**Абайдың 180 жылдық мерейтойына дайындық: штаб мүшелері Абай ауданындағы негізгі нысандарды аралады**

**Абайдың 180 жылдық мерейтойына дайындық: штаб мүшелері Абай ауданындағы негізгі нысандарды аралады**

14.07.2025 09:40:42 484

Абайдың 180 жылдық мерейтойы аясында облыстық мекемелер өкілдерінен арнайы құрылған штаб мүшелері ауданға келді.

Аудан әкімі штаб мүшелерімен бірге мерейтой өтетін басты орындардың бірі — Қарауылтөбеге барып, дайындық барысын саралады. Қазақ үйлер қалашығының орналасу тәртібі, олардың сыйымдылығы, қажетті инженерлік инфрақұрылым, атап айтқанда, электр қуатының жеткіліктілігі, санитарлық-гигиеналық нысандар (дәретханалар), сондай-ақ көрермендерге арналған алаңның жай-күйі жан-жақты талқыланды.

Осыдан кейін Абай саябағындағы орнатылатын өлкетану музей павильондары, сауда-саттық алаңдары мен автотұрақтардың нақты орны белгіленді. Мұндағы инфрақұрылым талапқа сай болуы үшін жауапты мамандарға бірқатар тапсырмалар берілді.

Сонымен қатар, мерейтой кезінде жедел әрекет ететін штаб жұмысының үйлесімді жүруі үшін олардың орналасатын орындары мен қажетті техникалық қамтамасыз етілу мәселесі де қаралды. Сайысқа қатысушылар мен ұйымдастырушылар, еріктілердің жатын орын нысандар да назардан тыс қалмады.

Іссапар соңында жұмыс тобы Жидебайдағы Абай-Шәкәрім кесенесі мен Абайдың музей-үйіне барып, аталған нысандардың мерейтойға дайындық барысын көрді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-audany/press/news/details/1033769?lang=kk