Аудандағы аға буын аймақ басшысына бос уақыттарының қаншалықты тиімді жоспарланғанын көрсетті

Аудандағы аға буын аймақ басшысына бос уақыттарының қаншалықты тиімді жоспарланғанын көрсетті

04.03.2025 01:20:51 209

Облыс әкімі жұмыс сапары аясындаҚобдадағы белсенді ұзақ өмір сүру орталығына барды.
Орталық 2021 жылы іске қосылды. Содан бері ауылдағы аға буынның тиімді демалысы үшін таптырмас алаңға айналды. Бүгіндемұнда 70 зейнеткер тұрақты келеді. Олардың ең үлкені – 82 жаста.
Орталықта келушілердің қызығушылықтары бойынша алуан үйірме құрылған. Физикалық белсенділікті сақтап, денсаулықты жақсартуға бағытталған бағдарламалар бар. Олар йогамен айналысып, шахмат ойнайды, шығармашылық шеберханасына барады, сурет салып, әртүрлі қолөнер бұйымдарын жасайды. Скандинав жүрісімен серуендеп, би кештерін өткізеді. Өздері әзірлеген түрлі дәммен дастархан жайып, әңгіме дүкен құрады.
Асхат Шахаров орталықтың тұрақты келушілерімен тілдесіп, жағдай сұрасты.
«Біздің балалар бұл жерді «әжелер балабақшасы» деп атайды. Орталық өзімізге қатты ұнайды. Біз мұнда демаламыз, сөйлесеміз. Спортпен шұғылдана отырып, денсаулығымыздың кейбір сыр бергентұстарын ұмытып кетеміз. Күнделікті қалмай келуге тырысамыз. Мұндағылар бір-бірімен өте жақсы қарым-қатынаста. Топ болып бірге саяхаттайды. Алдымен аудандағы және облыс бойынша қасиетті орындарды аралады. Кейін Түркістанға, Алматыға барды. Тек осы жерде ғана сіз қартайған шақта өмірден қалай ләззат алуға болатынын түсініп келеміз», - деді орталыққа келушілердің бірі Роза Қайырқызы.
Қарттар кездесуді пайдаланып, аймақ басшысына қазіргі нысанның шағын екенін айтып, орталыққа қосымша ғимарат салып беруді сұрады.
«Қобда мен басқа аудандарда сіздер үшіносындай орталықтардың жұмыс істейтініне өте қуаныштымын. Бұл тиімді демалыс пенқарым-қатынас орнатуға кең мүмкіндік беретін орын. Қазір тіпті телефонға телмірген ересектер көп, бірақ адамдармен араласу, жүздесіп сөйлесу маңызды екенін ұмытпау керек. Сіз таңертең немесе демалыс күндерін немерелеріңізбен өткізсеңіз, қалған уақытыңызды өзіңізге арнаған жөн. Бюджеттен қаражат бөліп, алдағы уақытта орталыққа жапсарлас тағы бір ғимарат саламыз», - деп уәде берді облыс әкімі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/948920