалы шыбықтар мен профильдер өндіру саласындағы базалық қағидаттар туралы келісім;Батыс Қазақстан облысының әкімдігі мен «Hyundai Solar KZ 777» ЖШС арасындағы құны $167 млн болатын күн электр стансасын, қалдықтарды өңдеу кешенін, қоқыс жағу кешенін, модульдік жылыжай кешенін салу жөніндегі ынтымақтастық туралы меморандум;«QazaqGaz» ҰК» АҚ мен CNPC арасындағы «Солтүстік 1» блогындағы геологиялық барлау жұмыстарының әлеуетін зерттеудің бірлескен жоспары;«Отбасы банкі» АҚ мен Азия даму банкі арасындағы елімізде инклюзивті және жасыл тұрғын үйді қаржыландыруды ілгерілету жобасы бойынша өзара түсіністік туралы меморандум.Пленарлық сессия шеңберінде үздік инвестор-компаниялар: өнеркәсіптік, медициналық газдар және инжиниринг саласындағы Linde Gas GmbH кәсіпорны, Shin-Line азық-түлік өндірісі, KazFoodProducts дәнді дақылдарды терең өңдеу және кондитерлік өнімдерді өндіру жөніндегі компаниялар тобы, Enhun Medical денсаулық сақтау саласындағы компаниялар тобы, Jiaxin International Resources Investment вольфрам кендерін игеру жөніндегі кәсіпорын, Alstom теміржол машина жасау кәсіпорны, Zerde-Ceramics Aktobe фарфор плиткаларын шығаратын зауыт, Zharkent Starch Plant жүгері өңдеу кәсіпорны, Қазақстанның жетекші теміржол кластері Railways Systems KZ, Сarlsberg Group сыра қайнату компаниясы атап өтілді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/875817
Аграрлық несие корпорациясы 2024-жылдың 1-қарашасында Кең дала 2 бағдарламасы бойынша өтінім қабылдауды бастайды 16.11.2024
«Біз көктемгі егін егу мен күзгі жиын-терім жұмыстарын жүргізу үшін қаржыландыруды ерте іске қосамыз. Алғашқы 100 миллиард теңгеге өтінім қабылдау қараша айында басталады. Сонымен қатар, мемлекеттік қолдау шаралары сақталады және фермерлер несиелерін бұрынғы шарттармен төлей алады», - деді «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ Басқарма төрағасы Алмат Әшірбеков.Айта кету керек, биыл Аграрлық несие корпорациясы көктемгі егін егу мен күзгі жиын-терім жұмыстарына 320 млрд теңге бөлді. 2023-жылы 140 млрд теңге берілген еді.ҚР Президентінің тапсырмасын орындау аясында, Үкіметтің қолдауымен 2025-жылдың көктемгі егін егу және күзгі жиын-терім жұмыстарына 700 млрд теңгеге жуық қаржы бөлінеді. Оның 560 млрд теңгеге жуығын "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ мен Аграрлық несие корпорациясы нарық капиталынан тартатын болады.Осылайша, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер мемлекеттік қолдау шараларының арқасында барынша қолайлы жағдайда қаржылық қолдауға ие болады.Бірінші. Олар үшін Кең дала 2 бағдарламасы бойынша жылдық сыйақы мөлшерлемесі 5% деңгейінде сақталды.Екінші. Көбінесе АӨК субъектілері Корпорациядан несие алуға келгенде кепілдік жетіспеушілігі проблемасына тап болады. Бұл – ауыл шаруашылығы саласының барлық кәсіпкерлері мен қоғамдық ұйымдар айтып жүрген мәселе.Мемлекеттік қолдаудың сынақтан өткен механизміне сәйкес «Кең дала 2» бағдарламасы бойынша «Даму» кәсіпкерлікті дамыту Қоры кепілдендіретін құрал қолданылады.Өз кезегінде, Аграрлық несие корпорациясының еншілес компаниясы «ҚазАгроҚаржы» АҚ жылдық сыйақы мөлшерлемесі 5% болатын жеңілдетілген лизинг бағдарламасын іске қосты. Бағдарлама отандық өндірушілердің ауыл шаруашылығы техникасын сатып алу үшін 7 жылға дейінгі мерзімге қаржыландырады.Бүгінде көптеген қаржы институттары ауыл шаруашылығын қаржыландырады. Дегенмен, АӨК қаржыландыруды қамтамасыз етудегі негізгі үлес Аграрлық несие корпорациясына тиесілі. Бірнеше жылдан бері Корпорация өз қызметін біртіндеп жақсартып келеді және секторды қаржыландыру көлемін арттыруда. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/875833
Қаржы Министрлігі тау-кен металлургия саласына салық салу қалай өзгеретінін айтты 16.11.2024
ҚР Қаржы министрлігі Қазақстанның өңірлеріндегі ірі бизнеспен, ШОБ және жергілікті билік өкілдерімен бірқатар кездесулерді жалғастыруда. Бүгін Қарағандыда еліміздің тау-кен металлургия саласына салық салу мәселелеріне арналған кездесу өтті.Қарағанды облысы көмірдің, темір-марганец және полиметалл кендерінің және басқа да пайдалы қазбалардың едәуір қоры шоғырланған Қазақстанның минералдық-шикізат өңірі болып табылады.Өңірде 604 жер қойнауын пайдаланушы жұмыс істейді, оның ішінде Қазақмыс және Qarmet. Тау-кен өндіру және өңдеу салаларына 113 мың адам немесе облыстың жұмыспен қамтылған халқының 20% - дан астамы жұмылдырылды. Ағымдағы жылдың 10 айында өңір кәсіпорындарынан түсетін салық түсімдері 507 млрд теңгеден асты.Қаржы министрі Мәди Тақиев пен Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев үш өңірдің (Қарағанды, Павлодар және Ақмола облыстары) кәсіпкерлеріне жаңа Салық кодексі салықтық әкімшілендіруді оңтайландыру есебінен бизнеске қолдау көрсетуге бағытталғанын хабарлады.Атап айтқанда, жаңа Салық кодексі маңызды фискалдық кірісі жоқ төлемдерді алып тастауды ұсынады."Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында Үкіметке бизнес жүргізу үшін жағдайды жақсарту бойынша жұмыс істеуді тапсырды. Жаңа Салық кодексі бірыңғай жер салығын (ЕҚБ) жеке табыс салығына ауыстыруды ұсынады. 3 төлемді біріктіру ұсынылады: су ресурстарын пайдалану үшін, орманды пайдалану үшін және жануарлар әлемін пайдалану үшін. Жалпы, төлем ставкаларының саны 77-ге қысқарады. Алымдардың 6 түрін қысқарту ұсынылады. Олар бойынша ставкалардың 34 түрі алынып тасталады. Сондай - ақ мемлекеттік баждардың 5 түрі алынып тасталады, олар бойынша мөлшерлемелер 51-ге қысқартылады", - деді ҚР Қаржы министрі Мәди Такиев.Салық төлеушілердің барлық санаттары үшін, субъективтілік мөлшеріне қарамастан, инвестициялар үшін "әмбебап" ынталандырулар берілетін болады.Ғимараттарды, құрылыстарды, машиналарды, жабдықтарды, бағдарламалық қамтамасыз етуді сатып алу/салу шығындарын оның функционалдық мақсатына байланыстырмай біржолғы 100% шегеру түрінде инвестициялық салық преференциялары ұсынылады. Сонымен қатар, жеке өндіріс өнімдерін өндіру және сату үшін табыс салығының төмендетілген ставкасы ұсынылады.ҚР ҰЭМ салық және кеден саясаты департаментінің директоры Ерлан Сағнаев жаңа Салық кодексінің жобасы таусылып жатқан кен орындарында өндірісті сақтап қалуға мүмкіндік беретін шараларды көздейтінін айтты. "Техногендік минералды түзілімдердің құрамынан пайдалы қазбаларды өндіру үшін ХДПИ төмендетілген мөлшерлемелерін белгілеу ұсынылады. Біз бұл шаралар қаржы көрсеткіштерін жақсарту және өндіру көлемін ұлғайту есебінен бюджетке қосымша түсімдерді қамтамасыз етеді деп күтеміз", - деп атап өтті ҚР ҰЭМ салық және кеден саясаты департаментінің директоры.Кездесуге қатысушылар ашық диалог пен ынтымақтастық тау-кен металлургия саласының одан әрі тұрақты өсуін, бюджетке тұрақты түсімдерді және жалпы ел экономикасын нығайтуды қамтамасыз ететін тиімді шешімдерді табуға мүмкіндік беретініне сенім білдірді.Бизнес өкілдерімен кездесуден кейін Қаржы министрі еліміздің ең ірі болат және тау-кен компаниясы Qarmet цехтарына барды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/minfin/press/news/details/875835
ТЖМ құтқарушылары жаңа техниканы меңгеруде 16.11.2024
Төтенше жағдайлар министрлігінің басшылығы аумақтық бөлімшелердің материалдық-техникалық базасын жаңартуға ерекше көңіл бөлуде. Бүгінгі таңда адам өмірін құтқару, төтенше жағдайларға ден қою мен жоюға арналған арнайы техникалармен аумақтық өңірлердің ТЖД автопаркілері толығуда.Солтүстік Қазақстан облысының ТЖД жедел-құтқару жасағына ауа-райының ең қолайсыз жағдайында да жұмыс істейтін заманауи кеме – «Marlin 830» қайығын алды. Берікті дизайн, тамаша маневрлік және сенімділік, қазіргі заманғы байланыс және навигация құралдары оны құтқару жұмыстарын жүргізу кезінде тиімді пайдалануға мүмкіндік береді. Бұл қайықты пайдалану арқылы облыстың су айдындарындағы жету қиын жерлерде төтенше жағдайларды жою жылдамдығын айтарлықтай арттыруға мүмкіндік беріледі.Сонымен қатар СҚО ТЖД өрт сөндіру қызметіне жоғары қабатты ғимараттардағы өрттерді сөндіруге және адамдарды эвакуациялауға арналған Германияда шығарылған «MAGIRUS» баспалдақ көлігі алынды. 55 метрге дейін тартылатын баспалдақ, құтқару лифті, автономды генератор, жетілдірілген басқару жүйесі тұрғын үйлер тығыз орналасқан қалалық құрылыс жағдайында ТЖ және өрттерді жою кезінде осы арнайы техника жедел пайдалануға мүмкіндік береді, авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу уақытын қысқартады.ТЖМ аумақтық бөлімшелерге әлемдік брендтердің заманауи үлгілерін сатып алу бойынша жұмысты жүзеге асыруда. Республикалық бюджет есебінен алынатын осындай құтқару техникалары басқа да өңірлерге беріледі. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/875820
Алматы облысында жаңа «Hyundai Shin-Line Hospital» ауруханасының құрылысы: медициналық қызмет сапасын арттыруға бағытталған ауқымды жоба 16.11.2024
[12:01, 31.10.2024] Murat Tokashbayev: Алматы облысының әкімі мен Оңтүстік Корея өкілдері көпсалалы аурухана құрылысын талқыладыАлматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев «Шин-Лайн» компаниясының және Оңтүстік Кореяның Hyundai ауруханасының өкілдерімен кездесті. Кездесуде өңірдегі медициналық қызмет сапасын арттыру мен денсаулық сақтау саласын дамытуға арналған ауқымды жоба – жаңа көпсалалы аурухананың құрылысы – басты назарда болды.Байсерке ауылындағы әлемдік деңгейдегі аурухана«Hyundae Shin-Line Hospital» деп аталатын жаңа жоба, Байсерке ауылында 14 781 шаршы метр аумақта заманауи емхана салуды көздейді. Көпсалалы аурухана 200 төсек-орынға есептелген және пациенттерге ортопедия, травматологиядан бастап, кардиология мен нейрохирургияға дейінгі қызметтердің кең спектрін ұсынатын болады.Құрылыс бюджеті 72 миллион АҚШ долларына бағаланып, жоба қазақстандық Shin-Line компаниясы мен оңтүстіккореялық Hyundai ауруханасының бірлескен кәсіпорны ретінде жүзеге асырылады. Жаңа аурухана 2027 жылы есігін айқара ашады деп күтілуде, ол Алматы облысының тұрғындарына жоғары сапалы қызмет көрсетуге мүмкіндік беретін, маңызды медициналық орталыққа айналады.«Шин-Лайн және Hyundai ауруханасы сияқты ірі серіктестермен ынтымақтастық біз үшін бірегей мүмкіндіктерге жол ашады. Заман талабына сай аурухана мен жаңа жұмыс орындарының ашылуы өңірдің дамуына үлкен үлес қосады», – деді Марат Сұлтанғазиев.Назарда әлеуметтік жауапкершілік пен тәжірибе алмасу«Шин-Лайн» компаниясының президенті Андрей Антонович Шин компания өз рөлін тек бизнесті дамытуда ғана емес, сонымен қатар әлеуметтік бастамаларда да көретінін баса айтты:«Біз үшін халықтың өмірін жақсартатын жобаларға инвестиция салу маңызды. Жаңа аурухана медициналық қызметтердің қолжетімділігін арттырып қана қоймай, сонымен қатар білім алу мен тәжірибе алмасу алаңына айналады деп ойлаймыз», - деді ол.Hyundai ауруханасының президенті Ким Бу Соп Қазақстан олардың компаниясы үшін стратегиялық маңызды серіктес екенін және бірлескен жобалар халықаралық байланыстарды нығайта түсетінін айтты:«Біз Қазақстанның денсаулық сақтау саласын дамытуға қатысу мүмкіндігіне ие болғанымызды мақтан тұтамыз. Жаңа медициналық орталық маңызды нысан ғана емес, сонымен қатар біздің мамандар арасындағы білім алмасу кеңістігі болады», - деді ол.Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қоюКездесу «Shin Line» және «Hyundai» ауруханасы арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою рәсімімен аяқталды. Құжат медицина саласындағы бірлескен бастамаларды және тәжірибе алмасуды көздейді, бұл тараптардың пікірінше, аймақтағы медициналық қызметтердің сапасын арттыруға ықпал етеді.«Hyundai Shin-Line Hospital» жобасы Алматы облысының медициналық инфрақұрылымына елеулі үлес болып, оның тұрғындарының сапалы емделуге қолжетімділік деңгейін арттырады.[12:04, 31.10.2024] Murat Tokashbayev: 1. «Байсеркеде әлемдік деңгейдегі медицина: Алматы облысында 72 миллион долларға бірегей аурухана салынады!»2. «200 төсек және үздік технологиялар: Алматы облысында жаңа медициналық алпауыт қалай бой көтереді!»3. «Қазақстандағы халықаралық серпіліс: Оңтүстік Корея ауруханасы Алматы облысында есігін айқара ашады!»4. «Шин-Лайн Hyundai ауруханасы қазақстандықтардың өмірін қалай өзгертеді: әкімдік пен инвесторлар не уәде етеді?»5. «Байсеркедегі 14 мың шаршы метрлік аурухана: Алматы облысындағы ең өршіл жоба туралы барлық нәрсені білуіңіз керек!»Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/875759
Алматыда кезекті заңсыз ТЖО бұзыла бастады 16.11.2024
Алматының Қала құрылысын бақылау басқармасы Розыбакиев көшесі, 63 мекенжайында орналасқан ірі техникалық қызмет көрсету орталығын бұзу туралы хабарлады.Бұған дейін жоспардан тыс тексеру барысында басқарма «АҚЖОЛ» ЖШС иесіне қатысты әкімшілік шаралар қабылдап, анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берген болатын.Алайда нұсқама талаптары орындалмағандықтан, осы жылдың 13 қыркүйегінде басқарма Алматы қаласы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына нысанды бұзу туралы талап-арыз жіберді.Сот процесі аяқталмаса да, нысанның иесі нысанды өз еркімен бұза бастады.Естеріңізге сала кетейік, Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевтың құрылыс бақылауын күшейту тапсырмасы аясында өткен жылдан бері қалада 49 заңсыз нысан, оның ішінде «Мечта», KHAN, «Алма Гарден» тұрғын үй кешендері және басқа да құрылыстар толық немесе жартылай бұзылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/875797
Алматыда тағы үш жаңа қала маңындағы автобус бағыты іске ашылды 16.11.2024
Алматы мегаполисінің агломерациямен көлік байланысын нығайту мақсатында 1 қарашадан бастап тағы үш қала маңы маршруты іске қосылды.№245 маршрут: Ұзынағаш ауылының автобекетінен – Төле би-Яссауи автобекетіне дейін. Бұл бағытта үлкен сыйымдылықтағы 25 автобус қызмет көрсетеді. Қозғалыс уақыты: 5:45-тен 23:00-ге дейін. Тасымалдаушы – «Ecobus service» ЖШС.№254 маршрут: Қаскелең – «Сәлем» базары. Мұнда үлкен сыйымдылықтағы 16 автобус жұмыс істейді. Қозғалыс уақыты: 5:50-ден 23:00-ге дейін. Тасымалдаушы – «Мәдина» ЖШС.№239 маршрут: «Б.Момышұлы» метро бекеті – Долан ауылы. Бұл бағытта 18 автобус қызмет көрсетеді. Қозғалыс уақыты: 5:30-дан 23:01-ге дейін. Тасымалдаушы – «Neo City Trans» ЖШС.Жол ақысы қала ішіндегі сияқты 120 теңге, барлық автобус «Onay» электронды билеттеу жүйесімен жабдықталған.Айта кету керек, жолаушылар мен жүкті автокөлікпен тасымалдау ережесіне сәйкес, бұл маршруттар тасымалдаушыларға байқау өткізілгенге дейін уақытша берілді және сынақ режимінде жұмыс істейді. Мониторинг нәтижесі бойынша маршруттардың қозғалыс сызбалары жолаушылар легі мен халықтың қажеттілігіне қарай түзетіледі.Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы мегаполис басшысы Ерболат Досаевтың тапсырмасымен 600 автобус пен 100 троллейбус сатып алынып, 50-ге жуық елді мекенді қамтитын 22 жаңа бағыт, соның ішінде 10 қала маңы маршруты ұйымдастырылды. Биыл тағы 600 автобус, 112 троллейбус және 100 электр автобусы сатып алынды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/875802
«Бір терезе» қағидаты бойынша құрылысты ұйымдастыру үшін порталға жеке жүйелерді интеграциялау мәселелері 16.11.2024
Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институтында «Iqurylys» ЖШС компаниясының өкілдерімен жұмыс кездесуі өтті. Сапардың негізгі мақсаты – «бір терезе» қағидаты бойынша құрылысты ұйымдастыруға арналған порталға (kds.eQurylys.gov) жеке ақпараттық жүйелерді қосу.Қазақстан Республикасы Өндіріс және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті бір терезе» қағидаты бойынша құрылысты ұйымдастыруға арналған порталдың иесі, ал «ҚазҚСҒЗИ» АҚ — оның операторы болып табылады.Кездесу барысында «ҚазҚСҒЗИ» АҚ мамандары құрылыс саласындағы процестерді жақсарту үшін цифрлық шешімдерді белсенді әзірлейтін және порталмен ынтымақтастықта маңызды перспективаларды көздейтін «Iqurylys» компаниясының презентациясымен танысты.«ҚазҚСҒЗИ» АҚ және «Iqurylys» ЖШС өкілдері құрылыс саласында бірыңғай цифрлық платформа құру үшін жеке ақпараттық жүйелерді порталмен интеграциялау бойынша мүмкіндіктерді талқылады.Атап айтқанда, компанияның шешімдерін портал функционалына бейімдеудің техникалық талаптары мен мүмкіндіктері қарастырылды, бұл құрылыс процестерінің тиімділігі мен ашықтығын арттыруға мүмкіндік береді. Кездесу қорытындысы бойынша бірлескен жұмыстарды жалғастыру туралы шешім қабылданды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/875790
Олжас Бектенов Fufeng Group басшысы Ли Сюэчунмен қазақстандық ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеу бойынша жаңа жобаны іске қосуды талқылады 16.11.2024
Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектенов қытайлық Fufeng Group компаниясының басқарма төрағасы Ли Сюэчунмен агроөнеркәсіптік кешен және көмір химиясы саласындағы ынтымақтастықты талқылады. Терең өңдеуге баса назар аудара отырып, ұзақмерзімді инвестициялық ынтымақтастық мәселелеріне ден қойылды.Fufeng Group Company Limited – аминқышқылдары мен олардың туындыларын өндіруге, сондай-ақ осы саладағы зерттеулер мен әзірлемелерге маманданған био-ферменттеу индустриясындағы әлемдік көшбасшы. Компания әлемдегі ең ірі натрий глутаматы мен ксантан шайырын өндіруші саналады.Fufeng Group-тың Қазақстанда крахмалды қант өндіру және аминқышқылдарын ашыту зауыттарын, сондай-ақ көмір жылу электр стансасы мен ағынды суларды тазарту стансасын қамтитын жүгеріні терең өңдеуге арналған тігінен интеграцияланған өнеркәсіптік парк құру туралы ұсынысы талқыланды. Бидай мен жүгеріні терең өңдеу крахмал, аминқышқылдары, натрий глутаматы және ксантан шайырының қосылған құны жоғары өнімдерді алуға мүмкіндік береді, олардың бағасы шикізат құнынан 10-15 есе жоғары. Жоба аясында 1 мың жұмыс орнын ашу жоспарлануда, инвестиция көлемі шамамен $300-350 млн-ды құрайды.Ли Сюэчунь компанияның ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру үдерісіне қатысуға, сапалы тыңайтқыштар беруге және қазақстандық мамандармен заманауи агротехнологиялар бойынша тәжірибе алмасуға дайын екендігін атап өтті. Сондай-ақ инвестор көмір-химия секторындағы ынтымақтастыққа қызығушылық білдірді.Қазақстан Премьер-министрі Мемлекет басшысының экономиканың өсуін қамтамасыз ету жөніндегі алға қойған мақсатына қол жеткізу шеңберінде агроөнеркәсіптік кешенге инвестициялардың маңыздылығын атап өтті.«Қазақстан қосылған құны жоғары өнім өндірісін ұлғайтуға ұмтылуда, ал астықты терең өңдеу кешендерін салу басым бағыт саналады. Бұл – экономиканы әртараптандыруға және экспорттық мүмкіндіктерді кеңейтуге мүмкіндік беретін стратегиялық бағыт. Бізде бұл үшін қажеттінің бәрі бар: инфрақұрылым, шикізат ресурстары және мемлекеттік қолдау шаралары. Жоба агроөнеркәсіптік секторда қосымша құн құрудың және озық технологиялар енгізудің жарқын үлгісі болмақ. Үкімет тарапынан қажетті қолдау көрсетіледі», — деді Олжас Бектенов.Қазақстан нарығында Fufeng Group сияқты ірі ойыншының пайда болуы ауыл шаруашылығы дақылдарын, әсіресе, астық егетін солтүстік өңірлерде әртараптандыруға ықпал ететін болады. Компанияның қазақстандық фермерлермен жоспарлы оффтейк-келісімшарттар жасасуы тиімді ынтымақтастыққа кепілдік береді.Кездесу қорытындысы бойынша Премьер-министр Ауыл шаруашылығы, Өнеркәсіп және құрылыс министрліктеріне Fufeng Group компаниясымен инвестициялық келісімді жедел түрде дайындауды тапсырды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/875674
Венера Калимова ҚР Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитетінің төрағасы болып тағайындалды 16.11.2024
Қазақстан Республикасы әділет министрінің бұйрығымен Венера Қамысбайқызы Калимова Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды. Бұл туралы ҚР Үкіметінің Баспасөз қызметі хабарлайды.Венера Калимова Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе педагогикалық институтын, Қазақ мемлекеттік заң академиясын бітірген.1995–2001 жылдары — Ақтөбе облысы Әділет басқармасы заңды тұлғаларды тіркеу бөлімінің жетекші маманы, бас маманы.2001–2017 жылдары ҚР Әділет министрлігі Тіркеу қызметі комитеті Заңды тұлғаларды тіркеу басқармасында жұмыс істеп, бас маман қызметінен бастап департамент директоры болып жұмыс істеді.2017-2019 жылдары «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КеАҚ басқармасы аппаратының Жылжымайтын мүлік департаментінің директоры қызметін атқарды.2023 жылдан бастап осы уақытқа дейін ҚР Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметтерін ұйымдастыру департаментінің директоры болып қызмет етті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet/press/news/details/875780
Агроөнеркәсіп бағыты бойынша алғашқы несие мақұлданды 16.11.2024
Қаржылай қолдау «Ұлытау» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы арқылы жүзеге асты.Алғашқы несие алушы — Ұлытау облысының Қаракеңгір ауылдық округінде 400 гектар жерге мал азығы мен көкөніс өсіруді жүзеге асыратын «Исмаил А.Б.» шаруа қожалығы.Жоба бойынша өндіріс қуаты 3 800 тонна картоп пен 3 000 тонна жоңышқа өндіруді көздейді. Кәсіпорын өндірісте суды үнемдейтін заманауи технологияларды (жаңбырлату, тамшылатып суару) пайдалануды жоспарлап отыр.Жеңілдетілген несие сомасы 637,6 млн теңгені құрайды, жылдық мөлшерлеме 2,5%. Өтеу мерзімі 120 ай. Сонымен қатар, жеңілдетілген несие бағдарламасында 24 айлық жеңілдікті кезең де қарастырылған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ulytau/press/news/details/875673
Ақкөл ауданының көп балалы аналары жаңа пәтерлердің кілттерін алды 16.11.2024
Ақкөл ауданының тұрғындары жаңа баспанаға ие болды. Тұрғын үй құрылысын дамыту және халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау аясында аудан әкімдігі көпбалалы отбасылар үшін 16 пәтер сатып алды. Әрбір абаттандырылған үйдің ауданы 81 шаршы метрді құрайды.Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов салтанатты түрде аналарға пәтер кілттерін табыс етті. Олардың кейбіреулері баспана алуды 10 жылдан астам күтті.«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша тұрғын үй сатып алудың жаңа тетігі енгізілді. Пәтерлерді сатып алу кезінде жайлылық пен инфрақұрылымға ерекше назар аударылады. Ақкөл ауданында бұл алғашқы үйлер. Өңір бойынша барлығы 2 мыңға жуық отбасының тұрғын үй жағдайын жақсарту жоспарлануда», - деді өңір басшысы.4 баланың анасы Күлаш Шаймерденованың отбасы жаңа үй алып қуанышқа бөленді.«Бұл - біздің отбасымыз үшін өте қуанышты оқиға. Біз мемлекетке қолдау көрсеткені және өмір сүруге қолайлы жағдай жасағаны үшін алғыс айтамыз», – деді К. Шаймерденова.Жыл соңына дейін аудан орталығында тағы 18 екі пәтерлі үйдің құрылысын аяқтау жоспарлануда. Бұл 36 отбасын тұрғын үймен қамтамасыз етеді және аудандағы тұрғын үй кезегін қысқартуға мүмкіндік береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/875704