Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасы аясында, Төлеби ауданы әкімдігі ғимаратында ашық кеңсе жұмыс істейді.
Бекітілген кестеге сай, аудан әкімі Еркеғали Әлімқұлов, аудан әкімінің орынбасарлары, дербес бөлім және мекеме басшылары тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдайды.
Бүгін, аудан әкімі Еркеғали Амантайұлы ашық кеңседе тұрғындарды толғандырған сұрақтарға жауап беріп, туындаған мәселелердің шешу жолдарын қарастырды.
Қабылдау барысында елді мекенге ауыз су жеткізу, су қондырғысына есептегіш құрал орнату, тұрғын үй қорынан мұқтаж жандарға пәтер бөлу, бірінші мөлтек аудандағы көпқабатты тұрғын үйлер ауласынан салынған қосалқы көлікжайды сүрмеуге жібермеу жөнінде көмек сұрады. Сондай-ақ, жеке кәсіпкердің балық шаруашылығын жүргізу үшін алған жер теліміне қатысты туындаған сұрақтар талқыланды. Алатау елді мекеніндегі кооператив құрамындағы тұрғынның жер пай үлесін заңдастырып, жекеменшікке алуға өтінішін жеткізді.
Аудан әкімі халықтың мұң-мұқтажын тыңдап, ұсыныс өтінімдерін назарға алып, мәселені заң аясында шешу жолдарын қарастыруды сала басшыларына тапсырды. Берілген тапсырмалардың орындалуы аудан әкімінің тікелей бақылауында.
"Халық үніне құлақ асатын мемлекет" - бұл ең алдымен халықтың мүддесін, халықтың пікірін басым қоятын мемлекет. Бұл бағыттағы жұмыс аудан әкімдігінің басты назарында.