Павлодар облысында өрт қауіпті кезеңге дайындық басталды

Павлодар облысында өрт қауіпті кезеңге дайындық басталды

15.04.2025 18:41:55 66

ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің 2025 жылғы 19 наурыздағы бұйрығына сәйкес Павлодар облысының аумағында 2025 жылғы 14 сәуірден басталатын өрт қауіпті кезеңі қарсаңында Павлодар облысының ТЖД жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп түрлі профилактикалық іс-шаралар ұйымдастырды.

Осылайша, көктемгі өрттердің алдын алу мақсатында ауыл шаруашылығы алқаптарында бақылау арқылы құрғақ өсімдіктерді жағу жүргізіледі, бұл бақыланбайтын табиғи өрттердің қаупін азайтуға, аумақты құрғақ өсімдіктерден тазартуға, өрт болған жағдайда өрттің таралуын болдырмауға мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта ауыл шаруашылығы алқаптарында жалпы ауданы 400 гектардан астам құрайтын құрғақ өсімдіктерді бақылап жаққан 13 әрекеті жүргізілді. Аталмыш өсімдіктерді жағу  жұмыстарын қауіпсіз жүргізу, өрт сөндіру құралдарын қамтамасыз ету және ауа райы жағдайларын алдын ала бағалау үшін қажетті шарттарды сақтай отырып, алдын ала дайындалған учаскеде жүргізіледі.

Сонымен қатар, су қоймалары, бау-бақша, орман қоры маңында, сондай-ақ Павлодар өңірінің елді мекендерінің периметрі бойынша жалпы ауданы 119 га құрғақ өсімдіктер шабылды.

Автокөлік және темір жол бойындағы (теміржол жолдары, электр беру желілері), елді мекендер мен орман қорының айналасындағы орман белдеулерін топырақ құрғаған кезде қазу жоспарланған, ол топырақ құрғаған кезде жүргізілетін болады.

Облыстың қалалары мен аудандарында мобильді топтар құрылып, 91 рейдтік іс-шара өткізді, нәтижесінде ҚР ӘҚБтК-нің 410-бабы бойынша өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзушылардың 7-і әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Бұл іс-шаралардың негізгі мақсаты ықтимал өрттердің алдын алу және өрттің таралу қаупін азайту болып табылады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-pavlodar/press/news/details/971413?lang=kk