Назар аударыңыз! «CargoRuqsat» электронды кезек жүйесіне жаңа функционал енгізілді
15.04.2025 18:51:33 308Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті 2025 жылғы 3 сәуірден бастап «CargoRuqsat» автоматтандырылған электрондық кезек жүйесінде (бұдан әрі-ЭКЖ) бір автокөлік құралымен кезекті бірнеше рет брондау жағдайларын болдырмауға бағытталған жаңа функционалды енгізді.
Бұған дейін кейбір тасымалдаушылар бір VIN-коды бар, бірақ әртүрлі тіркеу нөмірлерімен автокөліктерге бронь жасаған жағдайлар анықталған. Сондай-ақ, бір өткізу пунктінде белсенді бронь болған кезде басқа өткізу пунктінде бронь жасау мүмкін емес екендігі туралы шағымдар түскен.
Осыған байланысты, енді жүйе бронь жасау кезінде автокөлік құралының VIN-кодын автоматты түрде тексереді. Егер АТС-тің белсенді броні бар болса, жаңа бронь жасау мүмкін болмайды, ал жаңа бронь жасау үшін алдымен алдыңғысын жою қажет.
Белсенді броньды қалай жоюға болады?
Егер сізге жаңа бронь жасау үшін белсенді броньды жою қажет болса, ЭКЖ әкімшісінің электрондық поштасына (cargoruqsat@gmail.com) келесі құжаттарды жіберіңіз:
• Көлік құралының техникалық паспортының көшірмесі;
• Көлік иесінің төлқұжатының көшірмесі (заңды тұлғалар үшін – компанияның құрылтай құжаттары).
Басқа кабинет арқылы жасалған броньды жою:
Егер бронь басқа жеке кабинет арқылы жасалған болса, оны жою үшін cargoruqsat@gmail.com электронды поштасына жоғарыда көрсетілген құжаттарды жіберу қажет.
Жаңа функционал кезекті әділ бөлуді қамтамасыз етуге және жүйенің тиімділігін арттыруға бағытталған. Тасымалдаушылардан осы өзгерістерді ескере отырып, өз бағыттарын жоспарлауды сұраймыз.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-aktobe/press/news/details/974353?lang=kk