Авторлық материалдар негізінде вебинар

Авторлық материалдар негізінде вебинар

15.04.2025 18:54:57 132

Шемонаиха ауданының педагогтары 2025 жылғы 10 сәуірде облыстық педагогтердің оқу-әдістемелік кеңесі ұсынған авторлық материалдар негізінде тәжірибемен бөлісу мақсатында онлайн режимінде Марқакөл ауданы, Алтай ауданы және Өскемен қаласының педагогтеріне арналған вебинар өткізді.
Вебинарға ауданның тоғыз мектебінен "педагог - сарапшы", "педагог - зерттеуші" біліктілік санаттары бар он тоғыз мұғалім қатысты.
вебинарды ұйымдастыру келесі қойылған міндеттерді шешуге мүмкіндік берді:
- оқу процесінде әдістемелік басылымдарды пайдалану бойынша оқытушылардың кәсібилігін арттыру;
- авторлық әдістемелік жарияланымдарды пайдаланудың табысты жолдарын анықтау;
- мұғалімдерді өздерінің әдістемелік басылымдарын әзірлеуге ынталандыру.
Іс-шараға қатысушылар білім алушылардың білім сапасын арттыру мақсатында оқу – тәрбие процесінде Шемонаиха ауданының педагогтары әзірлеген және пайдаланатын авторлық бағдарламалар мен оқу – әдістемелік құралдармен танысты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/oouk/press/news/details/975395?lang=kk