Қарағанды көшелерінде Жаңа жылдық безендірілген автобустар жүреді

Қарағанды көшелерінде Жаңа жылдық безендірілген автобустар жүреді

24.12.2024 21:55:57 938

№ 3 Қарағанды автопаркі жолаушыларға мерекелік көңіл-күй сыйлайды. Маршруттарға Жаңа жылдық безендірілген автобустар шықты.
Көліктерде келе жатқан 2025 жылдың символы – жыланның бейнесі, шырша, сыйлықтар, қар бүршігі бейнеленген жапсырмалармен безендірілген.
Қарағанды бойынша барлығы алты жаңа жылдық автобус жүреді. Ол №1, 33, 40, 118э, 145э және 146 бағыттар бойынша жүретін қоғамдық көліктер.
"№3 Автопарк барлығын келе жатқан Жаңа жылмен құттықтайды! Құрметті жолаушылар, осы мереке алдындағы күндері қоғамдық көліктердегі тазалықты сақтайық және қарт адамдар мен кішкентай балалары бар жолаушыларға орын берейік", – деп хабарлайды № 3 автопарк.
@avtobusnyipark3

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/907212