Enbekshi QazaQ
Конституция

Қуқық

Душанбеде ТМД елдерінің пенитенциарлық қызметтері басшылары кеңесінің IX отырысы өтті 16.11.2024
Тәжікстан астанасы Душанбеде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы елдердің пенитенциарлық қызметтері басшылары кеңесінің IX отырысы өтті.Бұл маңызды шараға Қазақстанның Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің төрағасы Теңізжан Жәнібеков те қатысты.Отырысқа Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан мемлекеттерінің, сондай-ақ ТМД-ның Терроризмге қарсы орталығы мен Атқарушы комитетінің өкілдері қатысып, жиынның маңыздылығын арттырды. Қатысушыларға ТМД Бас хатшысының орынбасары Нұрлан Сейтімов құттықтау сөзін арнап, пенитенциарлық қызметтер арасындағы ынтымақтастықтың маңыздылығын ерекше атап өтті. Ол қылмыстық жазаларды орындау саласындағы арнайы функцияларды үйлестіруде кеңестің маңызды рөлін айқындап берді.Кеңес барысында алдыңғы отырыстардың шешімдерінің жүзеге асырылуы жөніндегі есеп тыңдалып, пенитенциарлық саладағы жағдай талқыланды. Достастық елдеріндегі өзара ынтымақтастықтың оң нәтижелері мен проблемалық мәселелер де назардан тыс қалмады. Қатысушылар бірқатар сындарлы пікір алмасып, саланың болашақтағы дамуы үшін негізгі бағыттарды анықтады.Сонымен қатар отырыста Қылмысқа қарсы күрестің 2024-2028 жылдарға арналған бірлескен іс-шараларының мемлекетаралық бағдарламасын жүзеге асыру, сондай-ақ 2023-2025 жылдарға арналған терроризм мен экстремизмге қарсы күрес бағдарламасының орындалу барысы қаралды.Пенитенциарлық қызметтер басшылары кеңесінің келесі отырысын 2025 жылы Өзбекстанда өткізу туралы шешім қабылданды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/qriim/press/news/details/869742
ІІМ: Синтетика өндірумен айналысқан есірткі зертханасы жойылды 16.11.2024
ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл жөніндегі қызметкерлері Алматы қаласының Жетісу ауданында жалға алынған жеке үйлердің бірінде есірткі зертханасын жойды.– Жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында жалпы салмағы бір жарым килограмнан асатын “aльфа-pvp” синтетикалық психотроптық заты табылып, тәркіленді.Күдікті ұсталды. Одан салмағы 100 грамнан асатын “синтетика” тәркіленді. Ер адам есірткіні байланыссыз тәсілмен өткізбек болған. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды, – деді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары Қуандық Әлжанов.Полиция жыл басынан бері 52 есірткі зертханасын жойды. Заңсыз айналымнан жарты тонна “синтетика” тәркіленді, бұл өткен жылмен салыстырғанда екі есе көп.– Естеріңізге сала кетейік, 2021 жылдың қазан айынан бастап “синтетика” есірткінің ауыр түріне теңестірілді. Оларды сақтау үшін қылмыстық жауапкершілік бір грамнан басталады.Аталмыш факт бойынша күдікті мүлкі тәркіленіп, 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін, – деді спикер.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/qriim/press/news/details/870164
ҚР ІІМ Бауыржан Момышұлы атындағы оқу орталығына – 50 жыл 16.11.2024
ҚР ІІМ Бауыржан Момышұлы атындағы оқу орталығының құрылғанына 50 жыл толды.Ішкі істер министрлігінің Бауыржан Момышұлы атындағы оқу орталығы өзінің 50 жылдық мерейтойын атап өтті, ол еліміздің басты мерекесі Республика күніне тұспа-тұс келді. Осы маңызды күннің құрметіне орталықта бірқатар салтанатты іс-шаралар өтті.1974 жылы құрылған оқу орталығы жарты ғасыр бойы Қазақстан Республикасының Ішкі істер органдары үшін жоғары білікті кадрлар даярлайтын маңызды білім беру мекемесіне айналды. Орталық өз тарихында құқық қорғау саласының қызметкерлерін оқыту мен даярлауға инновациялық тәсілдерді енгізетін заманауи білім беру платформасы ретінде танылды.– 50 жыл – бұл айтулы дата, бұл біздің тарихымыз, дәстүріміз және болашағымыз. Кезінде Орталық Азиядағы бес Одақтас Республикамен, Ресейдың бірқатар облыстарына КСРО ІІМ-нің басшы құрамын даярлаған Оқу ордасы болды. Бүгінгі таңда оқу орны елдегі қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз ете отырып, заң мен заңдылықты қорғайтын мыңдаған мамандарды шығарды. Біз таяу жылдары да Қазақстанның өркендеуі жолында өскелең ұрпаққа білім мен тәжірибе бере отырып, Отан алдындағы борышымызды орындауды жалғастыруға дайынбыз, – деп атап өтті ҚР ІІМ Бауыржан Момышұлы атындағы оқу орталығының бастығы Ғалымжан Есболаев.Мерейтойдың ашылу салтанаты Кеңес Одағының батыры Бауыржан Момышұлының ескерткішіне гүл шоқтарын қоюдан басталды, онда қатысушылар аты аңызға айналған батырды еске алды. Бұл күні орталықта алғаш рет Қазақ мемлекетінің Атлас карталарының галереясы ашылды.Іс -шарада Бауыржан Момышұлының келіні Зейнеп Ахметова сөз сөйледі, ол оқу орталығы – ұлтымыздың ұлы тұлғасының мұрасы екенін және осында оқитын білім алушылардың батырдың рухын, жолын жалғастырушылар екенін атап өтті.Құрметті қонақтардың қатарында Шымкент қаласының әкімі Айдын Кәрімов, Шымкент қаласы ПД бастығы Нұрлан Алмасбеков, ішкі қызмет генерал-майоры Талап Қабденов, милиция генерал-майоры Жеңісбай Сұлтанов, полиция полковнигі Дархан Молдаханов, Шымкент қаласы “AMANAT” партиясы филиалының төрағасы Мұрат Жолдыходжаев, сондай-ақ орталықтың түлегі Таир Шералиевтің әкесі Нақыпжан Шералыұлы болды.Іс-шаралар аясында қызмет атқару кезінде ерлікпен қаза тапқан қызметкерлердің құрметіне ескерткіш тақтаның ашылу рәсімі өтті, сондай-ақ олардың рухтарына арнап ағаштар отырғызылды.Мереке салтанатты құттықтаулармен және үлкен конференц-залда концерттік бағдарламамен аяқталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/qriim/press/news/details/871499
ҚР ІІМ Алматы академиясында халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізілді 16.11.2024
ІІМ Алматы академиясында жыл сайын өтетін халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда ең мықты халықаралық сарапшылар мен пр актиктер қоғам үшін өзекті тақырыпты қозғады.Сұрақтардың түп төркіні бір, ол – есірткі, және барлығының мақсаты да бір – есірткісіз қоғам құру.Конференцияға АҚШ, Қырғызстан Әділет министрлігінің есірткі жөніндегі басқармасының өкілдері, БҰҰ есірткі жөніндегі басқармасының сарапшылары, сондай-ақ Қырғызстандағы БҰҰ ЕҚБ бағдарламалық кеңсесінің басшысы және Орталық Азия өңірлік ақпараттық үйлестіру орталығының өкілдері қатысты. Сондай-ақ ҚР ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитетінің басшылығы, ҚР ІІМ Алматы академиясының басшылығы мен қызметкерлері, ҚР ІІМ Қостанай академиясының бастығы және Алматы қаласы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы қатысты.Конференцияның барлық қатысушысы өзекті мәселелер мен оларды шешу жолдарын белгілейтін баяндамалар жасады.– 10 жылдан бері Алматы академиясы “Есірткісіз болашақ” тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізіп келеді. Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында құқық қорғау органдарына азаматтар арасында есірткі заттарын тарату жолында қуатты тосқауыл қою туралы нұсқау берілді. Осы орайда біз мақсатымызға жетеміз, – деп атап өтті ІІМ Алматы академиясы бастығының міндетін уақытша атқарушы Жанат Ділбарханова.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/qriim/press/news/details/873295
Қазақстанда әлемдегі ең ірі мультилокациялық хакатон — Decentrathon 2.0 басталды 16.11.2024
2024 жылдың 18 қазанында Қазақстанда Decentrathon 2.0 — мультилокациялық хакатонның ашылуы өтті. Приз қоры $50 000 құрайтын бұл шараны Blockchain & AI Technology Center (BAITC) Astana Hub-пен бірлесіп, Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің қолдауымен ұйымдастырды.Екі күн ішінде Қазақстанның 17 өңірінен келген 2500-ден астам қатысушы жасанды интеллект, блокчейн, ойындарды әзірлеу және Telegram mini-apps сияқты негізгі технологиялық бағыттарда өздерінің инновациялық әзірлемелерін ұсынады. Іс-шара Қазақстанның озық технологиялар саласындағы аймақтық көшбасшы ретіндегі позициясын нығайтып, ИИ саласындағы экожүйенің дамуына ықпал етеді. Бұл шара Қазақстандағы жасанды интеллектті дамыту тұжырымдамасы аясында жүзеге асырылатын Generative Nation қозғалысының бір бөлігі болып табылады. Осы қозғалыс аясында жасанды интеллект технологияларын ілгерілетуге бағытталған AI Movement бастамалары жүзеге асырылуда.Өткен жылы Decentrathon Қазақстанның 12 өңірінен 1500-ден астам әзірлеушіні біріктіріп, үлкен табысқа жеткен болатын, бұл қазақстандық әзірлеушілердің зор әлеуетін көрсетті. Биыл хакатон ауқымын кеңейтіп, Қазақстанның барлық 17 өңірін қамтиды, бұл оны әлемдегі осындай ауқымдағы алғашқы шараға айналдырады.Ашылу салтанатында Цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев сөз сөйлеп, жасанды интеллектті дамыту аясында жүзеге асырылып жатқан бастамалар туралы баяндады.«Generative Nation қозғалысы бүкіл елді қамтитын AI-трансформацияны іске асыруға бағытталған. Әрбір Қазақстан өңірінің бұл процеске қатысуы маңызды. Decentrathon — елдің барлық өңірін біріктіретін алғашқы IT-іс-шара, бұл жасанды интеллект пен цифрлық технологиялар саласындағы Қазақстанның көшбасшылығын нығайтуға жасалған маңызды қадам», — деп атап өтті Жаслан Мәдиев, Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі.Іс-шара аясында Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Blockchain and AI Technology Center-пен серіктестікте Decentrathon-ға қатысатын инженерлер мен Қазақстанның IT түлектеріне арналған төрт апталық тегін AI-driven карьера буткемпін іске қосатынын жариялады.Буткемп аясында практикалық мастер-кластар мен жетекші технологиялық компания өкілдерімен кездесулер өткізіледі, онда қатысушылар AI-дің мансап мүмкіндіктерін қалай өзгертетінін, қандай дағдыларды дамыту керектігін және жаңа шынайылықта мансапты қалай құру керектігін үйренеді. Осындай іс-шаралар, соның ішінде буткемп пен AI-driven карьера бастамасы, Қазақстанның технологиялық индустриясындағы адами капиталды айтарлықтай нығайтуға көмектеседі.Буткемпке кез келген IT-мамандары қатыса алады. Тіркелу сілтемесі: https://docs.google.com/forms/d/1B5fSwKq_DcIP24LQX9QBkLZ7N86WG1EK7BaRwJ-rYFE/editАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mdai/press/news/details/867373
«Ионосфера институты» ЖШС және «Ghalam» ЖШС Халықаралық Астронавтика Федерациясының (IAF) мүшелері атанды 16.11.2024
«Ионосфера институты» ЖШС және «Ghalam» ЖШС Халықаралық Астронавтика Федерациясының (International Astronautical Federation, IAF) толық құқықты мүшелері атанды. Бұл туралы 2024 жылғы 14-18 қазан аралығында Италияда өткен 75-ші Халықаралық астронавтика конгресінің ашылу салтанатында жарияланды.Халықаралық Астронавтика Федерациясы (IAF) 1951 жылы ғалымдар арасындағы диалогты дамыту және ғарышты зерттеу мен технологиялар саласындағы халықаралық ынтымақтастықты қолдау мақсатында құрылған. Оның құрамында 70 елдегі 6 құрлықтың барлық негізгі ғарыш агенттіктері, компаниялар, қауымдастықтар, мұражайлар мен институттарды қамтитын 400-ден астам мүше бар. Биылғы конгреске қатысушылар саны 96 елден 8000-нан асты.IAF-қа қосылу «Ghalam» ЖШС үшін ғарышты игеру бойынша халықаралық бастамаларға белсенді қатысу және ғарыштық технологиялар саласындағы әлемдік көшбасшылармен ынтымақтасу мүмкіндіктерін ашады. Әлемдегі ең беделді ғарыш ұйымдарының бірі саналатын бұл федерацияға мүшелік компанияға маңызды ресурстар мен серіктестік мүмкіндіктерге қол жеткізуге жол ашады, бұл өз кезегінде ғарыш индустриясы үшін инновациялық шешімдер әзірлеуші ретінде халықаралық аренадағы беделін нығайтады. Компания өзінің қызмет жылдарында жер серіктік жүйелерін әзірлеу және ірі ғарыш жобаларын іске асыруда мол тәжірибе жинақтады. IAF-қа мүшелік «Ghalam» ЖШС-ге Қазақстанда да, әлемдік аренада да ықпалын кеңейтуге және одан әрі дамуына қосымша мүмкіндіктер береді.«Ионосфера институты» ЖШС-нің «Мир» және ХҒС сияқты ғарыш станцияларында ғылыми бағдарламаларға қатысуы, сондай-ақ ғарыш аппараттарының сенімділігін зерттеу, микрогравитацияны зерттеу және ғарыштық ұшулардың адамға әсерін зерттеудегі әзірлемелері жаһандық ғарыштық зерттеулерге маңызды үлес қосуда. Сондықтан, ғарыштық кеңістікті зерттеу және жерсеріктік деректерді халық шаруашылығының міндеттерін шешу үшін қолдану саласындағы 60 жылдан астам тарихы бар Қазақстанның жетекші ғылыми-зерттеу мекемелерінің бірі ретінде «Ионосфера институты» ЖШС-нің IAF-қа толыққанды мүшелігі өзінің ғылыми жетістіктері мен әзірлемелерін халықаралық деңгейде ілгерілету үшін жаңа мүмкіндіктер ашады. Ғарыштық құралдар мен технологияларды қолдану саласындағы жетекші ұйымдармен, компаниялармен және беделді ғалымдармен ынтымақтастық ғылыми ұжымға жаһандық жобаларды әзірлеу мен жүзеге асыруға қатысу үшін негіздер жасауға мүмкіндік береді. Әлемдегі ең беделді ғарыш ұйымдарының біріне мүшелік институтқа негізгі ресурстар мен серіктестікке қол жеткізуге мүмкіндік береді, бұл институттың халықаралық деңгейге сәйкес инновациялық шешімдер саласындағы жетекші мекеме ретіндегі позициясын нығайтады.Биыл «Ионосфера институты» ЖШС командасы диалог орнатудың негізгі алаңдарының бірі саналатын жыл сайынғы IAC шарасына белсенді қатысты, оның аясында бірқатар іс-шаралар қатар өтті - түрлі елдердің министрлік кездесулері, ғарыш саласындағы әлемдік көшбасшылар саналатын ірі ғарыш агенттіктерінің басшыларымен отырыстар, астронавтар кездесуі және саладағы жас мамандар үшін бөлек іс-шаралар.«Ионосфера институты» ЖШС-нің IAF-қа қосылуы Қазақстанның халықаралық ғарыш қызметіне белсенді қатысушы ретіндегі позициясын нығайтады және елде ғарыштық технологиялардың одан әрі дамуына ықпал етуі мүмкін.Біз бұл оқиға Қазақстанның компаниялары мен бүкіл ғарыш саласы үшін маңызды кезеңге айналады деген сенімдеміз. ҚР ЦДИАӨМ баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mdai/press/news/details/868231
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев Қазақстан инфрақұрылымы базасында Eutelsat-OneWeb спутниктік байланыс қызметтерін тестілеуге қатысты 16.11.2024
Алматыдағы «Көктөрек» ғарыштық байланыс орталығында Eutelsat-OneWeb төмен орбиталық спутниктік жүйесін пайдалана отырып, спутниктік байланыс қызметтерін тестілеу өтті. Бұл жоба елдің дәстүрлі қосылу әдістері шектеулі немесе қолжетімсіз шалғай аймақтарына тұрақты және жоғары жылдамдықты интернетке қол жеткізуді қамтамасыз етуге бағытталған.Қазақстанның географиялық ерекшеліктерін ескере отырып, Eutelsat-OneWeb спутниктік байланыс қызметтерін енгізу стратегиялық маңызға ие. Басқа спутниктік жүйелерден айырмашылығы, Eutelsat-OneWeb жеке компанияларға, телекоммуникация операторларына және мемлекеттік мекемелерге қызмет көрсетуге бағытталған, бұл оны B2B, B2G және B2O нарықтары үшін маңызды серіктес етеді.Eutelsat-OneWeb авиация, теңіз тасымалы және корпоративтік секторларда белсенді қолданылады, бұл оның әмбебаптығы мен сенімділігін көрсетеді. Қазақстандағы инфрақұрылымның негізгі элементі «Көктөрек» ғарыштық байланыс орталығында орналасқан OneWeb байланыс станциясы болды, ол тек Қазақстанды ғана емес, бүкіл Орталық Азия аймағын қамтиды.Цифрлық даму министрі Жаслан Мадиев іс-шара барысында интернет жылдамдығын тексеріп, ел үшін тұрақты интернет байланысының маңыздылығын атап өтті. Ол жоғары жылдамдықты интернетке қосылу өмір сапасын жақсартып қана қоймай, шалғай аймақтардың әлеуметтік-экономикалық дамуына ықпал ететінін, сондай-ақ білім беру және ақпараттық ресурстарға қол жеткізуді қамтамасыз ететінін айтты.«Jusan Mobile» АҚ Қазақстандағы Eutelsat-OneWeb жергілікті серіктесі болды және Қорғаныс министрлігі мен «ҚТЖ» ҰК» АҚ сияқты ұйымдармен ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойды. Спутниктік интернеттің әлеуетті клиенттері ретінде ірі компаниялар мен мемлекеттік құрылымдар, соның ішінде Теңізшевройл, Kcell, Tele2, «Qazaqgaz» АҚ, ТЖМ және басқа ұйымдар қарастырылуда.Қазақстанда орналасқан Eutelsat-OneWeb спутниктік жүйелерін басқару орталығы ұлттық қауіпсіздік органдарымен келісілген және елдің заңнамасына сәйкес жұмыс істейді. Спутниктік интернеттің толық іске қосылуы 2025 жылдың қаңтарына жоспарланған.Анықтама:Eutelsat-OneWeb — шалғай аймақтар мен байланысы шектеулі елдерге кең жолақты интернет ұсынуға арналған төмен орбиталық ғаламдық спутниктік жүйе. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mdai/press/news/details/869577
Жаслан Мәдиев Кремний алқабы тарихындағы алғашқы "Central Eurasia at Silicon Valley" технологиялық конференциясына қатысты 16.11.2024
Келесі 10-15 жыл Орталық Еуразиядан (Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Әзірбайжан, Түркия, Моңғолия, Тәжікстан, Түрікменстан, Грузия) ірі юникорн компаниялардың (әлемдік нарыққа шығуы кемінде миллиард долларды құрайтын ірі tech компаниялары) дүниеге келуі күтіледі. Бұл туралы Кремний алқабының тарихындағы "Central Eurasia at Silicon Valley" алғашқы технологиялық Конференциясының ұйымдастырушылары мәлімдеді.Іс - шара Кремний алқабындағы көрнекті жерде - бір кездері Apple компаниясының негізін қалаушы Стив Джобс алғаш рет iPhone және iPad-ты көпшілікке таныстырған Yerba Buena Arts Center залында өтті.Конференцияға үздік 100 стартап, аймақтағы кәсіпкерлер, американдық венчурлық инвесторлар, ірі компаниялардың көшбасшылары, Кремний алқабындағы технологиялық алпауыт ұйымдардың өкілдері, Американың жетекші университеттерінің студенттері мен профессорлары және басқалар қатысты. Іс-шараға 1500 қатысушы қатысып, 50-ден астам спикер сөз сөйледі, оның ішінде Қазақстан, Өзбекстан, Әзірбайжан үкіметтерінің жоғары лауазымды тұлғалары, Coursera Бас директоры Джефф Маджионкальда, Unshackled Ventures негізін қалаушы және серіктесі Нитин Пачисия, сондай-ақ Minerva University өкілдері, Стэнфорд университетінің Жоғары бизнес мектебінің профессоры Илья Стребулаев, сондай-ақ университет профессорлары Беркли және басқа сарапшылар. Орталық Еуразия - бұл үлкен іске асырылмаған әлеуеті бар гүлденген өңір, деп есептейді іс-шараны ұйымдастырушылар. Жалпы халқы 100 миллион адам және орташа жасы 27 жаста жыл сайын шамамен 200 мың адам алады STEM (science, technology, education, mathematics) саласындағы білім. Өңірде Tech индустриясын дамыту үшін қажет нәрсенің бәрі бар: университеттер, стартап-экожүйе, венчурлық қорлар және Silkroad Innovation Hub Кремний алқабындағы аймақ өкілдері. Бірінші жылы хаб 80 резидент Стартапты тартты, олар өз кезегінде 30 миллион доллардан астам инвестиция тартты."Әлемдік Tech Индустрия картасында біздің де өңір орын алатын кез келді!"- деді Silkroad Innovation Hub негізін қалаушылар. Қазақстанның цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев цифрлармен бөлісті-Орталық Еуразиядағы ЖІӨ-нің 50% - ы Қазақстанның үлесіне тиесілі. Ол республика Үкіметінің инновациялар саласындағы жұмысының жетістіктерімен бөлісті: Қазақстан UN Global Online Services индексінде 10-орында, Иран мен Үндістаннан кейінгі Орталық және Оңтүстік Азия елдері арасында жаһандық инновациялар индексінде 3-орында. Ол сондай-ақ Astana Hub-қа мысал келтірді, оны декакорндар (капиталдандыруы 10 миллиард доллардан асатын стартаптар) және аймақтық кеңсе ретінде жалғыз мүйіздер таңдайды. Бүгінгі таңда Telegram, Epam, enrive және басқа да ірі технологиялық компаниялар бар. Мәдиев Қазақстан Үкіметінің цифрландыру саласындағы басқа да бастамалары - цифрлық көшпенділер визасын алу мүмкіндігі, қолжетімді Интернет және т. б. туралы айтып берді. Цифрлық министрлік басшысы 2024-2029 жылдарға арналған келесі үлкен бағдарлама - жасанды интеллектті дамыту; атап айтқанда мемлекеттік сектор мен Alem.ai Ұлттық орталық деп атап өтті."Соңғы уақытта жаңа технологиялар, AI, blockchain, gamedev(бейне ойын индустриясы) қарқынды дамып келеді, мұның бәрі нарық пен кәсіпкерлерді стартаптар құруға итермелейді. Барлығы стартаптар дамып, венчурлық қаржыландыруды тартып, IPO-ға шығып, миллиардтаған долларлық компаниялар құрып жатқан сәтті жағдайларды көреді. Менің ойымша, бұл кәсіпкерлер мен стартаптар үшін үлкен мотивация ", - деп атап өтті министр.Қазақстаннан келген кәсіпкерлердің алдында тұрған проблемалар туралы айта келе, Мәдиев қазақстандық инвесторлар ерте кезеңде шамамен 100-200 мың доллар инвестициялауға дайын екенін, бірақ жетілген кезең туралы сөз болғанда 1-2 млн доллар инвестиция табу қиын екенін атап өтті. Сондықтан ол қазақстандық стартаптарды шетелде, әсіресе Кремний алқабында ілгерілетуге ықпал етеді деп санайды."Жақын арада біздің өңірде юникорн ірі халықаралық стартап компаниялардың пайда болатынына сенімдіміз",-деп толықтырды Жаслан Мәдиев.Silkroad Innovation Hub негізін қалаушы Әсет Әбдуәлиев біздің өңірде басқа елдердегідей стартап экожүйесі онша дамымағанымен, қазір олар бүкіл өңірдің стартап экожүйесінің көтерілуін көріп отырғанын атап өтті."Біздің конференция Кремний алқабының болашақ әлемдік фаундерлерін таныстыру үшін осындай алаңға айналды. Америка - ең үлкен нарық, сондықтан мен стартаперлерімізді қорықпауға және әлемдік нарықтарға шығуға шақырамын", - деді Әбдуалиев. "Кремний алқабындағы Орталық Еуразия" (Central Eurasia @ Silicon Valley) технологиялық конференциясы Freedom Holding қолдауымен, сондай-ақ Astana Hub және IT Park Uzbekistan серіктестігімен өтті. Іс-шараның серіктесі Арсен Томскийдің inDrive компаниясы болды.Ақпарат үшін:Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Моңғолия, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстанды қамтитын Орталық Еуразия 100 миллионнан астам халқы бар, 4 400 млрд жиынтық ЖІӨ және 9 90 млрд ұлттық резервтері бар өңірді білдіреді. Silkroad Innovation Hub 2023 жылы АҚШ-тағы Пало-Альто қаласында Орталық Азиядан келген екі құрылтайшы: Әсет Абдуалиев (Қазақстан) және Асрор Арабжанов (Өзбекстан) құрған. Ұйым Орталық Еуразиядан келген стартаптар мен кәсіпкерлерді Кремний алқабында және АҚШ нарығында өз кәсіпорындарын құру немесе кеңейту жолдарын іздеуде қолдайды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mdai/press/news/details/872019
Цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев Қазақстан-Моңғол Іскерлік кеңесінің бірінші отырысын ашты 16.11.2024
28 қазанда Ұлан-Батырда ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Моңғолияға мемлекеттік сапары аясында Қазақстан-Моңғол Іскерлік кеңесінің бірінші отырысы өтті.Іс-шара бірлескен жұмыстың басым бағыттарын талқылау үшін екі елдің бизнесі мен мемлекеттік құрылымдарының негізгі өкілдерін жинады.Цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев өзінің сөзінде инновациялық экожүйені құруды, стартап-жобаларды дамытуды, цифрлық үкіметті (govtech) енгізуді және аэроғарыш саласындағы жобаларды қоса алғанда, цифрландыру саласындағы өзара іс-қимылдың негізгі векторларын атап өтті.Қазақстан Astana Hub халықаралық технопаркін дамыту бойынша өз тәжірибесін ұсынды, ол жұмыс істеген жылдары 1500-ден астам резидентті, оның ішінде 436 шетелдік компанияны тартты. Сондай-ақ, жаһандық нарықтарда Орталық Еуразиядан стартаптарды қолдауға бағытталған шет елдерде IT-хабтар құрудың табысты тәжірибесі ұсынылды.Мысалы, Моңғолия нарығына 6 мыңнан астам Скутер ұсынған қазақстандық Jet электр скутерлерін жалға беру стартапы сәтті шыққанын атап өтуге болады. Ал моңғол стартаптары Astana Hub акселерациялық бағдарламаларына белсенді қатысады. Мысалы, Fibo Group стартапы біздің технопаркте Google for Startups акселерациялық бағдарламасынан сәтті өтті. Бағдарламаға қатысу стартаптарға халықаралық тәжірибеге және жетекші сарапшылардың қолдауына қол жеткізуге мүмкіндік береді, бұл олардың одан әрі дамуы мен жаһандық нарықтарға шығуы үшін маңызды қадам болып табылады.Ынтымақтастықтың маңызды элементі eGov қазақстандық электрондық үкімет жүйесінің экспортын талқылау болды. Бұл жоба Моңғолияға Қазақстанның Мемлекеттік қызметтерді цифрландырудағы жетістіктерін пайдалануға мүмкіндік береді, онда қызметтердің 90% - дан астамы онлайн режимінде ұсынылады.Іскерлік кеңестің бірінші отырысы тұрақты дамуға және қазіргі заманғы сын-қатерлерді бірлесіп еңсеруге бағытталған стратегиялық әріптестіктің берік негізін қалады. ҚР ЦДИАӨМ баспасөз қызметі Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mdai/press/news/details/872171
«Әділдік, Ашықтық, Әдеп» 16.11.2024
Ағымдағы жылдың 23 қазан күні Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Әдеп жөніндегі уәкілдердің 2024 жылға арналған үлгілік жұмыс жоспарын жүзеге асыру мақсатында мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және қызметтік әдеп саласындағы талаптарды сақтау мәселелері бойынша Министрліктің мемлекеттік қызметшілермен «Әділдік, Ашықтық, Әдеп» тақырыбында семинар өткізілді. Семинарға Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау департаментінің бас консультанты Айдын Айболұлы Нығметоллаев арнайы шақырумен қатысты.Семинар спикері Министрліктің мемлекетті қызметкерлеріне Әдеп кодексінде белгіленген қағидаттарды түсіндіруде мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдебі адал ниеттілікке, адалдыққа, әділдікке, ашықтыққа, клиентке бағдарлану қағидаларына негізделетініне мемлекеттік қызметшінің адамгершілік-әдептілік бейнесін құраушы құндылықтарды жетілдіру, оң имиджін қалыптастыру, мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік қызметшілердің беделі мен мәртебесін арттыруда қызметтік әдеп нормаларының сақталуын атап өтті.Сонымен қатар, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам" атты Қазақстан халқына Жолдауында «Бізге сапалық тұрғыдан жаңа мемлекеттік басқарушылар керек. Мемлекеттік қызметшілерді іріктеу және жұмыстан босату жүйесін заман талабын ескере отырып, қайта жасау қажет. Мемлекеттік қызмет жеке сектордағы кәсіби мамандар үшін барынша ашық болғаны дұрыс. Кадрлық резервті нығайту керек»,-деген пікірін қатысушыларға жеткізе отырып, Мемлекет басшысының мемлекеттік қызметті адамға бағдарланған және сервистік сипатта ілгерілету, мемлекеттік аппаратты кәсібилендіру, адам ресустарын басқару процестерін цифрландыру туралы Жолдауындағы тапсырмасының маңыздылығын қатысушыларға жеткізді.Сондай-ақ семинарда а.ж. Қазақстан Республикасы Президентінің 2024 жылғы 17 шілдедегі № 602 Жарлығымен Мемлекеттік қызметті дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы көрсеткендей мемлекет қызметтің ашықтығын қамтамасыз ету, мемлекеттік қызмет кез-келген Қазақстан азаматына қол жетімді болуы туралы да айтылды.Семинар барысында қатысушылар Агенттік өкіліне мемлекеттік қызметшілердің құқықтық жағдайы, мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдебі, сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер, мүдделер қақтығысы, мемлекеттік қызметшілерді әлеуметтік қорғау шаралары, мемлекеттік қызметке қабылдаудағы ашықтық, мансаптық ілгерілету мәселелері мен мемлекеттік қызметшілердің үлгілік біліктілік талаптарындағы соңғы өзгерістерге байланысты сұрақтар қойып, ой-пікірлерімен бөлісіп, ұсыныстарын берді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mdai/press/news/details/872220
Жаслан Мәдиев: Қазақстан мен Моңғолия цифрландыру саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда 16.11.2024
Ұланбатыр қаласына жұмыс сапары барысында Қазақстанның цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев Моңғолияның цифрлық даму, инновациялар және коммуникациялар министрі Цэндийн Баатархуу мырзамен кездесті. Кездесуде тараптар ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын, соның ішінде инновациялық экожүйені дамыту, стартаптарға қолдау көрсету, цифрлық үкіметті (GovTech) дамыту және аэроғарыш саласындағы келешек мүмкіндіктерді талқылады. Мадиев серіктестікті нығайту цифрландыруды дамытуға және елдер арасында озық технологиялармен алмасуға септігін тигізетінін атап өтті.Министр монғолдық стартаптардың Astana Hub-тың акселерациялық бағдарламаларына сәтті қатысуын және қазақстандық стартаптардың Моңғолия нарығындағы қатысуының артып келе жатқанын атап өтті, бұл екіжақты байланыстарды нығайтуда маңызды рөл атқарады.«Тәжірибе алмасу мен стартаптарды қолдау екі елде де кәсіпкерлік әлеуетті арттырып, технологиялардың өсуіне ықпал етеді», — деді Мәдиев.Сапар барысында министр e-Mongolia — 2020 жылы іске қосылған бұл платформа мемлекеттік қызметтерге қолжетімділікті жеңілдетуге арналған платформасымен танысты. Платформа Моңғолия халқының 85%-ын қамтиды. Қазақстанның 90%-дан астам мемлекеттік қызметтерге онлайн қолжетімділікті қамтамасыз ететін eGov жүйесі ықтимал ынтымақтастық және тәжірибе алмасу тақырыбына айналды.Мәдиев Моңғолияның ICT Group сияқты ірі IT нарығы көшбасшыларымен, оның ішінде ең ірі жеке ақпараттық жүйе операторы өкілдерімен кездесті. ICT Group Моңғолия халқының 91%-дан астамын қамтып, жасанды интеллект, блокчейн және монғол тіліне арналған тілдік модельдер әзірлеу салаларында инновациялар енгізуде.Сонымен қатар, министр монғол стартаптарын халықаралық нарыққа шығаруға жағдай жасайтын жұмыс орындарын ұсыну, кәсіби сертификаттау және цифрлық дағдыларды дамыту арқылы қолдау көрсететін Моңғолияның Ұлттық ақпараттық технологиялар паркіне (IT Park) барды.Қазақстан мен Моңғолияның цифрландыру және технологиялар саласындағы ынтымақтастығы тұрақты даму және халықаралық аренада көшбасшылықты нығайту үшін жаңа мүмкіндіктер ашуда.Өзара ынтымақтастық екі елде де техникалық құзыреттерді нығайтуға және жаңа технологияларды азаматтардың күнделікті өміріне тиімді енгізуге ықпал ететін болады.«Монғол тарапы Қазақстан Республикасының электрондық үкіметінің жекелеген шешімдеріне ерекше қызығушылық танытты, өйткені құрылымдық жағынан екі елдің параметрлері ұқсас және бұл шешімдер Моңғолияда да сұранысқа ие болуы мүмкін. Сондай-ақ, Моңғолия үкіметі қазіргі уақытта цифрлық экономика мен жасанды интеллектке ерекше назар аударуда, бұл біздің еліміз үшін де қызықты болуы мүмкін», — деді министр Жаслан Мадиев. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mdai/press/news/details/872660
Экспортқа арналған тұңғыш қазақстандық жер серігі: Моңғолиямен жасалған тарихи келісім 16.11.2024
Қазақстан Президентінің Моңғолияға мемлекеттік сапары аясында Жерді қашықтықтан зондтау жүйесін құру және дамытуға бағытталған тарихи инвестициялық келісімге қол қойылды. Бұл жоба Моңғолия үшін спутник құруды көздейді, ол жалпы қазақстандық-моңғолдық спутниктік топтаманың құрамына кіреді.Әр тараптың спутниктерді дербес басқаруы Қазақстан мен Моңғолияға табиғи ресурстарды мониторингілеу және ауыл шаруашылығын дамыту үшін қажетті деректерге қол жеткізуді қамтамасыз етеді.«Айрықша атап өтетін жайт — бұл Қазақстан тарихындағы қазақстандық инженерлер толық әзірлеген алғашқы экспорттық спутник болмақ. Спутник Моңғолияның қажеттіліктеріне бейімделіп, өңірлік спутниктік инфрақұрылымды нығайтады және Қазақстанның ғарыш технологиялары саласындағы әлеуетінің артып келе жатқанын көрсетеді», — деп атап өтті ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев.Қашықтықтан зондтау технологиялары екі елге де жердің жағдайын тиімдірек бақылауға, су ресурстарын басқаруға және қоршаған ортадағы өзгерістерді талдауға мүмкіндік береді. Қазақстан мен Моңғолия өздерінің техникалық құзыреттерін біріктіре отырып, экономиканың өзекті мәселелерін шешуге және тұрақты дамуды қолдауға бағытталған құралдар әзірлейді.Жоба Қазақстанның Ұлттық ғарыш орталығы базасында моңғол инженерлерінің қатысуымен жүзеге асырылады. Қазақстандық мамандар жоба барысында моңғол әріптестерін оқыту міндетін өз мойнына алып, қажетті білімнің берілуі мен кәсіби байланысты нығайтуға үлес қосады. Мұндай өзара әрекеттестік моңғол инженерлерінің біліктілігін арттырып, екі ел арасындағы ғылыми және техникалық ынтымақтастықты тереңдетеді.Бұл жоба Қазақстан мен Моңғолияның озық технологияларды дамытуға деген ұмтылысын білдіріп, ғарыш саласы мен табиғи ресурстарды тұрақты пайдалануда серіктестікке жаңа перспективалар ашады. ҚР ЦДИАӨМ баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mdai/press/news/details/873033
KazRockets SpaceHack 2024 ғылыми-зерттеу хакатонына тіркелу басталғаны туралы жариялайды 16.11.2024
KazRockets мақтанышпен хабарлайды: RocketTech қолдауымен ұйымдастырылған SpaceHack 2024 ғылыми-зерттеу хакатонына 7-12 сынып оқушылары үшін тіркелу ашылды. Бұл хакатон ғарышты игеру үшін инновациялық идеяларды дамытуға арналған және 7-12 сынып оқушыларына 2025 жылы өтетін NSS Space Settlement Contest халықаралық байқауында өз жобаларын ұсыну мүмкіндігін береді.SpaceHack 2024 туралыSpaceHack 2024 тұрақты ғарыштық қоныстарды құруға арналған бірегей шешімдерді әзірлейтін 7-12 сынып оқушыларына бағытталған. Бұл шара инженерлік дағдыларды, сыни ойлауды және жаһандық ғарыштық мәселелерді шешудегі креативті тәсілді дамытуға бағытталған. Қатысушылар өз жобаларын көрсету арқылы Қазақстанды халықаралық аренада таныстыру мүмкіндігіне ие болады.Формат және қатысуХакатон онлайн форматта өтеді, бірақ қатысушыларға ыңғайлы болу үшін Қазақстанның 17 өңірінде командалардың жобалармен жұмыс істеуі үшін арнайы жиналу орындары ұйымдастырылады. Astana hub-ты қоса алғанда, осы аймақтық хабтар қатысушылардың өзара әрекеттесуі және менторлардың қолдауы үшін кеңістік ұсынады.Хакатонға тіркелу тегін және 2024 жылғы 8 желтоқсанға дейін ашық. Өтінім беру үшін KazRockets сайтына кіріп, тіркеу формасын толтыру қажет. Орналасу шектеулі, сондықтан ертерек тіркелуге кеңес беріледі.Сыйлықтар мен мүмкіндіктерSpaceHack 2024 жеңімпаздары өз жобаларын 2025 жылы АҚШ-та өтетін NSS Space Settlement Contest халықаралық байқауында ұсыну мүмкіндігін, сондай-ақ құнды сыйлықтар мен өз идеяларын әрі қарай дамытуға қолдау алады. Бұл – мектеп оқушылары үшін ғарыштық технологиялар мен инновациялардың дамуына үлес қосатын бірегей мүмкіндік.Қолдау және серіктестерSpaceHack 2024 жетекші компаниялар мен оқу орындарының, соның ішінде RocketTech қолдауымен өткізіледі. Хакатонда менторлық қолдауды Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі (МЦРИАП) мен Kazakhstan Garysh Sapary (KGS) көрсетеді, олар жобалармен жұмыс істеу барысында қатысушыларға құнды кеңестер мен сараптамалық қолдау ұсынады.Тіркеу және қосымша ақпаратҚатысу және қосымша ақпарат алу үшін kazrockets.kz сайтына кіріңіз. Тіркелу бойынша сұрақтарды kazrocketspf@gmail.com электрондық поштасына жіберуге немесе біздің әлеуметтік желілердегі жаңартуларды қадағалауға болады:Instagram: @kazrockets • Телефон: +7 (775) 163 9790SpaceHack 2024-ке қосылыңыз және бізбен бірге ғарышты игеру болашағын қалыптастыруға атсалысыңыз!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mdai/press/news/details/874190
Аймақ басшысы мәдениет қызметкерлеріне алғыс айтты 16.11.2024
Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев арнайы мәжілісте Алматы қаласындағы Қызылорда облысының өнер күндерін жоғары деңгейде ұйымдастырып, өткізуге атсалысқан өнерпаздарға, мәдениет саласының қызметкерлеріне алғыс білдірді.«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы «Ұлт мәдениеті – халық өмірінің айнасы. Еліміздің рухани дамуы ұлттық рухқа тікелей байланысты. Сол себепті азаматтарымыздың рухы әрқашан биік болуы үшін мәдениетімізге, яғни, руханиятымызға баса мән бергеніміз жөн», – деген болатын.Мәдениеттің мәртебесін көтеріп, өнерін құрметтеген ұлттың өресі биіктей бермек. Өткен жылы елордада Астана қаласының 25 жылдығына орай Қызылорда облысының өнер күндері жоғары деңгейде өткізілді. Халықтың ыстық ықыласы мен қошеметіне ие болған дәл осындай өнер күндері Алматы қаласында да ұйымдастырылды. Ән-жырдың туын желбіреткен сырбойылық өнер майталмандары таланты мен талғамын, кәсіби деңгейінің биіктігін, еліміздің басты сахналарының біріндегі концертке тыңғылықты дайындықпен барғанын дәлелдеді. Мың жылдық тарихы бар, мың бояулы мәдени астанамыз Алматыдағы мерекені өткізуге атсалысқан барша ұйымдастырушыларға, өнерпаздарға, театр әртістеріне, мәдениет саласы қызметкерлеріне, мекеме басшыларына және қала, аудан әкімдіктеріне Сыр жұртшылығының және өз атымнан зор ризашылығымды білдіремін», – деді Нұрлыбек Машбекұлы.Іс-шарада өнер күндерін шебер ұйымдастырып, әсерлі әрі көңілді етіп өткізген қызметкерлерге облыс әкімінің Алғыс хаты табысталды.Айта кетейік, «Сұлу Сырдан – ару Алматыға» атты Республика сарайында өткен гала-концертке мемлекет және қоғам қайраткерлері, Парламент Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары, Қазақстанның Еңбек Ерлері, мәдениет және өнер қайраткерлері, елімізге белгілі ақындар мен жазушылар, Алматы қаласы, Алматы облысы әкімдігінің өкілдері арнайы қатысты.Айтулы іс-шара аясында «Сыр өңірі – Түркі өркениетінің алтын бесігі» атты жылжымалы көрме ұйымдастырылды. Көрмеге Сыр өңірінің тарихын баяндайтын археологиялық және этнографиялық экспонаттар – «Шірік-Рабат сақ жауынгері», «Сығанақ ханшайымы», «Түгіскен көсемі», «Жетіасар ақсүйек әйелі» реконструкциялары және Қорқыт ата, Марал ишан мұралары, зергерлік бұйымдар коллекциялары қойылды. С.Айтбаев атындағы көркемсурет галереясы қорындағы майлы боумен салынған өлкенің табиғаты, тарихи және жаңадан бой көтерген ғимараттары бейнеленген картиналар келушілер назарына ұсынылды.Алматылық көрермен Сыр өнерпаздарына ыстық ықыласы мен қошеметін көрсетті.Алатау баурайындағы ару қаладағы өнер күндері Тұрмағамбет атындағы халық аспаптар оркестрінің «Жыр – қазына, күй – күмбез» атты концертімен қорытындыланды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/852094
Күрделі жөндеу жұмыстарына қойылатын басты талап – сапа 16.11.2024
Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев денсаулық сақтау нысандарындағы күрделі жөндеу жұмыстарының барысын көрді.Алдымен облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына барды. Ауруханада бір ауысымда 400 адам жұмыс істейді. Ғимарат 1989 жылы салынып, пайдалануға берілген. Өткен жылы жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленіп, сараптаманың оң қорытындысы алынды. «Абу-Сер» ЖШС қазір жұмыстың 45%-ын орындаған. Нысан 2025 жылға өтпелі.Әрі қарай Нұрлыбек Машбекұлы Қызылорда облыстық психикалық денсаулық орталығындағы күрделі жөндеу жұмыстарын көрді. Орталық ғимаратының қабырғалары күйдірілген қыштан салынған, 1973 жылы пайдалануға берілген. Жоба-сметалық құжаттамасы 2022 жылы әзірленіп, сараптаманың оң қорытындысы алынды. «СМП-Қызылорда» ЖШС жұмысты 85% аяқтаған.Келесі нысан – облыстық онкология орталығы. Мекеме 2021 жылы салынған, 185 төсек-орынға арналған бұрынғы модульдік-инфекциялық аурухана ғимаратына орналасқан. Мұнда 350 қызметкер жұмыс істейді.Облыстық фтизиопульмонология орталығында да күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Бес қабатты, 235 төсек-орынға арналған ғимарат 1981 жылы салынған. «Асар» ЖШС алдағы жылға өтпелі жөндеу жұмыстарының 60%-ын аяқтаған.Нысандардағы жұмыс барысын көрген аймақ басшысы күрделі жөндеуге қойылатын ең басты талап – сапа екенін атап айтып, бірқатар тапсырма берді.«Жұмыс барысындағы кемшіліктерді түзетуге екі апта уақыт беріледі. Сол мерзім ішінде тапсырма орындалмаса, жауапты сала басшыларына, қабылдап алушыларға шара көріледі.Аталған ғимараттарды күрделі жөндеу ем алушыларға кәсіби, заманауи медициналық қызмет көрсетуді жетілдіру үшін қолға алынды. Қаржысы шешілді, міндеттер айқындалды. Бүгін байқалған сапасыз жасалған тұстарды мердігерлер екі жұмыс қылып қайта түзейді. Егер жұмыс қорытындысы талап үдесінен шықпаса, заң аясында шара қолданылады.Онкология орталығындағы медициналық құрал-жабдықтар халыққа толыққанды қызмет көрсетуі тиіс. Олар сатып алынғандағы басты мақсатына сай пайдаланылуы керек, – деді Нұрлыбек Машбекұлы.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/852624
Коммуналдық мекемелерге арнайы техникалар табысталды 16.11.2024
Еңбек күні қарсаңында облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев аймақтағы коммуналдық мекемелерге 52 жаңа арнайы техниканың кілтін табыстады. Іс-шараға Парламент депутаттары Наурызбай Байқадамов, Руслан Рүстемов, Мұрат Әбенов, Мархабат Жайымбетов, Мұрат Ергешбаев қатысты.Аймақ басшысы сала еңбеккерлерін құттықтап, игі тілегін жеткізді.«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы: «Ел мүддесі – бәрінен биік. Әділетті Қазақстанда еңбек адамына ерекше құрмет көрсетілуге тиіс. Еңбек адамдары – еліміз бен мемлекетіміздің тірегі» деген болатын.2013 жылғы қарашада Президентіміздің Жарлығымен қыркүйектің соңғы жексенбісі Еңбек күні болып бекітілді. Бұл – жасампаз ісімен, маңдай терімен ел дамуына өлшеусіз үлес қосып жүрген сіздерге деген құрметтің белгісі. Сыр өңірі қандай жетістікке жетсе де, қандай биіктен көрінсе де, өздеріңіз секілді еңбексүйгіш азаматтарымыздың еңбегінің жемісі деуге әбден болады.Коммуналдық сала еңбеккерлерінің халыққа қызмет көрсету сапасын арттыру үшін бүгін облыстық бюджеттен 2 млрд. теңгеге сатып алынған 5 арнайы техниканы «Қызылорда су жүйесі», 23 көлікті «Жасыл Қызылорда», 24 көлікті «Қызылорда тазалығы» мекемелеріне табыстаудамыз. Тұрғындардың таза, қолайлы ортада өмір сүріп, сапалы қызмет алуын жақсарту өте маңызды. Жаңа техникалар жұртшылықтың игілігі үшін қызмет етеді», – деді Нұрлыбек Машбекұлы.Айта кетейік, күні кеше жылу-электр орталығына 9 жаңа заманауи арнайы техника кілті табысталды. Барлық автокөлік халықаралық және ұлттық стандарттарға сәйкес жан-жақты тексеруден өткізілген, арнайы сұраныспен жергілікті жердің климаттық жағдайына бейімделіп дайындалған.Іс-шарада Парламент Мәжілісінің депутаты Мархабат Жайымбетов жерлестерін құттықтады. Сондай-ақ, коммуналдық салада еңбек ететін азаматтар облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.Айта кетейік, соңғы жылдары өңірде барлық саланың материалдық-техникалық базасын нығайтуға басымдық берілуде. Қоғамдық көліктің мәселесін түбегейлі шешу үшін 300, мектеп оқушыларына 30 автобус, денсаулық сақтау саласына 70 жедел жәрдем көлігі, орманшыларға 95 арнайы техника, ветеринария саласының мамандарына 59, құқық қорғау органдарына 92 қызметтік автокөлік алынды.Коммуналдық салаға да жан-жақты қолдау көсетілуде. «Қызылорда тазалығы», КРЭК, «Қызылорда су жүйесі» мекемелеріне 42 арнайы техника табысталып, тұрғындар игілігі үшін қызмет етуде. Мұнан бөлек, «Үлгілі елді мекен» облыстық байқауының жеңімпаздарына күнделікті ел тұрмысына қажетті, заманауи үлгідегі 48 арнайы техника берілді.Биыл облыс тұрғындарының сұранысына сәйкес өңірдің барлық елді мекеніндегі денсаулық сақтау мекемелеріне 200 санитарлық автокөлік алынуда. Оның 126-сы қолданыста, қалған 74-і жақын күндері табысталады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/853350
Қызылордада еңбек адамдарына ақшалай сертификаттар мен шипажайға жолдама табысталды 16.11.2024
Еңбек күні қарсаңында ұйымдастырылған «Адал азамат – Адал еңбек» атты салтанатты іс-шарада облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев ұзақ жылдар бойы адал жұмыс істеген мамандарға құрмет көрсетті. Мерекелік жиынға Парламент депутаттары Наурызбай Байқадамов, Руслан Рүстемов, Мұрат Әбенов, Мархабат Жайымбетов, Мұрат Ергешбаев, Қазақстанның Еңбек Ері Имамзада Шағыртаев және еңбек адамдары қатысты.Аймақ басшысы жерлестерін айтулы мерекемен құттықтап, ізгі тілегін білдірді.«Бұл мереке – адал еңбегімен, маңдай терімен ел дамуына өлшеусіз үлес қосқан сіздерге деген құрметтің көрінісі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Ұлттық құрылтайда, халыққа арнаған Жолдауларында кәсібилік пен еңбекқорлық қоғамымызда ең жоғары орында тұруы, еңбекқор адам, кәсіби маман ең сыйлы адам болуы тиіс екендігін әрдайым айтып келеді. Биылғы Жолдауында 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жариялады. Алдағы уақытта техникалық және кәсіптік білім берудің маңызы арта түсері сөзсіз. Өйткені, экономиканы өркендетуге білікті мамандар қажет. Аймақтың еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтардың ұзақ мерзімді болжамын анықтау үшін мамандықтар атласы әзірленуде. Менің тапсырмам бойынша Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті осы мақсатта 20 қызметкерді арнайы оқудан өткізді. Ел Президентінің жұмысшы және орта буын мамандықтар бойынша білім алуға ниетті жастарды 100 пайыз тегін кәсіптік біліммен қамту тапсырмасына орай келесі жылы бюджет есебінен 5 308 орынға мемлекеттік тапсырыс бөлінуде. Осылайша біз жұмысшы мамандықтарын дәріптеу арқылы қоғамда білікті мамандарды қалыптастыра аламыз», – деді Нұрлыбек Машбекұлы.Іс-шарада Қызылорда облысының құрметті азаматы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері Қорғанбек Қайруллаев, Мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов облыс тұрғындарын мерекемен құттықтады. Сондай-ақ, Қазақстанның Еңбек Ері Имамзада Шағыртаев сөз сөйлеп, жерлестерін қажырлы еңбек етуге, үздіксіз дамуға шақырды.Іс-шара соңында еселі еңбек етіп, ел алғысына бөленген азаматтарға облыс әкімінің Алғыс хаты мен ақшалай сыйлықтар табысталды. Біліктілігімен, өз ісіне жоғары жауапкершілігімен сый-құрметке бөленген 10 азаматқа 400 мың теңгелік сертификат, тағы 10 азаматқа шипажайға жолдама берілді.Марапатталғандардың атынан «Қызылорда тазалығы» ЖШС жұмысшысы Жанар Тайшаева мен «Көлжан» ЖШС «Солтүстік-Батыс Қызылқия» кен орнын пайдалану шебері Жанболат Жармұхамбетов пікір білдірді. Жанар Шарапатқызының еңбек өтілі 40 жыл, оның 10 жылында «Қызылорда тазалығы» ЖШС-де жұмыс жасап келеді. Қызылорда қаласы әкімдігінің, кәсіпорын басшылығының Алғыс хаттармен марапатталған. Ал, Жанболат Жармұхамбетов «Көлжан» ЖШС-де 2010 жылдан бері қызмет атқарады. Олар бүгінгі сый-құрметке адал еңбектің арқасында жеткенін айтып, облыс басшылығына көрсеткен қолдауы үшін ризашылығын жеткізді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/853389
Молшылық маусымындағы Сыр диқандарының сыйы елорда тұрғындарына ұсынылуда 16.11.2024
Астана қаласында Қызылорда облысы тауарөндірушілерінің ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті.Елорда тұрғындарына Сыр өңірінің брендіне айналған ақ күріші, балығы мен ас тұзы, қауын-қарбызы, ұлттық сусындары жеткізілді.Онда 80-ге жуық Сыр диқандары мен тауарөндірушілерінің құны 270 млн. теңге болатын 600 тоннадан астам өнімдері ұсынылды.Атап айтқанда, 300 тоннадан астам күріш, 6 тонна ет өнімдері, 30 тоннадай балық өнімдері, 80 тоннадан астам көкөніс пен жеміс-жидек, 180 тонна бақша өнімдері, 3 тонна ас тұзы, 15 тоннаға жуық сүт және кондитер өнімдері бар. Келушілерге ерекше көңіл-күй сыйлау үшін Сыр елі өнерпаздарының қатысуымен концерттік бағдарлама қойылды.Аймақтың аграрлық саласында бәсекеге қабілетті өнім өндіру арқылы азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі жолға қойылған. Мемлекеттік қолдаудың арқасында аймақтың ауыл шаруашылығы саласы қарқынды дамып келеді.Осы жылдың 8 айында ауыл шаруашылығында 58,5 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, өсім көрсеткіші 2,1%-ға артты.Жалпы биыл 190 мың гектарға жуық жерге ауыл шаруашылығы дақылдары орналастырылса, негізгі дақыл күрiштің көлемі 85,6 мың гектарды құрады.Егісті әртараптандыру бағытында 2,6 мың гектарға, су үнемдеу технологиясын қолдану арқылы 4,4 мың гектарға дақылдар егілді.Мемлекет тарапынан көрсетілген қолдаудың арқасында диқандарға су қажетті деңгейде жеткізілді. Шаруашылықтар күтіп-баптау жұмыстарын агротехникалық талаптарға сай жүргізді.Егін жинау жұмыстарына қажетті ауыл шаруашылығы техникаларымен, жанар-жағармаймен, минералды тыңайтқыштармен толық қамтамасыз етілген.Қазір облыста егін жинау жұмыстары қарқынды жүргізілуде.Бүгінде егілген 85,6 мың гектар күріштің 50,3 мың гектары орылып, 42,7 мың гектары бастырылды. Әр гектардан орташа есеппен 52,1 центнерден өнім алынуда.Мал шаруашылығын дамыту бойынша жүйелі жұмыстар жолға қойылып, нәтижесінде өткен жылмен салыстырғанда ірі қара мал басы 36,6%-ға, қой мен ешкі 22,3%-ға, жылқы 0,1%-ға, түйе 4,3%-ға, құс 7,7%-ға көбейді.Сондай-ақ, өңірдің экспорттық әлеуеті де артып келеді. Бүгінде Сыр елінің ауыл шаруашылығы өнімдері әлемнің 16 мемлекетіне экспортталуда.Экспортталған өнімнің басым бөлігі - күріш. Ол Ресей, Беларусь, Әзірбайжан, Тәжікстан, Украина, Моңғолия, Өзбекстан және Ирак мемлекеттеріне жөнелтілуде.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/855050
«Эко такси» таза экологиялық жоба 16.11.2024
Қызылорда тұрғындарына экологиялық таза «Эко такси» қызметі іске қосылды.- Экотаксилер электр қуатымен жұмыс істейді. Толық зарядтау шамамен500 шақырымға жетеді. Қазіргі таңда 52 экотакси азаматтарға өз қызметін көрсетуде. Жобаның басты мақсаты «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында санитарлық тазалық жұмыстарымен қатар, экологиялық мәселелерді шешуге бағытталған жаңаша жобаларды жүзеге асыру болып табылады.- «Қазіргі таңда қала тұрғындарына 52 экотакси қызмет көрсетуде. Алдағы уақытта олардың саны 100-ге жетеді. Біздің қаламызда осындай такси пайда болғанына өте қуаныштымыз. Өйткені, бұл экологиялық таза, үнемді және қоршаған ортаға кері әсерін тигізбейтін жайлы көлік. Бұл қала экологиясына оң әсерін тигізері сөзсіз», – дейді Қызылорда автобус паркінің директоры Абдуқадыр Маштаев.Жергілікті әкімдік аумақтарды абаттандыру мен тазалау жұмыстарын үздіксіз жүргізетін коммуналдық шаруашылықтың материалдық-техникалық базасын жақсарту шараларын да қолға алған. Атап айтқанда коммунладық саланың материалдық-техникалық базасын нығайту мақсатында «Қызылорда тазалығы», «Қызылорда су жүйесі», «Жасыл Қызылорда» мекемесіне 52 бірлік арнайы техника берілді. Сондай-ақ, біздің аймақтың тың жобасы «Үлгілі елді мекен» байқауының жеңімпаздары деп танылған елді мекендерге 48 көлік берілді.Айта кету керек, облыста «Таза Қазақстан» экологиялық шарасы басталғалы оған 548 299-дан астам облыс тұрғыны қатысты. 21360 тоннадан астам қоқыс шығарылып, 505 алаң мен саябақтар, 225 тарихи ескерткіштер аумақтары, 791 әлеуметтік нысан, 1130 өндірістік және кәсіпкерлік нысан, 294 су айдындары, 47451 аулалар мен көшелер тазартылды.548-ге жуық арнайы техника қолданылып, 129 358 ағаш көшеттері отырғызылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/861240
Қала тұрғындары «Таза Қазақстан» акциясына белсенді атсалысуда 16.11.2024
Мұратбаев көшесінің тұрғындары сенбілік үшін бірікті. «Таза Қазақстан» акциясы аясында Қызылорда қаласындағы Мұратбаев көшесі №15,17 көпқабатты тұрғын үйлердің тұрғындары мен ПИК қызметкерлері бірлесіп, өз тұрғын аудандарында тазалық акциясын ұйымдастырды.Акцияға қоқыспен күресуге және аумақты абаттандыруға бірге шыққан 50-жуық тұрғын жиналды. Акцияға қатысушылар қолғаппен, қоқыс дорбаларымен және тазалау құралдарын пайдаланып, іс-шара барысында ауланы тазалап, әктеу және сырлау жұмыстарын да жүргізді.«Біз бұл акцияны экологияға қамқорлық өзімізден басталатынын көрсету үшін өткізуді шештік», - дейді белсенді тұрғындар және барша қала халқын акцияға атсалысуға шықырды.Дәл осындай акция қасбеттері қайта жаңартылған, Абай даңғылы 47 үйдің ауласында жалғасын тапты.Бұл көпқабатты тұрғынүйлердің ауласында өткен жылы «Қыран» ЖШС-мен абаттандыру мен ойын алаңын салу жұмыстары жүргізілген болатын.Айта кету керек, облыста «Таза Қазақстан» экологиялық шарасы басталғалы оған 548 299-дан астам облыс тұрғыны қатысты. 21360 тоннадан астам қоқыс шығарылып, 505 алаң мен саябақтар, 225 тарихи ескерткіштер аумақтары, 791 әлеуметтік нысан, 1130 өндірістік және кәсіпкерлік нысан, 294 су айдындары, 47451 аулалар мен көшелер тазартылды.548 арнайы техникалар қолданылып, 129 358 ағаш көшеттері отырғызылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/861244