Қуқық
Еліміздің барлық өңірлеріндегі жолшылар республикалық маңызы бар автожолдарда жүргізушілерге экопакеттер таратты. 16.11.2024
Шараның негізгі мақсаты - жүргізушілер мен жолаушыларды тазалықты сақтауға және жолға қоқыс тастамауға шақыру. Таратылған экопакеттер қоқысты жинауға арналған. Оларды жол бойындағы арнайы жабдықталған жерлерге тастауға болады.Жолшылардың "Таза Қазақстан" акциясына қатысуы автомобиль жолдары бойындағы экологиялық жағдайды жақсартуға ғана емес, сонымен қатар жол қозғалысына қатысушылар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/872341
Көпшілік назарына Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі «Ашық НҚА» порталында Қазақстан Республикасы Көлік министрі бұйрығының жобасы орналасқаны туралы хабарлайды 16.11.2024
Көпшілік назарынаҚазақстан Республикасы Көлік министрлігі «Ашық НҚА» порталында ««Жолаушыларды және көлік инфрақұрылымы объектілеріне келетін адамдарды, олардың алып жүретін заттарын, оның ішінде қол жүгі мен багажын жете тексеруді жүргізу қағидалары мен талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушысының 2022 жылғы 27 мамырдағы № 301 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Көлік министрі бұйрығының жобасы орналасқаны туралы хабарлайды.Сіздерді осы бұйрықтың жобасы бойынша қоғамдық талқылауға қатысуға шақырамыз.Толығырақ:https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15255683 Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/872902
Көлік министрлігінде жалпыға бірдей құқықтық оқыту семинары өтті 16.11.2024
Көлік министрлігінде семинар өтті, оның барысында Заң департаментінің қызметкерлері әріптестеріне заңға тәуелді құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу және келісу жөніндегі нормалар мен талаптардың қолданылуын түсіндірді.Семинарда келесі мәселелер талқыланды:Заңға тәуелді құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу, келісу қағидаларының нормалары мен талаптарын сақтау;Нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, келісу және мемлекеттік тіркеу қағидаларының нормалары мен талаптарын сақтау;Проблемалық мәселелер.Жалпыға бірдей оқыту қорытындысы бойынша құрылымдық бөлімшелердің қызметкерлеріне заңға тәуелді құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу, келісу сапасын арттыруға бағытталған тиісті ұсынымдар берілді, сондай-ақ нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу реттілігіне байланысты проблемалар талқыланды.Жалпы, семинарды өткізу нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу саласындағы практикалық білімді кеңейтуге мүмкіндік берді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/873003
Тікелей әуе рейстері, жол құрылысы және қалалық әуе ұтқырлығы тұжырымдамасы: Қазақстан Республикасы мен Корея Республикасы көлік министрлері кездесті 16.11.2024
Сеулде ҚР Көлік министрі Марат Қарабаев пен Корея Республикасының Жер, инфрақұрылым және көлік министрі Санг Ву Пак арасында кездесу өтті.Тараптар көлік инфрақұрылымы саласындағы екіжақты ынтымақтастық, сондай-ақ көлік бағыттарын дамыту бойынша бірқатар жобаны жүзеге асыру мәселелерін талқылады. Сондай-ақ Қазақстаннан Оңтүстік Кореяға тікелей әуе рейстерін көбейту мәселесі көтерілді. Қазір екі ел арасында аптасына 14 жолаушы және 6 жүк рейсі бар. Рейстер Астана мен Алматыдан орындалады. Енді Шымкенттен Оңтүстік Кореяға тікелей әуе рейсін ашу жоспарлануда.Сонымен қатар, Корея тарапы елімізде автожол құрылысы жобаларын жүзеге асыруға қызығушылық танытты. Естеріңізге сала кетсек, қазір Оңтүстік Кореяның Dongsung Engineering және ISAN Corporation компаниялары "Алматы-Астана" тас жолының құрылыс сапасын қадағалауда.Көлік министрі Марат Қарабаев Оңтүстік Кореяның Жер, инфрақұрылым және көлік министрі бастаған делегациясын кез келген қолайлы уақытта Қазақстанға жұмыс сапарымен келуге шақырды. Бұл сапар аясында Urban air mobility (UAM), яғни қалалық әуе ұтқырлығы тұжырымдамасын енгізу бойынша тәжірибе алмасу көзделіп отыр.Қалалық әуе ұтқырлығы тұжырымдамасы дегеніміз қауіпсіз әрі тиімді әуе көлігі жүйесін және басқа да авиациялық технологияларды қолдана отыра адамдардың, тауарлар мен өнімдердің ірі қалалар мен облыстар арасында, тіпті қаланың ішінде де қозғалысын трансформациялау.Тұжырымдама алдымен жаңа Alatau City қаласында сынақтан өтеді деп күтілуде. Жоба Аlatau City-ді инновациялық хаб ретінде дамытуды қолдай отырып, қазақстандық және кореялық инвесторларды тартуға мүмкіндік бермек. Тұжырымдаманы жүзеге асыру аясында Hyundai Motor Group сияқты оңтүстік кореялық жетекші компаниялармен ынтымақтастық орнату жоспарлануда.Кездесу қорытындысы бойынша Қазақстан мен Корея көлік ведомстволарының басшылары көлік-логистика және өзара іс-қимыл саласындағы ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге дайын екендерін білдірді. Бұл елдер арасындағы стратегиялық әріптестікті нығайтуға ықпал етеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/873992
2024 жылғы 30 қазанда Қазақстан Республикасының Көлік вице-министрі Мақсат Қалиақпаров Қазақстандағы Эстонияның Төтенше және Өкілетті Елшісі Яап Орамен кездесу өткізді 16.11.2024
Кездесу барысында тараптар порт инфрақұрылымы саласындағы ынтымақтастықтың әлеуетін және қазақстандық тауарларды Эстония порттары арқылы транзитпен экспорттау мүмкіндігін талқылады.Көлік маршруттарын дамытуға ерекше назар аударылды. Бұл Қазақстан мен Эстония арасындағы экономикалық байланыстарды нығайтып, сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал етпек. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/874219
АСТАНАДА ҚАЗТЕСТ ЭЛЕКТРОНДЫ СЕРТИФИКАТТЫҚ ТЕСТІЛЕУІ БАСТАЛДЫ 16.11.2024
АСТАНАДА ҚАЗТЕСТ ЭЛЕКТРОНДЫ СЕРТИФИКАТТЫҚ ТЕСТІЛЕУІ БАСТАЛДЫ 2024 жылғы 23 қазанда Астана қаласында ҚАЗТЕСТ электронды сертификаттық тестілеуі басталды. Қазақстанда алғаш рет ҚАЗТЕСТ толықтай электронды форматта өткізіліп отыр. ҚАЗТЕСТ – электронды тестілеуі азаматтар үшін ыңғайлы және заманауи құрал. Ол ақпараттың ашықтығы мен қолжетімділігін қамтамасыз етеді және жаңа форматтың негізгі артықшылықтарының бірі болып табылады. App.testcenter.kz сайты арқылы өтініш берген азаматтар үшін тестілеу туралы барлық ақпарат (күні, уақыты және мекенжайы) жеке кабинетте қолжетімді. Астана тұрғындары үшін тестілеу нәтижелері жеке кабинетте 3 күн ішінде, ал басқа өңірлерде 15 күн ішінде қолжетімді болады. 2025 жылдан бастап электронды форматтағы тестілеу Қазақстанның басқа қалалары мен облыс орталықтарына кезең-кезеңмен енгізіледі. 2024 жылдың соңына дейін өңірлерде сертификаттық тестілеуі қағаз форматта жалғасады. Өңірлерде тестілеуге өтініш беру www.kazakhtest.kz сайты арқылы қолжетімді. Естеріңізге сала кетсек, ҚАЗТЕСТ тестілеуін өткізудің жаңа қағидалары бекітілді. ҚАЗТЕСТ тестілеуін қағаз және электронды форматта тапсыруға болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sci/press/news/details/871032
2025-2027 жылдарға арналған ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобаларын гранттық қаржыландыру конкурсына өтінімдер қабылдау аяқталды 16.11.2024
2025-2027 жылдарға арналған ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобаларын гранттық қаржыландыру конкурсына өтінімдер қабылдау аяқталды Жалпы 439 өтініш келіп түсті. Бір жоба үшін гранттың максималды сомасы 350 млн. теңгені құрайды. Грант алатын барлық жобалар 2025-2027 жылдар ішінде іске асырылуы тиіс. Бүгінгі күні Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы тіркелген өтінімдердің конкурстық құжаттамаға сәйкестігін тексеруде. Тексерудің қорытындысы бойынша өтініш берушілерге ескертулерді жою үшін үш күн беріледі. Ескертулер жойылғаннан кейін пысықталған өтінімдер тәуелсіз сарапшыларды тарта отырып, технологиялық және экономикалық (маркетингтік) сараптама кезеңіне жіберілетін болады. ҰМҒТСО сараптамалар аяқталғаннан кейін жиынтық қорытындылар қалыптастыратын болады. Жобалардың сараланған тізімі мен құжаттар пакеті қаржыландыру туралы шешім қабылдайтын Ұлттық ғылыми кеңеске жіберілетін болады. Экология, суды үнемдеу технологиясы және энергия тиімділігін арттыру, электр энергетикасы, мұнай-газ химиясы, көмір химиясы, геологиялық барлау, тау-кен металлургия кешені, өңдеу өнеркәсібі, металлургия, машина жасау, химия өнеркәсібі, сандық және ғарыштық технологиялар, сапалы білім беру, денсаулық сақтау, агроөнеркәсіптік кешен, экологиялық, агро- және этнографиялық туризм, сондай-ақ ұлттық қауіпсіздік т.б. басқа да салалары бойынша жобалар іске асырылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sci/press/news/details/871382
ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІНІҢ ҚОЛДАУЫМЕН BINANCE KAZAKHSTAN «КРИПТОМЕКТЕП» ЖОБАСЫ ШЕҢБЕРІНДЕ ЖАҢА КУРСТЫҢ БАСТАЛҒАНЫ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАЙДЫ 16.11.2024
ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІНІҢ ҚОЛДАУЫМЕН BINANCE KAZAKHSTAN «КРИПТОМЕКТЕП» ЖОБАСЫ ШЕҢБЕРІНДЕ ЖАҢА КУРСТЫҢ БАСТАЛҒАНЫ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАЙДЫ ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Binance Academy қолдауымен Binance Kazakhstan «Криптомектеп» білім беру жобасы шеңберінде Қазақстанның озық пайдаланушылары үшін тереңдетілген курстың іске қосылғаны туралы хабарлайды. «Криптомектеп» жобасы 2024 жылдың басында іске қосылды және қолжетімді онлайн Модульдер жиынтығы бар негізгі білім беру курсынан тұрды, оның мақсаты жаңадан бастаушыларға блокчейн мен криптовалюта туралы білім беру. Жобаға оқудан өткен 1000-нан астам адам қатысты. Курс аяқталғаннан кейін оларға Binance Academy базалық курсынан өткені туралы NFT-сертификаттар берілді. Білім беру алаңына арналған оқу материалдарын Binance Academy ұсынады. «Криптомектеп» аясындағы жаңа курстың басты мақсаты – блокчейн технологиясы, орталықтандырылмаған қолданбалар (DApps), орталықтандырылмаған қаржы (DeFi), NFT, криптотрейдинг және т.б. мәселелерінде тереңірек білім беру. Курс 70 модульден тұрады және 2024 жылғы 22 қазанынан 22 қарашасына дейін жалғасады. Кез келген Binance қолданушысы оқуды бастай алады, білім беру бастамасы тегін. Курс соңында қатысушылар сертификат алады. Сондай-ақ ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігімен ынтымақтастық шеңберінде еліміздің 100-ден астам жоғары оқу орындарының студенттері үшін Binance Academy сарапшылары оқыту вебинарларын өткізетін болады. «Криптовалютаның маңыздылығын, әсіресе блокчейн технологиясы экономикалық өсудің шешуші факторы бола алатын Қазақстанда асыра бағалау мүмкін емес. Осындай бастамаларды қолдай отырып, біз халықты цифрлық активтер экожүйесінің жұмыс істеуін түсінуге шақырып, болашақтың инновациялық экономикасы үшін іргетас қалыптастырамыз», - деп түсіндірді ҚР ҒЖБМ Цифрландыру және мемлекеттік қызметтер департаментінің директоры Нұрсұлтан Махатов. «Білім беру бастамалары цифрлық активтерді ауқымды енгізуге бағытталған біздің стратегиямыздың негізі болып қала береді. Қазақстан криптовалюталарды қабылдау қарқыны бойынша сенімді көшбасшы орынға ие және біз пайдаланушыларды блокчейн технологиясы мен криптовалюталар туралы терең және өзекті біліммен қамтамасыз етуге тырысамыз», - деп ТМД өңіріндегі комплаенс басшысы Әсел Мырзабекова атап өтті. «Криптомектеп» сияқты жобалар аймақтағы криптосауаттылықты қалыптастыруға ықпал етеді, бұл пайдаланушыларға қауіпсіздік пен реттеудің күрделі аспектілерін түсіне отырып, цифрлық активтерді күнделікті өмірге сенімді түрде біріктіруге көмектеседі».Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sci/press/news/details/871419
Министр Саясат Нұрбек Coventry University Kazakhstan студенттерімен кездесті 16.11.2024
Министр Саясат Нұрбек Coventry University Kazakhstan студенттерімен кездесті ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Астанадағы Coventry University кампусының студенттерімен және профессор-оқытушылар құрамымен кездесті. Кездесу барысында Саясат Нұрбек Мемлекет басшысының Қазақстанның жоғары білім және ғылым жүйесін дамыту және нығайту мақсатында жүргізіп жатқан реформалары туралы айтып берді. Оның ішінде Орталық Азияда білім беру хабын құру жоспарлары туралы. «Астанада Сoventry University Kazakhstan ашылуы – тарихи оқиға. Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында іске қосылған заманауи жаңа кампус Астана білім хабының қалыптасуына берік негіз қалайтыны анық. Жаңадан ашылған Coventry University Kazakhstan оқу орны жоғары білім мен ғылым жүйесін дамытуға, үздік шетелдік оқытушылар, тәжірибелі мамандар мен дарынды студенттерді тартуға, елордада жаңа жұмыс орындарын ашуға тың серпін беретініне сенімдімін. Астанадағы Coventry университеті қазақстандық және шетелдік студенттерге жергілікті және халықаралық еңбек нарығының бәсекеге қабілетті маманы болу үшін британдық дипломмен расталған озық білім мен дағдыларды алудың бірегей мүмкіндігін ұсынады», - деп атап өтті министр. Ведомство басшысының кездесуі «сұрақ-жауап» форматындағы дәріспен жалғасып, кездесуге қатысушылар министрмен диалогқа белсенді қатысты. Министр жастармен өзара түсіністік пен ынтымақтастықты жақсарту үшін студенттермен мұндай кездесулер мен диалогтардың қажет екенін, бейресми ортадағы қарым-қатынас жақсы өзара түсіністікке қол жеткізуге көмектесетінін атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sci/press/news/details/872625
"Ғылым адамы" айдарымыздың алғашқы кейіпкері – биотехнология саласындағы талантты ғалым және оқытушы Асылай Құрманбаева! 16.11.2024
"Ғылым адамы" айдарымыздың алғашқы кейіпкері – биотехнология саласындағы талантты ғалым және оқытушы Асылай Құрманбаева! Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін үздік бітіріп, Израильде оқуын жалғастырды, онда генетика саласында маңызды жаңалық ашты. 2018 жылдан бастап ғылыми қызметін белсенді түрде жүргізіп, халықаралық жобаларға қатысты, 30-дан астам ғылыми мақаласын жариялап, жетістіктерге қол жеткізді. Бүгінде Асылай ғылыми салада, сондай-ақ болашақ мамандарды оқытуға өз үлесін қосуда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sci/press/news/details/872711
«Ғылым адамы» айдарымыздың екінші кейіпкері – Дмитрий Анатольевич Афанасьев. 16.11.2024
«Ғылым адамы» айдарымыздың екінші кейіпкері – Дмитрий Анатольевич Афанасьев. Дмитрий Анатольевич – «Наноматериалдар және нанотехнологиялар» мамандығы бойынша философия докторы (PhD), академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің радиофизика және электроника кафедрасының қауымдастырылған профессоры. Ғылыми жолын 2005 жылы радиофизика және электроника кафедра оқытушысы болып бастаған. 2000-2005 жж. ҚарМУ-дың физика факультетінде оқып, инженер-физик біліктілігін алды. Кейін магистратура мен аспирантурада оқуын жалғастырды. 2021 жылы докторлық диссертациясын қорғады. Дмитрий Анатольевич ғылыми және оқытушылық қызметті белсенді түрде жүргізеді, оның «Цифровые устройства», «Теория электрической связи», «Основы радиоэлектроники» және т.б. курстары бар. Дмитрий Афанасьев 100-ден астам ғылыми жарияланымның авторы, оның ішінде 30 мақала Scopus-та және 30 мақала Clarivate Analytics-те индекстелген. Оның зерттеулері наноэлектроника саласына қатысты, онда әртүрлі наноматериалдардың қасиеттері мен олардың заманауи технологияларда қолданылуы зерттеледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sci/press/news/details/872755
«Ғылым адамы» айдарымыздың келесі кейіпкері – Қалқаман Тұрсынұлы Жұмағұлов. 16.11.2024
«Ғылым адамы» айдарымыздың келесі кейіпкері – Қалқаман Тұрсынұлы Жұмағұлов. Қалқаман Тұрсынұлы – тарих ғылымдарының докторы, танымал тарихшы-ғалым, ҚР ӘҒА, ГҒА академигі, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Дүниежүзі тарихы, тарихнама және деректану кафедрасының профессоры. Ғылыми жолын 1972 жылы С.М.Киров атындағы ҚазМУ-дың жалпы тарих кафедрасында оқытушы болып бастаған. Содан бері ғалым өзінің туған университетінің қабырғасында ассистенттен профессорға, кафедра меңгерушісі, факультет деканы және академикке дейінгі кәсіби өсуінің барлық сатыларынан өтті. 1997 жылы Қалқаман Тұрсынұлы «Ежелгі герман қоғамы халықтарының ұлы қоныс аударуына дейінгі дамуының негізгі мәселелері» тақырыбында докторлық диссертациясын қорғады. Бұл оның ерте орта ғасырлар тарихы бойынша көп жылдық зерттеулерінің нәтижесі болды. Профессор Қ.Т.Жұмағұлов Қазақстанда Халықаралық DААD грантының (Германия) жалғыз алты мәрте иегері: 1995, 1997, 1999, 2003, 2007, 2011 жж. Профессор Қалқаман Жұмағұлов – тұңғыш қазақ тарихшы-медиевист, 500-ге тарта еңбектердің авторы. Оның жетекшілік етуімен 16 кандидаттық диссертация, 8 докторлық диссертация (PhD), сондай-ақ көптеген магистрлік диссертациялар қорғалды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sci/press/news/details/872777
ҚР ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРІ ASTRAZENECA КОМПАНИЯСЫНЫҢ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ 16.11.2024
ҚР ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРІ ASTRAZENECA КОМПАНИЯСЫНЫҢ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ Бүгін ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Қазақстандағы AstraZeneca компаниясының директоры Мария Шипулевамен және директордың орынбасары Жалғас Данияровпен кездесу өткізді. Кездесу барысында еліміздегі жоғары білім мен ғылым жүйесін дамытуға бағытталған министрлік пен компания арасындағы ынтымақтастық мүмкіндіктері талқыланды. Ведомство басшысы Саясат Нұрбек министрлік Қазақстанның жоғары білім және ғылым жүйесін нығайтуға бағытталған реформаларды белсенді жүргізіп жатқанын атап өтті. Негізгі жобалардың бірі Орталық Азияда ғылыми-зерттеу академиялық хабын құру екеніне тоқталды. «Бұл хабтың мақсаты – 2 миллиардқа жуық халқы бар өңірлерден жастарды тарту. Ғылым мен өндіріс арасындағы байланысты құру маңызды, бұл ғылыми кадрларды тікелей өндірістік кәсіпорындарда дайындауға мүмкіндік береді. Біздің мақсатымыз – ғылыми ұйымдардың дамуына және ел үшін пайдалы инновацияларды құруға көмектесу», - деп атап өтті министр. AstraZeneca директоры Мария Шипулева компанияның Қазақстандағы денсаулық сақтау және ғылым жүйесін дамытуға көп жылдан бері қатысып келе жатқаны жайлы айтып берді. «AstraZeneca – 100 жылдан астам тарихы бар халықаралық биофармацевтикалық компания. Біз онкологиялық, жүрек-қан тамырлары, аутоиммундық, тыныс алу, сирек кездесетін және басқа да ауруларды емдеуге арналған инновациялық препараттарды әзірлейміз. Біздің компания ғылым мен зерттеулерге инвестиция салатын үздік 5 фармацевтикалық компанияның қатарына кіреді», - деді ол. Компания диагностика мен емдеудің инновациялық әдістерін енгізе отырып, өндірісті локализациялауға және адам ресурстарын дамытуға белсенді инвестиция салуда. Шипулеваның айтуынша, Орталық Азия елдерінің ішінде компанияның Қазақстанда орналасуы – компания үшін маңызды және бүгінде еліміздің 19 қаласында 220-дан астам AstraZeneca мамандары жұмыс істейді. Талқылаудың негізгі бағыттары өндірісті оқшаулау, ғылыми зерттеулер мен клиникалық сынақтарға инвестициялар, сондай-ақ жоғары оқу орындарымен ынтымақтастық болды. Саясат Нұрбек сонымен қатар жасанды интеллект негізінде озық медициналық технологияларды енгізуді қоса алғанда, биотехнология, инженерия және медицина салаларында жұмыс істейтін Қазақстандағы жетекші шетелдік университеттердің филиалдары туралы айтып өтті. Кездесу барысында еліміздің жетекші білім беру мекемелерінде перспективалар ашатын компаниямен бірлескен білім беру бағдарламаларын әзірлеп, кадрларды оқыту ұсынылды. Жалғас Данияров министрлікпен ынтымақтастық болашақ мамандардың құзыретін арттыруға бағытталған білім беру, ғылыми жобаларды құруға және дамытуға мүмкіндік беретінін айтты. Кездесу соңында тараптар AstraZeneca мен ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі арасындағы ынтымақтастық еліміздің денсаулық сақтау жүйесі мен ғылыми әлеуетін дамытуға жаңа мүмкіндіктер туғызатынын атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sci/press/news/details/873497
ҚИнЭУ МЕН «KIA QAZAQSTAN» ӨЗАРА ТҮСІНІСТІК ТУРАЛЫ МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙДЫ 16.11.2024
ҚИнЭУ МЕН «KIA QAZAQSTAN» ӨЗАРА ТҮСІНІСТІК ТУРАЛЫ МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙДЫ М.Дулатов атындағы Қостанай Инженерлік-экономикалық университетінің Президенті Рихсибай Абдурахманұлы мен «KIA Qazaqstan» ЖШС Бас директоры Kim Dae Ki мырза ынтымақтастықтың жаңа кезеңіне бастау болатын маңызды меморандумға қол қойды. Кездесу барысында бұл келісімнің ҚИнЭУ білім алушыларына көптеген жаңа мүмкіндіктер сыйлап, дуалды білім беру арқылы жоғары білікті мамандарды дайындауда жаңа белеске шығаратыны айтылды. Университеттің жетістіктері мен білім беру бағдарламалары таныстырылып, «KIA Qazaqstan» машина жасау зауытының өкілдерімен қызу пікірталас өтті. Оқу орнының білім алушылары KIA компаниясының бас директоры Kim Dae Ki мырзаға ынтымақтастықтың болашағы жайлы қызықты сұрақтар қойып, өз ойларын ортаға салды. Кездесудің нәтижесінде ҚИнЭУ мен «KIA Qazaqstan» арасындағы байланыс жаңа деңгейге көтерілді, ал білім алушылар үшін Кореяда өндірістік тәжірибеден өту мүмкіндігі қарастырылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sci/press/news/details/874011
СҚО-да жыл басынан бері азаматтық туралы заңнаманы бұзған 45 тұрғын жауапқа тартылды 16.11.2024
СҚО-да жыл басынан бері азаматтық туралы заңнаманы бұзған 45 тұрғын жауапқа тартылд.Полицейлер Қазақстан Республикасында қос азаматтыққа тыйым салынғанын ұмытпауға кеңес береді. Азаматтығы ауысқан кезде мүліктік және басқа да мәселелерді уақтылы шешу, ҚР құжаттарын одан әрі пайдалануға тырыспау қажет — оларды белгіленген тәртіппен тапсырған жөн.Дей тұра, 9 ай ішінде Солтүстік Қазақстан облысында азаматтығын жоғалтқан 23 адам ескі құжаттарды пайдаланып келген. ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 496-бабы бойынша оларға ірі айыппұл төлеуге тура келді.Басқа елдің азаматтығын алған тағы 22 адам бұл туралы 30 күн ішінде хабарламаған. Бұл үшін қатаң жауапкершілік қарастырылған: ірі айыппұлдан бастап, Қазақстаннан әкімшілік шығарып жіберуге дейін.СҚО ПД көші-қон қызметі басқармасының қызметкерлері азаматтығын ауыстыруды шешкен адамдардан барлық мәселелер бойынша кеңес алуды және осы процестің жүктеген міндеттерін назардан тыс қалдырмауды сұрайды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/qriim/press/news/details/862965
ІІМ: Өңірлерде заңсыз көші-қон арналары жойылды 16.11.2024
Ішкі істер министрлігі қылмыстық және террористік әрекеттермен айналысатын адамдардың елге кіруіне жол бермеу мақсатында заңсыз көші-қон арналарын анықтау бойынша жүйелі жұмыс жүргізіп келеді.– Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес бөліністері осы айдың басынан бастап заңсыз көші-қонды ұйымдастыруға қатысы бар бірнеше қылмыстық топтың жолын кесті.Қылмыстық схемалар мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өту, жалған құжаттарды қолдана отырып, шетелдіктерге уақытша тұруға және жұмыс істеуге рұқсат беруді ресімдеу сияқты қызметтерден тұрған, – деді ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс.Жамбыл облысында жергілікті тұрғын ұсталды. Ол таулы аймақ арқылы Еуроодақ елдеріне табыс үшін барғысы келетін алыс шет елдердің азаматтарына заңсыз көші-қон арнасын ұйымдастырған.Атырау облысында үш шетелдік жалған құжаттарды пайдалана отырып, Қазақстан аумағында басқа шетелдіктерді тіркеумен айналысқан.Осыған ұқсас қылмыстық схема елордада ашылды. Онда еңбек мигранттары үшін құжаттарды заңсыз ресімдеуге қатысы бар бес жергілікті тұрғын ұсталды.– Барлық фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Кінәлілер мүлкі тәркіленіп, жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда, – деді Қуандық Алпыс.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/qriim/press/news/details/863571
ІІМ: Шымкентте қылмыстық топтар ұсталды 16.11.2024
Ішкі істер министрлігі өңірлердегі қылмыстық топтардың заңсыз әрекеттерінің жолын кесу бойынша кешенді жұмысты жалғастыруда.Жыл басынан бері Шымкентте ауыр және аса ауыр қылмыстар жасауға қатысы бар осындай 10-нан астам топ ұсталды.8 қазанда ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы жедел іс-шаралардың нәтижесінде ойын-сауық мекемелеріне қылмыстық қамқоршылық көрсеткен жастар тобын ұстады. Олардың бопсалауға, бұзақылыққа және қаруды заңсыз сақтауға қатысы болғаны туралы мәліметтер алынды.11 қазанда Шымкент кәсіпкерлерін бопсалауға қатысы бар басқа қылмыстық топтың мүшелері ұсталды. Олар өздерінің қылмыстық қамқорлығы үшін үш миллион теңгеге дейін алған. Келіспеген жағдайда физикалық және моральдық қысым жасаған.Осы фактілер бойынша ішкі істер органдарына барлығы 35 фигурант жеткізілді, 100-ден астам тінту шаралары жүргізілді. Қару-жарақ пен оқ-дәрі тәркіленді.– Айта кету керек, жыл басынан бері Шымкент қаласында қылмыстық топтардың жолын кесу барысында 30-дан астам атыс және травматикалық қару, оның ішінде бір Калашников автоматы, 15 шолақ мылтық, 11 тапанша, екі винчестер және мыңнан астам оқ-дәрі тәркіленді.Өңірлерде “заң және тәртіп” қағидатын қамтамасыз ету бойынша жұмыс ерекше бақылауда, – деді ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы департаментінің өкілі Қуандық Алпыс.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/qriim/press/news/details/864448
Жетісу облысының оқушыларына есірткінің зияны туралы айтылды 16.11.2024
Жетісу облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Нашақорлықтың алдын алу бағдарламасы аясында өңір мектептерінде білім беру іс-шараларын өткізді.№2 және №4 орта мектептерде мамандар оқушылармен кездесіп, есірткі қолданудың ауыр зардаптары туралы айтты.Жиынға екі мектептен 237 оқушы қатысты. Әңгімелесу барысында есірткінің зияны, есірткінің заңсыз айналымы, соның ішінде есірткіні жасырын қойып кетушілердің мәселесі және жасөспірімдер үшін ықтимал салдары сияқты маңызды тақырыптар қозғалды.Профилактикалық іс-шаралар кәмелетке толмағандар жөніндегі полиция инспекторларымен және нарколог-дәрігермен бірлесіп жүргізілді. Сарапшылар есірткі жастардың денсаулығы мен әлеуметтік жағдайына қандай қауіп төндіретінін, оларды қолдану физикалық денсаулықты ғана емес, жеке өмірді, отбасымен және қоғаммен қарым-қатынасты қалай бұзуы мүмкін екенін толық түсіндірді.Ақпаратты қабылдауды күшейту үшін есірткіні қолданудың нақты салдарын бейнелейтін бейнежазбалар көрсетілді. Бұл студенттерге мәселенің мәнін және оның өзектілігін түсінуге көмектесті.Мұндай профилактикалық шаралар жасөспірімдердің салауатты өмір салтын таңдауына және заң бұзушылықтардан аулақ болуға көмектеседі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/qriim/press/news/details/865530
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы БАҚ-та жариялау 16.11.2024
Ішкі істер органдарының бөліністерінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің 2024 жылға арналған жоспарын орындау шеңберінде, сондай-ақ жобалық басқаруды жүзеге асыру қағидаларына сәйкес ІІМ Өзіндік қауіпсіздік департаменті ағымдағы жылғы 3-тоқсанда арнайы және жұмылдыру даярлығы бөліністерінің қызметі мәселелері бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізеді. Негізгі мақсат – арнайы және жұмылдыру даярлығы бөліністерінің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі және нормативтік құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау 2021 жылдан 2024 жылға дейінгі кезең аралығында жүзеге асырылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/qriim/press/news/details/868621
Қазақстан полициясының үздік жедел уәкілі анықталды 16.11.2024
Алматыда өткен дәстүрлі республикалық конкурсқа еліміздің барлық өңірлерінен ең білікті жедел қызметкерлер қатысты. Конкурс бірнеше кезеңнен, соның ішінде саптық байқау, заңнамаға қатысты тестілеу, дене шынықтыру және табельдік қарудан ату бойынша нормативтерді орындаудан тұрды.Республикалық байқау ІІМ Алматы академиясының белсенді қатысуымен өтті, ол іс-шараны өткізу үшін барлық қажетті ресурстар мен үздік мамандарды ұсынды.– Жедел бөлімшелер қоғамдық қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады. Қызметкерлердің кәсібилігі мен адалдығының арқасында республикадағы құқық бұзушылықтардың көпшілігі “ізін суытпай” ашылады. Мұндай мамандар болған кезде азаматтар тыныш ұйықтай алады, – деп атап өтті ұйымдастырушылар.Конкурстық сынақтардың қорытындысы бойынша “Үздік жедел уәкіл” атағын Абай облысы полиция департаментінің криминалдық полиция жедел уәкілі Қуаныш Зарипов алды. Оның тәжірибесі мен адалдығы жеңіске жетуде шешуші рөл атқарды. Қуаныш бала кезінен полиция қызметкері болуды армандады және оның қылмыстарды ашуға және қылмыспен күресуге деген ұмтылысы оның қызметінің негізгі қозғаушы күші болды.– Мен әрқашан адамдарды қорғап, әлемді қауіпсіз еткім келді. Бұл жеңіс — қажырлы еңбек пен өзін-өзі жетілдіруге деген ұмтылыстың нәтижесі, – деп бөлісті ол.Екінші орынды Алматы қаласы полиция департаментінің криминалдық полиция жедел уәкілі Жасұлан Таубай, ал үшінші орынды Түркістан облысы полиция департаментінің аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі Ермек Шәкім иеленді.Барлық қатысушылар дайындық пен кәсібиліктің жоғары деңгейін көрсетті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/qriim/press/news/details/869728
