Enbekshi QazaQ

Қуқық

Салық жүйесін жетілдіру және кеден инфрақұрылымын қайта құруды жеделдету 14.10.2025
«Естуші мемлекет» тұжырымдамасына сәйкес Түркістан облысында ҚР Қаржы министрлігінің өкілдері өңір тұрғындарымен, бизнес қауымдастығымен және Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлерімен кездесу өткізді. Диалогтың негізгі тақырыбы – салық жүйесінің ашықтығы мен әділеттілігін арттыруға бағытталған шаралар болды.ҚР Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов қатысушыларға жаңа Салық кодексіндегі негізгі өзгерістерді таныстырды: салық есептілігін 30%-ға қысқарту, камералдық бақылауды ескерту форматына көшіру, шоттарды автоматты түрде бұғаттаудан бас тарту, сондай-ақ салық төлеуді кейінге қалдыру және бөліп төлеу рәсімдерін жеңілдету. Бұл қадамдар бизнес пен азаматтар үшін қолайлы жағдай жасауға бағытталған.Сонымен қатар, жұмыс сапары аясында вице-министр «Жібек жолы» және «Қазығұрт» кеден бекеттерінің қайта құру барысымен танысты. Инфрақұрылымды жаңғырту мемлекеттік бақылаудан өту тәртібін жақсартып, сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларға көрсетілетін қызмет сапасын арттыруға мүмкіндік береді.Іс-шаралар қорытындысы бойынша құрылыс-монтаж жұмыстарын жеделдету және реконструкцияны белгіленген мерзімде сапалы аяқтау тапсырылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/minfin/press/news/details/1076420?lang=kk
Қызылордада Әдеп жөніндегі уәкілдердің республикалық форумы өтті 14.10.2025
Бүгін Қызылордада Әдеп жөніндегі уәкілдердің республикалық форумы өтті. Форум жұмысына облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбай, Парламент Сенатының депутаты Наурызбай Байқадамов, Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры Азамат Жолманов қатысты.Сонымен қатар, басқосуда аймақтың жауапты сала басшылары, агенттік қызметкерлері, орталық мемлекеттік органдар мен өңірлердің, қала, аудан әкімі аппараттарының, облыстағы мемлекеттік органдардың әдеп жөніндегі уәкілдері, әдеп жөніндегі кеңес мүшелері, зиялы қауым өкілдері де болды.Н.Нәлібаев облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуындағы жетістіктерді атап өтіп, форум жұмысына сәттілік тіледі.«Аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуында оң тенденция қалыптасты. Өңіріміз негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер бойынша республикада алғашқы орындарда.Мемлекет басшымыз «Әділетті Қазақстанды құру үшін әрбір қызметшінің отаншыл, адал болуы және өз ісіне жауапкершілікпен қарауы өте маңызды», – деп атап өткен болатын.Халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған ұлттық жобаларды жүзеге асыруда, қоғамдық-саяси ахуалдың тұрақтылығын қамтамасыз етуде маңызды рөлді мемлекеттік қызметшілер институты атқаруда.Агенттік мемлекеттік қызметтің сервистілік, клиентке бағдарлану қағидаттарына негізделген моделін қалыптастыру, кәсібилендіру, билік институттарын дамыту бағытындағы жұмыстарға бастамашы болып келеді. Бүгінгі жиынның маңыздылығын ескеріп, форум барысында тиімді ұсыныстар мен байыпты бастамалар талқыланатынына сенімдімін», – деді Н.Нәлібаев.Д.Жазықбай мемлекетке қызмет ету – ең құрметті әрі аса жауапты міндет екенін айтып, маңызды бастамаларға тоқталды.«Барлық құзырлы органдар арасында ортақ көзқарас пен ұстаным болуға тиіс. Бұл – ешқандай құқықбұзушылыққа жол бермеу, яғни, кез келген заңсыздыққа қарсы тұру деген ұстаным.Мемлекет басшысының бастамаларын сапалы жүзеге асыруда мемлекеттік қызметшілер шешуші рөл атқарады», – деді агенттік төрағасы.Жиында Н.Байқадамов «Мемлекеттік қызметшілерді адамдардың құқыққа қайшы әрекеттерінен қорғау», А.Жолманов «Мемлекеттік қызметтің құндылықтары: Антқа адалдық» тақырыбында баяндама жасады.Сондай-ақ, аймақтың өркендеуі жолында елеулі еңбек еткен мемлекеттік қызметкерлер ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің «Үздік сапалы мемлекеттік қызмет көрсетуші» грамотасымен, агенттік төрағасының Алғыс хатымен марапатталды.Форумның екінші бөлімінде мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу, профилактика қызметі туралы мәселелер талқыланған панельдік сессия өтіп, Әдеп жөніндегі уәкілдердің өткен жылғы және биылғы бірінші жартыжылдықтағы жұмыс нәтижелеріне жасалған талдау қорытындыланды.Айта кетейік, бүгінде аймағымызда 3 300-ден астам мемлекеттік қызметші бар. Оның 1800-ден астамы жергілікті атқарушы органдарда еңбек етуде. Биыл 700-ге жуық азаматтың мәселелері тыңдалып, тиісті тапсырмалар берілді. Бірінші жартыжылдықта 3 млн-нан астам мемлекеттік қызметтің 99,3 пайызы электронды түрде көрсетілген.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/1076104?lang=kk
Алматы облысында экологиялық таза өнім өндіретін заманауи жылыжай кешені жұмыс істейді 14.10.2025
Алматы облысының Талғар ауданы Панфилово ауылында табиғи әрі экологиялық таза өнім өндіруге маманданған еліміздегі бірегей кәсіпорындардың бірі – «GREEN ECO» жылыжай кешені табысты жұмыс істеп келеді.Кешен 2016 жылы іске қосылып, 5-ші буынның заманауи жылыжай технологиясымен жабдықталған. Бұл өңірдің аграрлық саласын жаңа сапалық деңгейге көтеруге мүмкіндік берді. Өндіріс үдерісі толық автоматтандырылған гидропоника жүйесі бойынша жүргізіледі, бұл жыл бойы өнім алуға жағдай жасайды.Кәсіпорынның басты ерекшелігі – химиялық тыңайтқыштар, пестицидтер мен генетикалық түрлендірілген өнімдерді (ГМО) мүлде қолданбауында. Өндірісте халықаралық стандарттарға сәйкес келетін органикалық қоректік заттар мен табиғи шымтезек пайдаланылады.Кешеннің өнім түрлері 30-дан аса атауды қамтиды, олардың ішінде:құмырадағы жасыл салаттар,микрожасылдар,салат қоспалары,жеуге жарамды гүлдер.Жылыжай ай сайын 60 тоннадан астам өнім өндіреді, бұл жылына шамамен 5 миллион құмыра жасыл дақылдарға тең. Өндірістік процесс толық автоматтандырылған, ал сапа бақылауы Дания, Германия және Италиядан жеткізілген құрал-жабдықтардың көмегімен жүзеге асырылады.Жылыжай кешенінің директоры Роман Шнайдерманның айтуынша, кәсіпорынның басты мақсаты – тұтынушыларды халықаралық стандарттарға сай экологиялық таза өніммен қамтамасыз ету.Кешенде қоршаған ортаны қорғауға және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалануға айрықша көңіл бөлінеді. Мұнда энергия үнемдеу технологиялары енгізілген, ал өсімдіктерді суару үшін тереңдігі 250 метрден алынатын артезиан суы қолданылады.Жылыжайда тұрақты түрде шамамен 150 адам еңбек етеді, олардың көпшілігі – Панфилово ауылының тұрғындары. Бұл ауылдағы жұмыссыздық деңгейін төмендетуге және халықтың әл-ауқатын арттыруға ықпал етіп отыр.Талғар ауданы әкімдігі өкілінің айтуынша, «GREEN ECO» сияқты кәсіпорындар ауыл шаруашылығы өнімдерінің сапасын арттырумен қатар жаңа жұмыс орындарын құруға, азық-түлік қауіпсіздігін нығайтуға және өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосуда.Қазіргі уақытта кәсіпорын жобаның екінші кезеңін жүзеге асыруға дайындық жүргізуде – қосымша жылыжай алаңы іске қосылады деп жоспарлануда. Жобаның жалпы құны 2,1 млрд теңгені құрайды, оның ішінде 1,5 млрд теңге қосымша қаржыландыруға сұратылған. Жоба «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ тарапынан мақұлданып, қаржыландыруды күту кезеңінде тұр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1076169?lang=kk
Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде жаңа су құбыры іске қосылды 14.10.2025
Бүгін Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде «Жетісу Вольфрамы» ЖШС-мен бірлесіп жүзеге асырылған маңызды инфрақұрылымдық жоба – туристік бағытқа су құбыры тарту жұмыстарының ашылу салтанаты өтті.Салтанатты шараға аудан әкімі Бота Елеусізова қатысып, құттықтау сөз сөйледі. Өз сөзінде ол су құбырының тартылуы табиғатты қорғау ісінде, туризмді дамытуда және демалушыларға қолайлы жағдай жасауда ерекше мәнге ие екенін атап өтті.- «Тіршілік нәрі – су. Бүгінгі жоба тек туристерге ғана емес, жалпы өңірдің туристік әлеуетін арттыруға бағытталған маңызды қадам. Бұл – табиғатты аялау мен экологиялық туризмді өркендетуге қосылған зор үлес», – деді аудан әкімі.Жаңа су құбырының іске қосылуы Шарын шатқалына келушілерге қолайлы жағдай жасап қана қоймай, ұлттық парктің экологиялық тұрақтылығын сақтауға да ықпал етеді. Жоба мемлекет пен бизнес арасындағы тиімді әріптестіктің нақты нәтижесі болып отыр.Ашылу рәсімінде қатысушылар табиғатты қорғау және туризмді дамытуға бағытталған осындай бірлескен бастамалардың өңір үшін стратегиялық маңыздылығын атап өтті.Бұл игі іс-шара Жетісу өңіріндегі экологиялық туризмнің дамуына жаңа серпін беріп, ұлттық парк қонақтарына жайлы жағдай жасаудың жарқын үлгісіне айналмақ.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1076236?lang=kk
ҰЭМ Арнайы салық режимін қолданушылар тізімін талқылауға шығарды 14.10.2025
ҚР Ұлттық экономика министрлігі жаңа Салық кодексі шеңберінде Үкімет қаулыларының жобасын ұсынып отыр. Талқылауға шығарылғандар:жеңілдетілгендекларациянегізінде арнаулы салық режимін (АСР) қолдануға тыйым салынған қызмет түрлерінің тізбесі;өзін-өзіжұмыспенқамтығандар үшін АСР қолдануға рұқсат етілген қызмет түрлерінің тізімі.Бұл құжаттар Кодекстің 718 және 723-баптарын орындау үшін әзірленген және арнайы салық режимін қолдануды ретке келтіруге, ашықтықты арттыруға және кәсіпкерлікті қолдауға арналған.Тыйым салу тізіміЖеңілдетілген декларация негізінде АСР қолданыстағы екі режимнің, жеңілдетілген декларация мен бөлшек салықтың элементтерін біріктіреді.Режимді пайдалана алмайтындар:- табысы жылына 600 мың АЕК-тен (2, 359 млрд теңге) асатын бизнес субъектілері; -басқа компаниялардың үлесі 25%-дан асатын заңды тұлғалар; - құрылтайшылары немесе қатысушылары  бір мезгілде, АСР-дегі басқа заңды тұлғаларға қатысатын немесе құрылтайшысы болып табылатын ұйымдар;- коммерциялық емес ұйымдар;- арнайы салық режимін қолданатын заңды тұлғаның құрылтайшысы немесе қатысушысы болып табылатын салық төлеушілер (жеке тұлғалар, жеке кәсіпкерлер);-АЭА, "Астана Хаб" қатысушылары;- бірлескен қызмет шарты бойынша жұмыс істейтін салық төлеушілер.Тыйым салынғандар тізбесіне ірі бизнеспен байланысты салалар: өңдеу өнеркәсібі, құрылыс, жер қойнауын пайдалану, табиғи монополия субъектілерінің қызметі, көтерме сауда, 2000 шаршы метрден астам алаңдағы ритейл, телекоммуникация, интернет пен IT, қаржылық және сақтандыру қызметі, кәсіби агенттік және консалтингтік қызмет, ҒЗТКЖ және т. б. кіреді.1111 ЭҚЖЖ-ның ішінде шектеу 795 қызмет түріне (ЭҚЖЖ-ның 70%-ы) әсер еткенмен, салық төлеушілерге шаққанда, шамамен 30% ғана.Негізгі себеп — бұл салалардағы операциялардың едәуір бөлігі (жиынтық айналымның 76%-дан астамы) жалпыға бірдей белгіленген режимді қолданатын ірі бизнеспен жасалған мәмілелерге тиесілі: құрылыста — 99,9%, жер қойнауын пайдалануда-98,7%, көлік пен қоймада-96,7%.Жеңілдетілген режим құқығын сақтайтындарЖеңілдетілген режимді тұрғындарға бағдарланған 300-ге жуық қызмет түріне қалдыру ұсынылады:- 2000 шаршы метрге дейінгі алаңдағы бөлшек сауда (дәріханаларды қоса алғанда);- тауарларға пошта арқылы немесе Интернет желісі арқылы тапсырыс беру арқылы жасалатын бөлшек сауда, желілік маркетинг, сондай-ақ дүкеннен тыс басқа да бөлшек сауда;-тұру, тамақтану, тұрғын үйді жалға алу мен көлік қызметі;- жеңіл және тамақ өнеркәсібі;- жолаушы тасымалы;- мектепке дейінгі және қосымша білім беру саласындағы қызмет, медициналық және әлеуметтік қызмет;- тұрғындарға арналған тұрмыстық және құрылыс жұмысы;- шығармашылық индустрия, спорт, мәдениет;- ауыл шаруашылығы.Нәтижесінде жеңілдетілген режим барлық салық төлеушілердің шамамен 70%-ына беріледі. B2C-ге бағытталған шағын бизнес АСР бойынша жұмысын жалғастырып, ал ірі қызмет түрі жалпыға бірдей белгіленген режимге көшеді.Сонымен қатар, жалпы белгіленген режимге көшкен кезде айналымы жылына 40 млн теңгеге дейінгі салық төлеушілер ҚҚС төлемейді.Құжат АСР-ді жосықсыз пайдалануды қысқартуға, әкімшілендірудің тиімділігін арттыруға, салық жүктемесін әділ бөлуге және шағын бизнес үшін неғұрлым қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді.Өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға рұқсат беру тізімі ҚР Үкіметінің жекелеген қаулысымен ЖК тіркемеген, жұмыскері жоқ және айына 300 АЕК-ке дейінгі кіріс алатын өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін қолжетімді қызмет түрлерінің тізбесін бекіту ұсынылады. Бұл өлшемшартқа 46 бағыт сәйкес келеді.АСР қолдану құқығы аяқ киім жөндеу, спорт пен демалыс саласындағы білім беру, мәдениет саласындағы білім беру, білім беру саласындағы басқа да көмекші қызмет, тұрғын үйді жинау, фотосурет қызметі, сұлулық салоны қызметі, мамандандырылған құрылыс жұмысы, такси қызметі, жалдау және жалға беру, компьютерлерді, жеке тұтыну затын, тұрмыстық тауар жөндеу, сондай-ақ өзге де жеке қызметтерде сақталады.«Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін арнаулы салық режимін қолдануға рұқсат етілген қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы жобасына сілтемесі:  https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15606691 «Оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдануға тыйым салынған қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы жобасына сілтемесі: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15606668 Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1076241?lang=kk
Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы облыс активімен кездесті 14.10.2025
Бүгін аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаев облыс активімен бірге ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбаймен кездесті. Кездесуге Парламент Сенатының депутаты Наурызбай Байқадамов, Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры Азамат Жолманов, зиялы қауым өкілдері қатысты.Аймақ басшысы мемлекеттік қызметтің тиімділігін арттыру бағытында атқарылған жұмыстарды атап өтті.«Сыр өңірінің халқы Мемлекет басшымыздың, Үкіметіміздің барша бастамаларын қолдап келеді. Президентіміз «Мемлекетке қызмет ету – ең құрметті әрі аса жауапты міндет» деп атап өткен болатын.Мемлекеттік қызметші – еліміздің өсіп-өркендеуіне үлес қосатын, қоғамда адалдық пен әділеттіліктің үлгісін көрсететін халықтың айнасы. Жауапкершілігі жоғары салада Өздеріңізге жүктелген міндет пен жоғары сенімді ақтауда бар күш-жігерлеріңіз бен білімдеріңізді сарқып, ел-халыққа адал қызмет ете беруге шақырамын», – деді Н.Нәлібаев.Актив отырысында Дархан Жазықбай мемлекеттік қызметті дамыту, кәсібилендіру, іріктеу процестерін жетілдіру, қызметтің сервистілік және клиентке бағдарлану қағидаттарына негізделген моделін қалыптастыру бағытындағы кешенді шаралар туралы айтты.Жиында Сыр өңірінің әлеуметтік-экономикалық дамуы жолында елеулі еңбек еткен ардагерлерге ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің «Мемлекеттік қызмет ардагері» төсбелгісі табысталды.Еске салайық, биыл маусым айында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыру функциялары мен өкілеттіктері Мемлекеттік қызмет істері агенттігіне берілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/1075874?lang=kk
Алматы облысында жаңа индустриялық аймақ ашылды 14.10.2025
Жамбыл ауданындағы Теміржол ауылдық округінде «Қазыбек бек» индустриялық аймағының ашылуы өтті.Салтанатты іс-шараға іскерлік орта өкілдері, инвесторлар, жергілікті атқарушы органдар мен өңір тұрғындары қатысты. Индустриялық аймақтың жалпы аумағы 900 гектарды құрайды. Негізгі бағыттары – металлургия және металл өңдеу, құрылыс материалдарын шығару, машина жасау және өнеркәсіптік жабдық өндірісі, сондай-ақ жүк сақтау қызметтері. Жобаны іске асыру мерзімі 2027–2029 жылдарға жоспарланған.Ашылу рәсімінде сөз сөйлеген Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев индустриялық аймақтың құрылуы өңір мен тұтас ел экономикасын дамытудағы маңызды қадам екенін атап өтті.«Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 2025 жылғы 8 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында: «Өңдеуші өнеркәсіптің дамуына жаңа серпін беретін уақыт келді», – деп атап өткен болатын. Мемлекет басшысы Алматы, Қостанай, Қарағанды және Атырау облыстарында іске қосылған ірі машина жасау және металлургия кәсіпорындарын мысалға келтірді. Сонымен бірге, бұл жұмыстар жеткіліксіз екенін айтып, экономиканы әртараптандыруды жеделдетудің маңыздылығын ерекше атап өтті. Осы тұрғыда негізгі басымдық – ішкі және сыртқы нарықтарда бәсекеге қабілетті, терең өңделген өнім өндіру. Бүгін ашылған «Қазыбек бек» индустриялық аймағы – осы міндеттердің нақты жүзеге асуының көрінісі және өңір экономикасының жаңа серпініне айналарына сенімдімін», – деді облыс әкімі.Марат Сұлтанғазиев, сондай-ақ, аталған бастаманы алғашқылардың бірі болып қолдаған инвесторлар мен серіктестерге алғыс білдіріп, алдағы уақытта облыс әкімдігі кәсіпкерлерге жан-жақты қолдау көрсетіп, инфрақұрылымды дамытып, бизнес жүргізу үшін қолайлы жағдай жасайтынын атап өтті. Оның айтуынша, заманауи индустриялық аймақ жаңа инвестициялар тартуға, өндірістік секторды кеңейтуге, жаңа жұмыс орындарын ашуға, инновациялық жобаларды енгізуге, бәсекеге қабілетті өнім шығаруға және экспорттық әлеуетті арттыруға жол ашады.Бүгінгі таңда «Қазыбек бек» индустриялық аймағына жалпы құны 454 млрд теңгені құрайтын 11 қатысушы тартылған. Бұл жобаларды жүзеге асыру нәтижесінде 2495 жаңа жұмыс орны ашылады.Инвесторлардың бірі – «KAZAKZSTANYULIN IRRIGATION EQUIPMENT» ЖШС жобасының жетекшісі әрі бас директордың орынбасары Серікжан Болатұлы Нұрсейітов өндіріс орнын ашуға қолдау көрсеткен облыс әкімдігіне алғысын білдіріп, жобаның болашағына сенімді екенін жеткізді.«Бізге жер телімін бөліп бергені үшін Алматы облысының әкімдігіне алғыс айтамыз. Біздің жобамыз – ауыл шаруашылығы техникасының кең спектрін шығаратын заманауи зауыт құру. Мұнда өсімдік шаруашылығына арналған машиналар, жаңбырлатып суару қондырғылары, мал шаруашылығы техникасы, сұйық және қатты тыңайтқыш енгізуге арналған жабдықтар, сондай-ақ жоңышқаны ұнтақтайтын арнайы машиналар және басқа да техника өндіріледі. Зауыт заманауи технологиялармен жабдықталады, жылдық қуаттылығы – 500 дана ауыл шаруашылығы техникасы. Өнімдерді енгізу шаруалардың импортқа тәуелділігін азайтып, өнімділікті арттыруға мүмкіндік береді. Бұл жоба өңір индустриясының дамуына серпін беріп, еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге зор үлес қосады деп сенеміз», – деді Серікжан Болатұлы.Қазіргі таңда Алматы облысының инвестициялық портфелінде жалпы құны 6,3 трлн теңгені құрайтын 229 жоба бар. 2025 жылы 302,7 млрд теңге көлеміндегі 35 жобаны іске қосу жоспарланған. Олар өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, туризм және инфрақұрылым салаларын қамтиды және өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына айтарлықтай үлес қосуда.Айта кетейік, Алматы облысы – Қазақстандағы ең серпінді дамып келе жатқан өңірлердің бірі. Қытай және Қырғызстанмен шектесетін қолайлы географиялық орналасуы, дамыған көлік-логистикалық инфрақұрылымы мен инвестициялық ахуалы тұрақты өсімге мүмкіндік беріп отыр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1075899?lang=kk
Қарулы күштерде құжаттамалық қамтамасыз ету қызметкері күні аталып өтуде 14.10.2025
Кәсіби мереке 1997 жылы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің құжаттамалық қамтамасыз ету департаментін құру туралы директива қабылдауымен байланысты. 2005 жылы бұл бөлімше Әкімшілік департаменті болып қайта құрылды.Құжаттамалық қамтамасыз ету саласының мамандары барлық құжат түрлерін ұйымдастыру және өңдеумен айналысады. Олардың тіркелуі, есепке алынуы, сақталуы, мұрағатқа тапсырылуы немесе жойылуға дайындалуы сала мамандарының қолында.Ақпаратты жүйелеу, электрондық құжат айналымын енгізу, құжаттармен жұмыс істеу стандарттарын әзірлеу, жиналыстарға құжаттар дайындау және қабылданған шешімдердің орындалуын бақылау – бұл мамандардың қызметінің маңызды бөлігі.Бұл міндеттерді орындау үшін құжаттамалық қамтамасыз ету мамандарынан жүйелі көзқарас, жоғары сауаттылық, жауапкершілік және мұқияттылық талап етіледі.Құжатшылардың білімдері мен дағдыларын жетілдіру мақсатында сабақтар ұйымдастырылып тұрады. Құпия емес іс жүргізу қызметкерлерінің алғашқы жиындары 2006 жылы ұйымдастырылып, өткізілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1075941?lang=kk
Алматы облысында сүтті терең өңдейтін жаңа зауыт іске қосылды 14.10.2025
Алматы облысы еліміздің агроөнеркәсіптік кешеніндегі жетекші аймақтардың бірі саналады. Мемлекеттік қолдау мен жеке инвестициялардың арқасында соңғы жылдары өңірде ауыл шаруашылығы мен тамақ өнеркәсібі айтарлықтай дамыды. Соның айқын дәлелі – Қарасай ауданы Жібек Жолы ауылында ашылған «Neo Milk» заманауи зауыты. Кәсіпорын ешкі мен бие сүтін терең өңдеуге маманданған.Салтанатты рәсімге Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев, Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров, Қарасай ауданының әкімі Жасұлан Естенов, «Қонаев» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ басқарма төрағасы Мұрат Абдығұлов, сондай-ақ мемлекеттік органдардың өкілдері, инвесторлар мен серіктестер қатысты.Өз сөзінде облыс әкімі жаңа зауыттың іске қосылуын тек Алматы облысы үшін ғана емес, жалпы еліміздің сүт өнеркәсібі үшін маңызды қадам екенін атап өтті.- «Бүгін біз агроөнеркәсіп кешенін дамытудың жаңа белесіне қадам бастық. Сүт өнімдерін терең өңдеу – елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің негізгі бағыттарының бірі. Бұл зауыттың жұмысы ішкі нарықты сапалы өніммен қамтып қана қоймай, экспорттық әлеуетімізді арттыруға жол ашады. Сонымен қатар жаңа жұмыс орындары құрылып, ауыл тұрғындарының әлеуметтік жағдайы жақсарады», – деді Марат Сұлтанғазиев.Ал ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров мұндай жобалардың стратегиялық маңызын атап өтті. Оның айтуынша, сүтті терең өңдеу отандық өнімнің үлесін көбейтіп, импортқа тәуелділікті азайтып, Қазақстанның экспорттық мүмкіндіктерін кеңейтуге ықпал етеді.Жаңа зауыт ең озық еуропалық жабдықтармен және технологиялармен жабдықталған. Қазіргі қуаты тәулігіне 50 тонна сүтті терең өңдеуге мүмкіндік береді. Алдағы жылдары өндіріс көлемін 150 тоннаға дейін арттыру жоспарлануда. Өнім ассортиментіне балалар тағамына арналған қоспалар, диеталық өнімдер, құрғақ сүт, ірімшік және халықаралық стандарттарға сай басқа да өнімдер кіреді.Жобаға жалпы 4,5 млрд теңге инвестиция салынды. Бұл қаражат заманауи еуропалық жабдық сатып алуға, инновациялық желілерді іске қосуға, сапа мен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және зертханалық бақылау жүйесін жетілдіруге бағытталды.Зауыттың әлеуметтік маңыздылығы да жоғары. Кәсіпорын толық қуатына шыққанда жүзден астам жаңа жұмыс орны ашылады. Сондай-ақ жергілікті шаруалар өндірген сүтін тұрақты өткізу мүмкіндігіне ие болады. Бұл өңірдегі мал шаруашылығының дамуына серпін бермек.«Neo Milk» зауытының өнімдері тек ішкі нарыққа ғана емес, шетелге де жөнелтіледі. Қазіргі таңда Қытай, Ресей және басқа да елдермен экспорт бойынша келіссөздер жүргізілуде.Бұл жобаның жүзеге асуы Алматы облысының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудағы маңызды қадам болып табылады. Сонымен қатар ол Қазақстанның азық-түлік қауіпсіздігін нығайтып, отандық өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттырады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1075949?lang=kk
Шымкенттіктер қоян-қолтық ұрыстан әлем чемпионын әскери оркестрмен қарсы алды 14.10.2025
 Шымкент қаласының әуежайында жастар арасындағы қоян-қолтық ұрыстан әлем чемпионы лейтенант Дархан Жорағұлды салтанатты жағдайда қарсы алды.Жеңімпазды әріптестері, әскери оркестр музыканттары және ұлттық киім киген қыздар дәстүрлі тағамдармен қарсы алып, құрмет көрсетті.Жастар арасындағы армиялық қоян-қолтық ұрыстан әлем чемпионаты Ақтау қаласында өтті. Оған 23 елдің спортшылары қатысты. 97 келі салмақ дәрежесінде өткен тартысты бәсекеде Дархан Жорағұл алтын медаль иеленді.– Бұл тек менің жеңісім емес. Бұл – командирлерімнің, тәлімгерлерімнің және қызметтестерімнің қолдауының нәтижесі. Маған сенім артып, демеу болған баршаңызға алғысым шексіз, – деді чемпион.Дархан Жорағұл қоян-қолтық ұрыспен 2020 жылы Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Құрлық әскерлерінің әскери институтында оқып жүргенде айналыса бастады. 2021 жылдан бастап республикалық және халықаралық жарыстарда үнемі жүлделі орындар алып келеді. Оның қоржынында қоян-қолтық ұрыстан әлем чемпионатының, ТМД біріншілігінің, Қазақстан Қорғаныс министрі кубогының және генерал-майор Әубәкір Арыстанбековты еске алуға арналған республикалық турнирдің жеңістері бар.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1075972?lang=kk
Алматы облысында автокомпоненттер өндіретін жаңа зауыт жұмысын бастады 14.10.2025
Автомобиль өнеркәсібі – Қазақстан экономикасының маңызды салаларының бірі. Бүгінде елімізде автокөлік құрастыру көлемі артып келе жатқанымен, қосалқы бөлшектердің басым бөлігі шетелден әкелінеді. Осыған байланысты, мемлекет тарапынан автоқұрастыру зауыттарын отандық өнімдермен қамтамасыз ету міндеті қойылып отыр.Осы бағытта қолға алынған «QazElastoPlast» зауытының ашылуы – өңірдің өндірістік әлеуетін арттыруға бағытталған нақты қадам. Зауыт Қазақстанның автоөндірушілері үшін қажетті автокомпоненттер өндірісін жолға қоюды көздейді.Жобаның жалпы инвестиция көлемі 600 миллион теңгені құрайды. Бұл қаражат заманауи еуропалық құрал-жабдықтарды сатып алуға, өндіріс технологиясын жетілдіруге және жоғары сапалы өнім шығаратын өндіріс желісін іске қосуға бағытталды.Кәсіпорын жылына 150 мың жиынтық автополиктер шығаруға қауқарлы. Бұл көрсеткіш ішкі нарықтағы сұранысты толықтай қанағаттандырып, шетелден әкелінетін өнімдерге тәуелділікті айтарлықтай төмендетеді.Бүгінгі таңда зауытта 30 адам тұрақты жұмыспен қамтылған, бұл – жергілікті тұрғындар үшін маңызды әлеуметтік қолдау. Жұмысшылардың орташа айлық жалақысы 250 мың теңгені құрайды. Болашақта өндіріс көлемі артқан сайын жаңа жұмыс орындары ашылып, қызметкерлер саны да көбеймек.Зауытта шығарылатын өнім түрлері автомобиль өнеркәсібінің негізгі қажеттіліктерін қамтиды. Олар:үйінді кілемдер;түрлі үлгідегі автомобиль төсеніштері;шашыратқыштар;тығыздағыш резеңке таспалар.Бұл өнімдер Қазақстандағы автокөлік құрастыратын зауыттар үшін аса қажет. Бұған дейін мұндай бөлшектер негізінен Ресей, Қытай және басқа да елдерден импортталатын. Енді «QazElastoPlast» зауытының жұмысы арқасында отандық автоөнеркәсіп толыққанды жергілікті өнімге сүйеніп жұмыс істеуге мүмкіндік алады.Зауыттың ашылуы тек өндірістік салаға ғана емес, әлеуметтік бағытқа да оң әсерін тигізеді. Жаңа жұмыс орындарының пайда болуы – жергілікті тұрғындар үшін тұрақты табыс көзі. Сонымен қатар, кәсіпорыннан түсетін салық түсімдері аудандық және облыстық бюджеттердің кірісін арттырып, әлеуметтік жобаларды қаржыландыруға мүмкіндік береді.Жамбыл ауданының әкімі өз сөзінде зауыттың ашылуы өңірдің экономикасы үшін үлкен жетістік екенін атап өтті: «Бұл жоба біздің ауданның өндірістік әлеуетін арттырып қана қоймай, Қазақстандағы автоөнеркәсіптің дамуына жаңа серпін береді. Мемлекет тарапынан көрсетіліп отырған қолдау нәтижесінде осындай заманауи кәсіпорындар іске қосылып жатыр. Бұл – импортты алмастыру саясатының нақты көрінісі», – деді ол.«QazElastoPlast» зауыты өнім сапасына ерекше мән береді. Өндіріс процесінде экологиялық талаптарға сай және халықаралық стандарттарға сәйкес келетін материалдар қолданылады. Зауытта орнатылған заманауи технологиялар өнімнің ұзақ мерзімділігін, беріктігін және қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.Кәсіпорынның мамандары үздіксіз оқытудан өтіп, өндіріс технологияларын жетілдірумен айналысады. Болашақта зауыттың ғылыми-зерттеу бөлімі құрылып, жаңа үлгідегі автокомпоненттерді әзірлеу жоспарлануда.Сарапшылардың айтуынша, «QazElastoPlast» зауыты Қазақстандағы автокомпоненттер өндірісін жаңа деңгейге көтереді. Бұл отандық автоөнеркәсіп үшін аса маңызды, себебі қосалқы бөлшектердің жергілікті өндірісі автомобиль бағасын төмендетіп, нарықтағы бәсекеге қабілеттілікті арттырады.Сонымен қатар, бұл жоба еліміздің индустриялық-инновациялық даму бағдарламасына толық сәйкес келеді және өңірлік экономиканы әртараптандыруға үлес қосады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1076011?lang=kk
«Айбалта» оқу-жаттығуы: ұрыс қимылдарын жүргізудің жаңа тәсілдері сыналды 14.10.2025
Маңғыстау облысында өтіп жатқан «Айбалта-2025» жедел-стратегиялық командалық-штабтық оқу-жаттығуы барысында Құрлық әскерлерінің барлау бөлімшелері, Қарулы күштер Әуе қорғанысы күштерінің армиялық авиациясы мен тікұшақпен іздеу-шабуылдау тобы жұмылдырылды.Әскери қызметшілер барлау және барлау-ұрыс жүргізу тапсырмаларын күндізгі және түнгі жағдайларда, заманауи техникалық құралдарды қолдана отырып орындады. Жауынгерлердің жасырын әрі батыл әрекеттері шартты қарсыластың жоспарын уақтылы анықтап, нысаналарға соққы беру үшін деректерді дәл жеткізуге мүмкіндік берді.Барлаушылардың жетістігін тікұшақпен іздеу-шабуылдау тобының әскери қызметшілері одан әрі нығайтты. Олар қарсылас тылының аумағына түсіп, маңызды позицияларды басып алып, ұрыста тактикалық басымдыққа қол жеткізді. Бұл әрекеттерге армиялық авиация белсенді түрде қолдау көрсетті.Оқу-жаттығу эпизодтары барысында маневрлік ұрыс қимылдарын жүргізудің жаңа тәсілдері сәтті сыналды, сондай-ақ жердегі бөлімшелер мен әуе экипаждарының үйлесімді өзара іс-қимылы көрсетілді.Оқу-жаттығу басшылығы әскери қызметшілердің далалық машығын, бөлімшелердің тез өзгеретін тактикалық жағдайда тапсырмаларды орындауға және кез келген қауіп-қатерге төтеп беруге дайындығын жоғары бағалады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1075655?lang=kk
Халықаралық жасыл технологиялар орталығы EXPO OSAKA 2025-те жапондық ірі компаниялармен кездесулер өткізді 14.10.2025
Осака, 2025 жылғы 23-24 қыркүйек – Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің қолдауымен «QazExpoCongress» ҰК» АҚ-мен бірлесіп ұйымдастырған EXPO 2025 Osaka тақырыптық аптасы шеңберінде «Көміртекті шешімдер: орнықты болашаққа бастар жол» деп аталатын сайд-ивент өтті.Іс-шара көміртегі өтемақысын талқылауға, шығарындыларды азайтуға және тұрақты тәжірибені ілгерілетуге бағытталған маңызды оқиға болды. Қатысушылар – мемлекеттік органдардың, халықаралық компаниялар мен қаржы институттарының өкілдері – Қазақстан мен Жапония ұсынған табысты кейстерді таныстырып, экономиканы бірлесіп декарбонизациялау жолдарын талқылады.Негізгі қатысушылар: «Жасыл Даму» АҚ, АХХО, Қазақстанның даму банкі, Қазатомөнеркәсіп, Sanshin Metal Working Co., Ltd., Finetech Co., Ltd. жапондық компаниялары және басқалары.24 қыркүйекте B2B-күні өтті: қазақстандық делегация Nagashima Holdings, Megumi Corp., Mitsubishi Heavy Industries Power Environmental Solutions, Ltd., Finetech Co., Ltd. сияқты бірқатар жапон өнеркәсіптік және технологиялық компанияларымен және Жапонияның Экология министрлігі жанындағы OECC ұйымымен кездесулер өткізді.Іс-шара барысында «жасыл» технологиялар, өнеркәсіптік қалдықтарды өңдеу, әсіресе металлургия секторында және JCM (Joint Crediting Mechanism) тетігі саласында тәжірибе алмасу мәселелері талқыланды, Жапония осы тетік арқылы әріптес елдерде төмен көміртекті шешімдер енгізуге қолдау көрсетеді. Қазақстан JCM-жобаларға белсенді қатысуға дайын екенін білдірді.Сессияда сөз сөйлеген ЕХРО өкілдері Қазақстан үшін Жапониямен экологиялық ынтымақтастықты тереңдетудің, әсіресе орнықты даму саласындағы технологиялар трансфері мен бірлескен инвестициялық жобалардың әлеуеті зор екенін атап көрсетті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/1075693?lang=kk
Астанада “Төреліктегі қамтамасыз ету шараларын қолдану’ тақырыбында семинар өткізілді 14.10.2025
2025 жылғы 22 қыркүйекте GRATA International Астана қаласындағы кеңсесі ENYO Law жетекші халықаралық заң фирмасымен бірлесіп «Төреліктегі қамтамасыз ету шараларын қолдану» тақырыбында семинар өткізді.Төрелік талқылауда жақында жетістікке қол жеткізгеннен кейін GRATA International Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен ынтымақтастықты нығайтуды жалғастыруда.Семинарға Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің өкілдері қатысып, төрелік талқылау саласындағы жергілікті сараптаманы дамытуға баса назар аударылды.Семинар барысында ENYO Law заң фирмасының серіктесі Борис Телятников және ENYO Law аға заңгері Каролина Крофт халықаралық дауларды шешу тәжірибесімен бөлісті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet/press/news/details/1075795?lang=kk
Қызылордада «Жүйелі қайырымдылық: Тұрақтылық, серіктестік, мұра» тақырыбында IV Ұлттық қайырымдылық конференциясы өтті 14.10.2025
Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қатысуымен Қызылордадағы Өнер орталығында «Жүйелі қайырымдылық: Тұрақтылық, серіктестік, мұра» тақырыбында IV Ұлттық қайырымдылық конференциясы өтті.Мемлекет басшысының арнайы тапсырмасымен 2022 жылы құрылған «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры жыл сайын өңірлермен, ірі бизнес субъектілерімен және коммерциялық емес ұйымдармен өзара іс-қимыл шеңберінде ұлттық қайырымдылық конференциясын өткізіп келеді. Басқосуға «Қазақстанның Азаматтық альянсы» ЗТБ президенті Бану Нұрғазиева, «Қазақстан халқына» қорының басқарма төрағасы Ләззат Шыңғысбаева, облыстық мәслихат төрағасы, жауапты сала басшылары, қор қызметкерлері мен зиялы қауым өкілдері қатысты.Аймақ басшысы «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының өңір тұрғындарына көрсеткен қолдауы жайлы айтты.«Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлының тікелей бастамасымен денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қолдау салаларындағы мәселелерді шешу мақсатында құрылған «Қазақстан халқына» қоғамдық қорымен тығыз әріптестік байланыс орнатылып, бірлескен жобалар іске асып келеді. Қор құрылғалы бері 10 млрд. теңгеден астам қаржы аймағымыздағы маңызды әлеуметтік жобаларға бағытталды.Атап айтсақ, денсаулық сақтау саласына қаралған 4 млрд. 800 млн. теңгеге облыстық балалар ауруханасында, Жаңақорған, Арал аудандарында «Қамқорлық» орталықтары ашылды. Арал ауданындағы орталық қызметін көрші Ақтөбе облысының, Жаңақорған ауданындағы орталық қызметін Түркістан облысының тұрғындары да пайдаланып, оңалту шараларымен қамтылды.Қор қажетті дәрі-дәрмек алу, орталықтарды жабдықтау, медицина мамандарын шетелде оқытуға да қолдау көрсетті. Облыстық онкология орталығына құны 1 млрд. 100 млн. теңге тұратын, республика бойынша 3 облыста ғана бар скрининг жүргізуге арналған жылжымалы медициналық кешен табыстады. Кешен қазіргі таңда өңіріміздің шалғай елді мекендеріндегі тұрғындарға үздіксіз қызмет етуде.«Қазақстан халқына» қоры келесі жылы медицина саласындағы жобаларға 2 млрд. 600 млн. теңге бөлуді жоспарлаған. Оған онкологиялық ауруларды тиімді емдеуге арналған жоғары технологиялық жабдықтар (линейный ускоритель) сатып алынады.Сондай-ақ, аутизмге шалдыққан және басқа да психикалық бұзылыстары бар балаларды әлеуметтендіруге арналған орталық ашылады. Орталық жыл сайын 600 балаға қызмет көрсетпек.Білім беру саласына 2 млрд. 600 млн. теңге бөлінді. «Ауылдық аймақтардағы тірек мектептердің әлеуетін дамыту» жобасы аясында 2023-2025 жылдары 2 млрд. теңге бөлініп, 8 мектептің физика, химия, биология, робототехника, компьютерлік кабинеттері қайта жабдықталды, ауыл балалары жазғы лагерьлерде демалды.Ерекше білім беруді қажет ететін балаларға арналған арнайы интернаттардың материалдық-техникалық базасы жаңғыртылды. «Болашақ инженерлер» жобасы аясында 9 мектепке робототехника құрылғылары алынып, тиісті мамандар арнайы оқудан өтті. Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің 500-ден астам студентінің «Курсера» әлемдік платформасында білім алуына мүмкіндік жасалды.Алдағы жылы білім беру саласында тағы 2 млрд. теңгенің жобалары жүзеге асады. Атап айтқанда, облыстың 50 мектебіне «Білім-Инновация» лицейлерінің тәжірибесі енгізіледі, физика, химия, биология кабинеттері жабдықталады, 8 шағын жинақты мектептің материалдық базасы нығайтылады.Қор аймағымыздағы спорт инфрақұрылымын дамытуға 2 млрд. 700 млн. теңге бөліп, нәтижелі жұмыстар атқарылды. Биыл 348 млн. теңгеге Шиелі ауданының Досбол датқа ауылында, Жалағаш ауданының Аққыр ауылында заманауи спорт кешендері салынып, ел игілігіне табысталды. Сырдария, Қармақшы аудандарындағы спорт кешендері жаңа құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілді.Аймағымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына, тұрғындарымыздың әл-ауқатын арттыруға елеулі үлес қосқаны үшін «Қазақстан халқына» қорының ұжымына Сыр жұртшылығының атынан тағы да зор алғысымызды білдіреміз», – деді Н.Нәлібаев.Жиында Ләззат Шыңғысбаева сөз сөйлеп, қор қызметінің маңыздылығына тоқталды.«Жүйелі қайырымдылық – бұл уақытша шара емес, ұзақ мерзімді өзгерістерге жол ашатын нақты іс. «Қазақстан халқына» қоры үшін бұл – адамдардың өмірін өзгертетін, болашаққа үміт сыйлайтын тұрақты жобалар. Біз мемлекет, қоғам және бизнес әріптестігі арқылы ғана шын мәнінде елеулі нәтижелерге қол жеткізе аламыз. IV конференция – бұл үш жылдық еңбектің қорытындысы ғана емес, жаңа кезеңнің бастауы. Бұл – тәжірибе алмасу, бірлескен шешімдер іздеу және қордың өңірлерге көрсеткен нақты көмегін таныстыру алаңы. Мұның барлығы келер ұрпақтың мұрасына айналады», – деп атап өтті.Айтулы шараға еліміздің барлық өңірінен келген 500-ге жуық делегат қатысты.Конференция мазмұны «Тұрақтылық», «Серіктестік» және «Мұра» атты үш негізгі бөлімнен тұрады, әрбір бөлім жүйелі қайырымдылықтың маңызды бір қырын ашып көрсетуді мақсат еткен. Қордың қолдауына ие болған 12 азамат өз оқиғалары туралы, игі істің өмірінде, ұжымында қандай оң өзгерістерге жол ашқанын айтып берді.Өнер орталығының фойесінде өткен «Қазақстан халқына» қорының жобалар көрме-жәрмеңкесі білім беру, денсаулық сақтау және әлеуметтік қолдау саласындағы бастамаларды біріктірді. Қонақтарға жаңа жабдық қана емес, өзгерістердің нақты нәтижелері көрсетілді.Айта кетейік, бүгінде қордың және облыстық бюджеттің қаржысына қаламыздың сол жағалауында құны 2 млрд. 900 млн. теңге болатын мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы қарқынды жүруде. Нысан алдағы қазан айында пайдалануға беріледі.Келесі жылы 6 спорт мектебі жабдықталады. Мүгедектігі бар балалар мен жастар инновациялық протездік-ортопедиялық құралдармен қамтамасыз етілді. «Үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы аясында 283 млн. теңгеге 95 құрал-жабдық сатып алынды. Қармақшы ауданындағы мүмкіндігі шектеулі балаларға әлеуметтік қызмет көрсететін «Дәметкен Ана» орталығының материалдық базасы нығайтылды. Бүгінде орталықта оңалту қызметін алатын 30 бала бар.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/1075531?lang=kk
Қазақстан СІМ басшысы ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің сыртқы істер министрлерінің жұмыс кездесуіне қатысты 14.10.2025
Нью-Йорк, 2025 жылғы 25 қыркүйек – Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының 80-ші сессиясы аясында Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына (ҰҚШҰ) мүше мемлекеттердің сыртқы істер министрлерінің жұмыс кездесуіне қатысты.Іс-шараға қатысушылар БҰҰ Бас Ассамблеясының мерейтойлық сессиясының күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты, сондай-ақ ҰҚШҰ-ның БҰҰ-мен ынтымақтастығының басым бағыттарын талқылады.М.Нұртілеу әріптестерін ҰҚШҰ қызметінің бірқатар аспектілері бойынша Қазақстанның ұстанымы туралы хабардар етті, өңірлік құрылымның одан әрі дамуына байланысты өз көзқарасын білдірді. Кездесуге қатысушыларды Қазақстанның БҰҰ жүйесін және оның Қауіпсіздік Кеңесін реформалау жөніндегі бастамаларын қолдауға шақырды.Ұйымға мүше мемлекеттердің сыртқы саяси ведомстволарының басшылары БҰҰ құрылғанына 80 жылдығына орай мәлімдеме қабылдады.Министрлік кездесу дәстүрлі достық сипатта өтті, тараптар ҰҚШҰ-ның бәрін қамтитын ұйыммен одан әрі өзара тиімді ынтымақтастығын дамытуға ниетін растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1075332?lang=kk
5 күнде 600 шақырым: Қарулы күштердің әскери қызметшісі бірегей марафонға бастамашы болды 14.10.2025
Астанада бірегей ультрамарафон басталды. Астана аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімше командирі 3-сыныпты сержант Рауан Әбілханов небәрі бес күн ішінде 600 шақырым жүгіріп өтуді мақсат етіп отыр. «Көктал» саябағынан басталатын жүгіру Қорғаныс министрлігі ғимаратының жанында аяқталады. Марафон Астана – Көкшетау – Астана бағыты бойынша өтеді. Күн сайынғы қашықтық — 120 шақырым. Әр 40 шақырым сайын демалыс қарастырылған.– Оған дайындық үшін екі ай бердік. Рауан күн сайын 40 шақырымнан артық жүгірді, – деді елорда аумақтық қорғаныс бригадасының командирі полковник Омар Орынбаев.Әбілханов бұл рекордын Республика күніне арнамақ. Сонымен қатар, ол алдағы уақытта Қарағанды тас жолы арқылы Балқашқа дейінгі 1000 шақырымды 10 күнде еңсеруді жоспарлап отыр.World Book of Records (әлемдік рекордтар кітабы) ұйымының дивизион генералы Қуаныш Құдайбергеновтің айтуынша, бұл жүгірісті бірегей деп атауға болады. – Әбілханов — шетелдерге де танымал ең дайын ультрамарафоншылардың бірі, – дейді ол.Марафоншының әр қадамын танымал Strava қосымшасы тіркейтін болады. Ал нәтижесі Қазақстан рекордтар кітабына енеді.Сержант Әбілханов Қарулы күштер қатарында 20 жылдан астам уақыт қызмет етіп келеді. Спортпен 15 жылдан астам уақыт айналысу үстінде. Ол 2022 жылы Алматы облысында 48 сағат ішінде 350 шақырым жүгіріп, рекорд орнатқан болатын.42 жастағы әскери қызметші тек рекорд иесі ғана емес, сонымен қатар нағыз үлгі тұтар отбасы. Спортшы жұбайымен екеуі сегіз қыз, бір ұл тәрбиелеп отыр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1075352?lang=kk
Қазақстан Сыртқы істер министрі Нью-Йоркте бірқатар екіжақты кездесулер өткізді 14.10.2025
Нью-Йорк, 2025 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу БҰҰ Бас Ассамблеясының 80-ші мерейтойлық сессиясына қатысу аясында шет мемлекеттердің сыртқы саяси ведомстволарының басшыларымен бірқатар екіжақты кездесу өткізді.АҚШ Президентінің Арнайы тапсырмалар жөніндегі өкілі Ричард Гренеллмен өткізілген келіссөздер барысында тараптар қазақ-американ ынтымақтастығының негізгі бағыттарын, соның ішінде сауда және инвестиция салаларындағы перспективаларды талқылады. Сондай-ақ, мәдени-гуманитарлық байланыстарды дамытуға және жаһандық әрі өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасуға ерекше көңіл бөлінді.Ресей Федерациясының Сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен кездесу барысында екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелері, соның ішінде алдағы ресми сапарлар, атап айтқанда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ресейге сапарына дайындық мәселелері қаралды. Өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер, сондай-ақ халықаралық ұйымдар аясындағы өзара іс-қимыл жөнінде пікір алмасты.Польша Республикасының Сыртқы істер министрі Радослав Сикорскиймен кездесуде саяси және сауда-экономикалық ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі мен келешегі қарастырылып, бұрын қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асырудың маңыздылығы аталып өтті.Әзербайжан Республикасының Сыртқы істер министрі Джейхун Байрамовпен кездесу барысында тараптар стратегиялық серіктестікті дамыту және барлық негізгі бағыттар бойынша өзара тиімді екіжақты ынтымақтастықты кеңейтуге бейілділігін растады.Мажарстанның Сыртқы істер министрі Петер Сийяртомен өткен келіссөздерде тарихи тамырлар мен дәстүрлі достыққа негізделген стратегиялық серіктестікті одан әрі тереңдетуге мүдделілік білдірілді. Саяси, экономикалық, энергетикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың басым бағыттары талқыланды.Өзбекстан Республикасының Сыртқы істер министрі Бахтиёр Саидовпен өткен кездесуде екіжақты күн тәртібінің кең ауқымды мәселелері, соның ішінде саяси өзара іс-қимыл, сауда-экономикалық және инвестициялық серіктестік, сондай-ақ гуманитарлық байланыстар талқыланды. Министрлер қазақ-өзбек қарым-қатынастарының орнықты дамуына жоғары баға беріп, екі бауырлас ел арасындағы стратегиялық серіктестікті нығайтуға өзара бейілділікті қуаттады.Кездесулердің қорытындысы бойынша тараптар өзара мүдде туғызатын барлық бағыттар бойынша конструктивті диалогты жалғастыруға келісті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1075368?lang=kk
Қазақстанда жаңа Qonaev Media телеарнасы эфирге шықты 14.10.2025
25 қыркүйекте жаңа Qonaev Media телеарнасы өз жұмысын бастады. Арна еліміздің барлық өңіріндегі көрермендерге Alma TV және Otau TV платформалары арқылы қолжетімді. Телеарна күн сайын 08:00-ден 00:00-ге дейін хабар таратады.Qonaev Media өзін Алматы облысы мен жалпы Қазақстанның өміріне бағытталған заманауи медиаресурс ретінде таныстырады. Эфирде жаңалықтар, талдамалық бағдарламалар, ток-шоулар, сұхбаттар, деректі және ойын-сауық жобалар көрсетіледі. Әсіресе әлеуметтік бастамаларға, білім мен денсаулық сақтау саласының дамуына, бизнеске, мәдениетке, спорт пен экологияға ерекше назар аударылады.Телеарна басшысы Қымбат Хангелдинаның айтуынша, Qonaev Media-ның іске қосылуы отандық телевизия үшін жаңа мүмкіндіктер ашады: «Біздің мақсатымыз – халыққа жақын болып, өңір мен елдің келбетін қалыптастыратын шынайы оқиғаларды көрсету. Көрермен эфирден тек ақпарат қана емес, шабыт алып, айналасында болып жатқан оқиғаларға өзін тікелей қатысушы ретінде сезінуін қалаймыз», – деді ол.Qonaev Media өкілдерінің айтуынша, арна кең аудиторияға арналған контент әзірлеп, ақпараттылықты, қарқынды ырғақты және жеңіл жеткізу стилін үйлестіріп отыр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1075213?lang=kk
Алматы облысы Астанаға жәрмеңкеге 180 тонна өнім жеткізді 14.10.2025
Алматы облысынан елордаға дәстүрлі ауыл шаруашылығы жәрмеңкесіне қатысу үшін шамамен 180 тонна ауыл шаруашылығы өнімі жеткізілді. Астаналықтар 40-тан астам түрлі азық-түлік өнімдерін сатып ала алады. Оның ішінде 13 тонна ет пен құс еті, 25 тонна көкөніс пен жеміс-жидек, сондай-ақ 21 тонна картоп пен табиғи өнімдер бар. Жәрмеңкедегі бағалар нарықтағыдан шамамен 15%-ға төмен болады.Алматы облысы әкімінің орынбасары Бақытнұр Бақытұлының айтуынша, өңірлер жыл сайын жәрмеңкеге қатысып, елорда тұрғындарына өз өнімдерін ұсынады.«Биыл біз негізгі басымдықты алма мен ет өнімдеріне бердік, сонымен қатар сүт өнімдерін де алып келдік. Бұл – біздің облыстың ерекшелігі», – деді ол.Барлық жүк көліктері міндетті техникалық тексерістен өтті, тасымалдау кезінде санитарлық талаптар мен қауіпсіздік шаралары толық сақталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1075223?lang=kk