2025 жылғы 19 және 20 тамызда Қазақстан Республикасында әлеуметтік көмектің скорингтік моделін енгізуді түсіндіру бойынша тұрғындармен кездесулер өтті
20.08.2025 14:53:54 104
2025 жылғы 19 және 20 тамызда «Саран қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ және «Саран қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ-де Қазақстан Республикасында әлеуметтік көмектің скорингтік моделін енгізуді түсіндіру бойынша тұрғындармен кездесулер өтті. Скоринг моделі-бұл отбасының қалай өмір сүретінін және болашақта өзін қалай ұстай алатынын бағалау әдісі. Бұл бағалау кімге көмек пен қолдау қажет екенін түсінуге көмектеседі. Скорингтік модельді енгізу жергілікті бюджеттен мұқтаждарға атаулы түрде қосымша қолдау шараларын көрсетуге бағытталған, сонымен қатар ол республикалық бюджеттен төленетін әлеуметтік төлемдерге әсер етпейді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/social-saran/press/news/details/1053938?lang=kk