ТҮРКІСТАН: ОРДАБАСЫ АУДАНДЫҚ ОРТАЛЫҚ АУРУХАНАСЫ ЗАМАНАУИ ҚҰРЫЛҒЫЛАРМЕН ТОЛЫҚТЫ

ТҮРКІСТАН: ОРДАБАСЫ АУДАНДЫҚ ОРТАЛЫҚ АУРУХАНАСЫ ЗАМАНАУИ ҚҰРЫЛҒЫЛАРМЕН ТОЛЫҚТЫ

27.02.2025 05:13:02 704

Биыл Ордабасы аудандық орталық ауруханасы заман талабына сай жаңа медициналық құрылғылармен жабдықталған-ды. Атап айтқанда, магниттік-резонанстық томография (МРТ), стационарлық ангиография құралдарымен толықты.
Заманауи үлгідегі аппараттар диагностикалық зерттеу барысында дәрігерлерге нақты ақпарат беру арқылы олардың жұмысын жеңілдетіп, диагнозды анықтауға көмектеседі.
Магниттік-резонанстық томография (МРТ) және Компьютерлік томография (КТ) Ордабасы, Бәйдібек аудандары мен Арыс қаласының тұрғындарына жүйке жүйесі аурулары (бас және жұлын миы), тірек-қимыл аппараттары (омыртқа, бұлшық ет-буындық жүйе, буындар) тағы бірқатар ішкі құрылыс ауруларын диагностикалауда қолданылып жатыр.
Бүгінде озық үлгідегі жабдықтардың көмегімен Ордабасы, Бәйдібек, Арыс аудандарында науқастарға шұғыл және жоспарлы түрде жасалып жатқан кардиологиялық, неврологиялық, хирургиялық оталар сәтті аяқталуда. Енді тұрғындар аудан деңгейінде тиісті медициналық көмек алу мүмкіндігіне ие.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/946642