БҚДА ЖӘНЕ НАЗАРБАЕВ УНИВЕРСИТЕТІ КОМПАНИЯЛАРДЫҢ ИНФЛЯЦИЯҒА ӘСЕРІН ТАЛҚЫЛАДЫ

БҚДА ЖӘНЕ НАЗАРБАЕВ УНИВЕРСИТЕТІ КОМПАНИЯЛАРДЫҢ ИНФЛЯЦИЯҒА ӘСЕРІН ТАЛҚЫЛАДЫ

15.04.2025 19:04:52 561

Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Назарбаев Университетімен бірлесіп, компаниялардың нарықтық қуатының макроэкономикалық көрсеткіштерге, атап айтқанда инфляцияға әсерін зерттеуге арналған ғылыми-тәжірибелік семинар өткізді.

Агенттік бастамашы болған және Назарбаев Университетінің зерттеу тобы жүзеге асырып жатқан бұл зерттеу жекелеген компаниялардың нарықтық қуаты экономиканың инфляциялық қысымын қалай күшейтуі мүмкін екенін талдауға бағытталған. Семинар барысында шығындардың құрылымын, соның ішінде тұрақты шығындарды ескере отырып, нарықтық қуатты дәлірек өлшеуге мүмкіндік беретін үстеме бағаны бағалаудың заманауи әдістері ұсынылды.

Семинар БҚДА өкілдері, Назарбаев Университетінің Жоғары бизнес мектебі, сондай-ақ PhD және Master in Finance бағдарламаларының студенттері үшін ашық пікірталас алаңына айналды. Қатысушылар зерттеудің алдын ала нәтижелерімен қатар, Қазақстандағы нарықтық қуатты талдаудың болашақ бағыттарын да талқылады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zk/press/news/details/973363?lang=kk