Атырау облысының 2025 жылғы қаңтар-шілде айларындағы экономикалық көрсеткіштері
20.08.2025 11:24:17 164
Өнеркәсіп өнімінің көлемі 8 260,2 млрд теңгені құрады, нақты көлем индексі – 115,5%.
Тау-кен өндіру өнеркәсiбiнде 7 612,6 млрд теңгенің өнімі өндiрiлді, нақты көлем индексі – 117,1%.
Өңдеу өнеркәсiбiнде өнiм көлемi 519,8 млрд теңгені құрады, нақты көлем индексі – 101,0%.
Ауыл, орман және балық шаруашылығы өнімдерінің (қызметтерінің) жалпы шығарылымы 51,2 млрд теңгені құрады, өсім – 8,7%.
Негізгі капиталға 796,8 млрд теңге инвестиция салынды, нақты көлем индексі – 69,9%.
Құрылыс жұмыстарының көлемі 282,0 млрд теңгені құрады, нақты көлем индексі – 63,4%.
Облыста 303,3 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді немесе 2024 жылдың қаңтар-шілдесімен салыстырғанда 88,4%.
Сауда қызметінің көлемі 4 071,4 млрд теңгені құрады, нақты көлем индексі – 106,2%.
Көлік және қоймалау қызметінің көлемі 20,4% артып, 460,8 млрд теңгені құрады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau-economy/press/news/details/1053829?lang=kk