Enbekshi QazaQ
Конституция

Қуқық

Қазақконцерт Испанияда өнер көрсетті 16.11.2024
Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымының «Астана сазы» қазақ мемлекеттік фольклорлық ансамблі Қазақстан мен Испания арасындағы стратегиялық әріптестіктің 15 жылдығы және еліміздің Республика күнін мерекелеу аясында Мадрид қаласының ең танымал концерттік залдарының бірінде өнер көрсетті.«Астана сазы» қазақ мемлекеттік фольклорлық ансамблі – еліміздің жетекші шығармашылық ұжымдарының бірі. Ансамбль музыканттары тыңдаушыларды домбыра, қобыз, шертер, шаңқобыз, саз сырнай, сыбызғы, асатаяқ, дауылпаз, тұяқтас, қоңырау және басқа да халық музыкалық аспаптарының үнімен таныстырып келеді. Ансамбльдің көркемдік жетекшісі - Нұркен Яқияев.Мадридте өткен концертте ансамбль жиналған қауым назарына ұлттық өнеріміздің жауһарлары мен өз репертуарындағы танымал шығармаларын ұсынды. Рухани кеш қаладағы ерекше мәдени оқиға ғана емес, сонымен қатар Қазақстан мен Испания арасындағы байланыстарды нығайтуға бағытталған маңызды қадам болды. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/873223
Қазақстан кинотеатрларында архивте сақталған тарихи видеолар көрсетіліп жатыр 16.11.2024
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитеті Орталық мемлекеттік кино-фотоқұжаттар мен дыбыс жазбаларының архивінде сақталған кино, фото және аудиоқұжаттар негізінде жасалған бейнематериалдар әзірледі.Тарихи көрсетілім еліміздегі Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен облыс орталықтарындағы – жалпы 24 кинотеатрда, әр аптаның жұма, сенбі және жексенбі күндері кешкі уақытта көрсетілуде.Көрсетілетін бейнероликтер «Қазақстан тарихындағы ең алғашқы фотосурет», «Қазақстан тарихындағы ең алғашқы аудиожазба», «Түрксіб – Шығыс пен Батысты жалғаған жол», «Алматы архитектурасының эволюциясы», «Нейрожелінің көмегімен өмірге келген этнографиялық фотосуреттер» сынды түрлі тақырыптарды қамтиды.Жоба ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитеті мен «Cinema Invest Group» ЖШС Кинопаркі арасында аудиовизуалды құжаттарды насихаттау жөніндегі ынтымақтастық пен өзара іс-қимыл туралы меморандум аясында жүзеге асырылды.Бұл бастама көрерменнің назарын тарихи материалдарға аудара отырып отандық тарих пен мәдениетке деген қызығушылықты арттыруды көздейді. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/873611
Өскеменде маңғыстаулық шеберлердің көрме-жәрмеңкесі өтіп жатыр 16.11.2024
Шығыс Қазақстан облысында «Атадан қалған асыл тін» атты Маңғыстау облысының қолөнер және қылқалам шеберлері мен зергерлерінің көрме-жәрмеңкесі басталды. Іс-шараның мақсаты – батыс өңірінің өнерімен таныстыру және креативті индустрия өкілдерін қолдау.Өскеменге суреттер, қолөнер және зергерлік бұйымдар, этностильдегі ересектер мен балалар киімдерінің коллекциялары әкелінді. Өз жұмыстарын танымал брендтер де, жаңадан бастаған креаторлар да ұсынды.Сондай-ақ, маңғыстаулық әртістер шығыс қазақстандықтарды өз шығармашылығымен тәнті етті.Көрме-жәрмеңке екі күнге созылады. Батыс өңірінің шеберлері енді Павлодар қаласына барады. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/873893
Астанада «Роза Мұқанова шығармашылығы: әдебиет, театр, кино» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті 16.11.2024
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен белгілі жазушы, драматург, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Республикасының Абай атындағы мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Франц Кафка медалінің иегері, профессор Роза Мұқанованың 60 жас мерейтойына арналған «Роза Мұқанова шығармашылығы: әдебиет, театр, кино» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтті. Іс-шарада ҚР МАМ Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің төрағасы Рустам Әли министр Аида Балаеваның құттықтау хатын табыс етті. «Роза Қажығалымқызы – қазақ прозасы мен драматургиясына өзіндік қолтаңбасын қалдырып, оқырманның жүрегіне жол тапқан қаламгер. Бүгінгі іс-шара – Роза Қажығалымқызының әдебиет, театр, кино және педагогикадағы жарқын жолын тереңінен тануға мүмкіндік береді деп сенемін»,– делінген министрдің құттықтау хатында. Конференцияға Қазақстан Республикасының мемлекет және қоғам қайраткерлері, белгілі әдебиеттанушылар, кинотеледраматургтер, кинотанушылар мен театртанушылар, өнертанушылар және шетелдік ғалымдар, әдебиет және өнер қайраткерлері қатысты. Конференция аясында Роза Мұқанованың шығармашылығы негізінде түрік тілінде жазылған Сабина Саидтың кітабы мен ұжымдық монография және фотокөрменің тұсаукесері өтті. Сонымен қатар Сатыбалды Нарымбетовтің Роза Мұқанованың әңгімесі негізінде түсірілген «Қызжылаған» фильмі көрсетілді. Іс-шара барысында конференция қатысушыларына ҚР Ұлттық архивінің ұйымдастыруымен «Розаның әдебиет әлемі» атты жеке қорынан құжаттар көрмесі ұсынылды. Көрмеде жазушының журналистика мамандығы бойынша дипломдары, куәлігі мен марапат құжаттары және «Қызжылаған», «Мәңгілік бала бейне», «Муза» сынды тағы да басқа драмаларының қолжазбалары, театрлық афишалар, әкесі Қажығалым Мұқановтың қолжазбалары, отбасылық фотосуреттері таныстырылды. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/874354
Аида Балаева: Еңбек адамдары – мемлекеттің ең басты құндылығы 16.11.2024
Бүгін «Астана Балет» театрында ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева мәдениет саласындағы беделді халықаралық жастар байқауларының жеңімпаздарын құттықтады.Министр жеңімпаздарды құттықтай отырып, олардың жетістікке жетуіне ата-аналары мен ұстаздарының үлесі зор екенін айрықша атап өтті.«Сіздермен жүздескеніме өте қуаныштымын. Бұл кездесу Республика күні қарсаңында өтуі тиіс еді. Бірақ мерекеге арналған ауқымды іс-шараларға байланысты бүгін ғана жолығып отырмыз. Ұлттық мерекемізге орай, Мемлекет басшысы және оның атынан біз түрлі салада еңбек сіңірген қызметкерлерді, түрлі мамандық иелерін құттықтадық. Олардың қатарында ұстаздар, дәрігерлер, құтқарушылар, мәдениет қызметкерлері бар», – деді А. Балаева.Министр жас дарындардың жетістіктері олардың ұстаздарының ұзақ жылғы табанды еңбегінің нәтижесі екенін айтты.«Сіздердің жетістіктеріңіз – өздеріңіздің ғана емес, сондай-ақ ұстаздарыңыз бен ата-аналарыңыздың да қажырлы еңбегінің нәтижесі. Еңбек адамдары – мемлекеттің ең басты құндылығы. Сондықтан бүгінде олардың еңбегі жоғары деңгейде мойындалып, құрметтеліп отыр. Сіздерге балаларыңызды тәрбиелеуге жұмсаған күш-жігерлеріңіз үшін алғыс айтамын. Бүгінде Қазақстанда түрлі салада, оның ішінде мәдениет пен өнер саласында жастарды қолдауға және талантын ашуға бағытталған көптеген бастамалар мен жобалар іске асуда. Мемлекет басшысы ел болашағы жастардың қолында екенін үнемі айтып келеді. Сіздер өз қатарластарыңыз бен кейінгі ұрпаққа үлгі боласыздар. Сіздерді алда үлкен жеңістер күтіп тұрғанына сенімдімін», - деді министр.Кездесу барысында қатысушылар жас дарындарды қолдауға және олардың шығармашылық әлеуетін дамытуға бағытталған мемлекеттік жобаларды талқылады.Кездесу соңында А. Балаева байқау жеңімпаздары мен олардың ата-аналарына және ұстаздарына халықаралық аренадағы жетістіктері үшін алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табыстады. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/874480
Skills Enbek-тегі кейбір ақылы курстар халықтың әлеуметтік осал топтары үшін ақысыз негізде қол жетімді болады 16.11.2024
«Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ жұмыспен қамтудың цифрлық экожүйесін дамыту бойынша жұмысты жалғастыруда. Осылайша, Skills Enbek платформасында «Әлеуметтік» қосымшасы құрылды, онда халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын қазақстандықтарға кейбір ақылы курстар бойынша тегін негізде оқуға мүмкіндік беріледі.Оқытуды бастау үшін азаматтарға «Әлеуметтік» қосымшасындағы курсты таңдау кезінде ЭЦҚ арқылы олардың мәртебесінің сәйкестігін растау қажет. Тексеруден сәтті өткеннен кейін курс пайдаланушының жеке кабинетінде қолжетімді болады.Қазіргі уақытта жаңа бөлімде киіз басу және тігу сияқты қолданбалы мамандықтар, сондай-ақ экологиялық және әлеуметтік білім беру дағдылары бойынша сурдо аудармасы бар бірнеше курстар бар. Бұл курстарды USAID қолдауымен «Инклюзивті қолөнер» жобасы аясында «Qolqanat Foundation» қоғамдық қоры әзірледі.Естеріңізге сала кетейік, Skills Enbek платформасы маркетплейс қағидаты бойынша курстарға қол жеткізуді қамтамасыз ететін халықаралық оқыту алаңдарының қазақстандық аналогы болып табылады. Іске қосылғаннан бері Skills Enbek-те әртүрлі бағыттар бойынша 600-ден астам курстар орналастырылды, олардың жартысы тегін қол жетімді. Платформа қазірдің өзінде 474 мыңнан астам тіркелген пайдаланушыларды тартты, олардың 390 мыңнан астамы оқуды сәтті аяқтады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/874503
Ризабек Айтмұхан - Әлем чемпионы 16.11.2024
Ризабек Айтмұхан Албания астанасы Тиранада өтіп жатқан күрестен әлем чемпионатында (U23) жеңімпаз атанды.Ұлттық құрама спортшысы 97 кг дейінгі салмақтың финалында ирандық қарсыласы Махди Мұхарамәли Морафаны ұтты.Осылайша, Ризабек 3 түрлі жас санатында әлем чемпионатында алтын алған тұңғыш қазақ палуанына айналды. Еске сала кетейік, Ризабек былтыр Белградта ересектер арасында (92 кг дейінгі салмақ), ал биыл Понтеведра қаласында 20 жасқа дейінгі палуандар арасында әлем чемпионы (97 кг дейінгі салмақ) атанған.22 жастағы Махди - жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының күміс жүлдегері (2021 жыл).Отандасымыз кеше 3 белдесу өткізіп, алғашқысында Каллум Уильям Нокты (Канада), сосын Владислав Козловты (Бейтарап атлет) таза жыққан. Ал жартылай финалда Шамиль Имам Гаджалиевтен басым түскен.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/872043
28 қазан мен 3 қараша аралығында өтетін спорттық іс-шаралар кестесі 16.11.2024
31 қазан - 6 қараша – Ә.Асқаровты еске түсіруге арналған ересектер арасындағы көкпардан республикалық ашық турнир. Жарысқа еліміздің барлық өңірі мен Астана, Алматы қалаларынан 150 спортшы қатысады.Өтетін орны: Шымкент қаласы. 28-31 қазан – Тиранда (Албания) олимпиадалық емес салмақтарда күрес түрлерінен әлем чемпионаты. Қазақстан құрамасынан қатысатын палуандар:28-31 қазан – Грек-рим күресі:55 кг: Исхар Құрбаев63 кг: Ержет Жарлықасын72 кг: Мейіржан Шермаханбет82 кг: Евгений Поливадов 29 қазан – Әйелдер күресі:55 кг: Зүлфия Яхьярова59 кг: Диана Қаюмова65 кг: Ирина Казюлина72 кг: Жәмила Бақбергенова 30-31 қазан – Еркін күрес:61 кг: Асыл Айтақын70 кг: Нұрғожа Қайпанов79 кг: Дәулет Ергеш92 кг: Нұрдәулет Бекенов 1-3 қараша – Қазақстан спортшылары мәнерлеп сырғанаудан Grand Prix de France 2024 халықаралық турниріне және Гран-при сериясының үшінші кезеңіне қатысады.Өтетін орны: Франция, Анжер қ., AngersIce Parc мұз сарайы. 1-3 қараша – Солт-Лейк-Ситиде (АҚШ) шорт-тректен Әлем кубогінің екінші кезеңі өтеді. Қазақстан құрамасынан 12 спортшы қатысады.Өтетін орны: АҚШ, Солт-Лейк-Сити. 30 қазан - 2 қараша – Киокушинкай-кан каратэден ҚР чемпионаты. 15 өңірден 120-ға жуық спортшы қатысады деп күтілуде.Өтетін орны: Талдықорған қаласы. 31 қазан - 4 қараша – Жасөспірімдер мен ересектер арасындағы комбат дзю-дзюцудан Қазақстан кубогі. Жарысқа 200-ден астам спортшы қатысады.Өтетін орны: Түркістан облысы, Сарыағаш қаласы. 2-3 қараша – AIGA грэпплингтен ҚР чемпионаты.Өтетін орны: Қостанай қаласы.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/872218
Интернет-казино белгілері бар ресурстар тізімі жаңартылды 16.11.2024
ҚР Туризм және спорт министрлігі Ойын бизнесін және лотереяны реттеу комитеті лицензиясы жоқ интернет-ресурстар тізімін жаңартты. Тізімге ҚР Заңының 6-бабының 2-тармағында тыйым салынған интернет-казино белгілері бар 1820 бірегей желілік мекенжай енді. Бұл тізім Комитеттің жүйелі ақпарат жинап, интернет-казино мен заңсыз букмекерлік қызметтердің жұмысын анықтағаны нәтижесінде жасалды.Сонымен қатар тізім Telegram және WhatsApp мессенджерлерінен толықтырылып отырады. Заңсыз ойын бизнесінің таралуына бей-жай қарамайтын азаматтар күдікті сайттар мен әлеуметтік желілердегі парақшалардың сілтемелерін жібереді.Тізімге Vavada, Sultan Games, Pin Up, Play Fortuna, Riobet, Casino-X секілді танымал платформалар да енгізілген.Анықталған ақпарат «Кибернадзор» ақпараттық жүйесіне енгізіліп, Қазақстан Республикасының аумағында олардың қызметін шектеу үшін заң тұрғысынан бағалау жүргізіледі.Естеріңізге сала кетейік, мұндай ресурстарды анықтаумен ҚР Үкіметінің қаулысына сәйкес 2024 жылғы 4 қыркүйекте құрылған ҚР Туризм және спорт министрлігі Ойын бизнесін және лотереяны реттеу комитеті айналысады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/872224
Қазақстан мен Франция туризм саласындағы ынтымақтастықты нығайтады 16.11.2024
Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Француз Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Сильван Гиогемен кездесті. Тараптар келіссөз барысында туризм саласындағы екіжақты әріптестікті одан әрі дамыту әлеуетін талқылады.Министр Қазақстан мен Франция арасындағы қарым-қатынасты нығайтуда өзара іс-қимылдың маңызын атап өтіп, туризм саласындағы ынтымақтастық екі ел үшін жаңа мүмкіндіктер ашатынын жеткізді.«Елдеріміз арасындағы туристік ынтымақтастық халықаралық қатынастарды дамыту, мәдени және экономикалық байланыстарды нығайту жолындағы маңызды қадам деп есептеймін. Қазақстан аталған салада тәжірибе алмасуға және Франциямен бірлескен жобаларды іске асыруға ниетті. Бұл туристік инфрақұрылымды, әсіресе тау және экологиялық туризмді кеңінен насихаттауға зор септігін тигізеді», - деді министр.Кездесу соңында тараптар екіжақты іскерлік қатынастарды нығайтуға негіз болатын бастамаларды іске асырудың негізгі қадамдары туралы уағдаласты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/872954
Мемлекеттер басшылары Стратегиялық серіктестік орнату туралы бірлескен декларацияға қол қойды 16.11.2024
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Моңғолияға мемлекеттік сапары аясында екі ел делегациялары төмендегідей құжаттарға қол қойды:1. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Моңғолия Үкіметі арасындағы зейнетақы саласындағы ынтымақтастық туралы келісім;2. Қазақстан Республикасы мен Моңғолия арасындағы 2025-2027 жылдарға арналған сауда-экономикалық ынтымақтастықты жандандыру жөніндегі жол картасы;3. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Моңғолия Үкіметі арасындағы авиациялық іздестіру және құтқару саласындағы ынтымақтастық туралы келісім;4. Қазақстан Республикасының Көлік министрлігі мен Моңғолияның Жол және көлік саласын дамыту министрлігі арасындағы автомобиль жолдарын дамыту туралы меморандум;5. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі мен Моңғолияның Сыртқы істер министрлігі арасындағы 2025-2027 жылдарға арналған ынтымақтастық туралы жоспар;6. Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Моңғолияның Мәдениет, спорт, туризм және жастар ісі жөніндегі министрлігі арасындағы мәдениет саласындағы ынтымақтастық туралы меморандум;7. Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігі мен Моңғолияның Мәдениет, спорт, туризм және жастар ісі жөніндегі министрлігі арасындағы туризм саласындағы ынтымақтастық туралы меморандум;8. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Моңғолияның Азық-түлік, ауыл шаруашылығы және жеңіл өнеркәсіп министрлігі арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум;9. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті мен Моңғолияның Бас ветеринариялық басқармасы арасындағы ветеринария қызметі және карантин саласындағы өзара түсіністік туралы меморандум;10. Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен Моңғолияның Цифрлық даму, инновациялар және коммуникациялар министрлігі арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум;11. Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі мен Моңғолияның Атом энергиясы жөніндегі комиссияның атқарушы кеңсесі арасындағы атом энергетикасы саласындағы ынтымақтастық туралы меморандум.t.me/aqorda_resmiАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/873228
Өңірлік спорт басқармалары басшысын тағайындау ҚР Туризм және спорт министрлігі жанынан құрылған комиссияның келісімімен жүзеге асады 16.11.2024
Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, өңірлік спорт басқармаларының басшыларын тағайындау тәртібі өзгерді. Бұдан былай басқарма басшылығына ұсынылған үміткерлер ҚР Туризм және спорт министрлігінің жанынан құрылған комиссияның келісімін алуы керек. Комиссия жұмысына министр Ербол Мырзабосынов жетекшілік етеді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ХХХІІІ жазғы Олимпиада жүлдегерлерімен кездесуінде әрбір өңір қандай спорт түрін дамыту керектігіне қатысты шешімді дербес қабылдайтынын сынға алған болатын. Осыған орай, Мемлекет басшысы спорт саласындағы барлық деңгейдегі басқару вертикалін қалпына келтіру жөнінде Үкіметке нақты тапсырма берді. Комиссияның жұмысы барысында өңірлік спорт басқармалары басшылығына ұсынылған кандидаттар нақты талаптар бойынша бағаланады. Үміткерлердің саладағы тәжірибесі мен дамыту жоспары болуы, сондай-ақ спорт ғылымының негізі мен менеджментін меңгергені ескеріледі. Кандидаттарды ұсынуды жергілікті атқарушы органдар және министрлік жүзеге асыра алады. Жергілікті атқарушы орган комиссияның оң қорытындысын алған кандидаттарды ғана тағайындайды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/873672
Астанада қоян-қолтық ұрыстан III республикалық турнир өтті 16.11.2024
Астанада қоян-қолтық ұрыстан III республикалық турнир өтті. Бәсеке Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің 10 жылдығы аясында ұйымдастырылды. Жарысқа еліміздің құқық қорғау, күштік және арнайы мемлекеттік органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілер қатысты.Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов турнирдің финалдық жекпе-жектерін тамашалап, жеңімпаздарды марапаттады.«Мұндай турнирлер қызметкерлердің физикалық шеберлігін шыңдап қана қоймай, батыл әрі мықты болуға тәрбиелейді. Бұл, өз кезегінде, дені сау ұлт қалыптастыруда және қызметкерлер арасында спортты насихаттауда маңызды қадам. Спорт адамдарды ұйымшылдыққа ұйыстырып, тәртіпті дәріптейді. Тәртіп – табысты қызмет пен берекелі өмірдің кепілі», - деді министр Ербол Мырзабосынов.Турнирге Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Мемлекеттік күзет қызметі, Бас прокуратура, Қаржылық мониторинг агенттігі, Ішкі істер, Төтенше жағдайлар және Қорғаныс министрлігінің командалары қатысты.Жарыс елордадағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында Олимпиадалық жүйе бойынша ұйымдастырылды. Турнир жеңімпаздары мен жүлдегерлері кубок және медальмен марапатталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/873977
Қазақстанға Халықаралық дзюдо федерациясының президенті Мариус Визер келді 16.11.2024
Қазақстан Республикасына ресми сапармен Халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) президенті Мариус Визер келді. Мәртебелі мейманды Астана халықаралық әуежайынан ҚР Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов, Халықаралық дзюдо федерациясы президентінің кеңесшісі Алмас Әлсенов және Қазақстан дзюдо федерациясының президенті Қуанышбек Есекеев қарсы алды.Мариус Визер елімізге сапары барысында елордадағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайын, көпсалалы «Барыс Арена» спорт кешенін аралап, Астанада салынып жатқан Ұлттық спорт университетінің құрылысымен танысады деп жоспарланған. Сондай-ақ еліміздің даңқты спортшыларымен, жаттықтырушыларымен кездесіп, дзюдо спортының дамуы мен болашағы туралы пікір алмасады.М.Визердің Қазақстанға келуі отандық дзюдо үшін аса маңызды оқиға. Қазіргі таңда қазақстандық дзюдошылар халықаралық аренада көптеген жетістікке қол жеткізіп, әлем чемпионаты мен Олимпия ойындарында жүлде алып жүр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/873978
Халықаралық дзюдо федерациясының президенті елордадағы спорт нысандарын аралады 16.11.2024
Қазақстанға ресми сапармен келген Халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) президенті Мариус Визер елордадағы спорт нысандарын аралап, жұмыс барысымен танысты.Мариус мырза ең алдымен 2019 жылы пайдалануға берілген Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайына барды. Жекпе-жек сарайы – күрес түрлері (грек-рим, еркін, әйелдер күресі, дзюдо, каратэ, таэквондо, аралас жекпе-жек) бойынша халықаралық жарыстарды өткізу мүмкіндігі бар бірегей спорт кешені. Жекпе-жек сарайынан кейін IJF басшысы құрылысы 2025 жылдың соңында аяқталатын Ұлттық спорт университетінің құрылысымен танысты.Бұдан бөлек мәртебелі мейман балғын палуан балалармен, белгілі қазақстандық спортшылармен кездесті. Олардың қатарында Париж Олимпиадасының қола жүлдегері Ғұсман Қырғызбаев, Париж Паралимпиадасының чемпионы Ақмарал Науатбек, әлем және Азия біріншілігінің жүлдегері Әбиба Әбужақынова, 2009 жылғы әлем чемпионы Максим Раков бар. Кездесу барысында Қазақстанда дзюдо спортын дамыту және халықаралық аренаға шығу мүмкіндігі сөз болды.«Астанаға келгеніме және сіздермен кездескеніме қуаныштымын! Бүгін бірнеше спорт кешенін аралап, тамаша спорт инфрақұрылымдарымен таныстым. Бұл нысандардың кез келгені халықаралық деңгейдегі жарыстарды қабылдауға мүмкіндігі бар. Сондай-ақ Астанада салынып жатқан Ұлттық спорт университетінің құрылысын көрдім. Бірегей білім ордасы Қазақстанның спорт саласындағы кәсіби мамандарын даярлауда маңызды рөл атқарары даусыз», – деп атап өтті Визер.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/874246
Мемлекет басшысы Халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) президенті Мариус Визерді қабылдады 16.11.2024
Қасым-Жомарт Тоқаев Мариус Визерге дзюдоны дамытуға және насихаттауға үлес қосқаны үшін ризашылық білдірді. Президенттің айтуынша, Қазақстанда спорттың осы түріне қызығушылық зор. Әсіресе, балалар мен жастар арасында танымалдылыққа ие.– Сіздің сапарыңыз Қазақстан мен Халықаралық дзюдо федерациясы арасындағы өзара ықпалдастыққа тың серпін беру тұрғысынан өте маңызды деп санаймын. Бүгінде дзюдоның әлемдік спорт қоғамдастығында алатын орны зор. Дзюдо Қазақстанда да өте танымал спорт түрі. Елімізде көптеген секция мен жаттығу орталықтары жұмыс істейді. Онда 160 мыңнан аса адам, солардың ішінде балалар да жаттығады. Жақында өткен Париж Олимпиадасында Елдос Сметовтің жеңімпаз атанғанын мақтан тұтамыз. Сондықтан біз Халықаралық дзюдо федерациясымен қарым-қатынасты өркендетіп, ынтымақтастықты жандандыруға ниеттіміз, – деді Мемлекет басшысы.Мариус Визер Қазақстанда дзюдоны дамытуға қолдау көрсеткені үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтты.– Қазақстанға келу – мен үшін үлкен мәртебе. Сізге және еліңізге дзюдоға ғана емес, әлеуметтік интеграцияның және бейбітшіліктің бірден-бір тетігі саналатын спорттық қозғалысқа қолдау көрсеткеніңізге ризашылығымды білдіремін. Дзюдо қауымдастығының барлық мүшесі ортақ мақсатқа жұмылады. Бұл – қоғамда лайықты орны бар азамат тәрбиелеу, – деді Мариус Визер.Ол Астанада Халықаралық дзюдо федерациясының ұйытқы болуымен IJF академиясын ашу жоспарланып отырғанын жеткізді. Бұл аймақтағы жоғары санатты жаттықтырушылар мен төрешілерді даярлайтын орталықтардың бірі болмақ.Қасым-Жомарт Тоқаев пен Мариус Визер Қазақстанның Халықаралық дзюдо федерациясымен ұзақмерзімді ынтымақтастығының перспективасы жөнінде пікір алмасты. Бұдан бөлек, 2027 жылы елімізде өтетін дзюдодан Әлем чемпионатына дайындық мәселелерін пысықтады.Кездесу соңында Мемлекет басшысы Қазақстанда дзюдоны ілгерілетуге қосқан үлесі үшін Мариус Визерді ІІ дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады.t.me/aqorda_resmi Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/874260
Марат Қарабаев француздық CMA CGM көлік-логистикалық компаниясының өкілдерімен кездесті 16.11.2024
Қазақстан Республикасының Көлік министрі Марат Қарабаев әлемдегі ең ірі теңіз көлігі операторларының бірі француздық CMA CGM көлік-логистикалық компаниясының өкілдерімен кездесті.Кездесу барысында Қазақстанның Каспий теңізіндегі теңіз инфрақұрылымын дамытуға бағытталған негізгі жобалары және халықаралық көлік дәліздері бойынша жүк ағынын арттыру үшін контейнерлік кемелер мен паромдарды сатып алу мәселелері талқыланды.Сонымен қатар, француздық компания жергілікті кеме жасау және жөндеу мүмкіндіктерін дамытуға бағытталған жобаны жүзеге асыру ниетін білдірді.Тараптар осы жобаларды одан әрі іске асыру мақсатында талқылауды жалғастыруға келісті, бұл Қазақстанның теңіз инфрақұрылымын және оның өңірдегі негізгі транзиттік торап ретіндегі ұстанымын айтарлықтай нығайтуға мүмкіндік бередіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/871605
«SCAT» әуекомпаниясы Оңтүстік Шығыс Азия елдеріне тікелей рейстерді іске қосады 16.11.2024
Биылғы жылдың қазантайынан бастап «SCAT» қазақстандық әуе компаниясы Астана – Сиануквиль және Алматы – Сиануквиль бағыттары бойынша Камбоджаға тікелей жолаушылар рейстерін іске қосады. 24 қазанда Астанадан алғашқы рейс орындалды, Алматыдан алғашқы ұшу 29 қазанда жоспарланған. Туристерге ыңғайлы болу үшін рейстер чартерлік негізде Boeing-757/737 Max ӘК типінде орындалатын болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/871875
«Vietjet Air» Фукуок – Астана бағыты бойынша рейстерді ашады 16.11.2024
Көлік министрлігі ұшу географиясын кеңейту және халықаралық рейстер санын ұлғайту бойынша жұмысты жалғастыруда. Мәселен, «Vietjet Air» вьетнамдық әуекомпаниясы 2024-2025 жж. күзгі-қысқы навигациясынан бастап А-330 типті әуе кемелерінде аптасына 2 рейс жиілігімен (сәрсенбі және сенбі) Фукуок – Астана бағыты бойынша тікелей тұрақты жолаушылар рейстерін ашуды жоспарлап отыр. Қазақстан мен Вьетнам арасындағы әуе қатынасының ашылуы елдер арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық, туристік және мәдени ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал ететін болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/871880
"Астана-Семей" бағыты бойынша қатынайтын вагондар жаңартылды 16.11.2024
Көлік министрлігі отандық вагондар паркін жаңартуды жүйелі түрде жалғастыруда. Мәселен, "Астана - Семей" бағытында қатынайтын N121/122 жолаушылар пойызының құрамы жаңартылды."Арай Транс KZ" ЖШС жеке тасымалдаушысы үш жаңа жолаушылар вагонын сатып алды: екі плацкарт және бір купе.Вагондар ауаны баптау жүйесімен, био-дәретхана кешендерімен, USB коннекторы бар гаджеттерді зарядтауға арналған розеткалармен және т. б. жабдықталған.Биылғы жылдың алғашқы тоғыз айында жеке тасымалдаушы 350 мыңнан астам жолаушыны тасымалдады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/872077