«Электрондық үкімет порталы арқылы жер учаскесін алу үшін кезекке қою" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары.
19.08.2025 15:22:23 144
Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ куәландырылған жер учаскесіне кезекке қою туралы өтініш.
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі: 20 минут ішінде.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі: Өтінішті арнайы есепке қою туралы хабарлама не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап.
Жұмыс кестесі: порталдың – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
Қосымша ақпарат алу үшін Шелек ауылдық округі әкімінің аппаратына хабарласуға болады.
Мекен-жайы: Шелек ауылы, Жібек жолы көшесі, 40
Байланыс телефоны: 8 (72776) 2-14-30
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbekshikazakh-shelek/press/news/details/1053356?lang=kk