Қуқық
«Қазақстан. Қытай. Ресей. Қуат палитрасы» халықаралық фотокөрмесі ашылды 16.11.2024
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейінде «Қазақстан. Қытай. Ресей. Қуат палитрасы» халықаралық фотокөрмесі ашылды. Іс-шара Қазақстан, Қытай және Ресей арасындағы мәдени, стратегиялық, серіктестік қарым-қатынастар мен ынтымақтастық байланыстарды нығайтуға бағытталған.Фотокөрмеге үш ел табиғатының сұлулығы мен мәдени мұрасын, сондай-ақ, ұлттық құндылықтары мен даму жетістіктерін көрсететін 600 фотосурет ұсынылды.Іс-шараны Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі, Қытайдың ғылыми-танымдық фильмдер мен телебағдарламалар қауымдастығы, жетекші басылымдарының бірі «Фото және видеотүсірілім» журналы, Ресейдің кәсіби фотографтар лигасы және «Фотографтар мен цифрлық фотосуретшілер одағы» ҚБ ұйымдастырды.Фотокөрме 2024 жылдың 17 қарашасына дейін жалғасады. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/875998
Қызылордада ІХ республикалық әкелер форумы өтті 16.11.2024
Қызылордада ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен «Тәрбие тал бесіктен» атты ІХ Республикалық әкелер форумы өтті. Оған республикалық Әкелер одағының өңірлік басшылары, зиялы қауым өкілдері, отбасы саясаты саласындағы сарапшылар, халықаралық ұйымдардың, жергілікті атқарушы органдардың, ҮЕҰ өкілдері – жалпы 200-ге жуық адам қатысты. Кездесу тақырыбы Мемлекет басшысының өз Жолдауында берген бағдарына сүйене отырып айқындалды.«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы жолдауында «Мектепке дейінгі тәрбие беру және оқыту ісіне мемлекетпен қатар ата-аналарда жауапты» дегені белгілі. Отбасы – өскелең ұрпақ құндылықтарының қалыптасуының негізгі көзі. Бұл базалық әлеуметтік институт, оның жұмыс істеуі мемлекеттің әл-ауқаты мен тұрақтылығына тікелей әсер етеді», – деді ҚР МАМ Жастар және отбасы істері комитеті төрағасының орынбасары Біржан Әлімжанов.Форумның мақсаты – әкелер мен отбасы институтын дамыту, балаларды тәрбиелеудегі әкелер рөлінің маңызын анықтау, сондай-ақ тәрбие беруде тәжірибе алмасу.Форумда «Ер адамның бейнесін қалыптастырудағы әкенің рөлі: жауапкершілік, батылдық, құрмет», «Отбасы және қауіпсіздік», «Саналы түрде ата-ана болу», «Ерлер үшін спорт пен денсаулықтың маңызы» атты тақырыптар аясында бірқатар талқылаулар өткізілді.Сондай-ақ, форумның әр қатысушысы отандық баспагер, Forbes Kazakhstan журналының қазақ тіліндегі бас редакторы Бақытжан Бұқарбайдың «Заманмен санасқан 30 әкенің хикаясы» атты кітабын сыйлық ретінде алды. Кітапта бала тәрбиесі туралы бүгінгі әкелердің әңгімелері мен ойлары жинақталған. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/876029
Астанада Қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті 16.11.2024
Бүгін Астанада ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтті.Қоғамдық кеңес отырысында 2030 жылға дейінгі отбасы және гендерлік саясат тұжырымдамасын іске асыру, халық арасында медиа сауаттылық жүйесін дамыту, БАҚ үшін гранттар жүйесін енгізу және газеттерді субсидиялау мәселелері талқыланды.Сондай-ақ, Қоғамдық кеңес мүшелері отбасы құндылықтарын ілгерілетуге қатысты мемлекеттік бағдарламаларды сапалы іске асыру, халықтың және БАҚ саласы мамандарының медиа сауаттылығын арттыру, бұқаралық ақпарат құралдарында отандық контенттерді кеңінен жүргізу бағытында ұсыныстар енгізді. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/876046
Электр қуатының дайындығын қолдау жөніндегі қызметке шекті тарифтерді төмендетуге қатысты 16.11.2024
Министрлік «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 70-2) тармағына сәйкес электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке шекті тарифтерді бекітеді.Электр энергиясына шекті тарифті және электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке шекті тарифті бекіту қағидаларының 15-тармағына сәйкес электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке шекті тариф жылдық инфляция деңгейлерін ескеретін индексация коэффициентін ескере отырып, формула бойынша есептеледі.Мәселен, 2023 жылы электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке шекті тарифтерді түзету кезінде 2023 жылға арналған инфляцияның болжамды деңгейі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің болжамдық деректеріне сәйкес 14 % деңгейінде алынған болатын.Бұл ретте, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің статистикалық мәліметтеріне сәйкес 2023 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстандағы инфляцияның нақты деңгейі 9,8 % құрады.Жоғарыда жазылғандардың негізінде электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке шекті тарифті Заңға сәйкес айқындау мақсатында 2025 жылға арналған электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке шекті тарифті айына 1215 мың теңге/МВт мөлшерінен 1169 мың теңге/МВт мөлшеріне төмендету бойынша түзетілді.Бұйрық жобасы "Ашық НҚА" порталында жарияланды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/energo/press/news/details/876031
Энергетика министрлігі «Мұнай-газ химиясы өнеркәсібі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасына реттеуші саясаттың консультативтік құжатын әзірледі 16.11.2024
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі 2024 жылғы 14 тамыздағы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің төрағалығымен өткен Мұнай-газ саласы мәселелері жөніндегі кеңес хаттамасының 2-тармағының 6) тармақшасына сәйкес «Мұнай-газ химиясы өнеркәсібі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасына және «Мұнай-газ химиясы өнеркәсібі туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мұнай-газ химиясы өнеркәсібін дамыту мәселелері бойынша толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасына реттеуші саясаттың консультативтік құжатын (РСКҚ) әзірледі.Осы заңды қабылдаудың мақсаты-саланы шикізатпен қамтамасыз етуге байланысты мәселелерді шешу, сондай-ақ инвестициялар тартуды ынталандыру және мұнай-газ химиясы саласына мемлекеттік қолдау көрсету. Осы Заңның қабылдануы мұнай-газ химиясы өнеркәсібін дамыту және Қазақстанның тұрақты экономикалық өсуін қамтамасыз ету жолындағы маңызды қадам болмақ.РСКҚ «Kazenergy» Қазақстандық мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдарының қауымдастығы» ЗТБ және «Мұнай-газ-химия өнімдерін өндірушілер мен тұтынушылар қауымдастығы (Мұнай-газ-химия Қауымдастығы)» ЗТБ қатысуымен әзірленгенін атап өтеміз.Министрлік барлық мүдделі тұлғаларды жобаны талқылауға қатысуға шақырады. РСКҚ «Ашық НҚА» интернет-порталында орналастырылған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/energo/press/news/details/876036
С. Жақыпова журналистерді мүгедектігі бар адамдардың өмір сүру сапасын арттыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы хабардар етті 16.11.2024
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен «галстуксіз кездесу» өткізді, оның барысында халыққа қолдау көрсету шараларының тиімділігін және мүгедектігі бар адамдардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған жаңа цифрлық құралдардың жұмысын көрсетті.Атап айтқанда, ЕХӘҚМ басшысы Отбасының цифрлық картасында жинақталатын әртүрлі мемлекеттік органдардың деректері қолдау шараларын көрсетудің еліктеу моделіне көшуге және өмірлік қиын жағдайға тап болған азаматтарға мемлекеттік қызметтерді белсенді түрде ұсынуға қалай көмектесетінін нақты көрсетті.Сондай-ақ, Светлана Жақыпова мүгедектік тобын проактивті форматта беру үшін медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаттарын көрсетіп, сырттай проактивті куәландыру үшін дәрігерлерді тәуелсіз сарапшылар ретінде тарту жөніндегі пилоттық жобаны енгізу туралы айтты.Министр мүгедектігі бар адамдарға көрсетілетін техникалық оңалту құралдары мен санаторий-курорттық емдеу қызметтерінің сапасын бақылауды күшейтуге мүмкіндік беретін әлеуметтік қызметтер порталындағы жаңалықтар туралы хабардар етті.Светлана Жақыпова арнайы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдарды лицензиялау олардың стандарттарға сәйкестігін қамтамасыз етуге және ерекше қажеттіліктері бар адамдардың құқықтарын қорғауға мүмкіндік беретінін атап өтті.Сонымен қатар, Еңбекминінің басшысы әлеуметтік қызметкерлер тізілімін қалыптастыру, мүгедектігі бар адамдар үшін әлеуметтік нысандардың қолжетімділігіне мониторинг жүргізу, үйде мүгедек балаларды оңалту үшін цифрлық күнделік енгізу және басқа да цифрлық шешімдер туралы айтып берді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/875999
Қазақстан посткеңестік елдер арасында шетелдік инвестицияларды тарту бойынша жетекші орынға ие болды 16.11.2024
Мемлекет басшысының төрағалығымен өткен Шетелдік инвесторлар кеңесінің 36-шы пленарлық отырысында Премьер-Министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров инвестициялық климатты жақсарту бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы айтты.Қазақстанның жаңа инвестициялық цикліне арналған іс-шараға трансұлттық компаниялар, мемлекеттік органдардың басшылары мен халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты.Нұрлан Байбазаровтың айтуынша, санкциялық текетірестің күшеюіне, логистикалық жүйенің бұзылуына, жоғары инфляцияға байланысты әлемдегі инвестициялық белсенділіктің баяулауы аясында Қазақстан посткеңестік елдер, оның ішінде Орталық Азия мен теңізге шыға алмайтын елдер арасында тікелей шетелдік инвестицияларды тарту бойынша жетекші орынға ие болды.«Бүгінде Қазақстан Үкіметінің алдында экономиканың көлемін екі есеге арттыру міндеті тұр және оны жүзеге асырудың негізгі факторы инвестиция тарту болып табылады», - деді вице-премьер.Осы мақсатқа қол жеткізу үшін 2029 жылға дейінгі Инвестициялық саясат тұжырымдамасы өзектендірілді, оның шеңберінде экономика салаларының нақты қажеттіліктеріне бағытталған инвестицияларды тартудың жаңа тәсілі енгізілуде.«Атап айтқанда, инвестицияға «тапсырыс» жергілікті бизнес пен квазимемлекеттік компаниялардың жекелеген салалардағы қажеттіліктері негізінде қалыптасады. Алынған мәліметтер Аймақтық инвестициялық бағдарламаларда көрсетіледі және шетелдік мекемелер нақты шетелдік инвесторларды таргеттеуі үшін пайдаланылады», - деп қосты Нұрлан Байбазаров.Сонымен қатар жаңа жоғары өнімді инвестициялық жобаларды инфрақұрылыммен одан әрі қамтамасыз ету экономикалық белсенділік факторларының бірі болады.Биыл 2029 жылға дейінгі Ұлттық инфрақұрылым жоспары қабылданды. Жалпы құны шамамен $86 млрд болатын 204 жоба жүзеге асырылатын болады. Жоспар энергетикалық, көліктік, цифрлық инфрақұрылым, сондай-ақ сумен жабдықтау және су бұру инфрақұрылымы сынды 4 бағытты көздейді.Бұл ретте экономиканы ырықтандыру бойынша құрылымдық өзгерістер жалғасын табады. Мемлекет бәсекеге қабілетті салаларға мемлекеттің қатысуын азайту жөніндегі жұмысты жалғастырады.«Жаңа Салық кодексі инвестициялық циклды жандандыруға, тиімді салық преференцияларын белгілеу мен шетелдік және қазақстандық инвесторлар үшін қолайлы әрі тұрақты жағдай жасауға мүмкіндік беретін болады», - деп түйіндеді сөзін вице-премьер.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/875986
ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ МЕН ORHUN MEDICAL ЗАМАНАУИ ОБЫРДЫ ЕМДЕУ ОРТАЛЫҚТАРЫН АШУ ТУРАЛЫ КЕЛІСІМГЕ ҚОЛ ҚОЙДЫ 16.11.2024
Бүгін Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігі мен «Orhun Medical» (Түркия) компаниясы онкологиялық аурулары бар пациенттер үшін емдеу мен диагностиканың сапасы мен қолжетімділігін жақсартуға бағытталған ауқымды жобаны іске асыру туралы келісімге қол қойды.«Жабдықталған орталықтардың ашылуы онкологиямен ауыратын науқастарға шетелге шықпай-ақ, ел ішінде әлемдік стандарттар деңгейінде жоғары тиімді диагностика мен қауіпсіз ем алуға мүмкіндік береді. Жаңа технологиялардың көмегімен обырды дұрыс және уақтылы емдеу аурудың анықталуын жақсартуға, өмір сүрудің бес жылдық шегі бар пациенттердің үлесін арттыруға, онкологиялық науқастардың өмір сүру сапасын арттыруға мүмкіндік береді», - деп атап өтті қол қою барысында Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова.Келісімнің шеңберінде Алматы қаласында ПЭТ/КТ, БФЭКТ/КТ үшін талап етілетін радиофармпрепараттарды өндіру үшін ғимарат салу және арнайы жабдықпен - циклотронды кешенмен жарақтандыру көзделген.Ақтау, Ақтөбе, Қарағанды, Қызылорда және Өскемен қалаларында компьютерлік томографиямен (ПЭТ/КТ) біріктірілген позитрондық-эмиссиялық томографияның жаңа орталықтары құрылатын болады.Алматы қаласында қатерлі ісіктерді диагностикалау мен терапияның прогрессивті кешенді әдістерін енгізу үшін бір фотондық-эмиссиялық томографиямен және компьютерлік томографиямен ұштастыра отырып радиоизотоптық препараттар қолданылатын Тераностика орталығын ашу жоспарлануда.ПЭТ/КТ зерттеуі КТ, МРТ және ультрадыбыспен анықтау қиын онкологиялық ауруларды ерте кезеңдерде анықтауға, аурудың күрделілік дәрежесін, оның ағзада таралуын анықтауға және дұрыс емдеуді тағайындауға мүмкіндік береді.Жыл сайын елімізде 35 мыңнан астам адам обырға шалдығады, 14 мыңнан астам адам қайтыс болады, есепте 200 мыңнан астам қазақстандық тұрады. ҚР-да онкологиядан өлім көш бастап тұр және үшінші орында.Қазақстанда онкологиялық қызметті жаңғырту жөніндегі кешенді бағдарлама онкологиялық қызметті елеулі техникалық қайта жарақтандыруды көздейді, ал бұл қолда бар диагностикалық жабдықты жаңғырту, жаңа желілік үдеткіштерді орнатудың және ескірген аппараттарды ауыстырудың есебінен сәулелік емдеуді кеңейту және жетілдіру, сондай-ақ ядролық медицина орталықтарын ұйымдастыру; аз инвазивті хирургияны және емдеудің интервенциялық әдістерін дамыту, жеке терапияны таңдау, ісікке қарсы жаңа дәрілік заттардың қолжетімділігін арттыру, заманауи онкологиялық орталықтар құру, жаңа буын кадрларын даярлау және т. б. мақсатында толық геномдық бейіндеуді енгізу болып табылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm/press/news/details/876020
Қалалық Мәдениет үйінде өткен «Мықты азаматтық қоғам – мықты мемлекет» атты үкіметтік емес ұйымдар конференциясында өңірде атқарылған жұмыстар қорытындыланып, белсенді азаматтар марапатталды 16.11.2024
Аталған жиынға облыс әкімінің орынбасары Жолдас Батырхан, облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Әлібек Байнешов, сондай-ақ үкіметтік емес ұйымдардың жетекшілері мен мүшелері қатысты.Іc-шара барысында облыстағы заңды тұлғалар бірлестігі және үкіметтік емес ұйымдардың қызметі туралы көрмелер ұйымдастырылып, презентациялар көрсетілді.«Ақтөбе облысының азаматтық орталығы» заңды тұлғалар бірлестігінің президенті, облыстық қоғамдық кеңес мүшесі Әлішер Мәжит биыл өңірде үкіметтік емес ұйымдардың бірлесіп атқарған іс-шаралары мен жүзеге асырған жобалары жайлы айтты.Бұдан кейін Байғанин, Қарғалы, Темір аудандарындағы белсенді ұзақ өмір сүру орталықтарының мүшелері ортаға шығып, Ақтөбе жоғары гуманитарлық колледжінің хор ұжымымен бірге халық әні «Гүлдер-айды» шырқады.Конференция барысында жартылай стационар және үйде күтім жасау жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін орталықтардың, әлеуметтік инватакси қызметінің, сондай-ақ «Жасыл ел» еңбек жасағының жұмысы туралы бейнероликтер көрсетілді.Іс-шара соңында облыс әкімінің орынбасары Жолдас Батырхан сөз сөйлеп, үкіметтік емес ұйымдардың қоғамда алар орны мен жас ұрпаққа ұлттық-патриоттық тәрбие берудегі рөлі айрықша екенін жеткізді. Белсенді үкіметтік емес ұйым өкілдеріне ҚР Мәдениет және ақпарат министрі мен облыс әкімінің Алғыс хаттарын табыстады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/875961
Хромтауда биыл Мәдениет үйі, келер жылы спорт кешені пайдалануға беріледі 16.11.2024
Облыс әкімі Асхат Шахаров Хромтау ауданына барған жұмыс сапарында әлеуметтік нысандардың құрылысымен танысты.ERG компаниялар тобы бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында Хромтаудағы Мәдениет үйінің құрылысын 2023 жылы бастаған. Бүгінде мердігер ұйым «Санжар» ЖШС әрлеу жұмыстарын аяқтап жатыр. Нысан биылғы жылдың соңына дейін пайдалануға беріледі деп жоспарлануда.Өңір басшысы әрлеу жұмыстары жалғасып жатқан кабинеттер мен залдарды аралап көрді.Мәдениет үйінің бірінші қабатында сахнасы бар 400 орындық көрермен залы, кітапхана, шеберханалар мен студиялар, киім-кешек бөлмесі, киім ауыстыратын бөлме және буфет болады. Екінші қабатта театр ұжымдары мен ансамбльдерге арналған кеңсе бөлмелері, би залы және дайындық бөлмелері орналасады. Сондай-ақ дәрістер мен семинарларға арналған бөлмелер де бар. Мәдени нысанның құрылысы 1,8 млрд теңгені құрады.Облыс әкімі мердігерге әлеуметтік нысан құрылысын мерзімінде аяқтау міндетін қойды. Жаңа Мәдениет үйінің ашылуы тұрғындардың мәдени-әлеуметтік дамуына жағдай жасап, қала үшін маңызды нысанға айналмақ.Облыс әкімі Хромтаудағы құрылысы жүріп жатқан дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде де болды.Хромтау қаласында әкімдік жанынан дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы 2019 жылы басталып, 2023 жылы аяқталуы тиіс еді. Құрылыс материалдарының қымбаттауына байланысты мердігер «Бабек-Құрылыс» ЖШС жобалық сметаны түзетуге өтінім берді. Өзгерістер бекітілгеннен кейін ЖШС 2023 жылы құрылысты жалғастырды. Нысанның жаңа аяқталу мерзімі 2025 жылға белгіленген.Асхат Шахаров мердігерге жобаның аяқталуын кешіктірмеуді тапсырды.Бұдан кейін облыс әкімі Дөң тау-кен байыту комбинатының балансындағы қаладағы орталық қазандықтың жұмысын қарады. Асхат Шахаров жабдықтың қазіргі жағдайын сұрап, нысан басшылығымен қазандық жұмысының сенімділігі мен тиімділігін арттыруға бағытталған жөндеу жұмыстарының барысын талқылады.Қаланы үздіксіз жылумен қамтамасыз ету үшін кәсіпорын 2023 жылы қазандықтарды күрделі жөндеуден өткізіп, биылғы жылы 1,2 шақырым жылу желілерін жөндеуден өткізген.Нысанды аралаған өңір басшысы қаланы жылумен қамтуға жауапты мамандарға қазандық жұмысын бақылауда ұстау және орын алуы мүмкін ақауларды жедел жою міндетін қойды.Бұдан кейін Асхат Шахаров Хромтау қаласындағы өрт сөндіру бекетінде болды.Бекет әкімшілік ғимараттан, 4 жатақханаға арналған гараждан тұрады. Мұнда 12 төтенше жағдай қызметкері отбасымен тұрады. 1977 жылы салынған нысанға күрделі жөндеу қажет.Асхат Шахаров аудан әкіміне ғимаратты жөндеуге қаржы бөлу мәселесін қарастыруды тапсырды.«Мемлекет басшысы жылыту маусымына дайындық пен оны өткізуге ерекше көңіл бөлуде және осы тапсырмалар аясында Хромтау қаласының орталық қазандығының жұмысы тексерілді. Биылғы жазда қалада бес шақырымнан астам жылу желілері ауыстырылды. Қазіргі уақытта жылыту маусымы қалыпты түрде өтуде, бірақ жаңғырту мәселесі өзекті болып қала береді.Инфрақұрылымды дамытуға, оның ішінде халықаралық маңызы бар жолдарды салуға, жол қызметін дамытуға тиісті көңіл бөлінуде, бұл Хромтау ауданында шағын және орта бизнестің дамуына мүмкіндік береді.Биыл Индустриалды аймақ құрылысының жобасын әзірлеуді аяқтау жоспарланып отыр, келер жылы оны жүзеге асыруға кірісеміз. Индустриалды аймақ ірі кәсіпорындарды оқшаулауға, инвесторларды тартуға жағдай жасайды. Сонымен қатар аудандағы әлеуметтік нысандар жөнделіп, жаңа ғимараттар салынуда. Осы мақсатқа жыл сайын бюджеттен қажетті қаражат бөлінеді.Жалпы, ауданның әлеуеті зор, сондықтан біз өзекті мәселелерді шешіп, жергілікті тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыра отырып, одан әрі дамытатын боламыз», - деді облыс әкімі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/875989
Абай облысында жаңа ЖЭО құрылысының негізгі мәселелері қаралды 16.11.2024
Аймақ басшысы Нұрлан Ұранхаев «Самұрық-Энерго» АҚ өкілдерімен 3-ші ЖЭО параметрлері мен құрылыс мерзімдерін талқылады. Жылу электр орталығы жылу тапшылығын жойып, экологиялық жүктемені айтарлықтай төмендетеді деп күтілуде.️3-ші ЖЭО төрт қуатты энергиялық қазандықтармен, үш бу турбиналарымен, сондай-ақ үш су жылыту қазандықтарымен және төрт бойлермен жабдықталады. Олардың екеуі негізгі, ал қалған екеуі төтенше жағдайларда жұмыс істейтін болады. Оның қуаты 360 МВт.«Бұл жоба өңірдің энергиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі маңызды қадам болары сөзсіз. Электрмен, сумен, жылумен жабдықтауды, қосалқы станцияларды қайта жаңартуды қоса алғанда толық инфрақұрылым құруға мүмкіндік береді. Сондықтан жобаны жүзеге асыруда қателікке жол бермей, барынша мұқият қарау керек. Жоба ауқымды болғандықтан әрбір детальды ескеру қажет», - деді облыс әкімі.️Айта кету керек, жоба электр энергиясын өндіруді сағатына 2 600 млн кВт -қа ұлғайтады деп көзделген. Белгіленген қуатты пайдалану коэффициенті шамамен 82% құрайды. Бұл аймақтың қажеттіліктерін сенімді түрде энергиямен қамтамасыз етеді және қоршаған ортаны ластаушы заттарды азайтады.️Жоба Қазақстан Республикасы мен Катар мемлекеті арасындағы стратегиялық серіктестік аясында жүзеге асырылуда және оны қазақстандық «Самұрық Энерго» компаниясы халықаралық серіктес Nebras Power компаниясымен бірлесіп басқарады. Бұл бастама Абай облысын энергиямен жабдықтауды жақсарту жөніндегі мемлекеттік бағдарламаның бір бөлігі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/875953
Қазақстанда заманауи көшпенділерге арналған жаңа Neo Nomad визасы енгізілді 16.11.2024
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Neo Nomad деп аталатын жаңа виза түрі енгізілді. Бұл виза заманауи көшпенділерге – саяхаттап, қашықтан жұмыс істейтін шетелдік туристерге арналған. Жаңа визалық режим пандемиядан кейін осындай бағдарламаларды сәтті енгізген 50-ден астам елдің халықаралық тәжірибесін назарға алған.Neo Nomad визасын алу үшін шетелдік азамат Қазақстаннан тыс жерде тұрақты кірісінің бар екенін дәлелдеуі керек, оның мөлшері айына кемінде 3 000 АҚШ долларын құрауы қажет. Сонымен қатар негізгі кіріс талаптарынан басқа, шетелдік өтініш берушіге медициналық сақтандыру және соттылығының жоқтығы туралы анықтама талап етіледі.Виза қашықтан жұмыс істейтін туристерге, яғни бағдарламалау, маркетинг, қаржы, консалтинг, дизайн және электронды коммерция сияқты түрлі салаларда қызмет ететін шетелдік азаматтарға арналған. Виза иелерінің бір жылға дейін Қазақстанда тұруға мүмкіндігі бар. Осы уақыт ішінде олар шетелдік компанияларда жұмыс істей алады. Бұл шетелдік туристерге Қазақстан мәдениеті мен тұрмысын жақынырақ тануға мүмкіндік берсе, елге экономикалық пайда әкеледі деп күтілуде. Виза енгізілген жағдайда жылына 500 адам оны алса, экономикалық әсер шамамен 3,6 млрд теңгені құрайды деп болжанып отыр. Neo Nomad визасын пайдаланатын шетелдік азаматтар Қазақстанда тұрып, қаражатын осында жұмсайды, бірақ отандық еңбек нарығына әсер етпейді. Бұл бағдарламаның маңызды аспектісі.«Туризм және спорт, Сыртқы істер, Ішкі істер министрліктері және басқа да мүдделі мемлекеттік органдардың бірлескен жұмысының нәтижесінде Қазақстан заманауи көшпенділердің саяхат картасына енді. Олардың әлемдегі саны 35 миллионнан асады, біз оларды елімізге тарту үшін барлық жағдайды жасауды көздеп отырмыз. Әсіресе Алматы мен Астана қалалары нео-көшпенділер үшін тартымды 150 қаланың қатарына кіреді», – деді Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/875904
QYZPU-ДА ЗАМАНАУИ ҒЫЛЫМИ КІТАПХАНА АШЫЛДЫ 16.11.2024
QYZPU-ДА ЗАМАНАУИ ҒЫЛЫМИ КІТАПХАНА АШЫЛДЫ Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің кітапханасына биыл күрделі жөндеу жасалып, ұлағатты ұстаз Сералы Қаниевтың аты берілді. Жаңарған кітапхананың ресми ашылуында ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек сөз сөйледі. «Шын мәнінде бүгін айтулы күн. Кез келген білім ошағының жүрегі – ол кітапхана. Ең жоғары стандартта жасалған, ең мықты электрондық, цифрлық платформалары бар бұл ғылыми кітапхана студенттер мен оқытушылар, жалпы кітапсүйер қауым үшін білімдерін арттыруға бағытталған мықты орталық боларына сенімім мол», - деді ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек. Сералы Қаниұлы – Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің дамуына үлкен үлес қосқан ардақты ұстаз, белгілі ғалым, физика-математика ғылымдарының кандидаты, доцент, Қазақ ССР ағарту ісінің үздігі, КСРО Жоғары мектебінің үздігі, еңбек ардагері. 40 жылға жуық Қазақ қыздар педагогикалық институтында қызмет етіп, мыңдаған шәкірт тәрбиеледі. Іс-шара аясында ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Сералы Қаниевтың ұлы Берік Қаниевке кітапхананың ашылуына зор үлес қосқаны үшін Алғыс хат табыстады. Кітапхананың салтанатты ашылу рәсіміне Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Басқарма Төрағасы-Ректоры Гүлмира Қанай және Сералы Қаниұлының жақын туыстары да қатысты. Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев бұл кітапхана білім мен мәдениеттің нағыз орталығы екенін атап өтті. Сонымен қатар Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Басқарма Төрағасы-Ректоры Гүлмира Қанай да алғысын айтып, университет кітапханасына Сералы Қаниевтың аты берілгені өте маңызды оқиға екенін атап өтті. Жаңартылған кітапхана студенттер, оқытушылар және зерттеушілер үшін заманауи білім беретін мәдени орталыққа айналады. Мұнда олар ғылыми қорлармен жұмыс істеп, оқу және зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін ең соңғы технологияларды пайдалана алады. Жаңа кітапхана кеңістігі ыңғайлылық пен жайлылықты ескере отырып жобаланған. Онда топтық және жеке жұмыстарға арналған алаңдар бар. Сондай-ақ озық жабдықтар мен электрондық ресурстарға қолжетімділік қамтамасыз етілген. Іс-шарада қонақтар жаңартылған кітапхана ғимараты бойынша экскурсия жасап, білім беру сапасын арттыруға бағытталған жаңалықтармен танысты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sci/press/news/details/875926
Қанат Шарлапаев Volvo Group басшылығымен кездесті 16.11.2024
Бүгін ҚГИР-2024 алаңында ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев «Volvo Group Kazakhstan» ЖШС Бас директоры Радиф Хасановпен кездесу өткізді. Кездесу барысында Тараптардың әлеуетті ынтымақтастығы және Қазақстандағы инвестициялық мүмкіндіктер талқыланды.Қ.Шарлапаев атап өткендей, қазіргі уақытта автомобиль өнеркәсібі Қазақстанның өнеркәсіптік дамуының басым салаларының бірі болып табылады. Елде жеңіл автомобильдер, жүк көліктері, арнайы техника мен автобустар шығаратын 8 кәсіпорын жұмыс істейді. Сонымен қатар, жеңіл автомобильдер өндірісіне бағытталған бірнеше перспективалы жобалар жүзеге асырылуда.«2025 жылы біз ішкі нарыққа да, экспорттық мүмкіндіктерге де бағдарланған Kia Qazaqstan және Astana Motors Manufacturing Kazakhstan сияқты 2 ірі автомобиль жобасын іске қосуды жоспарлап отырмыз. 2025 жылдың соңына дейін біз жиынтықтауыштарды өндіру бойынша 10 жобаны іске асыруды жоспарлап отырмыз, бұл өндіріс құнын айтарлықтай төмендетуге мүмкіндік береді», - деді министр.Барлық автоөндірушілер өзара міндеттемелерді көздейтін өнеркәсіптік құрастыру шарттарының бөлігі ретінде жұмыс істейді. Сондай-ақ, министр мемлекет тарапынан қолдау шаралары, оның ішінде қолайлы инвестициялық орта құруға бағытталған жасалған инвестициялық келісімшарттар мен өнеркәсіптік құрастыру шарттары негізінде жеңілдіктер беру туралы айтты.Қанат Шарлапаев қазақстандық тараптың болашақ бірлескен жобаларды іске асырудың барлық кезеңдерінде жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екендігін растап, өзара тиімді және ұзақ мерзімді ынтымақтастыққа үміт білдірді.Сондай-ақ, өнеркәсіп және құрылыс министрі Carlsberg Group орталық және Шығыс Еуропа бойынша бірінші вице-президенті Леманн Ларспен кездесу өткізді, оның барысында маңызды инвестициялық жобалар мен компанияның Қазақстан экономикасының нақты секторына, оның ішінде сабақтас салаларды дамытуға қосқан үлесі талқыланды.Сонымен қатар, «Schneider Electric» Орталық Азия және Кавказ елдері бойынша Бас директоры Эдгард Бу-Шахинмен екіжақты кездесу өтті. Тараптар энергия үнемдеу саясатын іске асырудағы ынтымақтастықты талқылады. Қатысушылар атап өткендей, Schneider Electric компаниясының осы саладағы табысты тәжірибесін ескере отырып, Қазақстан бірлескен келісім арқылы ынтымақтастықты тереңдетуге ниетті. Келісім мынадай бағыттарға бағытталатын болады: энергосервистік келісімшарт тетігін пайдалана отырып, пилоттық жобаларды іске асыру, деректер орталықтары сияқты цифрлық шешімдерді қолдану; Қазақстанда орнықты даму саласында консультациялық қызметтер құру бойынша ынтымақтастық, энергия тиімді жобаларды қаржыландыру көздерін зерделеу. «Біздің бірлескен күш - жігеріміз Қазақстанда озық энергия үнемдеу шешімдерін қабылдауға, ЖІӨ-нің энергия сыйымдылығын төмендетуге және парниктік газдар шығарындыларын азайтуға әкелетініне сенімдімін», - деді Қ.Шарлапаев кездесуді аяқтай отырып. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/875900
Қазақстан СІМ-де Еуропа Парламентінің делегациясын қабылдады 16.11.2024
Астана, 2024 жылғы 31 қазан – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев Еуропалық Парламентінің Орталық Азия және Моңғолиямен байланыс жөніндегі делегациясының төрағасы Джузеппина Принчимен кездесу өткізді.Саяси байланыстардың жоғары динамикасын, сондай-ақ «Қазақстан Республикасы – Еуропалық одақ» парламенттік ынтымақтастық комитетінің нәтижелі жұмысын атап өтіп, тараптар қазақ-еуропалық серіктестікті одан әрі нығайтуға өзара ұмтылыстарын білдірді.Министрдің орынбасары өзара қызығушылық тудыратын мәселелер, оның ішінде жасыл энергетика, сирек жер минералдары және көліктік өзара байланыстылық мәселелері бойынша ынтымақтастықты арттырудың маңыздылығын атап өтті.Тараптар ҚР азаматтары үшін ЕО визалық талаптарын жеңілдету мәселесіне ерекше назар аударды.Сонымен қатар сұхбат барысында ҚР әділет, мәдениет және ақпарат министрліктерінің өкілдері еуропалық депутаттарға Қазақстан Үкіметінің адам құқықтарын қорғау және заң үстемдігін қамтамасыз ету саласындағы шаралары туралы айтып берді.Кездесу соңында Ә. Бақаев Еуропалық Парламент делегациясына нәтижелі сапар тілеп, практикалық нәтижелерге тезірек қол жеткізуге үміт білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/875974
Алматыда Гаухар Бисенғалиеваның жеке көрмесі ашылды 16.11.2024
Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде метамодернист суретші Гаухар Бисенғалиеваның «Ұлы Дала мұрасы» атты жеке көрмесі ашылды.Көрмеде суретшінің киіз бен табиғи материалдардан жасалған бірегей жұмыстары, әжесінен мұра болып қалған жүнмен жұмыс істеуге арналған құралдары, сондай-ақ дәстүрлі қолөнермен айналысқан қазақ шеберлерінің мұрағат фотосуреттері ұсынылған.Суретшінің шығармашылығында ата-бабалардың салт-дәстүрімен байланысын тереңдете түсетін мәдени мұра мен рухани күштің символы – ұлттық қазақ кілемі басты орын алады. Гаухар Бисенғалиева киіз өнеріндегі жаңашылдығымен танылып, осы көне материалды Ұлы даланың мол мұрасын көрсету үшін пайдаланады. Оның кенептеріндегі дерексіз мотивтер тәңіршілдік идеяларын және ата-бабалардың дүниетанымын бейнелейтін мәңгілік аспан ұғымына сілтеме жасайды.Экспозиция 2024 жылдың 24 қарашасына дейін жалғасады. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/875962
«QazaqGaz» ҰК» АҚ-мен газ кен орындарын барлау және өндіру бойынша келісім-шарттарға қол қойылды 16.11.2024
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың газдың ресурстық базасын кеңейту тапсырмасын іске асыру аясында ағымдағы жылдың 1 қарашасында Энергетика министрлігі «QazaqGaz» ҰК» АҚ-мен екі жетілдірілген модельдік келісім-шарт жасасты:Жамбыл облысындағы «Малдыбай» учаскесінде көмірсутектерді барлау және өндіру;Ақтөбе облысындағы «Шалқар» учаскесінде стратегиялық серіктес «КОР» Мұнай компаниясы» АҚ-мен бірлесіп көмірсутектерді барлау және өндіру.Жетілдірілген модельдік келісім-шарт 2023 жылы енгізілген және күрделі жобалар үшін реттеушілік және фискалдық преференцияларды қарастырады.2025 жылы Жамбыл облысындағы «Малдыбай» учаскесінде бұрын бұрғыланған екі ұңғыманы қалпына келтіру және 190 км² аумақта 3D сейсмикалық барлау жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Ақтөбе облысындағы «Шалқар» учаскесіндегі барлау ұңғымасын барлау жұмыстары 2025 жылы басталады.Айта кетерлігі, бұл келісім-шарттар тікелей мемлекетпен жүргізілген келіссөздер нәтижесінде және басым құқық аясында жасалған «QazaqGaz» ҰК» АҚ-ның алғашқы келісім-шарттары болып табылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/energo/press/news/details/875908
Жаңа "Әлеуметтік әмиян" сервисі атаулы әлеуметтік және тұрғын үй көмегін алушылар үшін газға жеңілдіктер алуды жеңілдетеді 16.11.2024
Шымкент қаласында және Батыс Қазақстан облысында пилоттық режимде атаулы әлеуметтік және тұрғын үй көмегін алушылар үшін тауарлық газға төленетін жеңілдіктерді белсенді қолдану үшін «Әлеуметтік әмиян» жобасы іске қосылуда.Бұл жоба атаулы әлеуметтік және тұрғын үй көмегін алушыларға тауарлық газ үшін төлемге жеңілдіктер беруді кеңірек қамтуға және автоматтандыруға бағытталған.«Әлеуметтік әмиян» алгоритміне сәйкес 1414 бірыңғай нөмірі арқылы атаулы әлеуметтік және тұрғын үй көмегін алатын азаматтар «Әлеуметтік әмиян» сервисі көрсетілетін eGov-mobile қосымшасын орнату қажеттілігі туралы SMS-хабарлама алады.Бұл сервисте жоғарыда аталған азаматтар «QazaqGaz Aimaq» АҚ абонентінің дербес шотына тауарлық газға ваучерді белсендіре алады.Ваучердің суммасы ағымдағы айдағы газ тұтыну көлеміне қарай айқындалатын болады.Энергетика министрлігі Ұлттық экономика, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрліктерімен бірлесіп, Шымкент қаласы мен Батыс Қазақстан облысының әкімдіктерімен келісім бойынша «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тауарлық газға ваучерлер ұсыну» қызметін көрсету жөніндегі пилоттық жобаны іске қосу туралы бірлескен бұйрықтың жобасын әзірледі.Пилоттық жоба 6 айға созылады және нәтижелері бойынша жобаны бүкіл Қазақстанға масштабтау туралы шешім қабылданады.Бұйрық жобасы «Ашық НҚА» порталында жарияланды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/energo/press/news/details/875936
5 мыңнан астам астаналық JOLTAP әлеуметтік жобасының арқасында жұмыс тауып, бизнес бастады 16.11.2024
Өткен жылдың қыркүйек айынан бастап Астанада жергілікті тұрғындарға жұмыс табуға, кірістерін көбейтуге және қысқа мерзімде жаңа мамандықтарды игеруге көмектесетін JOLTAP ауқымды жобасы іске асырылуда. Осы уақыт ішінде оның аясында ондаған мың азамат мамандардан кеңес алып, оқу курсынан өтті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.Жоба Астана әкімдігінің бастамасымен Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау мақсатында жүзеге асырылуда. Жоба операторы «Жаңа мүмкіндік» қоғамдық қоры болып саналады.JOLTAP жобасы бірнеше кезеңмен жүзеге асырылады. Бірінші кезең – «Баршаға мүмкіндік» модульдік пункттерін орнату және іске қосу. Қазір қала бойынша адамдар көп жиналатын жерлерде орналасқан 6 модульдік пункт жұмыс істейді. Мұнда қала тұрғындары мемлекеттік қолдаудың 52 шарасы бойынша көмек ала алады (шағын несиелеу/бизнеске арналған гранттар, субсидияланатын жұмыс орындары, әлеуметтік төлемдер және т. б.), 20 авторлық курс бойынша тегін оқуға жазылу, қаланың өзекті бос жұмыс орындары туралы білу және цифрлық сүйемелдеу бойынша көмек алу (ЭЦҚ қайта жаңарту, kezekte.kz, enbek.kz және т. Б. сайттарында тіркеу). Қазіргі уақытта елорданың 24 мың тұрғыны модульдік пункттерде кеңес алды, олардың негізгі бөлігі – 35 жасқа дейінгі жұмыссыз жастар. Атап айтқанда, 17 мың адам оқуға жазылды, 5 мың өтініш білдірген адам әкімдік басқармаларына мемлекеттік қолдау шараларын алуға өтінім берді.Жобаның екінші кезеңі – цифрлық және жұмысшы мамандықтар бөлігінде өзекті және практикалық дағдыларды тегін оқытуды ұйымдастыру. Барлық 20 оқу бағдарламасы авторлық болып саналады және елордалық бизнес өкілдерімен бірлесіп әзірленген. Сыныптар барлық қажетті заттармен жабдықталған. Негізгі назар тігінші, сәнгер – конструктор, бухгалтерлік есеп негіздері, корпустық жиһаз жасау негіздері, сатушы-кассир, онлайн дүкендердегі сауда негіздері, аяқ киім жөндеу шеберханасы, электр газбен дәнекерлеуші, май ауыстыру пункті және шиномонтаж, бариста сияқты жұмысшы мамандықтарды оқытуға аударылады. Оқытушылар өз салаларында қолданбалы тәжірибесі бар бірқатар тәжірибешілерден таңдалды. Қала тұрғындары сонымен қатар қазіргі әлемде өзекті болып саналатын 8 цифрлық дағдылар бойынша білім ала алады – СММ, сайттарды әзірлеу, бейнемонтаж, графикалық дизайн, контент-криейтор, таргетолог, мобилограф, негізгі цифрлық дағдылар. Қосымша дағдыларды үйреніп, қала тұрғындары қалалық кәсіпорындарға жұмысқа орналасады, ағымдағы жұмыс орнында бәсекеге қабілеттілігін арттырады немесе қашықтан тапсырыстарды қабылдай бастады. Осы жұмыстың нәтижесінде бір жыл ішінде мыңға жуық қала тұрғыны ЖК ашып, жаңа жұмыс орындарын ашты. Оқыту бағдарламалары еңбек нарығына сүйене отырып құрастырылған және мамандыққа байланысты 2 аптадан 1 айға дейін барынша қысқа мерзімде практикалық дағдыларды ұсынуға бағытталған.Бір жыл ішінде 7,5 мыңнан астам қала тұрғыны жұмыс және цифрлық мамандықтар бойынша білім алып, практикалық дағдыларға ие болды.Үшінші кезең – жұмыс пен қызметкерлерді іздеуге арналған «JUMYSTAP.kz»платформаны іске қосу. Бүгінгі таңда 12 мыңға жуық пайдаланушы тіркелген, оның 2 мыңы жұмыс берушілер болып саналады, соның ішінде Magnum, Shaurma Food, Danmard, «12 ай», Zeta, YDA зауыты, DSK GLB сияқты ірі және желілік компаниялар және басқалар бар. Платформаға басқа өңірлердің бизнес өкілдері де қызығушылық танытып отыр, бұл қала тұрғындарына елордада ғана емес, еліміздің басқа қалаларында да жұмыс іздеуге мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта қала кәсіпорындарына 5 мыңнан астам адам жұмысқа орналасты, өз ісін ашты немесе фриланс бойынша тапсырыс қабылдай бастады.JOLTAP жобасын іске асыру демеушілік қаражат есебінен жүзеге асырылады, бұл адами капиталды дамытуға үлес түріндегі бизнестің әлеуметтік жауапкершілігінің жаңа нысаны болып саналады. Жоба туралы толығырақ @joltap.kz Instagram парақшасы арқылы танысуға болады. Жобаның call-орталығы: +7 (707) 221 31 31.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/875883
2027 жылға қарай Ақмола облысында 95 млн ағаш отырғызылады 16.11.2024
Ақмола облысында орман қорын кеңейту бойынша белсенді жұмыстар жүргізіліп келеді. 2021 жылдан бастап 56,2 млн ағаш отырғызылды, ал 2027 жылға қарай жасыл желекті 95 млн ағашқа ұлғайту жоспарланған. Бұл туралы облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Джанет Микишев брифингте мәлім етті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметінен.Басқарма басшысының айтуынша, жаңа орман питомниктері мен орман шаруашылығын жабдықтау биоәртүрлілікті сақтауға және экологияны жақсартуға көмектеседі.«Ақмола облысының орман қорын ұлғайту үшін соңғы жылдары 8,7 мың гектардан астам алқапқа 56 миллионнан астам ағаш отырғызылды. Алдағы жылдары жасыл аймақтарды кеңейту жоспарланған, оның ішінде 2025 жылдан 2027 жылға дейін 15 мың гектар алқапқа 95 миллион ағаш отырғызу көзделген», – деді Джанет Микишев.Брифингте айтылғандай, өңірде көшеттердің қажетті санын қамтамасыз ету үшін Зеренді және Атбасар аудандарында жалпы аумағы 86 гектар болатын екі жаңа орман питомнигін құру жоспарланған.«Бүгінде облыста жалпы ауданы 175 гектар болатын 13 орман питомнигі жұмыс істейді, онда орман шаруашылығы мен табиғи ресурстарды қалпына келтіру үшін көшеттер өсіріледі. Бұдан басқа, «Семей орманы» резерватының базасында халықаралық стандарттарға сәйкес келетін заманауи орман тұқымы кешенін құру жоспарланған. Бұл орман қорын кең ауқымда қалпына келтіру үшін қажетті жоғары сапалы отырғызу материалымен қамтамасыз етуге көмектеседі», – деп толықтырды Джанет Микишев.Өңірде орман өрттерін алдын алу жұмыстары белсенді жүргізіліп келеді. Тоғыз шағын орман патрульдік кешен сатып алынды. Бұдан басқа, өрт сөндіру машиналары, тракторлар және шағын орман патрульдік кешендер сияқты 84 бірлік техника сатып алуға өтінім жолданды.Сонымен қатар, облыста биоалуантүрлілікті қолдау және табиғи ресурстарды сақтау үшін балық және аңшылық шаруашылықтары дамуда. Ол үшін аңшылық алқаптарды бекітуге конкурстар өткізіледі және су айдындарын пайдалану кеңейтіледі.«Ақмола облысы балық аулау және аңшылық ресурстарын басқаруға баса назар аудара отырып, биоәртүрлілікті белсенді қолдайды. Облыс аумағында 610 су айдыны бар, оның 243-і көл – тауарлық балық өсіру үшін, 159-ы кәсіпшілік үшін, ал 11-і әуесқой балық аулау үшін бөлінген. Бұл өңір тұрғындары мен қонақтарына экологиялық қауіпсіз жағдайда балық аулауға мүмкіндік береді, сондай - ақ ауылдық аудандардың дамуына үлес қосады», – деп түйіндеді Жанет Микишев.Айтуынша, облыста 161 аңшылық шаруашылығы тіркелген, оның 139-ы аңшылық пайдаланушыларға бекітілген, бұл 10,9 млн гектар аумақты қамтиды. Биыл аңшылық алқаптарды бекіту бойынша екі конкурс өткізіліп, облыстың жануарлар ресурстарын реттеу мен тұрақты басқаруға ықпал етті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/875823
