Enbekshi QazaQ
Конституция

Қуқық

Батыс Қазақстан облысының әкімі Бөкей Ордасы ауданында болды 16.11.2024
Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев Бөкей Ордасы ауданына жұмыс сапарымен барып, бірқатар әлеуметтік-экономикалық және инфрақұрылымдық жобалармен танысты.Облыс әкімі аудандағы шаруа қожалықтарының бірінде 1000 бас малға арналған бордақылау алаңының құрылысымен танысты. Сондай-ақ Нариман Төреғалиев Хан Ордасы ауылындағы жолдардың жөндеу жұмыстарын тексерді.Өңір басшысы мердігерге жұмыстарды жіті бақылауға алып, сапалы және уақытылы мерзімде орындауды тапсырды.Сонымен қатар, облыс әкімі "Ауыл аманаты" жобасы аясында ашылған жылыжай кешеніне барды. Жылыжай иесі, кәсіпкер Б. Таңатаров өз ісін 2020 жылы бастаған. "Бизнестің жол картасы-2025" бағдарламасы аясында 2,8 млн теңге сомасына несие алған. 2024 жылы "Ауыл аманаты" бағдарламасының және 7,1 млн теңгенің қосымша несиесінің көмегімен жылыжайды кеңейту жобасын жүзеге асырды. Жылыжай жыл сайын 20 тоннаға дейін қияр өсіреді, осылайша кәсіпкер өңірдің аграрлық секторының дамуына үлес қосуда.Сапар барысында өңір басшысы Бөкей ордасы ауданының халқымен кездесіп, атқарылған жұмыстар туралы және алдағы жылдары Батыс Қазақстан облысын одан әрі дамыту жоспарларын айтты.Нариман Төреғалиев Мемлекет басшысының өңірді дамыту мәселелеріне қатысты барлық тапсырмалары ерекше бақылауда екенін атап өтті."Ауылды дамыту және азаматтарымыздың өмір сүру жағдайларын жақсарту-біздің алдымызда тұрған басты міндеттердің бірі. Жаңа жұмыс орындарын құру және инфрақұрылымды жақсарту ғана емес, сонымен қатар аймақтың барлық тұрғындары үшін сапалы қызметтерге қол жетімділікті қамтамасыз ету маңызды. Біз өңір тұрғындарының әл-ауқатын атттыру бағытында жұмыс істеуді жалғастырамыз", - деп атап өтті өңір басшысы.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko/press/news/details/867590
БҚО Бөрлі ауданында Республика күні қарсаңында 108 орындық жаңа мектеп ашылды 16.11.2024
Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының Жарсуат ауылында Республика күні қарсаңында КПО компаниясының әлеуметтік-инфрақұрылымдық жобалары шеңберінде салынған 108 орындық жаңа жалпы білім беретін мектептің салтанатты ашылу рәсімі өтті. Мектеп оқушылардың білімі мен жайлылығын жоғары деңгейде қамтамасыз ету үшін барлық қажеттіліктермен жабдықталған.Жаңа ғимарат 12 заманауи оқу кабинетін қамтиды, оның 10-ы интерактивті тақталармен жабдықталған. Сондай-ақ, мектепте 2 шеберхана, информатика кабинеті, спорт залы, кітапхана, 70 орындық акт залы және 30 орындық асхана бар.Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев жаңа мектепте болып, мұғалімдерді, оқушылар мен олардың ата-аналарын осы маңызды оқиғамен құттықтады. Аймақ басшысы ауылдық жерлерде білім беру инфрақұрылымын жаңғыртудың маңыздылығын атап өтті.«Президент ауылдық мектептерді жаңғырту және оларды қажетті жабдықтармен толық жабдықтау жөнінде нақты тапсырма берді. Бүгінде біз бұл жоспарлардың іс жүзінде қалай іске асырылып жатқанын көріп отырмыз. Бұл жаңа мектеп балалар үшін білім мен дамудың орталығына айналсын. Ол оқушылардың алдында табысты болашақ үшін жаңа көкжиектер мен мүмкіндіктер ашатынына сенімдімін», - деді Нариман Төреғалиев.Бөрлі ауданының білім саласының ардагері Роза Ахметова жаңа мектеп ауыл тұрғындары үшін көптен күткен қуаныш екенін айтты.“Жаңа мектеп ауыл балалары үшін қуаныш. Бұрындары олар ескі мектепте білім алып еді. Мемлекет басшысына ауылдық жерлерге көңіл бөліп отырғаны үшін алғысымызды білдіреміз”-деді Роза Ахметова.КПО Б.В. компаниясы Бас директорының орынбасары Мұхтар Манкеев өз сөзінде облыстық әкімдікпен бірлескен жоба аясында компания ауылдық жерлерде осымен 15 мектеп салғанын атап өтті.“Облыс басшысының бастамасы аясында 2023 жылдан бері ауылдық жерлерде мектептерді салу және жаңғырту жобасын қолға алып отырмыз. Ауыл балаларының сапалы білім алуы біз үшін маңызды. Бүгінгі мектеп компаниямыздың Батыс Қазақстан облысында салынған 15-ші мектебі”- деді Мұхтар Манкеев.Айта кетейік, жаңа мектепте 29 педагог жұмыс істейді. Мектептің ашылуы ауылдық жерлерде білім сапасын арттыруға ықпал етеді.Қазіргі уақытта БҚО-да Президенттің тапсырмасы бойынша «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 8100 орындық 9 мектептің құрылысы жүргізілуде, оның 3-і жыл соңына дейін пайдалануға беріледі.Сонымен қатар, КПО Б.В. компаниясының әлеуметтік-инфрақұрылымдық жобалары аясында 4 мектеп күрделі жөндеуден өтуде. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko/press/news/details/870218
Тұңғыш рет екі мұғалімге «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы берілді, оның бірі батысқазақстандық ұстаз 16.11.2024
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтау туралы» Жарлығына сәйкес «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы Орал қаласының «Асан Тайманов атындағы №34 мектеп-гимназия» КММ мұғалімі Траисова Эльмара Асқарқызына берілді.Педагогика саласында үзбей 34 жыл қызмет етіп келе жатқан білікті ұстаз, орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі - Эльмара Асқарқызының өзі де, шәкірттері де облыстық, республикалық байлауларының жеңімпазы атанып, жүлдері орындарға ие болуда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko/press/news/details/870227
Республика күні мерекесіне орай, мемлекеттік қызметке алғаш қабылданған БҚО білім басқармасының басшысы Елдос Набиоллаұлы ант қабылдады 16.11.2024
БҚО әкімі Нариман Төреғалиевтің төрағалығымен, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің БҚО бойынша департамент бастығын М.Байсаловтың және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің БҚО бойынша бастығы Ә.Сабуровтың қатысуымен өткен жиын барысында облыстық білім басқарма басшысы лауазымына 15 қазан күні тағайындалған Елдос Набиоллаұлы ресми түрде ант қабылдады.Ант қабылдау рәсімі өткен салтанатты жиында облыс әкімі мемлекеттік қызметке жаңадан тағайындалған мемлекеттік қызметші Елдос Набиоллаұлын құттықтап, еңбегіне кәсібилілік пен табыс тіледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko/press/news/details/870264
БҚО Бөрлі ауданында жаңа фельдшерлік-акушерлік пункт ашылды 16.11.2024
Республика күні қарсаңында Бөрлі ауданына қарасты Қарағанды ауылында "Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту" ұлттық жобасы аясында жаңа фельдшерлік-акушерлік пункт (ФАП) ашылды.Бұл жоба ауылдық өңірлердің тұрғындары үшін медициналық көмектің қолжетімділігін арттыруға бағытталған.Жаңадан ашылған медициналық нысанның құрылысы 2024 жылдың мамыр айында басталды. Бүгінгі құрылыс жұмыстары толығымен аяқталып, ел игілігіне берілді. Ғимаратта тіркеу бөлмесі, қабылдау бөлмесі, гинекологиялық кабинет, дәрігерлік және мейірбикелік кабинеттер, физиотерапия кабинеті, зарарсыздандыру бөлмесі және сапалы медициналық қызмет көрсетуді қамтамасыз ету үшін қажетті басқа да бөлмелер бар.Фельдшерлік-акушерлік пункт заманауи медициналық құралдармен жабдықталған.Облыс әкімі Нариман Төреғалиев медициналық нысанның ашылу салтанатында ауыл тұрғындарын құттықтап, жобаның маңыздылығын атап өтті."Мемлекет басшысы ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту жөніндегі бағдарламаның жоғары әлеуметтік маңыздылығын бірнеше рет атап өтті. Ауылдық жерлерде сапалы медициналық ем алуды қамтамасыз ету мақсатында бұл жоба арқылы медициналық көмек алу одан әрі қолжетімді болмақ. Енді Қарағанды ауылының тұрғындары қажетті медициналық көмекті уақытылы және қолайлы жағдайда ала алады", - деді өңір басшысы.Қарағанды ауылдық фельдшерлік-акушерлік бөлімі акушер, медбике, кіші медицина қызметкері, жүргізуші және үш газ операторы сынды білікті мамандармен толықтырылған."Біз бұл амбулаторияның ашылуын асыға күттік. Жаңа әрі заманауи жабдықтармен жабдықталған. Президентімізге және медициналық нысанның бой көтеруіне атсалысқан барша жанға шынайы алғысымызды білдіреміз", - деді өңірдің денсаулық сақтау саласының ардагері Екатерина Балицская.Биылғы жылы 6 жаңа "Соболь" медициналық-санитарлық автокөлігі фельдшерлік-акушерлік пункттерге беріледі. Соның ішінде, Қарағанды ауылының фельдшерлік-акушерлік пунктіне де медициналық-санитарлық автокөлігі берілмек.Сондай-ақ, Жаңақоныс ауылында алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету үшін барлық қажетті құралдармен жабдықталған медициналық пункттің құрылысы аяқталды. Пункт құрамында-тіркеу бөлмесі, дәрігердің тексеру кабинеті, емшара бөлмесі және дәріхана бар. Ол дефибриллятормен, ультракүлгін терапиямен және спирографпен жабдықталған. Медициналық пунктте медбике, кіші медициналық қызметкер және үш оператор жұмыс істейді.Айта кетейік, қазіргі уақытта БҚО-да тағы 38 медициналық нысан салынуда. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko/press/news/details/870538
IT-дегі танымал мамандықтар және даму бойынша кеңестер: елордалық JASTAR FEST жастар форумынан көзқарас 16.11.2024
Елордалық "JASTAR FEST" жастар форумы аясында IT-мамандарға және ерекше өзектілікке ие мамандыққа сұраныстың артуы туралы ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі сарапшы Медет Турин айтты, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты."Кибермәдениет пен кибергигиенаны көтеру өте маңызды. Біз жаңа шындыққа бейімделу арқылы ғана жаңа батыл әлемге ене аламыз. Ақпараттық қауіпсіздік мамандары - бұл жаңа кейіпкерлер. IT мамандықтарының ішінде ең танымалдары бар. Мысалы, бағдарламашылар, тестілеу инженерлері, деректерді талдаушылар, UX/UI дизайнерлері, it-маркетологтар, жасанды интеллект маманы және басқалары", - деді Медет Турин.Ақпараттық қауіпсіздік саласындағы сарапшы атап өткендей, қазір IT-мамандарға сұраныстың өсуі байқалады. Осы бағытты таңдаған жастарға ол өз дағдыларын дамытуға, кәсіби байланыстар желісін құруға және үнемі оқуға дайын болуға кеңес берді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/873539
JASTAR FEST: Астана жастары қоғамдық процестер мен экологияға қалай әсер ете алады 16.11.2024
Астана қаласы мәслихатының депутаты Арсланбек Мағзұм "JASTAR FEST" жастар фестивалінде сөйлеген сөзінде жастардың еліміздің қоғамдық үдерістеріне қатысуының маңыздылығын атап өтті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты."ХХІ ғасыр жастарының алдында қазір көптеген мүмкіндік ашылды, бұл - елордада өтіп жатқан керемет іс-шаралар ғана емес, сонымен қатар түрлі гранттар, тегін курстар, саяси бағыт. Қазір көптеген жас министрлер, депутаттар, басқарушылар бар екенін бәріміз білеміз. Жастардың мемлекеттік қызметке барудан қорықпайтынын айтқым келеді. Мен жергілікті мәслихаттың депутаты бола отырып, идеяларды ұсынуға, жастардың құқықтарын қорғауға, қала мен елдің маңызды оқиғаларына басшылық етуге және қатысуға болатындығына мысал келтіре аламын", - деп бөлісті Арсланбек Мағзұм.Депутат сонымен қатар жастарды қоршаған ортаға ұқыпты қарауға шақырды."Біздің мемлекет жастардың мәселелеріне көп көңіл бөледі. Түрлі акциялар мен іс-шаралар өтеді. Мысалы, "Таза Қазақстан" акциясы – бұл қаланың тазалығы туралы ғана емес, тілдің, мәдениеттің, ойдың, мінез-құлықтың тазалығы туралы. Бұл акцияның мәні өте терең", - деді спикер.Естеріңізге сала кетейік, елордада "JASTAR FEST" жастар фестивалі өтіп жатыр. Іс-шара қаланың Жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен ұйымдастырылды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/873545
2 мыңнан астам бос жұмыс орны және оқу үшін кезектегі 20 мың орын: елордада «JOLTAP» жобасы қарқын алып келеді 16.11.2024
Астанада «JASTAR FEST» ауқымды фестивалі өтті, оның аясында «JOLTAP» әлеуметтік жобасының жетекшісі Дана Жүнісова жастарға цифрлық кәсіптерді оқыту және жұмысқа орналастыру мүмкіндіктері туралы толығырақ айтып берді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.Дана Жүнісованың айтуынша, «JOLTAP» әлеуметтік жобасы тегін курстардан өтуге, өмірден өз жолын табуға және табысын арттыруға мүмкіндік береді.«JOLTAP» жобасы аясында 18 қысқа мерзімді курс ұсынылады: 8 цифрлық және 10 жұмысшы мамандығы. Мысалы, тігінші, бариста, майды автокөлік майын ауыстыру және шиномонтаж, мобилография, SMM, таргетинг, видеомонтаж, графикалық дизайн курстары. Айта кету керек, курстар тегін өткізіледі», - деді жоба басшысы.Жоба жетекшісі айтқандай, елордада оқуға жазылуға болатын бірнеше модульдік пункт жұмыс істейді.«Оқу курсқа байланысты 5-тен 22 күнге дейін созылады. Оқудан кейін сертификат беріледі, шығын материалдары мен жабдықтар беріледі. Курс аяқталғаннан кейін біз жастарға JUMYSTAP платформасында орналасқан жұмыстарға орналасуға көмектесеміз.Платформада елорданың 1600 жұмыс берушісінен 2000-нан астам өзекті бос жұмыс орындары ұсынылған.JUMYSTAP платформасын қазірдің өзінде 10 мыңнан астам адам пайдаланады», - дейді Дана Жүнісова.Ол сондай-ақ жоба жұмыс істеген жылы модульдік пунктерге 24 мыңнан астам адам жүгінгенін, оның 20 мыңы оқуға жазылғанын атап өтті. Қазіргі уақытта 8 мыңға жуық адам оқудан өтті.Естеріңізге сала кетейік, елордада «JASTAR FEST» жастар фестивалі өтті, ол елорда әкімдігі мен қаланың Жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен ұйымдастырылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/873661
Байқоңыр ауданының жеке үйлерінде өртке қарсы датчиктер орнатылды 16.11.2024
Елордалық Төтенше жағдайлар департаменті Астана қаласының Байқоңыр ауданындағы жеке тұрғын үй секторы мен жатақханаларды профилактикалық жолмен аралап көрді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.Іс-шара барысында тұрғындарға өрт қауіпсіздігі ережелері түсіндірілді, сонымен қатар мамандар пеш пен газ жабдықтарын тексерді.Аралау барысында ТЖД қызметкерлері халықтың әлеуметтік осал топтарының үйлеріне улы газға қарсы датчиктер орнатты. Бұл құрылғылар өртті ерте анықтауға мүмкіндік береді.«Қазіргі уақытта біздің есепте халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын 800-ден астам отбасы бар. Олардың үйлерінде 650-ге жуық көміртегі тотығы датчигі орнатылған. Бұл тұрғындарды өрттің туындауы туралы ескертуге және өрттің алдын алуға мүмкіндік береді. Қалған отбасыларға улы газға қарсы датчиктерді орнату жұмысы айдың соңына дейін аяқталады және аудан әкімдігімен бірлесіп жүргізіледі», - деді Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы Ажар Рүстемова.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/873665
Астанада әлеуметтік қорғау саласының мамандары салтанатты түрде марапатталды 16.11.2024
Астанада әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің күніне арналған салтанатты кеш өтті, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.Оған Астана қаласы әкімінің орынбасары Ерік Мейірханов, қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы басшысы Илья Скуб, кәсіподақ төрағасының орынбасары, Астана қаласы бойынша филиал төрағасы Атақозы Нұрланов, сондай-ақ сала мамандары қатысты.Қала әкімінің орынбасары Ерік Мейірханов Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің Құрмет грамоталары мен алғыс хаттарын және Астана қаласы әкімінің алғыс хаттарын табыстады.«Құрметті әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлері! Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын. Қазіргі таңда елордада бұл салада 2 мыңға жуық маман қызмет етеді. Сіздер қарт адамдарға, ерекше жандарға, әлеуметтік аз қамтылған және көпбалалы отбасыларға көмек көрсетесіздер. Сіздерге көмекке мұқтаж жандарға қамқорлық көрсеткендеріңіз үшін шын жүректен алғыс білдіремін. Отбасыларыңызға амандық, жұмыстарыңызға табыс тілеймін!» - деді қала әкімінің орынбасары.Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлері «Елеулі еңбек үшін», «Кәсіподақ қайраткері», «Әлеуметтік саласының үздігі», «Өз ісінің маманы» секілді медальдармен марапатталды.Сондай-ақ Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының ұйымдастыруымен Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің күнін мерекелеу қарсаңында дойбы, шахмат, волейбол, тоғызқұмалақ, үстел теннисі, шағын футбол сынды спорт түрлерінен өткен спартакиада жеңімпаздарын Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Илья Скуб марапаттады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/873664
Астанадағы "JASTAR FEST" фестивалінде сарапшы маркетологтардың құпияларын ашты 16.11.2024
"JASTAR FEST" фестивалі аясында маркетолог және ҚР жастар саясаты жөніндегі кеңесінің мүшесі Расул Абдуллаев жастарға әлеуметтік желілерді қалай тиімді пайдалану керектігі туралы айттв, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.Оның айтуынша, маркетолог мамандығы қазіргі уақытта өзекті."Егер сіз математиканы жақсы көрсеңіз, онда маркетинг саласы сізге сәйкес келеді. Математиктер сатумен, таргетпен, талдаулармен айналысады. Егер сіз тарих пен географияны жақсы көрсеңіз, онда сіз, мысалы, бренд менеджері мамандығын таңдай аласыз. Сонымен қатар бұл мамандық қазақстандықтар үшін өте қолайлы. Біздің ұлт өте креативті", - деді Расул Абдуллаев.Ол сондай-ақ әлеуметтік желілердің арқасында жас қазақстандықтар қосымша табыс таба алатынын атап өтті."Қазір көптеген мүмкіндік бар - ақылды мектептер, университеттер, тегін курстар, онлайн оқыту. Біз үш тілді – қазақ, орыс, ағылшын тілдерін білетіндігімізбен бірегейміз. Осылайша, сіз әлеуметтік желілерде ақша таба аласыз, ағылшын тілін үйрену бойынша чек-парақ құрып, мақсат қоя аласыз", - деп бөлісті сарапшы.Естеріңізге сала кетейік, Жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен елордада "JASTAR FEST" жастар фестивалі өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/873677
Астанада куберлер мемлекеттік тудың бейнесін рубик текшелерінен құрастырды 16.11.2024
Республика күніне орай астаналық куберлер «Mega silk way» сауда-ойын сауық орталығында мемлекеттік ту мен Қазақстан картасының бейнесін рубик текшелерінен құрастырды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.Паноны салу үшін 3 мың текше қолданылды. Көрерменнің айтуынша, креативті жоба ерекше мерекелік көңіл күй сыйлады.Салмағы 500 келі болатын картинаны куберлер 6 сағатта құрастырды. Республикалық спидкубинг федерациясының мүшелері жастар мен балаларға шеберлік сабағын ұйымдастырды.“Республика күніне орай MEGA SILK WAY сауда, ойын-сауық орталығының ұсынысын қабыл алып, Қазақстан картасында орналасқан еліміздің туын рубик текшелерімен жинаймыз деп шештік. Барлығы алты жігіт қатысты. Біздің мақсатымыз - Қазақстанда спидкубинг спортын дамыту және еліміздің туын, елге қатысты басқа да суреттерді құрастыру арқылы көрерменнің патриоттық сезімін арттыруға ат салысу”, - деді Республикалық спидкубинг федерациясының мүшесі Шыңғыс Қайырылбаширов.“Бізге қатты ұнап жатыр. Жастардың талантына, осындай рухты көтерертін дүниелер жасауға талпынысына тәнті болдық”, - деді қала тұрғыны Гүлзима Ибрагимова.Куберлердің өнерінен соң іс-шара мерекелік концертке ұласты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/873702
Жанкүйерлер Ризабек Айтмұханды Астана әуежайында қошеметпен қарсы алды 16.11.2024
Күрес түрлерінен 23-29 қазан күндері Албания елінің астанасы Тиранада өткен 23 жасқа дейінгі әлем чемпионатында бақ сынаған Ризабек Айтмұханды жанкүйерлер мен күрес жанашырлары әуежайдан зор қошеметпен қарсы алды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.Еркін күрестен 97 келіде бақ сынаған Ризабек Айтмұхан бір айдың ішінде 2 түрлі санатта қарсылас шақ келтірмеді. Қыркүйекте Испания елінде өткен 20 жасқа дейінгі әлем чемпионатында топ жарса, енді Албания елінен де жеңіспен оралды.Білекті балуанымыз жарыс жолында Каллум Виллиам Нокс (Канада) пен Владислав Козловты мерзімінен бұрын жеңсе, жартылай финалда Шамил Имам Гаджалиев (7:4) айтарлықтай қарсылық танытты. Ал финалда Иран спортшысы Махди Морафахтан 11:6 есебімен басым түсті.«Әлем чемпионы атану – кез келген спортшының арманы, мақсаты. 20 жасымда үшінші рет жаһандық додада қазақтың көк туын желбіреткеніме қуаныштымын. Өкінішке қарай Париж Олимпиадасына бару бұйырмады. Бірақ 20 және 23 жасқа дейінгі Әлем чемпионатына барып та, топ жардым. Бұл жерде де өзіндік мықты бәсекелестік бар. Жеңемін деген мақсатым болды. Енді ең биік тұғырдан көріну – мен үшін үлкен қуаныш. Ал жарыс жолындағы ең мықты қарсылас ретінде финалдағы Иран спортшысы Махди Морафахты айтар едім. Себебі бұл елдің спортшылары әлемде мықтылардың қатарынан саналады әрі жанкүйерлер менен тек қана жеңіс күткендіктен, психологиялық қысым болды», - деді Ризабек Айтмұхан эмоциясымен бөлісіп.Осылайша, 2024 жылы түпкілікті 97 келіге ауысқан Ризабек Айтмұхан ірі жарыстар саналатын Азия чемпионатында күміс, U20 және U23 жасқа дейінгі Әлем чемпионатында бірінші орынға ие болды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/873955
Пәтер кілттерін табыстау рәсімі 16.11.2024
Қарасай ауданы, Қаскелең қаласы, «Қарлығаш» тұрғын-үй кешенінде әлеуметтік осал топтағы санаты бойынша отбасыларға пәтер кілттерін табыстау рәсімі өтті.Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023 - 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын бекіту туралы» қаулысына сәйкес, республикалық және жергілікті бюджеттен «Халықтың әлеуметтiк жағынан осал топтар» санаты бойынша сатып алу құқығынсыз жыл басынан Қарасай ауданы, Қаскелең қаласы, Жазира көшесінен "Қарлығаш" тұрғын үйінен жалпы саны 30 үйдің кілті табыс етілген болатын. Бүгін жүйелі жұмыстар жалғасын тауып, мемлекеттік тұрғын үй қорынан баспанаға мұқтаж кезекте тұрған 10 отбасыға пәтерлер кілті табыс етілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/871544
Республика күні: Алматы облысының даму жолындағы серпіні 16.11.2024
Алматы облысында Республика күніне арналған салтанатты іс-шаралар өтіп жатыр. Мемлекеттік мерекенің маңызы ерекше, себебі ол Қазақстанның егемендігіне жол ашқан тарихи оқиғаларды еске салып, ел бірлігін нығайтуға ықпал етеді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, «Республика күні – халқымыздың рухын көтеріп, елдігімізді нығайтатын, бірлігімізді бекемдеп, ынтымағымызды арттыратын айшықты мереке».1990 жылғы 25 қазанда «Егемендік туралы» декларацияның қабылдануы Қазақстанның тәуелсіздікке деген ұмтылысының алғашқы қадамы болды. Бұл маңызды құжат еліміздің мемлекеттік рәміздерін, шекарасын, азаматтығын және халықаралық қатынастардағы дербестігін айқындап, еліміздің егемендігін ресми түрде мәлім етті. Сол тарихи оқиға Қазақстанның тәуелсіздікке қарай бет алуын қамтамасыз етіп, бүгінде Республика күні ретінде жыл сайын атап өтілуде.Алматы облысының тұрғындары да бұл мерекені мақтанышпен қарсы алуда. Облыс орталығы Қонаев қаласында өткізілген салтанатты жиынға өңірдің Құрметті азаматтары, ел тәуелсіздігіне куәгер болған ардагерлер қатысты. Олардың арасында Ызғарбек Бектұрсынұлы, Серік Кәтенұлы, Әлихан Әбдіханұлы және Нұрлан Ильясұлы бар. Бұл тұлғалар сол кезеңнің куәгерлері ретінде жастарға үлгі боларлық тарихты баяндауда.Экономикалық дамудың жаңа белестері Алматы облысы тәуелсіздік жылдары еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына айтарлықтай үлес қосты. Биылғы жылдың алғашқы 9 айында өңір экономикасына 615,0 млрд. теңге инвестиция тартылып, бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 32,8%-ға артты. Өнеркәсіп өндірісінің көлемі 1,4 трлн. теңгеге жетсе, ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 480,6 млрд. теңгеге бағаланып, 1,9%-ға өсті. Құрылыс саласында да қарқын байқалады: 243,8 млрд. теңге көлемінде құрылыс жұмыстары орындалып, 777,1 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Жалпы, экономиканың әртүрлі салаларында 45 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылды, оның ішінде 33,6 мыңнан астамы тұрақты жұмыс орындары.Тәуелсіздік жылдары бойы елдегі ұлтаралық татулықты сақтау, қоғамдық келісімді нығайту – Қазақстанның басты жетістіктерінің бірі. Бүгінгі таңда халықтың бірлігі мен ынтымағы мемлекет дамуының іргетасын қалап, Қазақстанның саяси және экономикалық салалардағы жетістіктеріне негіз болып отыр. Алматы облысының бұл бағыттағы жетістіктері де республика бойынша үлгі аларлықтай.-“Республика күні – тек мереке ғана емес, әрбір азамат үшін өткеннің маңызды беттерін еске түсіретін, еліміздің болашағына сенім артатын күн. Алматы облысы биылғы жылы да бұл мерекені лайықты түрде атап өтуде, әрі алдағы уақытта да облыстың дамуына жаңа серпін беретін жобаларды жүзеге асыруды жоспарлап отыр”, - деді Марат Сұлтанғазиев өз сөзінде.Салтанатты шара барысында мемлекеттік және қоғамдық қызметтегі cіңірген еңбегі, елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына қосқан елеулі үлесі үшін«Білім және ғылым қызметкерлерінің «Демеу» Алматылық жергілікті кәсіподағының төрағасы - Естенов Тоққожа «Парасат» орденімен марапатталды. Сонымен қатар облысымыздың бірталай азаматтары «Құрмет», III дәрежелі «Еңбек даңқы» орденімен, «Ерен еңбегі үшін», «Шапағат» медалдарымен, жалпы 30-дан астам азаматқа мемлекеттік наградалар табыс етілді.«Алматы облысының құрметті азаматы» атағы Жамбыл ауданынының еңбек ардагері - Әмірғалиев Орынтай Қырғызбайұлына, Еңбекшіқазақ ауданы, «Жақыпбек» ШҚ төрағасы - Даутқұлов Аянбекке, Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің бас директоры - Қонақбаев Айбек Сапарбекұлына берілді.Салтанатты іс-шарада мерекелік концертпен жалғасты. Жалпы облыста Республика күніне орай 170-тен астам нысанда іс-шара ұйымдастырылуда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/871617
Ауыл тұрғындарының денсаулығына жаңа мүмкіндік: Ақдаладағы Фельдшерлік-акушерлік пункттің маңызы 16.11.2024
Ақдала ауылында жаңа фельдшерлік-акушерлік пункттің ашылуы — ауыл өмірінде жаңа бір кезеңнің бастамасы. Бұл нысанның құрылысын «ГрадСтройСервис» ЖШС жүзеге асырды, ал оның жалпы құны 195 млн 148 мың теңгені құрайды.Ауыл тұрғындары үшін күтпеген қуанышты хабар жетті: жаңа фельдшерлік-акушерлік пункттің есігі ашылып, тұрғындардың игілігіне қызмет көрсетуге дайын. Өткен жылы басталған құрылыс жұмыстарының нәтижесінде, бұл ғимарат қазіргі заманның барлық талаптарына сай келетін медициналық құрал-жабдықтармен жабдықталған. Бір ауысымда 30 адамды қабылдай алатын пункт, ауылдағы медициналық көмекке деген қажеттілікті толықтай қанағаттандыру үшін ашылды.Фельдшерлік-акушерлік пункттің ашылуында сөз сөйлеген Балқаш ауданының әкімі А.Құтпанбетов: Еліміздің Президенті өз Жолдауында денсаулық сақтау саласына ерекше көңіл бөліп отыр. Ауданымыздың денсаулық сақтау жүйесі де үнемі нығайтылып келеді. Салаға бөлінетін қаржы да жылдан жылға артып, аудандағы емдеу мекемелерінің материалдық-техникалық базасы да жаңартылуда. Бүгінгі жаңа ғимараттарыңыз құтты болсын! Халықтың игілігіне қызмет ете берсін. Мұнда жұмыс істейтін ақ халатты абзал жандардың да жұмысына табыс, абырой тілеймін! Аналар мен балалардың, жалпы ауыл халқының денсаулығын нығайтуда аянбай еңбек етіп, ел сенімін ақтай беріңіздер», -деді.Ауылдағы әйелдер мен балаларға арналған медициналық қызметтердің сапасы, жаңа пункттің арқасында айтарлықтай жақсарады. Мұнда тәжірибелі мамандардың және заманауи құрал-жабдықтардың болуы, тұрғындарға жедел әрі сапалы медициналық көмек көрсетуге мүмкіндік береді. Ауыл тұрғындарының денсаулығын сақтау мен нығайту, әсіресе, ауылдық жерлерде аса маңызды.Жаңа пункттің ашылуы — тек медициналық қызмет көрсету ғана емес, сонымен қатар ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуына да оң әсер ететін ерекше оқиға. Тұрғындар уақытылы медициналық көмек алып, денсаулықтарын бақылауда ұстай алады. Ауылдың тыныс-тіршілігіне жаңалық енгізіп, тұрғындардың өмір сапасын арттыруға бағытталған бұл жоба, мемлекет пен жеке сектордың бірлескен жұмысының жемісі болып табылады.Ақдала ауылының тұрғындары үшін, жаңа фельдшерлік-акушерлік пункт — денсаулық сақтау саласындағы тың серпін, ауылдың дамуында жаңа мүмкіндіктердің бастауы. Осының нәтижесінде, ауыл тұрғындарының денсаулығын сақтау мен нығайту жолында жаңа мүмкіндіктер туындайды. Жаңа пункттің есігі ауылға үміт сыйлап, тұрғындардың денсаулығын жақсартуға бағытталған маңызды қадам болып табылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/871687
Заманауи медициналық қызмет: Көміршіде жаңа пункттің есігі ашылды 16.11.2024
Республика күні қарсаңында Райымбек ауданындағы Көміршіде медициналық пункт есігін ашты — бұл ауыл тұрғындарының денсаулығы мен әл-ауқаты үшін маңызды оқиға. Ел игілігіне берілген бұл нысан, «Amanat» партиясының сайлауалды бағдарламасы аясында жүзеге асырылып, жалпы құны 118 239 464,34 теңгені құрайды.Медициналық пункттің жобаланған аумағы 3000 м²-ді қамтиды, оның ішінде ғимараттың құрылыс алаңы 288,55 м², көгалдандыру аймағы 1445,06 м², ал қаптау аймағы 1266,39 м² болады. Жаңа ғимараттың тікбұрышты пішіні, бір қабатты және жертөлесіз салынған. 13х18 м өлшемдерімен салынған пункт, өзінің жайлы бөлмелерімен және заманауи инфрақұрылымымен ерекшеленеді.Ғимараттың ішіне кіргенде, көз алдымызға заманауи медициналық жабдықтар мен жылулық шуағы шашылған кең бөлмелерді көрдік.Мұнда орта медицина қызметкерлерінің кабинеті, егу кабинеті, процедуралық кабинет, акушерлік қабылдау кабинеті, мүгедектер мен келушілерге арналған санитарлық тораптар, дәріхана пункті, қызметкерлерге арналған гардероб және жуу бөлмелері, сондай-ақ медициналық қалдықтарды уақытша сақтау және құралдарды дезинфекциялау мен дайындау бөлмелері бар.Әр бөлмеде санитарлық талаптарға сай раковиналар орнатылып, қызмет көрсету сапасы мен тазалыққа ерекше көңіл бөлінген. Бұл жаңа медициналық пункт, ауыл тұрғындарына алғашқы медициналық көмек көрсетуді жақсартуға, сондай-ақ аймақтағы денсаулық сақтау қызметтерінің сапасын арттыруға арналған.Көмірші ауылының тұрғыны Е.Нурмуханбетов: «Биылғы жыл біздің ауылымыз үшін өте табысты да қуанышты жыл болды. Ауылымызда көптің көңілінен шығатын еңсесі биік фельдшерлік амбулаториялық пункт салынды. Ел игіліне пайдалануға беріліп, қуанышымыз еселену де. Жеке-жеке кабинеттер заманауи техникалармен жабдықталған. Заман талабына сай соңғы үлгідегі салынған кешенде ем алушылар да халық та ризашылығын білдіруде. Егемен еліміздің болашағы жарқын болатынына зор сенімдімін»,-деп ризалық сөзін айтты.Көмірші ауылының жаңа медициналық пункті — бұл тек ғимарат қана емес, сонымен қатар ауыл өміріндегі жаңа серпін. Көгалдандырылған аумақ, жасыл желектер мен гүлдердің иісімен толып, келушілер мен медициналық қызметкерлер үшін қолайлы жағдайлар жасайды. Мұнда әрбір тұрғынның денсаулығына көңіл бөлініп, жедел және сапалы медициналық көмек алуға мүмкіндік туады.Ауылдағы мектепте мұғалім болып істейтін Қ.Асанбаева: «Көмірші ауылында көптен күткен қуаныш орын алды. Тұрғындардың талап-тілегі мақұлданып, үстіміздегі жылы ауыл тұрғындарына арналған медициналық пункттің құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді. Тұрғындар өз ауылынан осындай әлеуметтік нысанның ашылғанына дән риза. Ең бірінші адамның денсаулығы жақсы болуы керек. Ол үшін ақ халатты абзал жандар аянбай еңбек етеді деген сенім мол. Міне, бүгін тәуелсіздіктің ақ таңы атқан күні қуаныштың үстіне қуаныш қосылуда. Мерекелеріңіз құтты болсын! Тәуелсіздігіміз тұғырлы болып, еліміз тыныш, жұртымыз аман болсын»,- деген ізгі ниетін білдірді.Осылайша, Көмірші ауылындағы жаңа медициналық пункт, ауыл тұрғындарының денсаулығын жақсартуға бағытталған маңызды қадам болып табылады. Бұл нысан — елдің денсаулық сақтау саласындағы жаңалықтар мен жетістіктерінің жарқын үлгісі, ауылдағы өмірдің сапасын арттыруға арналған сенімді бастама.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/871758
Ащысайдағы жаңа спорт кешені: Жаңа мүмкіндіктер мен жарқын болашақ 16.11.2024
2024 жылдың 25 қазанында Еңбекшіқазақ ауданы, Ащысай ауылында көптен күткен 50 орындық заманауи спорт кешенінің ашылу салтанаты өтті. Бұл оқиға, жергілікті инфрақұрылымды дамытудағы елеулі қадам болып табылады және облыс тұрғындарының спортпен шұғылдануына, белсенді демалысқа жаңа мүмкіндіктер ашады.Айтулы оқиғаға ат басын тіреген Алматы облысы әкімінің орынбасары Нұржан Құдайбергенов: "Жаңа спорт кешенінде халқымызды әлемге танытар атақты чемпиондар шығуына тілектеспін! Бұл ғимарат саналы ұрпақ тәрбиелеп, саламатты ұлт қалыптастыратын орталыққа айналатыны сөзсіз! Тәуелсіз еліміздің көк туын биікте ұстар ұландарымыз көп болғай!", - деп жылы лебізін білдірді.Спорт кешені Алматы облысы құрылыс басқармасының тапсырысымен салынды, ал бас мердігері — «СМУ Шығыс» ЖШС. Кешеннің құрылысы 2023 жылы басталып, бір жарым жыл ішінде спорттық шараларды ұйымдастыруға қойылатын барлық талаптарға сай заманауи нысанға айналды. Спорт кешенінің жалпы ауданы 1538,6 м², оның ішінде бокс, күрес, волейбол, баскетбол, футбол және гандбол залдары бар.Құрылыстың жалпы құны 907, 2 млн теңге болды. Жаңа спорт кешенінің ашылуы тек жаңа жұмыс орындарын ашып қана қоймай, жергілікті тұрғындардың өмір сүру сапасын да айтарлықтай жақсартуға ықпал етеді. Кешен, ауыл тұрғындары мен жастардың денсаулығын нығайтуға, дене шынықтырумен айналысуға арналған спорт түрлерімен шұғылданатын орталыққа айналмақ.Сонымен қатар, спорт кешені жастар мен ересектер арасында спортты насихаттауға арналған жарыстар, оқу-жаттығулар және басқа да іс-шараларды өткізу үшін идеалды алаң болып табылады. Бұл жағдай, дене белсенділігінің қоғамдағы маңыздылығын және оның жалпы әл-ауқатқа тигізетін оң әсерін айқын көрсетеді.Ащысайдағы жаңа спорт нысаны жергілікті тұрғындарды қуанышқа бөлеп қана қоймай, Алматы облысының спорт инфрақұрылымын жақсартуға бағытталған маңызды қадам болып табылады. Спорт кешенінің ашылуы ауылда спорт пен белсенді өмір салтын табысқа жеткізу үшін жаңа мүмкіндік береді, бұл ауылдың болашағы үшін жасалған жарқын да нық қадам болып отыр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/871903
Мемлекеттік Туды көтерудің салтанатты рәсімі 16.11.2024
Бүгін, Республика күні мерекесінде, Еңбекшіқазақ ауданының Есік қаласындағы Ту тұғыры жанындағы Мемлекеттік рәміздер алаңында, Мемлекеттік Ту көтеру салтанатты рәсімі өтті. Отансүйгіштік пен мақтаныштың символы болып табылатын бұл айтулы оқиға Республика күнін мерекелеудің бастамасы ретінде ерекше мәнге ие болды.Салтанатты шараға мәслихат депутаттары, жергілікті әскери гарнизонның қызметкерлері, құқық қорғау органдарының өкілдері, зиялы қауым және аудан тұрғындары қатысты. Олардың барлығы азаматтық келісімді, ұлттық бірлікті және ел тағдыры үшін жауапкершілікті білдіретін осы маңызды күнді, бірге атап өтуді мақсат етті.Алматы облысы әкімінің орынбасары Нұржан Құдайбергенов сөзінде: «Құрметті жерлестер, баршаңызды Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын! 1990 жылы 25 қазанда еліміз мемлекеттік егемендік туралы Декларация қабылдап, тәуелсіздікке алғашқы қадам жасады. Осы уақыт ішінде Қазақстан қуатты, тұрақты мемлекетке айналды. Бірлік пен келісім – біздің басты байлығымыз. Қоғамдық келісімді сақтай отырып, біз жетістіктерімізді арттырып, жарқын болашақты қамтамасыз етеміз. Бүгінгі ту көтеру рәсімі – ұлттық рух пен патриотизмнің белгісі. Туымыз әрқашан биікте желбірей берсін!» – деді.Республика күнін мерекелеу – еліміздің өркендеуіне негіз болған құндылықтардың маңыздылығын көрсетеді. Бірлік пен келісім – ұлтымыздың басты тірегі. Осы бірліктің арқасында біз түрлі қиындықтарды жеңіп, болашаққа сеніммен қараймыз. Бұл күн – әр азаматтың жүрегінде отанға деген сүйіспеншілікті, патриотизм мен мақтаныш сезімін оятып, еліміздің тарихында жарқын беттерді ашуға жол сілтейтін ерекше сәт.Салтанат барысында Туымыздың желбіреуі – халықтың бірлігі мен тұтастығының белгісі, ал еліміздің болашағының жарқын болуы әрқайсымыздың ортақ міндетіміз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/871905
Алматы облысының жастары «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасын қолдайды 16.11.2024
Жастардың «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасын қолдауы қоршаған ортаны қорғауға және орнықты дамуға деген қызығушылықтың артып келе жатқанын айғақтайды. Облыс жастары сенбіліктер, экологиялық акциялар, білім беру науқандары және еріктілер жобалары сияқты түрлі іс-шараларға белсенді қатысады. Бұл экологиялық жағдайды жақсартуға көмектесіп қана қоймай, табиғатқа жауапкершілікпен қарауды қалыптастырады.Жергілікті билік пен қоғамдық ұйымдардың қолдауымен осындай іс-шараларды ұйымдастыру экология мен тұрақты даму саласындағы одан әрі күш-жігерге оң серпін береді. Мұндай белсенділік болашақта жалғасады, бұл аймақтың барлық тұрғындары үшін таза және сау орта құруға ықпал етеді.Іс — шараның негізгі мақсаты-қоршаған ортаны таза және әдемі ету арқылы өзгерту. Іс-шараға қатысушылар экологиялық мәселелерді шешуге және табиғатты қорғауға бағытталған, бұл өмір сүруге қолайлы жағдай жасау және болашақ ұрпақ үшін табиғи ресурстарды сақтау үшін маңызды.Жамбыл ауданында аймақ аумақтарын, қоғамдық орындарды, көшелерді, базарларды, су айдындарының жағалауларын санитарлық тазалау және абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Іс-шараға 100-ден астам жергілікті жастар белсенді қатысты. Жастардың санитарлық тазалау мен абаттандыруға қатысуы қоршаған ортаны жақсартуға ғана емес, азаматтық жауапкершілікті қалыптастыруға да ықпал етеді. Мұндай іс-шаралар қоғамдастықты нығайтады және табиғатқа қамқорлық жасаудың маңыздылығына назар аударады. Мұндай іс-шаралар адамдар арасындағы байланысты нығайтады, қоғамдастық пен бірлескен мақсат сезімін тудырады.Сенбілік аяқталғаннан кейін қатысушылар челлендж ұйымдастырды, акцияға орайластырылған іс-шараларға 50-ден астам адам қатысты. Барлық іс-шаралар аяқталғаннан кейін қатысушыларға символдық сыйлықтар табыс етілді, бұл экологиялық оқиғаның жағымды аяқталуына және мерекеге көңілге мотивация берді. Бұл іс-шара экологиялық жауапкершіліктің маңыздылығына назар аударуға көмектеседі және адамдарды өз елді мекендерінде тазалықты сақтау бойынша тұрақты күш-жігерге шабыттандырады.«Таза Қазақстан» бағдарламасын қолдау мақсатында Алматы облысы Азаматтық альянсының төрағасы Досалы Балжан сөз сөйледі.«Біздің жердің тазалығы, табиғаттың сұлулығы-үлкен құндылық. Баршаңызды «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасын қолдауға шақырамын» -деп атап өтті Досалы Балжан.«Таза Қазақстан» республикалық бағдарламасына мемлекеттік мекемелер, жеке ұйымдар, шаруа қожалықтары, жастар, волонтерлік және үкіметтік емес ұйымдар белсенді қатысуда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/872693