Қуқық
Алматы облысының қала құрылысы: Нәтижелер мен жоспарлар 16.11.2024
Алматы облысында қала құрылысы бастамалары белсенді түрде жүзеге асырылып, 373 елді мекенді, соның ішінде жаңадан құрылған Алатау қаласын қамтиды.Ұйымдастыру шаралары аясында қоғамдық тыңдаулар өткізіліп, бірнеше елді мекендердің қала құрылысы құжаттамасы бекітілді. Атап айтқанда, Алмалыбақ, Қошманбет, Қырғауылды, Қаскелең және Елтай ауылдарының бас жоспарлары 2024 жылдың ақпан айының басында жергілікті өкілді органдармен сәтті бекітілді.Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің тапсырмасы бойынша, сондай-ақ ауылдық аумақтарды дамытудың 2023–2027 жылдарға арналған тұжырымдамасы аясында 51 қала құрылысы құжаттамасын әзірлеу және түзету бойынша келісімдер жасалды. Бұл елді мекендердің, соның ішінде саяжай аумақтарының бас жоспарларын әзірлеуді қамтиды. Кеген ауданындағы Саты және Жалағаш ауылдарының бас жоспарларын түзету бойынша жұмыстар да жүргізілуде.Сонымен қатар, Алатау қаласының шығыс бөлігін жоспарлау жобасы әзірленуде, бұл өңірге инвестиция тарту стратегиясының бір бөлігі. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің бұйрығына сәйкес, 2024 жылдың 25 қыркүйегі мен 18 қазаны аралығында қала құрылысы жобаларының қоғамдық талқылаулары өткізілді. 2024 жылдың мамырында Үкімет қаулысымен Алатау қаласының бас жоспары бекітіліп, цифрлық деректер базасы «ГосГрадкадастр» РММ-ға тапсырылды.Алматы агломерациясын аумақтық дамытудың өңіраралық схемасы бекітіліп, әртүрлі аумақтарды біріктіру мен сауатты басқарудың маңыздылығы атап өтілді. Қонаев қаласының бас жоспарын түзету үшін қосымша келісімдер жасалды.Мемлекет басшысы мен Премьер-Министрдің индустриялық логистикалық хаб жобасын іске асыру жөніндегі тапсырмасы аясында Алатау қаласының негізгі аймақтарын жобалауға бюджеттік өтінімдер жолданды. Қала құрылысы құжаттамасын жаңарту бойынша жұмыс жалғасуда, бұл ретте талаптар мен стандарттардың сақталуына баса назар аударылуда. Алматы облысының прокуратурасымен бірлескен тексерулер нәтижесінде жергілікті атқарушы органдардың қызметіне қатысты қорытындылар жасалды, бұл қала құрылысы жобаларын іске асыру барысын бақылау мен талдауды жетілдіреді.Алматы қаласы мәслихатының депутаттарына Алматы агломерациясының схемасын таныстыру — қала құрылысы бастамаларын талқылау және жүзеге асыру үшін маңызды қадам. Ветеринария басқармасымен бірлесіп жерлеу орындарын талдау және картаға түсіру бойынша таныстыру сапарлары да ұйымдастырылуда, бұл қала құрылысы саясатын нығайтуға септігін тигізеді.Алматы облысының қала құрылысы басты назарында болып, халықтың өмір сүру сапасын жақсарту және өңірдің тұрақты дамуы үшін жаңа мүмкіндіктер ашады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/873368
Жыл қорытындысы бойынша 99220 әскери бөлімінің әзірлігін тексеру 16.11.2024
99220 әскери бөлімінің аумақтық қорғаныс бригадасы 2024 жылдың есепті кезеңінде негізгі іс-шаралар жоспарына сәйкес жыл қортындысына орай әскери бөлімнің дайындығына тексеріс өткізді.Қорытынды тексеру нәтижелері бойынша бригаданың жауынгерлік дайындық жағдайы, бригаданы басқарудың дайындық деңгейі, техникалық (арнайы) дайындық, оқ ату дайындығы, дене шынықтыру дайындығы, жалпы әскери жарғылар бойынша теориялық білім дайындығы, радиациялық, химиялық және биологиялық қорғау дайындығы мен бөлімшенің үйлесімділік деңгейі анықталып «жақсы» деген бағамен бағаланды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/873485
Алматының бірыңғай бейнемониторинг жүйесіне 45 мың камера қосылды 16.11.2024
Алматыда «Бірыңғай бейнемониторинг жүйесі» (ББЖ) жобасын жүзеге асыру жалғасып келеді. Бұл туралы қаланың цифрландыру басқармасы мен Алматы әкімдігінің жобалық кеңсесі хабарлады.ББЖ жобасының негізгі міндеті – қаладағы барлық бейнебақылау камераларын бір платформаға біріктіріп, түрлі тапсырмаларға арналған бейнеағындарды көп мәрте пайдалану және нақты уақыт режимінде бейне талдау қалыптастыру.Бейне талдау түтінді, отты, қалған заттарды, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше оқиғаларды, киімді, жынысты және бет-әлпетті тану және т.б. негізінде қалыптасады.Қазіргі уақытта 603 мемлекеттік және 906 жеке нысан бейнеағындарын ББЖ-ға қосу жұмыстары жүргізілуде.Бүгінде Бірыңғай бейнемониторинг жүйесіне 45 мың бейнекамера қосылған.Биыл екінші тоқсанда «Сергек» зияткерлік қауіпсіздік жүйесінің қосымша 300 аппараттық-бағдарламалық кешені орнатылды.Айта кетейік, қалада 9034 бейнекамерадан тұратын 1641 «Сергек» кешені жұмыс істеп тұр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/872516
Алматыда жаңа қала маңы бағыттары ашылды 16.11.2024
Алматыда мегаполистің агломерациямен көлік байланысын арттыру аясында қала маңындағы қоғамдық көлік маршруттары ашылып жатыр.Осылайша, 28 қазаннан бастап №237, №257 және №258 маршруты іске қосылды, ал 1 қарашадан бастап №239 маршруты іске қосылады деп жоспарланып отыр.№237 «Барлық базары – Қаратөбе ауылы» бағытындағы маршрутта үлкен сыйымдылықтағы 5 автобус қызмет көрсетеді. Маршруттың жұмыс басталу уақыты – 5:30, аяқталу уақыты – 23:05. Тасымалдаушы – «Қаскелең автобус паркі» ЖШС.№257 «№7 қалалық аурухана – Еңбекші ауылы» бағытындағы маршрутта да үлкен сыйымдылықтағы 5 автобус қызмет көрсетеді. Маршруттың жұмыс басталу уақыты – 5:30, аяқталу уақыты – 23:01. Тасымалдаушы – «Қаскелең автобус паркі» ЖШС.№258 «Жетісу базары – Өстемір ауылы» бағытындағы маршрутта 2 автобус қызмет көрсетеді. Маршруттың жұмыс басталу уақыты – 5:40, аяқталу уақыты – 22:01. Тасымалдаушы – «Самат-Транс» ЖШС.№239 «Б. Момышұлы метро бекеті – Долан ауылы» бағытындағы маршрутта 18 автобус қызмет көрсетеді. Маршруттың жұмыс басталу уақыты – 5:30, аяқталу уақыты – 23:01. Тасымалдаушы – «Neo City Trans» ЖШС.Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау ережесіне сәйкес, бұл маршруттар конкурстар өткізілгенге дейін тасымалдаушыларға берілді және тестілік режимде жұмыс істейтін болады. Соның нәтижесінде жолаушылар легі мен халықтың қажеттілігі ескеріліп, қозғалыс схемаларына өзгерістер енгізіледі.Естеріңізге сала кетейік, былтыр шаһар басшысы Ерболат Досаевтың тапсырмасымен әкімдік 600 автобус пен 100 троллейбус сатып алып, 22 жаңа маршрут, оның ішінде 10 қала маңындағы бағыт ұйымдастырып, 50-ге жуық елді мекенді қамтыды. Биыл тағы 600 автобус, 112 троллейбус және 100 электроавтобус сатып алу жоспарланып отыр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/872517
Алматыда ықтимал су басып қалуды болдырмау үшін арнайы техника дайын 16.11.2024
Алматыда 27 қазанда түнгі сағат 3-тен бастап жаңбыр жауа бастады, ол 28 қазан күнгі кешкі сағат 5-ке дейін жалғасады.Қалада 12 мм жауын-шашын, Каменское платода 23 мм жауын-шашын болды.28 қазандағы жағдай бойынша Алматыда қазан айында 61 мм түсті, айлық нормасы 50 мм, бұл 122%-ды құрайды.ТЖ-дың жедел кезекшісінің ақпараты бойынша басып қалу фактісі тіркелген жоқ.Ықтимал су басып қалудың алдын алу және жою мақсатында мотопомпалармен, багралармен және басқа да қажетті құралдарымен жабдықталған 42 жедел мобильді бригаданың кезекшілігі ұйымдастырылды. Арық өткелдеріндегі кездейсоқ қоқыстардың барлық кептелістері 15-20 минут ішінде жойылады.470 бірлік арнайы техника мен 1020 жол жұмысшысы жұмылдырылды, 2,1 мың қап құм дайындалды.«Қазгидромет» РМК ақпараты бойынша бүгін кешке дейін қалада биіктігі 8 мм-ге дейін жаңбыр жауады, сағат 11-ге дейін қатты жауын болады, кейін біртіндеп бәсеңдей. Тауларға қар түседі. Солтүстік-шығыс жел 3-8 м/с. ауа температурасы +6...+ 8°С.Алматы қаласының коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/872519
Шамамен 27 мың пластик бөтелке: Алматыда «Plastic Reboot» акциясы қорытындыланды 16.11.2024
Алматыда 18-24 қазан аралығында республикалық «Таза Қазақстан» бағдарламасы мен қалалық «Жарқын күз» науқаны аясында пластик ыдыстарды жинау бойынша «Plastic Reboot» акциясы өтті. Бір апта ішінде қала тұрғындары экологиялық жағдайды жақсартуға деген қызығушылықтарын білдіріп, 26 950 дана пластик тапсырды. Әсіресе, Жетісу және Алмалы аудандарының тұрғындары белсенділік танытты.«Plastic Reboot» акциясы қайта өңдеу идеясын насихаттауға және қоқысты бөлек жинау мәдениетін қалыптастыруға бағытталған. Науқан барысында жиналған пластик қайта өңдеуге жіберіліп, табиғатқа кері әсерін тигізетін пластик қалдықтарының көлемін азайтуға мүмкіндік береді.Сондай-ақ, қалада пластик бөтелкелердің қақпағын жинау бойынша «Мейірімді қақпақ» акциясы жалғасуда, ол қаладағы оқу орындарында өтуде. Акция осы жылдың желтоқсанына дейін жалғасады, оған балабақша тәрбиеленушілері, оқушылар мен студенттер белсенді түрде қатысып отыр. Ұйымдастырушылар балалардың эко-жобада маңызды рөл атқаратынын айтады, себебі олардың қатысуы арқылы табиғатқа деген оң көзқарас жас кезінен қалыптасады.Қақпақтарды жинау нәтижесінде қайта өңделген пластиктен жасалған ерекше жаңажылдық шырша құру жоспарланып отыр. Бұл символикалық арт-нысан Жаңа жыл мерекелерінде қала алаңдарының біріне орнатылып, тұрғындардың назарын қайта өңдеудің және экологиялық өмір салтының маңыздылығына аударуға бағытталады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/873022
«Медеу» мұз айдынының жаңа маусымы 2 қарашада ашылады 16.11.2024
Алматыда 1 қарашада «Медеу» мұз айдыны техникалық режимде іске қосылады, оған барлық тілек білдірушілер сеанс кестесіне сәйкес бара алады. 2 қарашада «Медеу» биік таулы мұз айдынында жаппай сырғанаудың жаңа маусымының салтанатты ашылуы өтеді.Салтанатты ашылу бағдарламасы сағат 12:00-ден 15:30-ға дейін жалғасады.Келушілер үшін қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен концерттік бағдарлама қарастырылған. Кешкі сағат 17.00-ден 20.00-ге дейін қонақтар конкурстарға қатысып, кешті жүргізуші мен диджейдің сыйлықтарын алады және дискотекаға қатысады.Жаңа маусымда келушілерді күнделікті жаппай сырғанау сеанстары, мерекелік іс-шаралар және спорттық жарыстар күтеді. Ниет білдірушілер конькиді жалға алып, демалыс аймағын пайдалана алады. Қонақтарға ыңғайлы болу үшін мұз айдыны аумағында фастфуд пункттері ұйымдастырылады.Алматы қаласы спорт ғимараттарының дирекциясы қала тұрғындары мен қонақтарына кассалардағы кезектерді болдырмау және турникет жүйесі арқылы жылдам өтуді ұйымдастыру, кептелістер мен тұрақ қиындықтарын болдырмау үшін билеттерді www.medeu.kz ресми сайт арқылы сатып алуды және қоғамдық көліктерді пайдалануды ұсынады.Ашылу күні №12 автобус бағытын «Медеу» биік таулы мұз айдынына дейін ұлғайту жоспарлануда. Автобустар жұмыс күндері сағат 8:00-ден 00:00-ге дейін және демалыс күндері сағат 8:00-ден 01:00-ге дейін жүреді.Көлік жүретін орындарды 2GIS қызметінен табуға болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/873024
Алматыда «Наркостоп» акциясы өтті 16.11.2024
Алматыда қала ғимараттарына жазылған есірткі жарнамаларын жоюға бағытталған «Наркостоп» акциясы өтті. Шара Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасы, прокуратура және Алматы қаласының Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қолдауымен өтті.Аталған іс-шараның мақсаты – жастарға есірткінің зияндылығын түсіндіре отырып, салауатты өмірді таңдауға шақыру.«Наркостоп» акциясы — бұл тек жазуларды бояу емес, жастарға қауіпсіз болашақ сыйлауға бағытталған маңызды қадам. Осындай шаралар арқылы жастар арасында есірткінің зияндылығын түсіндіріп, салауатты өмір салтын насихаттап, олардың өз ортасына деген жауапкершілігін арттырғымыз келеді», - деді ұйымдастырушылар.Акцияға 200-ге жуық волонтерлер және белсенді жастар қатысты. Олар Алматы қаласының Полиция департаментінің қызметкерлерімен есірткі жарнамаларының орындарын анықтап, олардың заңсыз жазбаларын өшірді. Рейд барысында 1 күннің ішінде ғимараттардың сыртқы қабырғасына жазылған 100-ден аса жарнама анықталып, жойылды.«Осы акцияға қатысып қала жастары ортақ мақсат үшін біріктік. Біз заңсыз жарнамаларды өшіріп, олардың әр қарай таралмауына кішкене болса да өз үлесімізді қосып жатырмыз», - деді волонтер Бектұрғанов Күшқуат.Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл акция бір реттік емес, жүйелі түрде өтіп тұрады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/873386
Алматыда Қажымұқан және Назарбаев көшелерінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады 16.11.2024
Назарбаев даңғылы мен Қажымұқан көшесінің бір бөлігіне жөндеу жүргізуге байланысты қозғалысқа уақытша шектеу енгізіледі.1-учаске:30 қазанда сағат 10.00-ден 15.00-ге дейін Қажымұқан көшесінің 22-үйінен Назарбаев даңғылына дейінгі учаскеде қозғалыс жабылады. Бұл аумақты Достық даңғылы мен С. Байжанов көшесі арқылы айналып өтуге болады.2-учаске:30 қазанда сағат 15.00-ден 23.00-ге дейін Назарбаев даңғылының Қажымұқан көшесінен әл-Фараби даңғылына дейінгі учаскесінде қозғалыс жабылады. Бұл аумақты Қажымұқан, Меңдіқұлов және Достық даңғылдары арқылы айналып өтуге болады.Жөнделетін аумақта ескерту белгілері, мердігер ұйым басшысының байланыс нөмірі жазылған стендтер қойылады. Маршрутыңызды алдын ала жоспарлап алуыңызды сұраймыз.Естеріңізге сала кетейік, қозғалысты шектеуге қатысты барлық ақпарат Almaty.kz сайтында, @AlmatyJoly Telegram арнасында, аудандық әкімдіктер мен басқармалардың әлеуметтік желісінде, сондай-ақ 2GIS пен «Яндекс карталар» сервисінде жарияланған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/873610
Алматының Медеу ауданында 38 жыл бойы пайдаланылған құбыр ауыстырылды 16.11.2024
Алматыда Құрманғазы көшесінде Пушкин көшесінен Зенков көшесіне дейінгі құбыр желісін ауыстыру жұмыстары аяқталды. Биыл ұзындығы 305 метр учаске қайта жаңартылды. Ауыстырылған құбыр 1986 жылы пайдалануға берілген және қазіргі уақытта 5 көпқабатты тұрғын үй мен 4 басқа нысанды жылу және ыстық сумен қамтамасыз етеді.Жалпы, биыл Алматы әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасымен қалада 20 км жылу жүйесі жаңғыртылды. Жөндеу жұмыстары жыл сайын жылыту маусымына дейінгі кезеңде жүргізіледі, биыл бұл жұмыстар Алматының 6 ауданында өтті. Жылу жүйелері қайта жаңартылған учаскелердегі көріктендіру жұмыстары ауа райына байланысты кезең-кезеңімен жүзеге асырылады.Естеріңізге сала кетейік, қозғалысты шектеуге қатысты барлық ақпарат Almaty.kz сайтында, @AlmatyJoly Telegram арнасында, аудандық әкімдіктер мен басқармалардың әлеуметтік желісінде, сондай-ақ 2GIS пен «Яндекс карталар» сервисінде жарияланған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/873926
Алматыда қысқа дайындық: автопаркті жаңарту, арнайы техника сатып алу жүріп жатыр 16.11.2024
Алматыда қысқы кезеңде қалаға қызмет көрсету үшін 918 бірлік техника бар, жолдар мен тротуарларды тазартуға 1 400 жол жұмысшысы тартылуы мүмкін. Бұл туралы мегаполистің коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасынан хабарлады.Қазіргі уақытта жалпы ұзындығы 2,7 мың км асатын 2318 көшеде санитарлық тазалау жұмыстары жүргізілуде.Күндізгі кезеңде техниканың көшелерді тазалауға күнделікті шығуы шамамен 600 бірлік пен 800 жол жұмысшысын, түнгі ауысымда 220 бірлік техниканы және 250 жол жұмысшысын құрайды.Он мердігер ұйым қысқы кезеңде дайындық жұмыстарын аяқтады өндірістік базалар, арнайы техника, жүргізушілер мен жол жұмысшыларына арналған демалыс бөлмелері, көктайғаққа қарсы және жанар-жағармай материалдарын, қосалқы бөлшектерді, қажет құралдарын, қысқы арнайы киімдерді сатып алу, қысқы жабдықтар жиынтығын орнатумен барлық маусымдық техниканы қайта жарақтандыру, сондай-ақ қар үйінділерінің орналасу орындарын келісу.Көктайғаққа қарсы материалдар дайындалды.Жұмыстардың сапасы мен жеделдігін арттыру, сондай-ақ «Алматы Тазалық» МКК автопаркін жаңарту үшін 22 мамандандырылған техника сатып алынды. Тағы 10 бірлік жыл соңына дейін сатып алынады.Қалың қар жауған жағдайда қаланың құрылыс ұйымдары қосымша 150-ге дейін самосвалдар мен тиегіштерді, сондай-ақ 1000-ға дейін жұмысшыларды қамтамасыз етеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/873952
Алматы қаласында болашақ сәулетшілер мен дизайнерлерге арналған DESIGN REVIEW 2024 байқауы басталды 16.11.2024
Алматы қаласын дамыту орталығы ҚазБСҚА және «Алматыбасжоспар» ғылыми-зерттеу институтының көмегімен 2024 жылдың 30 қазаны мен 30 қарашасы аралығында жалғасатын болашақ сәулетшілер мен дизайнерлер үшін DESIGN REVIEW 2024 байқауының басталғаны туралы хабарлайды.Байқауға қатысу – жоғарғы қабаттарға апаратын лифттері жоқ көптеген тұрғындар үшін, соның ішінде мүмкіндігі шектеулі жандар үшін қиындық тудыратын кеңестік дәуірдегі және кеңестік кезеңнен кейінгі үйлерде инклюзивті орта құрудың бірегей мүмкіндігі. Байқаудың мақсаты - өмір сүру сапасын жақсарту және барлық тұрғындардың, соның ішінде жүріп-тұруы шектеулі адамдардың қажеттіліктерін ескере отырып, неғұрлым ыңғайлы және заманауи қала кеңістігін құру үшін осындай үйлерді қайта құрылымдау.Байқауға қатысу үшін 6 қарашаcына (қоса алғанда) дейін тіркелу қажет.7-15 қараша аралығында DESIGN REVIEW 2024 тіркелген қатысушылары үшін Алматыбасжоспар ҒЗИ және ҚазБСҚА мамандары, сондай-ақ сәулет саласындағы шақырылған сарапшылар зерттеу әдістері мен кеңістіктік талдау бойынша шеберлік сабақтарын өткізеді (қатысушылар қалалық кеңістікті зерттеу әдістерін және дәл және тиімді дизайн шешімдерді тұжырымдауға мүмкіндік беретін проблемаларды анықтау); дизайн шешімдерді қалыптастыру (қатысушылардың дизайн жобаларды құру және оларды нақты жағдайларда сынау дағдыларын дамыту); сәулеттік презентация әдістері (қатысушылар өз жобаларының презентацияларын жасауды үйренеді, соның ішінде сторителлинг әдістері және тұжырымдаманы клиент үшін креативті таныстыру).Қатысушылардың байқау жұмыстары 28 қарашаға (қоса алғанда) дейін тапсырылуы тиіс. Міндетті талаптарға таңдалған нысанның негіздемесі мен талдауы, ғарыштық жоспарлау шешімінің болуы, сызбалар мен визуализациялар және т.б. кіреді. Шарттардың толық тізбесі Байқау туралы ережеде Алматы қаласын дамыту орталығының сайтында берілген.29-30 қараша аралығында қатысушылар «Алматыбасжоспар» ғылыми-зерттеу институты, ҚазБСҚА мамандары және шақырылған сәулетшілер мен урбанистерден тұратын комиссияға конкурстық жұмыстарын ұсынады. Презентациялар қорытындысы бойынша ақшалай сыйлыққа ие болатын үш жеңімпаз анықталады: 1-орын – 300 мың теңге, 2-орын – 200 мың теңге, 3-орын – 100 мың теңге.«Байқаудың негізгі идеясы - қызықты бастамалар мен шешімдерді әзірлеу арқылы ерекше қажеттіліктері бар адамдарға тең, кедергісіз қолжетімділік қағидатын қамтамасыз ету. Қатысушылардың ең үздік байқау жұмыстары болашақта жеке тәжірибе болып қалмай, ерекше қажеттілігі бар азаматтарға әлеуметтік көмек пен қолдау жүйесін реттейтін нормативтік актілерде ескеріледі, әлеуметтік қызметтер мен бизнес қауымдастығына ұсынылады, - деп мәлімдеді «Алматы қаласын дамыту орталығы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Жанар Габдуллина.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/873957
Облыс әкімі Республика күніне арналған мерекелік концертті тамашалады 16.11.2024
Өнер орталығында Республика күніне арналған мерекелік концерт өтті. Шараға облыс әкімі Асхат Шахаров бастаған зиялы қауым өкілдері, еңбек ардагерлері, өнер адамдары, мемлекеттік мекемелер мен үкіметтік емес ұйымдардың қызметкерлері қатысты. Сахнаға алдымен Қазақстан Республикасының мемлекеттік Туы әкелініп, Әнұран шырқалды.Бұдан кейін облыс әкімі жиналған жұртшылықты мерекемен құттықтап, жылы лебізін білдірді.«Сіздерді ұлық мерекеміз — Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын!Өздеріңізге белгілі, 1990 жылы 25 қазанда қабылданған декларацияда еліміздің егемендігі жарияланды. Мемлекетіміз үшін маңызы зор бұл тарихи құжатта Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретіндегі саяси-құқықтық негіздері рәсімделді.Алғаш рет ел аумағының тұтастығы, қазақ халқының және өзге де ұлт өкілдерінің мәдениеті, дәстүрі, ұлттық болмысы қалыптасып, мемлекеттік қағидаттар бекітілді.Біздің Республикамыз талай сәттерді басынан өткерді. Қандай сынақта да еліміз бірлігінен айырылған жоқ. Ендеше ата-бабамыздан бізге мұра болып жеткен сол игіліктерді сақтап, келер ұрпаққа жеткізу — біздің парызымыз.Мереке қарсаңында осы игілікті жолда әр өңірде еңбек етіп жүрген бірқатар азаматтар Мемлекет басшысының атынан мемлекеттік наградалармен марапатталды. Олардың қатарында ақтөбеліктер де бар. Сондықтан жерлестерімізді осы мәртебелі марапаттарымен құттықтай отырып, баршаңызға амандық, дендеріңізге денсаулық, отбасыларыңызға бақ-береке тілеймін! Мереке құтты болсын!», — деді Асхат Шахаров.Шарада Тарлан колледжінің оқушылары мен «Аққу» би ансамблі көрермендерге «Бабалар жолымен — болашаққа» атты прологын ұсынды.Кеш барысында Ғ.Жұбанова атындағы облыстық филармонияның дәстүрлі әншілері, Тарлан колледжінің оқушылары, қазақ камералық хор ұжымы, Т.Бигелдинов атындағы әуе қорғанысы әскери институтының курсанттарының «Домбырашылар» ансамблі, «Тамсан» және «СақТау» триолары өнер көрсетіп, жұртшылыққа мерекелік көңіл-күй сыйлады.Сонымен қатар шарада жас әнші, «Қазақстан дауысы 2021» жобасының финалисі Рахман Сатиев, республикалық конкурстардың лауреаттары — Ғазиза Əбдірова, Мəншүк Мұқанова, Ақбота Қоянбайқызы, Мейірбек Тәжіғұлов, Әкімжан Шәкіров, Аманжол Өтемұратов, Оразғали Сағитжанұлы, т.б. патриоттық әндер мен Шəмші əндерінен попурри орындады.Шара әнші Оразғали Сағитжановтың орындауындағы «Атамекен» әнімен аяқталды. Өңір басшысы атынан сахна төріне ықылас гүлі тарту етілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/871729
Ақтөбеде Мемлекеттік ту көтерілді 16.11.2024
Бүгін, 25 қазан - Республика күні. Ұлттық мереке облыс көлемінде аталып өтуде.Айтулы күнде Ақтөбедегі Тутұғыр алаңында мерекелік шара ұйымдастырылды. Ту көтеру салтанатты рәсіміне өңір басшысы Асхат Шахаров, облыстық және қалалық мәслихат депутаттары, Т.Бигелдинов атындағы Әуе қорғаныс күштері әскери институтының сарбаздары, құқыққорғау органдарының қызметкерлері, қоғам белсенділері және БАҚ өкілдері, қала тұрғындары қатысты.Қатысушылар Мемлекеттік әнұранды шырқаған сәтте көк байрағымыз салтанатты түрде көтерілді.Шара соңында ақтөбелік әнші Ұ.Досмұратов «Қазақстан өз елім» әнін, Ғ.Жұбанова атындағы Қазақ камералық хорының әртістері «Атамекен» әнін орындады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/871887
Қызылжарда 320 орындық жаңа мектеп ашылды 16.11.2024
Жаңа мектепте 371 бала оқиды.Республика күні Ақтөбе қаласында жаңа мектеп есігін ашты. Бұл – Қызылжар тұрғындары үшін қуанышты жәйт. Апаттық мектептің орнына заманауи білім ордасы бой көтерді.Ашылу салтанатына облыс әкімі Асхат Шахаров қатысты. Ол Қызылжар тұрғындарын мерекемен құттықтап, мектеп ашылуының маңыздылығын атап өтті. Әкім мемлекет балалардың дамуы мен сапалы білім алуына барлық мүмкіндікті жасап жатқанын мәлімдеді.«Әр бала білімді қолайлы жағдайда алуы тиіс. Ақтөбе облысында үш ауысымда оқыту және ескі мектептердің проблемаларын шешу мақсатында жаңа оқу орындары салынуда. Биыл бюджеттен 4 820 орындық 22 мектептің құрылысын салуға 10 миллиард теңге бөлінді. Сонымен қатар, Мемлекет басшысының тапсырмасымен «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 14 оқу орны, соның 9-ы Ақтөбе қаласында салынады. Олар алдағы екі жылда пайдалануға беріледі. Жаңа мектептерді аша отырып, өңірдегі білім беру орындарындағы орын тапшылығы және ескі ғимараттардың жабылу мәселелерін шеше аламыз», - деді әкім.Асхат Шахаровтың сөзінше, облыста мектеп жасындағы балалар саны жыл сайын артып келеді. Биыл олардың саны бес мыңға өсті, бұл бес жаңа мектептің құрылысын салудың қажеттілігін көрсетеді. Соңғы бес жылда Ақтөбе қаласында 9 490 орынға шақталған 20 мектеп пайдалануға берілген.«Жаңа мектепте Қызылжар оқушылары болашақта қажетті сапалы білім мен дағдылар алады. Бұл мектеп әр баланың дамып, өз мақсаттарына жететін орнына айналады», - деді облыс әкімі.Қызылжарда мектеп бұрынғы авариялық жағдайдағы ғимараттың орнына салынды. Бұл мақсатқа 1,8 млрд теңге бөлінді. Құрылыс жүріп жатқан кезде балалар басқа оқу орнында білім алды.Мектеп директоры Рай Нұрғалиевтің айтуынша, «Номад Құрылыс Компаниясы» ЖШС құрылыс жұмыстарын 2023 жылы бастаған. Жаңа екі қабатты ғимараттың жалпы ауданы 3000 шаршы метрден астам, үш блокқа бөлінген. Алғашқы екі блокта бастауыш және орта сынып оқушыларына арналған оқу ғимараттары, үшінші блокта шеберханалар, спорт залы, акт залы және асхана орналасқан. Мектеп үшін заманауи техника мен жабдықтар сатып алынып, оқу кабинеттері барлық стандартқа сай жабдықталған.«Біздің тұрғын алапта жаңа мектеп ашылғанына өте қуаныштымыз. Енді балаларымыз жақсы жағдайда оқиды және сапалы білімге қол жеткізеді. Мұны жүзеге асыруға көмектескен барлығына рахмет. Еліміз гүлденіп, бейбітшілік пен келісімде өмір сүрейік, балаларымыз бізді жетістіктерімен қуанта берсін», - деді Қызылжар тұрғыны, білім саласының ардагері Найман Тұңғышбайқызы.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/871892
Ақтөбе облысында Республика күні тағы бір мектеп ашылды 16.11.2024
Қобда ауданындағы Терісаққан ауылында 60 орындық мектеп ашылды.Салтанатты шараға қатысқан облыс әкімі Асхат Шахаров жергілікті тұрғындарды ұлттық мереке – Республика күнімен құттықтады.«Әрбір қазақстандық үшін маңызы зор мерекеде өңірде жаңа мектептер ашылып жатыр. Елімізде әрбір азаматтың бейбітшілікте өмір сүруіне, балаларымыздың сапалы білім мен саналы тәрбие алуына барлық жағдай жасалуда. Оның дәлелі - облыс бюджетінің 40 пайызы білім саласына бағытталған. Бұл бір жағынан ұлтымыздың болашағына салынған инвестиция және жақсы білім алу арқылы оқушылардың өмірде үлкен биіктерге жете алатындығының кепілі. Қазір облыста «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 14 мектеп салынып жатыр, онда балалардың жан-жақты дамуына ықпал ететін жайлы білім беру ортасы құрылмақ. 2025 жылға қарай өңірде 24 150 оқушыға 44 жаңа мектеп салу жоспарлануда. Оларды пайдалануға беру облыстағы оқушы орындарының тапшылығы мәселесі шешіледі.Терісаққан тұрғындарын жаңа мектептің ашылуымен тағы да құттықтаймын. Мектеп түлектері өмірде жетістіктерге жетіп, еліміздің жарқын болашағын құратынына сенімдімін», - деп облыс әкімі ауыл тұрғындарына жылы лебізін білдірді.Айта кету керек, Терісаққан тұрғындары жаңа мектепті үш жыл күтті. 1967 жылы салынған ескі мектеп бірде-бір жөндеуден өткен емес. Техникалық тексеру нәтижелері бойынша ғимарат апатты деп танылды. Содан кейін 2022 жылы ауылда жаңа мектеп салына бастады. Алайда, «Ер-Қанат Сервис» ЖШС құрылыс жұмыстарын толық аяқтаған жоқ. Аталған мердігермен шарт бұзылды. 2023 жылы жоба қайта түзетілгеннен кейін «Стронеф» ЖШС жаңа мердігер ретінде анықталды. Былтыр Қобда ауданына жұмыс сапары аясында облыс әкімі мердігер ұйымның өкіліне жұмыстарды сапалы орындауды және ғимаратты мерзімінде аяқтауды тапсырды. Бір жылдан кейін жаңа мектеп оқушыларға есігін айқара ашты.Терісаққан орта мектебінің директоры Ұлпан Санакаеваның айтуынша, жаңа оқу орнында 95 оқушы оқиды. Оқыту екі тілде жүргізіледі: мемлекеттік және орыс. Тоғыз оқу кабинеті, компьютерлік сынып, спортзал, кітапхана, асхана бар. Мектепте үйірмелер ұйымдастырылады. Сабақтарды өткізу үшін жаңа жабдықтар мен техника сатып алынды.Ресми ашылу рәсімінен соң, жергілікті тұрғындар мектепті аралап шықты. Балаларға барлық жағдай жасалғанына дән риза.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/871933
Ақтөбеде ауыл әкімдерінің форумы өтті 16.11.2024
Ақтөбеде алғаш рет ұйымдастырылған ауыл әкімдері форумында өзекті мәселелер талқыланып, ұсыныстар айтылды. Жиынға партия Хатшысы Ержан Жылқыбаев, Мәжіліс депутаты Қазыбек Әлішев, облыс әкімі Асхат Шахаров және «AMANAT» партиясынан сайланған аудандық, қалалық, ауылдық округ әкімдері, мәслихат депутаттары, департамент және басқарма басшылары қатысты.«Дамыған демократиялық қоғам құру - Мемлекет басшысының негізгі бағыттарының бірі. Президент әр Жолдауында елімізде әділдік пен демократия принциптерін нығайту жолында жүйелі түрде жағдай жасалып жатқанын айтып келеді. Қазіргі таңда өңірде 157 әртүрлі деңгейдегі әкім бар. Президент Қасым-Жомарт Кемелұлының 2021 жылғы Жарлығынан кейін 155 қала және ауыл әкімдерінің сайлауы өткізілді. Сонымен бірге, 2023 жылы 3 аудан әкімі пилоттық жобамен тікелей сайланды. Партияның және өздеріңіздің сайлауалды бағдарламаларыңыздың орындалуын қатаң бақылауда ұстау қажет. Партиялар мен әкімдердің белгіленген міндеттемелерді тиімді орындау азаматтардың сенімін сақтауға мүмкіндік береді», - деді өңір басшысы форумның ашылу рәсімінде.Партия хатшысы Ержан Жылқыбаев өз сөзінде аз ғана уақыттың ішінде еліміздегі реформалардың заңнамалық кешені әзірленгенін атап өтіп, саяси институттар қайта жаңғырудан өткеніне, Мәжіліс пен мәслихаттар көппартиялы болғанына, бірмандатты депутаттар оралғанына назар аударды.«Бұл Реформалар «AMANAT» партиясына да тікелей әсер етті. Жаңа қоғамдық-саяси ортада, партияда жүйелі ішкі өзгерістер жүргізілді, халықпен жұмыс тәсілдері жаңартылды. Партия сайлаушылардың талап-тілегіне негізделген жұмысқа басымдық беруде. Қоғамда абыройы бар, лайықты кандидаттарды ұсынып келеді. Бұл Мәжіліс, мәслихаттар және әкімдер сайлауларында халықтың сеніміне ие болуға мүмкіндік береді. Сол себепті, «AMANAT» партиясы жергілікті жердегі жүйелі жұмысқа назар аударып, еліміздің барлық аймақтарында Ауыл әкімдерінің форумы өткізуде», - деді ол.Партия хатшысы ауыл әкімдерінің сайлауына, Сайлауалды бағдарлама мен партиялық жобалардың жүзеге асырылуына, қоғамдық қабылдаулардың жұмысына және жастармен жұмыс барысына кеңірек тоқталды. Ол форумда айтылған ұсыныстар мен идеялар, тың бастамалар «AMANAT» партиясы атынан сайланған ауыл әкімдерінің табанды жұмысы мен кәсіби шеберлігіне жаңа серпін беретінін алға тартты. Форумда модераторлық еткен партияның облыстық филиалы төрағасы Ербол Данағұловтың айтуынша, Ақтөбе облысында 2021 жылдың шілдеден бастап 155 ауыл әкімдерінің сайлауы өткізілді, оның ішінде партиядан ұсынылған 141 (90%) кандидат жеңіске жеткен. Қазіргі таңда Ақтөбе облысында 7 қала, 135 ауылдық округ болса, олардың 133-інде «AMANAT» партиясының мүшелері әкім болып отыр. Жиында «AMANAT» партиясынан сайланған Қобда ауданы және Мәртөк ауданы Тәңірберген ауылдық округінің әкімдерінің баяндамасы тыңдалды. Форум жұмысы қалалық, ауылдық округ әкімдеріне арналған секциялық жұмыс және семинар тренингтермен жалғасты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/872498
Ауыл – ел бесігі: Ақтөбе облысының 83 ауылында 195 жоба іске асырылды 16.11.2024
Бес жылдың ішінде Ақтөбе облысының 83 ауылында «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында құны 29 млрд. теңгені құрайтын 195 жоба іске асырылды.Жалпы бағдарлама Ақтөбе өңірінің 187 елді мекенін қамтыған. Оның мақсаты – ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту, ауылдарды тұрақты дамыту. «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында жолдар, денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт объектілері салынуда, елді мекендерді су және газбен қамтамасыз ету, аумақтарды абаттандыру, жұмыс орындарын құру мәселелері шешілуде.Бағдарламаның өңірде қалай жүзеге асырылып жатқандығы облыс әкімі Асхат Шахаровтың төрағалығымен өткен аппарат мәжілісінде қаралды.Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Нұржан Мақсатовтың айтуынша, бағдарламаны іске асырудың бес жылында өңірде 79 әлеуметтік нысан салынды және күрделі жөндеуден өтті, 167,5 шақырым инженерлік желі жаңғыртылып, 116,1 шақырым жол салынды және жөнделді.«Биыл 39 ауылда 59 жобаны жүзеге асыруға 9,8 млрд. теңге бөлінді. 19,1 шақырым инженерлік желілер мен 11,9 шақырым су құбырларын салу, 32 әлеуметтік нысанды жөндеу және салу жоспарлануда. 12 жоба – ауыспалы. Жыл соңына дейін 27 жоба аяқталуы тиіс. Осылайша, тоғыз айдың қорытындысы бойынша бөлінген қаражаттың 68%-ы немесе 6,7 млрд теңге игерілді», - деп нақтылады Нұржан Мақсатов.Айта кетейік, 2025 жылы Ақтөбе облысында «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы бойынша 15 жобаны іске асыру жоспарлануда, оның 11-і – ауыспалы және 4-і – жаңа. Оған 5,9 млрд. теңге қаражат қажет.Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының баяндамасынан соң, Асхат Шахаров әр аудан әкімінен проблемалық мәсәлелер туралы сұрады. Өңір басшысы өндірістік жұмыстар кестесіне сәйкес, объектілерді мерзімінде пайдалануға беруді тапсырды.«Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы ауылдық жерлерді дамытуға және ауыл тұрғындарының өмір сапасын жақсартуға бағытталған. Бағдарламаның барлық қатысушылары бөлінген қаражатты белсенді игеріп, жобаларды мерзімінде аяқтауы маңызды. Мердігерлер жұмысының тиімділігін бағалаудың жаңа өлшемдерін әзірлеу қажет. Егер олар жосықсыз деп танылса, шартты бұзу керек, бұл бюджет қаражатын тиімсіз пайдалануды болдырмайды және жобаларды іске асырудың жоғары сапасын қамтамасыз етеді. Сондай-ақ, бұл міндеттемелердің орындалуын бақылауды күшейтеді», - деді әкім.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/872818
«Ақтөбе ӘКК» биылғы жылдың 9 айында 75 млрд. теңгеге келісімшарттар жасасты 16.11.2024
Облыс әкімі Асхат Шахаровтың қатысуымен өткен жұмыс отырысы барысында «Ақтөбе» ӘКК» АҚ Басқарма төрағасы Әуез Таймбетов биылғы жылдың 9 айының қорытындысы бойынша корпорацияның жұмысы туралы есеп берді. Мәселен, 2015-2023 жылдар аралығында «Ақтөбе» ӘКК жалпы сомасы 33,8 млрд теңгеге 25 келісімшартқа, ал 2024 жылдың 9 айында 75,0 млрд теңгеге төрт келісімшартқа қол қойылды. Бүгінгі таңда инвестициялардың жалпы сомасы 108,8 млрд теңгені құрайды.«Бүгінгі таңда индустриялық аймақта инвестициялық жобаларды іске асыру және жер учаскелерін жалға беруге қатысты бірнеше шартқа қол қойылды. Химия өнеркәсібі, құрылыс материалдарын өндіру, қалдықтарды қайта өңдеу саласында 15 жоба іске асырылды және жұмыс істеуде. Инвестиция құны 30,9 млрд теңгені құрайды. 531 жұмыс орны құрылды, ауданы 55,6 га жер учаскесі игерілді. Тағы 12 жоба экономиканың басым салаларында іске асырылуда, мысалы, металлургия, мұнай - химия, жалпы инвестиция сомасы 77,9 млрд теңгеге құрылыс материалдарын өндіру, 807-ге жуық жұмыс орны құрылды», - деді Әуез Таймбетов. Сондай-ақ, Басқарма төрағасы 2024 жылдың 6 айында компания жобалар бойынша жұмыс жүргізу есебінен 463,5 млн теңге көлемінде пайда тапқанын атап өтті.Өңір басшысы «Ауыл аманаты» жобасы аясындағы жобаларды несиелендіру жайын және мал шаруашылығы жобаларын қаржыландыруға қанша өтінім қаралғанын сұрады. «Ауыл аманаты» бағдарламасына екі жыл ішінде жалпы сомасы 15 млрд теңгеден астам үш транш бөлінді. 2700-ден астам кәсіпкерді қолдау тапты. Барлық сома толығымен игерілді. Сонымен қатар, 1,8 млрд. теңге сомасына тағы 242 өтінім қаралуда. Мал шаруашылығы саласында 5,4 млрд. теңгеге 758 жоба іске асырылып, 22 417 бас мал сатып алынды. Тағы 598 жоба құс шаруашылығына - 2,4 млрд. теңгеге, 233 жоба өсімдік шаруашылығына - 1,2 млрд. теңгеге жүзеге асырылды. 1 113 ШОБ нысаны ашылды, 56 бірлескен кооператив және 2 014 жұмыс орны құрылды. 2023 жылдың қорытындысы бойынша бюджетке 93,3 млн. теңге мөлшерінде салық түсімдері түсті. Ақпаратты тыңдаған облыс әкімі корпоративтік басқаруды арттыру, индустриялық аймақтың инфрақұрылымын күшейту, ӘКК қызметін цифрландыру және өңірге инвестициялар тарту бойынша жұмыс жүргізуді тапсырды.t.me/aqtobe_oblysy_akimdigiАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/873009
Ауылдық медпункт құрылысы 90%-ға аяқталды 16.11.2024
Ақтөбе облысы Мәртөк ауданының Аққайың ауылында медициналық пункттің құрылысы аяқталуға жақын.Қазіргі уақытта мердігер нысанды жабдықтау жұмыстарын пысықтап, ал құрылысты толығымен тәмәмдаған.Жаңа медициналық нысан «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында салынған. Жобаның құны – 237 млн теңге.Аққайыңда 410 адам тұрады, басым бөлігі аға буын өкілдері.Медициналық пунктте тәулігіне 20 пациентті қабылдауды 1 медбике жүргізеді. Сондай-ақ, нысан кем дегенде тағы 3 ауыл тұрғынын тұрақты жұмыспен қамтиды.Айта кетейік, 30 жылдан астам уақыт бойы ауыл тұрғындарының медпункті ауылдық клуб ғимаратында болған. Жаңа нысан Аққайың тұрғындарына күндізгі стационар және физиотерапия кабинеттерінің арқасында денсаулығын жақсартуға көмектеседі, сондай-ақ скринингтер мен егу науқандарының уақытылы өтуін қамтамасыз етеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/873465
