Бүгін, Қарағанды қаласында «Әлеуметтік көмек көрсетудің скорингтік моделі» тақырыбында кездесу өтті

Бүгін, Қарағанды қаласында «Әлеуметтік көмек көрсетудің скорингтік моделі» тақырыбында кездесу өтті

19.08.2025 16:43:59 144

2025 жылғы 19 тамызда Қарағанды қаласындағы «Ten Qogam» мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік бейімдеу орталығы, «Qamqor Plus» мүгедектер қоғамдық бірлестігі базасында Қарағанды қаласының әлеуметтік бағдарламаларды жұмыспен қамту бөлімі басшысының орынбасары - Талипова Бахытнур Хайруллиновнамен кездесу өтті. Кездесу тақырыбы: «Әлеуметтік көмек көрсетудің скорингтік моделі»

Іс-шара аясында әлеуметтік көмек көрсету жүйесіне скорингтік модельді енгізудің негізгі қағидаттары қарастырылды. Қатысушылар бұл тәсіл қажеттілік деңгейін дәлірек анықтауға және қолдау көрсетуге жеке көзқарасты қалыптастыруға қалай мүмкіндік беретінін талқылады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/otdel-social-karagandy/press/news/details/1053474?lang=kk