Түркістан облысында туризм және спорт инфрақұрылымының даму барысы таныстырылды

Түркістан облысында туризм және спорт инфрақұрылымының даму барысы таныстырылды

15.04.2025 18:54:10 242

Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Түркістан облысына жұмыс сапары барысында өңірдің бірқатар маңызды туристік және спорттық нысандарын аралады.

Сапар аясында министр Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне барып, киелі орынға келушілерге арналған инфрақұрылыммен танысты. Сонымен қатар, тарихи туризмнің маңызды бөлігі саналатын Күлтөбе қалашығына аялдап, археологиялық нысанды сақтау және оны туристік айналымға енгізу бағытындағы жұмыстарды көрді.

Министр «Керуен сарай» туристік кешеніне де барып, ондағы сервистік қызмет сапасын, мәдени-ойын-сауық инфрақұрылымының жұмысын және жалпы туристерге ұсынылатын жағдайларды саралады.

Сапар барысында Ербол Мырзабосынов Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша салынған есу арнасына (гребной канал) барды. Бұл – еліміздегі жалғыз олимпиадалық стандарттарға сай салынған есу арнасы. Мұнда болашақта әлемдік деңгейдегі жарыстар өткізуге мүмкіндік бар. Нысан су спорты түрлерін дамытуға және бұқаралық спортты қолдауға бағытталған маңызды жобалардың бірі саналады.

Сапар барысында министр Халықаралық туризм және меймандостық университетінің аумағында орналасқан дене шынықтыру-сауықтыру кешенін аралап, студенттерге жасалған спорттық жағдайлармен және оқу базасымен танысты.

Министрлік тарапынан Түркістан өңіріндегі туризм мен спорт саласын дамыту, инфрақұрылымды жетілдіру, сапалы сервисті қамтамасыз ету және кәсіби кадрларды даярлау бағытында жүйелі жұмыс жалғасады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/975117?lang=kk