Әділет министрлігі заң консультанттарының қызметін реттеуді талқылауды жалғастыруда
04.03.2025 01:18:26 66
Астана, 2025 жылғы 27 ақпан – Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Кәсіпкерлік кодексінің 83-бабына сәйкес заң консультанттарының қызметін реттеудің реттеушілік ықпалын талдауды жалғастыруда.
Кеше Әділет министрлігінің алаңында заң консультанттарының қызметін реттеу мәселелері жөніндегі жұмыс тобының екінші отырысы өтті. Жиын барысында жаңа ұсыныстар қаралып, заң консультанттары институтын одан әрі дамыту жолдары талқыланды.
Жұмыс тобы реттеу тетіктерін жан-жақты қарастырып, кәсіби қоғамдастықтың мүдделері мен азаматтардың қажеттіліктерін ескеруге баса назар аударуда. Әділет министрлігі ашық диалог жүргізуге дайын және барлық мүдделі тараптарды талқылауға қатысуға шақырады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet/press/news/details/948706