«KMF» (ҚМФ) МҰ АҚ ерікті түрде қайта ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы
29.03.2025 19:01:20 1086Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 2025 жылғы 20 наурыздағы № 10 Басқармасының қаулысымен «KMF (ҚМФ)» Микроқаржылық ұйымы» акционерлік қоғамын банкке айналдыру нысанында ерікті түрде қайта ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы:
- «KMF (ҚМФ)» Микроқаржылық ұйымы» акционерлік қоғамына банкке айналдыру нысанында ерікті түрде қайта ұйымдастыруға рұқсат берілді;
- «KMF – Демеу» корпоративтік қорына «KMF (ҚМФ)» МҚҰ» АҚ-ты банкке айналдыру нысанында ерікті түрде қайта ұйымдастыру нәтижесінде құрылатын банктің банк холдингінің мәртебесін иеленуге және банктің еншілес ұйым құруға рұқсат берілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ardfm/press/news/details/961944?lang=kk