2017 ЖЫЛЫ «НҰРЛЫ ЖОЛ» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА 778 КМ ИНЖЕНЕРЛІК ЖЕЛІ САЛЫНЫП ҚАЙТА ЖАҢАРТЫЛДЫ
15.04.2025 18:55:45 253Шараға ҚР инвестиция және даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы Мархабат Жайымбетов, «ТКШ Қазорталығы» АҚ Басқарушы директоры Руслан Кулов және ҚР ИДМ Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің басқарма басшысы Әзімбек Нәлібаев қатысты.
Шара барысында Мархабат Жайымбетов 2015-2018 жылдар аралығында «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында 2 695 км жылу, сумен жабдықтау және су тарту желісі, 21 қазандық, 70 сорғы станциясы, кәріз жүйесі мен су тазарту қондырғылары және басқа да нысандар салынғанын айтты.
Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде өткен жылы желінің тозуы 63% -дан 60% -ға дейін төмендеді. Ал биыл бұл көрсеткішті тағы да 3-ға дейін төмендету көзделіп отыр. Себебі, 2018 жылы 800 км жылу, сумен жабдықтау және су тарту инженерлік желісі салынбақ.
«2017 жылы бөлінген 48 млрд. теңгеге 103 инвестициялық жоба іріктелді. Енді 1185 шақырым желі мен 5 қазандық салу жоспарланып отыр. Бүгінгі таңда табиғи монополиялар субъектілері игерген қаржының сомасы 36,1 млрд. теңгені немесе жалпы соманың 77% -ын құрайды. Қалған қаражат 2018 жылдың аяғына дейін толық игеріледі (несие механизміне сәйкес уақыт - 2 жыл) », - деді Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы.
«Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» АҚ бюджеттік кредиттеу мәселелері бойынша сенім білдірілген өкілі және «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында субсидиялау мәселелері бойынша оператор ретінде бағдарламаға қатысатын жобаларды іріктеумен айналысады.
Осылайша, 2017 жылы 35,7 млрд.теңге сомасындағы 72 жоба қаржыландырылды. 2018 жылы бөлінген 33,4 млрд.теңгеге 49 жоба іріктелді, оның ішінде жылумен жабдықтау бойынша 27 жоба, сумен жабдықтау бойынша 15 жоба және су бұру бойынша 7 жоба іріктелді. Шамамен 250,6 км жылумен, сумен жабдықтау және су бұру желілерін, оның ішінде 156,2 км сумен жабдықтау желілері, 69,1 км су бұру желілері бойынша салу және реконструкциялау жоспарланып отыр», - деп хабарлады «ТКШ ҚазОрталығы» АҚ Басқарушы директоры Руслан Кулов.
Сонымен бірге, субсидиялар бойынша оператор ретінде ТКШ ҚазОрталығы 2017 жылы 4,4 млрд.теңге сомасына 8 инвестициялық жобаны қарастыру бойынша жұмыстар жүргізілді, 28,8 км желі салынды және реконструкцияланды, оның ішінде: жылумен жабдықтау желілері 16,2 км, сумен жабдықтау желілері 12,6 км, 1 КОС кеңейтуге арналған жер жұмыстары жүргізілді. 2018 жылы алдын ала жасалған тізім бойынша 3,5 млрд.теңге сомасына 9 жоба іріктелді. 28,4 км жылу желілерін, 12 блоктық жылу бекеттерін салу және реконструкциялау жоспарланып отыр.
ҚазОрталығы биыл инвестжобаларды бюджеттік кредиттеу және субсидиялау бойынша, сонымен бірге жылумен, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін салу, реконструкциялау мен жаңғырту бойынша жобаларды субидиялауға екінші деңгейлі банктерді тарту жұмыстарын жүргізуде.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/25945?lang=kk